Сабақтану және жапырақтануына қарай өсімдіктің түрлері



I. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
II. Негізгі бөлім
 Өсімдіктің сабақтануына қарай жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ..
 Өсімдіктің жапырақтануына байланысты түрлері ... ... ... ... ... ..
III. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
IV. Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Шалғын шаруашылығы өндірісінің негізгі міндеті – республика аумағы бойынша ауыл шаруашылығын пайдалы ,сапалы және жұғымды мал азығымен қамтамасыз ету . Ол үшін жайылымдық жерлерді меңгере отырып,яғни қандай өсімдіктер өсетіндігін ,оладың қасиетін,құрылысын,құрамын,сабақтануымен қатар жапырақтануын зерттей отырып мал азығын одан әрі жақсарта аламыз.
Мал азығы ретінде көп жылдық шөптер маңызы зор.
Республикада екпе көпжылдық астық (қоңырбас) тұқымдас шөптер ірі азық дайындау үшін пайдаланылады. Əр аймақтарда ауа райына жəне топырақ түрлеріне қарай əр түрлі шөптер себіледі. Оның негізгілеріне еркек шөп, қылтықсыз арпабас, шалғындық бидайық, жəне т.б. жатады. Көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптер де негізінен малға қысқы мал азығын дайындау үшін пайдаланылады. Құрамында қорытылатын протеиннің мөлшері жоғары болуына байланысты бұл екпе шөптерді жалпы өсімдіктен алынған мал азығының сапасын жəне ақзат қорын көбейту үшін пайдаланады. Олардан витаминді шөп ұндарын, түйіршіктерін дайындайды жəне жазда көк конвейерлер жасау үшін себеді. Негізінен егістікте жоңышқа, эспарцет, түйе жоңышқа, қызыл беде себіледі.Ал осы көп тараған көпжылдық өсімдіктердің сабақтануы мен жапырақтануын қарастырып өтейік.
1. Андреев Н. Г. «Луговодство».1981ж.16-22 беттер
2. Əубəкіров Қ.Ə., Атақұлов Т.А., Каракальчев А.С. Ə 79 «Мал азығын өндіру практикумы». -Алматы, «Агроуниверситет» баспасы, 2009ж.12-13 беттер.
3. http://www.sadyk.ru/kormovie-travi/mnogoletnie-zlakovie-travi

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министрлігі
Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

Тақырыбы: Сабақтану және жапырақтануына қарай өсімдіктің түрлері

Орындаған:Даулетова Е.Д
Тобы: АГ-313
Курс: III
Тексерген: Сагандыков С.Н

Семей - 2015 жыл
Жоспар:

I. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
II. Негізгі бөлім
Өсімдіктің сабақтануына қарай жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Өсімдіктің жапырақтануына байланысты түрлері ... ... ... ... ... ..
III. Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
IV. Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .

Кіріспе
Шалғын шаруашылығы өндірісінің негізгі міндеті - республика аумағы бойынша ауыл шаруашылығын пайдалы ,сапалы және жұғымды мал азығымен қамтамасыз ету . Ол үшін жайылымдық жерлерді меңгере отырып,яғни қандай өсімдіктер өсетіндігін ,оладың қасиетін,құрылысын,құрамын,сабақтан уымен қатар жапырақтануын зерттей отырып мал азығын одан әрі жақсарта аламыз.
Мал азығы ретінде көп жылдық шөптер маңызы зор.
Республикада екпе көпжылдық астық (қоңырбас) тұқымдас шөптер ірі азық дайындау үшін пайдаланылады. Əр аймақтарда ауа райына жəне топырақ түрлеріне қарай əр түрлі шөптер себіледі. Оның негізгілеріне еркек шөп, қылтықсыз арпабас, шалғындық бидайық, жəне т.б. жатады. Көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптер де негізінен малға қысқы мал азығын дайындау үшін пайдаланылады. Құрамында қорытылатын протеиннің мөлшері жоғары болуына байланысты бұл екпе шөптерді жалпы өсімдіктен алынған мал азығының сапасын жəне ақзат қорын көбейту үшін пайдаланады. Олардан витаминді шөп ұндарын, түйіршіктерін дайындайды жəне жазда көк конвейерлер жасау үшін себеді. Негізінен егістікте жоңышқа, эспарцет, түйе жоңышқа, қызыл беде себіледі.Ал осы көп тараған көпжылдық өсімдіктердің сабақтануы мен жапырақтануын қарастырып өтейік.

Бүршіктен дамыған өркендер астық тұқымдастарда,бұршақ тұқымдастарда,қияқ шөптерде және түрлі шөптерде (ботаникалық тұқымдас өсімдіктерді біріктіреді) әр түрлі болып келеді.
Астық тұқымдастар сабақтануына қарай:
* Тамырсабақтылар
* Селдіртүптілер
* Тығыз түпті астық тұқымдастар
Жеке қысқаша сипаттама берейік:
Тамырсабақты астықтұқымдастарың жер үсті және жер асты сабақтары бар.Бұл астық тұқымдастардың сабақтануы топырақ бетінен 5-20 см тереңдікте орналасқан. Одан әр түлі бағыттарда жер асты сабақтары немесе тамырсабақ дамиды.
Тамырсабақты астық тұқымдастардың (бидайықтың,қамыстың,т.б) төменгі бөліктерінде бүршіктері болатындығы,яғни сол бүршіктеден сабақтану кезінде сабақтар пайда болатынығы бүкіл әлемдік мал азығын ғылыми-зерттеу институттарымен анықталған.
Негізгі сабақтан біршама арақашықтықтағы тамырсабақтан жаңа сабақтану түйіні пайда болады.Осылайша вегативті көбею нәтижесінде уақыт өте келе тамырсабақты тор пайда болады. Әр өсімдікте тамырсабақтарының жылдық өсімталдығы байқалады,мысалы жатаған бидайықта жылына 1 метр.
Тамырсабақты астық тұқымдастарға:жатаған бидайық,қылтанақсыз арпабас,ақ суоты,кәдімгі бекмания, сібірлік еркекшөп,т.б. жатады.
Селдір түпті (сирек түптілер) көпжылдық астық тұқымдас шөптердің тамырсабақтары қысқа, жер бетіне жақын орналасады (1-5 см). Сабақтары түптену түйінінен негізгі сабаққа бұрыш жасай өсу нәтижесінде,топырақ бетіне шыққанда сирек орналасқан түп пайда болады.Бұлар көбінесе шабындық жерлерде өседі.
Сирек түптілерге жататындар: бидайықтар, тарлау, субетеге, шалғындық атқонақ, кəдімгі тарғақ шөп (жима тарғақ, үйбидайықтар ж.б.).
Тығыз түпті көпжылдық шөптердің тамыр сабақты және селдір түпті өсімдіктерден айырмашылығы жер бетіне жақын немесе бетінде орналасады (1-2 см), тамырсабақтары өте қысқа да онда бүршіктер болады. Ал түптену түйінінен шыққан шеткі сабақтары бір-біріне паралель және топырақ бетіне перпендикуляр жасап,негізгі сабаққа тығыздалып өсетіндіктен нәтижесінде тығыз түп пайда болады.
Тығыз түпті астық тұқымдас өсімдіктер қатарына: бетеге, аққылтан, селдірек шөп, қоңырбас, боз шөптер т.б. (көбінесе, табиғи жайылымдық өсімдіктер) жатады.
Кейбір астық тұқымдастар тамырсабақты-сирек түптілер деп аталатын ерекше тобына біріктіріледі.Тамырсабақты-сирек түптілердің сансыз көп қысқа тамырсабақтары болады.Бірақ сирек түптілерге ұқсас түптеледі.Оларға аса құнды жайылымдағы астық тұқымдастар жатады:шалғын қоңырбасы,шалғын түлкіқұйрығы,қызыл бетеге, сібірлік еркекшөп, т.б.
Бұршақ тұқымдас өсімдіктер
Бұршақтар тұқымдасы ең көп тараған өсімдік тұқымдастарына жатады. Бұл тұқымдастардың жер шарында таралған 550-ге жуық туыстарымен 13 мың түрлері бар жəне өсімдіктер қауымдастығының ірі тұқымдастарының бірі. Қазақстанда бұршақ тұқымдастарының 42 туысы мен 651 түрі өседі. Оның мал азығының сапасын жəне қоректілігін көтеруде алатын орны ерекше. Алайда Қазақстанның негізгі аймақтарының өсімдік қауымында оның үлесі 2-5% аспайды. Сондықтан табиғи шабындықтар мен жайылымдарды жақсартуға, олардың мəдени түрлерін жасауға бұршақ тұқымдастар кеңінен қолданылуы тиісті. Бұршақ тұқымдас шөптердің өнімінің жəне оның көпжыл бойына сақталуы сабақтану ерекшелігіне байланысты.
Сабақтану ерекшеліктері бойынша мынадай топтарға бөлінеді:
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жоңышқа
Бидайдың жұмсақ және қатты түрлерінің айырмашылық белгілері
Минералды тыңайтқыштарды пайдалану мөлшері
Өсімдіктердің морфологиялық анатомиялық құрылысы
Систематикасы мен таралуы
Күріштің температураға қатынасы
Зиянды бақашық
Күріш және дәнді бұршақ зиянкестері
Темекі өсіру технологиясы
«Арпа тұқым шаруашылығының ерекшелігі және аудандастырылған сорттары»
Пәндер