Қазақстан жануарлары


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Министерство науки и образования РК государственный университет им. Шакарима г. Семей. Кафедра технологии животноводства и охотоведения.

СРО

На тему: Қазақстан жануарлары .

Выполнил:Тончабаев Э. М.

Проверил: Нусупов А. М.

ОЗ-308

Г. Семей 2015 год

Жоспар:

1. Аюлар.

2. Кермарал.

3. Қасқыр.

4. Түлкі.

1. Аюлар [1] (лат. Ursidae ) - жыртқыштар отрядына жататын аң. Олардың денесі шомбал, басы үлкен, құлағы кішкентай, құйрығы қысқа (қалың жүнінен көрінбейді) . Жүні бір түсті, қоңыр, қара не ақ, аяғы бес саусақты, тырнақты болады. Иіс сезу қабілеті жақсы жетілген. Қазір олардың ақ аю, ақтөсті аю, қоңыр аю, барибал, ерінді аю, малай аюы, көзілдірікті аю және үлкен панда деген 8 түрі кездеседі. Ақ аю Солтүстік Мұзды мұхит жағалауында тіршілік етеді. Оның дене тұрқы 3 м-дей, салмағы 400 - 700 кг-дай. Суда өте жақсы жүзеді, сүңгиді, табаны жүнді болғандықтан мұз үстінде таймайды. Ит балықпен, әсіресе каспий итбалығымен (нерпа) қоректенеді. Ақ аю екі жылда бір балалайды, қонжықтары енесімен 1, 5 жылға дейін жүреді. Ақ аю Халықаралық табиғат қорғау одағының «Қызыл кітабына»енгізілген (1976 жылы) . Ал Қазақстанда Тянь-Шань, Жоңғар Алатауы, Тарбағатай, Сауыр және Алтай тауларында аюдың 2 түр тармағы (қоңыр аю, Тянь-Шань қоңыр аюы) мекендейді. Қоңыр аюдың дене тұрқы 2 м-дей, салмағы 150 - 200 кг-дай, түсі қоңыр, қара қоңыр болады. Өзінің мінез құлқы жағынан бейқам, момын, қорқақтау келеді, орман ішінде адам көзіне көрінбейді. Ол адамның өмірі үшін қауіпті емес. Қорек талғамайды. Аюлар үш жасында жыныстық жағынан жетіледі. Ұйығуынан 7 ай өткен соң, 2 - 4 қонжық табады. Қаңтар, ақпан айларында жаңа туған қонжығының салмағы 300 - 600 г болады. Енесінің сүтімен 4, 5 - 5, 5 айға жуық қоректенеді, бір-екі жыл енесімен бірге жүреді. Аюлар 30 - 40 жылдай тіршілік етеді. Буаз аю жеке жүреді, қыста үңгірінде жалғыз жатады. Күзге таман бойына 50 кг-ға жуық май жинап, қатты семіреді де, қысқа қарай ұйқыға кетеді. Егер қажетті май қорын жинай алмаса, ұйқыға жатпайды. Аю - бағалы аң. Ол майы және шипалық қасиеті бар өті үшін ауланады. Семіз аюдан 120 кг ет, 50 кг-дай витамині мол май алуға болады. Аю жабайы тұяқты аңдарға, үй малдарына, сондай-ақ адамға да шабуыл жасайды. Бал омартасына түсуді жақсы көреді. Қоңыр аюлар кәсіптік аң ретінде ауланып келді. Қазір оларды аулауға тыйым салынған.

https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/b/b6/Ursus_maritimus_in_Alaska.jpg/200px-Ursus_maritimus_in_Alaska.jpg

Ақ аю

Аюдың кейбір өнімдері халықтық медицинасында қолданылады. Аюдың етін кептіріп алып, суға аздап езіп ішкізсе, адамның көптеген ауруларына дауа деп есептеледі. Мұндай ем түрі ыстықты түсіреді, жараны тез жазады, кокжөтелге, шиқан, сыздауық шыққанға, бала денесіне шыққан бөртпеге және сары ауруға қарсы ем ретінде саналады. Мәлімет берушілердің айтуына қарағанда, Аю етін асқазан қыжылдау, кекіру сияқты ауруларға қарсы ем ретінде де қолданылады. Оны кебірек жесе денені қыздырып, қан қысымын көтереді. Аюдың қыртыс майын боршалап, жел-қүздан болған буын ауруына, саусақтардың арасына шыққан қиғаққа (теміреткі тәрізді) қыздырып тартады. Ұйқысы қашып жүрген адам иленген теріні жамылып жатса тыныштанады. Аю терісінің үстіне бір ұйықтап тұрса ұйқысы Аюдікіндей болады деп ырымдайды. [2]

2. Кермарал (лат. Cervus elaphus ) - бұғы туысына жататын сүтқоректі жануар. Еркегінің мүйізінде 5 тармағы бар. Құйрығы кысқа. Жаңа туған бұзауларының терісі теңбіл. Дене ұзындығы 80-250 см дейін, салмағы 75-340 кг дейін. Еуразияда, Солтүстік Африкада, Солтүстік Америкада таралған. Бірнеше географиялық түрлері бар (үзбара, марал, вапити және т. б. ) . Оңтүстік Америкада, Австралияда, Жаңа Зеландияда жерсіндірілген. Күзде күйленеді. Буаздығы 238-245 тәулікке созылады. Бұзауы біреу. Кәсіпшілік бағалы нысаны. Бірқатар жерде жойылған. ТМД-да аулауға шектеу койылған. Үзбараларды мен маралдардыбұғы өсіру шаруашылықтарында көбейтеді (мүйізіне бола өсіреді, жануарды соймай-ақ мүйізін кеседі) 8 түршесі ХТҚО мен КСРО-ның Қызыл кітабына еңгізілген.

3. Қасқыр

Қасқыр - жыртқыш аң.

  • Басқа атаулары да белгілі:бөрі, бері.
  • Еркек қасқыр шамамен 50 килограмм болады, ал ұрғашысы 45 кг болады. Тұрғылықты жері жердің солтүстік жарты шеңберінде өмір сүреді.

Қасиеттері

Қасқырдың өзге хайуандардан дара, олардың ешқайсысына ұқсамайтын қасиеттері көп. Оның бойындағы осындай ерекшеліктерге негізделіп айтылатын аңыздар да жетерлік. Солардың бірі түркілердің түпнегізін көкбөрімен байланыстыруы. Қасқырлардың ішіндегі көк аспан түстес келетіндері мен ақ қасқырлар аса киелі хайуан болып есептеледі. Олардың адамдарға көрінуі де сирек. Мұндай көкбөрілермен кезіккен адам да «тегін адам емес, киелі қасиеттерге ие кісі» болып табылады.

Aңыз

  • Ежелгі Қытай жазбаларында мынадай бір аңыз бар: Кезекті бір шайқаста ғұндардың бір бөлігі қатты жеңіліс табады. Қарсыластары сол жердегі бүкіл ғұн атаулыны қырып-жойып, атып-шауып тастайды. Ең аяғында жалғыз ер бала ғана қалады. «Ит қорлықпен өлсін» деген мақсатта дұшпандары оның аяқ-қолын шауып кетеді. Елсізде қалған баланы бір қасқыр тауып алады да өз сүтімен асырайды. Адам аяғы баспайтын биік бір таудың ішіндегі үңгірде бала өсіп, ер жетеді. Осы баладан қасқыр жүкті болып, он ұл тауыпты. Түркі халықтары осы он ұлдан тараған.
  • Тағы бір аңыз:«айдай сұлу бір ару бөлмесінде ұйықтап жатқанда, оған бір көкбөрі келіп, қосылады. Күн сәулесі кейпінде келген көкбөріден қыз жүкті болады. Түркілердің түпнегізі осы қыздан тараған»…

Сипаты

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоршаған ортаға қарсы қылмыстардың жалпы мінездемесі
Қазақстандағы жануарлар дүниесінің зона бойынша таралуы
Мекен ортасына бейімділігі
Оқушылардың өздігінен атқаратын жұмыстардың теориялық және практикалық негіздері
Қазақстанның өсімдіктері мен жануарлар дүниесі. Жануарлар ресурстарын қорғау шаралары. Қорықтар
Экологиялық қылмыстардың ұғымы және мәні
Қазақстанның қызыл кітабына енгізілген жануарлар мен қорықтар тізімі
Организмнің әртүрлілігі
Эпизоотияның даму тарихы. Індет ошағы
Аймақта құтырық ауруының ақырғы рет орын алған уақыты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz