Оқытуды ұйымдастыру формалары және әдістемесі



Мектептегі оқу жұмысын ұйымдастыру формаларына сабақ, факультативтік сабақтар, топсеруендер, сыныптан тыс жұмыстар, өндірістік оқу сарамандығы жəне т.б. жатады. Осылардың ішіндегі ең негізгісі - сабақ. Химияны оқытудың білім мен тәрбие беру, оқушыларды дамыту міндеттері, ең алдымен, сабақта шешіледі, содан соң басқа формаларында жетілдіріледі және тереңдетіледі.
Оқу барысы тұрғысынан қарағанда сабақ үшінші басқышта (оқыту барысы - ұйымдастыру формалары - сабақ) тұрғанымен өзі күрделі дидактикалық жүйе кұрайды. Сондықтан қазіргі дидактикада сабақ оқыту барысының барлық ерекшеліктері айқын білінетін бір бөлігі деп есептейді.
Шынында да, сабақта оқыту барысының нақтылы мақсаттары мен міндетері, мазмұны жүзеге асатыны, оларды жүзеге асыру үшін оқытудың алуан түрлі құралдары мен əдістері пайдаланылатыны талас тудырмайды.
Кез келген сабақ мақсаты, мазмұны, типі, құрылымы, құралдары және әдістері арқылы ерекшеленеді. Сабақ білім мен тәрбие беру жəне дамыту міндеттерін шешетіндіктен оның алдына жалпы педогогикалық, дидактикалық жəне әдістемелік мақсаттар қойылады. Сабақтың жалпы педогогикалық мақсаты қоғамның жалпы орта білім беретін мектептерге жүктеген әлеуметік сұранысы бойынша анықталады. Қазіргі кезде халыққа білім беру саласын қайта құру оқушылардың дербестігін арттыруды, алған білімін өздігінен жəне творчестволық тұрғыда қолдана білуге үйретуді қажет етіп отыр. Сабақтың дидактикалық мақсаты оқыту барысының буындарына сəйкес анықталады, оларға жататындар:
а) оқушыларды жаңа білімді қабылдауға дайындау;
э) жаңа білімді қабылдау;
б) алынған білімді қорытындылау;
в) білімді бекіту жэне жетілдіру;
г) білімді қолдану;
д) білімді тексеру жэне бағалау.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министірлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті



СӨЖ

Тақырыбы: "Оқытуды ұйымдастыру формалары және әдістемесі

Тобы: Е-311
Орындаған: Скакова А.А.
Тексерген:Онтагарова Д.Р

Семей 2015 жы
Сабақ қандай негіздерге сүйеніп жіктеледі? Галогендер тақырыбының сабақтарын типтерге және түрлерге жіктеңіздер.
Мектептегі оқу жұмысын ұйымдастыру формаларына сабақ, факультативтік сабақтар, топсеруендер, сыныптан тыс жұмыстар, өндірістік оқу сарамандығы жəне т.б. жатады. Осылардың ішіндегі ең негізгісі - сабақ. Химияны оқытудың білім мен тәрбие беру, оқушыларды дамыту міндеттері, ең алдымен, сабақта шешіледі, содан соң басқа формаларында жетілдіріледі және тереңдетіледі.
Оқу барысы тұрғысынан қарағанда сабақ үшінші басқышта (оқыту барысы - ұйымдастыру формалары - сабақ) тұрғанымен өзі күрделі дидактикалық жүйе кұрайды. Сондықтан қазіргі дидактикада сабақ оқыту барысының барлық ерекшеліктері айқын білінетін бір бөлігі деп есептейді.
Шынында да, сабақта оқыту барысының нақтылы мақсаттары мен міндетері, мазмұны жүзеге асатыны, оларды жүзеге асыру үшін оқытудың алуан түрлі құралдары мен əдістері пайдаланылатыны талас тудырмайды.
Кез келген сабақ мақсаты, мазмұны, типі, құрылымы, құралдары және әдістері арқылы ерекшеленеді. Сабақ білім мен тәрбие беру жəне дамыту міндеттерін шешетіндіктен оның алдына жалпы педогогикалық, дидактикалық жəне әдістемелік мақсаттар қойылады. Сабақтың жалпы педогогикалық мақсаты қоғамның жалпы орта білім беретін мектептерге жүктеген әлеуметік сұранысы бойынша анықталады. Қазіргі кезде халыққа білім беру саласын қайта құру оқушылардың дербестігін арттыруды, алған білімін өздігінен жəне творчестволық тұрғыда қолдана білуге үйретуді қажет етіп отыр. Сабақтың дидактикалық мақсаты оқыту барысының буындарына сəйкес анықталады, оларға жататындар:
а) оқушыларды жаңа білімді қабылдауға дайындау;
э) жаңа білімді қабылдау;
б) алынған білімді қорытындылау;
в) білімді бекіту жэне жетілдіру;
г) білімді қолдану;
д) білімді тексеру жэне бағалау.
Сабақтың әдістемелік мақсаты қарастырылатын деректерді, ұғымдарды, заңдарды жəне теорияларды нақтылайды.
Химия сабақарының жіктелуі. Химияны оқыту эдістемесінің оқулықтары мен оқу құралдарында химия сабақтары типтерге, түрлерге және нұсқаларға жіктеледі. Жіктеудің негізі ретінде оқыту барысының дидактикалық міндеттері, оқыту эдістері, материалдық мазмұны, оқушының таным эрекетінің тэсілдері алынады.
Химиядан сабақ беру эдістемесінде дидактикалық міндеті бойынша химия сабақтарын 5 типке бөледі:
* жаңа білім мен білікті игеру (жаңа материалды оқып үйрену);
* теориялық білім мен білікті жетілдіру жэне қолдану;
* білімді қорыту жэне жүйеге түсіру;
* бақылау-есепке алу;
* аралас сабақтар.
Өзге əдістемелерде сабақтың типі үшке дейін ықшамдалған.
1-тип. Жаңа материалды оқып үйрену сабақтары. Негізгі дидактикалық буыны - оқушылардың жаңа білімді қабылдауы, қалғандары соған сәйкес жүзеге асырылады.
2-тип. Оқушылардың білімімен білігін жетілдіру сабақтары.
Бұған оқушылардың алған білімін қайталау жэне бекіту, қорытындылау жэне жүйеге түсіру сабақтары кіреді.
3-тип. Оқушылардың білімін жте білігін тексеру, есепке алу жэне багалау сабақтарьи Мұнда жоғарыда келтірілген оқу барысының соңғы буындары (г, д) жүзеге асады.
Сабақтың типі оқыту әдістері бойынша түрге және нұсқаға жіктеледі. Жаңа материалды оқып үйрену сабақтары дәріс сабағы, әңгіме сабағы, эңгімелес сабағы , кітаппен жүмыс істеу сабағы, үлестіріліп берілетін материалдармен жүмыс істеу сабағы болып бөлінеді. Одан әрі дэріс сабағының нұсқаларын - хабарлама баяндау және мәселелерді баяндау, кітаппен жұмыс істеуге, оқу және түсіну сабақтарына - жауаптар іздеу, жоспар және қысқаша мазмұн құру, сызба - нұсқа және кестелер жасау т.б. жатады.
Сабақтың екінші типіне оқушылардың алған білімін жетілдіру сабақтарын қайталау, қорытындылау, жүйеге түсіру және сарамандық сабақтар жатады.
Сабақтың тақырыбы: галогендер : фтор, хлор,бром, йод.
Сабақтың мақсаты: Фтор, хлор, бром, йод галогендерінің жалпы сипаттамасы, қасиеттері мен қолданылуын үйрету.
Міндеті:
1 . Галогендердің атом құрылыстарын, химиялық формулаларын және қасиеттерін көрсететін реакция теңдеулерін жазуды үйренеді.
2 . Оқушылардың тақырыпқа байланысты заттардың жағымды және жағымсыз жақтарын ажыратып, жеке жұмыс жасау арқылы ойлау және шығармашылық қабілеттерін дамытады.
3 . Топтық жұмыс арқылы тапсырманы бірлесе шешуге, топтық ережені сақтауға, өзінің және өзгенің пікірімен санасуды үйренеді.
Күтілетін нәтиже :
1. Топтасып жұмыс істей білуге үйренеді;
2. Өз ойын еркін жеткізе біледі;
3. Тақырыпқа байланысты заттардың химиялық формуласын қатесіз жазуды және ажырата білуді үйренеді;
4 . Реакцияны дұрыс теңестіріп, есептер шығаруға үйренеді;
Оқыту технологиясы: СТО
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілі: Ментальді карта, семантикалық кесте, автор орындығы, синквейн, анализ, қолданыс, бағалау сұрақтары, реакция теңдеулерін жазу, есептер шығару, ой толғаныс.
Сабаққа қажетті құралдар мен көрнекіліктер: Интерактивті тақта, Д.И.Менделеевтің периодтық кестесі, натрий хлориді, натрий бромиді, натрий йодиді, күміс нитратының ерітінділері, сынауықтар, қауіпсіздік ережесі, стикерлер, форматты қағаз.
Пәнаралық байланыс: биология, география, математика, физика.
Сабақтың жоспары:
I Ұйымдастыру кезеңі: (қызығушылықты ояту)
1. Сәлемдесу
2. Түгендеу
3. Топқа бөлу
Химиялық элементтердің формулалары арқылы топтастырымын:
I топ: "Фтор"
II топ: "Хлор"
III топ: "Бром"
IV топ: "Йод"
II. Жаңа сабақ:
Іс - әрекеттерім:
1. Миға шабуыл
Мақсаты: Слайдтан суреттер көрсету арқылы: мына заттардың ішінде қандай химиялық элементтер бар? -деген сұрақ қойылады.(Тіс пастасының, тістің , йод, йодамариннің, белизнаның, кометтің фотопленканың суреттері көрсетіледі ).
2. Ментальды картамен жұмыс (Джигсо -2)
Мақсаты: топтарға мәтінді оқытып, топ мүшелерінің өзара жұптық, топтық сосын бүкіл аудитория болып өздеріне берілген бейметалды талқылайды.
Iтоп: Фтор
IIтоп: Хлор
(периодтық жүйедегі орны, атом құрылысы,
алынуы, қасиеттері, қолданылуы, маңызы,
қосылыстары, биохимиялық ролі.)
IIIтоп: Бром
IVтоп: Йод
Уйге тапсырма : тақырыпиы уйде қайталау.
2. Оқыту үрдісін басқарудағы жаңа технологиялық әдіс-тәсілдердің ролі қандай? Химияны оқытудағы жаңа оқыту технологиялары туралы кластер құрастыр.
Жаңа технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары:
- Балаға ізгілік тұрғысынан қарау
- Оқыту мен тәрбиенің бірлігі
- Баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту
- Баланың өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту
- Баланың танымдық және шығармашылық икемділігін дамыту
- Әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндігіне орай оқыту
- Барлық оқушылардың дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу
- Оқу үрдісін оқушының сезінуі
Жаңа педагогикалық технологияны меңгеру барысында оқыту міндеттері жаңаша сипат алады. Олар: педагогикалық қызметтің өзекті мәселелерін білу, оқу бағдарламасының түрлендірілген нұсқауларын қарастыру, оқу модулін құрастыру, оқу жобаларының мазмұнын анықтау, әр оқушыға арналған тапсырмалар құрастыру, оқушылардың жаңа материалдарды меңгеруі бойынша деңгейленген жаттығулар жүйесін жасау, оқу әрекетінің бағалау көрсеткіштерін анықтау.
Педагогикалық технологияны игеруге қойылатын жаңа міндеттерді меңгеру оқытудың ең жоғары нәтижесіне жетуге мүмкіндік беретін оқу - тәрбие үрдісін ұтымды әрі үйлесімді жобалап, ұйымдастырып басқаруды жүзеге асыруға тікелей байланысты.

Жаңа технология үрдістерінің талабы - оқушыларға білім беруде белгіленген мақсатқа жету, оқушылардың іс - әрекеті арқылы ойлау дағдыларын, оқу - танымдық іс - әрекетін белсендіре отырып, сабақтағы үш біріккен мақсатты жүзеге асыруға қол жеткізу.
Белгілі бір дәрежеде оқу - танымдық іс - әрекетті белсендірудің қажеттігі туындайды. Мұнда оқыту үрдісіндегі әдістемелік жүйенің өзара байланысы негізінде оқу - танымдық іс - әрекет міндеттерін жүзеге асырылуын талап етіледі.

Қазіргі кезеңгі қоғам талабына сай оқытуда жаңа технологияны пайдалана отырып, оқушылардың оқу - танымдық іс - әрекетін белсендірудің шығармашыл әлеуетін көтерудің маңызы зор.
Жаңа педагогикалық технология арқылы оқыту барысында оқушыларды тұлға ретінде қалыптастыруға бірден - бір әсер етеді. Мұғалім мен оқушылар бірлесіп оқи отырып, субъект - субъект ретінде болады. Мұғалімнің рөлі көбінесе оқу үрдісін ұйымдастырушы топ басшысы, оқушылардың ынта - ықыласын белсенді етуші қалпында көрінеді. Жаңа технология оқушылардың өз өмір тәжірибесіне, біліміне сүйенулеріне негізделген. Сондықтанда олар ынтымақтастық педагогикасының жүзеге асуына, бірлесіп әрекет етуге, сабақта жайлы да жағымды психологиялық жағдай орнауына мүмкіндік жасайды. Оқыту нәтижесі оқушылардың бір - бірімен байланыс бірлігінен көрініп, оқушылар оқу нәтижесінде бір - бірінің жауаптылығын сезінеді.

Жаңа технология қолдануда практикалық тұрғыда зерттеуші қажет ететін дидактика міндеттерінің бірінен саналады. Жаңа технологияны пайдалану мұғалім мен оқушының қарым - қатынас жағдайын аса шеберлік, білімділік, демократиялық бағытта уақыт талабына сай таңдауды қалайды. Педагогикалық үрдісте жаңа технологияны енгізіп, пайдалану мұғалімдерді шеберлік жағынан шыңдайды.

Еліміз егемендік алып, қоғамдық өмірдің барлық саласында, соның ішінде, білім беруде жүріп жатқан демократияландыру мен ізгілендіру, осы кезге дейінгі дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты. Қазіргі кезде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алады. Осыған орай, қазіргі мектептерде оқу - тәрбие үрдісіне енгізген жаңа педагогикалық технологиялар оқушыларды тиімді білім алу жолдарымен және тұлғаның жеке қалыптасуындағы іс - әрекеттеріне кең түрде қолданылуда.

3. Сыныптан тыс жұмыстардың қандай маңызы бар? Бір сыныптан тыс жұмыстың жоспарын жасаңыздар.
Сыныптан тыс жұмыстардың қандай маңызы бар? Бір сыныптан тыс жұмыстың жоспарын жасаңыздар
Жеке тұлғаның қалыптасып дамуы үздіксіз сипатта болатыны бізге мәлім. Оның жүзеге асуы тек сабақ жүйесінде ғана емес, сабақтан тыс жүргізілетін әртүрлі тәрбиелік әрекеттермен ұштасады. Ол әдетте сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыс болып бөлінеді.
Сыныптан тыс тәрбие жұмыс - тұлғаның әлеуметтік қалыптасуын қамтамасыз етуде оған жағдай туғызатын мұғалімдердің басшылығымен ұйымдастырылған және сабақтың мақсатымен өзара байланысты болып келетін тәрбие жұмысының дербес түрі. Ол әртүрлі тәрбие әрекеттерінің жиынтығы ретінде балаға кең көлемде тәрбиелік ықпал ете алады.
Біріншіден, оқудан тыс әртарапты әрекет баланың сабақта мүмкін болмайтын жан - жақты дара қабілетін ашуға ықпал етеді.
Екіншіден, сыныптан тыс әр түрлі тәрбие ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Информатикадан зертханалық және практикалық жұмыстарды өткізу әдістемесі
Мұғалімнің сабаққа дайындалу жұмыстары
БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ОҚУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ФОРМАЛАРЫ
Орта мектепте математиканы оқыту әдістері және формалары
Әдістеме және оқыту технологиясы
Қазақстан тарихын оқытуда жаңа педагогикалық, ақапаттық технологияларды қолданудың әдістемелік жолдары
Информатиканы оқытуды ұйымдастыру
Оқыту психолгиясының негіздері
Бастауыш мектеп оқушыларының экономикалық тәрбиесі
ПСИХОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУ БЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕРІ
Пәндер