Дәнді дақылдарды сақтау


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ

Тақырыбы: Дәнді дақылдарды сақтау

Орындаған: Ахыметбек С

Топ: АГ - 313С

Тексерген:Байгаринова Р. М

Семей - 2015

Жоспар:

КІРІСПЕ

Өнімді сақтаудың қысқаша тарихы

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2. 1. Өнімді сақтаудың Я. Я. Никитинский жасаған негіздері (принциптері)

2. 2. Астық сақтаудың негізгі тәсілдері

2. 3. Сақтау кезінде астықта болатын шығындар

ҚОСЫМША БӨЛІМ

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Өнімді сақтаудың қысқаша тарихы

Адамзат өсімдік өнімдерін, тіпті жабайы өсімдік дәндерін азық ретінде пайдаланғаннан бастап, оны сақтаумен айналысып келеді. Өсімдік дәндері, әсіресе, мәдени дақыл дәндері жылдың бір мезгілінде ғана өнім беретіндіктен және сол өнімді жыл бойы тұрақты түрде бір қалыпты тұтыну қажет болғандықтан өнімді сақтау мерзімін арттыруға, оның сапасын жетілдіруге бағытталған жұмыстар жүргізілген. Азықтың бұл түрін сақтау үшін әр түрлі жер асты қамбалары, ағаштан, тастан жасалған жер бетіндегі қоймалар пайдаланылады. Оларға мүмкіндігінше қолайлы жағдай жасау арқылы сақтау мерзімін арттырып отырды. Ол туралы мәліметтер археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу барысында көптеп табылған. Солардың бірі ретінде осыдан 700 - 800 жыл бұрын Қап тауында жер астына көмілген жалпы сыйымдылығы 750т болатын, көлемі әр түрлі 80-нен астам қыш құмыраларды айтуға болады. Құмыралардың кейбірінде бидай мен арпа дәндері сақталып қалған. Бұл құмыралардың ерекшеліктері - арнайы саз балшықтан жасалып, отқа күйдіру арқылы ылғал өтпейтін затқа айналдырып, ішіне кептірілген, таза дәндерді салған соң құмырадағы ауаны шығару арқылы ауасыз орта жасалып, аузы нығыздалып жабылған. Осылайша дәннің сақталуына қолайлы жағдай жасаған.

Египетте Таяу Шығыс елдерінде де дәл осындай тәсілдермен өнімді сақтау жүзеге асырылып отырған. Осыған ұқсас деректерді көптеп келтіруге болады.

Кейіннен көптеген ғылымның, оның ішінде, математика, физика, химия, микробиология, т. б. ғылымдардың дамуы әсерінен өнімді сақтау ғылыми жолға қойыла бастады. XIXғасырдың ортасында сол кездегі ғылым жетістіктерін пайдалана отырып, механикаландырылған силос типтес элеваторлар салынды. Олардың алғашқысы Американың Чикаго қаласында 1839 жылы іске қосылды. Көп уақыт өтпей мұндай элеваторлар Еуропа елдерінде, Ресейдің портты қалаларында да салына бастады.

Қазақсытанда элеватор құрылысы 1920 - 1930 жылдары басталса, ірі элеваторлар 1950 жылдардың ортасында, яғни, тың игеру жылдарында салынды. Осы жылдары өнімді сақтаудың ғылыми базасын қалыптастыру мақсатында ғылыми зерттеу институттары ашылып, лабораториялар іске қосылды. Жоғары оқу орындарында осы салада маман кадрлар дайындау қолға алынды.

2. 1. Өнімді сақтаудың профессор Я. Я. Никитинский жасаған негіздері (принциптері)

Кез келген өнімді сақтау онда болатын физиологиялық - биохимиялық процестерді барынша тоқтату арқылы жүзеге асырылатыны белгілі. Осы саладағы ғылым мен өндірістің жетістіктерін зерттеп, оларды бір жүйеге келтіре отырып, профессор Я. Я. Никитинский әрбірі бірнеше түршеден (модификациядан) тұратын келесідей төрт негіз қалады:

1. Биоз

2. Анабиоз

3. Ценоанабиоз

4. Абиоз

1. Биоз - "биоз" тіршілік мағынасын білдіреді. Биоз негізі өнімді тірі немесе жартылай тірі күйінде сақтауға бағытталған. Ол екі түршеден тұрады:

Эубиоз - "нағыз биоз"деп аталады. Малды, құсты, балықты, басқа да тірі организмдерді күту, баптау, тасымалдау, яғни тұтынғанша тірі күйінде сақату.

Гемибиоз "жартылай биоз" деп аталады. Өнімнің иммундық қасиетін пайдаланып, қолайсыз жағдайға бейімдерін қалдыру арқылы сақтау мерзімін арттыру.

2. Анабиоз "Ан" жалғауы биоздың жоқ екендігін білдіреді. Дегенмен, анабиозды кейде "жалған биоз" деп атайды. Ол бірнеше түршеден тұрады:

Термоанабиоз - өнімді төменгі температурада сақтау. Төменгі температура деңгейіне байланысты екіге бөлінеді: 1) психроанабиоз - өнімді 0 С-қа дейінгі температурада салқындатып сақтау; 2) криоанабиоз - өнімді 0 С-тан төменгі температурада мұздатып сақтау.

Ксероанабиоз - өнімді толығымен немесе ішінара кептіріп сақтау.

Осмоанабиоз - өнімдегі осмостық қысымды арттырып (тұз немесе қант қосу арқылы) сақтау

Ацидоанабиоз - әр түрлі қышқылдар қосу арқылы өнім қышқылдығын арттырып сақтау.

Наркоанабиоз - өнім құрамына анестезиялық заттарды қосу арқылы сақтау.

3. Ценоанабиоз пайдалы микроорганизмдердің дамуына қолайлы жағдай жасау, зияндыларын жою. Бұл негіздің екі түршесі бар:

Ацидоценоанабиоз - негізінен сүт қышқылы бактериясын пайдалану.

Алкоголеценоанабиоз - этил спиртін бөлетін микроорганизмдер - ашытқыларды пайдалану.

3. Абиоз - өнімді стерилді (тіршіліксіз) ортаға айналдыру. Абиоздың негізгі түршелері:

Термоабиоз - өнімді жоғары температурада өңдеу. Жоғары температура деңгейіне байланысты екіге бөлінеді: 1) пастерлеу - өнімді 100 С-қа дейінгі температурада өңдеу. Негізінен сүт өнімдері мен сыра қайнатуда қолданылады; 2) стерилдеу - өнімді 100С-тан жоғары температурада өңдеу. Консерві өндірісінде қолданылады.

Химабиоз - өнімді химиялық заттармен өңдеу.

Мехабиоз - өнімді әр түрлі сүзгілерді қолдану арқылы тіршіліксіз ортаға айналдыру.

Лучабиоз - өнімді әр түрлі сәулелерді ( ультракүлгін, инфрақызыл, рентген, т. б) қолданып өңдеу.

2. 2. Астық сақтаудың негізгі тәсілдері

Астықты сақтау тәсілдері мен ережелері оның физикалық және физиологиялық қасиеттеріне негізделген. Алайда, сақтауды ойдағыдай ұйымдастыруда астық массасының әрбір қасиетінің маңызы мен мәнін білу жеткіліксіз. Астық массасы мен қоршаған ортаның байланыстарын дұрыс пайдаланғанда ғана өнімді сақтау барынша тиімді болады.

Астықтың сапасы мен сақталу мерзіміне әсер ететін маңызды факторлар: астық массасы мен қоршаған ортаның ылғалдылығы; астық массасы мен қоршаған орта температурасы, астық массасында ауа алмасу (аэрация) процесі. Аталган факторлар сақтау ережелерінің негізін құрайды.

Кез келген шаруашылықта сақтау тәсілін таңдау барысында төмендегі жағдайлар ескерілуі тиіс:

  • шаруашылықтың климаттық жағдайы;
  • пайдаланылатын қойманың типі, оның сыйымдылыгы;
  • шаруашылықтың техникалық мүмкіндігі;
  • партия астықты пайдалану мақсаты;
  • қоймаға салған астықтың саласы;
  • қолданылатын сақтау тәсілінің экономнкалық тиімділігі.

Ең тиімді әрі өнім сапасын қалыпты деңгейде ұстап тұратын сақтау тәсілі болып - бірнеше тәсілді кешенді түрде қолдану табылады. Мысалы, кептірілген астықты салқындатып сақтау.

Ауылшаруашылық өнімдерін сақтаудың тәсілдері өте көп. Олардың ішінде, астық массасын сақтауда келесі үш тәсіл жиі қолданылады. Олар:

  • астықты құрғатып (кептіріп) сақтау;
  • астықты салқындатып сақтау;
  • астықгы ауасыз (оттегісіз) ортада сақтау.

Астықты құрғатып сақтау. Бұл тәсіл Я. Я. Никитинскийдің қағидасы бойынша ксероанабиозға негізделген. Өнім құрамындағы ылғылдың мөлшерін төмендете отырып құрамындағы тірі компоненттердің тіршілігін тежеуге болады. Зиянкестер мен микроорганизмдерде көбею процесі тоқтап, көпшілігі мұндай ортаға төзімсіздік танытады.

Астықты кептіріп сақтау тәсілі ежелден қолданылып келе жатқан өнім сапасын түсірмейтін, тұқымньщ өнгіштік қасиеттерін сақтап қалатын, ұзақ уақыт сақтауда тиімділігі жоғары тәсіл болып табылады. Қоспадан тазартылып, улы заттармен өңделіп, салқындатылған құрғақ астықты бір орыннан қозғамастан астық қоймаларында 4-5 жылға дейін, элеватор силостарында 2-3 жылға дейін сақтайды. Жақсы кептірілген астықты сапасын түсірместен алыс жерлерге тасымалдауға болады.

Дегенмен, ылғалдылығы қауіпті деңгейден төмен астықтар дұрыс қарамау салдарынан бұзылуы мүмкін. Оған себеп - ылғал аз ортада тіршілік ете алатын жәндіктер мен кенелердің көбеюі. Бұндай астықты зиянкестер тіршілігін тоқтататын температуралық деңгейге дейін белсенді желдету арқылы міндетті түрде салқындату қажет.

Құрғақ астықтың бұзылуының тағы бір себебі - құбылмалы ауа райы кезінде астық массасының жекелеген бөліктерінде ылғалдылықтың артуы.

Астықты кептіру тәсілі олардың сорбциялық қасиетіне негізделген. Дәннің ылғал бөлу мүмкіндігі оның анатомиялық ерекшелігі мен ірілігіне байланысты болады. Кептірудің барлық тәсілдерін келесідей екі топқа бөледі:

• арнайы жылуды қолданбай кептіру;

• арнайы жылуды қолданып кептіру.

Кептірудің алғашқы тәсілі бойына ылғалды сіңіру қасиеті жоғары заттарды пайдалану арқылы негізгі өнімнің ылғалдылығын төмендетуге бағытталған. Шаруашылық жағдайында осы мақсатта құрғатылған жаңқа, активтендірілген көмір, натрий сульфаты, хлорлы кальций, т. б. қолданылады.

Бұршақ тұқымдастары дәндерін кептіруде химиялық тәсіл болып табылатын натрий сульфатын пайдалану тиімді. Техникалық натрий сульфаты қолдану алдындағы ылғалдылығы 2-5% аралығында. Ол бойына 10-15 есеге дейін су сіңіре алады. Алдымен, кептіруге арналған дәннің ылғалдылығын анықтап, қажетті мөлшердегі химикатпен араластырады. Шаруашылық жағдайында дәнге келесі салмақта натрий сульфатын қосу ұсынылған:

-дәннің ылғалдылығы 20% болғанда, тоннасына 60 кг натрий сульфаты;

-дәннің ылғалдылығы 25% болғанда, тоннасына 120 кг натрий сульфаты;

-дәннің ылғалдылығы 30% болғанда, тоннасына 180 кг натрий сульфаты.

Кептіруді үсті жабық, тегіс жерде мезгіл-мезгіл қолмен немесе астық тиегішпен араластыру арқылы жүзеге асырады. Кептіру мерзімі дәннің бастапқы ылғалдылығына байланысты 5-10 тәулік арасында. Кептіру процесі аяқталған соң дәнді арнайы електерден өткізіп ажыратады.

Астықты күн көзінде кептіру ауа райы қолайлы өңірлерде, көлемі аз астықтың ылғалдылығын азайтуда қолданылатын тиімді тәсіл. Бұл кезде ылғал жайманың беткі қабатынан бөлінеді де төменгі қабаттағы ылғал мөлшері өзгеріссіз қалады. Жайманың қалыңдығы неғүрлым жұқа болса, астық соғүрлым жақсы кебеді. Ол үшін оңтүстікке қарай шамамен 6°-қа көлбеу, асфальтталған тегіс жерге дәнді ұсынылған қалыңдықта жаяды. Ол қалыңдық астық дақылдарында 15-20 см, бұршақ тұқымдастарында 10-15 см, тарыда 4-5 см аралығында. Жайманы араға 2-3 сағат уақыт салып араластырып тұру қажет.

Арнайы жылуды қолданып кептіру тәсілі «кептіру агенті» болып табылатын ауа температурасын жоғарылату арқылы оның жылу сыйымдылық қасиетін арттыруға негізделген. Осы мақсатта шаруашылықтарда әр түрлі астық кептіргіштер қолданыдады. Астық кептіргіштердің төмендегідей үш түрі бар, одардың кейбірінің сипаттамалары кестеде көрсетілген.

  • шахталы, кептіру мүмкіндігі 8-16 т/сағ;
  • барабанды, кептіру мүмкіндігі 4-8 т/саг;
  • еденді, кептіру мүмкіндігі 15-30 т/сағ.

Астық массасын жоғары температурадағы ауамен араластыру арқылы ылғалдылығын түсіруде сол астықтың бастапқы ылғалдылығын, пайдалану мақсатын, кептіру агентінің температурасын және кептіру ұзақтығын білу қажет. Пайдалану мақсаты әр түрлі астықты кептіру жұмысының өзіндік ерекшеліктері бар. Солардың бірі - қыздыру температурасы. Астықтың ішкі қабатына берілетін температура қалыпты деңгейден төмен болса, кептірудің тиімділігі төмендейді, ал жоғары температурада астық сапасы (әсіресе, тұқымдық материалда) өзгереді.

Астықты қыздырылған ауамен кептіруде белсенді желдетуге арналған бір камералы немесе екі камералы еденді қондырғылар пайдаланылады. Бұл қондырғылардың бір шетіне ауаны ысытатын жылу генераторлары немесе электр калориферлері орнатылып қыздырылған ауаны арнайы желдеткіштің көмегімен астық қабатына күштеп ендіреді.

Астықты салқындатып сақтау. Астық компоненттерінің көпшілігі төменгі температураға төзімсіз. Салқын ортада олар тіршілігін уақытша болса да тоқтататындықтан астық сапасында көп өзгеріс болмайды. Сақтаудың төменгі температурасына байланысты тәсілдерді Я. Я. Никитинский термоанабиозға негіздеген.

Астық массасын салқындатуды екі тәсілдің бірімен жүргізеді. Ол тәсілдер:

  • қарапайым (пассивті) жолмен салқындату;
  • белсенді (активті) жолмен салқындату.

Пассивті салқындатуда астықты орнынан қозғамайды, оның ішкі қабатына салқын ауа ендірмейді. Салқындату тәуліктің салқын кездеріндегі ауаны қойманың есік, терезелерін ашып ішкі ауамен алмастыру арқылы жүргізіледі.

Белсенді салқындатуға астықты аударыстыру, астық тазалағыш машиналардан өткізу, жоғарыдан төмен қарай сапыра төгу, жылжымалы немесе тұрақты қондырғылардың көмегімен астықтың ішкі қабатына салқын ауаны күштеп ендіру, т. б. жатады.

Астықты ауасыз ортада сақтау. Сақтаудың бұл тәсіл өнімнің ішкі қабатындағы оттегінің мөлшерін азайту арқылы астықта болатын физиологиялық процестерді тежеуге негізделген. Микроорганизмдер мен зиянкестердің көпшілігі оттегіні қажет ететіндіктен олар тіршілігін тоқтатады, тіпті көбісі өледі. Астық массасында ауасыз ортаны келесі үш тәсілдің бірімен қалыптастырады.

  • Астық массасындағы тірі компоненттердің тыныс алуы барысында көмір қышқыл диоксиді көлемін табиғи жолмен арттыру (автоконсервация) ;
  • Астық массасына оттегіні ығыстырып шығатын әр түрлі газдарды (көмір қышқыл диоксиді, азот, т. б. ) ендіре отырып арттыру;
  • Астық массасында ауасыз орта (вакуум) жасау.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дәнді дақылдарды өңдеу
Айқышгүлді егістік,жемдік,көкеніс дақылдарының зиянкестері жайлы
Дәнді дақылдар, бұршақ, көкөніс, жеміс-жидектерге сипаттама
Ауыспалы егіс
Ауыспалы егіншілік,ауыстырылмайтын егіс, қайталап себу,монокультура
Ауыспалы егіс туралы түсінік
Топырақ құрамында азотты тыңайтқыштар
Астық ору технологиялық процестері және олардың ауа райы климаттық жағдайлармен байланысы
Дәнді дақылдарды сақтаудың ерекшеліктері
Қара бидай ұны туралы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz