Ұштіректерді есептеу


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТІРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІСӨЖ №3
Тақырыбы: Ұштіректерді есептеу
Орындаған: Тәукебаева. Б. Б.
Тобы: ТО - 311
Тексерген: Мансуров. С. М
Семей 2015 ж.
Ұштіректер біліктер мен айналатын өстердің тіректері ретінде қолданылады. Олар білікке түскен радиалдық және өстік күштерді қабылдап, оны машинаның тұрығына береді. Сонда біліктер белгілі бір жағдайда бекітіліп, өз өсінің айналасында еркін айналуы керек. Машинаның ПӘК-ін азайтпау үшін ұштіректердегі шығын өте аз болуы керек. Үйкелістің түріне байланысты ұштіректер екіге бөлінеді: сырғанау ұштіректері және домалау ұштіректері.
Сырғанау ұштіректері
Қабылданатын күштің бағытына қарай сырғанау ұштіректері екіге бөлінеді: радиалды күштерді қабылдайтын радиалды ұштіректер және өстік күштерді қабылдайтын сүйенішті ұштіректер -өкшетіректер.
Ұштіректердің құрылымы. Көптеген жағдайларда сырғанау ұштіректері тұрықтан, астардан және майлағыш құрылғыдан тұрады. Ұштіректердің құрылымы әр қилы және олар машинаның құрылымына байланысты. Қарапайым түрде сырғанау ұштіректері -ол машина тұрығына орнатылған төлке. Ұштіректің машина тұрығына орнатылған жеке тұрығы бар.
Сырғанау ұштірегінің негізгі элементі -ұштірек тұрығына немесе машина тұрығына орнатылған астар. Екінші жағдайда ол ажыратылмайтын немесе ажыратылатын болуы мүмкін. Ажыратылатын ұштірек тұрықтан 1, астардан 2, қақпақтан 3, бекіткіш болттардан тұрады. Бұндай ұштірек біліктің жиналуын жеңілдетеді. Егер біліктің деформациялануы мүмкін болатын болса немесе жиналуының дәлдігі төмен болса, өздігінен орнықталатын ұштіректер қолданылады. Астарлардың сфера тәрізді бүйірлері олардың өздігінен орнықталуына мүмкіндік береді. Сонда біліктің деформациялануы мен төмен дәлдікті жинақталудың салдарынан цапфаның қисаюын болдырмайды және күштің астардың ұзындығы бойынша бірұалыпты таралуын қамтамасыз етеді.
Сырғанау ұштіректерінің артықшылықтары.
- Үлкен жылдамдықты жетектерде жұмысының сенімділігі жоғары.
- Жұмыс беттерінің үлкендігі мен май қабатының саябырлату қасиетінің арқасында үлкен соққы және дірілдеу жүктемелерді қабылдауы мүмкін;
- Шусыз жұмыс істейді;
- Радиалды өлшемдері үлкен емес;
- Ажыратылатын ұштіректерді иінді біліктердің мойыншасына орнатуға болады және олар жөндеу кезінде муфта, елгезер және т. б. толық бөлшектелуін қажет етпейді;
- Баяу айналатын машиналарда ұштіректердің құрылымы қарапайым болады.
Кемшіліктері.
- Жұмыс кезінде жиі бақылауды талап етеді, өйткені майлау материалының әрқашан болуы және оның қызып кетпеуі қажет. Егер майлау материалы болмай қалса, ұштірек істен шығады;
- Өстік өлшемдері үлкен;
- Қосылу кезінде және нашар майланғанда үйкеліске кететін шығындар артады;
- Майлау материалының көп шығындалуы, сонымен қатар, оны тазалап және суытып отыру керек.
Қолданылуы.
- Соққы және дірілдеу жүктемелері бар біліктерде қолдану;
- Иінді біліктерде, егер жинақтау шарты бойынша ажыратылатын ұштіректер қажет болса;
- Өте үлкен диаметрлі біліктер үшін, өйткені олар үшін домалау ұштіректері болмауы мүмкін;
- Үлкен жылдамдықты біліктер үшін, өйткені домалау ұштіректерінің ресурсы аз;
- Дәлдікке және айналудың бірқалыптылығына қойылатын талаптар жоғары болғанда;
- Тұрмыстық техникада және баяу айналатын машиналарда;
- Суда және агрессивті ортада, өйткені ондай жерде домалау ұштіректері жарамсыз.
Сырғанау ұштіректерін жобалау бойынша ұсыныстар
- Астарлар бір немесе екі жақтаумен және жақтаусыз жасалуы мүмкін. Жақтаулар өстік күштерді қабылдауға және астарларды өстік жылжудан сақтауға қажет. Астардың қабырғасының қалыңдығы тірелгінің диаметріне және материалға байланысты. Шойын және қола астарлар үшінδ=0, 03𝒹+1…4мм. жақтаудыңөлшемдері:𝔟=1, 25; һ=0, 68. \delta = 0, 03\mathcal{d} + 1\ldots 4\ мм. \ \ жақтаудың\ \ өлшемдері:\ \mathfrak{b} = 1, 25; һ = 0, 68. Баббиттің құйылу қалыңдығыδ0=0, 1…0, 5мм. \delta_{0} = 0, 1\ldots 0, 5\ мм. Мұнда қабаттың қалыңдығы артқан сайын оның беріктігі кемиді. Жоғарыда көрсетілгендей, 𝓁=0, 6…0, 9𝒹, \mathcal{l =}0, 6\ldots 0, 9\ \mathcal{d, }мұндағы𝓁−\mathcal{l -}астардың ұзындығы, ал𝒹−\mathcal{d -}астардың тесігінің диаметрі. Астардың ұзындығы артқан сайын білік пен астардың қисаю қауіпі де артады.
- Астар бұралып кетпеуі үшін және өстік жылжуын болдырмау үшін тұрыққа қатаң бекітіледі
- Ажыратылатын ұштіректерде астарды радиалдық жылжыту арқылы саңылауды реттейді.
Домалау ұштіректері
Домалау ұштіректері әдетте, сыртқы 1 және ішкі 2 сақиналардан, домалау денелерінен 3 және сепаратордан 4 тұрады. Сыртқы және ішкі сақиналар ұштіректі тұрықпен және білікпен қосуға арналған. Сепаратор домалау денелерін тең қашықтықта ұстап тұруға қажет. Жұмыс кезінде шариктер А сақинасының бетімен домалап отырады.
Бағалау.
Домалау ұштіректерінің сырғанау ұштіректеріне қарағанда келесі артықшылықтары бар:
- Үйкеліске кететін шығындар кіші;
- Қызбайды;
- Аса күтімді қажет етпейді;
- Майлау материалдарының аз шығындалуы;
- Түсті металлдың аз шығындалуы;
- Бұл ұштіректер стандартталғандықтан дәлдіктері жоғары және арзан.
Домалау ұштіректерінің кемшіліктері:
- Түйісу кернеулері үлкен, сондықтан жұмыс істеу мерзімі қысқа;
- Құрылым қатаң болғандықтан оның соққы күштеріне сезімталдығы жоғары;
- Шулы;
- Радиалды бағытта өлшемдері үлкен.
Ұштіректердің дәлдігі.
Ұштіректердің дәлдігі келесіні анықтайды:
- Негізгі өлшемдердің дәлдігін (сақиналардың сыртқы және ішкі диаметрлері мен ені бойынша ауытқулар ) ;
- Айналу дәлдігін.
ТМД елдерінде домалау ұштіректері келесі дәлдік кластарымен жасалады: 0, 6, 5, 4, 2. Дәлдік класы артқан сайын оның бағасы да едәуір артады. Жалпы мақсатқа қолданылатын көптеген біліктер мен өстерде дәлдік класы 0 болатын ұштіректер қолданылады.
Домалау ұштіректерін статикалық жүктемелер бойынша есептеу
Күшті тыныштықта немесе баяу айналу кезінде қабылдайтын домалау ұштіректерін базалық статикалық жүк көтергіштік С or бойынша таңдайды.
Ұштіректің базалық статикалық жүк көтергіштігі дегеніміз, домалау денесінің 0, 0001 диаметріне тең болатын ең көп жүктелген түйісу нүктесінде домалау денелері мен сақиналардың жалпы қалдықты созылымды деформациясын тудыратын статикалық күш.
С or мәндері әр ұштірекке каталогтарда көрсетілген.
Базалық статикалық жүк көтергіштікті С or , сонымен қатар, базалық динамикалық жүк көтергіштік С r бойынша таңдалған күрт айнымалы жүктемеде жұмыс істейтін ұштіректерді тексеруге қолданады.
Таңдау мен тексеру шарты
(15. 12)
Мұнда эквиваленттік статикалық радиалды күш, Н.
Радиалды және радиалды-сүйенішті ұштіректер үшін
(15. 13)
Мұнда мен - ұштірекке әсер етуші радиалдық және өстік күштер, Н; мен - статикалық күштердің радиалдық және өстік коэффициенттері (каталогтан) . Мысалы, шарикті радиалды бір және екі қатарлы ұштіректер үшін
Мысал15. 3.
Тербелетін тұтқаның өсі ортада тіркелген радиалды кН және өстік кН күштерді қабылдайды. Егер өс цапфасының диаметрі d=35 мм болса, шарикті радиалды бір қатарлы ұштіректі қабылдаңыз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz