Ірі қараның халық шаруашылығындағы маңызы, шығу тегі және қолға үйретілу тарихы


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК

УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ

ТАҚЫРЫБЫ: Ірі қара шаруашылығының халық шараушылығында алатын орыны

Орындаған: Мамиева Е. Қ

Тексерген: Қорабаев Ж. З

Семей 2015

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

1. Ірі қараның халық шаруашылығындағы маңызы

2. Ірі қараның шығу тегі және қолға үйрету тарихы

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Мал шаруашылығы халқымыздың бұрыннан шұғылданып келе жатқан ата кәсібі. Төрт түлік мал ертеден бері ата - бабаларымыздың мінсе көлігі, жесе тамағы, кисе киімі болған. Ал бүгінгі таңда мал шаруашылығы ауыл шаруашылығының негізгі өзекті салаларының бірі болып табылады.

Еліміздің азық - түлік проблемасын жүзеге асыру үшін ең алдымен егіншілік пен мал шаруашылығы өнімдерін барынша сапалы да мол өндіру керек екені баршаға мәлім. Ал халықтың әл - ауқатын жақсартуда мал шаруашылығын әрі қарай өркендетудің маңызы зор.

Ірі қара еліміздің мал шаруашылығы экономикасында маңызды орын алады. Халық шаруашылығына түсетін қаржының тең жартысына жуығын ірі қара шаруашылығы береді.

Ірі қарадан ет, сүт және одан жасалатын тағамдар (май, құрт, ірімшік, қышқыл сүт тағамдары) және жеңіл өнеркәсіп өндірісіне қажет шикізат алынады. Сонымен қатар, ірі қара органикалық тыңайтқыш-көңмен қамтамасыз ете алады.

Қазақстан Республикасының шаруашылықтарында 20 - дай сүтті, сүтті - етті және 8 - етті асыл тұқымды ірі қара малдар өсірілуіде. Айта кету керек, бұл асыл тұқымды ірі қаралардың көпшілігі жаңа өнеркәсіпті технологияға бейімді емес. Сондықтан кейінгі уақытта будандастыру және гибридизациялау арқылы ірі қараның жаңа асыл тұқымдары шығарылуда.

Халықты мал өнімімен қамтамасыз етуде ірі қара өнімі қазіргі кезде алдыңғы орын алады. Демек, оқымыстылар мен мамандардың алдында тұрған мақсат - жас малды дұрыс өсіру және мал бордақылау, сүт өндіру технологиясын жақсарту, оны өндіріске енгізу, ірі қара тұқымын әлі де болса жақсарта түсу.

Қазіргі нарықтық экономикалық заманға сәйкес Елбасының Н. Ә. Назарбаевтың 50 бәсекеге қабілетті елдің қатарына кіру мақсатындағы жолдауында көрсетілгендей «Ауыл шаруашылығы, оны өркендету және оны дамыту» бірінші кезекте тұрғаны мәлім. Оны орындау үшін малдардан біріншіден сапалы тұқым, екіншіден ең жоғарғы сапалы өнім алу болып табылады. Ал ел басы тапсырмасын орындау, малдардың жақсы күтіміне тікелей байланысты.

2008 жылдағы Елбасының Қазақстан халқына жолдауында дамудың жаңа кезеңі ел агроөнеркәсіп кешеннің алдында бір қатар жаңа, аса маңызды міндеттер қойып отыр.

Ауыл шаруашылығы өнімдеріне баға өсу үстінде және тұтастай алғанда аталған сала өте пайдалы болуда, сондықтан біз оған ақша салуымыз керек. Ауылдың бұған екпінді еңбегімен және жоғары қайтарыммен жауап беретініне сенімдімін.

1. Ірі қараның халық шаруашылығындағы маңызы.

Ірі қара еліміздің мал шаруашылығының экономикасында маңызды орын алады. Халық шаруашылығын түсетін қаржының тең жартысына жуығын ірі қара шаруашылығы береді.

Ірі қарадан ет, сүт және одан жасалатын тағамдар және жеңіл өнеркәсіп өндірісіне қажет шикізат алынады. Сонымен қатар, ірі қара органикалық тыңайтқыш-көңмен қамтамасыз ете алады.

Ірі қара терісінен аяқ киім ұлтаны және жоғары сапалы былғары дайындалады. Ірі қара мүйізінен тарақ, түйме, әр түрлі әшекей жасалады. Қанынан қан ұнтағының, альбумин, қан шұжығын дайындайды. Сүйегінен желім, сүйек ұнтағын, ал қылшық жүнінен шетке, қылқалам тиімді пайдаланып, жұмсалған азықты сүтпен, қосымша салмақпен тиімді ақтай алады. Малдың бұл тұқымы жер таңдамайды, тез жерсінетіндігінен кез-келген жерде өсіріледі.

Бұрын Қазақстанда ірі қараның басым көпшлігі жергілікті қазақы мал болды да, солтүстік облыстардың кейбір аудандарында ғана қырдың қызыл сиыры, Жетісуда және оңтүстік облыстарда швиц тұқымы мен қара ала тұқым малы өсірілді.

Қазақстанға отызыншы жылдардың басында герефорд, швиц, симментал, қырдың қызыл сиыры және қара сиыр тұқымы көптен әкелінді де, олармен жергілікті ірі қараны будандастыру кеңінен жүргізіледі.

Кейбір шаруашылықтарда биологиялық қасиеті жағынан таза қанды немесе жақсартушы тұқымға ұқсас мал алу үшін сіңіре будандастыру тәсілі кеңінен қолданылады.

Сонымен қатар зоводтық, будандастыру да кең өріс алады. Шаруашылықтардың мамандарымен бірлесе отырып, Қазақстан оқымыстыларықолда бар малды жетілдіру және жаңа тұқым шығару жұмыстарына жетекшілік етті.

Сол, 1930 жылдары басталып, 1950 жылдары жаңа тұқым болып бекітілген Қазақстанда шығарылған жаңа тұқымының бірі-қазақтың ақбас сиыры.

2. Ірі қараның шығу тегі және қолға үйрету тарихы

Ірі қара зоотехникалық топтау бойынша омыртқалылар бөлігіне, сүтқоректілер класына, жұпаяқтылар отрядына, жарты ай тәрізді тістілер қосымша отрядына, қуыс мүйізділер туыстасына, өгізтектілер жақындастығына: екі топ енеке және бір топ кәдімгі ірі қара болып үш текке бөлінеді.

Өгізтектілер-кәдімгі ірі қара, зебу, қодас, енеке, зубр, Оңтүстік Азияның шотмандайлылары кіреді. Өзінің биологиялық ерекшеліктеріне қарай, бұл түрлердің бір-бірінен едәуір айырмасы бар.

Бұларды өзара будандастыруда алынатын будандардың да төлшілдігі әр түрлі.

Демек, өркешті сиырмен будандастырғанда алынатын будандар буынына қарамай төлшіл келеді.

Ірі қараның адамзатқа ерте заманнан танымал жануар екендігі белгілі. Оның шығу тегі жөнінде көптеген пікірлер бар. ТМД және шетел ғалмыдарының тапшылауы бойынша осы күнгі ірі қара Европа және Азия жерінде тіршілік еткен жабайы турдан таралған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халық шаруашылығындағы жылқы шаруашылығының маңызы
Қазақ жылқысының көне тарихы: арғы тегі, эволюциясы және қолға үйретілуі
Жылқының шығу тарихы, Қазақстандағы қолға үйретілуі және мәдени-экономикалық рөлі
Ферменттік препараттардың халық шаруашылығындағы маңызы
Ірі қараның эхинококкозы: патологиясы, патологоанатомиялық зерттеуі және эпизоотологиясы
Башқұрт жылқы тұқымы: шығу тегі, шаруашылық маңызы және селекциялық мәселелері
Қазақстан ойконимдерінің тарихы, шығу тегі және типологиясы
Майлы дақылдар: түрлері, халық шаруашылығындағы маңызы және агротехникалық сипаттамасы
Қазақстан Республикасындағы тұяқтылардың биологиясы, таралуы және халық шаруашылығындағы маңызы
Ірі қараның сырт пішіні мен мүшелерінің сипаттамасы және асылдандыру мен гибридтеуді ұйымдастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz