Жаңа инновациялық ойларды жеткізу


Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

БӨЖ

Тақырыбы: Жаңа инновациялық ойларды жеткізу.

Дайындаған: Абилкасова А. Д

ЛД-211тобы

Тексерген: доцент Тойкин С. Х

Семей

2015ж

Жоспар

Кіріспе

1 Инновация түсінігі. Инновация теориясының қалыптасуы.

2 Инновация түрлері. Инновациялық қызметтің дамуы.

3 Индустриалды-инновациялық даму.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе

Инновация - адамның ақыл-ой еңбегінің нәтижесінде пайда болған, ғылыми негізделген жаңа өнім немесе қызмет түрі, сонымен қатар, белгілі бір өнімді өндіруде немесе қызмет көрсетуде қолданылатын жаңа әдіс-тәсілдердің жиынтығы. «Инновация» сөзі 1440 жылдары француз тіліндегі «жаңғыру нсмесе жаңару» немесе «зат жасаудың жаңа жолы" деген мағыналарды білдіретін «іппоvасуоn» сөзінен пайда болған. Инновацияның функциялары оның экономикалық жүйедегі көрінісін және де шаруашылық үрдісіндегі рөлін көрсетеді. Инновация жаңа өнім немесе операцияға (технология, үрдіс) салынған капиталдың пайда болған нарық көрсеткіші болып табылады. Сатуға дайын инновацияны іске қосарда, «ақша-инновация» айырбасы жүзеге асырылады. Осындай айырбастың нәтижесінде кәсіпкермен (продуцент, инвестор-сатушы) алынған ақша мүліктері, біріншіден, инновацияны құру және сату шығынын жабады; екіншіден, инновацияны жүзеге асырудың нәтижесінде пайда түседі; үшіншіден, жаңа инновацияларды құруға үлкен бір ынта (стимул) береді; төртіншіден, жаңа инновациялық үрдістің қаржыландыру қайнар көзі болып табылады.

Жаңалық енгізудің негізі болып табылатын инновациялық іскерлік инвестициялық іскерлікпен тығыз байланыста болады. Инвестциясыз жаңалықтың болуы мүмкін емес, өйткені ол өндіріс, таранспорттық және сонымен қатар жаңалық-тауардың қолданушға жетуін қамтамасыз етеді.

Инвестициялау - бұл түсімді қалыптастыру мен алудағы ұзақ мерзімдік капитал салымы. Бұл бизнеске салынған инветициялар болып табылады (экономикалық инвестицияларда) . Сол инвестициялардың көмегімен күшті өндірістік жарақтар құрылуда, жұмыс күшін жалға алу қалыптасуда, өндірістік үрдіс ұйымдастырылуда.

Инновациялар мен жаңалықтар экономиканың құлдырауына төтеп беріп, ғылыми-техникалық прогресстің белсенді түрде дамуына жағдай жасап, ұлттық экономиканың тиімділігі мен бəсекеге қабілеттілігін жоғарылатады. Қазіргі уақытта инновациялық өнімді тиімді жасап, ұтымды пайдалану қатынастарын сапалы түрде қарастырмайынша елдегі аса маңызды əлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешу мүмкін еместігін түсіну енді жеткілікті емес. Инновация дегеніміз - интеллектуалды еңбек нəтижесі ретінде рынокқа тіпті жаңа немесе жаңартылған өнім жəне жаңа немесе жаңартылған технология түрінде шығарылатын жаңалықты айтамыз.

  1. Инновация түсінігі. Инновация теориясының қалыптасуы.

«Инновация» сөзі 1440 жылдары француз тіліндегі «жаңғыру нсмесе жаңару» немесе «зат жасаудың жаңа жолы" деген мағыналарды білдіретін «іппоvасуоn» сөзінен пайда болған. Қазақстан Республикасының «Инновациялық қызметтер туралы заңына» сəйкес инновация дегеніміз - ғылыми техникалық зерттеулер мен интеллектуалды еңбектің нəтижесінде пайда болған жаңа немесе жақсартылған өнім жəне жаңа немесе жақсартылған технология. 2002 жылдың шілде айында қабылданған «Инновациялық қызмет» туралы Заңы Республиканын ғылым саласына, ел экономикасына үлкен серпіліс əкелетін жаналық болды. Мақсаты - отандық өндірістің инновацияларға сұранысын арттыру, қолданбалы зерттеулерді қолға алу, ұлттық технопарктер құру. Ғылыми-техникалык прогресс - кез келген мемлекеттің ұлттық байлығының негізгі саласы. Инновациялар мен жаңалықтар экономиканың құлдырауына төтеп беріп, ғылыми-техникалық прогресстің белсенді түрде дамуына жағдай жасап, ұлттық экономиканың тиімділігі мен бəсекеге қабілеттілігін жоғарылатады. «Инновация - ұғымын» экономикалық теорияға өткен ғасырдың 30-шы жылдарында И. Шумпетер енгізді. Қазіргі кезде көптеген əдебиеттерде инновацияға əртүрлі анықтамалар берілген: - инновация дегеніміз - жаңа идеяларды түрлердіруге байланысты қызмет түрі немесе нарыққа енгізілген жетілдірілген өнім. - инновация - практикалық қызметте пайдаланылған жаңа немесе жетілдірілген технологиялық процесс. - инновация - əлеуметтік қызметтерге жаңа тəсіл. Жалпы алғанда инновация дегеніміз - əкелетін ғылыми-техникалық, ұйымдастырушылық, қаржылық жəне коммерциялық іс-шаралар кешенін болжайды. Шетелдік зерттеушілер Э. Дж. Долан, Я. Корани, П. Хейне, П. Ф. Друкер, Н. Г. Менкью, Г. Хоскинг, И. Шумпетер, В. Леонтьев жəне т. б. өндірістік сферадағы кəсіпкерліктің инновацəиялық сипатын бейнелейтін экономикалық қатынастардың қазіргі заманғы теориясын дамытты. Қазіргі уақытта инновациялық өнімді тиімді жасап, ұтымды пайдалану қатынастарын сапалы түрде қарастырмайынша елдегі аса маңызды əлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешу мүмкін еместігін түсіну енді жеткілікті емес. Инновация дегеніміз - интеллектуалды еңбек нəтижесі ретінде рынокқа тіпті жаңа немесе жаңартылған өнім жəне жаңа немесе жаңартылған технология түрінде шығарылатын жаңалықты айтамыз.

  1. Инновация түрлері. Инновациялық қызметтің дамуы.

Инновацияның түрлері - радикалдық, жақсартушы және жалған инновациялар. Радикалдық инновация - бұл бұрын-соңды белгісіз болған немесе мәлім болатын, алайда өнімділігі, бағасы жағынан алғанда сипаттамасы едәуір жақсарған қасиеттерген ие өнімдер, үдерістер немесе қызмет түрлері. Жақсартушы инновация аса қомақты емес төңкеріс жасай қоймайтын, көп ретте, тіпті, белгілі білім, өнім және технологиялардан туындайтыны болжаған өзгерістерді белгіледі.

Мұндай инновациялар көбінесе өткен уақытқа өте тәуелді болады, технологиялық парадигма бойынша қалыптасады. Мардымсыз түрлерінің өзгеруіне келесілер әсер етеді:

- Өнім құрылымын өзгеріссіз қалдыратын, бұйымның көрсеткіштеріне, қасиетіне және құнына, сонымен қатар өнімнің материалына және құнына, сонымен қатар өнімнің материалына және құрамдасына айтарлықтай ықпал ететін өнімдерге енгізілген мардымсыз техникалық немес сыртқы өзгерістер

- Кәсіпорынның табысын ұлғайту және ағымдық сұранысты қанағаттандыру мақсатында бұрын осы кәсіпорында өндірілмегеніне қарамастан, бірақ нарықта белгілі өндірісті игеру есебінен өнім қатарын көбейту. Инновацияның маңызды сипаттамасы оны технологиялық көрсеткіштеріне сәйкес өнімдік үлестік деп ажырату.

Инновациялық қызмет - нəтижелерi экономикалық өсу мен бəсекелестiк қабiлеттiлігі үшiн пайдаланылатын, өндiрiстiң жəне қоғамды басқарудың əртүрлi салаларына жаңа идеяларды, ғылыми бiлiмдердi, технологиялар мен өнiм түрлерiн енгiзуге бағытталған қызмет.

Инновациялық қызметке мынадай қызмет түрлерi:

1) қоғамды басқару саласына жаңа идеялар мен ғылыми бiлiмдердi енгiзу;

2) экономикалық айналымда iске асырылатын жаңа немесе жетiлдiрiлген өнiмдi (жұмысты, көрсетiлетiн қызметтi), жаңа немесе жетiлдiрiлген технологиялық процестi жасауға бағытталған ғылыми-зерттеу, жобалау, iзденiс, тəжiрибе-конструкторлық жəне технологиялық жұмыстарды орындау мен оларға қызмет көрсету;

3) инновациялық тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзу рыногын ұйымдастыру;

4) өндiрiстi технологиялық қайта жарақтандыруды жəне дайындауды жүзеге асыру;

5) жаңа технологиялық процестердi, тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) сертификаттау мен стандарттау мақсатында сынақтар өткiзу;

6) бастапқы кезеңде инновациялық жоба өтемдiлiгiнiң нормативтiк мерзiмiне жеткенге дейiн жаңа немесе жетiлдiрiлген өнiм (жұмыс, көрсетiлетiн қызмет) өндiру жəне (немесе) жаңа немесе жетiлдiрiлген технологияны қолдану;

7) инновациялық инфрақұрылымды құру мен дамыту;

8) инновациялық қызмет нəтижелерiн насихаттау жəне инновацияларды тарату;

9) игеру жəне iске асыру мақсатында интеллектуалдық меншiк объектiлерiне (оның iшiнде ашылмаған ғылыми, ғылыми-техникалық жəне технологиялық ақпаратқа) құқықтарды қорғау, беру жəне иемдену;

10) Қазақстан Республикасының Заңдарына сəйкес инновациялар жасауға бағытталған өзге де қызмет түрлерi жатады.

Инновациялық процесстің негізгі кезеңдері мыналар :

1. Алынған ойларды жүйелеу:.

2. Жекелеген ойларды талдау жəне жана өнім идеясын зерттеу:

3. Жаңа өнімнің экономикалық тиімділігіне анализ жасау жəне маркетингтік бағдарлама кұру:.

4. Жаңа өнімді дайындау:

5. Нарықта жаңа өнімді тестілеу .

6. Жаңа өнімді өндіріске енгізу туралы шешім қабылдау:

  1. Индустриалды-инновациялық даму.

Ғылыми-техникалық потенцаил кез-келген мемлекеттің ұлттық байлығының негізгі саласы. Барлық дамыған елдер тəжірибесі көрсеткендей, экономикалық дамуыдың, көркеюдің негізгі жолы - ғылыми-техникалық жəне инновациялық салада лидер болу. Инновациялар мен жаңалықтар экономиканың құлдырауына төтеп беріп, ғылыми-техникалық прогрестің белсенді түрде дамуына жағдай жасап, ұлттық экономиканың тиімділігі мен бəсекеге қабілеттілігін жоғарлатады. Сондықтан да бүкіл дүниежүзіндегі кəсіпкерлер инновацияларды тиімді басқару мен ұйымдастыруға ерекше көңіл бөледі. Ал мемлекет өз тарапынан ғылыми-техникалық жəне инновациялық саясат ғылыми - техникалық жетістіктерді адам игілігі үшін пайдаланып, адамзат өмір сүру жағдайларын сапалы түрде жақсартуға бағытталған. Бұл бүкіл адамзат тіршілігі мен шаруашылығының негізгі мақсаты. Қазір Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық зерттеулері мен инновациялық саясаты кризистік жағдпйда. Бірақ сол қиындықтаға қармастан Қазақстан кəсіпкерлері шетел жаңалықтары мен ғылыми- техникалық жетістіктерін табысты түрде игеріп, оларды жоғары қарқынмен қызметтеріне енгізіліп келеді. Əрине бұл инновациялар халықаралық технологиялық деңгейде көтерілуге мүмкіндік береді, бірақ сол ғылыми- техникалық жетістіктердің көбісі тек біз үшін ғана инновация, ал шетелдіктер үшін олар кешегі күн жаңалықтары. Сондықтан да шетел технологиясы мен техникасын игерумен қатар өз ұлттық Ғылыми- техникалық потенцаилымыздың дамуына жағдай жасап, отандық ғалымдардың ғылыми жетістіктерін өндіріске енгізіп, оларды бағалай білуіміз керек. Негізінен инновациялық қызмет жаңа шаруашылық аймақтық құрылымдарды (технопарктерді, бизнес инкубаторларды, аймақтық инновациялық қорларды, венчурлық фирмаларды) дамытуға, бұрын құрылған шаруашылық субъектілер арасындағы өзара байланыстарды трансформациялауға, бақару технологияларын дамытуға көмектеседі.

Қорытынды

Осы жоғарыда айтылғандарды тұжырымдай келе мынадай анықтама беруте болады: инновация - адамның ақыл-ой еңбегінің нәтижесінде пайда болған, ғылыми негізделген жаңа өнім немесе қызмет түрі, сонымен қатар, белгілі бір өнімді өндіруде немесе қызмет көрсетуде қолданылатын жаңа әдіс-тәсілдердің жиынтығы болып табылады. Инновацияның түрлері - радикалдық, жақсартушы және жалған инновациялар. Радикалдық инновация - бұл бұрын-соңды белгісіз болған немесе мәлім болатын, алайда өнімділігі, бағасы жағынан алғанда сипаттамасы едәуір жақсарған қасиеттерген ие өнімдер, үдерістер немесе қызмет түрлері. Жақсартушы инновация аса қомақты емес төңкеріс жасай қоймайтын, көп ретте, тіпті, белгілі білім, өнім және технологиялардан туындайтыны болжаған өзгерістерді белгіледі. Инновациялық қызмет - нəтижелерi экономикалық өсу мен бəсекелестiк қабiлеттiлігі үшiн пайдаланылатын, өндiрiстiң жəне қоғамды басқарудың əртүрлi салаларына жаңа идеяларды, ғылыми бiлiмдердi, технологиялар мен өнiм түрлерiн енгiзуге бағытталған қызмет. Ғылыми-техникалық потенцаил кез-келген мемлекеттің ұлттық байлығының негізгі саласы. Барлық дамыған елдер тəжірибесі көрсеткендей, экономикалық дамуыдың, көркеюдің негізгі жолы - ғылыми-техникалық жəне инновациялық салада лидер болу. Инновациялар мен жаңалықтар экономиканың құлдырауына төтеп беріп, ғылыми-техникалық прогрестің белсенді түрде дамуына жағдай жасап, ұлттық экономиканың тиімділігі мен бəсекеге қабілеттілігін жоғарлатады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік қызметтегі инновациялар
Қазақстанның инновациялық потенциал активизация (белсенділік) механизмдері
Экономикадағы инновация
Қоғамдық қайта құрудың инновациялық мазмұны
Дамыған елдердегі инновация үрдістері
Ғылыми-техникалық прогресс және қаржы
Қазақстан Республикасындағы индустриялы-инновациялық даму
Рыноктық экономикадағы инновация
Оқу - тәрбие үдерісінде жаңартылған оқу бағдарламасы аясында оқытудың ұтымды әдіс - тәсілдерін қолдану тиімділігі
Қазақстан Республикасының инновациялық саясаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz