Қаржылық есеп беру және оның негізгі көрсеткіштерін талдау


Аннотация
Дипломдық жұмыстың тақырыбы:
«Қаржылық есеп беру және оның негізгі көрсеткіштерін талдау»
Ғылыми жетекшісі:
Жұмыстың мазмұны: Кіріспе бөлім, теориялық бөлім, дамыту жолдарын қарастыру бөлімі, қорытынды, қолданылған әдебиеттер, қосымшалар.
Кесте -13
Қолданылған әдебиеттер - 49
1. Қаржылық есеп берудің тұжырымдамалық негізі.
2. «ҰК ҚТЖ» АҚ-дағы қаржылық есеп берудің негізгі көрсеткіштерін талдау.
3. Қаржылық есеп берудің ХҚЕС өтуіндегі артықшылықтары және оны дамыту жолдары.
Дипломдық жұмыс - 88 бетте орындалды.
Қысқартулар және белгілер
1. «ҰК ҚТЖ» АҚ - «Ұлттық компания Қазақстан Темір Жолы»
Акционерлік Қоғамы.
2. САР - Сертификатталған тәжірибелі есепші.
3. СІРА - Сертификатталған халықаралық кәсіби есепші.
4. ХҚЕС - Халықаралық қаржылық есеп стандартты.
5. ҚБЕС - Қазақстандық бухгалтерлік есеп стандартты.
6. ЕССБА - Сертификатталған бухгалтерлер мен аудиторлардың
Евразиялық советі.
7. КБА - Кәсіби бірлестіктер аудиторлар палатасы.
8. БАХК - Бухгалтерлер мен аудиторлардың халықаралық кеңесі.
9. «РКАСМА» - Сертификаттаумен шұғылданатын корпорация.
10. КДШ - Көлік дайындау шығындары
Мазмұны
Кіріспе . . . 4
І Тарау. Каржылық есеп берудің тұжырымдамалық негізі
1. 1. Қаржылық есеп берудің теориялық негіздері . . . 6
1. 2. Қаржылық есеп беру элементтерін анықтау, тану және бағалау . . . 11
1. 3. «ҰК ҚТЖ» АҚ -ның қаржылық есеп беруін ашу және ұсыну . . . 20
ІІ Тарау. «ҰҚ ҚТЖ» АҚ-ның қаржылық есеп берудің негізгі көрсеткіштерін талдау
2. 1. «ҰК ҚТЖ» АҚ -ның активтерін талдау . . . 39
2. 2. «ҰК ҚТЖ» АҚ-ның міндеттемелері мен капиталын талдау . . . 52
2. 3. «ҰК ҚТЖ» Ақ-ның төлем және несие қабілеттілігін талдау . . . 62
III Тарау. «ҰК ҚТЖ» АҚ-ның қаржылық есеп берудің халықаралық
стандарттарына өтуіндегі артықшылықтары және оны дамыту
жолдары
3. 1. «ҰК ҚТЖ» АҚ-ның қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына өтуіндегі артықшылықтары . . . 74
3. 2. Қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына сай есеп беретін САР және СІРА сертификаттарымен бағаланған бухгалтерлерді дайындау бағыттары . . . 79
Қорытынды . . . 84
Қолданылған әдебиеттер . . . 86
Қосымшалар
Кіріспе
Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастар заңдылығының экономикалық өмірге енуі мен меншікті кәсіпорындардың көбеюі, бизнес пен кәсіпкерліктің дамуы басқару жүйесінің демократиялық жолдармен реттелуіне байланысты, бұған қосымша Батыс идеологиясы мен ұсыныстары бухгалтерлік есеп бағытындағы консервативтік ескі жүйені қойды. Бухгалтерлік есеп-бұдан туындайтын қаржылық қорытынды есептің нарықтық қатынастар жағдайындағы тиімділігіне кәсіпкерлер, бизнесмендер, меншік иелері және кәсіпорындардағы басшылардың көзі жетті. Еліміздегі бизнесті дамыту, қаржылық қатынастардың теория және қолданбалы негізін білу құқықтық жүйедегі заңдылықтарды білу, тиімді шешім қабылдау, бухгалтерлік есепті жетілдіру ерекше орын алады.
«Қазақстан-2030» стратегиясында анықталған мақсаттарға жету үшін экономиканың тұрақты және қарқынды өсуі қажет. Отандық экономистердің есебі бойынша Қазақстан-2030 индустриалды дамыған елдердің қатарына қосылу үшін экономикалық дамудың жоғарғы деңгейін ұстап отыруымыз керек. Сондықтан Қазақстан экономикасының дамуы экономикалық реформаларды тездетудің жаңа жолдарын іздеуді талап етеді.
Біз бәсекеге қабілетті экономиканың үлгісін таңдай отырып, бәсекелестікті дамытуға экономикалық қарымы мол басым салаларды таңдап алдық, сол арқылы экономикалық жүйені дамытуға жол ашық. Бүгінде Қазақстан дамыған елдердің қолданып жүрген халықаралық бухгалтерлік есеп стандартына, заңдарын және икемді салық жүйесін толық пайдалануға талпыныс жасауда. Қазақстан Республикасының Елбасшымыз Н. Назарбаевтың халқына Жолдауында «Қазақстан өз азаматтары үшін өмір сүрудің жоғары стандарттарын жасай отырып, әлемнің тиімді дамып келе жатқан елдерінің қатарына қосылуы керек. Және де барлық заңды тұлғалардың қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына көшуі үдерісін жеделдету керек. Біз бұны ұлтымыз бен экономикамыз бәсекеге қабілетті болған жағдайда ғана істей аламыз». -деген еді. [1]
Менің дипломдық жұмысымның тақырыбы «Қаржылық есеп беру және оның көрсеткіштерін талдау». Қаржылық есеп беру деп «ҰК ҚТЖ» АҚ өткен кезеңдегі қаржылық-шаруашылық қызметін кешенді түрде сипаттайтын барлық көрсеткіштер жүйесін айтамыз. Қаржылық есеп беру процесін жасау есеп жұмысының соңғы сатысы болып табылады.
Бірінші бөлімде Кәсіпорынның қаржылық есеп беру тұжырымдамалық негізі қарастырылған. Қаржылық есеп берудің сипатты, түсінігі, элементтерін тану мен бағалау және де қаржылық есеп беруді ашу мен ұсынуды анықтауға мүмкіндік береді.
Екінші бөлімінде Қаржылық есеп берудің негізгі көрсеткіштерін талдау қарастырылады. Кәсіпорынның төлем және несие қабілеттілігінің талдауы толық көрсетілген.
Үшінші бөлімде Қазақстан Республикасы қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына өтуіндегі артықшылықтары көрсетіледі.
Зерттеу объектісі: «ҰК ҚТЖ» Акционерлік қоғамы.
Зерттеудің ғылыми мақсаты: Кәсіпорындағы ең басты мәселе бухгалтерлік есепті тиімді де, дұрыс ұйымдастыру . Қаржылық есеп беру кәсіпорынның шаруашылық қызметін жедел басқару үшін қажет және ол болашақ кезеңдерді жоспарлау мен болжау үшін басты база болып табылады.
Диплом жұмысы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және қосымшалардан тұрады.
1. Каржылық есеп берудің тұжырымдамалық негізі
- Қаржылық есеп берудің теориялық негіздері
Есеп беру деп кәсіпорынның өткен кезеңдегі қаржылық-шаруашылық қызметтін кешенді түрде сипаттайтын барлық көрсеткіштер жүйесін айтамыз. Есеп беру процесін жасау есеп жұмысының соңғы сатысы болып табылады.
Қаржылық есеп берудің өз пайдаланушыларына заңды тұлғаның қаржылық жағдайы туралы сенімді, мәнді және ақпараттарды беру болып табылады. Қаржылық есеп берудің пайдаланушылардың қатарына потенциалды инвесторлар, кредиторлар, жабдықтаушы лар, сатып алушылар, еңбеккерлер, сондай-ақ мемлекеттік органдар, т. б. кіреді. Қаржылық есеп беру басқарушы органдардың жұмысын және субьектің ресурстарын, міндеттемелерін және ақша қаражаттарының болашақтағы ағындарын бағалауға, несие беру бойынша шешімдерге және инвестициялық шешімдерді қабылдауға пайдалы ақпараттарды береді.
Есер беру мәліметтерін кәсіпорынның тиімділігін бағалау үшін, сондай-ақ шаруашылық қызметтін талдау үшін сыртқы пайдаланушылар пайдаланады. [44. ]
Осымен қоса, есеп беру кәсіпорынның шаруашылық қызметтін жедел басқару үшін қажет және ол болашақ кезеңдерді жоспарлау мен болжау үшін басты база болып табылады.
“Бухгалтерлік тіркеу” заңына сәйкес 1998 жылдан бастап Қаржылық есеп-қисап үш түрден тұрады еді:
- Бухгалтерлік баланс.
- Қаржылық-шаруашылық қызмет нәтижелері туралы есеп қисап.
- Ақшалай қаражаттары қозғалысы туралы есеп-қисап.
Және де қаржылық есеп қисап құрамына Түсіндірме хат кіреді.
Ал 2006 жылдың 1 қаңтарынан бастап ХҚЕС-ына көшетін ұйымдар үшін алғашқы қаржы есептілігіне мыналар жатады: ХҚЕС №1 бойынша «Қаржылық есеп беруді көрсету».
- Баланс
- Пайда мен залал туралы есеп беру.
- Ақша қозғалысы туралы есеп беру.
- Меншікті капитал өзгерісінің жөнінде есеп беру
- Түсіндірме хат.
Ол қаржылық есеп пен одан алынған басқа да материалдармен толықтырылады. Түсіндірме хатта берілген субъектінің есеп-қисаптағы қандай саясатты ұстанып отырғаны туралы мәлімет берілуі қажет. Және де есепті қолданатын адамдардың қажеттілігіне сәйкес маңызды мәлімет берілуі қажет. [47]
Есеп беруге қойылатын негізгі талаптар: кәсіпорын қызметінің нәтижесін анық және обьективті көрсету, барлық көрсеткіштерді бір-бірімен қатаң түрде үйлестіру, бухгалтерлік пен жедел-статистикалық есеп берудің сабақтастығын сақтау, әдістемелік және басқа да ережелерді сақтау болып табылады.
Бұрмаланған есеп бергені үшін кәсіпорынның басшысы мен бас бухгалтері Қазақстан Республикасының әрекет етіп тұрған заңдарына сәйкес жауап береді.
Қаржылық есеп берудің негізгі қағидалары болып :
Есептеу: Қаржылық есеп беру есептеу қағидасының негізінде жасалады, соған сәйкес жөнелтілген, жұмыс атқарылған кезінен бастап, олардың төлену нәтижесіне қарамастан табыс болып танылады, ал шығысы мен зияны орын алынған кезден бастап танылады.
Толассыздық: Субьект өз қызметін жақын арада тоқтатпауды топшылайды және ондай ниеттің көз жетерлік болашақта пайда болуын да мақсат тұтпайды.
Түсініктілік: Қаржылық есеп беруде берілген ақпарат пайдаланушыларға түсінікті болуы тиіс.
Маңыздылық: Қаржылық есеп беруді пайдаланушылар ондағы мәліметтерге қанағаттануы тиіс; қаржылық, шаруашылық, жедел жағдайларын бағалаған кезде олардың қабылданған шешіміне алынған мәліметтер өз септігін тигізуі керек.
Мәнділік: Қаржылық есеп беру негізінде қабылданған экономикалық шешімдер олардың ұғымдарының дұрыстығына немесе дұрыс еместігіне әсер етуі мүмкін.
Дұрыстық: Есеп беру негізінен анық мәліметтердің көрсеткіштерінен құрылады, егер де онда мәнді қателер немесе күні бұрын пішілген ойлар болмаса.
Шындық және алалықсыз ұсыну: Қаржылық есеп беру субьекттің ақша қаражатының қозғалысы, операцияның нәтижесі, қаржылық жағдайы туралы пайдаланушыларға шындық және алалықсыз мәліметтерді ұсынуы тиіс.
Бейтараптылық: Қаржылық есеп беруде берілген ақпараттар күні бұрын ойластырылған мәліметтен алшақ болу керек, яғни сенімді болжамы болғаны абзал. [44. ]
Сақтық: Кез келген шешімді қабылдаған кезде сақтық деңгейін сақтаған жөн, белгісіз жағдайда активтер мен табыстың, сондай-ақ міндеттемелер мен шығыстың қайта бағалауына барынша жол бермеу керек.
Аяқтау және Салыстыру: Қаржылық есеп берудегі ақпараттардың анықтылығын қамтамасыз ету мақсатында толық болуы тиіс.
Ақпараттың пайдалылығы мен мазмұндылығын арттыру үшін бір есептік кезеңі екінші бір есептік кезеңмен салыстыруы тиіс.
Жүйелілік: Пайдаланушы субьекттің қаржылық есеп беруін, оның әртүрлі есептік кезеңімен салыстыру мүмкіндігін қалыптастыру керек, өйткені оның көмегімен қаржылық жағдайдың тенденциялық өзгерістерін анықтай алады, демек қабылданатын шешімдердің жүйелілігін сақтау мүмкіндігі артады. [44. ]
Есеп беруге қойылатын ең басты талап оның тазалығы болып табылады, яғни акционерлер мен инвесторларға есеп берудің мәліметі түсінікті болуы тиіс. Есеп беру белгіленген мәліметтердің мерзімінде жасалғаны жөн.
Кәсіпорынның есеп беруі бухгалтерлік, статистикалық және жедел болып бөлінеді. Жедел-статистикалық есеп беру кәсіпорынның өндірістік және қаржылық қызметтінің жекелеген жақтарын бухгалтерлік және жедел-статистикалық есепке алудың деректері бойынша жасалады. Бухгалтерлік есеп беру кәсіпорындардың өндірістік және қаржылық қызметін бастапқы құжаттармен және есепке алу жазбаларымен расталып, жинақталған деректерден жасалады.
Қандай кезең үшін берілгендігіне қарай есеп шұғыл және почта арқылы берілетін есептер болып бөлінеді.
Балансты және басқа да берілетін есептерді уақытында, әрі сапалы жасау үшін бухгалтерия өндірістік бөлімшелеріндегі барлық мәліметтердің құжатталуын, белгіленген материалдық және басқа есептерін толық көлемде берілуін қамтамасыз ету керек.
Бухгалтерлік есептің ақпараттары балансқа дейін қажет өңдеулерден өтеді.
Бұл өңдеу төрт кезеңнен тұрады:
Бірінші кезең . Әртүрлі шаруашылық фактілері құжатталады.
Екінші кезең . Есеп мәліметтері есеп талабына байланысты жіктеледі, содан соң бухгалтерлік есеп шоттарында көрсетіледі.
Үшінші кезең. Есеп жиынтығы есеп беру нысандарына көшіріледі.
Төртінші кезең. ШС-нің қаржылық шаруашылық қызметі талданады.
Есеп беру жөніндегі жұмыстарды мүлтіксіз ұйымдастыру ісінде есепші қызметкерлердің міндеттерін өзара дұрыс бөлудің және есеп жұмыстарының кестесін белгілеудің маңызы зор. Берілетін есеп тиісті жиынтық құжаттарында, саралау парақтарында және белгіленген көлемдерде есептік тізімдемесінде жинақталады. Аталған деректердің негізінде талдау жасалынады. [19]
Жасалған баланстық және басқа берілетін есептердің көрсеткіштерінің дәлдігін қамтамасыз ету үшін арифметикалық және логикалық тұрғыдан мұқият тексеру керек. Баланстың сабақтастығын есепті кезеңнің басындағы баланс баптарының деректерін ағымдағы кезеңнің осы баптағы деректерімен салыстырып, жыл соңындағы көрсеткіштердің әрбір жолы анықталады. Қаржық есебін беру тәртібі: Халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарының №1 «Қаржылық есеп беруді көрсету» жүзеге асады.
Жылдық есептің меншік иелерінде, немесе құрылтай кұжаттарында көрсетілген мәліметтері бойынша тиісті органдарға: салық инспекциясына; жергілікті қаржы органына, мемлекеттік статистика органдарына есеп береді.
Тараптары бар кәсіпорындар өздерінің бухгалтерлік есептерін берумен қатар, жалпы белгіленген тәртіпте біріккен есебін де береді.
Кәсіпорындар (бұған шетелдіктердің қатысы бар кәсіпорындар да енгізіледі), егер Қазақстан Республикасының зандарында басқадай ерекшеліктері ескерілмеген болса, онда жылдық бухгалтерлік есепті есепті жылдан кейінгі келесі жылдың 1 наурызынан кешіктірмей береді. Бухгалтерлік есеп берудің нақты күнін көрсетілген мерзімдердің шегінде салық органдарының келісімдері бойынша кәсіпорынның иелері (катысушылары, кұрылтайшылары) белгілейді. [44. ]
Бухгалтерлік есеп беру күні болып бір қаладағы кәсіпорындар үшін оның барлық қажетті ақпараттарын нақты берген күні есептеледі, ал басқа қаладағы кәсіпорын үшін почта арқылы жіберілген күні есептеледі.
Берілген бухгалтерлік есепке кәсіпорын басшысы мен бас бухгалтер қол қояды, олар оның уақытында берілуіне жауап береді.
Кәсіпорындардың шаруашьшық қызметінің нәтижелерін, мүлік пен қаржы жағдайы туралы жылдық бухгалтерлік есептерін мүдделі пайдаланушылар үшін жариялауға жол ашық.
Бухгалтерлік есепте жазбаларға өзгеріс енгізу жағдайы туындаса, осы жылға және өткен жылға катысты берілген есептер мен баланс деректерінің барлығын түзетуді кажет деп тапса, онда ол есепті айдан кейінгі бірінші айда жасалады, сонда тиісті түзетулер көрініс береді. Өткен жыл үшін берілген жылдық бухгалтерлік есептер мен баланстар деректерінің түзетілуі, сол жыл үшін берілген есептер мен баланстар бекітілгенге дейін жасалады. Мұндайда өткен жылғы желтоқсан айында есепке алынған деректерге қажетті түзетулер енгізілуі мүмкін. [19]
1. 2. Қаржылық есеп беру элементтерін анықтау,
тану және бағалау
Қаржылық есеп беру мәміленің және басқа да оқиғаның нәтижесін классқа топтастырып, экономикалық мазмұнына сәйкес көрсетіледі. Экономикалық мазмұн қаржылық есеп берудің элементтері болып табылады.
Актив- бұл құндық бағасы бар субъекттің құқығы мен жеке мүліктік және мүліктік емес игілігі.
Активтер болашақта жүзеге асатын экономикалық олжа ретінде көрсетіледі. Ол өткен мәміленің немесе баска оқиғаның нәтижесі болып табылады, бірак, ол өздігінен активтің пайда болуына әкелмейді. Актив өнімді (жұмысты, қызметті) өндіру үшін, сондай-ақ өндірісті басқару және басқа мақсаттар үшін пайдаланылады. Болашақ экономикалық олжа ретінде жүзеге асатын активтер өндірісте және күрделі құрылыста сатылуы немесе басқа активтерге айырбасталуы, кәсіпорынның міндеттемесін өтеу үшін қолданылуы, меншік иелерінің арасында бөлінуі мүмкін. [19]
Активтердің физикалық нысаны да бар болуы мүмкін (ғимараттар, кондырғылар, машиналар т. б. ) және ондай нысаны болмауы да мүмкін (лицензия, "ноу-хау", гудвилл және т. б. ) ; сондай-ақ активтер дебиторлық карыз іспеттес те болып келуі мүмкін.
Шаруашылық жүргізуші субъекттің активтерге меншік құқығы болуы да және оның болмауы да мүмкін (жалға берілген мүліктер, консигнацияға немесе қайта өңдеуге қабылданған тауарлар т. б. ), бірақ сол активтер кәсіпорынның өз меншігіне жатпаса да, олардың сақталуын қамтамасыз етеді және оларды пайдаланудан алынатын олжаны бақылай алады. Жаңа активтерді жасау мен оларға жұмсалған шығыстардың арасында тікелей байланыс болады, бірақ олар уақыт кеңістігінде әр уақытга бір-бірімен тұспа-түс келе бермейді. Бұл жағдайда шығын тек болашақ олжаны іздестіру үшін жасалғандығын көрсетеді, бірақ бұл активтердің түпкілікті өз арналымдарына сәйкестігін көрсетпейді. [44]
Міндеттемелер - бұл өткен мәміленің нәтижесі, ол жүзеге асқандықтан қарызданушының міндеттемесінің пайда болғанын, белгілі бір әрекеттің кредитор пайдасына жасалатындығын көрсетеді: карызды төлеу немесе одан бас тарту, ал кредитор қарызданушыдан өз міндетемесін орындалуын талап етуге құқығы бар. Міндеттеменің осы шақтағысы мен болашақтағысының жігін ашу қажет. Субъекттің болашақта активтерді алу ниеті міндеттеменің пайда болуына әкелмейді. Міндеттеме тек актив алынған кезде немесе субъект келісім-шарттық қатынасқа отырған кезде пайда болады. Міндеттеме оны төлеу жолымен өтеледі, немесе басқа активті берген кезде жойылуы мүмкін. Сондай-ақ міндеттемеден кредитордың өзі бас тартқан кезде ол өтелген болып саналады (сот шешімі бойынша, немесе іздестіру мерзімі етіп кетсе) .
Меншік капиталы - бұл субъекттің міндеттемесі шегерілген активі.
Бухгалтерлік есепте ол бірнеше классқа бөлінеді: жарлық капиталы, қосымша төленген капиталы, резервтік капитал, таратылмаған табыс. Қаржьшық есеп беруді пайдаланушьшар үшін бұндай бөліну, шаруашьшық қызметін талдаған кезде қажет. Егер де баланс пассивінің құрылымында меншік капиталынын үлес салмағы көп болса, онда ол субъектінің қаржылық жағдайының тұрақтылығын көрсетеді.
Қаржылық нәтижесі - бұл есепті жылдағы кәсіпорынның каржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі (шығыс пен табыстың айырмасы) . Қаржылық нәтижесін өлшеу элементі: табыс пен шығыс болып табылады.
Табыс - бұл есепті кезеңдегі активтердің өсуі, не міндеттемелердің азаюы; шығыс - бұл есептік кезенде активтердің азаюы, не міндеттемелердің көбеюі. Бұл жерде иеленушілердің жарғылық капиталына салған салымы субъекттің табысы болып табылмайды, ал субъект иелеріне меншік капиталын таратып беру - шығыс болып танылады.
Қаржылық есеп беруде шаруашылық жүргізуші субъект қызмет түріне қарап табыс пен шығысты бөліп көрсетуіне болады. Мысалға, өнеркәсіп өндірісі, делдалдык қызмет, ауыл шаруашылық қызметі бойынша және т. б., сондай-ақ табыс пен шығысты әдеттегі қызметі мен төтенше жағдайдан алатын табыстары немесе шығыстары бойынша бөлуі мүмкін.
Табыстар - бұл субъекттің негізгі және негізгі емес кызметінің нәтижесі. Негізгі қызметтен алатын табыстардың қатарына: өнімді, жұмысты, қызметті сатқаннан алынған табысы; сондай-ақ тауарлы-материалдық құндылыктардан, жалға беруден, инвестициялық кызметтерден түсетін табыстары жатады. Ал негізгі емес қызметтен түсетін табыстардың қатарына: негізгі құралды, материалдық емес активтерді, бағалы қағаздарды сатқаннан және бағамдық айырмадан түскен табыстары жатады.
Шығыстар - өнімді өндірумен, жұмысты аткарумен, қызметті керсетумен байланысты шығындар, негізгі және негізгі емес қызметтен шеккен зияндар және төтенше жағдайдан туындаған шығындары. Шығыстар, әдетте, шығыс нысанын қабылдайды немесе активтердің пайдалануын керсетеді (ақша қаражаттары, материалдық запастар, негізгі құралдар т. б. ) .
Зиян экономикалық олжаның азайғанын көрсетеді. Зиян өз табиғаты бойынша, шығыстан айтарлықтай ерекшеленбейді және ол жеке элемент болып та саналмайды. [44. ]
Қаржылық есеп берудің элементтерін тану - бұл бухгалтерлік балансқа енгізу процесі немесе қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп берудің бабы, ал ол элементтерге берілген анықтамаларына сәйкес келеді және мынадай тану тұжырымдамасын канағаттандырады:
- кез келген болашақтағы олжаның осы баптарда көрініс табу ықтималдылығы бар, оның түсуі де, шығып кетуі де мүмкін;
- баптың құны бар, ол үлкен дәлдікпен өлшенуі мүмкін.
Қаржылық есеп беру элементтерін бағалау. Барлық ұлттық және экономикалық жүйедегі бухгалтерлік есепке тән обьектілердің барлығы да бағаланады. Ұйымдар мен т. б. құрылымдар меншігіндегі активтердің барлық түрлерін бағалау, сондай-ақ капитал мен міндеттемелер қозғалысын тура көрсету және бағалау үшін бағалаудың әр түрлі әдістерін қолданады.
Өз кезегінде тура қолданылған бағалау әдісі табыстарды, шығындарды және пайданы анықтауға тікелей әсер етеді.
Ұлттық және халықаралық бухгалтерлік есеп стандартының барлығы да бір нүктеге - пайда түсіру мақсатына бағытталған.
Алайда түскен пайданы әр елде әр түрлі әдістермен іске асырылады. Пайданың мөлшерін активтерді бағалау және бұлардың құнын есептеу бірнеше тәсілдер арқылы анықталады. [48. ]
Өнім өндіру процесі, айналыс сыртындағы активтерді сатып алу мен құрау, өндірістік босалқылар, өнім өндірудегі өндірістік шығындар мен қызмет көрсету шығындары, өндірілген өнімдердің құны, тауарлар, жұмыстар және қызметтер сатудан түскен табыс, осының барлығына жұмсалған шығындар құндық бағалау арқылы есепке алынады. Бағалау процесінің негізділігіне және дәлдігіне байланысты қаржылық қортындының шындығы немесе тұнықтығы есептелініп шығарылады.
Активтерді, меншікті капитал және міндеттемелерді, қаржылық қортындының басқа да элементтерін бағалау ақшалай өлшеммен өлшенетіндігін есте сақтаған жөн. Жоғарыда көрсетілген қаржылық қорытынды есеп элементтерін бағалау мүмкіндігі, бұлардың базалық бастапқы құны дәлме-дәл қойылған жағдайда ғана дұрыс анықталып отырады. Біздер қаржылық есепке тән барлық объектілер әр түрлі дәрежеде және әр түрлі ауыстыруларға байланысты бағалаудың бірнеше әдістерін білеміз.
Олар: бастапқы, қалдық, ағымдағы немесе әділетті, нарықтық, кетірілген (дисконтталған) құн, сату құны сияқты әдістер.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz