Ұлттық валютаның енгізілуі және валюта үлгілері


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы : Қазақстанның ұлттық валютасы : пайда болуы және дамуы.

Орындаған : Сейтова Н.

Тобы : ВС - 403.

Тексерген : Қуантқан Б.

Семей 2015 жыл

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

1 ) ҚР - ның ұлттық валютасының пайда болу тарихы.

2 ) Ұлттық валютаның енгізілуі және валюта үлгілері.

3 ) Ұлттық валютаның дамуы және негізгі элементтері.

Қорытынды

Пайдаланған әдебиет

Ақшаның пайда болуы және мәні
Қазақ ұлысы Жібек Жолымен керуен тартып келген саудагердің әр теңін бір теңгеге балап, ақша шығаруға бел байлады. Теңгенің тарихы 15 ғасырдың екінші жартысынан басталады. Қазақстанның аумағында ақша дегеніміз мыңдаған жылдар бұрын пайдаланылған. Қазақстандағы ақша саудасы ғалымдардың айғақталуынша, бұрын да жүргізілген, оған сандаған мәнет шығарылымы куә болады. VII-VIII ғасырларда өз мәнеттерін орталық Сырдария мен Отырар жазирасында түрік әміршілері, ал Жетісуда түргештер мен тухсилер шығарған. IX-X ғасырларда осы аумақ Саманит империясының құрамына кіргендіктен, Қазақстанның оңтүстігіне саманиттік әміршілердің мыс фельстері пайдаланылған. Мәнет сарайлары Отырарда (Фарад) және Испиджабта жұмыс істеді. Ақша айналасында 3 түрлі дирхемдер - мүсейяби, мұхаммеди мен штрифи болды.
X ғасырдың ортасымен XIII ғасырдың бас шені - бұл қараханит мемлекетінің құрылуымен өмір сүру кезеңін қамтиды. Осы мезгілде тарихшылардың топшылауынша, қалалар қанат жайып, тауар өндірісімен сауда көлемі ұлғайған. Экономиканың өркендеуі ақша айналысында аса зор қаражат ағынын қажетсінген. Күмістің жетіспеушілігінен мәнет сарайлары дирхендерді, яғни "күмістелген" деп аталынатын беті күміспен жалатылған мыс мәнеттерін соға бастайды. Ұсақ бөлшек саудада мыс фельстерімен есептесілді.
Мыс мәнеттерін күміспен жалату және ақша айналысының құрылымы осы ғасырдың екінші жартысындада күміс дағдарысын жойған Масұтбек реформасына дейін сақталынып келді.
1271-1272 жылдары моңғолдардың Орта Азия мен Қазақстан өңіріндегі наменгері Масұтбек дүйім империя бойынша еркін айналымда жүретін күміс мәнетін енгізді. Күміс шығару бойынша бірінші орында Тараз, Отырар, Кендіж қалалары болды.
XIV ғасырдың аяғында Қазақстанда Әмір Темірдің мәнеттері айналысқа қосылды. Сонымен бірге қазақ қалаларына сауда жасау үшін Бұхарадан, Самарқаннан, Тәшкен, Ақсы, Шахрұхи Хисардан әкелінген мәнеттер, негізінен мыс динарлары кеңінен пайдаланылды. Қазақ даласындағы ақшалардың өз атауы терең тамырланған. XV ғасырдың басында Отырар мен оның айналысында 3 дәрежелі "тәнге" атты күміс мәнеттері пайдаланылды. Негізгі атауы - тәңге, оның ширегі - мір, ал он екіден бір бөлігі - тәңгеше деп аталды.
XV ғасырдың соңынан XVII ғасырдың I жартысына дейін мәнет сарайлары Ясыда (Түркістан), Сауранда, Сығанақта, Сайранда үздіксіз жұмыс істеді. XVI ғасырдың орта тұсында Ясыда шейбан Ескендір хан күміс мәнеттерін шекмеледі. Ташкент мен бірге Сырдария жағасындағы қалалар айналыста тек күміс қана бір экономикалық аймақ құрғандығы да тарихтан белгілі.
Тарихшылардың айтуынша XVII ғасырдың ортасынан жоңғар шапқыншылығынан туындаған саяси және экономикалық себептер салдарынан қала тіршілігі мен сауда - саттығының құлдырауы басталады. Сонан кейін XVIII ғасырдың ортасынан қазақ жерінде Қоқанның, Ташкен хандарының ақша белгілері және орыс мәнеттері пайда бола бастайды. Ал XIX ғасырда барлық сауда операциялары тек қана орыс ақша белгілермен жүргізілді.
XVI-XVII ғасырларда Қазақстанда 1655-1663 жылдары Александр патшаның тұсында аса зор мөлшерде шығарылған мыс тиындары пайда болған. Нумизматикалық зерттеулер Қазақстанның Орта Азия мемлекеттерімен және Ресеймен сауда-саттық байланыстарын көрсетеді. Бір сөзбен айтқанда, Қазақстанның ұлттық валютасының пайда болуы да ежелгі қаржылық дәстүрлердің жаңғыруындай, ал ақша атауын - "теңгені" де біздің ата-бабаларымыз көне Отырардың өзінде пайдаланған.

Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 3 қарашадағы Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасын енгізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылды. Оның құрамында Қазақстан Республикасының Премьер-министрі С. Терещенко - комиссия төрағасы және комиссия мүшелері - Қазақстан Республикасының вице-президенті Е. Асанбаев, Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Д. Сембаев, ҚР Ұлттық Банкінің Төрағасы Ғ. Байназаров, ҚР Қаржы министрі Е. Дербісов және ҚР Экономика министрі Б. Ізтілеуов болды.

Республиканың Жоғарғы Кеңесінде және Үкіметінде өткізілген Ұлттық валютаның атауы туралы кеңейтілген жабық пікір таластың нәтижесінде Жоғарғы Кеңестің жоспарлау-бюджет комиссиясының сол кездегі төрағасы болған С. Тәкежановтың ұлттық валютаны - Теңге, ал оның жүзден бір бөлігін - Тиын деп атау туралы ұсынысы қабылданып, теңгенің дизайнын дайындау құрамында Т. Сүлейменов (жетекші), М. Әлин, Х. Ғабжәлилов және А. Дүзелханов (дизайнерлер) бар авторлық ұжымға тапсырылған.

oR2AI7c0mRnlW51morM2NkwN46A61f.jpg

Қазақстанның тұңғыш Ұлттық валютасы Англиядағы «Харрисон және оның ұлдары» деп аталатын ағылшын компанияларының бірінде дүниеге келген. lslNy4O7sEfwaiF15rg6IBa1F1eeH3.jpg

28092009164253.jpg

Ұлттық валюта үлгілері.

Алғашқы кезде теңгенің бірінші шығарылған қатары (1 теңге = 100 тиын) мынадай номиналдардан тұрды:

  1. 1, 3, 5, 10, 20, 50 және 100 теңгелік банкноттар;
  2. 1, 3, 5, 10, 20 теңгелік монеталар;
  3. 1, 3, 5, 10, 20 және 50 тиындық монеталар ( бастапқыда қағаздан жасалған) .

Кейіннен айналысқа :

  1. 1994 жылы 1993 жылғы үлгідегі номиналы 200 теңгелік және 1994 жылғы үлгідегі 500 теңгелік банкноттар ;
  2. 1995 жылы 1994 жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкноттар ;
  3. 1996 жылы 1996 жылғы үлгідегі номиналы 2000 теңгелік банкноттар ;
  4. 1997 жылы номиналы 1, 5, 10, 20, 50 теңгелік монеталар (жаңа дизайны) ;
  5. 1999 жылы 1998 жылғы үлгідегі номиналы 5000 теңгелік банкноттар;
  6. 2000 жылы 1999 жылғы үлгідегі номиналы 200 және 500 теңгелік банкноттар (дизайны өзгертілген),
  1. 2001 жылы :2000 жылғы үлгідегі номиналы 1000 және 2000 теңгелік банкноттар ( дизайны өзгертілген ) ; 2001 жылғы үлгідегі номиналы 100 теңгелік банкноттар ( дизайны ішінараөзгертілген ) ; Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған 2001 жылғы үлгідегі 5000 теңгелік мерейтойлық банкноттар ; 2001 жылғы үлгідегі 5000 теңгелік банкноттар ( дизайны ішінара өзгертілген ) . 2002 жылы :2003 жылғы үлгідегі номиналы 100 теңгелік банкноттар; 1999 жылғы үлгідегі номиналы 200 және 500 теңгелік банкноттар ( дизайны ішінара өзгертілген ) шығарылды. 2003 жылы :2003 жылғы үлгідегі номиналы 10 000 теңгелік банкноттар.

Қазақстан Республикасы Ұлттық валюталық жүйенің негізгі элементтері және даму қарқыны :

1) Ұлттық валюта . 1993 жылы 12 қарашада Қазақстан Республикасының Президентi Н. Ә. Назарбаев “Қазақстан Республикасында Ұлттық валютаны енгiзу түралы” Жарғыға қол қойды және осы жарғымен 1993 жылы 15 қарашада сағат 8-ден бастап ұлттық валюта - «теңге» енгiзiлдi . Ал 1999 жылы ұлттық валютамызды ұлттық және әлемдiк валюталық қатынастарды еркiн рыноктық түрде дамыту үшiн еркiн айналымға жiбердiк. Бүгiнгi таңда ұлттық валютамыз күннен-күнге нығайып, елiмiздiң тұрақты экономикалық өсуiне даңғыл жол ашуда .

2) Ұлттық валютаның шетел валютасына айырбасталу жағдайлары, яғни: а) еркін айырбасталатын және ә) жарым-жартылай немесе айырбасталмайтын (тұйық) валюта. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы теңге еркін айырбасталатын валюта болып табылады.

3) Валюталық паритеттің бірдейлік ережесі - валюталардың алтын құрамына байланысты өзара қатысы. Сондай-ақ 1970 жылдардан бастап Еуропа елдерінде және 1991 жылдан бастап Қазақстанда ХВҚ-ның Жарғысы бойынша валюта паритеті тек СДР (арнайы қарыз алу құқығы) - арнаулы ақша өлшемімен немесе басқа халықаарлық валютамен өлшенуі мүмкін, бірақ алтын емес.

Төл валютамыздың алғаш пайда болуы, өзгеруі және түрленуі тарихына көз жүгіртетін болсақ:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақтан Республикасының ақша - кредит саясаты
Қазақстанның ұлттық валютасы: пайда болуы және дамуы туралы
Қазақстанның ұлттық валютасы: пайда болуы және дамуы жайлы
Қазақстан Үкіметі рубль аумағын сақтағысы келді, бірақ Ресей Үкіметі Қазақстаннан алтын валюталы резервтердің бәрін
Валюталық қатынастар
Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы - теңгені енгізу
Теңгенің пайда болуы мен қалыптасуы
Қазақстанның ұлттық валютасы: пайда болуы, дамуы
Қазақстан теңгесі
Қазақстан Республикасының валюта нарығының қалыптасу кезеңдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz