«Семей – Шпалы» ЖШС-де «1С: Бухгалтерия 8.2» бағдарламасымен жұмыс


Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
Кіріспе
Баға саясатының облысында стратегияны анықтау, дамыту жоспарларын, өздерінің өндірістік бағдарламаларын өңдеуде кәсіпорындарға дербестік берілген қазіргі жағдайларда қабылданатын басқарушылық шешімдері үшін жетекшілердің жауапкершіліктері мәнді ұлғаюда. Бизнестің барлық бағыттары «сүйенетін» «биттердің» бірі ақша болып табылады. Сондықтан әрбір кәсіпорынның тағдыры оның қаржылық ағымдарының қаншалықты мөлдірлігіне және басқарылуына тәуелді.
Басқаша айтқанда, жетекші немесе қаржы директоры осы сәтте қанша ақша бар екенін біліп қана қоймай, ертең және бір айдан кейін де оның қанша болатынын болжай алуы тиіс. Сонымен қатар, ол басты қаржы түсімдерінің барлық көздерін біліп, ақшалар бизнестің дамуы мен бекітілуіне қызмет етпей, тиімсіз әдістермен шығындалатын жағдайлардың алдын алуға міндетті.
Ақша құралдары қозғалысын жүйелі қадағалау мен талдаудың жоқтығы мәнді және көбінесе өтелмейтін шығындарға әкеп соғуы мүмкін. Бұл мәселелерді бизнесті басқарудың қазіргі компьютерлік жүйелері арқылы шешуге болады. Бухгалтерлік есепті автоматтандыру бағдарламалары нарығының қазіргі жағдайы бүкіл кәсіпорынның қаржы қызметін кешенді септеу және талдау қажттілігімен анықталады. Бірінші жоспарға ақпаратты өңдеу мен байланыстың қазіргі жүйелеріне негізделген ірі көп пайдаланушылық жүйелер кіреді, олар бухгалтерлер ұжымына есептің өзара байланысты телімдерін біруақытта жүргізуге жол береді, ал кәсіпорын жетекшілігіне нақтылы ақпаратқа жедел қол жеткізуге және құзырлы басқарушылық шешімдерді қабылдауға мүмкіндік береді.
Осындай бағдарламалық өнімдердің бірі «1С» компаниясы өңдеген «1С» кешені болып табылады. «1С: Кәсіпорын» кәсіпорындағы экономикалық қызметтің әртүрлі телімдерін автоматтандыру үшін қолданылуы мүмкін: тауарлық және материалдық құралдарды есептеуде, контрагенттермен, өзара есептесуде, кез-келген бөлімдер бойынша бухгалтерлік есептерде, т. б.
«1С: Кәсіпорын» жүйесінің негізгі ерекшелігі оның конфигурациялығы. «1С: Кәсіпорын» жүйесі пәндік облыстағы нысандардың әртүрлі түрлерін басқаруға арналған механизмге байланысты болып табылады. Ақпаратты өңдеу алгоритмдерін, ақпараттық жиымдар құрылымының, нысандардың нақтылы жинағын нақтылы конфигурация анықтайды. Конфигурациямен бірге «1С: Кәсіпорын» жүйесі шешілетін мәселелердің кластары мен кәсіпорындардың белгіленген түрлеріне бағдарланған, пайдаланысқа дайын бағдарламалық өнім ретінде болады.
Конфигурация жүйенің штаты құралдарымен жасалады және қолданыстың нақтылы облысына арналған ретінде «1С» фирмасымен ұсынылады, бірақ жүйені пайдаланушымен өзгертілуі, толықтырылуы, сондай-ақ қайта өңделуі мүмкін.
Көрсетілген мақсатқа сәйкес келесі мәселелер қойылды және шешілді. «1С» бағдарламалық кешен конфигураторының құралдарымен есеп беру құжаттарын жасау.
Зерттеу нысаны - басқарудағы және экономикадағы ақпараттық жүйелер.
Зерттеу пәні - «1С: Кәсіпорын» бағдарлама базасындағы ақпараттық жүйе.
Жұмыстың тәжірибелік мәнділігі кәсіпорында конфигурацияны пайдалануда нәтижелерді қолдану мүмкіндігіне негізделген.
- ЖШС «Семей - Шпалы» туралы жалпы мағлұмат.
1998 - 2001 жылдары заводтың өркендеу кезеңі болды. Іргетасы ХХ ғасырдың 1932 жылы қаланған зауыт алғашқы шпалын шығара бастады. Кезінде жылына 2 млн. данаға дейін шпал өндірген завод Кеңес Одағы ыдыраған кезде 90-шы жылдары жабылуға шақ қалып, тәуелсіздігімізді алған жылдары заводтың екінші тынысы ашылды. Қазір өнім нарық талабына сай қойылған. Шикізат Ресейден жеткізіледі. Негізгі тұтынушылар «Қазақстан теміржолы» ұлттық компаниясы, еліміздің көмір разъездері, «Казцинк», «Жәйрем» Кен байыту комбинаты, Каспий теңізі маңындағы порттар, мұнай компаниялары т. б. отандық кісіпорындар. Қазақстан бойынша Шпал өндіретін екі завод бар. Бірі - Семейде, екінші - Арыста. Заводта алып цистерналарға салынып, 95 градусқа дейін қыздырылған май сіңген шпалдар жерде 25 жылға дейін бүлінбей жата береді. Шпалзаводта 180-ге жуық адам жұмыс істейді. Жұмыс маусымдық сипатта. Кәсіпорынның коммерциялық директоры А. Әмренов.
2. «1С: Бухгалтерия 8. 2» бағдарлама жұмысымен танысу
«1С: Бухгалтерия 8» комерциялық қызметтің кез-келген түрлерін -көтерме және бөлшектеп сату, комерциялық сауда (субкомиссияны қоса алғанда), қызметтер көрсету, өндіріс, т. б. - жүзеге асыратын ұйымдарда міндетті (регламенттелген) есеп беру дайындығын қоса алғанда, бухгалтерлік және салықтық есеп Ресей Федерациясының заңды заңнамасымен сәйкес жүргізіледі.
Мысалы, алғашқы құжаттардың көшірмесін, сатылымдар есебін, т. б. қоса алғанда, кәсіпорындарға есеп беруге бухгалтерлік қызмет толығымен жауап берсе, «1С: Бухгалтерия 8» кәсіпорындағы бухгалтерлік қызметтегі барлық мәселелердің шешімін қамтиды. Бұл қолданбалы шешімді сондай-ақ тек бухгалтерлік және салықтық есеп жүргізу үшін ғана қолдануға да болады.
«1С: Бухгалтерия 8» құрамына, Ресей Федерациясының Қаржы Министрлігінің «Ұйымдардың қаржылық - шаруашылық қызметін бухгалтерлік есепту есептерінің жоспарын және оны пайдалану нұсқаулықтарын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, бухгалтерлік есептерді есептеу жоспары қосылған. Есепшоттардың құрамы, есепшоттардағы аналитикалық, валюталық, сандық есептерді ұйымдастыру, бухгалтерлік есеп жүргізу мен есеп берудегі мәліметтердің көрінісі бойынша, заңнама талаптарына сәйкес келеді. Қажет болғанда пайдаланушылар қосымша субесепшоттар мен аналитикалық есеп беру қиылыстарын дербес жасай алады.
2. 1. «1С: Бухгалтерия 8. 2» туралы жалпы ақпарат
Бағдарламамен жұмысты бастай отырып, ең алдымен ұйым туралы мәліметтерді, бағдарламада жүргізілетін шаруашылық қызметтерінің есебін енгізу қажет.
Ұйымдар тізімін ашамыз. Ол үшін кәсіпорындар мәзірінде Ұйымдар бөлімін таңдаймыз (2. 1. 1-сурет) .
2. 1. 1-сурет.
Сіздің ұйым туралы негізгі мәліметтерді енгізуге арналған қалыпты аштық.
Ол үшін «Ұйымыңыздың атауын көрсетіңіз» жолында (немесе тізім формасының командалық тақтасында Әрекет - Өзгерту) екі рет шертесіз. Ашылған терезеде, 2. 1. 2-суретте көрсетілгендей етіп, ұйым туралы негізгі мәліметтерді толықтырамыз.
2. 1. 2-ші сурет.
Ұйымның заңды мекен - жайын енгіземіз.
Ол үшін осы терезеде қатынасты ақпарат бетбелгісіне өтеміз . Арнайы диалогты терезені ашып, онда 2. 1. 3-суретте көрсетілгендей етіп, ұйымның заңды мекен - жайын толтырамыз.
2. 1. 3-сурет.
Ұйымның іскер серіктестері туралы мәліметтерді толтыру.
Ұйым контрагенттерінің тізімін ашамыз.
Ол үшін Сату немесе Сатып алу мәзірінде Контрагенттер бөлімін таңдаймыз. Контрагенттер тізімінде «Жеке тұлғалар» және «Заңды тұлғалар» контрагенттер тобын құрамыз.
«Жеке тұлғалар» немесе «Заңды тұлғалар» тобын қосу үшін тізім формасының командалық тақтасында
батырмасын басамыз (немесе Әрекет - Жаңа топ) (2. 1. 4-сурет) .
2. 1. 4-сурет.
«Заңды тұлғалар» тобына жаңа контрагентті қосамыз.
Ол үшін топ атауы бар жолдың бойын екі рет шертіп, артынан тізім формасының командалық тақтасына Қосу батырмасын басамыз (немесе Insert пернесін немесе Әрекет - Қосу мәзірін таңдауғаболады) . Ашылған терезедегі жалпы бетбелгіде, 2. 1. 5-суретте көрсетілгендей етіп, контрагент туралы негізгі мәліметтерді толықтырдық.
2. 1. 5-сурет.
Контрагенттер формасының оң жақ төменгі бөлігінде Жазу батырмасын бастық.
Артынан Контрагенттер формасында Есепшоттар мен келісім - шарттар бетбелгісіне өттік. Әрбір контрагент үшін ең кем дегенде бір келісім - шарт туралы мәліметтерді толықтыру қажет, өйткені осы келісім шартта іскер серіктеспен серіктестік шарттары беогіленеді (2. 1. 6-сурет) .
2. 1. 6-сурет.
Операциялар журналы.
Барлық әдістермен енгізілген операциялар операциялар журналында көрсетіледі (Операциялар мәзірі - операциялар журналы) (2. 1. 7-сурет) .
2. 1. 7-сурет.
2. 2. «1С: Бухгалтерия 8. 2-де» қызметтер мен материялдар түсімін есептеу.
Материялдарды өткізу үшін 1С: Бухгалтерияда «Сатылым» қосымшада болатын «Қызметтер және тауарларды өткізу» құжаты қолданылады. Бұл құжат сондай-ақ қызметтер мен тауарларды, дайын өтімді өткізгенде қолданылады.
Бұл құжатқа жеткізіп берушіден алынған жөнелтпе құжаттан мәліметтер енгізіледі. Мен бұл бағдарламаға барлық чектар мен есеп-фактураларды қостым.
«Сатып алу» мәзірінде «Қызметтер және ТМЗ түсімін» таңдаймыз, терезе пайда болады (2. 2. 1-сурет) .
2. 2. 1-сурет.
Содан кейін Қосуды басамыз, Құжат операцияларының түрін таңдау терезесі пайда болады, Сатып алуды таңдаймыз (2. 2. 2-сурет) .
2. 2. 2-сурет.
Осы терезенің пайда болуы 2. 2. 3-суреттегідей:
2. 2. 3-сурет.
Чек туралы негізгі мәліметтерді толтырамыз, күнін, ұйымды, контрагентті көрсетеміз. Бағасын, тауар санын, егер бар болса НДС-ті енгіземіз. Қалғанын бағдарлама өзі есептейді. Егер есеп - фактура бар болса, онда «Есеп - фактураны енгізу» жазбасына басамыз. Есеп - фактура туралы барлық мәліметтерді де осылай толтырамыз (2. 2. 4-сурет) .
2. 2. 4-сурет.
Соңында жазып, ОК-ді басамыз. Құжат өткізілді. Барлық ақпарат операциялар журналында сақталған.
2. 3. Авансты есеп беруді құру.
Авансты есеп беру - ақтау құжаттарының қосымшасымен, аванспен берілген есептелген сомалардың шығындалуын дәлелдейтін алғашқы есеп құжаты. Авансты есеп беру алдымен есептейтін (қолма-қол ақшаны алған) тұлғамен толтырылады, ол ары қарай тексеру үшін, жетекшінің бекітуі және жүргізілген шығындарды есептен шығару үшін бухгалтерияға ұсынады. Авансты есеп беру бланкасы NAO-1 форма атауымен, ақша құралдарын түгендеу нәтижелерін және кассалық операцияларды есептеу бойынша, унифицирленген формалардың альбомында болады.
1С: Бухгалтериядағы Авансты есеп беру құжаты - бухгалтерлік жұмыста өте кең тараған құжат, оны кәсіпорынның іссапарлық және шаруашылықтың шығындарын көрсету үшін пайдаланады.
1С: Бухгалтерияда «Авансты есеп беру» құжатын толтыру үшін бағдарламаның жоғарғы немесе төменгі мәзірінде «Касса» қосымшасына кіру керек. Осы құжат сондай-ақ «Өндіріс» төменгі мәзірінде де болады.
Құжатты формалау тәртібі 1С: Бухгалтерия бағдарламасының барлық сегіз нұсқалары үшін бірдей.
Банк және касса мәзірін таңдаймыз, онда «Авансты есеп беруді» басамыз, терезе пайда болады (2. 3. 1-сурет) .
2. 3. 1-сурет.
«Авансты есеп беру» элементі бойынша шертіңіз және «Авансты есеп беру» журналының жлғарғы мәзірінде «Қосу» батырмасын басыңыз. 1С: Бухгалтерия 8. 2. нұсқада батыпма түріне ие (2. 3. 2-сурет) .
2. 3. 2-сурет.
«Қосу» батырмасын басқан соң, жаңа авансты есеп беру ашылады, оны толтыру қажет. Құжат төрт қосымшалардан тұрады: «Аванстар», «Тауарлар», «Төлемақы» және «Өзгелері».
Бірінші кезеңде «Жеке тұлғалар» анықтамалығынан есеп беретін тұлғаны таңдайды немесе есеп беретін тұлға әлі енгізілмесе, жаңасын қосады. Содан кейін «Таңдау» батырмасымен немесе тышқанның сол жақ батырмасын екі рет шертумен құжатқа есеп беретін тұлғаны енгіземіз (2. 3. 3-сурет) .
2. 3. 3-сурет.
«Аванстар» алғашқы қосымшада 1С: Бухгалтерияда ақша берілген құжатты таңдау керек. Ондай құжаттарға кіретіндер: егер ақша кассадан берілсе - Шығынды кассалық ордер, егер ақша кәсіпорынның есепшотынан есептелсе - Есепшоттарда есептен шығару немесе Ақша құжаттарын беру.
Егер ақша аванспен берілмесе, бұл қосымша толтырылмайды. Төменде аванстың берілуін міндетті түрде көрсету қажет: іссапарлық немесе шаруашылық шығындарын, сондай-ақ аванстық есеп беруге қосымша құжаттардың санын (2. 3. 4-сурет) .
2. 3. 4-сурет.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz