Глобальдық экологиялық өзгерістердің бағытын анықтаушы әлеументтік- экономикалық процестер. Адам әрекетінің атмосфераға әсері, атмосфера күйінің өзгерістері және олардың салдарлары



1. Жер геосфералары, олардың негізгі қасиеттері.
2. Глобальдық экологиялық өзгерістердің бағытын анықтаушы әлеументтік. экономикалық процестер.
3. Адам әрекетінің атмосфераға әсері, атмосфера күйінің өзгерістері және олардың салдарлары.
4. Пайдаланылған әдебиеттер.
Жер — Күн жүйесіндегі Күннен әрі қарай санағанда үшінші ғаламшар адамзаттың тіршілік ететін бесігі. Жер эллипстік (дөңгелекке жуық) орбита бойымен 29,765 км/с жылдамдықпен 149,6 млн. км орташа қашықтықта 365,24 орташа күн тәулігі ішінде Күнді бір рет айналып шығады. Оның табиғи серігі – Ай. Ай Жерді 384000 км орташа қашықтықта айналады. Жер осінің эклиптика жазықтығына көлбеулігі 66°33´22˝, оның өз осінен айналу периоды 23 сағ 56 мин 4,1 с. Жердің өз осінен айналуы себебінен Жерде күн мен түн ауысса, ал оның осінің орбита жазықтығына көлбеулігі мен Күнді айналуы салдарынан Жерде жыл мезгілдері өзгеріп отырады. Жердің жасы шамамен 4,5 млрд. жыл деп есептеледі. Жер Күнді айналып жүрген 9 планетаның ішінде мөлшері мен массасы бойынша 5 орында. Жердің массасы 5,975•1021 т, орташа тығыздығы 5,517 г/см³, көлемі 1,083 млрд. км³, ауданы 510,2 млн. км², сыртқы пішіні 3 осьті эллипсоидқа (сфероидқа) жақын. Осы күнгі космогониялық түсінік бойынша Жер осыдан 4,5 млрд. жыл бұрын Күн айналасындағы кеңістікте шашыраған газ-тозаң заттан, планеталар тартылыс күшінің әсерінен пайда болған. Қатты материя кесектерінің соқтығысып, жабысуынан планеталар ұлғая берген. Газ-тозаң зат іріктеліп, олардың жеңіл элементтері Күн сәулесінің қысымымен онан әрірек, ал біршама ауырлары Күнге жақын орналасқан. Жер құрамына Күн жүйесінде кездесетін барлық химиялық элементтер енеді. Заттың планета центріне тартылуы және оның ось бойымен айналуы салдарынан Жер эллипсоидтық пішінге келген.
1. Бигалиев А.Б., Халилов М.Ф., Шарипова М.А. Жалпы экология негіздері Алматы, «Қазақ университеті», 2007.
2. Бозшатаева, Оспанова Экология-Алматы, 1995
3. Бродский Экологияның қысқаша курсы –Алматы,1996
4. Алексеенко В.А. Экологическая геохимия, Учебник. — М.: Логос, 2000.
5. Барышников И.И., Лойт А.О., Савченко М.Д. Экологическая токсикология. П.1.2 изд. Иркутский университет 1991г.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ
Тақырыбы: Жер геосфералары, олардың негізгі қасиеттері. Глобальдық экологиялық өзгерістердің бағытын анықтаушы әлеументтік- экономикалық процестер. Адам әрекетінің атмосфераға әсері, атмосфера күйінің өзгерістері және олардың салдарлары.

Орындаған: Амиргазинова Б.Б.
Тобы: БЖ-315
Тексерген: Кабышева Ж.К.

Семей 2015ж
Мазмұны:
1. Жер геосфералары, олардың негізгі қасиеттері.
2. Глобальдық экологиялық өзгерістердің бағытын анықтаушы әлеументтік- экономикалық процестер.
3. Адам әрекетінің атмосфераға әсері, атмосфера күйінің өзгерістері және олардың салдарлары.
4. Пайдаланылған әдебиеттер.

Жер геосфералары, олардың негізгі қасиеттері.

Жер -- Күн жүйесіндегі Күннен әрі қарай санағанда үшінші ғаламшар адамзаттың тіршілік ететін бесігі. Жер эллипстік (дөңгелекке жуық) орбита бойымен 29,765 кмс жылдамдықпен 149,6 млн. км орташа қашықтықта 365,24 орташа күн тәулігі ішінде Күнді бір рет айналып шығады. Оның табиғи серігі - Ай. Ай Жерді 384000 км орташа қашықтықта айналады. Жер осінің эклиптика жазықтығына көлбеулігі 66°33'22˝, оның өз осінен айналу периоды 23 сағ 56 мин 4,1 с. Жердің өз осінен айналуы себебінен Жерде күн мен түн ауысса, ал оның осінің орбита жазықтығына көлбеулігі мен Күнді айналуы салдарынан Жерде жыл мезгілдері өзгеріп отырады. Жердің жасы шамамен 4,5 млрд. жыл деп есептеледі. Жер Күнді айналып жүрген 9 планетаның ішінде мөлшері мен массасы бойынша 5 орында. Жердің массасы 5,975::1021 т, орташа тығыздығы 5,517 гсм³, көлемі 1,083 млрд. км³, ауданы 510,2 млн. км², сыртқы пішіні 3 осьті эллипсоидқа (сфероидқа) жақын. Осы күнгі космогониялық түсінік бойынша Жер осыдан 4,5 млрд. жыл бұрын Күн айналасындағы кеңістікте шашыраған газ-тозаң заттан, планеталар тартылыс күшінің әсерінен пайда болған. Қатты материя кесектерінің соқтығысып, жабысуынан планеталар ұлғая берген. Газ-тозаң зат іріктеліп, олардың жеңіл элементтері Күн сәулесінің қысымымен онан әрірек, ал біршама ауырлары Күнге жақын орналасқан. Жер құрамына Күн жүйесінде кездесетін барлық химиялық элементтер енеді. Заттың планета центріне тартылуы және оның ось бойымен айналуы салдарынан Жер эллипсоидтық пішінге келген.

ГЕОСФЕРАЛАР (гео... және spїaіre -- шар) -- Жерді құрайтын, құрамы мен тығыздығы әр түрлі, концентрлік (шамамен сфералық) қабаттар.[1] Олар сыртқы және ішкі геосфералар болып бөлінеді. Сыртқы Геосфераға атмосфера, гидросфера, биосфера жатады. Атмосфера -- газ массасынан және ылғалдан тұратын жердің ауа қабаты. Атмосфера массасының 90%-і төм., 16 км дейінгі қабатта шоғырланған. Гидросфера -- су қабаты, оның жоғ. шекарасы су алаптарының ашық беті арқылы өтеді. Төм. шекарасы тұрақсыз. Гидросфераға әлем мұхитының, құрлық пен мұздардың суы және жерасты сулары кіреді. Биосфера -- жердің органик. өмір бар жоғарғы жағын құрайды. Ол гидросфераны, атмосфераның озон қабатынан төм. жағын және литосфераның жоғ. бөлігін қамтиды. Ішкі Геосфераға ядро, мантия және жер қыртысы жатады.Ядро -- жердің орталық өзегін құрайтын өте тығыз қабат. Ол сыртқы сұйық және ішкі (орталық) субядродан тұрады. Жердің бетінен субядроға қарай қысым мен тығыздық өседі де, ауырлық күші кеми береді (субядро ішінде ауырлық күші 0-ге жуық). Мантия -- жер қыртысы мен ядро аралығында орналасқан ең үлкен аралық қабат. Оның массасы жер массасының 23-ін құрайды. Мантияның жоғарғы бөлігінде (мұхиттар астында 50 км, ол құрлықтарда 80 -- 120 км тереңдікте) сейсмикалық толқындардың күрт баяулайтын астеносфера қабаты басталады. Оның тереңд. 250 -- 400 км. Жер қыртысы -- жердің ең жоғ. қатты қабаты. Ол шөгінді, магмалық және метаморфтік тау жыныстарынан тұрады. Оның қалыңд. мұхиттар астында 5 -- 10 км, құрлықтағы биік таулар астында 70 -- 80 км, орташа қалыңд. 33 км. Жер қыртысы мен астеносфераға дейінгі қатты жоғ. мантия қабаты бірігіп, литосфера қабатын түзейді.

Жер сыртының қабаттары. Жер Күн жүйесіне қарайтын басқа планеталардын. ішінде, тоқтаусыз даму үстіндегі планета ретінде, орталық симметрияға бағынатын әр түрлі геосфералардан тұрады.

Олардың әрқайсысы өзіндік физикалық-химиялық ерекшеліктерімен сипатталады. Жер қабаттары (геосфералар) сыртқы және ішкі қабаттарға ажыра-тылады.
Жердің сыртқы қабаттары -- атмосфера, гидросфера және биосфера біздің планетамыздың басқа планеталармен салыстыр-ғандағы, өзіндік ерекшеліктері болып саналады. Сондықтан да олар жер қыртысының құралу және даму барысында маңызды роль атқарады.
Жердің сыртқы қабаттарына ортақ қасиет -- олардың тез өзгергіштігі. Жердің геосфералары бір-бірнен өте тығыз байла-нысты. Егер олардық біреуінің құрамы сәл өзгерсе,қалғандары да соған сәйкес тез арада өзгеріске ұшырап отырады. Басқаша айтқанда, олардың арасындағы материя және энергия алмасу әрекеттері ешуақытта да тоқталмайды.

Глобальдық экологиялық өзгерістердің бағытын анықтаушы әлеументтік- экономикалық процестер.

Экологиялық проблемаларды олардың көлеміне қарай классификациялау. Ғаламдық экологиялық проблемалар: климаттың өзгеруі, озон қабатының ыдырауы, қышқыл жаңбырлар, шөлейттену, биологиялық әралуандылықтың кемуі. Ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіптің жұмыс қарқынының артуына байланысты пайда болған экологиялық проблемалар. Ауыл шаруашылығы зиянкестерінің улы химикаттарға төзімді формаларының пайда болуы. Атмосфераның, топырақтың, Әлемдік мұхиттың ғаламдық деңгейдегі ластануы. Кейбір қоршаған ортаны ластаушы заттардың тірі организмдерге әсері. Жағымсыз организмдермен күресудің биологиялық әдістері. Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында аз қалдықты технологиялар енгізу.

Қазіргі ғаламдық экологиялық мәселелерге жылулық эффект, озон тесіктері, қышқыл жауын мәселелері жатады.

Парниктік газдардың әсерінен жылулық баланстың өзгеруі нәтижесінде жер шарының температурасының ғаламдық артуын парниктік эффект деп атайды. Негізгі парникті газ көмірқышқыл газы болып табылады. Болжамдар бойынша аа райының жылынуы әсерінен, мәңгі мұздықтардың еруі салдарынан әлемдік мұхит шамамен 1,5 м көтерілуі мүмкін. Көмірқышқылының атмосфераға түсуінің негізгі көзі органикалық отынды жағу болып табылады. Атмосферадағы көміртегінің мөлшерін кемітетін негізгі факторлар фотосинтез бен мұхиттың сіңіруі болып табылады.

Озон қабаты полюстерде 9-30 км, экваторда-18-32 км биіктікте орналасқан. Атмосфераның жоғары қабатындағы озон оттегі молекулаларының ультракүлгін сәулелер әсерінен ыдырауы нәтижесінде түзіледі. Бос оттегінің оттегі молекуласына қосылуынан озон түзіледі. Озонның ең көп мөлшері Антарктиданың үстінде жойылған.

Озон концентрациясының кемуі нәтижесінде түзілген кеңістікті озон тесіктері деп атайды.

Озон тесіктерінің пайда болу себептері әлі толық зерттелмеген. Қазіргі кездегі озон қабатын бұзатын негізгі антропогенді фактор фреондар болып есептеледі. Соған байланысты көптеген мемлекеттер фреондардың өндірісін 50 процентке кеміту және оларды басқа пропилентермен алмастыру туралы міндеттеме қабылдады.

Қазіргі кездегі озон қабатын бұзатын негізгі антропогенді фактор фреондар (хладондар) болып есептеледі. Бұл хлорфтор -- көміртектер болме температурасында қайнайды. Олар тоңазытқыш құрылғыларда, әр түрлі баллондарда тасымалдаушы газ ретінде, т.б. қолданылады. Тасымалдаушы газ (пропилленттер) ретінде фреондарды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Атмосфераның ластануы және қоршаған ортаға әсерін бағалау
Ауа райы және климат
Атмосфераның ластаушы көздері
Мектеп географиясында қалыптастырылатын дағдылар
Оқыту құралдарының кешені – физика курсын экологияландыруының алғышарты
Табиғи обьектілердин экологиялык жағымсыз салдарына экономикалык баға беру
Маңғыстау өңіріндегі экожүйелер компоненттерінің мұнай және мұнай өнімдерімен ластануын экологиялық сараптау
Жаһандану. Глобалдық мәселелер философиясы
Мұнай - газды аймақтардың техногендік ландшафтары
Қазіргі заманғы маңызды экологиялық мәселелер
Пәндер