Сараптама әдістері,түрлері


СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

«ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ КАФЕДРАСЫ»

СТУДЕНТТІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ

ОӨЖ

Тақырыбы: Сараптама әдістері, түрлері

Орындаған: Елжас Серікқазы

Топ: Эл - 217

Тексерген: Жумабеков С. Ж

Семей 2015

Сараптама әдістері, түрлері

Экологиялық сараптама - шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған орта сапасының нормативттері мен экологиялық талаптарға сәйкестігінің, осы қызметтің табиғи ортаға жасуы ықтимал теріс әсерлерінің және соларға байланысты әлеуметтік, экономикалық және өзге де зардаптардың алдын алу мақсатында сараптама объектісін іске асыруға қол жеткізілетіндігінің анықтамасы. Оларға мыналарды жатқызу керек:

1) жоспарланып отырған басқарушылық, шаруашылық, инвестициялық және өзге де қызметті іске асырудың халық денсаулығы мен қоршаған ортаға ықтимал теріс зардаптарын болдырмау;

2) жоспарланып отырған басқарушылық, шаруашылық, инвестициялық және өзге де қызметті іске асыру туралы шешім қабылданар алдындағы сатысында, соңдай-ақ оларды салу мен іске асыру процесіңде олардың экологиялық талаптарға сәйкес келуін бағалау;

3) өндіргіш күштерді орналастыру мен дамыту нәтижесінде
экологиялық жай-күйдің болжамдалып отырған өзгерістеріне сараптамалық бағалауды қамтамасыз ету болып табылады.

Экологиялық сараптама комиссиясының қарайтын нысанасы ие болып табылады?

«Экологиялықсараптама туралы» Заңының 6-бабында сараптама объектілерінің мынадай тізбесі беріледі:

1. Табиғат пайдалану мәселелеріне қатысты жоспарлау алдындағы, жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасы, шарттар, келісімшарттар, соның ішінде халықаралық шарттар мен келісім - шарттар.

2. Қазақстан Республикасында қабылданбақ болып белгіленіп
отырған, қоршаған орта мен халық денсаулығына ықпал жасайтын заң актілері мен нормативтік құқықтық актілердің жобалары.

3. Шаруашылық қызметті жүзеге асыру кезінде табиғат пайдаланушылардың қоршаған ортаны және халық денсаулығын қорғау
жөніндегі талаптарды (экологиялық аудитті) сақтауын бағалау
материалары.

4. Табиғи ресурстарды пайдалану және қоршаған ортаны қорғау
саласында лицензиялар мен сертификаттарды алу кезінде экологиялық негіздеме үшін табыс етілетін құжаттама.

5. Кейіннен ерекше құқықтық мәртебе (табиғи-қорық қорының объектілері, экологиялық жағынан қолайсыз аймақтар және
тағы басқалары) беру мақсатында аймақтардың учаскелерін кешенді
зерттеу материалдары да экологиялық сараптама объектілері болып табылады.

Экологиялық сараптаманы жүргізуге субъектілердің кең тобы қатысады. Сараптаманы жүргізу міндеті жүктелетін негізгі мемлекеттік орган - Қоршаған ортаны корғау министрлігінің Мемлекеттік экологиялық сараптама және радиациялық экология Бас басқармасы мен оның жергілікті жерлердегі органдары. Мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізуге Қоршаған ортаны қорғау министрлігі қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану жөніңдегі қатынастарға қатысатын министрліктерді, ведомстволарды, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдарды тартуы мүмкін. Бұл процеске сондай-ақ ғылыми мекемелер мен олар құратын экологиялық сараптама органдары тартылады. Экологиялық сараптаманы жүргізуге қоғамдық экологиялық бірлестіктер мсн жекелеген азаматтар да қатысуы мүмкін. Ақыр соңында, экологиялық сараптама субъектілері болып экологиялық сараптамаға жататын құжаттаманың тапсырысшылары қатысады. Белгілі бір жағдайларда, біздің ойымызша, экологиялық сараптаманың субъектілері болып Қазақстан Республикасының Үкіметі қатысады. Мысалы, бұл осы мемлекеттердің аумағында болатын және Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіретін объектілер мен кешендердің мемлекеттік экологиялық сараптамасын жүргізу қажеттілігі жағдайында шетелдік мемлекеттермен өзара іс-қимыл мәселелерін шешуге катысты болады.

«Экологиялық сараптама туралы» Заңында Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы орган ретінде Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау Министрлігіне зор көңіл бөлінген, оның:

1. Мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізуге айрықша
құқығы болады.

2. Мемлекеттік экологиялық сараптаманы ұйымдастырады және жүргізеді.

3. Қазақстан Республикасында экологиялық сараптама қызметін
үйлестіреді, бағыныстылығына және меншік нысанына қарамастан, экологиялық сараптаманы жүргізу мәселелері жөнінде мемлекетте әдістемелік басшылықты үйлестіруді жүзеге асырады.

4. Қоршаған ортаға әсерді бағалауды және мемлекеттік экологиялық сараптамаиы, оны жүргізу тәртібін қоса, жүргізу жөніндегі
нұсқама-әдістемелік құжаттарды белгіленген тәртіппен әзірлейді
және бекітеді;

5. Шаруашылық және өзге де қызметті реттейтін құжаттарды,
ондағы экологиялық талаптарды барынша толық есепке алу бөлігінде, үйлестіріп отырады және бекітеді;

6. Экологиялық сараптама саласында қоршаған ортаға әсер
етуді бағалау проблемалары жөніндегі ғылыми зерттеулерді
үлестіріп отырады;

7. Жоспарлау алдындағы, жобалау алдындағы және жобалау
құжаттамасын әзірлеу кезінде табиғат қорғау нормалары мен
ережелері талаптарының орындалуын қамтамасыз ету бөлігінде министрліктердің, ведомстволар мен ұйымдардың тиісті қызметтерін бақылауды және үйлестіруді жүзеге асырады;

8. Консультациялар, бірлескен экологиялық сараптамалар
жүргізу, ғылыми және әдістемелік талдамалар алмасу, осындай
жұмыстарға шетелдік мамандарды тарту мақсатында белгіленген
тәртіппен басқа мемлекеттердің экологиялық-сараптама органдарымен өзара іс-қимыл жасайды;

9. Табиғат қорғауды жобалауға, нормалауға және экологиялық
сараптама саласындағы жұмыстарға белгіленген тәртіппен лицензиялар беруді жүзеге асырады;

10. Сараптама комиссияларының адам құрамын белгілейді, оларда штаттан тыс сарапшылар ретінде жұмыс істеуге барынша
құзыретті отандық және шетелдік ғалымдар мен мамандарды,
минисірліктердің, мемлекеттік комитеттердің, өзгеде орталық және
жергілікті атқарушы органдардың, қоғамдық бірлестіктер мен табиғат қорғау қозғалыстарының өкілдерін тартады;

11. Заңға сәйкес өзге де қызметтерді атқарады.

Сараптама бөлімшелері орталық аткарушы органның мемлекеттік экологиялық сараптама органының және оның жергілікті жерлердегі органдары жанында болады. Сараптама бөлімшелерінің басшылары экологиялық сараптаманы ұйымдастыру мен жүргізу кезінде тәуелсіз болады және өзінің қызметінде ҚР-ның қолданыстағы заңын басшылыққа алады. ҚР-ның «Экологиялық сараптама туралы» Заңы мынадай:

экологиялық-сараптама комиссияларын, және топтарын өзге де құрылыңдарды құруга, шарт негізінде олардың жұмысына қатысуға, жоғары білікті отандық, шетелдік мамандар мен ғалымдарды
заңды тұлғаларды тартуға;

сараптама бөлімшелерінің қызметіне бақылау жасауды жүзеге асыруға;

экологиялық сараптама кеңестерін басқаруға, олардың қызметін
ұйымдастыруға;

сараптама жүргізу әдістерін белгілеуге;

экологиялық сараптама қорытындыларына қол қоюға;

сараптама жүргізуге қажетті қосымша материалдарды сұратып алуға;

экологиялық сараптама ұсынылған экологиялық нормалар мен ережелерге сай келмейтін материалдарды қабылдамауға;

заңға сәйкес өзге де өкілеттіктерге құқықтар береді.

Мемлекеттік экологиялық сарапшыға белгілі бір құқықтар мен міндеттер берілген, сондай-ақ олар орындаған сараптама үшін жауап береді. Атап айтқанда, мемлекеттік экологиялық сарапшының сараптама үшін қажетті құжаттар мен материалдарды талап етуге, қосымша мамандар тартуға, жүргізілген сараптама жөнінде ерекше пікір қалыптастыруға және т. б. құқығы бар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бұйымның тұтыну қасиеттерінің сараптамасы
Қазақстан Республикасындағы сот-медициналық сараптаманың жүйелі құрылуы
Экологиялық сараптама және аудит пәні бойынша Оқу-әдістемелік кешен
Фармацевтикалық химияның міндеттері
Сот-медицинасының түсінігі, міндеттері
Қылмыстарды ашуда арнайы білімдерді қолдану тіркеу қызметін жетілдіру
Қазақстан Республикасында сот сараптамаларын тағайындау мен жүргізудің құқықтық және ұйымдастырушылық негіздері
Ветеринариялық санитариялық сараптау
Қоршаған ортаның сапасын басқару пәні бойынша лекциялар жоспары
Сот медицинасының түсінігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz