Ізгілік және бақылау


Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Ізгілік және бақылау

Орындаған: Амангельдыев Ербол

Тексерген: Жумашбекова С. К.

Семей 2015 ж

Ізгілікті материалдық-рухани тұрғыдан бақытқа кенелу деп түсіну қате. Ізгі адамның ауру, жоқ-жітік, жәбір-жападан көз ашпаған, опасыздықтан ойыны осылған, қуғын-сүргін көрген, бар өмірі тұтқында өткен, тақым жаздырмаған тақсыретті тағдыры болуы әбден мүмкін. Иса Мәсіх тасбауыр қатігездіктің құрбаны болды. Ал, Сократ пен Эпиктет опасыздық пен қиянаттан көз ашпаған. Алайда, осыған қарамастан олардың барлығы өздерін бақыттымыз деп санаған. Ендеше, бақыт дегеніміз - жүректе иман арқылы салтанат құрып, жаннаттан ескен жайлы самалдай адам көңіліне шуақ шашатын аяулы сезім. Мәселеге осы тұрғыдан қарайтын болсақ, «иман - адам көңіліне егілген жаннаттың, ал имансыздық - жаһаннамның рухани дәні» деуге әбден болады.

Ғаламның қиял жетпес шексіз-шетсіздігін тама-шалаған жан мұның жанында өз болмысының түкке тұрғысыздығын, қолының қысқалығын, бетегеден биік, жусаннан аласа кішілігін түйсініп, мойындауы, міне, бұл нағыз ізгілік. Әйтпесе, көп жағдайда басқа түскен барша нәубеттен тауы шағылып, тауаны қайтады. Әрбір оқиға адамдық абыройы мен қадір-қасиетін сең соққандай сенделетіп, тәннің тойымсыздығы мен тоғышарлығының кесірінен әр отқа бір шарпылып, жанын жегідей жеп жатқан шын жемірді тап басып тани алмай, бақытсыздық құрсауынан құтыла алмасы анық.

Ізгі адам - өз таңдауының оң-терісін ар безбеніне тартып, таразылай алатын парасат иесі. Мұндай жан басқа нәубет төнсе, сары уайымды сапырып, салы суға кетпейді, керісінше, ықтияры жетсе ағысқа қарсы жүзіп, оқиғалардың жалына жармасып, тізгіндеп бағады. Ал бірақ ықтиярынан тыс, тағдырдың тауқыметі төнсе, басқа салғанға көніп, «сабыр кемесіне» мінеді. Мұндай жан басына бақ қонғанда ырықтан шығып, құрық әкететін әулекілікке де салынбайды. Адам баласының көпшілігі асатпай жатып, арбап тынатын өзімшілдік, атақ-абырой, дүние-мүлік, шен-шекпен секілді бұл дүниенің әр бұрыштан тілін жылтыңдатқан ырду-дырдуына да бой алдырмайды.

Иә, ізгі адам тағдырға налып, басқа түскен тауқымет пен бақытсыздық атаулыны зар қылып, кең дүниесін тарылтпайды. Өйткені, ол мұның бәріне әу бастан іштей тастүйін дайын, болар іске бекем бейілмен тағдырға дән риза. Оның сана-сезімі заманақыр жер тақыр боп, күллі әлем күңіреніп кетсе де, қуаныш, сүйіспеншілік, махаббат, мейірімділік, бауырластық, достық секілді адамдық қасиеттердің аялы құшағында тербетіледі.

Ізгі адам - әрдайым әділдіктің ақ туын желбіретіп, опасыздықты ойына да жолатпайды. Кекшілдік, ызақорлық, дұшпандық, қызғаншақтық секілді рухани өмірді құрттай кемірген нашар әдеттерден бойын да, ойын да аулақ ұстағаны үшін көбіне айналасында құрмет пен сүйіспеншілікке бөленіп, көкірегі нұрға, көңілі жырға толып, шексіз қуаныш пен бақыт тынысын сезінеді. Отбасынан бастап, отанына, ұлтына тіптен тұтас тіршілікке деген жүрегіндегі тасқа тіл бітіретін терең сүйіспеншілік пен мейірім шуағымен бейне бір шексіз-шетсіз махаббат дариясына желкен ашқан қайықтай қалықтап, жан сарайы ғажайып сезімдердің құшағында талықсып, жаннатқа кірмей тұрып-ақ мәуілжіген ләззатының дәмін татады. Мұндай ғажайып ләззатқа бастайтын жол: өзгенің бақыты үшін өзін ұмыту, өзгенің бақытын өз бақытынан артық көру, өзгелердің қайғы-қасіретін арқалап, оларды бақытқа жетелеу, осы үшін жанын шүберекке түйген ізгілік жаршысы болу, ізгі адам болу!

Ізгі адам талмаусыраған өткенді, құлақ түбінен тыныс алған қазіргіні және елең-алаң болашақты өзі ерттеп мінген танымының айналып келгенде бір алақанда жазылып-бүгілетін бір тұғырынан қарайды. Өткен дәуір мен болашақ заманның ізгі тұлғаларымен рухани сабақтастық құрып, көңілінде олардың алғысы мен ризашылығын сезінеді. Осылайша, ата-бабалары және келешек ұрпақпен біртұтас кеңістікте бас қосып, ізгіліктің шыңында салтанат құрады. Мұндай жан осы дүниенің өзінде мәңгілік бақыт тынысын анық сезінеді, өйткені қоршаған ортасы қонышынан келмей ғаламның тылсым шұғыласына шарпылып, таным аясы кеңейеді. Нәтижеде, өмірдің алдамшы құбылыстарына арбалып тынбай, кемелдіктің заңғар биіктеріне қарай қанаттанады.

Ізгілік - әдеп санаты; адамның қоғамдық және жеке өміріндегі құбылыстардың мұратқа қатысты жағымды адамгершілік мәнін бейнелейді, моральдық-қоғамдық сананың неғұрлым жалпы ұғымдарының бірі. Сонымен қоса қоғамдық жағдайы мен өзінің шығармашылық күштерін еркін дамытатын жеке бас құқығына тәуелсіз түрде, адамның құндылығын, адамдардың арасындағы тендік, әділеттілік, адамгершілік қатынастарды қуаттайтын көзқарастар мен идеялар жиынтығы. Ізгілікке қарама-қарсы ұғым - зұлымдық. Нақ ненің бағамдалып отырғанына (жеке адамның қылығы, моральдық сапасы, адамдардың қарым-қатынастары не әлеуметтік қызметі) орай, ізгілік неғұрлым нақты ұғым нысанын алады - жақсылық, қайырымдылық, әділеттілік және т. б. Әдеттегі ұғынуда ізгілік ұғымының мазмұны моральдық құбылыстарға қоса басқа да жағымды құндылықтарды қамтиды; бұлар игілікпен теңдестіріліп, жағымдыны, пайдалыны, белгілі бір әлеуметтік топтардың мүдделеріне сай келетін мақсатқа лайықтыны білдіреді. Бірсыпыра жағдайларда жеке және жалпы мүшелерді қанағаттандыруға бағытталған іс-қимылдар арасындағы, өткінші жағдайлардың ықпалымен жасалған бағамдаулар мен жалпы адамзаттық негізі бар пайымдаулар арасындағы, субъективтік тілектерден не сол сәттегі көкейкесті қажеттіліктерден туындаған шешімдер мен мұрат жолындағы құлшыныстан туыңдаған шешімдер арасындағы шектерді дұрыс анықтау қиынға соғады. Тарихи тұрғыда ізгілік адамдар арасындағы бытыраңқылық пен жатсынуды жеңуге, өзара түсіністікті, моральдық теңдік пен туысқандық бірлікті орнықтыруға жәрдемдесетін іс-қимылдар мен қоғамдық бастамаларды білдіреді. Ізгілікті бұлайша ұғыну - мұратқа ұмтылған адамның өз нәпсілерінен, материалдық мұқтаждықтан, жеке адамға жасалатын топтық және қоғамдық қысымнан тәуелсіз болуына себептесіп, ізгіліктің тарихи және жағдаяттық нақтылықтарына гуманистік тиянақтылық береді. Идеяда ізгілік адамның кемелділікке құлшынысын бейнелейді. Ізгілік зұлымдыққа антитеза ретінде ұсынылғанда жеке тұлғаның іс-әрекетінде, қасиеттерінде бейнеленеді. Зұлымдыққа қарсы қойылғанда ізгіліктің мазмұны іс жүзіндегі бағыттылыққа ие болады.

Бақылау

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Болашақ Мұғалімдердің Оқу-Тәрбие Үдерісінде Ізгілік Қасиеттерін Қалыптастыру
Білімгерлердің гуманистік көзқарасын қалыптастыру мазмұнын жаңғыртудың теориялық-әдіснамалық негізі (көпсалалы колледждің оқу-тәрбие үдерісі жағдайында
Бастауыш сынып оқушыларының бойында гуманистік көзқарасты қалыптастырудың ізгіліктік негіздері
Ұлт мәдениетінің жеке тұлғаның дамуына тигізер әсері
Ізгілік.ұтымдылық менеджмент субъектісі қызметінің аналитикалық ұстанымдары
Қылмыстық іс жүргізу заңы, ізгілік және тергеу тактикасы
Кәсіптік этиканың теориялық-методологиялық негіздері
Еліміздің ертеңгі болашағы
Ян Амос Коменскийдің ізгілік педагогикасындағы рухани құндылықтар
Оқушылардың санасын меннен бізге дейін
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz