ТЖ тұрғындарды қорғау формалары. Ұжымдық және жеке қорғану құралдары. Санитарлы өңдеу. Алкогализм, шылым шегу, нашақорлық және адам денсаулығы мәселелері


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:
Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министірлігі
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы: ТЖ тұрғындарды қорғау формалары. Ұжымдық және жеке қорғану құралдары. Санитарлы өңдеу. Алкогализм, шылым шегу, нашақорлық және адам денсаулығы мәселелері. .
Орындаған: Токенов А. С
Тексерген : Нұржұманова Ж. М
Семей 2015ж
Алкогализм :
Ішімдікке дағдылану - алкоголизм деп аталатын психологиялық сырқаттың алғышарттарының бірі. Бұл дерт біздің ұлтымызға жат еді. Осы күндері өкінішке орай жиі кездестіріп қалып жатамыз. Жуырда Салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері ұлттық орталығының мамандары журналистер алдында ресми мәлімдеме жасады. Келтірілген деректер жаға ұстатады. Алькогольді ішімдік ішуден біздің еліміз алдыда келеді! Еліміз сыраны тұтыну көрсеткіші бойынша әлемде 8-ші, ал Азияда тіпті алғашқы орынға шығыпты.
Қазақстанда соңғы кездері балалардың - 9, 4, ал жасөспірімдердің - 21, 3, ересектердің 46 пайызы алкогольді ішімдіктерді тұтынады. Оның ішінде, әсіресе студенттік ортада, сыра сәнді ішімдікке айналып отыр. 2007 жылғы орталықтың зерттеулері бойынша Қазақстан халқының 35, 6 пайызы алкогольді ішімдіктерге бейім. Оның үстіне республикамызда ішімдікке әуестенушілер қатары күн санап жасарып барады. Айналымдағы ащы судың көлемі де арта түскен.
Ішімдік ішуден алдыңғы орындарға іліккен елімізде әр адам басына шаққанда, орташа 31 литр сыра, 12 литр арақтан келеді екен. Арақ ішу жағынан проценттік көрсеткіш бойынша тіпті Ресейді де басып озыппыз. Әрі ең сорақысы сол, бұл көрсеткіш қарқынды түрде өсіп келеді.
Тек соңғы үш жылдың өзінде ғана, жергілікті наркодиспансерлерде ем қабылдаушы маскүнемдердің саны 10 есеге артқан. Тағы бір тың дерек, өкініштісі, ішімдік ішуден қаракөз жасөпірімдер де әке-шешелерінен қалысар емес.
Мәселен, Алматы қалалық ІІД Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары Айгүл Шөпшекбаеваның айтуынша елімізде 2 мың 532 баланың ішімдікке әуес екені анықталып, 1 мың 996 жасөспірімге «алкоголизм» деген диагноз қойылыпты.
Олардың ең кішкентайының жасы - 14-те екен. Қоғамдық орындарда спиртті ішімдік ішуге байланысты шыққан Жаңа заң аясында қаншама бозбала мен бойжеткен құқық қорғаушылардың назарына ілігіп жатыр?Дәрігер наркологтар араққа салынғандарға қарағанда, сыраны сүйетіндермен күресудің қиын екенін айтады.
Бүгінде елімізде есепке алынған 300 мыңнан аса тұрғын ащы судың жетегінен шыға алмай жүр. Алайда бұл нақты дерек емес. Республикалық психиатрия және наркология ғылыми-тәжірибелік орталығының меңгерушісі Айгүл Нәшкенованың айтуынша шын мәнінде ішімдікке тәуелді жандардың саны бұдан әлдеқайда көп. Себебі, олардың көбі жеке клиникаларда емделгендіктен тіркеуге алынбайды. Сондай-ақ, ауылды жерлерде ішімдікке әуестілік қалыпты жайт болып санаға сіңіп бара жатқаны тағы бар. Тағы бір дерек бойынша орташа есеппен алғанда, қазақстандықтар алкогольге 14-16 жасынан әуес.
Шылым шегу:
Адамдар неге темекі тарта бастайды, спиртті ішімдік ішеді және есірткі қолданады? Кейбіреулер өмірінде болған қиыншылықтарға шыдамай, достарына ұқсауға немесе көңіл-күйін көтеруге, өз достар арасында «ақ қарға» болмау үшін қолданылады.
Кейбіреулер жас кезінде, еркек сияқты өзін көрсету үшін қорқыныштан қашып, энергия жинау үшін, не сенімді, әрі мықты болу үшін есірткі қолданады.
Есіңде болсын! Бар жамандық пен қиыншылық өмірде тез өтеді де кетеді. Бойыңды билеген мәселелермен ата-анаңмен, жасы үлкен аға-тәтелермен, достарыңмен, психолог-дәрігермен бөлісуге қорықпа, олар көмектеседі, жақсы ақыл береді. Есірткі заттар, темекі, алкоголь - ол сенің қиын жағдайлардағы өтірік достар және жаман көмекшілер.
Кім есірткі, темекі немесе спирттік ішімдік қолданып жүрсе, олардың басында бір ғана мәселе қалыптасады, ол тек қалай ақша тауып, өзіне керекті есірткі, темекі немесе спирттік ішімдік сатып алу. Сондықтан, ақша табылмаған соң, көбісі ұрлайды немесе есірткі сатады. Есірткі мен қылмыс қатар жүреді. Ең алғаш рет қалтадан ақша ұрлаудан бастап, сосын дүкендерді тонау, келе-келе үлкен қылмыс жасауға итермелейді.
Көптеген сен естіген нмесе білетін біздің елдегі және шет елдердегі атақта спортсмендер, актерлер, музыканттар, өнер жұлдыздар және рок-н-роллдың кумирлері есірткінің құрбаны болған. Олардың кейбіреулері өнерлерін бастаған кездегі жас уақытында ақ өмірмен қоштасты, бізді ешқашан өз өлеңдерімен, спорттық жеңістерімен, рөлдермен қуанта алмады. Себебі, оларды анаша өлтірді. Кейбіреулер анашаға құмарлықтан өздерін-өздері өлтірді. Кейбіреулеріне есірткіні сақтағаны, қолданғаны және сатқаны үшін айыпталып, бастарына қылмыс жазылып, олардың спорттық өмірінде және оқуына кедергі болды. Кейбіреулер допинг қолданғаны үшін ұятқа қалып спорттық жарыстардан алшақтатылды.
Мыңдаған адамдар есірткі қолданғаны үшін өз өмірлерін өздері құрбан етті. Соның негізінде атақты жүлдыздардың аттары газет-журналдардың беттеріне басылады. Олар жұмыстан босатылады, үйінен айырылады, емтихан тапсыра алмайды немесе оқуын тастайды, сөйтіп өзіне де және өзінің жақындарына да ауыр жағдайға душар етеді. Саған сондай өмір қажет емес!
Егер адам темекі тартып, есірткі қолданса және көп арақ ішсе одан тоқтау өте қиын. Ең оңайы оны ешқашанда бастамау.
Егер де маған темекі тарт, есірткі қолдан немесе арақ ұсынса, ал мен олардың біреуін де қаламасам, не істеуім керек?
Егер саған олар ұнамаса, қорықпай, ашықтан-ашық оны өзінің қаламайтындығыңды айт. Мүмкін, біреулер сені түсінбейді, бірақ сен өз-өзіңе деген құрметті жоғалтпайсың. Ал, олар сені қорқытып, саған үстемдік көрсетіп, компаниямызға қоспаймыз деп, саған билік жүргізгісі келеді. Ондай адамдарға еруге болмайды. Темекі тартпағаның, есірткі қолданбағаның үшін басыңды көтеріп, кеудеңді жоғары ұстағаның жөн. Оның орнына кітап оқып, спортпен шұғылданғаның жақсы. Есіңде болсын, өзіңе ұнамайтын адамдармен сөйлесуіге сен міндетті емессің.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріндегі азаматтық сана-сезім деңгейінің, адамгершіліктің және қоғамның барлық мүшелері мәдениетінің маңызы. Ғылыми-техникалық прогрестің, қоғамның игілігі мен зияткерлік потенциалы өсуінің табиғи және техногенді сипаты пайда болатын алапаттар санының және олардан келетін зиян масштабтарының ұлғаюына әсері. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету проблемаларының маңыздылығы. Қазіргі өндіріске тән ерекшеліктер, қауіпті және зиянды факторлардың құрылу аймақтары. Өндірістік ортаның жағымсыз факторлары, олардың адамдарға әсерін бағалау. Өндірістегі қауіптілік пен зияндылықты төмендететін, тиімді ұйымдастырушылық және басқарушылық әсерлері. Қауіпсіздікті арттырудың және еңбек жағдайларын жақсартудың «экономикалық» механизмі. Қауіпсіздік проблемаларын зерделеудің маңыздылығы және әдіснамасы. Өндірістік қауіпсіздік теориясының негіздері. Қауіпсіздік проблемаларын шешудің жүйелілігі. Технологиялық процестің жоғары қауіпсіздік деңгейін қамтамасыз ету.
Ядролық қарудың ауа толқынының соққысынан, тек осы күшті есептеп салынған баспана немесе панахана (убежище) ғана сақтай алады.
Жарықтық сәулеленуден кез келген жарық өткізбейтін бөгет қорғай алады: ағаштың көлеңкесі, үйдің тасасы. Жауын, тұман, қар оның әсерін азайтады. Жаз кезінде оның әсерінен өрт болуы ықтимал.
Өткір радиация - әр түрлі нәрселерден өткенде гамма сәулелері әлсірейді, неғұрлым кедергі көп болса, соғырлым ол әлсірей береді. Мысалы, ашық траншея - 3 есе азайтады; жабық траншея - 7-10 есе азайтады; бір қабатты ағаш үй - 10-15 есе; Жер астындағы үй - 7-15 есе (земляка), арнай дайындалған жер асты үйі - 400 есе; Көп қабатты үй подвалы - 100-400 есе; арнай салынхан баспахана - 1000 есе; темір бетоннан салынған баспана, шахта, тау қуысы - түгел қорғайды еш зиянсыз.
Радиоактивті ластану - жарылыс болған жердегі топырақ, шаң жоғары көтеріліп жетмен ыққа қарай жылжи береді де, жол бойы жерге түсіп ластайды. Ол 3 зонадан тұрады:
- қауіпті зона;
- күшті ластанған зонасы;
- аздау ластанған зонасы.
Ластау мөлшеріне байланысты:
- жарылыс түрінен (бомбаның) ;
- оның күшінен (неше мегатонна) ;
- жарылыс болғаннан кейінгі өткен уақыттан;
- эпицентрден қашықтығынан;
- жер бетінің рельефінен (таулы, жазық дала т. с. ) убежище), радиацияға қарсы панаханалар (РҚП) және қарапайым панаханалар жатады.
Арнайы қорғану құрылымы бұл соғыс және бейбіт уақыттағы ядролық және химиялық қауіп қатерде пайдаланатын герметикалық қорғау құрылымы. Арнайы қорғану құрылымында паналайтын адамдар тері мен тыныс жолдарын қорғайтын құралдарды пайдаланбайды.
Радиацияға қарсы панахана бұл адамдарды жедел сәуле мен радиоактивті заттар және биологиялық аэрозольдерден қорғайтын құрылым. Қарапайым панахана бұл жер қабатындағы саңлау, арық, траншея, арнайы қазылған үңгір (землянка) . Бұларды жасауға көп уақыт кетпейді және оларда адамдар тиімді қорғана алады. Қорғаныс құрылымдары қызметіне, орналасу уақытына, қорғану қасиетіне және сиымдылығына байланысты топталады.
Қызметіне байланысты қорғаныс құрылымы жалпы және арнайы болып бөлінеді. Жалпы қызметтегі қорғаныс құрылымы қаладағы халықты қорғау үшін, ал арнайы қызметтегі құрылымы басқару органдары қызметіндегі қызметкерлер, байланыс және хабарлау жүйелері және емдеу мекемелерінің қызметкерлерін олардың құралдарымен қоса қорғау үшін пайдаланады. Себебі бұл органдар тоқтаусыз жұмыс жасау керек.
Көпшілікті қорғау құралдарына арнайы қорғану құрылымы орналасуы бойынша қосылып салынған және жеке тұрғызылған қорғану құрылымы болып бөлінеді. Қосылып салынған құрылымға ғимараттың подвалын жатқызуға болады. Бұл қорғаныс құрылымдардың ішінде кең тарағаны. Қорғану құрылымының жеке тұрғызылған түрі ғимараттан бөлек орналасады.
Тұрғызылу уақтысы бойынша алдын ала тұрғызылған және тез арада тұрғызылған болып келеді. Алдын ала тұрғызылған қорғаныс құрылымы жанбайтын құрылыс материалдарын пайдаланып салынған салынған тұрғылықты құрылым. Ал тез арда тұрғызылатын қорғаныс құрылымы қолдағы бар материалдармен төтенше жағдай туындағанда ғана тұрғызылатын құрылым.
Қорғаныс қасиеті бойынша қорғану құрылымы (убежище) бірнеше топқа бөлінеді. Атап айтқанда қорғану мүмкіншіліктеріне, оның қабырғаларының конструкциясына және оның соққылы толқынының қысымының белгілі бір шамасына шыдамдылығына байланысты болуы.
Сиымдылығына байланысты олар кіші сиымды (600 адамға дейін), орта сиымды (600-2000 адамға дейін) және үлкен сиымды (2000 адамнан артық) болып бөлінеді.
Жеке қорғаныс құралдары теріні және тыныс алу органдарын радиоактивті, улы заттар және биологиялық құралдардан қорғау үшін пайдаланады. Осыған орай жеке қорғаныс құралдары қызметіне байланысты тыныс органдарын және теріні қорғау, сонымен қатар медициналық қорғау құралдарына бөлінеді.
Тыныс органдарын қорғау құралдарына противогаздар, респираторлар және қарапайым қорғау құралдары жатады.
Противогаздар изоляциялық және фильтрлік болып бөлініп, азаматтық, жалпы әскерлік және балаларға арналған түрлерден тұрады. Изоляциялық противогаздар адамдарды ауа құрамындағы зиянды заттардан қорғаса, ал филтрлік противогаздар ауадағы әр түрлі зиянды қоспалардан фильтр арқылы тазалап қорғайды. Фильтрлік противогаздардың ГП-5, ГП-7(азаматтық), РШ-4, ПМГ-2 (жалпвәскерлік), ДП-6, ДП-6М, ПДФ-Ш (балаларға арналған) және т. б. маркалары пайдалануда. Изоляциялық противогаздардың ИП-4, ИП-5, КИП-5, КИП-7 және т. б. маркалары бар. Респераторлар тыныс алу логагын радиоактивті шаңдардан қорғайды. Мата және маталы-дәке таңбалар да тыныс алу жүйесін радиоактивті шаңдардан, бактериялық заттардан қорғайды
Ұжымдық қорғаныс құралдары қорғаныс құрылымдары қызметіне, орналасу уақытына, қорғану қасиетіне және сиымдылығына байланысты топталады.
Жеке қорғаныс құралдары теріні және тыныс алу органдарын радиоактивті, улы заттар және биологиялық құралдардан қорғау үшін пайдаланады. Осыған орай жеке қорғаныс құралдары қызметіне байланысты тыныс органдарын және теріні қорғау, сонымен қатар медициналық қорғау құралдарына бөлінеді.
Тыныс органдарын қорғау құралдарына газқағарлар, респираторлар, қарапайым қорғау құралдары - мата таңғыштары, шаңнан қорғайтын маскалар жатады.
Теріні қорғайтын құралдар қорғау және қорғауға икемделген күнделікті пайдаланатын киімдерден тұрады. Қорғау киімдері изоляциялық (жалпы әскерлік қорғаныс комплекті, жеңіл бөлуші костюм Л-1 және т. б. ) және фильтрлік (қорғаныс фильтрлі киім ЗФО-52 және т. б. ) болып бөлінеді.
Медициналық қорғаныс құралдары радиоқорғаныс құралдарынан, антидоттардан, бактерияға қарсы құралдардан және жартылай санитарлық тазалау құралдарынан тұрады.
Жарақаттар - бұл адам ұлпалары мен органдарының зақымдануы, сыртқы себептерден аяқ-қолдың сынуы мен буынның шығуынан, жұмсақ ұлпаның жаралануы мен дененiң сыдырылуынан, органдардың зақымдануынан және көптеген басқа жәйттердiң әсерiнен ұлпалар мен органдар тұтастығы мен қызметiнiң бұзылуы.
Сүйек тұтастығының бұзылуы - сыну деп аталады. Бұл механикалык күш әсерінен болып, жұмсақ тіндердің зақымдануымен сипатталады. Сынықтың жабық және ашық түрлері бар. Ашық сынықтарда сынған жерде жара болады. Бұл өте қауіпті, өйткені жараға инфекция түсу қатері жоғары.
Ұзақ уақыт бойы шаншылып қалу синдромы төтенше жағдайларда (жер сілкіну, шахтадағы опырылу, соғыс уақытында) кездеседі. Ұзақ уақыт бойы шаншылып қалу синдромының апаттар кезінде ауыр формалары жиі болады (зақымданудың бірдейлігі, шаншылып қалудың ұзақтылығы, зақымданушыны іздестірудің киыншылығы және оларға өз уакытында жәрдем көрсету) .
Маскүнемдік, темекі шегушілік және нашақорлық проблемалар
Маскүнемдік, темекі шегушілік және нашақорлық қазіргі заманның әлеуметтік, экономикалық, психология-педагогикалық, медицина-биологиялық проблемалардың ең маңызды және өзектісі болып отыр. Ғалымдардың есептеуі бойынша маскүнемдік, темекі шегушілік және нашақорлық тек еркектердің ғана арасында емес, балалардың, жасөспірім, жеткіншектердің, әйелдердің де арасында ең басты дерт болып отыр.
Ішімдіктерді, нашаны қолдану және темекі шегуге құштарлық - әсіресе бала жасында қауіпті, ол баланың өзін-өзі билеу психикасы мен мінез-құлқын реттеу өзегінің бұзылуына әкеліп соқтырады.
Темекі, анаша, ішімдікке әуестік - тек қолданушының ғана денсаулығына зиянын тигізіп қана қоймай, қоршаған ортадағы адамдардың да өміріне зиянын тигізеді. Темекі шегушілер өз жақындарының денсаулығын ойламайды, былайша айтқанда оларды да өзімен бірге «темекі шегулеріне» мәжбүрлейді, ал нашақорлар мен маскүнемдер өздерінің қылықтары мен әрекеттерін қадағалай алмай, жауапкершілік сезімдерін жоғалту арқылы қоршаған ортаға әлеуметтік зиян тигізулері мүмкін.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz