Көп қоректі зиянкестер.Шегірткелер және оның негізгі түрлері



I.Кіріспе бөлім.
II.Негізгі бөлім.
2.1. Жалпы көпқоректі зиянкестер туралы түсінік.
2.2. Шегірткелер және оның түрлері.
2.3. Зияны және күресу шаралары.
III. Қорытынды бөлім.
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Көп қоректі зиянкестер– адам мен жануарлар организмінде әр түрлі ауру қоздырғышын таратып, өсімдіктерді зақымдайтын жәндіктер мен жануарлар тобы. Ауыл шаруашылығы зиянкестері – егістік пен табиғи өсімдіктерді зақымдап, түрлі аурулар таратады. Мысалы, қырыққабатты – қырыққабат ақ көбелегі мен қырыққабат қара күйесі, асқабақты – ұсақ шыбындар, қызылшаны – қызылша бүргесі, баялды (баклажан) мен картопты – колорадо қоңызы зақымдайды. Жиі кездесетін түрлері: шаянтәрізділер, көп аяқтылар және өрмекшітәрізділер. Көптеген дақылдардың өнімдеріне үлкен зиян келтіретін көпқоректілер: шегірткелер, шілделіктер, күздік көбелек, шалғын көбелегі, шыртылдақ қоңыз, қара қоңыз, т.б. Зиянкестер – өздерінің биологиялық ерекшелігімен, түрлерінің көптігімен, өсімталдығының жоғарылығымен және өсіп-өну процесінің шапшаңдығымен ерекшеленеді. Зиянкестердің таралуы және олардың кешенді түрлерінің бірлестігі, бір егістікте қалыптасуы, қоршаған ортаның жағдайына және сол ортаға бейімделуіне байланысты.
Астық дақылдарының зиянкестері астық өнімдерін күзде тасығанда және қыста сақтау кезінде зақымдайды. Бұларға өрмекшітәрізділер (мысалы, астық кенесі, т.б.), қоңыздар (мысалы, астық қоңызы, астық тескіші, астық сүлікшесі, бізтұмсық қоңыздар, т.б.), көбелектер (мысалы, астық сұр көбелегі, дән қоңыр көбелегі, т.б.), құстар (мыс., көгершін, үй торғайы, т.б.) жатады. Кенелер, қоңыздар, көбелектер – арпа, бидай, сұлы, күріш, жүгері, т.б. дақылдардың жапырағын, сабағын зақымдап, дернәсілдері өсімдіктің дәнімен қоректенеді. Бұдан астық дақылдарының өнімі кемидіӨсімдік жемісі мен тұқымының зиянкестері – буынаяқтылардың үлкен бір тобы. Бұлар өсімдіктің гүл бүршігін, бүрін, тұқымын, дәнін жеп қоректенеді. Бұл топқа: жапырақ ширатқыш, қосқанаттылар (жапырақ шыбыны, галлицалар), жарғаққанаттылар, қоңыздар жатады. Зиянкестер жыл бойы жиналатын тұқымның жартысына жуығын жеп, шаруашылыққа 25 – 50%-ға дейін шығын келтіруі мүмкін.
Орман зиянкестері – орман ағаштары мен бұталарын зақымдайтын жануарлар. Бұларға негізінен кенелер, көпаяқтылар, бауыраяқты ұлулар (шырыш), жәндікқоректі сүтқоректілер (кірпі, көртышқан, жертесер, т.б.), тышқандар, жұпаяқтылар (қабан, бұғы, бұлан, т.б.), жыртқыштар (түлкі, қоңыр аю) және құстар (тоқылдақ, қайшыауыз) жатады. Зиянкестер ағаштың жапырағын, бұтағын, гүлін, жемісі мен тұқымын жеп, діңін тесіп, тамырларынан шырынын сорады. Зақымданған ағаштар өсуін тоқтатып жеміс салмайды. Олар бірте-бірте өз тіршілігін жояды.
1. Матпаева Б.Б., Тілменбаев Ә.Т.Ауыл шаруашылығына пайдалы жәндіктер.-Алматы:Қайнар,1973.
2. Матпаева Б.Б. Ауыл шаруашылық дақылдарының зиянкестерімен биологиялық күрес тәсілдері.-Алматы: Қайнар,1983.
3. Агибаев А. Ж. ,Тулеева А.К., Сулейменова З.Ш « Ауылшаруашылық дақылдарын зиянкестер мен аурулардан қорғау»

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

БӨЖ
Тақырыбы: Көп қоректі зиянкестер.Шегірткелер және оның негізгі түрлері.

Орындаған: Сайлаубекова Т. Н.
Тексерген: Мухаметжанова.О.Т.

Семей 2015ж

Жоспар:
I.Кіріспе бөлім.
II.Негізгі бөлім.
2.1. Жалпы көпқоректі зиянкестер туралы түсінік.
2.2. Шегірткелер және оның түрлері.
2.3. Зияны және күресу шаралары.
III. Қорытынды бөлім.
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе
Көп қоректі зиянкестер - адам мен жануарлар организмінде әр түрлі ауру қоздырғышын таратып, өсімдіктерді зақымдайтын жәндіктер мен жануарлар тобы. Ауыл шаруашылығы зиянкестері - егістік пен табиғи өсімдіктерді зақымдап, түрлі аурулар таратады. Мысалы, қырыққабатты - қырыққабат ақ көбелегі мен қырыққабат қара күйесі, асқабақты - ұсақ шыбындар, қызылшаны - қызылша бүргесі, баялды (баклажан) мен картопты - колорадо қоңызы зақымдайды. Жиі кездесетін түрлері: шаянтәрізділер, көп аяқтылар және өрмекшітәрізділер. Көптеген дақылдардың өнімдеріне үлкен зиян келтіретін көпқоректілер: шегірткелер, шілделіктер, күздік көбелек, шалғын көбелегі, шыртылдақ қоңыз, қара қоңыз, т.б. Зиянкестер - өздерінің биологиялық ерекшелігімен, түрлерінің көптігімен, өсімталдығының жоғарылығымен және өсіп-өну процесінің шапшаңдығымен ерекшеленеді. Зиянкестердің таралуы және олардың кешенді түрлерінің бірлестігі, бір егістікте қалыптасуы, қоршаған ортаның жағдайына және сол ортаға бейімделуіне байланысты.
Негізгі бөлім
Астық дақылдарының зиянкестері астық өнімдерін күзде тасығанда және қыста сақтау кезінде зақымдайды. Бұларға өрмекшітәрізділер (мысалы, астық кенесі, т.б.), қоңыздар (мысалы, астық қоңызы, астық тескіші, астық сүлікшесі, бізтұмсық қоңыздар, т.б.), көбелектер (мысалы, астық сұр көбелегі, дән қоңыр көбелегі, т.б.), құстар (мыс., көгершін, үй торғайы, т.б.) жатады. Кенелер, қоңыздар, көбелектер - арпа, бидай, сұлы, күріш, жүгері, т.б. дақылдардың жапырағын, сабағын зақымдап, дернәсілдері өсімдіктің дәнімен қоректенеді. Бұдан астық дақылдарының өнімі кемидіӨсімдік жемісі мен тұқымының зиянкестері - буынаяқтылардың үлкен бір тобы. Бұлар өсімдіктің гүл бүршігін, бүрін, тұқымын, дәнін жеп қоректенеді. Бұл топқа: жапырақ ширатқыш, қосқанаттылар (жапырақ шыбыны, галлицалар), жарғаққанаттылар, қоңыздар жатады. Зиянкестер жыл бойы жиналатын тұқымның жартысына жуығын жеп, шаруашылыққа 25 - 50%-ға дейін шығын келтіруі мүмкін.
Орман зиянкестері - орман ағаштары мен бұталарын зақымдайтын жануарлар. Бұларға негізінен кенелер, көпаяқтылар, бауыраяқты ұлулар (шырыш), жәндікқоректі сүтқоректілер (кірпі, көртышқан, жертесер, т.б.), тышқандар, жұпаяқтылар (қабан, бұғы, бұлан, т.б.), жыртқыштар (түлкі, қоңыр аю) және құстар (тоқылдақ, қайшыауыз) жатады. Зиянкестер ағаштың жапырағын, бұтағын, гүлін, жемісі мен тұқымын жеп, діңін тесіп, тамырларынан шырынын сорады. Зақымданған ағаштар өсуін тоқтатып жеміс салмайды. Олар бірте-бірте өз тіршілігін жояды.
Ұн мен жарма зиянкестері. Ұнды, жарманы, кептірілген нанды және басқа да ұн тағамдарын дұрыс сақтамаған жағдайда жәңдіктер пайда болып, бүлдіреді, сапасын кемітеді. Әсіресе көбірек кездесетіні -- астық кеміргіштері. Ол ұзындығы 2 -- 3 мм, қызыл қоңыр, қоңыр не сарғыштау, денесі жұмыр қоңыз. Ұшады, үркіткен кезде қимылсыз қалады. Күн жылығанда жылына 4 рет, ұрпақ береді. Оның личинкалары кептірілген нанды, печеньені, макарон тағамдары мен жарманы, кептірілген көкөністер мен жемістерді бүлдіреді, олар ұнмен де қоректенеді (олардан бөлінген сұйықтық салдарынан ұн түйіршіктеніп қалады).
Көп қоректік зиянкестер шегірткелер және негізгі түрлері. Биологиясы, экологиясы және Қазақстанда таралуы және күрес шаралары.
Шегіртке -- қысқа мұрттылар отряд тармағына жататын үйірлі шегірткелердің бір тобы. Қысқа мұрттылардың ең маңызды тұқымдасының бірі -- нағыз шегірткелер; Және де шегіртке тікқанаттылар отрядына жатады. Өзінің жақын туыстары қара шегіртке мен көк шегірткеден айырмашылығы - денесінің ұзындығының жартысындай болатын қысқа мұртшасы . Қазақстан ландшафтасының әртүрлі және жерінің кең байтақ болуына байланысты , шегірткенің 271 түрі кездеседі. Шегірткелерді үйірлі және саяқ шегірткелер деп бөледі. Үйірлі түрлерінің ( ұшпа , шөл , қызылшегіртке және т.б ) саяқ шегірткелерден айырмашылығы - жаппай көбею кезінде үлкен топтар құрып , бірнеше жүздеген , мыңдаған гектар жерді басып , бір күн ішінде бірнеше ондаған километр жерге орын ауыстырады. Мысалы, шөл шегірткесінің үйірі 2400-км - ден астам ашық теңіз үстінен ұшып өтіп , солтүстік - батыс Африкадан Британ аралдарына жеткен . Қазақстандағы зиянкес азия шегірткесі ұзақ қашықтықтарға ұша алмайды. Дегенмен ересектері бір күнде 80-120 км қашықтыққа ұша алады. Бұл түрдің тұрғылықты мекендері - Сырдария өзенінің сағасы мен Балқаш , Алакөл , Зайсан көлдерінің жағалауларындағы сазды жерлердің қалың қамыстары . Жаздың екінші жартысында жұмыртқа салады, дернәсілдері майдың соңында шығады , 35-40 күннен кейін қанаттанады. Азия шегірткесінің әрқайсысы өз өмірінде 300 г көк жем жейді , ал бір аналықтың ұрпақтары бір жазда екі қойға жететін жемді жейді . Негізгі қорегі қамыс болғанына қарамай , үйір 1-2 сағат ішінде мыңдаған астық алқабын жоқ қылып жібереді , сонымен қатар капуста , қарбыз , күнбағыс және тағы басқа қоректеніп , біршама зиян келтіреді.Қазақстанда Сырдария, Іле, Алакөл, Зайсан көлі, Каспий теңізінің қамысты жағалауын жайлатып көкқасқа шегіртке - ауылшаруашылық дақылдарының аса қауіпті зиянкесі. Көкқасқа шегірткенің аналығынан бір жазда өрбиген ұрпақтары 2 қойды тойдыратын азықты жояды. Ал олардың жаушоғылдары мен үйірлері 1 - 2сағаттта жүздеген гектарды жеп қояды. Шегірткеден қорыққан егін екпес- демекші, жұмысшылар олардан қорғану шаралары жасайды. Шегірткелердің қоймақалтасын құрту керек, ол үшін шегірткелер дамитын су сағаларын құрғатып жыртады, жүрген жолына ор қазады. Шегірткелерді жою үшін қызғылт торғай - таптырмайтын жәрдемші. Ол күніне 200 шегіртке жей алады, ал балапаны 15 - 20 шегірткемен қоректенеді. Шегірткелердің түрлері: сұр, қанатсыз саяқ шегіртке, көшпелі шегіртке, көк шегіртке, шырылдауық қара шегіртке. Қанатымен ән салатын аяғымен дыбыс тыңдайтын бір ғажап жәндік. Шегірткені артқы аяғынан ұстамаңдар, ұстасаңдар аяғы жұмылып қалады да, өзі қашып кетеді. Кесіртке жауынан осылай аяғын тастап құтылады.
Ауыл шаруашылығына өте қауіпті бунақденелілердің бірегейі - азиялық шегіртке. Жәндіктердің санына және шоғырлануына байланысты шегірткелердің үйірлі және саяқ түрлері болады. Үйірлі шегірткелер дернәсілдердің тығыз топтасуынан - жаушоғыл (кулига), ересектерінің жинақталуынан үйір түзеді. Сөйтіп бұлар бір жерден екінші жерге топтасып көшелі. Саяқ шегірткелер мекенінен ұзақ ұшпайды - көшпенді емес. Азиялық шегіртке (көкқасқа шегіртке) - өте қауіпті, зиянкес жәндік. Көкқасқа шегірткенің аналығынан бір жазда өрбіген ұрпақтары екі қойды тойындыратын азықты жояды. Ал олардың жаушоғылдары мен үйірлері 1 - 2 сағатта жүздеген, тіпті мыңдаған гектар егістікті тып-типыл етеді.
Жаушоғыл түзетін қанатсыз дернәсілдер жаяу шегіртке деп аталады. Жаяушегірткелерден құралған жаушоғыл жолында кездескен өсімдік атаулыны жайпайды. Сөйтіп бір жерден екінші жерге көшелі. Бунақденелілер буынаяқтылардың түрді ең көп қамтыған үлкен класы. бұлар суда, құрлықта, ауада өмір сүрелі. Олардың 6 аяғы бар. Денесі айқын үш бөлікке: бас, көкірек және құрсаққа бөлінетіндіктең, бунақдене деп аталған. Өзге жәндіктерден айырмашылығы - бір немесе екі жұп қанаттары бар. Сондықтан ұша алады. Қанатсыз бунақдене де кездеседі. Бұлшықет жүйесі - күрделі. Жүйке жүйесі жоғары деңгейде дамыған. Жұтқыншақ үсті жүйке жасушасының түйіні - ми. Мидың үш бөлігі бар. Олар: алдыңғы, ортаңғы және артқы бөліктерден құралады. Жұтқыншақ асты түйіні мен құрсақ жүйке тізбегі екі жұп түйін - ганглий (гр. ганглион - бұдырмақ, ісік) түзе ді.
Сезім мүшелері жақсы жетілген. Күрделі және жай құрылысты көзі бар. Қантарату жүйесі - ашық жүйе. Асқорыту жүйесі ауыздан басталады. Ауыз мүшесінің құрылысы сан алуан. Бунақденелілердің демтүтікті жүйесі жақсы жетілген. Демтүтіктер дененің екі қапталындағы 10 жұп тыныс алатын тесіктер - демтесіктер арқылы сыртқа ашылады. Бунақденелілер демтүтіктің жәрдемімен тыныс алады.
Зәршығару мүшесі - ішекке ашылатын өте жіңішке түтікшелер - мальпиги түтікшелері. Бунақденелілер үш түрлі жолмен дамиды. Олар дара жынысты.

Даму түрлері: тура даму (жұмыртқа имаго), шала түрленіп даму (жұмыртқа дернәсіл -- имаго), толық түрленіп даму (жұмыртқа -- дернәсіл -- қуыршақ -- имаго).
Шегірткелердің негізгі түрлері.
Қазақстанның солтүстігінде таралғандары: итальяндық прус-Calliptamus italicus italicus L.кресті кішкене саяқ шегіртке-Dosiosturus brevicolis Ev., ақжолақты-Chortippus albomarginatus D.G.,кресті-Pararcyptera microptera F.-W.,қоңырқанатты-Stauroderes scalaris F.-W.саяқ шегірткелер, адалалық атбас шегірткелер-Euchorthippus pulvinatus F.-W.және басқалар.Азиялық шегірткенің-Locusta migratoria migratoria L. тұрақты қоңыстары Қазақстанның оңтүстік жартысындағы ну қамсыты жерлер, осы жерлерден олар басқа алыс өңірлерге тарала алады.Марокколық шегіртке-Dosiostaurus maroccanus Thunb. Қазақстанның оңтүстігінде таралған(Оңтүстік Қазақстан,Жамбыл облыстары).
Азиялық, мароккалық,итальяндық шегірткелер, анда-санда тұрандық және шөл далалық шегіркелер кезеңдік өзгерістерге ұшырайды. Олардың үйірленуі кезінде бір шаршы метрде жүз және одан да көп дернәсілдері болады. Үйірлі шегірткелердің сандары көбейген кезде, алғашқыда дернәсілдердің жиынтығы (кулиги), кейін олардан шегіртке табындары пайда болады.

Итальяндық прус.Біздің ауданда,әсіресе, құм өңірінде - итальяндық прус шегірткесі кең таралған. Олардың дәнді- дақылдарды, көкөністер мен бау- бақшаларды, жайылымдар мен шабындықтарды отайтыны баршаға белгілі. Шегіртке зиянкестері күн ысыған сайын өсімдіктерден мол ылғал алу үшін онымен көп қоректенеді. Шегіртке дернәсілдері топырақтын беткі қабаты қызғанда ғана жер бетіне шығады. Жанданғанда ересек шегірткеге ұқсас келеді, тек қанаты болмайды. Дернәсілдердің даму сатысы 30-40 күнге созылып ересек қанаты шегірткеге айналады. Даму кезінде дернәсіл 4-5 рет түлеп, 4-5 жас өседі. Жандануы кезінде олар үйірленіп, олардың саны бір шаршы метрде жүз және одан да көп болады. Үйірлі шегірткелердің сандары көбейген кезде, алғашқыда дернәсілдердің жиынтығы, кейін олардан шегіртке үйірлері пайда болады.Жылына бір рет ұрпақ береді.
Шегіртке көбіне адам баласы мекендейтін, техника бара алмайтын, мал көп жайылмайтын тың жерлерге, жайылымдарға, құмдардың биіктеу жерлерге, өсімдік тамырларының арасына өздерінен бөлініп шығатын сұйық затпен топырақты қатайтып, күбірше жасап, оған жұмыртқа салады. Ол күбірше шегіртке тұқымының қыстап, көктем шығуына қолайлы. Қатты ыстықты және құрғақшылық жылдары шегірткенің топырақ бетіне салған жұмыртқалары кеуіп қалса, салқында және ылғал қоры мол болғанда жұмыртқалар көгеріп, саңырауқұлақ қоздыратын инфекциялардан өледі. Шегіртке дернәсілдеріне уақытылы өңдеу жұмыстары жүргізілмесе, алдағы жылдарда мыңдаған гектер жерге тұқымын жайып жіберуі мүмкін. Саны көбейген жағдайда егістіктер мен жайылымдарға, жер бетіндегі биомасса бөліктеріне қатты зиян келтіреді. Күніне ондаған шақырымға дейін ұшып өсімдіктерді отайды. Шегіртке- жарық сүйгіш зиянкес болғандықтан, түнгі мезгілде елді- мекендердегі, көшедегі жарықтарға ұшып келеді.
Саяқ шегіртке (Acrididae) - жәндіктер класының тікқанаттығылар отрядының нағыз шегірткелер тұқымдасының өкілі. Шалғындар мен далаларды мекендейді. Ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянкестері. Шала түрленіп дамиды. Дернәсерсілдері қанатсыз.

Азия ұшпа шегірткесі (locusta mіgratorіa) - турақанаттылар отрядының нағыз шегірткелер тұқымдасына жататын жәндіктер. Олардың мұртшалары қысқа, есту мүшесі құрсақ бөлімінің бірінші сегментінде орналасқан. Үстіңгі қанаттары қатқылдау және олар денесіне жанаса орналасады. Ал астыңғы қанаттары жарғақты әрі жалпақтау болып келеді. Аталықтарының дене тұрқының ұзындығы 35 - 50 мм, аналықтары 45 - 55 мм. Аталықтары артқы санын үстіңгі қанаттарына үйкелеп дыбыс шығарады. А. ұ. ш. Солт. Африка мен Еуразияның құрғақ далалы аймақтарындағы өзен, көл жағалауларындағы ылғалды жерлерге жұмыртқа салады. Көктемде одан шала түрленіп дамитын қанатсыз, дене мөлшері кіші дернәсілдер тобы шығады. Олар жаушоғыл (кулига) деп аталады, 4 - 5 рет түлеген соң ересек шегірткеге (имагоға) айналады. Жаушоғыл шегірткелер жолындағы жасыл өсімдіктерді тып-типыл етіп жайпап, бір жерден екінші жерге ауысып отырады. Топ құрамындағы әрбір шегіртке өз дене салмағынан 10 есе артық қоректі пайдаланады. А. ұ. ш-нің ұшатын тобы ұшпашегірткелер деп аталады. Шегірткелердің бұл тобы да өте қауіпті. А. ұ. ш-нің Қазақстанда көбірек жұмыртқа салатын аймағына Сырдария өңірі, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарының қамысты алқабы, Балқаш - Алакөл, Ертіс, Зайсан аумақтары жатады. А. ұ. ш-нің көптеп көбею жағдайы әрбір 7 - 10 жылда байқалып тұрады. Соңғы 100 жыл ішінде мұндай жағдай Қазақстанда 9 рет қайталанған. 1995 - 2001 жыл аралығында көбеюі ерекше байқалды. Бұл кезде 10 млн. га алқап зиянкестерден орасан зор зардап шекті. Бұларға қарсы мех., агротех., хим. және биол. күрес әдістерімен қатар адонис, димилин, номолт, матч, римон препараттары қолданылады.
Көкқасқа шегіртке.Бұл бірқатар тікқанаттылардың жинақтаушы атауы. Көкқасқалардың ескі түрлері түрлі жағдайлар салдары кезінде тез өсіп-өнуге,үйір болып топтасып,алыс сапарларға ұшуға өте қабілетті. Олар ауылшаруашылықтың қауіпті жауы болып табылады,сондықтан көкқасқа шегірткелер туралы бағзыдан жеткен естеліктер апат пен обырлықтың бейнесі ретінде сипаттайды.Ескі түрлеріне,мәселен,азиялық көкқасқалар және шөл көкқасқалары жатады.Көкқасқалар үйіріне тән ең маңызды ерекшелік-оның ірі шоғыр құрай алатыны. Бұл кезде жәндіктердің сыртқы келбеті өзгеріске ұшырайды. Мәселен, азиялық көкқасқалардың аз мөлшері жасыл немесе сары түске боялады және құныс кейіпте көрінеді. Қанатты көкқасқалармен күресу мүмкін емес. Бірақ оның көбеюінің алдын алуға болады,ол үшін жұмыртқа салған жерді назарда ұстап,инсектицидтер көмегімен дернәсілдерді құрту қажет. Бірақ ірі шоғыр құрайтын көкқасқалардың денесінде ашық қара және жирен дақтар пайда болады,бүкір арқалары жазылады. Саптық сымбатына қарай жәндіктердің мінез-құлқы да өзгереді. Дернәсілдер қалай болса солай жайылып кетпей,орын-орнына тығыз қатар(кулига)болып тұра қалады.Әр жәндік көршісіне қарап бет түзейді.Зияны:Тіпті осы үйірдің өзімен шегіртке жолында кезіккен егістікті және жайылымды жайпайтыны сонша,дернәсілдердің өзі ашқарақ қалыпқа түседі. Алайда ең қорқынышты оқиға кезекті түлеуден кейін дернәсілдің қанатты ересек көкқасқаға айалуынан басталады. Ол жолай желмен қосыла ұшып,жүздеген шақырымдарды басып өтеді.Шегіртке келтіретін шығын айтарлықтай бір тәулікте олардың аса үлкен емес үйірі 1 мың тонна балаусаны жапырып кетеді.
Мароккалық шегіртке Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында ғана кездеседі.Көктемде күбіршектерге 24,6 мың га жер тексеріліп, оның 8,17 мың гектарында күбіршектер барлығы анықталды.Күбіршектердің тығыздығы 1 шаршыға 0,5 тен 5 данаға дейін , ал Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш, Шардара аудандарында 1 шаршыға 10 данаға дейін тіркелді.Күбіршектердің физиологиялық жағдайы жақсы.Бір күбіршекте 21 - 37 жұмыртқа болып, күбіршектердің зақымдалуы 2,7 - 6,0 % ды құрады.Оңтүстік Қазақстан облысында көктемгі ауа райының жағдайы (көктемнің құрғақтығы және ертелігі) мороккалық шегіртке дернәсілдерінің жұмыртқадан бірмезгілде және біркелкі жарып шығуын қамтамасыз етті.Дернәсілдердің жарып шығуы 3 - 6 сәуірде басталды, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 10 -12 күнге ерте.Жұмыртқадан жаппай жарып шығу 8 - 13 сәуірде өтті.Дернәсілдер саны 1шаршыға 8 - 10 данадан келді.
Күресу шаралары.
Шегірткелерге қарсы күресу шараларын олардың сандарына бақылау жасаудың нәтижесіне қарап пайдаланады.Алдын алу шараларының маңыздысы ерте көктемде шегірткелер табылған егістік танаптарды бізтұмсықты немесе дискілі тырмалармен,ал көпжылдық шөптерді тісті немесе бізтұмсықты тырмалармен өңдеу. Сонымен бірге танап аралықтарын, танаппен шектесетін тың және егін егілмейтін жерлерді де өңдеу қажет. Егін алқаптарында жою шаралары инсектицидтермен Тізім... бойынша (Қосымшаны қараңыз)саяқ шегірткелерге қарсы 8-10дернәсілм2, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көп қоректі зиянкестер шегірткелер және негізгі түрлері
Көп қоректі зиянкестер шегірткелер және негізгі түрлері туралы ақпарат
Көп қоректі зиянкестер шегірткелер және негізгі түрлері туралы мәлімет
Зиянды жәндіктер (зиянкестер)
Көп қоректі зиянкестер шегірткелер және негізгі түрлері туралы
Көпқоректі тура қанаттылар отрядына жататын бунақденелілердің түр құрамы
Арамшөптермен күрес шаралары
Терең өзек ауданы жүгері дақылын зиянкестер мен арамшөптерінен қорғау шаралары
Өсімдік шаруашылығында зиянды ағзалармен күресу шаралары
Өсімдіктің зиянкестері
Пәндер