Психокоррекцияны және психологиялық кеңес беруді жүргізу әдістемелері (жеткіншек жас кезеңі)
Мазмұны
Кіріспе
1 бөлім. Психологиялық кеңес беру және психокоррекция жүргізудің психологиялық негіздері
1.1. Жеткіншектерге психологиялық кеңес беру және коррекция жүргізу қажеттілігінің себептері
1.2. Психологиялық коррекция жүргізу технологиясы
2 бөлім Оқушылардың жекелік қасиеттерін диагностика және психокоррекция жүргізу ерекшеліктері
2.1. Оқушылардың жекелік психикалық қасиеттерін диагностикалау
2.2. Диагностикалау нәтижесі бойынша психокоррекция жұмысын ұйымдастыру
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі

Психологиялық қызмет көрсетуге қажеттілік әлеуметтік ортада өмір сүруге қиналып жүрген адамдарға сүйеніш болу жолдарын іздеуден басталған. Биыл 60 жылдығын тойлап отырған жеңіс біздің елдегі көптеген баларды жетім қалдырған соғыстан шығу мерекесі. Ұлы Отан соғысынан кейін балалар үйінде тәрбиеленген балалар саны өте көп болды. Қазіргі кезде де жетім және тастанды балалар аз емес. Білім беру жүйесіндегі психологиялық қызмет алғашкы кезде балалар үйінде жәие мектеп интернаттарда тәрбиеленетін балалрға психологиялық көмек көрсетуден басталған. Өйткені өкімет үйлерінде тәрбиеленушілер ата-ананың мейріміне бөлене алмай, жетімсіреу жағдайынан шығаруға көмек көрсететін адам бұл мекемелерде өте қажет екені анық. Осы тәрбие орындарында психологиялық қызметтің мақсаты мен мазмұнын анықтаушылар А.Г.Асмолов, А.А.Бодалев, Ф.Е.Василюк, Б.А.Вяткин, В.В.Давыдов, И.В.Дубровина, Ю.М.Забродин, В.А.Иванников, Ю.С.Сыэрд. У.В.Ульенкова т.б. анықтады. Балалар үйінде және жетімдерге арналған интернаттардың өздеріне тән ерекшеліктері бар. Осы мекемелерде оқитын балаларға психологиялық қызмет көрсетуге негіз ретінде зерттеушілер осы оқу орындарының келесі ерекшеліктерін көрсеткен:
Психологтың кеңес беру және психокоррекция жасау жұмысының технологиясы мен мазмұны әлі толық анықталмаған. Олардың үлгісін жасағандар А.А.Бодалев, А.В.Забрамная психологиялық қасиеттердің бұзылуымен байланысты жүргізілетін коррекциялардың негізін анықтап, пайдаланылатын әдіс тәсілдер үлгілерін жинақтаған. Сонымен қатар И.В.Дубровинана мен Л.И.Прихожан жасаған «Положение о школьной психологической службе» деген еңбектерінде жалпы білім беретін мектепте психикасы және әлеуметтік жағдайы нормадаға балалармен жүргізетін псхологиялық кеңес беру және психокоррекцияны ұйымдастыру жолдарын көрсеткен.
Мектеп психологиялық қызметі арқылы балалардың психологиялық проблемаларын шешу жолдарының бірі психологиялық кеңес беру және психокоррекцияны ұйымдастыру болғандықтан осы мәселені жан-жақты зерттеу үшін дипломдық зерттеу тақырыбын: «Психокоррекцияны және психологиялық кеңес беру әдістемелері» (жеткіншек жас кезеңі) деп анықтадық.
Зерттеу объектісі: білім беру жүйесіндегі психологиялық қызмет.
Зерттеу пәні: мектеп психологиялық қызметінің мазмұны.
Зерттеу мақсаты: мектеп психолог жұмысындағы кеңес беру мен түзету-дамыту жұмыстарының ерекшеліктерін анықтап, оны жүргізу әдіс-тәсілдерін пайдалну жолдарын анықтау.
Зерттеу міндеттері:
- білім беру жүйесіндегі психологиялық қызметті ұйымдастыру және психологиялық кеңес беру, түзету-дамыту жұмыстарын жүргізу проблемасы бойынша ғылыми-әдістемелік еңбектеді талдау;
- мектеп психологі қазметінде психокорррекциялық және психологиялық кеңес беруді ұйымдастыруға арналған әдістемелерді іріктеп алып, оларды жүйеге келтіру;
- мектеп оқушыларының жекелік психикалық қасиеттерін зерттеп, ауытуы байқалған балаларға көмек көрсету жолдарын анықтау.
Зерттеу базасы: Шымкент каласынығы Н.Оңдасынов атындағы № 38 мектеп-гимказиясы.
Зерттеу барысында келесі психологиялық ғылыми зерттеу әдістері қолданылды: психслогиялық ғылыми еңбектерді теориялық талдау арқылы психологиялық кеңес беру мен психокоррекция жүргізу негіздерін анықтау, оқушылардың жекелік қасиеттерін зерттеуге Айзенк, Стреляу, Басса-Дарки, Филипс пиктограмма тестерін пайдалану жолдарын үйрену, жиналған мәліметтерді талдау, нәтижелері бойынша психокоррекция және психологиялық кеңес беру жұмыстарын жүргізу.
Жоспарланған зерттеу жұмысы екі кезеңде ұйымдастырылды.
Бірінші кезеңде мектеп оқушыларының психологиялық ерекшеліктерін зерттеп, нәтижелерін талдау арқылы олардың психологиялық мінездемелері жасалды, дамуында ауытқуы бар балалармен психокоррекциялық жұмыстар ұйымдастырылды.
Екінші кезеңде психологиялық кеңес беру және психокоррекциялық әдістердің пайда болуын, оларды жүргізу технологиясы зерттелініп, орта білім беретін мектептердегі психологиялық қызметінің мазмұны туралы ұсыныстар және психокоррекциялық зерттеу жүргізуге негіз болатын әдістемелер жүйеге келтірілді.
Диплом жұмысы кіріспе, екі бөлім, қорытынды және әдебиеттер тізімінен тұрады.

Әдебиеттер тізімі.
1. Абеуова И.А., Дусманбетов Ғ.А., Махаманова М.Н., Шерьязданова Х.Т. Психологическая служба в вузе. Алматы, 2004.
2. Абрамова Г.С. Практическая психология. М. 2001.
3. Алдамұратов Ә. Жалпы психология. Алматы, 1996.
4. Анциферова Л.Н. Психология формирования и развития личности. М., 1981.
5. Анастази А. Психологическое тестирование. В 2 т. М., 1982.
6. Асмолов А.Г. Личность как предмет психологического исследования. М., 1984.
7. Битянова М.Р. Практическая психология. М., 1997.
8. Бап-Баба С. Жантану негіздері. Алматы, 1998.
9. Бабасов Е.М. Конфликтология. Минск, 2000. Ю.Бэрон Р., Ричардсон Д. Агрессия. С-Пб,. 1998.
11.Бютнер К. Жизнь с агрессивными детьми. М., 1991.
12.Бернштейн К.А. Очерки по физиологии движений и физиологии активности. М., 1966.
13. Венгер А.Л. Схема индивидуального обследования детей детей школьного возраста. (Для психологов-консультантов), М., 1989.
14. Валлон А. Психологическое развитие ребенка. М. 1967.
15. Возрастная и педагогическая психология. Под ред. М.В.Гомезо и др. М., 1984.
16. Выготоский Л.С. Собрание сочинений в 6 томах. М., 1982.
17. Грановская Р.М. Элементы практической психологии. М., 1997.
18. Гудкина Н.И. Несколько случаев из практики школьного психолога. М., 1991.
19. Гильбух Ю.З. Внимание: одаренные дети. М., 1991.
20. Диагностика готовности детей к обучению в школе — анализ поведения. М., 1993.
21. Дьяченко О.М. Об основных направлениях развития воображения у детей. Ж. «Вопросы психологии», 1988, № 16.
22. Добсон Дж. Непослушный ребенок. Под ред. Н.Коршуновой. М, 1992.
23. Донненко Е.А., Титаренко Т.М. Личность: конфликт, гармония. Киев, 1989.
24. Дружинин В.В. и др. Введение в теорию конфликта. М., 1989.
25. Драгунова Т.В. Проблема конфликта в подростковом возрасте. Ж. «Вопросы психологии», 1972, № 2.
26. Дубровина И.В. Настольная книга школьного психолога. М., 1996.
27. Добрович А.Б. Воспитателю о психологии и психогигене общения. М., 1987.
28. Жарықбаев Қ. Жалпы психология. Алматы, 2004.
29. Жарықбаев Қ. Психология. Алматы. 1970.
30. Золотнякова А.С. Проблемы психологии общения (социальный и личностные типы общения, их профессиональные, познавательные и генетические аспекуты). Ростоз-на-Дону, 1976.
31. Зейгарник Б.В. Патопсихология. М., 2000.
32. Зинченко В.П., Смирнов С.Д. Методологические вопросы психологии. М., 1983.
33. Квимен В. Прикладная психология. С-Пб., 2001.
34. Кле М. Психология подростка: Психосексуальное развитие. М., 1991.
35. Козлоб Н.И. Как относиться к себе и людям, или Практическая психология на каждый день. М., 1998.
36. Кон И.С. Психология ранней юности. Книга для учителя. М., 1989.
37. Кристофер Э., Смит Л. Тренинг лидерства. Питер, 2001.
38. Леонтьев А.Н. Проблемы развития психики. МГУ, 1981.
39. Матейчик 3. Родители и дети. Книга для учителя. М., 1992.
40. Морозов А.В. Деловая психология. С-Пб., 2000.
41. Мектеп оқушыларының психологиялық ерекшеліктерін анықтауға арналған психодиагностикалық қызмет. Алматы, 2004.
42. Нұрмұхамбетова Т.Р., Рсмаханбетова Ш.Е. Тәжірибелік психология. Шымкент, 2004.
43. Немчин Т.А. Состояния нервно-психологического напряжения. Л., 1983.
44. Немов Р.С. Психология. В 3 т. т.З. М., 1996.
45. Особенности обучения и психического развития школьников 13-17 лет. Под ред. И.В.Дубровиной, Б.С.Кругловой. М., 1998.
46. Овчарова Р.В. Семейная академия: Вопросы и ответы. М. 1996.
47. Осипова А.А. Введение в практическую психокоррекцию. М., 2000.
48. Петровский А.В., Ярошевский М.Г. ГІсихологический слозарь. М., 1990.
49. Популярная психология для родителей. Под ред. А.С.Сливаковской. С-Пб., 1997.
50. Платонов К.К. Психологический практикум. М., 1980,
51. Поддьяков Н.К. К вопросу о развитии мышления. М., 1981.
52. Петровский А.В. Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы. Алматы, 1987.
53. Петровский А.В. Способности и труд. М., 1996.
54. Рогов Е.И. Настольная кыига практического психолога. М, 1996.
55. Рыбалко Е.Ф. Возрастная и дифференциальная психология. М., 1990.
56. Римский С, Римская Р. Практическая психология. М., 1999.
57. Столяренко Л.Д. Основы психологии. Ростов-на-Дону, 2002.
58. Семья в лсихологической консультации. Под ред. А.А.Бодалева, В.В.Столина. М., 1999.
59. Субботский Е.В. Ребенок открывает мир. М., 1991.
60. Снайдер Д. Практическая психология для подростков. VI., 1999.
61. Тәжібаев Т. Жалпы психология. Алматы, 1993.
62. Теплов Б.М. Проблемы индивидуальных различий. М., 1961.
63. Учителям и родителям о психологии подростка. Под ред. Г.Г.Аракелова. М., 1990.
64. Херсонский Б.Г., Дворяк С. В. Психология и психопрофилактика семейных конфликтов. Киев, 1991.
65. Хоменстаускас Г.Т. Семья глазами ребенка. М., 1989.
66. Холмогоров А.Б. Психические аспекты микросоциального в контексте психических расстройств. М., 2000.
67. Цукерман Г.А., Мастеров Б.М. Психология саморазвития. М., 1995.
68. Щербаков А.И. Проблемы возрастной психологии. М., 1987.
69. Шеврандин Н.И. Социальная психология в образовании. М., 1995.
70. Чернявская А.П. Психологическое консультирование. М., 2004.
71. Чирков Р.И. Оценка школьной зрелости ребенка. М., 1993.
72. Эльконин Д.Б. Детская психология. М., 1990.

______________________тобы студенті_______________________
Психокоррекцияны және психологиялық кеңес беруді жүргізу әдістемелері
(жеткіншек жас кезеңі) тақырыбында орындаған дипломдық жұмысына
ПІКІР
Мектеп психологі жұмысың күрделі салаларының бірі - психологиялық кеңес
беру және жбалалардың жекелік психикалық қасиеттерін коррекциялау. Бұл
мәселелерді зерттеуге және коррекциялық жұмыстың ерекшеліктерін анықтауға
А.Г.Асмолов, А.А.Бодалев, Ф.Е.Василюк, Б.А.Вяткин, В.В.Давыдов,
И.В.Дубровина, Ю.М.Забродин, В.А.Иванников, Ю.С.Сиэрд, У.В.Ульенкова т.б.
үлкен үлесін қосты. Мектеп психологиялық қызметі арқылы балалардың
психологиялық проблемаларын шешу жолдарының бірі психологиялық кеңес беру
және психокоррекцияны ұйымдастыру болғандықтан осы мәселені жан-жақты
зерттеу үшін дипломдық зерттеу тақырыбы: Психокоррекцияны және
психологиялық кеңес беру әдістемелері (жеткіншек жас кезеңі) өте актуалды.
________________________________дип лом жұмысы кіріспе, екі бөлім,
қорытынды және әдебиеттер тізімінен тұрады. Кіріспеде дипломдық зерттеу
тақырыбының актуалдылығы дәлелденіп, зерттеудің ғылыми аппараты анықталған.
Бірінші бөлімде жеткіншектерге психологиялық кеңес беру және коррекция
жүргізу қажеттілігінің себептері анықталып, жеткіншектер акцентуациясының
теріс әсерін төмендетуге арналған психологиялық коррекцияны жүргізу
қажеттілігі дэлелденген және оның технологиясы көрсетілген. Сонымен қатар
психологиялық кеңес берудің ерекшеліктері талданған.
Бірінші бөлімде талданған теориялық мәселелерге сүйене отырып жеткіншек
жас кезеңіндегі оқушылардың жекелік психикалық қасиеттерін диагностикалау
жолдары және дамуында ауытқуы бар балалардың көрсеткіштері бойынша
психокоррекция жұмыстарды ұйымдастыру жолдары диплом жұмысының екінші
бөлімінде көрсетілген. Қорытындыда психокоррекция мен психологияқ кеңес
беру жұмыстарын мектеп психологиялық жұмысында пайдалану ерекшеліктері
көрсетілген.
________________________________ дипломдық зерттеуі барлық талаптарға
сай орындалып безендірілген және студенттің мамандық қызметке даярлығы өте
жақсы екенін көрсетеді. Студенттің орындаған диплом жұмысын қорғауға
ұсынуға және жоғары бағалауға болады.
Ғылыми жетекшісі
п.ғ.к., доцент:

Психологиялық кеңес беру және жекелік қасиеттерді коррекциялау
мәселелері қазіргі кезде кеңінен зерттелуде. Осы проблеманың аспектілерін
зерттеушілер А.Г.Асмолов, А.А.Бодалев, Ф.Е.Василюк, Б.А.Вяткин,
В.В.Давыдов, И.В.Дубровина, Ю.М.Забродин, В.А.Иванников, Ю.С.Сыэрд,
У.В.Ульенкова т.б. оның мазмұнын және жүргізу технологиясын жасап шығарған.
Мектеп психологиялық қызметі арқылы балалардың психологиялық проблемаларын
шешу жолдарының бірі психологиялық кеңес беру және психокоррекцияны
ұйымдастыру болғандықтан осы мәселені жан-жақты зерттеу үшін дипломдық
зерттеу тақырыбы: Психокоррекцияны және психологиялық кеңес беру
әдістемелері (жеткіншек жас кезеңі) өте актуалды.
Диплом жұмысы кіріспе, екі бөлім, қорытынды және әдебиеттер тізімінен
тұрады. Кіріспеде дипломдық зерттеу тақырыбының актуалдылығы дәлелденіп,
зерттеудің ғылыми аппараты анықталған. Бірінші бөлімде жеткіншектерге
психологиялық кеңес беру және коррекция жүргізу қажеттілігінің себептері
анықталып, жеткіншектер акцентуациясының теріс әсерін төмендетуге арналған
психологиялық коррекцияны жүргізу қажеттілігі дәлелденген және оның
технологиясы көрсетілген. Сонымен қатар психологиялық кеңес берудің
ерекшеліктері талданған.
Екінші бөлімде жеткіншек жас кезеңіндегі оқушылардың жекелік психикалық
қасиеттерін диагностикалау әдістемелері жинақталып олардың көмегімен
жүргізілген зерттеу нәтижелері келтірілген. Дамуында ауытқуы бар балалардың
көрсеткіштері бойынша психокоррекция жұмыстарды ұйымдастыру жолдары
көрсетілген. Қорытындыда психокоррекция мен психологияқ кеңес беру
жұмыстарын мектеп психологиялық жұмысында пайдалану ерекшеліктері
көрсетілген.
_______________________ дипломдық зерттеуі студенттің өз бетімен
жүргізген зерттеуінің нэтижесі екені анық байқалады және оның нәтижесі
студенттердің аттестациялық жұмыстарына қойылатын талаптарға сай орындалып
безендірілген. Студенттің орындаған диплом жұмысын өте жақсы деп
бағалауға болады.
Пікір беруші
мектеп психологі:
Мазмұны
Кіріспе
1 бөлім. Психологиялық кеңес беру және психокоррекция жүргізудің
психологиялық негіздері
1.1. Жеткіншектерге психологиялық кеңес беру және коррекция жүргізу
қажеттілігінің себептері
1.2. Психологиялық коррекция жүргізу технологиясы
2 бөлім Оқушылардың жекелік қасиеттерін диагностика және психокоррекция
жүргізу ерекшеліктері
2.1. Оқушылардың жекелік психикалық қасиеттерін диагностикалау
2.2. Диагностикалау нәтижесі бойынша психокоррекция жұмысын ұйымдастыру
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Психологиялық қызмет көрсетуге қажеттілік әлеуметтік ортада өмір сүруге
қиналып жүрген адамдарға сүйеніш болу жолдарын іздеуден басталған. Биыл 60
жылдығын тойлап отырған жеңіс біздің елдегі көптеген баларды жетім
қалдырған соғыстан шығу мерекесі. Ұлы Отан соғысынан кейін балалар үйінде
тәрбиеленген балалар саны өте көп болды. Қазіргі кезде де жетім және
тастанды балалар аз емес. Білім беру жүйесіндегі психологиялық қызмет
алғашкы кезде балалар үйінде жәие мектеп интернаттарда тәрбиеленетін
балалрға психологиялық көмек көрсетуден басталған. Өйткені өкімет үйлерінде
тәрбиеленушілер ата-ананың мейріміне бөлене алмай, жетімсіреу жағдайынан
шығаруға көмек көрсететін адам бұл мекемелерде өте қажет екені анық. Осы
тәрбие орындарында психологиялық қызметтің мақсаты мен мазмұнын
анықтаушылар А.Г.Асмолов, А.А.Бодалев, Ф.Е.Василюк, Б.А.Вяткин,
В.В.Давыдов, И.В.Дубровина, Ю.М.Забродин, В.А.Иванников, Ю.С.Сыэрд.
У.В.Ульенкова т.б. анықтады. Балалар үйінде және жетімдерге арналған
интернаттардың өздеріне тән ерекшеліктері бар. Осы мекемелерде оқитын
балаларға психологиялық қызмет көрсетуге негіз ретінде зерттеушілер осы оқу
орындарының келесі ерекшеліктерін көрсеткен:
Психологтың кеңес беру және психокоррекция жасау жұмысының технологиясы
мен мазмұны әлі толық анықталмаған. Олардың үлгісін жасағандар А.А.Бодалев,
А.В.Забрамная психологиялық қасиеттердің бұзылуымен байланысты жүргізілетін
коррекциялардың негізін анықтап, пайдаланылатын әдіс тәсілдер үлгілерін
жинақтаған. Сонымен қатар И.В.Дубровинана мен Л.И.Прихожан жасаған
Положение о школьной психологической службе деген еңбектерінде жалпы
білім беретін мектепте психикасы және әлеуметтік жағдайы нормадаға
балалармен жүргізетін псхологиялық кеңес беру және психокоррекцияны
ұйымдастыру жолдарын көрсеткен.
Мектеп психологиялық қызметі арқылы балалардың психологиялық
проблемаларын шешу жолдарының бірі психологиялық кеңес беру және
психокоррекцияны ұйымдастыру болғандықтан осы мәселені жан-жақты зерттеу
үшін дипломдық зерттеу тақырыбын: Психокоррекцияны және психологиялық
кеңес беру әдістемелері (жеткіншек жас кезеңі) деп анықтадық.
Зерттеу объектісі: білім беру жүйесіндегі психологиялық қызмет.
Зерттеу пәні: мектеп психологиялық қызметінің мазмұны.
Зерттеу мақсаты: мектеп психолог жұмысындағы кеңес беру мен түзету-
дамыту жұмыстарының ерекшеліктерін анықтап, оны жүргізу әдіс-тәсілдерін
пайдалну жолдарын анықтау.
Зерттеу міндеттері:
- білім беру жүйесіндегі психологиялық қызметті ұйымдастыру және
психологиялық кеңес беру, түзету-дамыту жұмыстарын жүргізу проблемасы
бойынша ғылыми-әдістемелік еңбектеді талдау;
- мектеп психологі қазметінде психокорррекциялық және психологиялық
кеңес беруді ұйымдастыруға арналған әдістемелерді іріктеп алып, оларды
жүйеге келтіру;
- мектеп оқушыларының жекелік психикалық қасиеттерін зерттеп, ауытуы
байқалған балаларға көмек көрсету жолдарын анықтау.
Зерттеу базасы: Шымкент каласынығы Н.Оңдасынов атындағы № 38 мектеп-
гимказиясы.
Зерттеу барысында келесі психологиялық ғылыми зерттеу әдістері
қолданылды: психслогиялық ғылыми еңбектерді теориялық талдау арқылы
психологиялық кеңес беру мен психокоррекция жүргізу негіздерін анықтау,
оқушылардың жекелік қасиеттерін зерттеуге Айзенк, Стреляу, Басса-Дарки,
Филипс пиктограмма тестерін пайдалану жолдарын үйрену, жиналған
мәліметтерді талдау, нәтижелері бойынша психокоррекция және психологиялық
кеңес беру жұмыстарын жүргізу.
Жоспарланған зерттеу жұмысы екі кезеңде ұйымдастырылды.
Бірінші кезеңде мектеп оқушыларының психологиялық ерекшеліктерін
зерттеп, нәтижелерін талдау арқылы олардың психологиялық мінездемелері
жасалды, дамуында ауытқуы бар балалармен психокоррекциялық жұмыстар
ұйымдастырылды.
Екінші кезеңде психологиялық кеңес беру және психокоррекциялық
әдістердің пайда болуын, оларды жүргізу технологиясы зерттелініп, орта
білім беретін мектептердегі психологиялық қызметінің мазмұны туралы
ұсыныстар және психокоррекциялық зерттеу жүргізуге негіз болатын
әдістемелер жүйеге келтірілді.

тұрады.

1.1 Психологиялық коррекция жүргізу қажеттілігінің себептері
Білім беру жүйесіндегі психологиялық қызмет қызметті ұйымдастыру
балалар үйі мен мектеп интернаттарда басталған. Өйткені өкімет үйлерінде
тәрбиеленушілер ата-ананың мейріміне бөлене алмай, жетімсіреу дағдайынан
шығаруға көмек көрсететін адам бұл мекемелерде өте қажет екені анық. Бұл
мекемелердегі психологиялық қызметтің мақсаты мен мазмұнын анықтаушылар

И.В.Дубровина, Ю.М.Забродин, В.А.Иванников, Ю.С.Сыэрд, У.В.Ульеикова т.б.
ғалымдар психологиялық зерттеу жүргізу әдістемелерін нақты көрсетумен қатар
психокоррекциялық жұмыстарды жүргізу жолдарын көрсеткен. Балар үйінде және
жетімдерге арналған интернаттардың өздеріне тэн ерекшеліктері бар. Осы
мекемелерде оқитын балаларға психологиялық қызмет көрсетуге негіз ретікде
зерттеушілер осы оқу орындарының келесі ерекшеліктерін көрсеткен:
- мемлекеттік мекемелерге түскен балалардың жекелік ерекшеліктері;
- олардың тәрбиеленіп отырған ортасына тән әлеуметтік жағдайлар;
- мемелекеттік тәрбие мекемелеріне тән оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру
ерекшеліктері;
- кішкентайлар мен жеткіншектердің дамуындағы жас ерекшеліктері;
- мекемелерде тәрбиеленетін балалардың мінез-құлық ерекшеліктері.
Балалар үйі мен интернаттарға тән осы ерекшеліктеріне байланысты осы
мекемелердегі балаларға психологиялық қызмет көрсету проблемалары кеңінен
зерттеліне бастады. Кейінгі кезеңде психологиялық қызмет көрсету жалпы
білім беретін мектептер тәжірибесіне ендірілді. 1984 жылы қабылданған
мектеп реформасы туралы материалдарда мектептердің барлық түрлерінде
психологиялық қызметті ұйымдастыру мәселесі қарастырылды. Психологиялық
қызметтің мазмұны, мақсаты мен міндеттері анықталу барысында психологиялық
кеңес беру және психокоррекция жұмыстарын жүргізу білім беру жүйесіндегі
психологиялық қызмет көрсетудің бір саласы болып орын алды.
Білім беру саласындағы психологиялық қызмет көрсету проблемаларын
зерттеуші И.В.Дубровинаның жетекшілігімен А.А.Андреева, Ф.Е.Василюк,
Б.А.Вяткин, В.В.Давыдов, Ю.М.Забродин, Н.И.Обозов, Н.Н.Толстых,
А.М.Прихожан т.б. балаларға психологиялық қызмет көрсету мазмұны және
психикалық қасиеттерді коррекциялау жолдары анықталды.
Психологияда жеке адамның психикалық қасиеттері мен таным процестерін
өңдеуге пайдаланылатын әдістемелер жиынтығы мен технологиясын
психокоррекция деп пайдаланады. Оларды баланың жас ерекшеліктеріне
байланысты және отбасы проблемаларына байланысты сыныптастырып,
жинақтағандардың бірі А.А.Бодалев және оның зертханасында істейтін ғалымдар
болды. Психологиялық кеңес беру жұмысының мазмұны мектепке дейінгілерге,
бастауыш сынып оқушыларына және жоғары сыныптағыларға деп жіктеліп
көрсетілді.
Дипломдық зерттеуде жеткіншек жас кезеңіндегілермен жүргізетін
жұмыстардың ерекшеліктері қарастырылатын болғандықтан осы жастағы
балалардың басынан кешетін қиындықтарды психокоррекциялау және
психологиялық кеңес берудің негізгі себебі деп қарастырамыз.
Жеткіншектің ересектік белгілерді қабылдауда соларға теңелсем дейтін
үлгілердің алуан түрлі болуына байланысты. Қалыптасатын өмірлік
құндылықтардың мазмұны, жеткіншектің жеке басының қалыптасуының жалпы
бағыты көбінесе белгілі бір үлгілерге бағдарлануға байланысты болады. Осы
үлгіге негіз болатын ересектердің сыртқы келбетінің өзіне тәк белгілері мен
мінез-құлық мәнерлері, кейбір өздеріне тән ерекшеліктері болғандықтан
балалармен салыстырғандағы артықшылық жағдайлары неғұрлым айқын көрінетін
ересектіктің сыртқы белгілері жеткіншектер үшін тартымды болып көрінеді.
Олар - темекі тарту, карта ойнау, шарап ішу, сөйлеу мәнері, киім мен шаш
қоюдағы ересектерге тән мода сәндік, опа-далап, әсемдік заттар, қылымсу
тәсілдері, дем алу, көңіл көтеру, ілтипат білдіру т.б. тәсілдерін
басшылыққа алады. Сигарет ұстаған бала өзіне-өзі ересек болып көрінеді,
төңірегіндегілерге де солай болып көрінемін деп ойлайды. Жеткінгпек үшін
ересек еркектің немесе әйелдің мұндай белгілерін қабылдау оның өзінің
ересектігін көрсетудің өзінде сондай сенімді орнықтырудың амалы. Барлық
ересектерге тән қасиеттерді балалармен еліктеу арқылы қабылданады. Мұның
өзі ересектікке жетудің ең оңай тәсілі болып табылады, ал жеткіншек үшін
оның өзінің ересектігін айналасындағыларға байқатқызатын маңызды әдісі.
Сондықтан оның мұндай формасы өте кең тараған ерекше тұрақты болады және
жеткіншектерде көбінесе бірінші кезекте орын алады да, оның жағымсыз екенін
балаларға ұғындыру қиынға соғады.
Өзінің келбетін сәиді үлгілерге (модаға) ұқсас етіп шығаруға тырысу
түріндегі өзін әдемі етіп көрсету қамын ойлау әсіресе қыз балаларда өте көп
уақыт алуы мүмкін. Кейбір жеткіншектер V—VI сыныптарда-ақ жолдастарының
көмегімен сән болып жүрген билерді үйрене бастайды. Балалар үшін ұнату
көріністері балалық түрде болмай, ересектерге ұқсас болғаны,
кездесулер, дәстүрлі формаларда ілтипат белгілері болғаны, би билеп, шарап
ішетін кештер өткізілгені маңызды бола бастайды. Мұндай жағдайларда
жеткіншектер әуелде өздерін, кебінесе, ыңғайсыз сезінеді: айтатын сөздері
де болмайды, өздерін қалай ұстауды да білмейді, алайда мінез-құлықтың,
қарым-қатынастың, көңіл көтерудің белгілі бір формасын сақтаудың өздігінен
алғанда бірінші дәрежелі манызы болады. Тұтастай алғанда балалар көбінесе
студенттерге қарап бағдарланады, кинодан, телевизордан, көшеде көргеніне
еліктейді. Көпшілікке тараған нәрсе игеріледі (жұрттың бәрі осылай
істейді, бұл сән) және осыған сай үлгілер бағалау мен өзін-өзі
бағалаудың өлшемдеріне айналады. Сәнге, биге, кездесулерге, кештерге
әуестену дәрежесі әр түрлі болуы мүмкін. Мұның әсіресе 7-8 сыныптарда
жеткіншектердің белгілі бір тобтары өмірінің маңызды мәніне айналуы
әжептеуір жиі кездеседі. Алайда өзінің сырт келбетіне және басқа жынысқа
ден қоюы басқаша, ересектерге еліктемей де шығуы мүмкін.
Жеткіншектерде жоғары сыныптағылар немесе басқа балалар нақты үлгілер
болатыны жиі кездеседі. Әдетте жеткіншектерді ересектер өмірінің азды-көпті
тыйым салынған жақтарына баулитындар, оларға өздерінше мұғалім,
үйретуші болатындар нақ солар болады. Юристердің айтуы бойынша,
жеткіншектердің қарым-қатынастарының негізі бос уақытты өткізу мәдениетінің
төмендігі деген пікір, көңілді, жеңіл өмір стиліне еліктеу өте қауіпті
болып шығады. Бұл орайда оқу жеткіншектің өмірінде әдетте маңызды орын
алмайды, танымдық ынта жоғалады, сөйтіп өзіне сәйкес өмірлік
құндылықтарымен қоса уақытты көңілді өткізу деген өзіне тән ерекше ниет
бекиді. Уақытты бұлай өткізуге ақшаның қажет болуы право тәртібік
бұзушылықтардың себебіне айналуы мүмкін. Қазіргі бар мәліметтерге
қарағанда, жасы жетпей право тәртібін бұзушылардың көбінің бос уақытын
өткізу мәдениеті төмен болады. Ересектіктің дамуындағы мұндай бағыт - өте-
мөте жағымсыз бағыт.
Алайда ненің де болса өз бастауы бар жағымсыз жайлардың да алғашқы
түйіншектері жеткіншектік жактың басында пайда болуы мүмкін. Ең кіші
жеткіншектердің класын сырт пішінінің ересектігі айқын аңғарылатын
балалардьщ дүрліктіріп жүретіні жиі болады. Олардың ішінде есейіп кеткендер
де көп болады. Мұндай балаларды кластастары калғандарымен салыстырғанда
ересектер деп түсінеді, нақ осы себептен де оларға барынша ыкыластанады.
Біреулері оларды жазғырса, енді біреулері оларға теңесуге әрекеттенеді,
олармен әбден жақындасуға тырысады. Мұның өзі тәрбиешілер үшін тікелей
дабыл болуы керек: ересектіктің мұндай жағымсыз көріністерін дереу әйгілеп,
жеткіншектерде ересектіктің құндылық мазмұны туралы, шынайы сыйластық пен
беделдің негіздері туралы дұрыс ұғым қалыптастыру қажет.
Нағыз еркектің қасиеттеріне теңесу жеткіншектердің дамуындағы енді
бір бағыт. Жеткіншектер ер балалардың мұратқа сай келетін ер адамның -
нағыз еркектің қасиеттерінің белгілі бір мазмұнына белсенді түрде бағдар
алуымен байланысты. Мұның өзі, бір жағынан - күш, ерік, батылдық, ерлік,
төзімділік; екінші жағынан — достыққа берілуі, жолдастарына адалдық
көрсетуі. Жеткіншектердің М.Ридтің, Ф. Кунердің, А. Дюманың, Ж. Верннің
романдарына, Ұлы Отан соғысының каһармандары туралы шығармаларға, ақыр
соңында ғажайып окиғалы әдебиетке, қаһармандык және детективтік мазмұндағы
кинофильмдерге жеткіншектердің ондаған жылдар бойы ықылас қоюының бәсеңдеуі
әлдеқалай емес. Мұның себебі көбінесе мынада: мұндай шығармалардың
қаһармандары нағыз ердің қасиеттерінің бүкіл жиынтығы немесе олардың
мәнді бір бөлігі деп қабылдау, ата-бабалардың ерлігін көрсету. Мұндай
каһармандар қазіргі жастарды сүйсіндіріп таңдандырмайды, сондықтан олар
еліктеудің және өзін-өзі тәрбиелеудің үлгілеріне айналмайды. Жеткіншектер
әкесінің, ағасының, жақын танысының осындай қасиеттерін мақтан етеді,
оларға ұқсауға тырысады, олардың қасиеттері туралы сүйсіне әңгімелейді, ал
тарихи және әдеби кейіпкерлердің тәрбиелік мәні өте төмен болып кетті.
Балалардың арасында күштілігімен, батылдығымен, ептілігімен, спорттық
іскерліктерімен көзге түсетін құрдасы да жеткіншекке үлгі: болуы мүмкін.
Мұндай балалар өте-мөте белгілі болады, ал мұның үстіне олар жақсы жолдас
болса, олардың беделі өте жоғары болуы мүмкін. Қорқақтықтың көріністері
үзілді-кесілді айыпталады. Өзінің батылдығын көрсету үшін жеткіншек шектен
асқан істерге, ал кейде қоғамдық жағымсыз істерге де тәуекелге баруы
мүмкін. Дене күші жоғары бағаланады. Кейде сыныпта немесе бір топ баланың
ішінде барлық балалар кімнің күші кімнен асып түсетінін біледі, соны
көрсету үшін сайыстарға да түседі. Жеткіншектер өздерінің дене күшінің
өсуіне өте сергек қарайды. Олар күресіп, күш сынасқанды жақсы кереді.
Күрестің алуан түрлері жүрттың алдында өтеді. Кейбір балалардың
төбелесқойлығы көбіне біреуден өзінің күші басым екенін дәлелдеуге
тырысумен байланысты. Жолдастары сыйлайтын болуы үшін жеткіншек өзі айтатын
ерлік қасиеттерінің әр түрлі көріністеріне өзінің қатысу шамасын едәуір
асыра көрсетуі мүмкін. Бұл тұрғыдан жоғары баға, алу жеткіншек үшін өте
маңызды. Ол былай тұрсын, жолдастары өзін әлсіз, жасқаншақ, қыз құрлы
жоқ деп ойламасын деп жеткіншек өзі дұрыс емее, әділетсіздік, қаталдық деп
санайтын қылық жасауы немесе сондай коллективтік істерге қатысуы мүмкін. Ол
өзін де, жолдастарын да іштей айыптауы мүмкін, бірақ ашық наразылық айтуға
көбіне батылы бармайды. Өздерінің қылмысты мақсаттарын жүзеге асыру үшін
құқық тәртібін бұзушылар (жасы жетпегендері де, ересектері де) жеткіншек ер
балалардың нақ осы ер болып көрінсем деген ниетін пайдаланады.
Ер балалардың бірсыпырасы 5-6 сыныптарда әр түрлі жаттығулар арқылы
өздерінің күші мен ерік-жігерін дамыта бастайды. Өзін-өзі тәрбиелеу құралы
спортпен шұғылдану болады. Жетінші, сегізінші кластағылар ер мінезді
адамдардың спорты деп боксқа ерекше қызығады. Бірінші кезеңде
жеткіншектердің өз қылықтарын билеуге ұмтылуы кейбір жағдайларда қорқынышын
жеңуге, сондай-ақ бір нәрсені істегісі келмеуін жеңуге тырысуға ұласады.
Біріншісі, әдетте, өзінің күшін, еркін, батылдығын әр түрлі амалдармен
сынауға, бұл қасиеттерін дамыту үшін әр түрлі жаттығуларға ұласады (кейде
олар денсаулығы мен өміріне қауіпті де болуы мүмкін), екіншісі - режим
белгілеуден көрінеді. Әуелде болмай қалмайтын сәтсіздіктер жеткіншектің
көңілін суытып, өзінің кемшіліктерін жою мүмкін-діктеріне сенімсіздік
туғызуы мүмкін. Бұл уақытта жеткіншекке ересектің көмегі өте қажет; ол
жеткіншекке нақты міндеттерді бөлуге, оларды орындаудың дұрыс амалдарын,
кезеңдік іс-әрекеттерді тұрақты іс-әрекетке айналдыратын әдістерді табуға
көімектесуі керек. 7-8 сыныптарда кейбір жеткіншектер өзін-өзі тәрбиелеудің
осы неғұрлым жоғары сатысына өздігінен етеді. Сөйтіп, ол әр түрлі сипаттағы
міндеттері күрделілене түскен күнделікті ұйымдастырылған іс-әрекетке
айналады.
Жеткіншектік шақта ер балалардың көпшілігінде ерлік қасиеттері ересек
адамды, жолдасын, өзін бағалаудың мәнді критерийі болады, жеке басының
құнды қасиеттерінің өзіне тән ерекше категориясына айналады; осылар арқылы
әдетте спортпен байланысты ынта мен ұнамды іс-әрекеттердің тұрақты тобы
анықталады. Әр алуан жеткіншектерде басқалардың арасындағы бұл
құндылықтардың алатын орны әр түрлі әрі көбіне өте маңызды болуы мүмкін.
Алайда жеткіншектің (немесе жеткіншектер тобының) адамгершілік тәрбиесі
жеткіліксіз болса, әлеуметтік-моральдық бағыттылығына қарамай күшке, ерік-
жігерге, батылдыққа табыну келіп шығуы мүмкін. Жеткіншек ер балаларды
тәрбиелеудің аса маңызды міндеті - оларда ерлік қасиеттер, бұл қасиеттердің
адамгершілік мазмұны туралы дұрыс түсінік қалыптастыру.
Көптеген жеткіншек қыз балалардың атам заманнан ерлер қасиеттері деп
саналатын жігерлілік, батылдық, қажырлылық, ұстамдылық т.б. қасиеттерге
жеткісі келетінін атап айту керек. Ер балалар сияқты олар да өздерінде
осындай қасиеттерді тәрбиелейді. Әйелге тән қасиеттер қазіргі жеткіншек
қыздар мен бойжеткендер үшін әрқашан тартымды деуге болмайды. Мұның өзі
әйелдің қоғам өмірі мен семьядағы жағдайының өзгеруіне байланысты. Қоғамдық
мұратты бейнелердегі өзгеріс осыдан келіп шығады, ал бұлар өз кезегінде қыз
балаларда ұнамды қасиеттер туралы түсініктің қалыптасуына ықпал жасайды.
Қыз баланың мұрат тұтқан бейнесінің мазмұны оның алған тәрбиесі мен
ортасының нақты ерекшеліктеріне де едәуір байланысты болады.
Ересек адам – іс әрекеттегі өнеге. Мазмұны жағынан құнды әлеуметтік-
моральдық ересектіктің дамуы қызметтің әр алуан түрлерінде ересектің
жеткіншекпен ынтымағы жағдайында өтеді; бұл кезде жеткіншек ересекке үлгі
ретінде теңеседі (міндеттерді орындау сапасында және іскерліктерді
меңгеруде) және оның көмекшісі позициясында болады. Жеткіншекке әкесі,
шешесі, мұғалімі, кез келген ересек адам үлгі болуы мүмкін. Мұны әр түрлі
қиындықтарды басынан кешірген семьяларда жиі байқауға болады. Осындай
отбасындағы жеткіншектің өсуіне және адамдық қасиеттерінің қалыптасуына
басқалардың көмегі қажет, семьяның өмірінде көп жағдай осы көмекке
байланысты болады. Әдетте жетк;ншекке шаруашылық жұмыстардың бірсыпырасы,
кішкентай балаларды бағып-қағу жүктеледі. Балаларға қатысты ол іс жүзінде
ересек адамның орнында болады. Ата-анасының арасындағы ұрыс-керіс
қабаттасуы мүмкін, мұндай жағдайларда жеткіншек енді едәуір дәрежеде
ересектер өмірінің нормалары бойынша өмір сүреді.
Ересектермен қатар және теңдей еңбекке қатысу, оларға үлкендер
тарапынан көп сенім білдірілген жағдайда жеткіншекте жауапкершілік,
дербестік, оңтайлылық сезімін, әр түрлі істер мен міндеттерді орындауда,
басқалар туралы ойлап, қамқорлық жасау, сезімталдық пен ілтипаттылық
қасиеттерін қалыптастырады. Бұл қасиеттердің қалыптасуына қолайлы жағдайлар
жеткіншектерді ересек адамның көмекшісі әрі тірегі позициясында болғанда
жасалады. Жақын адамдардың игілігі, олардың қамын ойлау жеткіншек үшін
ерекше маңызды болып, өмірлік қазына сипатын алады. Мұның өзі адамгершілік
сенімдердің, жеке мінез-құлықтың, болашаққа жоспар құрудың ерте бастан
қалыптасуына қолайлы жағдай жасайды.
Болашаққа арналған жоспарлар туралы ойлағанда жақындарының қамын ойлау
көп орын алады. Көптеген жеткіншек ер балалардың ересектердің әр түрлі
іскерліктерін - ағаш және темір ұсталығын меңгеруге, станокта жұмыс
істеуге, автомашина, мотоцикл, трактор жүргізуге, фотосурет түсіруге,
мылтық атып, аң аулауға, компаспен бағдарлануға т.б. іс-әрекеттерді
үлкендердей орындауға ұмтылатынын атап айту керек. Қыз балалар да олардан
калыспай, тек әйелдер іскерліктерін ғана меңгерумен шектелмейді.
Жеткіншектік шақтың басы осындай іскерліктерді үйретуге ең колайлы уақыт.
Бұл үшін жеткіншекті қолғанат ретінде ересектердің тиісті кәсіптерінде
пайдаланылуыу кажет. Жеткіншектердің өздері де осыған ұмтылады және сабақ
пен үйретудің мазмұны неғұрлым байыпты болса, жеткіншектер жұмысқа соғұрлым
ынталана кіріседі. Ересектердің өзіне сенім көрсеткенін жеткіншек ұнатады,
оны ақтауға тырысады. Пәндер мен еңбек сабақтарындағы жұмыс балалар үшін
жаңалық неғұрлым көп болса, ілгерілеушілік болса, олар өз еңбегінің
нәтижесін, оның қоғамға пайдалылығын айқын көрсе, солғұрлым ол жұмыс
жеткіншектерге тартымды болады.
Балалар үшін ересектердің өздері маңызды әрі қызғылықты деп санайтын
істер мен іс-әрекеттерге қатысу неғұрлым тартымды.
Кішкентай жеткіншектер ересектің көмекшісі роліне әбден риза, ал
неғұрлым естияр болған сайын ол уақытша болса да, жұмыстың қай учаскесінде
болса да ересектің орнын толық ауыстырып, әйтеуір мүлдем дербес іс-әрекет
жасауға ерекше қуанышты болады. Бұл жеткіншекті жаңа жетістіктерге
ұмтылдырады. Ересектермен іскерлік ынтымақ ересектіктің көрінуінің игілікті
формасы үшін жағдай жасайды. Мұндай ынтымақ әрбір жеткіншектің өмірінің
маңызды әрі ұнамды мазмұны бола алады және болуға тиіс те. Жеткіншек өзіне
ересектердің сенім білдіргенін сезініп, өз еңбегінің пайдалылығын көрсе,
іскерлік көрсетіп, ынтымақ болады. Тәрбиешілер жеткіншектің үлкендерге
көмекшісі позициясын белсене қалыптастырып, оны барынша қолдап, нығайтып
отыруы керек. Мұндай позицияның болуы жеткіншекте шын мәніндегі әлеуметтік-
моральдық ересектіктің және жеке адамның көптеген құнды адамгершілік
қасиеттерінің қалыптасуы үшін өте маңызды.
Танымдық — іс-әрекетте ересектіктің дамуы ерекше орын алады.
Ересектіктің дамуындағы маңызды бағыт мазмұнды мүдделердің дамуымен және
болашаққа жоспарлар жасаумен байланысты. Ол жеткіншектің бір нәрсені шын
мәнінде танып-білуге ұмтылуынан барып өседі. Мұның өзі мазмұны мектеп
программасының шеңберінен асып түсетін танымдық іс-әрекеттің дамуына
себепші болады. Мұндай іс-әрекеттің ғылымға, техникаға, өнерге, білімнің
бір не бірнеше саласына қатысты болуы мүмкін және кәсіптік ниеттермен
әрдайым байланысы бола бермейді. Әуестену құштарлық сипатта болып, ондайда
бірқатар уақыт (бос уақыт қана емес, сабақ даярлауға кажетті уақыттың да)
сол өзіне ұнамды іспен шұғылдануға кетеді. Қайсыбір іске ынталы жеткіншек
өте белсенді болады: қажетті кітаптарды, материалдарды, аспаптарды
іздестіріп, әр түрлі тәсілдермен игереді. Жеткіншектер үнемі кітапханаға,
көрмелер мен музейлерге барып, экспозицияның белгілі бір бөлігін егжей-
тегжейлі зерттей бастайды. Мүдделердің үйлесуі негізінде жолдастарымен
қарым-қатынас орнайды. Балалар әр түрлі мәселелерді талқылайды,
кітаптармен, материалдармен алмасады, әр түрлі қиыншылықтарда ақыл-кеңеспен
және іспен жәрдемдеседі. Ықыластанған білімді табу немесе сәтсіздіктің
себебін анықтау үшін жеткіншек кітаптар мен анықтамаларды қарайды. Мұның
өзі ынта-ықылас пен нәтижелі іс-әрекеттің дамуындағы өте маңызды қадам:
жаңа білімдерді қажетсіну дербес, яғни өздігінен білім алу арқылы
канағаттандырылады. Жеткіншектің дербес іс-әрекетінде кейде шығармашылық
элементтері болады, оны жаңа нәрсе жасау процесі және жалпы алғанда
танымдық процестің өзі әуестендіреді. Бұл орайда интеллектілік даму
жеделдеп, білім терең сипатта әрі көлемді болады.
Танымдық мүдделердің басым бағыттылығы нақ осы жеткіншектік шақта
қалыптасады. Әрбір сыныпта білімнің әр түрлі салаларынан өз мамандары
болады, сыныптастары одан ақыл-кеңес алады, бір ғылыми мәселе бойынша дау
туа қалса, соның төрелігіне жүгінеді. Мұндай жеткіншектердің едәуір көп
білім алуы — дербес жұмыс істеуінің нәтижесі. Олар білімге және таным
процесіне өздері үшін маңызды әрі қажетті деп қарайды. Бесінші
сыныптағылардың кейбіреулерінде өздігінен білім алу элементтері анық
көрініс берген болады. Әдетте бұлар ұлының не қызының танымдық мүдделерін
дамытуға және мазмұнды іс-әрекетіне көп көңіл бөлетін ата-аналардын
балалары болады.
Кейде нақ осындай жағдайда бастауыш мектеп шағында немесе жеткіншектік
жастың басында тиянақты кәсіптік ниеттер қалыптаса бастайды (бұлар мектеп
бітіргенге дейін айтарлықтай өзгермейді), ал V—VI сыныптардан бастап өзін
болашаққа даярлау жөніндегі іс-әрекет басталады. Кейбір жағдайларда ойын,
өздігінен білім алу және өзін-өзі тәрбиелеу элементтері өзінше ұштасады:
белгілі бір мамандық туралы арман, бір жағынан, әр түрлі рольдер болатын
ойындардың мазмұнында және таңдап алынатын рольдерде бейнеленеді, ал екінші
жағынан, мүдделер тобын анықтап, белгілі бір білімге, іскерлікке,
қасиеттерге жетуге ынталандырады. Мәселен, алтыншы класта оқитын бір
баланың теңізші болсам деген арманы, бір жағынан, әскери мазмұнды ойындарға
әуестенуден, екінші жағынан, теңіз, теңізші жиһанкездер туралы және
патриоттық-ерлік мазмұндағы кітаптарға деген ынта-ықыластан, теңізшіге
керекті қасиеттерді, білім мен іскерлікті меңгеруге ұмтылудан көрінді.
Ерлік қасиеттері әр түрлі жаттығулар жасау және спортпен шұғылдану арқылы
тәрбиеленді; 6 сыныпта білім мен іскерлікке жету ұйымдаспаған түрде
болғанымен, бала 9 сыныпты бітіргеннен соң балаларға арналған өзен
параходствосына түсуді жоспарлап, бұл жоспарын жүзеге асырды.
Осы және бұл жерде айтылмаған көптеген ерекшеліктерге байланысты
жеткіншектік кезең аса айқын, қиын, және өзгерісі көп қауіпті кезең. Бұл
кезеңнің қиындығы баланың денсаулығына бұрын қалыптасып қалауымен
байланысты. Егер жеткіншектің денсаулыгына қатынас бірыңғай, барабар
болмаса, ол өтпелі кезенде жағдай асқынып кетеді. Ағзаның маңызды
жүйелерінің қайта құрылуы жеткіншектің өзіне де елеусіз өтпейді, әр
жеткіншек жаңа және ылғи сүйкшді бола бермейтін өзгерістерге дайын емес.
Көбінесе бұл бас айналу, әлсіреу жүрек ауруы арқылы білінеді т.б. Жеткіншек
балалардың көңіл-күйі жиі құбылып тұрады, эмоциялық әлемі жиі өзгереді.
Балалардың белгілі бір тобы тез шаршағыш, ашуланшақ, көңілсіз болады.
Жеткіншектердің психикасы аса тұрақсыз болады, бірақ жас ерекшелігінің
заңдылығы сондай, онда кісіаралық қатынастар сонша жаңа қиындықтарды
қосады. Әсіресе, жеткіншектік кезеңцегі мектеп неврозы себепсіз
агрессиялықтан, мектепке баруға қорқудан, сабаққа қатынасудан, тақтаға
шығып жауап беруге бас тартудан көрінеді яғни дезадаптивті мінез-құлықтан
көрінеді. Мектеп мазасыздығы да осы жас кезеңінде жиі байқалады, мұның
себептері көп жеке басының отбасында дұрыс тәрбиеленуінен т.б. себептермен
байланысты.
Дезадаптациялық процестер, акцентуация көрінісі баланың жеке басының
неврозды жүйкесі мен психикасының бұзылуынан деп сипаттауға болады, оның
себебі, мұғалім мен оқушы қатынасының бұзылуынан болады. Бұл педагогтың
өзін дұрыс ұстамауынан немесе оқушыға байқамай ауыр сөз айтуынан т.б.
сондай себептерден болуы мүмкін. Әдетте мұғалімдердің байқаусыз айтқан, не
әдепсіз айтылған сөзден оқушылардың жүйкесінің бұзылуына себепші болатынын
сезбейді. Мұндай көңіл-күйінің бұзылуына бұрын ауыр сөзді естіген балалар
тап болады. Олардың отбасындағы негатив тәжірибесі баланың дезадаптациялық
қылықтарына негіз болады.
Акцентуация, агрессия, дидоктогенді невроздар баланың тұлғалық
қалыптасуына теріс әсерін тигізеді. Оқушының мотивтік сферасының бұзылуына
алып келеді. Білуге тырысушылық мотиві оқу ісінде басты болудан қалады.
Құндылықтарды бағалау, өзіи - өзі бағалауы өзгереді. Оқушыны қатты шаршату,
көп тапсырма беруде непротикалық бұзылуы мүмкін. Невроз -тұлғалық дамудың
ауруы. Бір патогендік жағдай невротикалық бұзылуға алып келмейді. Мектеп
неврозының көріну шеңбері тым кең. Бірақ олардың невротикалық жағдайға
апаратын себептерінің бастылары, мазасыздану, әуреге түсу және баланың
жанының жарақаттануы. Бақылау нәтижелері көрсеткендей, егер оқушыларға
невротикалық реакцияларының алғашқы белгілері кезінде назар аударса,
адаптациялық бөгеттерді тұрақты етуге ол кісінің психогендік дамуын
тоқтатуға болады. Осы проблемаларды шешуге психологиялық көмек көрсету,
психопрофилактика, психокоррекция жасау және басқа көмектесетін шаралар
қажет. Оның ішінде баланың дамуына ерте диагностика жүргізу, оның
мүмкіндіктерін ескерту және ата-аналармен, мұғалімдермен психологиялық
қызмет шеңберінде жұмыс істеу қажет.
1.2. Психологиялық коррекцияны жүргізу технологиясы
Психологиялық қызмет көрсету барысында психологиялық кеңес беру және
психокоррекцияны ұйымдастыру үлгілері және балаларды зерттеуге
пайдаланылатын әдіс-тәсілдер жүйесі қазіргі кезде жан-жақты зерттелінуде.
Оның негізін құрушылар И.В.Дубровина, З.А.Малькова, В.М.Вульфсон,
К.Р.Рональдо, Г.Б,Радионов, И.А.Соколова, А.С.Овчинников, И.О.Татур,
М.Р.Битянова, Л.И.Прихожан, Р.С.Немов, В.Г.Гильбух, Е.И.Рогов, Р.Римский,
С.Римская т.б. ғалымдар өз еңбектерінде психолог қызметінің мақсаты мен
міндеттері, психологиялық қызметтің моделі, мектегі психологиялық қызметтің
мазмұны мен зерттеу жүргізуде пайдаланылатын әдістемелері анықталған. Бұл
ұсыныстардың негізгі қағидалары мектеп психологиялық қызметінде кеңінен
қолданылып жүр. Сонымен қатар әр жас кезеңінің өзіне тән көптеген
ерекшеліктері бар. Жеткіншек жас кезеңі психолог қызметінде ерекше орын
алатындығы дәлелденген. Сондықтан осы жас кезеңіндегі балалармен жұмыс
жүргізгенде психокоррекция элементтері және психологиялық кеңес беру
қызметі жиі орын алады.
А.С.Спиваковская отбасындағы және мектептегі қарысм-қатынастардың
ерекшеліктерін зерттеу нәтижесінде оның балаға позитивті және негативті
әсерлерін, пскхологиялық отбасылық климатты театр, санатория, қамал,
вулкан, маскарад деп сыныптастырған. Осы жағдайлар балалардың
2. Соматикалық аурулар және ауыр жарақаттар. Хроникалық -соматикалық
аурулар дұрыс емес тәрбиеге байланысты жеткіншектерде толық емес сезімді
болдыруы мүмкін.
3. Жеткіншектік қатарларымен дұрыс қатынас жасамауы, қатарластарымен
дұрыс достық қатынасты құра алмау, оларда даралық аномалды дамуды туғызады.
Психологиялық кеңес беру және психокоррекцияны жүргізудің ортақ жерлері
өте көп. Сондықтан диплрмдық зерттеу барысында біз түзету-дамыту жұмысының
осы екі түрін ұштастырып пайдалану ерекшеліктерін жиі қолдандық.
Психологиялық кеңес беру психологиялық проблемасы бар адамдардың осы
проблеманы тудырған мәселелерін талдау арқылы себебін түсіндіріп беру. Ал
психокеррекция дегеніміз адамның мінез-құлқы мен психикалық қасиеттерін
өзгерту мақсатымен арнайы әсер етіп, оның шыжырман жағдайдағы өзін-өзі
ұстау стилі ыңғайсыздығын көрсетіп, бұл жағдайдан шығу жолын бірге іздеп
табу.
Баланың жас ерекшеліктеріне және алдында тұрған проблемасына байланысты
психологиялық кеңес беру және психокоррекция жүргізу реті және
пайдаланылатын әдіс-тәсілдер анықталады.
Психологиялық кеңес беру және психокеррекциялық жұмыс жүргізу өте
күрделі жүйе болып табылады. Олардың өзі бір неше блоктардан тұрады.
І-блок психодиагностикалық. Бұл кезеңде ыңғайсыз жағдайға алып келген
факторлар талданып, олардың орны анықталады. Шытырман жағдай зонасы отбасы,
құрбылар ортасы, жұмыс орны, оқитын мектебі т.с.с. жерлер болуы мүмкін (сол
адамның өмір сүру ортасы).
ІІ-блок бағыт беру деп аталады. Бұл кезеңде клиентті коррекциялық жұмыс
жүргізу қажет екендігіне сендіріп, ол жұмыстың ерекшеліктері түсіндіріледі.
Психокоррекция көптеген құбылмалы жағдайларға байланысты жүретін әдіс. Оның
ішінде коррекцияның тиімді болуына келесі құбылыстар әсері үлкен:
а) психологпен коррекцияға қатысушылар арасындағы байланыстың
қалыптасуы (ұштасып, түйісін, біртұтастай қызмет атқаруды талап етеді). Бұл
байланыс құбылмалы. Өйткені қатысушылардың психологқа сеніміне байланысты
өзгеріп тұрады.
б) Қатысып отырғандардың психологқа және бір-біріне сенуін және осы
сенімнің күшеюі, оны білдіруі. Бұл құбылысқа байланысты әркім өз сырын ашып
айтады немесе түйсініп қалады.
в) Сенімнің артуы. Пациенттің позитивтік нәтижеге жететінін түсінудің
белгісі болып табылады.
Баланың проблемасы отбасындағы қарым-қатынастың бұзылуымен байланысты
болса коррекциялық жұмыс балалармен және олардың ата-аналарынен немесе
оларды тәрбиелеуші үлкендермен параллель жүргізіледі. Психокоррекциялық
жұмыстың міндеттері коррекция жүргізуді талап еткен адам немесе топ
ерекшеліктеріне байланысты анықталады. Олар келесі мағнада болуы мүмкін:
1 - баланың дамуындағы психологиялық ауытқуларды қалыптасқан талаптарға
сай келтіру;
2 - қалыптасқан жағымсыз құрылыстарды бұзып оның жағымды көріністері
басым болатындай етіп қайта құру;
3 - мінез-құлық стереотиптерін және оның эмоционпалдық көрініс беру
формаларын өзгерту;
4 - жалпы даму барысын рекомструкциялау (құрылымын өңдеу);
5 - ізгі ниетті қарым-қатынас тәжірибесін қалыптастыру.
Көбінесе коррекцияны адам өміріне үлкен роль атқаратын іс - әрекеттер
түрінде ұйымдастырылады. Адам өмірінде барлық уақытта маңыздылығын
сақтайтын, әсерлілігі өте жоғары ойын әрекеттің орны өте үлкен. Балалар
үшін ойын өмір сүрудің, әллеуметтік тәжірибені меңгерудің негізгі түрі, ал
үлкендер үшін өздерінің балалалық Менің шақырып, басқалардың, әсіресе
балалардың қылықтарын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Сондықтан ойын
коррекциясы психологиялық қызмет көрсету тәжірибесінде кеңінен қолданылады.
Коррекциялық ойын барысында келесі мәселелер шешіледі.
1. Балалар барысында сезімін көрсетудің жаңа формаларын меңгереді.
2. Басқа адамдарға, үлкен, кішілер және құрбыларына, өзіне деген
көзқарасы ақиқатқа жақындатылады, өзін-өзі және басқаларды бағалауға,
сыйлауға үйренеді.
3. Өзіне сенімі нығайады.
4. Құрбы-құрдастарымен қарым-қатынас жасау тәжірибесін қалыптасады.
5. Ойын және іскерлік, қарым-қатынастың жаңа түрлеріне жаттықтырады.
6. Балаларды сыйлап кішігірім санасын олардың дербес, өз бетімен
қажетті мәселелерді шешуге шамасы келетініне сендіреді.
Коррекциялық ойындардың көптеген ортақ көрсеткіштері бар, сонымен бірге
әр коррекциялық ойынның өзіндік ерекшеліктері бар. Ойын коррекцияларының
ортақ көрсеткіштері және өзіндік ерекшеліктері бар.
1. Коррекция жүргізу үшін оны ұйымдастырған ортаның коррекцияға әсерін
тигізетіндей ерекшеліктері болуға тиісті.
Кішкентай балалармен коррекция ойын бөлмелерінде жүргізіледі.
Үлкендермен де осындай бөлмеде ұйымдастыруға болады. Ең үлкен ерекшелік -
баланың іс-әрекеттерін ұйымдастыру барысында оларға ешқандай тыйым салмау,
нормативтармен таныстырмау, әркім өзінің творчестволық қабілетін көрсетуге
мүмкіндік беру.
2. Екінші талап - қарым-қатынас ерекшелігі байқалған бала немесе үлкен
пациент өміріндегі қысым көріп жүрген шарттардан шығуына жәрдем беретіндей
болуға тиіс. Өйткені конфликт зонасындағы байланыстар мінез-құлықтың
жағымсыз болуының негізгі себебі болуы мүмкін. Сондықтан тілектестікке
негізделген қарым-қатынас басқаларға деген бұрынғы қырсық мінездің өрескіл,
ыңғайсыз екенін көрсетеді және басқалармен мәдениетті араласудың жаңа түрін
іздеуді талап етеді. Осы іздеу табысты болу үшін жаңа жағдайдағы қарым-
қатынас түрінің дұрыс үлгісін көрсетуге тиіс.
а) үлкендер мен кішкентайлардың қарым-қатынасы жайбарақат, тілектестік
негізінде жүреді;
б) ешкім ешкімді сынап, мінен алтып, айыптап отырмайды;
в) шектеу шектеулі, жіберілген қателіктер үшін ұрсу жоқ;
г) емін-еркін сезінуге мүмқіндік туғызылады.
Ойын коррекциясын ұйымдастыру барысында, психологиялық кеңес беру үшін
күрделі мәселелерді талдауға арналған сұрақтар шектеулі болады және ғылыми
терминдер өте аз пайдаланып, сөйлемдер құрылым жағынан өте қарапайым
болады. Мысалы: Неге сіз басқаша ойлайсыз? Онда тұрған не бар? ...
Мәселесіні шеше алмай жүрген адамға кей кезде кішкентай түрткі керек.
3. Төртінші - қатнасушының проблемасын диагностикалау және коррекциялау
барысында оларға өз ойын тұжырымдап айтқызу.
Бұл әдістің ерекшелігі адам жағдайды үстіртін талдаудан біртіндеп
мәселеге терең үңіліп, оның түбірін, болашаққа әсерін т.б. көрсеткіштерін
бір-бірімен салыстырады. Мысалы: келін-ене проблемасында, келін өзін бөтен
сезізуі мүмкін. Енесі оның барлық істеген жұмысына сын көзбен қарайды.
Келін өзін-өзі бөтен қарайды. Келін өзін-өзі ыңғайсыз сезінеді.
Келіннің ойын тұжырымдау үшін келесі мәселені талдауға болады.
Келін кім үшін сол отбасына келді? Кімге керек екендігіне сезінеді?
Сезінеді ма?
Бесінші құрамды бөлігі - өзінше талдауды (интерпретация) қолдану. Бұл
өте күрделі техника. Оны тиімді қолдану үшін келесі жағдайларды ескеру
қажет:
- клиенттің интерпретацияны қабылдауға, түсінуге даярлығы;
- интерпретацияны қолдануға ыңғайлы жағдай орын алғанда. Жағдайды
өзінше талдау қысқа уақыт ішінде, клиентке өте түсінікті сөздермен айтылу
қажет.
Алтыншы - өз сезімін өз сөзімен түсіндіріп айтып беру перепрацирование.
Клиенттің айтқан шағымын психолог өзінше талқылап, оның оң-теріс жағын
ашып береді. Барлық болған оқиғаның жақсылығы бар екенін көрсетеді. Немесе
жағымсыз нәрсенің әсері клиенттің бағалауынан төмендегін дәлелдеп береді.
Мысалы: баласы оқуды тастап кеткен. Оны психолог баласының ойына сай
келмеген болуы керек, сондықтан ол өз жолын іздеп тапқысы келгенін
түсіндіру қажет. Сонымен эмоцион жағдайды талдау ұстанымы құралуы бөліктеп
тұрады екен. Эмоциялық жағдайды талау ұстанымына сай психологиялық кеңесті
ұйымдастыру ең күрделі.
5. Ұстаным клиентпен қарым-қатынас жалғасын қалыптастыру. Қарым-қатынас
ауызша сөйлесу (вербальдық қ-қ) арқылы және шілсіз жүруі мүмкін.
Тілсіз жүргізілетін байланыс түрлері.
а) сөйлесу барысында клиенттің көзіне қарап, айтқан сөздерінің
мағынасына түсініп отырғанын білдіру. Отырғанда қарама-қарсы емес, кішкене
бұрыштап отырған дұрыс.
б) выражение лица - бет көрінісі - психологтың бет-әлпетінде
тілектестік (доброжелатильный) оның байқалғаны дұрыс, ол психотерапевты
налық әдіс.
в) дене қалпы жабық болмауы қажет қол қусырылған, қолы тыныш таппаған
адам клиентке теріс әсер тигізеді. Сондықтан отырыс емін-еркін болуы керек.
Онша жақын емес. Клиентке психологиялық ыңғайлы жағдай туғызатындай.
г) тон, громкасть голоса - дауыс онша қатты емес, тілектестіп белгісі
оның сезілетін. Кей-кезде сыбырласып сөйлескеннің үлкен әсері бар.
д) Психолог үлкен наузалар жасап клиентке өз ойын, тағылым толық айтуға
мүмкіндік беруі.
Тілдесу арқылы жүргізілетін контакт барысында әңгімелесу жоғарыда
айтылған ұстанымдарға сай жүргізіледі. Әңгімелесуді бастағанда клиенттің
ойын мақұлдап (удобрение), мақтап, қолдап отыруды орынды қодлану қажет.
Әңгімелесу нәтижесінде клиент өзінің басқалардан кем еместігіне көзі жетіп,
түсінуі қажет.
Осы талаптарға сай ұйымдастырылған кеңес өз функциясын толық орындайды.
3. Пациентті сыйлау. Оның барлық қылығына түсіну, көбісінің басқаларға
ұнайтынын және ұнамды қылықтары бар екенін көрсету.
Коррекциялық топта әр адам өзінің толық қәіпсіз ортада екенін сезінуі
қажет. Тек қана толық сенім болғанда поциент өз проблемасын ашып сырын
төгеді. Басқалар, әсіресе психолог, ұстамдылық көрсетіп әр поциенттің
шағымын эмоционалдық құбылыстарда көрсеткен өмірінің үзінділерін
тілектестік белгісімен қабылдау қажет (колын сипап, күлімсіреп қарап, басын
шайқап...).
4. Шектеудің шектеулілігі.
Нені шектеуге болады: а) жұмыс уақыты (балалар ойын бөлмесі жұмыс
уақыты шектеулі екенін түсінуі қажет); б) бөлмеден шығуға болмайды
(рұқсатсыз); в) ойыншықтарды, әдістемелік құралдарды алып кетуге болмайды.
Болды. Басқа шектеу жоқ.
5. Пациенттің белсенділігі.
Әр адам өз өмірінің егесі. Осы позицияны тәрбиелеу үшін әр адам өз
праблемасын өзі шешуге шамасы келетініне сенуі қажет. Сондықтан бірінші,
екінші кездесу барысында пациентті асықтырмай оның белсенділігін қолдан
жекелеп отыру кажет.
Пациенттің күшті жақтарын қолдан, соған сүйену - коррекцияның маңызды
шарты.
Әр ойын көп функция атқарады
Бір адамға өзін өзі бағалауын жоғарылату жолы; екіншілерге - сергіту,
қабілеттілікті арттыру және өзін емін еркін сезінуге үйрету жолы;
үшіншілерге - көпшілікпен тіл табысып өмір сүруге, ұжымдағы адамдармен
санасуға үйретеғтін орын.
Осы үш функциясы - негізгі. Сонымен қатар әр адамның праблемасына
байланысты жеке мәселелер тууы мүмкін. Коррекцияның осы ортақ
көрсеткіштерді ескеріп жүргізу қажет.
Коррекциялық жұмыс топпен жүргізілгенде оны треннинг тобы деп атайды.
Осы топты ұйымдастырудың түрлері көп. Олар коррекция жүргізу тәсілдері деп
аталады. Бұл тәсілдердің негізгі 4 түрі бар. Олар шешуге алынған проблемаға
байланысты анықталады.
I - Қарым-қатынас мәдениетін үйрену тобы тәсілі. (Мысалы: үлкен
спорттағы адам жасы келгеннен соң азаматтық өмірге оралды) Бұл тренинг 3
кезеңнен тұрады.
1. Ритуалдык іс-әрекеттер:
а) Танысу ритуалы
б) Топтық ән орындау (Ән-ұранды таңдап алу).
Оны күнделікті тренинг басталғанда және аяқталғанда орындау барлық
қатысушылардың эмоционалдық жөнусын көтеріп, қарым-қатынас жасауға жол
ашады және топты нығайтады.
в) Ритуальдық сәлемдесу мен қоштасу. Сәлемдесу барысында бұрынғы күнде
болған оқиғалар, онын қарым-қатынас барысын еске түсіріп оң-теріс жағын
қысқаша талданады. Топ жағы қарым-қатынас ережелері еске түсіріледі. Өз
ойын айтуға, болған оқиғалар бағалауға үйрету үшін жүргізіледі.
2. Топтық шешім қабылдауға үйрету.
Бүгін жүргізілетін жұмыс жоспарын талданып, қандай ретпен ойынды
жүргізу анықталады, іс-әрекетін әрқайсысына берілетін уажым анықталады.
Ойындардың барлығы рольдік, сондықтан кім қандай роль атқаратынын топтың
өзі шешеді. Ойын аяқталғаннан соң әр қайсысының топтық тасырманы орындауға
қосқан үлесі талданады, өз міндетін орындағаны бағаланады (топтағылармен).
2. Топтың дербестігін қалыптастыру.
Бұл тәсіл психологтың топтан шығын оларды өз бетімен барлық әрекетті
ұйымдастыруға мүмкіндік беру үшін қолданылады. Ешкіммен кеңес сұрауға
болмайды. (балалар тобында олар өзі барлық мәселені үлкендерден көмек
сұрамай шешуі керек). Барлық шешімдерді өздері қабылдауы керек.
Ашық жаркындақты тәрбиелеуге өсерін тигізеді, қабілеттілікті
жетілдіреді.
Қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеу тобы 4-7 күн жұмыс жүргізеді.
ІІ-Эгоцентризмді бұзу тобы (дарашылдық, дүниенің негізі мен, басқаның
бәрі менің түсінігім дейтін пэлсапалық көзқарас атынан алынған).
Эгоцентризм адамның мінезін икемсіз, өтетін, ешкіммен санаспайтындыққа
алып келеді. Эгоцентризм жақсы қалыптасқан адамдармен жұмыс жүргізгенде
келесі кезеңдермен жүргізілетін тренинг қолданылады.
1 - ритуалдық кезең.
2 - басқаларды түсіну, аяу, жан ашу сезімін тереңдету кезеңі. Ол үшін
бір-бірін тыңдау керек.
а) Кешіккенге, келмегенге болған оқиғаны толық айтқызу (ассистент
келмей қалады). Келмеген адамға жанашырлық білдірудің түрі.
б) Өз ойын, сезімін басқаларға айтып түсіндіру.
в) Басқалардың сөзін тыңдату және өз пікірін айтқызу.
г) Басқалардың сезімін сыйлап, түсіну.
д) Әр адамның басынан өткен оқиғаларды талдау.
3 - Эмоцианальдық жағдайды шылықтырып үрейленулігіне әсер тигізу кезең.
а) Эмоциональдың керісінше жауап беруге алып келетін жағдай жасау
(ашуына тиетін);
б) пациенттің күшті жақтарын көрсетіп, оған эмоциональдық қолдау
көрсету;
в) Өзін-өзі тұрақты ұстауға шамасы келетініне сенім білдіру, оң
қасиеттерін бағалау;
г) Мінез-құлқының нормативтік көрсеткіштеріне көңіл аудару.
ІІІ-Өз проблемаларын түсінуге үйрету тобы тәсілі.
Адам өз проблемаларына толық түсінік, оны талдап, шығу жолын табуға
шамасы келсе ол адамның өзін - өзі қоршаған ортамен тепе-теңдікте ұстауға
болатындығына сенімі күшейеді. Бұл топ келесі кезектегі іс-әрекеттер арқылы
жүзеге асырылады.
а) Шағылыстыру тәсілі адамның әлеуметтік ортадағы позициясы қате
екенін, барлық құбылыстарға реакциясы ақиқатқа сай еместігін көрсету және
оның себебін түсіндіріп қабылдату. Бұл тәсілді қолдану нәтижесінде жаңа
жолды іздеп, нациент өз болашағын және осы болашақ өмірдегі басқа
адамдармен қарым-қатынасының моделін жасауға кіріседі.
Сонымен, бұл тәсілдің негізгі мақсаты - адам өз қателерін өз санасынан
өткізіп, шағылыстырып шығарып жіберу (айнадан шағылысқан сәуле тәрізді).
б) Өзінше талқылау ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz