Психологиялық терминдер


Государственный университет имени Шакарима города Семей
Подготовила: Айткенова Салтанат
2015г.
1. Түйсіну - объективті дүние заттар қасиеттерінің рецепторға әсер еткенде пайда болатын қасиеттері. Организмнің ортамен психикалық байланысы орнығатын бастапқы форма болып табылады. Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттерінің сезім мүшелеріне тікелей әсер етуінен пайда болатын мидағы бейнелеулерді түйсік деп атайды.
2. Қабылдау - заттар мен құбылыстардың мида тұтастай бейнеленуі болып табылады. Заттар мен құбылыстардың өз қасиеттері және бөлшектері жиынтығымен қосылып сезім мүшелеріне тікелей әсер ету кезінде бейнеленуі.
3. Байланыс - санаға тәуелсіз өмір сүретін объективті дүниені, материяны адамдардың материалдық өмірінің табиғатын белгілеуге арналған философиялық ұғым. Философияның негізгі мәселесі ойлау жүйесінің болмысқа көзқарасы туралы мәселесі болғандықтан, оның шешімі болмыс ұғымы ретінде алынатын мағынаға байланысты.
4. Бейне - субъективті дүние немесе оның фрагменттерінің, субъект, басқа адамдар, қоршаған кеңістік және уақыттың біраз - дін/ң көрінісі.
5. Гнесеологиялық (танымдық) мүмкіндік алынған мәліметің көлемі, сапасымен өлшенеді. Бұл мәліметтер сыртқы ортаға қатысты оның табиғи және әлеуметтік жағдайына және өзіндік танымына байланысты жинақталады.
6. Аксиологиялық (құндылық) мүмкіндіктер- тұлғаның әлеуметтану процесінде болатын адамгершілік, саяси, діни, эстетикалық бағыттарға қатысты құндылықтар жүйесіндегі мақсатқа талпыну мен көзқарастарына байланысты туындайды.
7. Шағармашылық мүмкіндіктер-өз бетінше анықталған білігі мен дағдысы, продуктивті және репрокуктивті, құру жасау немесе бұзудағы әрекеттік қабілетімен, оларды орындаудағы еңбек жемісімен көрінеді.
8. Коммуникативтті мүмкіндіктер-басқа адамдармен байланысқа түсу формасы, өлшемімен белгіленеді. Тұлғааралық қарым-қатынас әлеуметтік рольдер жүйесінде көрініс береді.
9. Көркемдік мүмкіндіктер-көркемдік қажеттіліктің деңейі, мазмұны, үдемелі және оны қанағаттандыруымен белгіленеді. Тұлғаның көркемдік белсенділігі шығармашылықта, кәсіпте, өзіндік іс-әрекеті мен өнер туындыларын пайдалануда ашыла түседі.
10. Биологиялық фактор -адамға туа берілетін табиғи анатомиялық және физиологиялық қасиеттер.
11. Әлеуметтік факторадамның дамып жетілуінде тіршілік ортасының қоғамның, тәлім-тәрбиенің әсері. Бұл екі яғни екі фактор адамның психикалық дамуында бірін-бірі толықтырып отырады.
12. Социодинамикалық теорияда мінез детерминациясы ішкі ситуацияға беріліп, оған ішкі тұлға қасиеті ретінде мән берілмейді.
13. Интеракционистік теория - адамның өзектіәрекеттерін басқарудың ішкі және сыртқы факторларын өзара әрекеттестік принцип негізінде құрылады.
14. Экспериментальдық теория - факторлар арқылы алынған талдау мен қорытып шығаруға құрылады.
15. Экспериментальді емес теория - өмірлік пікірлер, бақылау мен тәжірбиеге, теориялық қорытуға негізделеді де, экспериментке сүйенбейді.
16. Құрылымдық теория - тұлға қүрылымын анықтау, жүйелік түсініктер беріледі де солардың арқасында сипатталу жүзеге асады.
17. Динамикалық теория - тұлға дамуындағы қайта құрылу, өзгерістер, яғни оның динамикасы беріледі.
18. Тұлға белсенділігі-адамның материалдық және рухани мәдениеті меңгеруде қоғамдық мәнге ие болған бағдарлы шығармашылығында, еріктік актілерде, қарым-қатынастағы қабілеті.
19. Қажеттілік - ол адам белсенділігінің негізгі себебімен іс -әрекетке итермелеуші күш.
20. Рухани қажеттіліктер түрлі рухани құлдылықтарды пайдалану арқылы жүзеге асырады.
21. Табиғи қажеттілік тән мұқтаждығын қанағаттандыруға бағытталады.
22. Себептер-қазақша түрткі немесе себептер дейміз. Бұл қажеттілікті өтеуге талпындыраты түрткілер болады.
23. Қызығулар-адамның шындықтағы заттар мен құбылыстарды белсенділікпен танып, сол қажеттіліктерді сезіп, соны білуге, түсінуге деген жан еліктіріп, сезім тартқан нәрсенің бәрі қызығудың обьектісі болып табылады.
24. Дүниетаным-адамның табиғат, қоғамдық өмірі туралы білімдерінің жүйесі. Ақиқат дүние заңдарын дұрыс түсінетін, әрі ғылыми негізделген дүниетаным ғана адамға дұрыс бағыт береді
25. Сенім-адамның белгілі бір түсініктеріне сәйкес қажеттіліктерін қанағаттандыру жүйесі. Сенім нақты іс-әрекет пен тәжірибеге байланысты. Сенім мен дүниетаным қатарласып жүрсе ғана адам санасы нұрлана түседі
26. Мұрат- жеке адамның психикасын нұрландыратын қасиеттердің бірі. Бұл-адамың өзіне өмірден өнеге іздеуі, біреуді артық тұтып, қастерлеуі.
27. Талғам-бұл да жеке адамның психологиясында елеулі орын алатын қасиет. Бұл жоғарыда аталған барлық компанент түрімен байланысып жатады.
28. Бағыт-бағдар-адамның жеке арманы, құмарлығы әрекеті оның даралық қасиетіне тән психологиялық ерекшелігі.
29. Тұлға бағыттылығы - ол тұлғаның іс-әрекетті орындаудағы бағдарлығында, қандай да бір ситуациялық жағдайда болуына қарамастан көрінетін тұрақты себептер жиынтығы тұлға бағыттылығы көрінетін тұстары.
30. Бағыт-бағдарлық қарқындылығы. Бұл баланың сезімі мен эмоциясының айқындығын білдіреді. Әр нірсеге дел қою, белсенді әрекет етіп, іске жігермен кірісу.
31. Бағыт -бағдардың тұрақтылығы. Бұл ұзақ уақытша созылатын процесс. Бір нәрсені біліп, үйренуге қызу кірісіп, аяқтамай тастап кету жиі кездеседі. Бұл- бағыттың тұрақсыздығы. Ал, тұрақтылық, іс-нәтижесіне дейін алып бару, адамды игі мақсатқа жеткізеді.
32. Бағыт- бағдардағы ақушының әрекеттілігі оның бағыт-бағдарындағы шешуші кезең. Мысалы бір нәрсені таңдауы (мамандық) .
33. Жеке адамның әлеуметтік өміріне қатысты ерекшеліктері: қызығу, ұмыту, мұрат, дүние танымдық көзқарасы, сенімі. Бұл жеке адамның адамгершілік қасиетін білдіретін сипат.
34. Адамның білімдарлығы, дағдысы, бейімділігі. Бұл сипаттар адамның даралық қасиетін, өзіндік даму деңгейін тәлім-тәрбие негізінде қалыптасқан тәжірибесін көрсетеді.
35. Жеке адамның дара психикалық процестердің тиянақтылығы мен өзіндік ерекшеліктері. Ондай қысиеттерге зейін мен ойлау, қабылдау мен ес, сезім-кірлері мен ерік адам психикасындағы басқа да құбылмалы өзгерістер жатады.
36. Жеке адамның биологиялық тума қасиеттері-нышан, жоғары жүйке қызметі жатады. Бұлар адамның темпераменті мен жас ерекшеліктеріне және белгісіне
сәйкес көрініс береді. Мұндай қасиеттер мақшықтану, жаттығулар арқылы қалыптасады.
37. БЕЙІМДІ-БАҒДАРЛЫ ОҚЫТУ - оқушылардың қызығушылық бағытының, қабілетінің дамуына жағдай жасайтын және олардың келешекте ие болуға тиісті кәсібіне бейімделуді қамтамасыз ететін оқыту. Ол тек қана мектептің жоғарғы сатысында жүзеге асады.
38. БІЛІМ Адамның белгілі бір жүйедегі ұғымдарының, деректері мен пайымдарының т. б. жиынтығы.
39. БІЛІМ Оқу, үйрену арқылы алынатын (келетін) дүниенің қандай да бір қыр-сыры туралы түсінік (таным) .
40. БІЛІМ Кәсіби біліктілік, мамандыққа қатысты ұғым, деректер жүйесі.
41. БІЛІМ Қандай да істі жүзеге асыру жолдары мен әдіс-тәсілдерінің жиыны.
42. БІЛІМ Белгілі бір сала (мәселе) туралы арнайы мәліметтер жиыны (жүйесі
43. БІЛІМДІК ОРТА - қандай да бір бағыт, сала бойынша қажетті білімдер жүйесін меңгертуге, қалыптастырып дамытуға қолайлы жағдайлар жасалған ая, кеңістік.
44. ЗЕЙІН - Адам санасының белгілі бір зат немесе шындық құбылысына бағытталуын көрсететін психикалық әрекет.
45. ЗЕЙІН Нәрсені қабылдағанда, елестеткенде, ойлағанда, тыңдағанда, сананың соларға бағытталуы.
46. МҰҒАЛІМ - Мектепте, басқа да кейбір орта оқу орындарында оқушыларға сабақ беретін оқытушы ұстаз, маман.
47. ОҚЫТУ - Білім беру, шеберлікке, іс-әрекет дағдыларына үйрету және оларды меңгеру үдерісі мен адамды өмір мен еңбекке бейімді етіп даярлаудың басты тәсілі.
48. ҚАЖЕТТІЛІК - Организмнің тіршілігі мен дамуын қамтамасыз ететін объективті мұқтаждық.
49. ҚАЖЕТТІЛІК Өмір мен дамудың белгілі бір жағдайларында адамның міндетті түрде керек ететін қажетсінулері.
50. ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС - біріккен іс-әрекет қажеттілігін туғызатын, адамдар арасындағы байланыстың дамуын орнататын күрделі көп жоспарлы үдеріс. Адамдардың танымдық хабарлар алмасуы, өзара түсінісуі, бір-бірін қабылдауы.
51. ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ПСИХОЛОГИЯСЫ - адамдар арасындағы өзара қарым-қатынас мәселелерiмен айналысатын психологиялық ғылым саласы (iскерлiк, дипломатиялық, ұжымдық, отбасылық, қызметтiк және т. б) .
52. ҚАСИЕТ - Адамның не бір заттың өзіне тән сапалық болмысын, ерекшелігін айқындайтын ұғым. Адам бойындағы қасиет жағымды және жағымсыз болып жіктеледі. Жағымды қасиеттер (имандылық, инабаттылық, ізеттілік, адамгершілік, ар-аброй, адалдық пен әділеттілік, т. б. ) адам бойында тәлім-тәрбие арқылы қалыптасады.
53. ҚАСИЕТ Зат, қатынас және сапа категорияларымен салыстырылып, солар арқылы анықталатын ұғым.
54. ҚИЯЛ - адамның бұрын жинаған образдарына сүйене отырып, өз басында жаңа образдар, соны елестер мен идеялар тудыру үдерісі. Ол - адамның айқын болмысты жаңа, күтпеген, әдеттен тыс басқаша байланыс пен үйлесімділікте
бейнелеуі. Ол ойлау жүйесіне ғана тән психикалық үдеріс. Әрбір адамның қиял ерекшеліктері сол адамның құмартып қызығуына, жеке басының ерекшеліктеріне, алдына қойған мақсатына байланысты. Сондай-ақ қиялдың мазмұны мен түрі адамның жас ерекшеліктері мен білім тәжірибелеріне де байланысты болады.
55. ҚОҒАМДЫҚ САНА - белгілі қоғамда ғылымның, техника мен мәдениеттің дамуына қарай қалыптасқан саяси, философиялық, эстетикалық идеялардың жиынтығы.
56. ҚОРҚЫНЫШ - индивидтің биологиялық не әлеуметтік тіршілігіне қатерлі жағдаяттарда туындайтын және шын мәніндегі не елестетудегі қауіп көзіне бағытталған эмоция. Қорқыныш-бір нәрседен жүрексініп сескенгенде, шошығанда пайда болатын сезім, үрей.
57. ҚОРШАҒАН ОРТА-адамның тіршілік етуін, қалыптасуын, іс-әрекетін анықтайтын барлық табиғи, қоғамдық, материалдық және рухани жағдайлар.
58. ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ (латынша interest - мәні бар, маңызды) - дүниедегі заттар мен құбылыстарды танып-білуге бағытталған адамның жеке ерекшеліктерінің бір көрінісі. Адамның іс-әрекетіне, көзқарасы мен талғамына, мұрат-мүддесіне байланысты қызығушылықтары әр түрлі болады.
59. ЛОГИКА (грек. logike-сөз, сөйлем, ой, ақыл) - 1. Дүниені танудағы абстрактілі ойлаудың формалары мен заңдары жөніндегі ғылымдар жиыны. Логиканың негізгі мақсатымен зерттеу пәні танымның ақиқаттылығы, танымдық тәсілдер мен әдістердің дұрыс жүйесін қалыптастыру. 2. Ойлаудың жолдарымен оның формалы туралы ғылым 3. Ойлану барысы, ой қорытындысы.
60. МАҚСАТ - 1. Адамның қол жеткізуі тиіс нәтижені саналық деңгейде алдын ала ниеттеуі. Мақсат тікелей міндет ретінде іс-қимылды бағыттап, реттеп отырады. Адам өз ерік-жігерін бағындыратын ішкі заң есебіндегі практикаға өзек болады. Алда орындалатын әрекет нәтижесінің айқын бейнесі. Адамның алдына қойған мақсаты әрдайым дәлелді себептерден, яғни, түрткілерден тұрады. Әрекет барысында түрткілер мен мақсат-міндеттер өзара байланысты, бір-бірімен алмасып, өзгеріске түсіп отырады.
61. МӘЛІМЕТ - белгілі бір оқиға, не жұмыс жөнінде ауызша немесе жазбаша түрде берілетін ақпарат.
62. МӘН - іс-әрекет пен қарым-қатынастың бірлігі арқасында адамның шындықтағы құбылыстарды жалпылай алуының нысаны. Мұндайда адам қоғамдық-тарихи тәжірибені, түрлі ұғымдар мен рөлдерді, құндылықтар мен нормаларды меңгеруге мүмкіндік алады, бұлардың жекелеген мағынасын жан қуаттары мен (қабылдау, ес, ойлау, қиял жөне т. б. ) мінез-құлқының түрлі актілері арқылы бейнелеп отырады.
63. МЕКТЕПТЕГI ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ - әрбiр баланың толыққанды психикалық және тұлғалық дамуына әсер ететiн жағдайлармен қамтамасыз ету негiзгi мақсаты болып табылатын бiлiм беру жүйесiндегi арнайы сала.
64. МЕЛАНХОЛИК - темперамент типі. Эмоциялық қозуы шабан, күшті, тұрақты болады, сыртқы көрінісі әлсіз келеді. Әр нәрседен ауыр әсер алып, олар бойын билеп кетеді, санасында терең із қалдырады, көңіл-күйлері бір қалыпта ұзақ сақталады, мінезі баяу өзгереді, көңілі көбінесе жабырқау, сыртқы жағдайлардан үрейленіп, сескеніп тұрады, кедергі кездессе уайымдап қажи түседі, қимыл-қозғалыстары ақырын, баяу болады, сезім күйлері сыртқы қимылдарынан көрінбейді.
65. МЕН ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ - адамның өзімен-өзі және басқа адамдармен өзара қатынастарды құру негізіндегі өзі туралы түсініктер жүйесі.
66. МОНИТОРИНГ (лат. monitoring - ескертуші, бақылаушы) - 1. Қоғамда немесе оның қайсыбір топтарында болып жатқан өзгерістерді жүйелі түрде өлшеу жүйесі. Бұл орайда, іріктеменің бір ғана ұстанымның қолданылуы және мәлімет жинау үшін бір ғана амал-құралдардың пайдаланылуы шарт 2. Күнделікті бақылау, бағалау және болжау; білім беру үрдісінің барысын, нәтижелерін және тиімділігін ізбе-із үздіксіз зерделеу, адамның шаруашылық қарекетіне байланысты қоршаған ортаның жай-күйін қадағалау, бағамдау және болжамдау; 3. Адамдардың мінез-құлқын бақылау үшін немесе когнитивтік не эмоциялық тұрғыдағы өзінің ішкі үдерістерін бағамдау үшін адамның өзіне қатысты бақылаулар.
67. МОНОЛОГТІК СӨЙЛЕУ- ұзаққа созылады, ортаға қыстырма сөздер қосылмайды, алдын ала көп дайындықты талап етеді. Әдетте бұл кең көлемді, күні бұрын ой желісіне салынып қорытылған баян.
68. МҰРА- Ата-бабадан әке-шешеден қалған дүние мүлік, мирас, салт-сана.
69. МҰРА Ежелден келе жатқан мәдени нұсқалар.
70. МҰРАТ (Идеал - елестеу) - Жеке адамның немесе қоғамдық таптардың мінез-құлқы мен арман-тілектерінің сипаты мен көріністерін айқындайтын рухани бейне, үлгі, белгілі мақсатқа бағытталған адам қызметінің жалпы формасы.
71. МҮДДЕ - алға мақсат қойып, сол мақсатқа жету әрекетінің негізі. Мақасаттың түпкі негізі. Мақсат-мүддесіз адам болмайды. Адам мүддесіне еңбекпен жетеді.
72. МІНДЕТ - бұл мақсатқа жету жолындағы бір саты, орындалуы қажет нәтиженің бір бөлігі, осы бөлік өзінің іс-әрекеттік бітімін таппаса, жалпы нәтижеде болмайды. Міндет мақсаттың өзін құрайтын элементтерге бөлінуінен пайда болады.
73. МІНЕЗ Жеке адамның өзіне, өмір сүрген ортасына, табиғатқа қатынасын білдіретін негізгі, тұрақты психикалық сипаттары.
74. МІНЕЗ Белгілі бір адамға тән мінез-құлықтың өзгерісімен, адамдарға, өзіне, жұмысқа деген қарым-қатынасымен сипатталатын жеке адамның қалыптасқан ерекшеліктері. Әр адамға тән, лайық психикалық қасиеттердің жиынтығы.
75. МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ - адамның тұрақты психикалық ерекшеліктерінің жиынтығы. Адамның іс-әрекетінен, жүріс-тұрысынан байқалатын өзіндік қасиет. Мінез-құлықтың бастапқы көрінісі қылық. Мұнда әр адамның өмірлік беталысы, бағыт-бағдары, талғам-сенімі, көзқарасы, мақсат-мұраты көрініс береді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz