Педагогикалық әдіснама бойынша теориялық және практикалық материалдармен жұмыс.Библиографиялық көрсеткіш



Педагогика әдіснамасы – педагогикалық шындықты бейнелейтін педагогика теориясы мен құрылымы жөніндегі білімдер жүйесі, принциптері және білімдерді алудың тәсілдері, осы білімдерді алудағы және бағдарламаларды, логикасы мен әдістерін негіздеудегі, арнай педагогикалық зерттеулер сапасын бағалаудағы іс-әрекет жүйесі.
Педагогикалық зерттеулерді ұйымдастырудың әдіснамалық талаптары, педагогикалық құбылыстардың ішкі заңдылықтары мен қозғаушы күштері бірқатар ғалымдардың еңбектерінде дәлелденген: Ю.К.Бабанский, С.А.Баранов, М.А.Данилов, В.И.Журавлев, Н.В.Кузьмина, М.Н.Скаткин, И.Т.Огородников, т.б.
Әдіснаманың деңгейлері:
Бірінші деңгей – философиялық ілімдер.
Екінші деңгей – жалпы ғылымдық әдіснама (жүйелік, іс-әрекеттік тұрғыдан қарау, ғылыми зерттеулердің түрлі типтерінің сипаттамасы: зерттеудің болжамы, объектісі, пәні, мақсаты, міндеттері, т.б.).
Үшінші деңгей – нақты ғылымдық әдіснама, яғни белгілі бір арнайы ғылыми пәнде қолданылатын әдістердің, принциптердің жиынтығы. Мысалы, педагогиканың өзінің әдіснамасы бар, т.б.
Ғылыми-зерттеу жұмысының түрлері:
- конспект;
- реферат;
- курстық жұмыс;
- дипломдық жұмыс;
- ғылыми баяндама, т.б.

2. Ғылыми зерттеу әдістерінің мәні және жіктелуі: педагогикалық бақылау, эксперименттік бағалау әдістері, модельдеу әдістері, сауалнама, анкета, әлеуметтік әдістер.
Зерттеу әдістері – объективті дүние құбылыстарының заңдылықты байланыстарын ашуға, ақиқатты танып-білуге көмектесетін зерттеу міндеттерін шешу амалдары, тәсілдері.
Зерттеу әдістері:
- эмпирикалық әдістер: бақылау, эксперименттік бағалау, сауалнама, сұхбат (интервью), анкета, іс-тәжірибелерді зерттеу, құжаттарды зерделеу;
- теориялық әдістер: модельдеу әдісі, әдебиет көздерін зерттеу, статистикалық әдістер.
Педагогика ғылымында педагогикалық зерттеу әдістерінің жүйесінің көлемі кең. Таным процесінде белгілі бір, нақты ғылымдарды зерттеудің жекелеген, арнайы әдістері бар. Нақты ғылымдардың әдістерімен қатар жалпы ғылыми сипаттағы әдістер де кездеседі, олар барлық дерлік ғылымдарда қолданылады: байқап-бақылау, теңеу, анализ және синтез, эксперимент, абстрактіден нақтыға қарай өрлеу, индукция мен дедукция; бұлардың әрқайсысы жеке ғылымдарда нақтылана түседі. Сонымен қатар, ғылыми әдістер ғылыми танымның эмпирикалық және теориялық әдістері болып екіге бөлінеді.
1. ҚР Білім туралы Заңы. Астана, 2007
2. Ғылыми – педагогикалық зерттеу негіздері. Шымкент, ОҚМУ – 2003. – 112 б.
3. Пошаев Д.Қ. Ғылыми-педагогикалық зерттеу негіздері. Шымкент, 2003, 112б.

4. Пошаев М.Д. Педагогикалық зерттеулер және ғылым әдіснамасы. // ХХІ ғасыр бастауындағы мамандықтандырудың жалпы кәсіби дайындығының проблемалары. Алматы, РИК, 2000.
5. ҚоянбаевМ.,Қоянбаева Г.Р. Педагогика әдіснамасы және педагогикалық зерттелетін әдістері. – Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ, 2007,32б.
6. Асқаров, Е.С. Ғылыми зерттеулердің негіздері :оқу-әдістемелік құрал .-Алматы,2005.
7. Ж.Б. Қоянбаев, Р.М. Қоянбаев Педагогика, А,2000
8. Педагогика. Курс лекций, Алматы: Нұрлы Әлем, 2003

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Семей Қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Пән : Кәсіби педагогикалық ғылыми зерттеу негіздері
Тақырып : педагогикалық әдіснама бойынша теориялық және практикалық материалдармен жұмыс.Библиографиялық көрсеткіш

Орындаған : Мұқан М
Топ: П-211
Тексерген: Карипбаева Ш .Т

Семей қаласы 2015
Педагогика әдіснамасы - педагогикалық шындықты бейнелейтін педагогика теориясы мен құрылымы жөніндегі білімдер жүйесі, принциптері және білімдерді алудың тәсілдері, осы білімдерді алудағы және бағдарламаларды, логикасы мен әдістерін негіздеудегі, арнай педагогикалық зерттеулер сапасын бағалаудағы іс-әрекет жүйесі.
Педагогикалық зерттеулерді ұйымдастырудың әдіснамалық талаптары, педагогикалық құбылыстардың ішкі заңдылықтары мен қозғаушы күштері бірқатар ғалымдардың еңбектерінде дәлелденген: Ю.К.Бабанский, С.А.Баранов, М.А.Данилов, В.И.Журавлев, Н.В.Кузьмина, М.Н.Скаткин, И.Т.Огородников, т.б.
Әдіснаманың деңгейлері:
Бірінші деңгей - философиялық ілімдер.
Екінші деңгей - жалпы ғылымдық әдіснама (жүйелік, іс-әрекеттік тұрғыдан қарау, ғылыми зерттеулердің түрлі типтерінің сипаттамасы: зерттеудің болжамы, объектісі, пәні, мақсаты, міндеттері, т.б.).
Үшінші деңгей - нақты ғылымдық әдіснама, яғни белгілі бір арнайы ғылыми пәнде қолданылатын әдістердің, принциптердің жиынтығы. Мысалы, педагогиканың өзінің әдіснамасы бар, т.б.
Ғылыми-зерттеу жұмысының түрлері:
конспект;
реферат;
курстық жұмыс;
дипломдық жұмыс;
ғылыми баяндама, т.б.

2. Ғылыми зерттеу әдістерінің мәні және жіктелуі: педагогикалық бақылау, эксперименттік бағалау әдістері, модельдеу әдістері, сауалнама, анкета, әлеуметтік әдістер.
Зерттеу әдістері - объективті дүние құбылыстарының заңдылықты байланыстарын ашуға, ақиқатты танып-білуге көмектесетін зерттеу міндеттерін шешу амалдары, тәсілдері.
Зерттеу әдістері:
эмпирикалық әдістер: бақылау, эксперименттік бағалау, сауалнама, сұхбат (интервью), анкета, іс-тәжірибелерді зерттеу, құжаттарды зерделеу;
теориялық әдістер: модельдеу әдісі, әдебиет көздерін зерттеу, статистикалық әдістер.
Педагогика ғылымында педагогикалық зерттеу әдістерінің жүйесінің көлемі кең. Таным процесінде белгілі бір, нақты ғылымдарды зерттеудің жекелеген, арнайы әдістері бар. Нақты ғылымдардың әдістерімен қатар жалпы ғылыми сипаттағы әдістер де кездеседі, олар барлық дерлік ғылымдарда қолданылады: байқап-бақылау, теңеу, анализ және синтез, эксперимент, абстрактіден нақтыға қарай өрлеу, индукция мен дедукция; бұлардың әрқайсысы жеке ғылымдарда нақтылана түседі. Сонымен қатар, ғылыми әдістер ғылыми танымның эмпирикалық және теориялық әдістері болып екіге бөлінеді.
Зерттеу әдісі дегеніміз - күрделі таным тәртіптері, ал олар болса зерттеудің таным операцияларының іске асуының белгілі бір тәртібін белгілейтін әр түрлі әдіс-тәсілдердің жиынтығынан тұрады. Зерттеу әдістері педогогикалық ғылым дамуының басты құрамды бөлігі болып табылады. Педогогикалық ғылым мен тұтас педогогикалық білімнің дамуы педогогикалық зерттеу әдістерінің даму деңгейіне байланысты. Ғылыми нәтижелердің анықтығы алғашқы ақпараттарды алудың жолдары мен тәсілдеріне және зерттеу әдістерінің сенімділігіне байланысты. Кез-келген педогогикалық зерттеу белгілі бір ғылыми білімдерді дәлелдеу емес, ол-жаңа білімдерді табу процесі. Ол адамның зерттеу объектісі, заттары мен құбылысытарының мәнін ашуға бағыталған жан-жақты танымдық іс-әрекеттің бір түрі.
Педогогикада зерттеудің үш деңгейі бар: эмпирикалық, теориялық, әдіснамалық. Эксперименталды-эмпирикалық деңгей әдістерінің тұтас бір тобы бар:
- Бақылау;
- Интервью;
- педагогикалық эксперимент;
- Сұрақ - жауап әдістері: әңгіме - сұхбат, сауалнама,
- Мұғалімдердің, жаңашыл-педагогтардың тәжірибесін зерттеу; - Оқушылардың жазбаша, графикалық және шығармашылық жұмыстарын зерттеу;
- Педогогикалық құжаттарды зерттеу.
Бақылау заттар мен құбылыстарды мақсатты байқау, мағлұматтарды іріктеп жинау, көзбен көргенді сезім мүшелерімен қабылдау және санада бұл ақпаратқа талдау жасау; зерттеу объектісінің сыртқы жақтары, қасиеттері мен белгілері туралы мәлімет алу. Бақылауды жүзеге асыру үшін зерттеу объектісі, бақылап-зерттеу шарттары, сондай-ақ бақылап-зерттеу құралдары - видеоаспаптар, аспан-құралдар мен өлшеу құрал-саймандары анықталыну керек.
Зерттеу барысындағы бақылап-зерттеу түрлері:
тікелей бақылау - мұғалім-зерттеуші оқу-тәрбие жұмысының тікелей басшысы; сонымен қатар ол тікелей куәгер бола тұра бейтарап адам; мұғалім зерттеу мүшесі ретінде зерттеушілер тобына кіргізілуі. Оның рөліне байланысты эмпирикалық фактілерді жинақтаудың техникасы мен әдісі таңдалып алынады;
жанама бақылау - ол тікелей бақылап-зерттеуді толықтырады және ол зерттеушімен бірге және оның бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін өкілдер арқылы жүзеге асады. Зерттеуші біреу туралы немесе бір нәрсе туралы жанама деректер алады;
жасырын немесе елеусіз бақылау - тұйық теледидар желісі және сынып бөлмелерінде телекамералары бар мектептерде жүргізіледі. Сабақты жасырын бақылап зерттеу оқушылардың танымдық іс-әрекетінің және мұғаліммен ара қатынасы туралы мәлімет алуға мүмкіндік береді. Жасырын бақылап-зерттеу зерттеушіге құнды мәліметтер береді, егер оқушылар өздерін бақылап отырғанын көрсе өздерін басқаша ұстайды. Оқушылар мен мұғалімдердің бір бірімен оңаша кезіндегі мінез-құлқы оларды бөтен біреулер бақылап отырған кездегі мінез-құлқынан әлдеқайда өзгеше болады;
үздіксіз бақылау оқыту процесін, екі-үш оқушыны сабақтағы, ойындағы, сыныптан тыс, мектептен тыс-оқу-тәрбие процесі физикалық қолайлы уақыттағы мінез-құлқын зерттеу үшін қолданылады;
дискретті (үзік-үзік) бақылау - объектіні ұзақ уақыт бақылайтын кезде қолданылады. Бақылып-зерттеу ұзақ уақытқа созылуы мүмкін - жарты жыл немесе бір жыл. Бақылап-зерттеу белгілі бір уақытта үзіліп, кейін қайтадан жалғастырылады;
монографиялық бақылау - бір адамды немесе бір затты бақылау кезінде қолданылады;
бір бағытты бақылау - жалпы тұтастықтан бақылап-зерттеу мақсатына сай бір құбылысты немесе деректі бақылау кезінде қолданылады;
бақылау - көп деректер арасынан зерттеуші өзіне керек деректер мен құбылыстарды іздеген кезде қолданылады. Мұндай бақылап-зерттеу үшін біршама уақыт пен зерттеушінің аналитикалық жұмыс жасауы қажет.
Педагогикалық эксперимент танымның эмпирикалық деңгейіндегі зерттеудің негізгі әдісі болып табылады, ол құбылыстардың өту барысының нақты тіркелген жағдайларын зерттеуге бағытталған. Эксперимент ғылыми зерттеудің теориялық және эмпирикалық деңгейлері арасындағы байланыстырушы буын болып табылады. Оның мақсаты ғылыми теория немесе болжамды растау немесе жоққа шығару, сондай-ақ эмпирикалық заңдылықтардың мәніне жету мен қалыптастыру.
Педагогикада эксперименттің бірнеше түрі бар: қалыпты, оқыту мен тәрбиенің күнделікті жағдайларында жүзеге асады; лабороториялық - оқушылардың белгілі бір топтарын бөлу арқылы жүзеге асады. Сондай-ақ, эксперименттің белгілеп-анықтайтын түрі бар, ол зерттеу объектісінің педогогикалық жүйесінің бастапқы күйін белгілеп, көрсетеді; қалыптастырушы түрі - зерттеу объектісін қайта құруға бағытталған.
Эксперимент жаңа зерттеу материалына қол жеткізуге бағытталған. Ол тәжірибе арқылы теориялық болжамдарды тексеріп, болжамдарды растауы немесе жоққа шығаруы мүмкін. Эксперименттік жұмыстың жоспары, мақсаты болуы қажет, эксперимент түрі таңдалып, оның мүмкін нәтижелері де ойластырылуы қажет.
Сұрақ-жауап әдістері. Олардың ерекшелігі педагогикалық жағдайлардың элементтерінің объективті қасиеттерімен қоса, өзара байланысты субъект ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық әдіснама бойынша теориялық және практикалық материалдармен жұмыс.библиографиялық көрсеткіш туралы
Ғылыми мақала жазуға қойылатын талаптар
Педагогика пәнінен дәріс сабақтарының тақырыптары және қысқаша мазмұны
Зерттелетін мәселенің жағдайын талдау
Ғылыми іс- әрекет (ғылыми процесс ретінде) туралы ақпарат
Ғылыми – педагогикалық зерттеу әдістері мамандықтарына арналған пәнінің оқу- әдістемелік кешені
Кибернетикалық және математикалық әдістерді педагогикалық әдістерге енгізу
Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау
Ғылыми- педагогикалық зерттеу туралы ақпарат
Педагогикалық эксперимент түрлері
Пәндер