Әсет Найманбайұлы «Бақтиярдың қырық бұтағы» циклдік топтамасының жанрлық ерекшеліктері



“Бақтиярдың қырық бұтағы”, Бақтияр-наме — парсы тілінде жазылып, шығыс елдеріне кең тараған тармақты қисса-дастандар топтамасы, көне әдебиескерткіш. Ең ескі нұсқасы 1296 жылғы қолжазба болып есептеледі. “Бақтиярдың қырық бұтағы” — “Мың бір түн”, “Сандыбаднаме” сияқты ескерткіштермен тектес туынды. Бірқатар зерттеушілер “Бақтиярдың қырық бұтағын” Шығыс Түркістан өңірі қазақтарының қисса-дастаны, “қырық бұтағы” ретінде қарайды. Алайда, “Бақтиярдың қырық бұтағы” қырық қиссамен шектелмейді. Қазақ ұғымында жеті, тоғыз, қырық сандары киелі, көптікті білдіреді. “Бақтиярдың қырық бұтағы” — Шыңжаң өлкесіне тараған екі жүзден астам қисса-дастандар топтамасы. Сол топтамадағы “Шәкір-Шәкірат”, “Қасым жомарт” дастандарын Жүсіпбек Шайқысламұлы, “Шеризат”, “Нұғыман-Нағым”, “Ағаш ат” дастандарын Әсет Найманбайұлышығыс сюжетінен алып жазған. “Бақтиярдың қырық бұтағында” елді мекен, кісі аттары көбіне арабша, парсыша болғанымен, оқиға қазақы дәстүрде айтылады. Қазақ ақындарының араб-парсы әдебиетінен келген сюжетті өңдеп, жырлауы нәтижесінде, қазақтың бай ауыз әдебиетімен ұштасып, төл туындыдай сіңісіп кеткен. “Бақтиярдың қырық бұтағы” — назиралық үлгіде жырланған.
Екіұшты дүниелердің бірі - Әсет ақынның «Бақтиярдың қырық бұтағы» топтама дастандарын жырлаушылардың бірі болуы. Жалпы қазақ әдебиетінде циклді дастандар тобына жататын «Бақтиярдың қырық бұтағын» жырлаушы - Жанұзақ ақын. Жанұзақ нұсқасын Шыңжан өлкесіндегі қазақтар арасына таратқан ақынның баласы, Әсеттің ақын шәкірті, үлкен жыршы - Әріпжан Жанұзақұлы. Бұл тармақты қиссаларды Әсет те жырлаған. Тіпті, қырық бұтаққа қырық дастан арнауға өзіне мақсат қойған,- деген сөз бар ел арасында. Бірақ, қазақ қиссаларының ішінде «қырық бұтаққа» жататын қиссалардың басы біріктіріліп, жинақталды ма, оларды қай ақындар жырлаған, әр ақынның бір оқиғаға жазылған қиссаларына салыстырулар жүргізілді ме?- деген сауалдар төңірегінде нақты зерттеулер болмағандықтан, Әсет қиссаларының бұл топтамасына бас сұғып, пікір айту әлі ертерек сияқты. Мәселен, қытайда шыққан екі томдыққа осы «қырық бұтаққа» кіретін деген Әсеттікі ретінде бізге таныс емес «Алтын балақ ақ сұңқар», «Бақтияр», «Дастархан», «Жамсап», «Нұғыман – Нағым» деген дастандар енген. Енді осы қиссалардың бәрі Әсеттікі дейтін дәлел керек. Дәлел текстологиялық, тарихи-салыстымалы т.б. зерттеулер арқылы ғана келеді. «Қырық бұтаққа» қосқан әр ақынның үлесін айқындап барып, оларды өзара салыстырғанда ғана «Бақтиярдың қырық бұтағы» деген көне әдеби ескерткіштің қазақ даласындағы тамаша үлгісі өз дәрежесінде көрініп қана қоймай, оны жырлаған қазақ ақындарының әдебиеттегі тұғыры биіктей түсер еді. Сондай-ақ, Әсет ақынның көлемді шығармалары туралы айтқанда біз естімеген «Омар патша» деген дастанының болғандығы айтылып жүр.
1. Құдайбердіұлы Ш. Түрік, қазақ, қырғыз һәм хандар шежіресі
2. Әбен Е. Дала даналары, Алматы: Қазақстан даму институты, 2001
3. әдебиетінің қысқаша тарихы: оқу құралы. ІІ кітап, Алматы: Қазақ Университеті, 2002
4. Әбдиманұлы Ө. ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиеті: оқу құралы, Алматы: Қазақ Университеті, 2002
5. Өзбекұлы С. Қазақстанның саясы құқықтық ой – пікір тарихының өзекті мәселелері, Алматы: «Білім», 2004
6. Уеллер Чарлз. Қазақ халқының ұлттық мәдениеті, Алматы: Орталықазия тарихи – мәдени зерттеу орталығы, 2003
7. Әбдіғаиұлы Б. Шәкәрімнің жұмбақтары. /Б. Әбдіғазиұлы//Қазақ тілі мен әдебиеті, 2001
8. Қалиев С. Алтынсарин Ы. мен Құдайбердіұлыныңдіни тәрбие жөніндегі көзқарастарындағы үндестіктер /С. Калиев// Ұлт тағлымы 2002
9. Қожамберлиев Б. Шәкәрім философиясындағы рухани болмыс мәселелері / Қожамберлиев Б// Ұлт тағлымы, 2003
10. Сейсенұлы Д. Шыңғыстау. Шәкәрім Шыңырау / Сейсенұлы Д// Егемен Қазақстан, 2003
11. Сейсенова А. Шәкәрім мен Гете поэзиясындағы ғалам суреттері, /Сейсенова А.// Қазақ тілі мен әдебиеті, 2003
12. Қамбарбекова Ғ. Үш алып үйлесімі: Ұлы ақын нәр алған үш арна /Қамбарбекова Ғ// Абай, 2004

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ
Тақырыбы: Әсет Найманбайұлы Бақтиярдың қырық бұтағы циклдік топтамасының жанрлық ерекшеліктері

Орындаған: Садақбаев А.С
Тексерген: Жундибаева А.
Топ:Қ- 217

Семей 2015ж
"Бақтиярдың қырық бұтағы", Бақтияр-наме -- парсы тілінде жазылып, шығыс елдеріне кең тараған тармақты қисса-дастандар топтамасы, көне әдебиескерткіш. Ең ескі нұсқасы 1296 жылғы қолжазба болып есептеледі. "Бақтиярдың қырық бұтағы" -- "Мың бір түн", "Сандыбаднаме" сияқты ескерткіштермен тектес туынды. Бірқатар зерттеушілер "Бақтиярдың қырық бұтағын" Шығыс Түркістан өңірі қазақтарының қисса-дастаны, "қырық бұтағы" ретінде қарайды. Алайда, "Бақтиярдың қырық бұтағы" қырық қиссамен шектелмейді. Қазақ ұғымында жеті, тоғыз, қырық сандары киелі, көптікті білдіреді. "Бақтиярдың қырық бұтағы" -- Шыңжаң өлкесіне тараған екі жүзден астам қисса-дастандар топтамасы. Сол топтамадағы "Шәкір-Шәкірат", "Қасым жомарт" дастандарын Жүсіпбек Шайқысламұлы, "Шеризат", "Нұғыман-Нағым", "Ағаш ат" дастандарын Әсет Найманбайұлышығыс сюжетінен алып жазған. "Бақтиярдың қырық бұтағында" елді мекен, кісі аттары көбіне арабша, парсыша болғанымен, оқиға қазақы дәстүрде айтылады. Қазақ ақындарының араб-парсы әдебиетінен келген сюжетті өңдеп, жырлауы нәтижесінде, қазақтың бай ауыз әдебиетімен ұштасып, төл туындыдай сіңісіп кеткен. "Бақтиярдың қырық бұтағы" -- назиралық үлгіде жырланған.
Екіұшты дүниелердің бірі - Әсет ақынның Бақтиярдың қырық бұтағы топтама дастандарын жырлаушылардың бірі болуы. Жалпы қазақ әдебиетінде циклді дастандар тобына жататын Бақтиярдың қырық бұтағын жырлаушы - Жанұзақ ақын. Жанұзақ нұсқасын Шыңжан өлкесіндегі қазақтар арасына таратқан ақынның баласы, Әсеттің ақын шәкірті, үлкен жыршы - Әріпжан Жанұзақұлы. Бұл тармақты қиссаларды Әсет те жырлаған. Тіпті, қырық бұтаққа қырық дастан арнауға өзіне мақсат қойған,- деген сөз бар ел арасында. Бірақ, қазақ қиссаларының ішінде қырық бұтаққа жататын қиссалардың басы біріктіріліп, жинақталды ма, оларды қай ақындар жырлаған, әр ақынның бір оқиғаға жазылған қиссаларына салыстырулар жүргізілді ме?- деген сауалдар төңірегінде нақты зерттеулер болмағандықтан, Әсет қиссаларының бұл топтамасына бас сұғып, пікір айту әлі ертерек сияқты. Мәселен, қытайда шыққан екі томдыққа осы қырық бұтаққа кіретін деген Әсеттікі ретінде бізге таныс емес Алтын балақ ақ сұңқар, Бақтияр, Дастархан, Жамсап, Нұғыман - Нағым деген дастандар енген. Енді осы қиссалардың бәрі Әсеттікі дейтін дәлел керек. Дәлел текстологиялық, тарихи-салыстымалы т.б. зерттеулер арқылы ғана келеді. Қырық бұтаққа қосқан әр ақынның үлесін айқындап барып, оларды өзара салыстырғанда ғана Бақтиярдың қырық бұтағы деген көне әдеби ескерткіштің қазақ даласындағы тамаша үлгісі өз дәрежесінде көрініп қана қоймай, оны жырлаған қазақ ақындарының әдебиеттегі тұғыры биіктей түсер еді. Сондай-ақ, Әсет ақынның көлемді шығармалары туралы айтқанда біз естімеген Омар патша деген дастанының болғандығы айтылып жүр.
Жанұзақ ақын Шыңанұлы жөнінде тағы бір әңгімеде оның жасырақ кезінде арғы атасы Байжігітпен бірге туысқан Жанжігіт тұқымдарын іздеп, Өзбекстан жеріне сапар шеккені, сөйтіп, ол жақта үш жыл тұрып қайтқандығы сөз болады. Ұлы жүз - Үйсін, Дулат елдерінде, Ташкент, Самарқан, Хиуа, Ферғана қатарлы мәдениеті дамыған қалаларда болады. Ол жақта парсы, араб тілдерінде таралған ертегі, аңыз, әңгімелерді жинап, еліне келген соң оларды өлеңге айналдырып жырлаған. Бақтиярдың қырық бұтағының қазақ тілінде алғаш дүниеге келуі осылай еді делінеді.
2005 жылы Қытайдың Шәуешек қаласында Дәулетбай шежіресі деген атпен шыққан жинақта шежіреші Мұратбек Қалиұлы Жанұзақтың ата-тегін өлеңмен былай таратады:
Бар екен Сәйбек ханның тоғыз ұлы,
Іздеген өнер-білім озық елден
Біреуі тоғыз ұлдың Тоқтарқожа
Аулына Байыс байдың іздеп келген
Апамыз Мақта апайдан екі ұл туған,
Байжігіт, Жанжігіт деп атынқойған
Жанжігіт Тоқтарменен бірге кетіп,
Байжігіт Мақта апаймен бірге қалған.
Жанжігіт Ауған жерін мекен етіп,
Кең түп, Тар түп деген жерге барған.
Дәулетбай, Мырзаш батыр іздеп барып,
Бір жыл тұрып ол жақтан келгені анық, -
дейді. Ал Әнуарбек Қоңқақұлы (1924-1988) Әрімжан Жанұзақұлы деген көлемді мақаласында былай деп жазады: Жанұзақ ақын араб тіліне жетік, молда адам еді, сол себепті араб-парсы әдебиетінің мол қазынасын ойдағыдай пайдаланған. Оның үстіне Түркия еліне сапар шекпекші болып Хиуа қаласына барып, сол Хиуаның Қарағайлы деген жерінен Жанжігіт елін іздеп тауып, сол елдің әдебиеті мен мәдениетіне қанығады. Сол негізде Бақтиярдың қырық бұтағын жазады.
Жанұзақ ақын Хиуа сапарынан оралған соң мұндағы Байжігіт елін солай қарай көшуге уағыздап, сол кездегі жұмық, тоғас, мәмбет руларының елағаларына кеңес ретінде:
Мына жақта бар еді,
Жанжігіт деген ел еді,
Айтпасам да, жұртым-ау,
Барлық қазақ біледі, -
деп басталып,
Айтқаныма наныңыз,
Талай тәлім мен алдым,
Қиссадан оқып біліңіз,
Бірыңғай болсын діліміз, -
деп аяқталатын толғауын айтады. Міне, осы толғаудың өзінен Жанұзақ ақынның сол кездегі Орта Азияның ең үлкен мәдениет ошағы - Самарқант - Хиуа өңірінде болып, сол жерде арабтың озық мәдениетімен танысып барып, Бақтиярдың қырық бұтағын жазып, оны туған халқына ұсынғанын қиссадан оқып біліңіз деген сөзінен-ақ ұғуға болады.
Жанұзақтың Бақтиярдың 40 бұтағын 40 күн жырлап, Таңла махшар және діни бір хиссаны көп айтатындығы аңыз боп қалған.
Жанұзақ ақынның өзі өмір сүрген заманы, ел-жұрты туралы өлеңдері ҚР Білім және ғылым министрлігінің Орталық ғылыми кітапханасында, М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында сақтаулы. Ал, оның жырлаған дастандарынан соңғы уақыттарға дейін көпшілікке белгілі болып келгені - 1916ж. Уфа қаласында араб әрпінде жеке кітап болып жарияланған Бақтияр қиссасы. Дастанды жарыққа шығарып бастырған Бектуған Сиқымбайұлы.
Бақтияр қиссасы 2004 жылы Бабалар сөзі атты жүз томдық ғылыми серияның 9-томында жарияланды. Томға енген мәтін 1916 жылғы кітаптан еш түзетусіз дайындалып, кирилл әрпінде қазақстандық оқырмандарға алғаш рет ұсынылған болатын.
Қытай қазақтарының фольклорын орындаушы, әрі жинаушы, оны зерттеушілердің айтуынша сол елде тұрып жатқан қандастарымыздың рухани мұрасының бір бөлігін - Бақтиярдың қырық бұтағы атты дастандар тізбегі құрайды, ал оның жырлаушысы ретінде бір ауыздан Жанұзақ ақын көрсетіледі. Мысалы, Қытайдағы қазақ фольклорын жариялау, зерттеу ісіне біраз еңбек сіңірген О.Егеубаев былай дейді: Қарт жырау Сұлтан Мәжиттің айтуынша дастан алғашында аңыз-ертегі, шежіре түрінде тарайды. Оның 38 бұтағын Жанұзақ ақын 17 жыл бойы жазған. Кітап үш бөлімді, киіз қапты, ләмпик тысты, қара сиямен көне араб жазуында жазылған. Оны сол заманда ел Жанұзақтың киіз кітабы деп атаған. Жанұзақ ақын қартайған шағында кітапты баласы Әріпжан ақынға аманат етіп қалдырды. Жазылмаған екі бөлімнің оқиғасын әңгімелеп береді. Әрімжан кітапты түгел жаттайды. Екі бұтағын жалғап жазады. Домбырамен әуендетіп, Қырық бұтақты түгел жырлағанда бір айдан артық уақыт кетеді екен. Әрімжаннан шәкірті Сұлтан Мәжитұлы жаттап алады. Тарбағатай аймағына осы екі ақыннан етек алып тарайды. 1955-56 жылдары фольклоршы Ақыл Сқақжанұлы мен әнші Кәмал Ішікбайқызы Сұлтан Мәжитұлының жатқа айтуынан он сегіз бұтағын қағазға түсіріп, Іле облыстық мәдениет мекемесінің мұрағатына табыс еткен.
2007 жылы Алматыда "Толағай" баспасынан жарық көрген Жанұзақ Шыңанұлының "Бақтиярдың қырық бұтағы" атты толғаулары мен дастандар жинағы жарық көрді. Ақын мұрасын жинақтап, баспаға тапсырғандар Ахметолла Қалиұлы мен Құсман Игiсiн [4, 30].
Бақтиярдың қырық бұтағы топтамасына кіретін дастандар туралы оны жеткізуші қиссагөйлердің де, зерттеуші ғалымдардың да арасында бір ауызды пікір жоқ. Мәселен, Н.Мыңжани Қырық бұтаққа жататын айқын қиссалар қатарында Дастархан, Шәкір-Шәкірат, Шеризат, Жамсапты атаса, кейбір айтушыл бар Нұғман-Нағым, Ағаш ат, Жиһанша, Әмірзада, Алтын балық, Хасен-Мәлике, Атымтай-Жомарт, Шаһмарал, Шамсия, Темір таяқ т.б. қиссаларды жатқызады дей келе, мұның бәрі мұқият зерттеуді қажет етеді. Қазіргі ең басты мәселе бұл қиссалардың әлі толық жиналмағандығында болып отыр. Жиналғандарының да бас-аяғы толық емес. Бір қиссаны әркім әр түрлі айтады, - дейді.
Бақтияр және оның қырық бұтағын дайындаушы Ахметолла Қалиұлы топтама құрамына төмендегі дастандарды кіргізген: Азатқабыт, Қамарзаман, Данияр.
Бұдан туатын тұжырым топтамаға біріктірілген дастандар туралы айқын тоқтам жоқ, әр түрлі пікір басым. Бұл заңды да, өйткені Бақтияр және оның қырық бұтағын шығарған Жанұзақтың да, оның ұлы Әрімжанның да өз қолжазбалары бізге келіп жетпеген. Дастанды жеткізушілер - кейін үйреніп айтушылар. Әр қиссагөйдің таланты, қабілет-қарымы әр алуан болып келетіні белгілі. Сондықтан топтаманы жадтарында толық сақтай алмай, белгілі бір бөлігін ғана айтып жүрген. Оның үстіне дастаншылар оған өздері білетін басқа дастандарды қосып өңдеп отырған деп ойлаймыз.
Ақынымыздың замана шындығын шынайы жырлап, көкірек шерін тарқатқан шығармаларын шама келгенше жан-жақты толықтырып, бүгінгі желкілдеп өскен жас жеткінге жеткізу, естерінде елес боп қалған ересек ұрпақтың жадында қайта жаңғырту - біздің парызымыз.

Әдебиеттер тізімі

1. Бабалар сөзі. Жүз томдық. 9-том. Хикаялық дастандар. Құраст.: Ақан А., Әзібаева Б., Рақышева Ж. - Аст.: Фолиант, 2004.
2. Мұхаметқанұлы Қ. Абайдың ақын шәкірттері. ІІІ-кітап. - А.: Дәуір, 1994.
3. Жанұзақұлы Ә. Өлеңдер, толғаулар, дастандар. - Өскемен, Полиграф, 1992.
4. Жанұзақұлы Ә. Дүние-керуен. - А.:Толағай,2006.
5. Шыңанұлы Ж. Бақтиярдың қырық бұтағы. - А.: Толағай, 2007.
Артыққызы З. Қолжазба дастандар(Бақтияр және оның қырық бұтағы бойынша). - Түркістан, 2000.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ
Тақырыбы: Көкбай шығармашылығындағы Абай дәстүрі

Орындаған: Садақбаев А.С
Тексерген: Жундибаева А.
Топ:Қ- 217

Семей 2015ж
Абаймен байланысы жайында әлі толыққанды ғылыми тұжырымдар жасалып біткен жоқ. Ақын шәкірттердің ішінде Көкбайдың орны оқшау тұр. Абай өз өлеңдерін Көкбай атынан беруі тегін құбылыс емес. Жүрегінен жарып шыққан туындысын қасындағы шәкіртінің атынан жарияласа, Көкбайдың ақындығына көңілі толғандығының белгісі, шәкіртіне деген үлкен сенімі деп түсінген абзал. Қашанда ақындық өнерге биік талғаммен қарайтын Абайдың жазғанымды оқырман қалай қабылдайды екен,- деген үміт-күдірі аралас күйде болғаны шығар бәлкім. Екіншіден, өзінің жазғандарына сыншыл ақынның көңілі толмай, қанағат қылмай жүру себебі де бар. Дала уалаяты газетінде Көкбайдың атынан басылған бір-екі өлеңін көзі қарақты жұрт жылы қабылдап, жақсы лебіз айтқаннан кейін ғана, өлеңдерін өзіне қайтарып алады.
Абай тарапынан Көкбайдың сынға ұшыраған өлеңі - Әзірет Әлінің айдаhармен алысқаны туралы шығарма. Турағұл Әріптің Зияда - Шаhмұрат дастанын да өлең деп атағандықтан, Көкбайдың бұл шығармасы аталуына қарағанда оқиғалы дастан болуы мүмкін. Мүмкін дейтін себебіміз Көкбайдың айдаһармен алысқан Әзірет Әлі туралы шығармасы бізге жетпеген. Бізге белгілі дастандарында, өлеңдерінде бұндай сюжет жоқ. Көкбайды көрген, Абай туралы көп деректер алған М.Әуезовтің өзі: ертеректе айтқан дін сарынындағы бір қиссасы дегенімен, нақты тоқталмауына қарағанда бұл шығарма Әуезовтің қолына түспеген. Көкбайдың ақындығы деген мақаласында жазушының: Одан қалған жазбалардың саны өте аз ғана. Жас кезінде, Абай уақытында айтып, жазып жүрген өлеңдерін өзі көп ұқыппен жинамаған, - деген пікірі біраз нәрсені аңғартады. Біздің пайымдауымызша Көкбай ақын қисса жазуды ақындық сапарының басында қолға алса керек. Абай сыны Көкбайдың ақындық бетін басқа жаққа бұрып, реалистік шығармалар жазуына мұрындық болған. Осы ықпалды Әріп ақын шығармашылығына қатысты айтуға да болады. Демек, Әзірет Әлімен алысқан айдаһар туралы діни тақырыптағы шығармасы Көкбайдың жас кезінде жазылуы ықтимал. Абай сыны шәкірттеріне үлкен ой салып, әлгі шығарманың ел арасына таралмауына Көкбайдың өзі себепкер болған, сол себепті бұл шығарма ақын шығармаларының ішінде аталмайды деген болжам айтамыз.
Көкбай - Абайдың шәкірті ғана емес, ақындық өнер жолында серіктесі, реті келген кезде ұстазының шабытын қамшылап, өлеңнің тууына себепші болған жан. Қашанда алдымен Көкбайды сынап, соңынан өз туындысын ұсынған Абай өлеңдерінің кейбіріне Көкбайдың ортақтасып жататын тұстары да ұшырасады. Мәселен, Абай жинақтарында Күлембайға арналған екі өлеңнің бірі Болыс болдым мінеки деп басталады. Алғаш рет 1889 жылы Дала уалаятының газетінде көп қысқартылып, сөздері оғаш өзгеріске түсіп, авторы аталмай жарияланды. Өлең түсінігінде: 1888 жылда май айында Ақшатау деген жерде, Семей облысы менен Жетісу облысының төтенше съезі болғанда бір уездің ел билеушілерінің съездегі түрі деп жазылған. Өлең 1933 жылғы Толық жинақтан бастап Күлембайға деген тақырыппен басылып келеді. Тек, Ә.Жиреншин құрастырып, баспаға дайындаған 1961 жинақтың түсінігінде: Абай шығармалары жинағындағы коментарийлерге бұл өлең Күлембай болысқа байланысты жазылды делініп келді. Ол дұрыс емес. Осы жылы Семей губернаторы жергілікті әкімдердің салақтығын еске алып, ерекше бұйрық шығарған [5, 578 б] , - деп өлеңнің жалпы болыстарға арналғанын келтірген пікірі шындыққа жақындау. Өйткені, Абай өмірінен хабардар ететін бірден-бір тарихи шығарма Абай жолы эпопеясында осы туындыға қатысты төмендегідей жолдар бар: ...Әлдекімнің аузынан Тәкежан болыс, Молдабай болыс, Ысқақ болыс деген сөздер шыға қалса, Абай ылғи сықылдап күле беретін. Қазір ұлық үйлерінің маңында топталып жүрген әбігер жандарды көргенде Абай өзгеріп кетті. Кеше кештен оралып жүрген бір ащы сайқымазақ, қазір күліп айтқан өлең жолдарына айналды, - деген өлеңге берілген көркемдік негіздегі түсінікте де Күлембай туралы сөз айтылмайды. Демек, өлең Күлембай болысқа емес, жалпы би-болыстарға арналған. Әсілі, Мұқыр елінің болысы Күлембайға арналған Уағалейкумуссәләм... деп басталатын өлеңнің жалғасы іспетті болғандықтан болса керек, сол кездегі би-болыстың типтік бейнесін сомдаған Болыс болдым мінеки өлеңі де Күлембайға таңылып кеткен. Абай жолында кездесетін тағы бір құбылыс романда Абайдың осы өлеңінің соңын ала Көкбай да:
Қойма қойып әр жерге,
Тығып жүрмін сырымды.
Жауығатын жатымнан
Аямаймын қырымды , -
деген шумақты қолма-қол суырып қосып жібереді. Абай туралы көп мәліметтер алып, аса жақын араласқан М.Әуезов Көкбайдың аузына бір ауыз өлеңді даладан алып сала салмасы анық. Тарихи романда идеологиялық көзқарастың салдарынан Сырымды менің сұрасаң деп басталатын Дулат жыры ғана өзгеріске ұшырағаны болмаса, бір де бір өлең тармағы ойдан қосылып немесе тарихи шындықтан алшақ кетпейді. Қалай деген күнде де Болыс болдым мінеки өлеңі Абай мен Көкбай арасындағы рухани жақындықтың тағы бір айғағы бола алады.
Ендігі мәселе екі ақын арасындағы әдеби диалог, яғни Абайдың шәкіртіне өлең арнауы, Көкбай өлеңдеріндегі ұстаз - Абай тұлғасы деген дүниелер турасында біраз сөз айтсақ. Көкбай Абайдың күнделікті өмірінде үнемі қасында жүріп, ақындық өнеріне, шабытты сәті мен ішкі көңіл-күй толғаныстарының куәгері ғана емес, себепкері де болды. Көкбайды Абайдың ақын шәкірті, рухани інісі деу аз. Көкбай - Абайдың досы болу дәрежесіне жеткен шәкірттер ішіндегі жалғыз адам. Абай өзі өлерден бірер жыл бұрын баласы Турағұлға: Көкбай маған қызмет етіп жүргенге қарап, оны өздерің дәрежелес адам екен деп қалмаңдар, ол үлкен адам. Тегіде, Көкбайдан қол үзбеулерің керек, - дегенінен артық бағаның Көкбайға қажеті жоқ.

Пайдаланған әдебиеттер:
1 Көкбай ақсақалдың естелігі. Кітапта: Жүрегімнің түбіне терең бойла: (Абай туралы естеліктер). -Алматы: Жазушы, 1995.
2 Исабаев Б. Ұлылар мекені. -Новосибирск, 2001.
3 Әуезов М. Абай Құнанбаев. -Алматы: Санат, 1995.
4 Әуезов М. Абайтану дәрістерінің дерек көздері. -Алматы: Санат, 1997.
5 Құнанбаев А. Шығармаларының бір томдық толық жинағы. (Құр. Жиреншин Ә.) -Алматы: ҚМКӘБ, 1961.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ
Тақырыбы: Абайдың ақын шәкірттері (реферат)

Орындаған: Садақбаев А.С
Тексерген: Жундибаева А.
Топ:Қ- 217

Семей 2015ж

Жоспар

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2.1 Ақылбай Абайұлы
2.2 Көкбай Жанатайұлы
2.3 Мағауия Абайұлы
2.4 Шәкәрім Құдайбердіұлы
ІІІ. Қорытынды

Қазақтың ұлы ақыны Абайдың қазақ әдебиетіне ХІХ ғасырда және ХХ ғасырда еткен әсері аса мол. Абайдың өзін көрмей, сөзін оқу арқылы, сол Абайдың өлеңдерінің үлгісіне әлеуметтік мәселеге, адамгершілік жайға, ағартушылық турасына арнап көп-көп өлеңдер жазған талай ақындар бар. Әсіресе, бұлардың саны, Абай шығармалары қазақ сахарасына жайыла бастаған сайын молая түскен - дейді Мұхтар Әуезов. Және 1909 жылы ұлы ақынның өлеңдер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әсет Найманбайұлы «Бақтиярдың қырық бұтағы» циклдік топтамасының жанрлық ерекшеліктері.Көкбай шығармашылығындағы Абай дәстүрі.Абайдың ақын шәкірттері
Әсет Найманбайұлы «Бақтиярдың қырық бұтағы» циклдік топтамасының жанрлық ерекшеліктері жайлы
Әсет Найманбайұлы шығармашылығы
Дәстүрлі ғашықтық эпос
Қазақ әдебиеті тарихында өзіндік қолтаңбасы қалған ақындық өнердің өрен жүйрігі
С.Орайханұлының шығармашылығы
ӘСЕТ НАЙМАНБАЙҰЛЫНЫҢ ӨЛЕҢДЕРІ МЕН АЙТЫСТАРЫ ТАРАУ
Ұлт-азаттық көтерілісі туралы тарихи жырлар
А. ҚЫРАУБАЕВАНЫҢ «РАБҒУЗИ ҚИССАЛАРЫ» МЕН «МАХАББАТНАМА» ТУРАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕРІ
Ұлт-азаттық көтерілістері туралы Қытай қазақтарының тарихи жырлар
Пәндер