Өмірлік жол жеке тұлғаның индивидуалды әлеуметтік тарихи дамуының формасы



Даму жеке тұлғаның өмір сүру процесі, бұл кезде әртүрлі қиындықтар болуы да мүмкін, ол жеке тұлғаның дифференциация және интерграциясы, жаңа қасиеттердің пайда болуы немесе тұлғаның жаңалануы. Жаңалану құрылымында оның өткен өмірінен де белгілер әсер ететіні белгілі: оның қабілеті мен білімі, қолынан келетін дүниелер, әлеуметтік ортадағы өзін ұстауы сияқтылар. Жеке тұлғаның дамуы оның психикалық функцияларымен тығыз байланысты болғанымен оған тәуелді емес. Жеке тұлға дамуы жалпы құрылымның деңгейіне байланысты бақыланады. Алайда өзгерістер күнделікті болып жататын, көп байқала бермейтін функциялық өзгерістер, тәжірибе алу, жеке тұлғаның санасының механизміндегі микроөзгерістерге байланысты жүзеге асады. Жеке тұлға өміріндегі микроөзгерістерді байқау бізге қиынға соғады себебі біз тұлға өзгерісін көп жағдайда оның өміріндегі кризистік жағдайларға байланысты деп жалпы түрде қараймыз. Алайда кризистік жағдайлар көп бола бермейді, ал даму процесі үнемі жүріп отырады.Жеке тұлғаның дамудағы микроөзгерістері мен өміріндегі бір сәттік өзгерістердің жалпы механизмін түсіну даму психологиясы мен жеке тұлға генетика зерттеулерінің тапсырмасы болып табылады.
Даму проблемасы өте күрделі және жан жақты процесс. К.А.Абульханова Славскаяның пікірінше даму жеке тұлғаның өз өмірінің қозғалысының траеоториясын қадағалайтын субъектісіне айналуы. Оның пікірінше дамуды жай ғана өзгеруден бөлек қарастыру керек деп есептейді. Мұнымен әрине келісуге болады бірақ жеке тұлғаның қалыптасуы мен өмір жолының субъектілі детерминациясының әртүрлі деңгейлеріне мән беру керек. Сонымен қатар бұл кезде жеке тұлға өміріндегі детерминацияның объективті және субъективті фактор пропорциялары және психикалық дамуда өзгерістер болады.Б.Г.Ананьев психологиясында адамның өмірлік жолындағы әлеуметтік және табиғи қасиеттердің араласуы формаланған және эмпирикалық дәлелденген. Ананьев психобиоәлеуметтік даму туралы өзінің жаңа ғылыми зерттеуінде айтқан болатын, ол оны ОНТОПСИХОЛОГИЯ деп атаған болатын. Онтопсихология Ананьевтің ойынша жеке тұлғаның әлеуметтік тарихи жолы мен индивидтің табиғи онтогенезін психологиялық зерттеу. Тұлғаның дамуының алғашқы пункті табиғи, генетикалық құрылымды индивид. Генетикалық бағдарлама ол дамудың ең алғашқы бағдарламасы. Генетикалық бағдарламаға байланысты адам өміріндегі басқа да фазалар бірінен соң бірі жүріп отырады: ұрықтану, туу, даму, пісіп жетілу, қартаю және әрине өлім. Бұл фазалардан ешкім де құтыла алмаған әрине адам өмірінде оқыс оқиға болып аяқ астынан қайтыс болып кетпесе. Онтогенездің бұл фазалары адам денесінің соматикалық құрылымы мен функцияларына ғана емес сонымен қатар адамның психофизиологиялық құрылымы мен функцияларына да қатынасы бар деп есептеледі.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті

СӨЖ
Тақырыбы: Өмірлік жол жеке тұлғаның индивидуалды әлеуметтік тарихи дамуының формасы

Орындаған:Максутханова А.А.
Тексерген:Адильжанова Қ.С.

Семей 2015
Даму жеке тұлғаның өмір сүру процесі, бұл кезде әртүрлі қиындықтар болуы да мүмкін, ол жеке тұлғаның дифференциация және интерграциясы, жаңа қасиеттердің пайда болуы немесе тұлғаның жаңалануы. Жаңалану құрылымында оның өткен өмірінен де белгілер әсер ететіні белгілі: оның қабілеті мен білімі, қолынан келетін дүниелер, әлеуметтік ортадағы өзін ұстауы сияқтылар. Жеке тұлғаның дамуы оның психикалық функцияларымен тығыз байланысты болғанымен оған тәуелді емес. Жеке тұлға дамуы жалпы құрылымның деңгейіне байланысты бақыланады. Алайда өзгерістер күнделікті болып жататын, көп байқала бермейтін функциялық өзгерістер, тәжірибе алу, жеке тұлғаның санасының механизміндегі микроөзгерістерге байланысты жүзеге асады. Жеке тұлға өміріндегі микроөзгерістерді байқау бізге қиынға соғады себебі біз тұлға өзгерісін көп жағдайда оның өміріндегі кризистік жағдайларға байланысты деп жалпы түрде қараймыз. Алайда кризистік жағдайлар көп бола бермейді, ал даму процесі үнемі жүріп отырады.Жеке тұлғаның дамудағы микроөзгерістері мен өміріндегі бір сәттік өзгерістердің жалпы механизмін түсіну даму психологиясы мен жеке тұлға генетика зерттеулерінің тапсырмасы болып табылады.
Даму проблемасы өте күрделі және жан жақты процесс. К.А.Абульханова Славскаяның пікірінше даму жеке тұлғаның өз өмірінің қозғалысының траеоториясын қадағалайтын субъектісіне айналуы. Оның пікірінше дамуды жай ғана өзгеруден бөлек қарастыру керек деп есептейді. Мұнымен әрине келісуге болады бірақ жеке тұлғаның қалыптасуы мен өмір жолының субъектілі детерминациясының әртүрлі деңгейлеріне мән беру керек. Сонымен қатар бұл кезде жеке тұлға өміріндегі детерминацияның объективті және субъективті фактор пропорциялары және психикалық дамуда өзгерістер болады.Б.Г.Ананьев психологиясында адамның өмірлік жолындағы әлеуметтік және табиғи қасиеттердің араласуы формаланған және эмпирикалық дәлелденген. Ананьев психобиоәлеуметтік даму туралы өзінің жаңа ғылыми зерттеуінде айтқан болатын, ол оны ОНТОПСИХОЛОГИЯ деп атаған болатын. Онтопсихология Ананьевтің ойынша жеке тұлғаның әлеуметтік тарихи жолы мен индивидтің табиғи онтогенезін психологиялық зерттеу. Тұлғаның дамуының алғашқы пункті табиғи, генетикалық құрылымды индивид. Генетикалық бағдарлама ол дамудың ең алғашқы бағдарламасы. Генетикалық бағдарламаға байланысты адам өміріндегі басқа да фазалар бірінен соң бірі жүріп отырады: ұрықтану, туу, даму, пісіп жетілу, қартаю және әрине өлім. Бұл фазалардан ешкім де құтыла алмаған әрине адам өмірінде оқыс оқиға болып аяқ астынан қайтыс болып кетпесе. Онтогенездің бұл фазалары адам денесінің соматикалық құрылымы мен функцияларына ғана емес сонымен қатар адамның психофизиологиялық құрылымы мен функцияларына да қатынасы бар деп есептеледі.
Онтогенездің заңдарына байланысты психофизиологиялық функцияларының дамуы және қартаюы органикалық қажеттіліктер мен темпераментте жүреді. Ол тұлғаның өмірде болатын жағдайлар мен жағдаяттарға формальды реакциясын анықтайды. Мысалға алатын болсақ бір тұлға жағдайды өзіне қатты жақын алатын болса оның артынан кемістктері шығуы мүмкін, ал аса жақын қабылдамайтын бала одан тез өтіп кете алады.Генетикалық бағдарланған онтогенез тұлғаның бүкіл өмірінің құрылшымына кіреді және ол өте маңызды рөл атқарады. Демек адам өз өмірінде алдына қоятын жоспарлары мен қалауларын өзінің физикалық, психофизикалық мүмкіндіктері мен өзінің жас ерекшелігіне байланысты құрады. Адамның жасы онтогенездік мінездеме сияқты өмірлік шешімдердің уақытылы немесе уақытылы емес орындалуына өз әсерін тигізеді.мысалға әйел адам балалы болғысы келсе бала туа алатын жасында үлгеруі тиіс әйтпесе баласыз қалуы мүмкін.
Әр жастың биографиялық мәні бар: оқудың, жұмыс жзасаудың, карьера құрудың, араласудың тіпті өлудің де өз уақыты бар екені белгілі. Адамның өлімі де биографиялық мәнге ие. Психологиялық тұрғыдан өлім проблемасы адамның өз өмірін белгілі этаптарға бөлу арқылы әр нәрсені өз уақытында жасауына мүмкіндік береді. Өлім мәселесі әрқашан да адам санасын алаңдатып келді. Ол туралы көптеген философтар, жазушылар мен ақындар өз еңбектерінде жырлайды. Ол туралы философтар мен дәрігерлер өлім мен өмірдің арасындағы шекараны білуге ұмтылып зерттейді. Тіпті өлім мен өлу туралы ТАНАТОЛОГИЯ деген ғылым да бар. ( Г.В.Шордың Адамның өлімі туралы еңбегі.)
Жаңа теориялық көзқарастарда жеке тұлғаның әлемге деген көзқарасына үлкен мән беріледі. Сондықтан біз тіпті кішкентай балаларға ашық тұлға немесе тұйық деп айтып жатамыз. Органикалық қажеттіліктердің құрылымы және жалпы психофизологиялық денсаулығы адамның өмірде пессимист немесе оптимист болуына өз әсерін тигізеді. Бұл дамуда тек қана өмірге деген көзқарас пен қажзеттіліктерге байланысты болады деген емес әрине.
Адамның өмір жолы тұлғаның онтогенезбен салыстырғанда адамның индивидуалды дамуының кешіккен түрі. Өмірлік жол ол тұлғаның тарихы, ал тұлға бір адам болғанымен индивидтен қарағанда жас болып табылады. Адам индвид болып туылады, тіпті ол анасының құрсағының ішінде жатқанның өзінде индивид болып табылады. Алайда ол тұлға болып қоршаған ортамен араласқанда және әлемді танып біліп сана сезімі қалыптасқанда ғана кейіннен ғана бола алады. Тұлғаның қалыптасу деңгейін анықтау оңай емес. Ол жеке тұлғаның критериясына байланысты болады: диалектикалық сөйлеуге, балалық негативке, немесе қырсықтық белгілеріне,алаңдаулар мен естеліктерге. Б.Г.Ананьевтің ойынша биография туралы үш төрт жастан ерте емес кезеңде ғана айтуға болады. Шарлотта Бюллердің пікірінше ол туралы тіпті кешірек уақытта , жасөспіпімдік кезеңде ғана сөз қозғауға болады, өйткені дәл осы уақытта ол өзінің өмірлік жолын таңдай алатындай сана сезімі қалыптасады. Биография үшін ең маңыздысы ол адамның өз өмірін жай ғана өткізіп жатуы емес оны қандай да бір жоспарларға сәйкес еңбек етіп, қоршаған ортамен тығыз байланысты болуы. Тұлғаның өмірі бір біріне байланысты екі бағдарламалар арқылы анықталады. Біріншіден, әлеуметтік бағдарлама ол барлық адамдарға міндетті болып табылады, ол белгілі бір тарихи эпода жүреді. Әлеуметтену процесі тұлғаның қалыптасуында яғни балалық шақта, жастық шақта ерекше түрде жүреді. Сонымен қатар ол бұдан кейін де тоқтап қалмайды, сондықтан адам жұмыс сферасында, үйренуде, араласуда жаңа талаптарға бейімделеді. Оған сонымен қатар жаңа талаптарға , сұрауларға, қоршаған орта қарым қатынасындағы тарихи эпоха күтетін жағдайларға бағынуға тура келеді. Үнемі әлеуметтік дамуда болмаса адам өмірден қалып қояды.
Сонымен әлеуметтену дамудың тәсілдерінің бірі болып табылады, мұның астарында әлеуметтік оқудың механизмдері мен мәдениетті меңгеруі жатыр. Бұдан бөлек тағы да бір тәсіл бар ол тұлғаландыру. Ол өмірдің тұлға бағдарламасына, өмір жоспарларына, және тұлғаның осы жоспарларын өмірдегі барлық жағдайлармен байланыстырып жүргізуіне байланысты болмақ.егер де әлеуметтену тарихи эпоха мен қоршаған ортаның талаптарына бейімделуі болса, ал тұлғалану ол бұған қарама қарсы яғни талаптар мен ережелерге қарамастан өзін өзі сендіру болып табылады. Өзін өзі сендіру ауқымды түрде қарастырғанда тұлғалану деген сөз, яғни адамның тек қана қоршаған ортаның талаптарына сәйкес қана әрекет жасауы емес сонымен қатар өзінің де ойларына сәйкес дамуы болып табылады. Тұлғалану жан жақты болып табылады. Бұл еңбектегі, қарым қатынастағы, жан жақты меңгеруіндегі жеке тұлғаның өмір сүруінің индивидуалды стилі болып табылады. Ол мінез және талант болып табылады, ал жалпы ол индивидуалдылық. Оның әрбір элементі өз алдына қайталанбайтын әлеуметтік индивидуал. Адамда барлық жағынан керемет немесе әлеуметтік барлығына тән бола алатын қасиет болмайды. Мұнай тұжырымға жаңа заманғы ғылым келген болатын. Адамның әлеуметтінуі мәдениетті, білімді, моральды, құқықтық, профессионалды білімдерді, сонымен қатар қылық әрекеттің нормалары мен ережелерін, әлеуметтік ортада өзін ұстауын және тағы басқаларды меңгермей жүзеге аспайды. Дәл балалық шақта әлеуметтену процесі интенсивті түрде жүреді, ал меңгеру іс әрекеттің ең маңызды формасына айналады. Баланың белсенділігіі оынң ата анасының , мұғалімдердің, сонымен қоса қоршаған ортаның әсеріне байланысты дамиды. Кішкентай бала әлі де барлық затқа құқылы және өз алдына дербес тұлға болған жоқ, ол педагогтардың объектісі. Мәселе пісіп жетілуде жатыр. Пісіп жетілу дегеніміз тұлғаның енді қоршаған ортаны танып білуге ұмтылуы емес, оған өзі араласуы болып табылады.
Пісіп жетілу оның ішкі әлемінің дамып, қоршаған ортада өзіндік шешімдерді қаббылдай алуы болып табылады.Жетілу арқылы адам бұл қасиет бекер берілген еместігіне және осы арқылы ол қоршаған ортадағы адамдарға қуаныш сыйлай алатындығына үміттенеді. Жетілу іс әрекетсіз жүзеге аса алмаса да одан қарағанда үлкен мағынаға ие. Жетілу өте үлкен мағынаға ие, өйткені ол мәдениеттегі бар нәрсені меңгеру формаларына тікелей қатысты.
Жетілу түсінігі шығармашылық түсініге жақын болып табылады. Шығармашылық алдымен ерекшелік, іс әркеттің пайдалы болуы дегенді білдіреді. Ал жетілудің шығармашылық сияқты әрқашан ерекше немесе жаңа болуы міндетті емес.
Антон Павлович Чехов Ялтадағы өзінің үйінің жанына бақ орнатқан кезде раушандар мен сирендердің жаға сұрыптарын отырғызған жоқ, яғни ол шығармашылықпен айналыспады. Ал өзінің әңгімелері мен пъесаларын жазып шағарды. Алайда ол өзінің екі әрекетінде де қоршаған ортаға қандай да бір пайда әкелуге, қоршаған ортаны жаңаландырып гүлдендіруге , адамдарға көмектесуге тырысты. Оның өмірі ауқымды мағынада жетілудің айқын айғағы. Тұлғаның жетілу позициясы адамның өмірді түсінуінен туындайды, оны Сергей Леонидович Рубенштейн өзінің Адам және әлем еңбегінде дәл және айқын түрде көрсеткен болатын. Адам өмірінің мәні басқа адамдарға жарық және жылу сыйлау. И.А.Бунин өзінің өмірінің соңында мынадай тұжырымға келген болатын: біздің өміріміздегі әрбір зат үлкен мәнге ие болуы және қандай іс жасасақ та қоршаған ортаның гүлденуіне және қоршаған ортада барлығы жақсы болуына өз үлесімізді қосуымыз керек. Адамның өмірі оны түсінуіне байланысты қандай да бір ойластырылған жоспар бойынша құрылуы мүмкін. Өмір сүрудің мұндай тәсілі субъектілік детерминацияның жоғарғы деңгейіне сәйкес келеді. Бұл деңгейде адам өз өмірінің максималды жасаушысы және басшысы. Ол өз өмірінің мәнісін іздейді және оны тапқан соң оны қалай және қалай қолдану керектігін түсінеді, алдына мақсаттар қойып оның ішінен ең маңыздысын таңдап алады. Ол кедергілерге қарамастан осы мақсатына жетуге тырысады. Өмір сүрудің мұндай жолы үнемі күш салуды талап етеді, және ол оңайшылықпен орындала сала алмайды. Алайда өмір сүрудің мұндай тәсілі дамудың ең тиімдісі болып табылады.
Өте мазасыз және максималды белсенді өмір іс әрекеттегі психикалық механизмдерінің барлығының орындалуына жағдай жасайды. Іс әрекет кезінде олар формаланып жаңаланады және белгілі бір деңгейге өтеді.
Өз материалдарымнан адамның күделікті іс әрекетке басымен кіріп кететіндігіне және барлық адамның басқалар сияқты жаттанды өмірді сүруге талпынатындығына өзінің өткені мен болашағына көз жүгітпей ақ сол бұрынғы қалыптасып қалған қағидалармен өмір сүруді таңдайтындықтарына яғни отбасын құру,өмірге ұрпақ әкелу, оқу орнын бітіру сияқты , басқалардыкіне ұқсамайтын индивидуалды ерекше жоспарлар құруға талпынбайтындықтарына бір мысал келтірейін: Валентина Ш.42 жаста. Экономикалық жоғары білімді, жеке фирмада бас есепші болып жұмыс жасайды. Өзінің өмірі туралы: Мен өз өмірімде ештеңені өзгерткім келмес еді...ешқандай жаңалықтар жоқ. Барлығы дұрыс, өзінен өзі болды. Менде проблема жоқ. 18 жасымда бала кезден танитын адамыма тұрмысқа шықтым. Ол ұсыныс жасады, мен келістім. Барлығы сияқты ойланбастан техникумға оқуға түстім.

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті

СӨЖ
Тақырыбы: Тұлғаның өмірлік жолда дамуының психологиялық механизімдері

Орындаған: Максутханова А.А.
Тексерген:Адильжанова Қ.С.

Семей 2015
Алдыңғы тарауларда біз тұлғаның дамуын оның барлық өмілік ауқымында қарастырдық.Бірақ көрінбейтін тұлғалық өзгерістері тұлғаның психикалық білімі бұзылған немесе нығайған кезде күнделікті жүреді. Тұлға құрылымының құрылыс материалы болып , тұлғаның барлық іс-әрекеті мен мінез-құлқына сонымен қатар , оның өмірлік жолында өмірлік іс-әрекетіне қызмет ететін, психологиялық процесстер болып табылады. Тұлға қасиеттерінде процесстердің қарым-қатынас арқылы өтуі теориясын С.Л.Рубинштейн белгілеген. Мотивтер қорытындысы мінез бітістерінің тұрақты көрінуіне, әрекеттер қорытындысы - қабілетке әкеледі (1).
Психикалық процесстердің көкейкестілігі, олардың мазмұны мен бағыттылығы өмірлік жағдайлар сипаты мен құрылымы , сонымен қатар, тұлғаның құрылымы мен мінезіне байланысты болады. Алайда, өмірлік жол контексінде психикалық процесстер жаңа формаға еніп, не үшін және қалай өмір сүреді? тақырыбында экзистенционалды қобалжулар дәрежесіне дейін жетеді. Сонда қабылдау пайымдау сапасын иеленіп, ес еске түсіруге, ойлау- толғанысқа, ой- ойлауға, эмоциялар- эстетикалық, этикалық және интеллектуалды қобалжуларға айналады. Осының барлығы тұлғаның ішкі өмірін, оның субьективті әлемінің феноменологиялық суретін құрайды.
Ішкі өмірлік белсендіру тағдырлық және тұлғалық-дамытушы мағынаға ие болатын ерекше жағдайда болады. Ол жағдайлар немесе оларға деген қажеттілктің болуы арқылы шақырылады. Ол үшін адам жағдайды оған адрестелген , оны іштей ақыл-ой арқылы жоспарлап, кейін амалын шешетін өмірлік мәселе ретінде қабылдау керек. Нақтыланған құндылықтарды бекітуге бағытталған, өмірлік маңызды сұрақтардың шешімдерін қабылдап, оларды іске асыру , осылайша өмірлік таңдау іске асады.
Адамның өмірлік жолындағы мәселесі
Қазіргі адамдардың өмірі бұрынғыдан қарағанда, тез өзгеретін жағдайлар арқылы өтіп жатыр. Саяси құрылыстар, әлеуметтік құрылымдар, заңдылықтар, қоғам идеологиясы өзгеріп, жаңа техникалар ал онымен қатар, жаңа мамандықтар, еңбек , қарым-қатынас , адамдардың демалысы үшін жаңа мүмкіндіктер шығады. Қоғам тұлғаға жиі кездесетін оның өзіндік ұмтылысы мен қабілеттеріне жиі қайшы келетін алуан түрлі талаптар қояды. Бұл тұлғаның өмірлік жолындағы имманенттік (имманентную) мәселені білдіреді, яғни ол тез тарихи-әлеуметтік немесе апат жағдайларының қайта құрылуы кезінде көтерілетін деңгей.
Расыменде, нақты тариғи жағдайлар, оладың қатысушылары мен куәгерлері болатын адамдардың дамуы мен өмірлік бөлінуіне қатысады. Әрине, тарихи тектен шыққан өмірлік мәселеден басқада, микроорта жағдайлары арқылы шығатын нақты мәселелер де бар.
Проблемалық жағдайлар тұлға арқылы сезіліп, өз өмірінің негізін және жақын адамдары, сонымен қатар кіші және үлкен топтағы әртүрлі қарым-қатынас арқылы байланысты адамдардың өмірін шыңдау мен нығайту үшін шешімін табуды қажет ететін міндеттер ретінде қарастырылады. Туындаған мәселе осылайша қабылданбауы да мүмкін, осындайда адам соған сәйкес міндеттерді қоймайды, сондықтан ештеңе шешпейді. Ондай жағдайда, ол үшін шешімді оның жақын адамы іздейтіні анық, немесе бұл мәселе уақыт өте келе өмірлік жағдайлардың обьективті динамикасында өзінің маңыздылығын жоғалтады .
Адамдар өмірлік міндеттерді әртүрлі қояды және шешеді:
1) Өмірлік жоспар, жеке өмірлік бағдарлама, жалпы түпкі ойға сәйкес;
2) Әлеуметтік бағдарлама, қоғам ұйғарымына сәйкес;
3) Алдыға қарамастан жағдайлық, нақты жағдайда маңызды қажеттіліктерге сүйене отырып;
4) Кейбіреулері мәселені мүлдем көрмеуді және ештеме шешпеуді ұйғарады.
Тұлғаның өмірлік жолында өмірлік іс-әрекетінің психологиялық механизімдері болып , өмірлік таңдау кезінде өмірлік міндеттерді шешу мен қойылу тәсілдерін іске асыру болып табылады.
Тұлға жалпы мәселені шешуші ретінде қатысады. Ол үшін онда бірінші кезекте ойлау мен сана бар. Өмірлік міндеттерді шешуде ол биографиялық ойлау ретінде қатысады. Осындай ойлауда биографиялық (автобиографиялық) ес процесстері, елестету (арман, мұрат), ішкі сөздер( өз өзімен іштей диалог, ар-ұждан дауысы!) бірігеді. Осының барлығы өмірлік мәселелер арқылы шақырылған қабылдаулар, эмоция арқылы еніп, мотивтермен оқталған, барлық ішкі өмірлік жиынтықты құрайды.

Биографиялық ойлау
Биографиялық ойлау термині психологияға жат және жақында шыққан (мысалға, Р.А. Ахмеров диссертациясында, алайда ол онда арнайы дәлелденбеген) (2). Оның қолдануы аналогия бойынша биографиялық (автобиографиялық) ес түсінігімен анықталып көрсетілген.
Биографиялық ойлау- субьектінің өмірлік іс-әрекетіндегі маңызды танымдық қабілеттер, өмірді адекватты түрде түсіну жетістігінің инструменті. Биографиялық ойлаудың тәжіриблік жағы өмірге, өмір сүру іс-әрекетіне және өмірлік шығармашылыққа деген ерік-жігер ретінде көрінетінің ескерген жөн.
Біз биографиялық ойлауды К.А.Абульханованың лабораториясының зерттеу пәніне айналған әлеуметтік әртүрлілілік ретінде қарастырамыз. Ол былай деп жазады: Әлеуметтік ойлау пәні болып, феноменологиялық жиынтықтардағы және мазмұнды сипаттағы (адамдардың қарым-қатынасы мен мінез-құлқы, олардың тұлғасы,әлеуметтік процесстері, жағдайлары), сонымен қатар өзіндік өмірдегі , барлық әлеуметтік шындықтар жатады . Тұлға өмір субьектісі ретінде ондағы ойлау мен қажеттілік қабілетіне ие (3,41).
Дәйексөзде көрсетілгендей әлеуметтік ойлау тарихи-әлеуметтік (тарихи уақиғалардың мағыналары, макроортада қоғамдық құбылыстарды түсіну), коммуникативті-әлеуметтік (тікелей қатынас кезіндегі адамдардың тұлғасы мен қарым-қатынасты түсіну) және биографиялық (өзіндік өмірлік жолын түсіну) аспектіден тұрады.
Біздің көзқарасымыз бойынша, әлеуметтік ойлаудың осы үш аспектілері оның - тарихи-әлеуметтік, коммуникативті-әлеуметтік және әлеуметтік- биографиялық үш түрлігімен есептеуге болады (4). Әдетте адам қоғамда әлеуметтік-саяси процесстерді терең талдайды, сонымен қоса, болашақта толығымен саяси жағдайлар, қарым-қатынас, кәсіби жұмыстар шеңберіне еліктеп, жақын адамдарының мінезін нашар талқылайды немесе өзіндік өмірлік жағдайларын адекватсыз түсінеді, өзін және өз тағдырын аз ойлайды.
Әлеуметтік әсіресе биографиялық ойлаудың маңызды қызметі проблематизация болып табылады, яғни, нақты орын жағдайы мен уақытта шешім қабылдауға тура келетін өмірлік қайшылықтардың адекватты көрінісімен сәйкес өмірлік міндеттерді қалыптастыру. Қоғамдық және тұлғалық қарым-қатынас кеңістігі макро және микроортада нақты жағдайларды ескеріп, мезгілімен және ретті болған жағдайда ғана шешім табысты болады. Егер ақылды шешім нақты әрекет ету уақыты мен орын жағдайында үзінді кезінде қабылданса, онда ол өнімсіз және зиянды болуы мүмкін.
Әлеуметтік ойлау процедурасына категоризация жатады. Ол өз кезегінде - категория деп аталатын ұқсас әлеуметтік құбылыстарды қорытындылау болып көрсетіледі. Олар өздерінің есімдерін алып үлгермей, бүркеншік есім арқылы өмір сүріп жатқанда , әсірсе қоғамада түбегейлі өзгерістің болып жатқан кезінде оңай емес.
Әлеуметтік ойлаудың негізгі процедурасы интерпретация болып таылады. Ол көптүрлі қатынастар мен байланыстарды өзіне сіңіретін құбылыстардан, субьектінің өзі жасаған ойлары, жағдайларын соған ұқсас етіп қайта қалыптастырудан тұрады.
Тарихи-әлеуметтік және коммуникативті-әлеуметтікке қарағанда биографиялық ойлауды тұлғалық елігу мен жоғары қызығушылықпен сипатталады деп болжауға болады.
Көп мөлшерде биографиялық ойлау каузальды атрибуцияның қорғаныс механизімдерінің әрекетінде еліккіш, яғни олар иллюзиялық шешімді армандау сезіміне жеткізуі мүмкін. Ойлау нысанының өзгеруі (деформация) қорғаныс механизімдерінің ықпал етуі арқылы, тұлға құрылымында мінез-құлықтың еріктік және қорғаныс балансы механизімдерімен интеллект деңгейіне байланысты болуы мүмкін.
Әлеуметтік ойлаудың келтірілеген өзіндік түрлері
Мен деңгейінің елігуі обьектісінде ғана емес, сонымен қоса ақыл-ой жемісіне де тән. Осылайша, тарихи-әлеуметтік ойлаудың қорытынды жемісі, тарихи процесстер мен қоғам имплициталық теория болып табылады. Коммуникативті-әлеуметтік ойлау тұлғаның адами қарым-қатынасын , имплициталық теорияны орнату үшін қызмет етеді. Биографиялық ойлау процессінде тұлға өзіндік өмірлік жолы концепциясын қалыптастырады. Ол өз кезегінде өмірлік фактілердің категоризациясы, интерпретациясы, проблематизация актерінің көптеген варианттарын көрсетеді және жалпы өмірлік жолдың субьективті суретінің тұрақты ядросы болып табылады.
Өмірлік жолдың субьективті суреті түсінігін Б.Г.Ананьев енгізген. Оның көзқарасы бойынша тұлғаның сана сезімінде өмірлік жолдың субьективті суреті тарихи- биографиялық күндегі салыстыруға келетін, әлеуметтік және индивидуалды дамуға сәйкес (5,155) құрылады. Тарихи-әлеуметтік немесе биографиялық дағдарыс жағдайында деформациялануы кезінде тұлға құрылымы бұрмаланады: субьективті болашақ қысқартылады, тез арада болашақ екпінделіп, өткен шақтағы тәжірибелер жоғалады (2,6,7). Өмірлік жол мен субьективті сурет концепциясы негізінде тұлғалық процесстер , олардың әлеуметтік өмірлік іс-әрекеті реттеледі, нақты өмірлік шешімдер қабылданады.
Ойлаудың барлық түрі- ол ең алдымен интеллектуалды процесс. Когнитивті бағыт тұлғаны өмірлік іс-әрекеттің субьектісі ретінде , оның ақпаратты қайта өңдеуі , соның ішінде, өзіндік қажеттіліктері мен потенциалы , шешім қабылдау нәтижесі мен жағдайлары, өмір жағдайлары туралы ақпаратты қайта өңдеуі бойынша , ортақ интеллектуалды қабілеттері, өмірлік шешім қабылдауына байланысты назар аударады.Интеллект қаншалықты жоғары болса, индивидуалдылық соншалықты ықпалданған (интегрирована) болады және адам қажетті ақпараттарды өңдеп, өмірлік міндеттерді табысты орындай алады. Американдық психолог Дж.Зиманның (8) ойы осындай. Германиялық психолог Г.Томэ (10) мен финдық психолог Х. Хурмеде (9) осыған ұқсас ойлайды. Олардың пікірлерінше, тұлғаның мінез-құлқында нақты өмірлік жағдайларда өкілетті болатын, когнитивті құрылым үлкен рөл ойнайды. Осы жоспар бойынша өмірлік жол әрекетінің жоспарлары мен сценарилерінің инструменталды біліміне байланысты схемалар, тақырыптар, конструкторлар зерттелінеді.
Б.Г.Ананьев тұлға құрылымындағы маңызды ортақ интеллектінінің орнын ұсынып, кешенді зерттеуде өзінің әріптестерімен бірігіп осы сұрақты зерттеген. Ол тұлға мен интеллектіні дәйексіз өзара жекелену деп есептеген, себебі әлеуметтік қызметтер, қоғамдық мінез-құлық пен мотивациялар ( әлеуметтік өмірлік іс-әрекетті қосамыз- қосымшада. И.Л.) әрқашанда қоғамды, басқа адамды және өзін-өзі түсіну, бейнелеумен байланысты (5,307), ал интеллект көбінесе тұлғаның өмірлік жоспарларының адекваттылығымен анықталады.
Әлеуметтік перцепция саласында зерттелетін, әлеуметтік интеллект деп аталатын байланысты биографиялық ойлаумен байланыстыру заңды сұрақ. Адамдарды түсіну және олармен адекватты қарым-қатынас орната білу - субьект өміріндегі маңызды қабілет, ал қоршаған ортамен қарым-қатынас, серіктесу немесе қақтығысу- әр адам өмірінің маңызды бөлшегі. Биографиялық ойлау мазмұнының бар болуы өзіндік өмір контексінде қоршағандардың мінезі мен адами қарым-қатынастар туралы ойлануды құрайды.
Биографиялық ойлау тұлғалық рефлексияға өте жақын, бірақ онымен бірікпейді. Биографиялық ойлау ол тек қана рефлексия ғана емес, сонымен қатар ол өмірлік міндеттердің шешімі. Бұл құбылыстардың арақатынасы жайлы сұрақ әлі зерттелмеген.

Биографиялық ес
Биографиялық ойлауда ой обьектісі көбінесе биографиялық (автобиографиялық) ес формасында көрсетіледі (11,12). Онда өткен шақтағы аз немесе көп сүрген тірі бейнелер, басқаша- еске түсірулер сақталады. Олар биографиялық ойлаудың сезімдік негізін құрайды. Бұдан басқа, ойлауда қазіргі және болашақтағы бейнелер , сонымен қоса, қорытынды ойлар қолданылады.
1966 жылғы В.В.Нуркованың мақаласын шолуда биографиялық ес табиғатының теориялық көріністері және қазіргі деректері баяндалған. Осы ес түрі XX ғасырдың 80-ы жыл соңында белсенді зерттеліне басталды. Бірақ алғашқы зерттеулер ертеректе жүргізілген, мысалға, 30-ы жылдары П.П.Блонский жүргізген, бірақ ол В.В.Нуркованың мақаласында неге екені белгісіз аталынбайды. Нәтижесінде В.В. Нуркованың әртүрлі зерттеу материалдарын талдай келе, автобиографиялық еске келесідей анықтама береді: бұл тұлғаның өзара ұқсастығы арқылы анықталатын автобиографиялық маңызды жағдайлар мен уақиғалардың актуализациясы, интерпретациясы мен адамның өмір жолында өткен кесінділерінің субьективті бейнесі (12,27).
Тұлға өзін және өзінің өмірлік жолын ойлай келе, көрініс түрінде жазылған уақиғалық құрылымды өзінше түсіндіреді немесе түсіндірмейді (неинтерпретирует). Биографиялық ойлау биографиялық еске сүйенеді, бірақ-та биографиялық ес мазмұныда өткен шақтағы шынайы әсерлерді ойша ұқсатуға байланысты. Көп жағдайда олардың құрылымы тұлғаның мотивациялық-қажеттілік сферасына байланысты болғандықтан, олар психо-логикаға бағынады . З.Фрейд заманынан бастап, биографиялық ес процесінде маңызды рөлді психологиялық қорғаныс (ығыстыру, орнын басу, оқшаулау, мойындамау, регрессия) ойнайтыны мәлім , өзін-өзі ақтау, өзін-өзі қорлау, өкіну мотивтері әрекет етеді.
Биографилық ес өмірді нығайтатын (немесе өкінішке орай, өмірді бұзатын) күшке ие. Адам өмірлік шешім қабылдар кезінде таңдау жасауда одан адамгершілік тірегін табу үшін немесе қате жіберіп алмас үшін өз өткен шағына жүгінеді.
Болып кеткен жылдар ішіндегі немесе сол жылдардыға белсенді боялған еске түсірулер адамды қуантады, жұбатады немесе қинайды. Ары қарай өмір сүру күші болу үшін, адам кейде кейбір жарақатталған жағдайларды еске түсірмеуі де жақсы болады. Бірақ жағдайлар өте қатты және маңызды болғандықтан, ол бейсаналық қорғаныс заңдылықтарына ығыстырылмай, керісінше, саналық жабырқауды талап етеді. Онда біз ұмытудың ерекше формасы - естен шығарумен жұмыс атқарамыз. Бұл енді тек қана мнемикалық процесс қана емес, сана мазмұнына бағытталған, моральдық әрекет. Дені сау тұлға өткен шақтан сабақ алып , бастан кешкенін есте сақтай отырып, өзінің өткен шақта тұрып қалмайтын, невротикалық қабілетімен ерекшеленеді.
Қайта жаңғыру процесі биографиялық есте алауан түрлі.Ол өткен шақта белсенді реконструкция жүріп жатқанда, өткендегі оқиғаларды еске түсіру ерікті мақсатқа бағытталған болады. Еске түсіру қиындығын алдын алу үшін және еске түсіруді растауға қажетті естен басқа, ойлау мен ерік қатысады, онда мнемологиялық іздеу жүреді. Бірақ еске түсірулер ырықсыз, ассоциативті түрде туындауы мүмкін, себебі, биографиялық еске маңызды түйсіктер мен қабылдаулар , сонымен қоса, екінші дәрежелі модальдылықтар (кинезтезия, дәм, иіс сезу) қатысады.

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті

СӨЖ
Тақырыбы: Тұлғаның психологиялық уақыты

Орындаған: Максутханова А.А.
Тексерген:Адильжанова Қ.С.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмысқа барған жасөспірімдердің делинквентті жүріс-тұрысының псиологиялық ерекшелігін анықтау
Әлеуметтанудағы жеке іс қағаздар әдісі
Дифференциалды психология
Қазақ ертегілерінің тұлғаның өмірлік сценариінде алатын орны
Тұлга психологиясы
Еркіндік және жауапкершілік туралы
Э.Берннің сценарий ұғымының отандық және шетел психологиясында теориялық талдауы
Психология пәні, мақсаты, міндеттері мен әдістері Психология пәні, міндеттері мен әдістері
Оқытудың психологиялық мәні
Жасөспірімдердің есірткі қолдануына қарсы кеңес берудің психологиялық маңыздылығы
Пәндер