Қылмыстық топтар сипаттамасы



Топтық қылмыстылық – бұл қылмысты екі немесе одан да көп адамның бірігіп жасауы. Топтық қылмыстардың қоғамдық қауіптілігі ерекше жоғары. Қазіргі таңда ол айрықша етек алған қылмыстар қатарында. Жыл сайын орта есеппен барлық қылмыстардың үштен біріне жуығы топ құрамында жасалады. Кейбір қылмыстар тек топтасып қана жасалады, мысалы, бандитизм, жаппай тәртіпсіздік, т.б. Басқа қылмыс түрлерінің кейбіреулері басым көпшілігінде топ құрамында жасалатындығымен сипаттала алады (кәмелетке толмағандар қылмыстары, алаяқтық).
Қылмыстық құқықта — тұрақты түрде әрекет етіп, азаматтар мен ұйымдарға шабуыл жасау мақсатын көздеген қаруланған топ. Бәрінен бұрын бірнеше өзіндік, бірақ ұсақ-түйектері әлі белгісіз қылмыстарды жасау үшін екеуден кем емес адамдардан тұрады. Сот тәжірибесінде, банда белгілі бір уақытка есептеле отырып, бір адамның еркіне бағындырылып ұйымдастырылған адамдардан тұратын қылмыстық бірлік түрінде анықталады. Жалпы ерік болған кезде, олар біріккен мақсаттарды көздеп, өзара өздерін біртұтас одақ (тұтастық) ретінде сезінетін қатынастарда болады.
Қылмыстық топтарды қатысушыларының санына, заңсыз істерінің сипатына, тұрақтылығына, басқа да белгілеріне қарай ажыратады.
Ұйымдасқан қылмыстылық – бұл тұрақты, қатаң иерархиялық жүйеге бөлінген, жоспарлы әрекет ететін, істері тікелей немесе аралық келісілген, белгілі бір аумақта немесе бақылауға алынған салада қылмыстық бизнесінен барынша табыс алуға бағытталған қылмыстық құрылымдардың (топ, қауымдастық, ассоциация) қатысушыларының жасайтын қылмыстарының жүйелі байланысқан жиынтығы.
1. Лукашевич Л. Г. Криминалистические аспекты изучения преступных групп.
2. Еркенов С.Е. Организованная преступность в Казахстане //Борьба с организованной преступностью и коррупцией. Часть 1: (Материалы международной конференции). – Алматы, 1996.
3. Уканов К.Ш. Актуальные проблемы совершенствования борьбы с организованной преступностью и коррупцией // Борьба с организованной преступностью и коррупцией. 1996.
4. Криминалистика: А.Ф. Волынский, Т.В. Аверьянов, И.Л. Александрова и др.: под. ред. А.Ф. Валынского. – М.: Закон и право, Юнити-Дана, 2002.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университет

СӨЖ
Тақырыбы: Қылмыстық топтар сипаттамасы

Орындаған: Нурсадыкова Ж.М
Тексерген: аға оқытушы Абдуллина Г. К

Семей 2015
Топтық қылмыстылық - бұл қылмысты екі немесе одан да көп адамның бірігіп жасауы. Топтық қылмыстардың қоғамдық қауіптілігі ерекше жоғары. Қазіргі таңда ол айрықша етек алған қылмыстар қатарында. Жыл сайын орта есеппен барлық қылмыстардың үштен біріне жуығы топ құрамында жасалады. Кейбір қылмыстар тек топтасып қана жасалады, мысалы, бандитизм, жаппай тәртіпсіздік, т.б. Басқа қылмыс түрлерінің кейбіреулері басым көпшілігінде топ құрамында жасалатындығымен сипаттала алады (кәмелетке толмағандар қылмыстары, алаяқтық).
Қылмыстық құқықта -- тұрақты түрде әрекет етіп, азаматтар мен ұйымдарға шабуыл жасау мақсатын көздеген қаруланған топ. Бәрінен бұрын бірнеше өзіндік, бірақ ұсақ-түйектері әлі белгісіз қылмыстарды жасау үшін екеуден кем емес адамдардан тұрады. Сот тәжірибесінде, банда белгілі бір уақытка есептеле отырып, бір адамның еркіне бағындырылып ұйымдастырылған адамдардан тұратын қылмыстық бірлік түрінде анықталады. Жалпы ерік болған кезде, олар біріккен мақсаттарды көздеп, өзара өздерін біртұтас одақ (тұтастық) ретінде сезінетін қатынастарда болады.
Қылмыстық топтарды қатысушыларының санына, заңсыз істерінің сипатына, тұрақтылығына, басқа да белгілеріне қарай ажыратады.
Дәстүрлі топтық қылмыстардың алдын алу шараларының қатарында адамдар арасындағы қатынастардың мәдениетін арттыру, адамдардың бос уақытын ойдағыдай ұйымдастыру, оны эмоционалдық жағымды іс шаралармен толықтыру сияқты шаралардың орын алатынын атап өту керек.

Ұйымдасқан қылмыстылық - бұл тұрақты, қатаң иерархиялық жүйеге бөлінген, жоспарлы әрекет ететін, істері тікелей немесе аралық келісілген, белгілі бір аумақта немесе бақылауға алынған салада қылмыстық бизнесінен барынша табыс алуға бағытталған қылмыстық құрылымдардың (топ, қауымдастық, ассоциация) қатысушыларының жасайтын қылмыстарының жүйелі байланысқан жиынтығы.
Ұйымдастырылу деңгейіне қарай келесі қылмыстық құрылымдарды ажыратады:
- ұйымдасқан қылмыстық топ - ұйымдастырылу белгілерінің (тұрақтылығы, жүйелілігі, ауқымдылығы, белгілі мақсаттарының болуы, қылмыс жасау әдістері, қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуі) кешенімен және қатысушыларының санының айтарлықтай аз болуымен (осыған бола қатысушылары өзара тікелей байланысқан болады) сипатталады;
- бір қатарлы қылмыстық қауымдастық (ұйым) - екі немесе одан да көп ұйымдасқан қылмыстық топ;
- иерархиялық қылмыстық қауымдастық - байланыстылық құрылымы мен сипатының ерекше күрделенілуімен сипатталады (ортақ жетекшісінің қол астында жиналған ұйымдасқан қылмыстық топтардың жүйесі).
Әрекет ету ауқымдылығына қарай ұйымдасқан қылмыстық топтарды аймақтық, аймақаралық, тұтас мемлекет аумағында әрекет ететін, трансұлттық (халықаралық) түрлерге ажыратады.
Әрекеттерінің бағытына қарай қылмыстық топтарды мына салаларда әрекет ететін түрлерге ажыратады:
- криминалдық бизнес (қару-жарақтың, есірткінің, көркем өнер бұйымдарының заңсыз айналымы, автокөлік ұрлау, компьютерлік қылмыстар);
- көлеңкелі экономика (таза табысты бақылау және иемдену, ықпал ету салаларын бақылау, көлеңкелі экономика кәсіпорындарын ұйымдастыру);
- легальды экономика (қылмыстық жолмен алынған табыстарды легализациялау, оларды жоғары табысты кәсіптерге салу, кәсіпорындар табыстарын бақылау немесе иемдену).

Бүгінгі таңда ұйымдасқан қылмыстылық тек заңды экономикаға ғана емес, сонымен қатар құқық қорғау органдар құрылымына енуге ұмтылып, атқарушы және сот билігін сыбайлас жемқорлыққа тартуда.
Жасаған қылмыстары үшін жауапкершіліктен жүйелі түрде бой тасалап жүрген ұйымдасқан қылмыскерлер өздерінің заңсыз ақшаларын жасырын және заңды экономика инфраструктурасына аудару арқылы оларды сәтті түрде заңдастырады. Аталған топтар жоғары мобильді, қазіргі таңдағы жаңа көлік және техникалық байланыс құралдарына, үлкен қаржылық мүмкіндіктерге ие болып отыр. Сонымен қатар олар өздерінің заңсыз әрекеттерінде жедел-іздестіру қызметінің әдістерін қолданып, өз қатарларына құқық қорғау органдар қызметкерлерінің арасынан өздеріне жақ болатын және физикалық жағынан дайындығы мықты тұлғаларды тартып отыруда.
Ұйымдасқан қылмыстылық жалпы қылмыстылықтың құрамды бөлігі болып табылады. Сондықтан да оны әдеттегі қылмыстылықтан бөлектеп қарастыруға болмайды, сонымен қатар ұйымдасқан қылмыстық қызметтің жедел-криминалистикалық сипаттама элементтерін анықтауда қылмыстардың жалпы құрылымын негізге алу қажет делінген. Ұйымдасқан қылмыстық топтармен жасалатын қылмыстарды тергеудің өз ерекшеліктері бар. Ол ерекшеліктер мынадан байқалады: қылмысты квлификациялау мәселелері, қылмыскерлердің тарапынан белсенді және тұрақты қарсылық көрсетілуі, қылмыстардың көп эпизодтылығы, объективті дәлелдемелерді табу мен бекітудің қиындығы болып табылады.
Жедел-іздестіру қызметінің қорытындылары сот жұмысы процесіне енгізіледі, яғни ресмилендіріледі. Жедел жолмен алынған мәліметтерді ресмилендіру процесінде ұсынылған заттарға (мысалы, видеотаспалар, фотосуреттер, т.б.) қарау жүргізу, куә ретінде жедел уәкілдерден жауап алу, сараптамаларды тағайындау және т.б. тергеу әрекеттері жүргізіледі.
Осындай қылмыстық істер бойынша кейбір тергеу әрекеттердің тактикалық ерекшеліктері көбінесе дәлелдемелерді алу мен бекітудің қиындығымен, ұйымдасқан қылмыстық топтар мен олардың сыбайлас жемқорлыққа салынған көмекшілері тергеуге кедергі жасап отырған жағдайда дәлелдеме заттарды табу мен оларды икемді түрде пайдалану қиындығымен ерекшеленеді. Бұл жағдай куәлар мен жәбірленушілерден мұқият түрде жауап алу әдістерін ғана емес, сондай-ақ оларды қылмыстық әрекеттерден қорғау әдістерін, кейбір тергеу әрекеттерін жүргізу барынша техникалық құралдарды (бейне және дыбыс жазу құралдарды, т.б.) қолдануды, сонымен қатар табылған іздер мен дәлелдеме заттарды зерттеу үшін әр түрлі бағыттағы арнайы білімдердің болуын талап етеді.
Жедел-іздестіру материалдары тергеу поцесінде кең қолдануының мүмкіндігі мен қажеттілігіне байланысты оның қылмыстық іс-жүргізу заңының талаптарына сай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұйымдасқан қылмыстың криминологиялық сипаттамасы
«ЭКОНОМИКА САЛАСЫНДАҒЫ ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОП ЖӘНЕ ҚОҒАМДАСТЫҚПЕН ЖАСАЛҒАН ҚЫЛМЫСТАРДЫ ТЕРГЕУ МЕН АШУ»
Криминалистік әдістеме
Сыбайлас-жемқорлық қылмыстықтың криминологиялық сипаттамасы
Ұйымдасқан қылмыстылық және оның өзекті мәселелері
Қорқытып алу қылмыстарын тергеу
Ұйымдасқан қылмыстық топ
Жәбірленушілердің әлеуметтік-демографиялық сипаттамасы, құрбанның әлеуметтік психологиялық. Виктимизацияның түсінігі
Ұйымдасқан қылмыстылықтың түсінігі
Еуропадағы терроризмнің таралуының себептері
Пәндер