Стенобионттық және эврибионттық организмдер. Негізгі абиотикалық факторлар туралы ақпарат


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы : Стенобионттық және эврибионттық организмдер. Негізгі абиотикалық факторлардың - жарықтың, температураның, ылғалдылықтың, тұздылықтың және т. с. с. экологиялық мәні. Абиотикалық факторлардың сигналдық мәні. Организмдердің индикаторлық мәні.

Орындаған : Елеусіз Р

Тобы : ХН-501

Тексерген: Жексенаева А

Семей 2015

Стенобионттық және эврибионттық организмдер. Негізгі абиотикалық факторлардың - жарықтың, температураның, ылғалдылықтың, тұздылықтың және т. с. с. экологиялық мәні. Абиотикалық факторлардың сигналдық мәні. Организмдердің индикаторлық мәні.

Жоспар:

1. Стенобионттық және эврибионттық организмдер

2. Абиотикалық факторлар

3. Абиотикалық факторлардың сигналдық мәні. Организмдердің индикаторлық мәні.

4. Пайдаланылған әдебиеттер

Стенобионттық және эврибионттық организмдер . Стенобионттық тек белгілі бір орта жағдайларында ғана тіршілік ете алатын организмдер. Олар стенотермді тек температураның аз ғана ауытқуына шыдамды (теңіз маржандары), стеногалинді су тұздылығының өзгеруіне төзе алмайтындар (ұлу) стенобатты қысымның ауытқуына шыдай алмайтындар стенофагтар азықтың белгілі бір түрлерімен ғана қоректенеді, стенотоптар тек белгілі бір тіршілік ортасында ғана өмір сүре алады және т. б Эврибионттар (грек. eurys - кең, ауқымды және bіontos - тіршілік ететіндер) - сыртқы орта факторларының ауқымды түрдегі өзгерістеріне бейімделе тіршілік ететін өсімдіктер немесе жануарлар. Қоңыржай белдеулердегі құрлықта мекендейтін жануарлардың көпшілік түрлері температураның, ылғалдылықтың, Күн радиациясының, т. б. қоршаған орта факторларының едәуір ауқымды өзгерістерін елемей тіршілік ете береді. Эврибионттардың сыртқы орта факторларының ауқымды түрдегі ауытқуларға бейімделуі олардың жоғары деңгейлік төзімділігімен немесе оларда болатын морфофизиологиялық механизмдер арқылы анықталады. Мұндай бейімделушілік белгілер мен қасиеттер арқылы Эврибионттар өздерінің ішкі орта белсенді түрде сақтай алады. Эврифагтар - әртүрлі азықтармен қоректене беретін организмдер, эвритоптар - әр түрлі тіршілік орталарында кең таралған организмдер.

Абиотикалық факторлар
- бұл тірі организмге әсер ететін қоршаған орта жағдайларының тірі емес компоненттері. Оған сыртқы ортаның физикалық, химиялық қасиеттері жатады. Мысалы, ауа райы, жылу, ылғалдық, қысым, жел күші, тұздылық. Абиотикалық факторлардың озгеруіне особьтардың адаптациясынның негізгі екі жолы белгілі: ол - мінез-құлықтың реакциялар және организімніңфизикалық қайта реттелуі. Абиотикалық факторлар популяциялық деңгейде, түрлік деңгейде, экологиялық жүйелер деңгейінде әсер етеді. Соның ішінде популяциялық деңгейде олардың нақты экологиялық жағдайларға бейімделуіне қарай стацияларға бөлінеді. Мысалы, солтүстікке қарай құрғақтау, өсімдік жамылғысын сиректеу, ал оңтүстікке қарай өсімдіктер жамылғысықалың болып бөлінеді. Ылғалдылыққа байланысты оларды ксерофитті, мезофитті, гигрофитті деп бөлінеді. Теңіз деңгейінен жоғарылаған сайын популяциялар ксерофитті стацияларға ауысады. Абиотикалық факторлар жануарлар мен өсімдіктер популяциясының тығыздығына елеулі ықпал етеді.

Жарық өсімдіктер мен жануарлардың тіршілігіне тікелей қатысты, әртүрлі рөл атқаратын экологиялық маңызды фактор. Жер шарындағы барлық тірі материяның пайда болуы мен тіршілігі осы космостан келетін күн жарығына байланысты. Физикалық тұрғыдан қарайтың болсақ жарық энергия түрі, толқынды түрде сәулеленетін электомагниттік табиғаты бар фактор.

Өсімдіктер мухиттардың түбінде, не 100-200 м-ден кейінгі тереңдікте, қаранғы үнгілерде өспейді, себебі олардың организмдерінде жүретін, тіршіліктері үшін өте қажетті фотосинтез процесі жарықсыз жүрмейді. Биосфераның объектілерінде олардың таралуы да жарыққа байланысты. Өсімдіктер 39-80-нен 710 нанометр толқындар үзындығы аралығындағы күн сәулесін қабылдайды. Жануарлар да осы аралықтағы сәулелену спектірін қабылдай алады. Оларға жарық энергия көзі ретінде емес, кеністікте дұрыс беймделуі мен бағыт алуына қажет. Көру мүшелері жок, қаранғы жерде мекендейтін көптеген жануарлар, қеңістікте жылжып қозғалуы үшін басқа сезім мүшелерін пайдаланады. Сонымен қатар саңырауқулақтардың және басқа да бірқатар организмдердің тіршілігіне жарық қажетті фактор болып саналмайды.

Қөрінетін жарық ағзаларға әр түрлі әсер етеді: қызыл сәулелер -жылулық, көк және күлгін - биохимиялық реакциялардың жылдамдығы мен бағытын өзгертеді. Жалпы алғанда жарық өсімдіктердің даму жылдамдығына, белседілігіне, қоршаған ортаның ылғалдылығы мен температурасының өзгеруіне әсер етеді, тәуліктік және маусымдық циклдерді қамтамасыз ететін маңызды фактор болып табылады. Әрбір мекен ету ортасы жарық күшімен, мөлшерімен және сапасымен анықталатың белгілі бір жарық режимімен сипатталады.

Экологиялық фактор ретінде жарыққа қатысты өсімдіктердің төмендегі топтарын бөліп көрсетуге болады: гелиофиттер (грек тілінен аударғанда helios - күн, phyton - өсімдік), сциофиттер (грек тілінен аударғанда skia - көлеңке), және көлеңкеге төзімді өсімдіктер - факультативті гелиофиттер (латың тілінен аударғанда facultatis - мумкіндіғі бар) .

Жарық сүйгіш түрлер -жарық жақсы түсетін ашық жерлерде өседі (бидай, қарағай, майқарағай, итошаған, қойжелкен . Көлеңке сүйгіш өсімдіктер-күшті жарықты көтере алмайды, үнемі (всегда, постоянно) көлеңкеде, орманның көлеңкесінде өседі (орманда өсетін шөптесін өсімдіктер, папортниктер, мүктер) . Кесілген орманның орнындағы шөптер тіршілігін сақтай алмайды. Көлеңкеге төзімді өсімдіктер (факультативті гелиофиттер) - жақсы жарық жағдайында өседі, бірақ көлеңкені де жақсы көтереді (орманның көптеген өсімдіктері, шалғындық өсімдіктері, орман шөптері мен бұталары) . Жануарлар күндізгі, түнгі және қас қарайғанда (сумерки) тіршілік ететін жануарлар болып бөлінеді. Сонымен қатар жарық күнді қөтере алмайтын, тек қараңғыда тіршілік ететін (топырақ жануарлары, ұнгірлер (роющие норы көртышқкан -крот) мен терең жерлерде мекендейтін) жануарлар, жануарлар мен өсімдіктердің ішкі паразиттері де бар. Фотопериодизм - өсімдіктер мен жануарлардың жарықтың түсу ұзақтығына байланысты әрекеттері. Ағзалардағы маусымдық өзгерістер көбінесе жарықтың түсу ұзақтығына байланысты реттеледі. Жарықтың түсу ұзақтығының өзгеруі температура өзгеруімен бірге жүреді. Бірақ жарық температура сияқты кездейсоқ өзгере бермейді. Фотопериодизм құстардың қоныс аударуы, жапырақтардың түсуі сияқты маусымдық өзгерістердің негізі. Қоңыржай белдеулерде тіршілік ететін жануарларға күзгі күннің қысқаруы көбею жағдайына әсер етіп, тоқтатады. Ал көктемгі күннің ұзаруы жануарлардың көбеюіне жағдай жасайды. Күндізгі жарықтың ұзақ уақыт түсуі үй құстарының көбірек жұмыртқа салуына да әсер етеді.

Температура (лат. temperatura - араластырылуға тиісті, өлшемдес болу, қалыпты күй) [1] - макроскопикалық тепе-теңдік күйін сипаттайтын физикалық шама. Егер оқшауланған немесе тұйықталған жүйе термодинамикалық тепе-теңдік күйде болса, онда оқшауланған немесе тұйықталған жүйенің кез келген бөлігінде температура бірдей болады. Ал егер жүйе тепе-теңдік күйде болмаса, онда жылу (энергия) оның температурасы жоғары бөлігінен температурасы төмен бөлігіне қарай ауысып, белгілі бір уақыт өткеннен кейін жүйенің барлық бөліктеріндегі температура өзара теңеседі. Молекула кинетикалық теория тұрғысынан тепе-теңдіктегі жүйенің температурасы сол жүйені құрайтын атомдардың, молекулалардың, т. б. бөлшектердің жылулық қозғалысының қарқындылығын сипаттайды. Мысалы, классикалық статистикалық физиканың заңдарымен сипатталатын жүйе үшін бөлшектердің жылулық қозғалысының орташа кинетикалық энергиясы жүйенің абсолют температурасына тура пропорционал болады. Бұл жағдайда температура дененің жылыну (қызу) дәрежесін сипаттайды. Жалпы жағдайда температура жүйе энергиясының энтропия бойынша алынған туындысымен анықталады және ол әрқашан оң болады. Осылай анықталған температура абсолют температура немесе термодинамикалық шкала температурасы деп аталады. Бірліктердің халықаралық жүйесінде абсолют температураның бірлігіне кельвин(К) қабылданған. Көп жағдайда температураны Цельсий шкаласы (t) бойынша өлшейді. Ал t және Т бір-бірімен: t=T-273, 15К теңдігі арқылы байланысқан (мұнда Цельсий градусы кельвинге тең) . Дене температурасы термометр арқылы өлшенеді. Ортаның температурасы ағзаның температурасына әсер етеді, яғни ағзадағы зат алмасуды құрайтын барлық химиялық реакциялардың жылдамдығына әсер етеді. Негізінен ағзалар 0-(+50) 0С аралығында тіршілік ете алады. Бұл цитоплазманың қасиеттеріне байланысты. Ең жоғарғы температура шегі 120-1400С (споралар, бактериялар тірі қалуы мүмкін) ең төменгі температура шегі болып - 190-(273) 0С (споралар, тұқымдар, сперматозойдтар шыдай алады) болып табылады.
Температураға байланысты ағзаларды криофилдер (температурасы төмен жерлерді мекендейтін) және термофилдер (температурасы жоғары орталарды мекендейтін) деп бөлінеді.
Ағзалар екі жылу энергиясының көзін қолдана алады: сыртқы күннің жылу энергиясын немесе жердің ішкі жылуын және ішкі - ағзада зат алмасу барысында бөлінетін жылу.
Ағзаның жылу балансын реттеуде басым қолданатын энергия көзіне байланысты оларды пойкилотермді және гомойтермді деп бөледі.
Пойкилотермді ағзалар - дене температурасы тұрақсыз, қоршаған ортаның температурасына қарай өзгеріп отыратын ағзалар. Олар микроағзалар, өсімдіктер, саңырауқұлақтар, омыртқасыздар және кейбір омыртқалылар (балықтар, қосмекенділер, бауырымен жорғалаушылар) жатады. әдетте олардың дене температурасы сыртқы ортаның температурасынан 1-20С - қа жоғары немесе бірдей болады.
Гомойтермді ағзалар - дене температурасын сыртқы ортаның температурасынан тәуелсіз тұрақты дәрежеде ұстап тұра алатын ағзалар. Гомойтермді топқа құстар мен сүтқоректілер және адам жатады.
Өсімдіктер төмен температураға шыдамдылығына байланысты жылылық сүйетіндер және суыққа төзімділер деп бөлінеді. Жылу сүйгіштерге жүзім, шабдалы, өрік, алмұрт жатса, суыққа төзімділерге мүк, қыналар, қарағай, шырша, самырсын т. б. жатады.
Әрбір жеке организмнің өзіне тән температураға деген талабы және шегі болады. Кейбір организмдер температураға төзімділік көрсетеді. Мәселен, балықтар 520С-та, ал бактериялар 800С-та қалыпты тіршілік етеді. Кейбір көк жасыл балдырлар 440С-та өмір сүре береді. Температураның қалыпты мөлшерден кемуі кез келген ағзаның денесіндегі зат алмасуды тежеп, клеткадағы биохимиялық реакцияларды бұзып, одан әрі біртіндеп жасушалар кристалданып, жалпы тіршілігі тоқтайды.

Күнге қарай өсімдіктер жасушасындағы цитоплазма суын азайтып, қоюланып, оның органоидтары төмен температураға бейімделіп, төзімді күйге көшеді.
Қыс кезінде өсімдіктер спора, тұқым, түйнек, пиязшық, тамыр, жемтамыр, түзу арқылы тыныштық күйге көшіп, төмен температураларға шыдайды. Ал ірі ағаштар жапырағын тастап, бойындағы шырынды заттар қоюланып, қысқа төзімді күйге ауысады.
Пойкилотермді жануарлар қолайсыз температура жағдайында қысқы ұйқыға (анабиоз) кетеді. Анабиоз кезінде организм денесіндегі зат және энергия алмасу уақытша тежеліп, баяу күйге көшіп, ең төменгі деңгейде болады. Ал ұйқыға кету кейбір организмдерде (аю) қоректің жетіспеуінен болады.
Гомойтермді жануарлар төмен температурадан әр түрлі жолдармен қорғанып отырады.
Жануарлар қысы қатты аймақтардан жылы жаққа қарай қоныс ауыстырады (жыл құстары, кейбір сүт қоректілер т. б. ) .
Тері жабындыларындағы жүн және май қабаты қалыңдап, қысқа дайындала бастайды (аңдар, құстар, итбалықтар және т. б. ) .
Уақытша ұйқыға немесе тыныштық күйге көшеді (суыр, борсық, аю, тышқандар т. б) . мұндай гомойтермділердің дене жылуы ұйқыға кеткен кезде ортаның температурасына тәуелді болғаны үшін олардың гомойтермділер деп атайды. Ылғалдылық - қатты денедегі, ұнтақ заттағы, газдағы ылғал мөлшері. Абсолюттік ылғалдылық - материалдардың құрғақ бөлегі массасының өлшем бірлігіне сәйкес келетін ылғал мөлшері. Салыстырмалы ылғалдық материал массасының бір өлшем бірлігіне сәйкес келетін ылғал мөлшері. Кеннің ылғалдылығы байыту фабрикаларындағы жұмыс процестеріне елеулі әсер етеді. Магнитті және электрлі байытуда ылғалдық белгілі мөлшерден аспауы қажет. Металлургиялық зауыттарға жөнелтілетін концентраттардың ылғалдығы тиісті талаптарға сай болуға тиіс

Салыстырмалы ылғалдылық - белгілі бір температурада ауадағы су буларының нақты мөлшерінің (серпімділігінің) осы температурада болуы мүмкін су буы мөлшеріне (қаныққан будың серпімділігіне) пайыз есебімен алынған қатынасы. [1] Салыстырмалы ылғалдылық ауаның су буларымен қанығу мөлшерін көрсетеді. Ауа су буларымен қаныққанда cалыстырмалы ылғалдылық 100% құрайды

Абсолют ылғалдылық - бір текше метр ауа көлеміндегі су буының мөлшері (граммен) . Абсолют ылғалдылық - (Абсолютная влажность; лат. absolutus - толық, сөзсіз, шексіз) - ең жоғары ылғалдылық, ауа көлеміндегі су буының мөлшері, тығыздығы г/м3 өлшенеді. Атмосферадағы aбсолют ылғалдылық қыста қүрлықтар үстінде 0, 1-1, 0 г/м3-ден (биік ендіктерде) 30 г/м3 жоне одан да жоғары (экваторлық белдемде) болады. Кейде абсолют ылғалдылықты су буының серпімділігі деп те атайды. Тұздылық фактор - суда және тұзды суда еритін қосындылардың болуымен анықталатын фактор.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Стенобионттық және эврибионттық организмдер. Негізгі абиотикалық факторлардың – жарықтың, температураның, ылғалдылықтың, тұздылықтың экологиялық мәні. Абиотикалық факторлардың сигналдық мәні
Стенобионттық және эврибионттық организмдер. негізгі абиотикалық факторлардың – жарықтың, температураның, ылғалдылықтың, тұздылықтың экологиялық мәні
Абиотикалық факторлардың сигналдық мәні жайлы ақпарат
Абиотикалық факторлар
Стенобионттық және эврибионттық организмдер
Стенобионттық және эврибионттық организмдер жайлы
Стенобионттық және эврибионттық организмдер.Негізгі абиотикалық факторлардың – жарықтың, температураның, ылғалдылықтың, тұздылықтың және т.с.с.Абиотикалық фактордың сигналдық мәні
Стенобионттық және эврибионттық организмдер туралы мәлімет
Стенобионттық және эврибионттық организмдер жайлы ақпарат туралы
Стенобионттық және эврибионттық организмдер. абиотикалық факторлардың сигналдық мәні. организмдердің индикаторлық мәні
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz