Суық деформациялау штамптарына арналған болаттар. Ыстық деформациялау штамптарына арналған болаттар. Қатты қорытпалар


Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ

Тақырыбы: Суық деформациялау штамптарына арналған болаттар. Ыстық деформациялау штамптарына арналған болаттар. Қатты қорытпалар

Орындаған: Омаргазина Д. М.

Топ: ХН-221

Тексерген: Тлеуғали Е. Т.

Семей, 2015

ЖОСПАР:

1. Ыстық көлемдік штамптау. Штамптаудың түрлері

2. Металды ыстық күйде штамптау

3. Поковкаларды жобалау

4. Ыстық көлемдік штамттаудың жабдықтары

5. Суық штамптау. Суық штамптаудың мәні мен түрлері

1 Ыстық көлемдік штамптау

Штамптаудың түрлері

Қабырғаларымен шектелген көлемде ішкі құрылысы мен пішіні дайындамаға ұқсас металл қалыптарда қысым арқылы өңдеу штамптау деп аталады. Штамптаудың өнімділігі еркін соғудың өнімділігінен бірнеше есе жоғары.

Өңделінетін металдың күйіне байланысты штамптау процесі үш түрге бөлінеді:

  1. ыстық күйде көлемдік штамптау;
  2. суық күйде көлемдік штамптау;
  3. темір табақтарын штамптау.

2 Металды ыстық күйде штамптау

Қыздырылған дайындамаларды арнаулы штамптарда өңдеу арқылы штампталған поковкалар алынады. Штамп дегеніміз екі бөлшектен тұратын белгілі арналары болашақ детальға ұқсас металл қалып. Штамптың төменгі бөлігі молоттың шаботына немесе престің плитасына бекітіледі. Ал екінші жартысы/бөлігі/ жоғары төмен қозғалып тұрады. Штамптың төменгі бөлігіне қойылған материалды /болат және түрлі түсті металдар мен олардың қорытпалары/ оның жоғарғы бөлігімен соққанда ол штамптың ішкі кеңістігі бойынша деформацияланып, пішіні штамптың кеңістігіне ұқсас деталь пайда болады, материалдың артық бөлігі штамптың екібөлігінің қосылған жерінен сығылып, сыртқа шығады. Ал егер материалдың көлемі штамптың ішкі кеңістігінің көлемінен кем болса, онда детальдың толық кескіні жасалмай жарамсыз детальға айналады.

Штамптардың ішкі арналары оның қарапайым пішінді немесе күрделі пішінді детальдар жасауына қарай біреу және бірнеше болуы мүмкін.

Жабық штамптарда өңделетін металдың көлемі штамптың ішкі көлеміне тең болмаса штамп жабылмай жарамсыз деталь шығады.

Штамптауды ашық және жабық штамптарда жасайды. Ашық штамптарда штамптарда /4. 13-сурет «а»/ қозғалмайтын және қозғалатын бөліктерінің арасында саңылау қалдыралы. Сол саңылауға металл ағып толтырады да, металдың негізгі бөлігін штамптың ішкі кеңістігін толтыруға мәжбүр етеді.

Жабық штампта /4. 13-сурет «б»/ өңдеу әдісінде металл қысылған кезде штамптың қуысы жабық болады. Штамптың қозғалмайтын және қозғалып тұратын бөліктерінің арасындағы саңылау тұрақты болады.

Штамптауды қажетті детальдың пішіні мен атқаратын қызметіне қойылатын талаптарға қарай мына жабдықтарда өңдейді:

  1. Иінді және гидравликалық престерде;
  2. Шыңдалған темір балғамен /молотта/;
  3. Көлденең соғу машиналарында.

Фасонды дайындамаларды штамптардың бірнеше дайындау жылғалары жәрдемімен /4. 14-сурет/ жасайды.

Көп жылғалы штамптардың жылғалары дайындау және штамптау жалғалары бөлінеді. Фасонды пішін жасауға арналған дайындама жылғалары созу, топтау, ию жылғаларынан және отырғызу аумағынан тұрады. Созу жылғасы 2 дайындаманың көлденең қимасын кемейту арқылы оның жеке учаскелерін ұзарту үшін қажет. Таптау жылғасы 1 дайындама қимасының кейбір бөліктерін жалпы ось бойынша жалпайту үшін, ал ию жылғасы 5 поковканы штамптағанда қажетті бұрышқа ию мақсатында пайдаланылады. Поковканы штамптау кезінде оның биіктігі мен диаметрі белгілі қалыпқа келтіру үшін отырғызу қажет болса, штамп жазықтығында отырғызу аумағы болуы қажет.

Штамптау жылғаларына ақтық /таза/ және бастапқы /қара/ еңдеужылғалары жатады. Таза жылға поковканы дәл және таза етіп өңдеу үшін қажет. Қара жылға 4 дайындаманы алдын-ала поковканың пішініне ұқсас етіп өңдеу үшін қажет.

Көпжылғалы штамптарда таза жылға 3 штамптың орталығына орналасады, өйткені штамптау кезінде негізгі күш сонда түседі. Штамптың шет жағына салмақ азырақ түсетін жылғалары орналасады.

3 Поковкаларды жобалау

Штамптау процесінде технологиялық схемасы негізінен жасалатын дайындаманың пішіні мен өлшемдеріне сәйкес етіп жасалады. Деталь /4. 15-сурет «а»/ чертежімен поковка чертежі /4. 15-сурет б, в, г/ жасалады. Мына суретте поковканың чертежін жасау көрсетілген.

Поковканы ашық штампта жасағанда ең алдымен штамптың жоғарғы және төменгі бөліктерінің беттесетін жазықтықтарды дұрыс анықтау қажет. Оны штамптан поковка жеңіл шығарылатын өтіпжасау керек. Оны штамптан поковка жеңіл шығарылатын өтіп жасау керек. Штамп арналары терең болмай, штамтың екі бөлігі беттескенде жылжып кетпеуі керек.

Штамп арналары металдармен жақсы толу үшін және жоғарыда айтылғандай поковканың шығарылуын жеңілдету мақсатында штамптау өңістері болуы шарт. Штамптау өңістері механикалық өңдеу әдістеріне қосымша болғандықтан ол металл шығынын арттырып, поковканың салмағы артта түседі. Штамп өңісі арна тереңдігі мен күрделілігіне, штамптау жабдықтарына байланысты болат поковкалары үшін 3-10° шамасында болады. Поковканың тыс беттері үшін (штамптау өңістері α, ішкі беттерінің β өңісіне қарағанда төмендеу етіп алынады) . Поковканың барлық беттері радиуспен ұштасады. Бұл штамп арналарын металмен дұрыс толтыруға және тез тозбауы мен сынбауын қамтамасыз етеді. Ішкі радиустары R сыртқы радиустарына r қарағанда 3-4 есе үлкен жасалады. Әдетте сыртқы радиустары r - 1-6 мм аралығында болады.

Жабық штампта штамптаудың поковка чертежін өзара перпендикуляр жазықтықты етіп жасаудың ерекшелігі - мұнда артық металл жіберудің қажеттілігі жоқ(4. 15-сурет «г») .

Штамптау өңістері азмөлшерде немесе тіпті болмауы да мүмкін.

4 Ыстық көлемдік штамттаудың жабдықтары

Ыссы көлемдік штамптауды штамптау молоттарында, престерде көлденең - соғу машиналарында өңдейді.

Штамптау молоттары әр түрлі пішінді поковкаларды негізінен ашық. Көп жылғалы штамптарды жасауға арналады.

Штамптау молоттарының негізгі типіне құламалы бөліктерінің массасы 630-25000кг бу-ауа штамптау молоттары жатады. Жұмыс әрәкеттеріне қарай олар бу-ауа соғу молоттарына ұқсас, тік бар. Станина 4 (4. 16-сурет) және шабот 2 жалпы іргетас 1-ге орналасқан. Станинаның тағандары шаботта орналасып, онымен болат пен серіппе арқылы жалғанған. Шаботтың массасы құламалы бөлігінен 20-30 есе көп. Штамптың жоғарғы бөлігі бекітілген аспалы балға 5 саңлауды реттейтін құрылғысы бар таға бағыттаушылары 3 арқылы қозғалады. Штапттау молоттары педальды-автоматтандырылған түрінде жұмыс істейді. егерде педаль 9 басылмаса, онда аспалы балға штамп бөліктерінің аралығында200-300 мм саңылау қалдырып, қайта - үдемелі қозғалады. Мұндай пайдасыз жүріс жасалу үшін қылыш тұстас рычаг 8 аспалы балғаның жағдайына байланысты күш цилиндрі 6-ға берілетін будың әсерінен золотник құрылғысы 7 арқылы атқарылып тұрады. Педаль 9-ды басқанда аспалы балғаның қайта-қайта бұлғауы артып, штамптың үстіңгі бөлігі дайындаманы қысады.

Гидравликалық, фрикционды және шаботсыз бу-ауа молоттары да кеңінен қолданылады. шаботсыз молоттарда жылжымалы төменгі балға спалы балғамен механикалық немесе гидравликалық байланысқан. Көбіне мұндай молоттарды ірі поковкаларды жалғыз жылғалы штамптарда жасау үшін қолданылады.

Молоттарда поковкаларды штамптауда әдетте 3-5 соққанда-ақ дайын болады. Соңғы соғылғанда штамптың екі бөлігі қапталуы керек. Құламалы бөліктерінің салмағы 1 кг болғанда 40-100 кг тең.

Көлемдік штамптауда винтті, фрикционды, гидравликалық және кривошипті ыссы штамптау престері де қолданылады. Гидравликалық штамптау престері құрылғысы жағынан соғу престерінен айырмашылығы жоқ. Жаншу күші 750нм-ге жетеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ыстық деформациялау штамптарына арналған болаттар. Қатты қорытпалар. Суық деформациялау штамптарына арналған болаттар
Болат және болаттан жасалған бұйымдар
Металдар
Соғу жабдығында дайындаманы соғу
Көміртекті аспапты болаттар
Электр өлшеу құралдары
Металды қысым арқылы өндеу
Илемдеу өндірісі
Қыздыру элементтеріне арналған жоғары электр кедергілі болаттар мен қорытпалар. Конструкциялық жақсартылатын қосындылы болаттар
Пісірудің даму тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz