Абайдың ақындық кітапханасы
Қазақ әдебиетін зерттелу саласында айрықша мол зерттелген арнасы Абайдың әдеби мұрасы болса да, абайтанудың қолға алынбай қозғаусыз келе жатқан күрделі де қиын тақырыбы – Абайдың ақындық кітапханасының жайы болатын.
Абай мұрасы қаншалықты кең тұрғыдан зерттеліп, арнайы ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілгенмен бұл мәселені яғни Абайдың ақындық кітапханасын айқын танып меңгермей Абай дүниетанымының қабаттарына деңдеп ене алмаймыз. Өйткені Абайдың өз қолымен жазған туындыларынан түпнұсқасы қалмау, немесе күнделік, оқып білген, нәр алған рухани қазынасы деректерінің бізге жетпеуі – зерттеуші ғалым атаулыны тұйыққа қамай береді. Бұл қиындық, әсіресе, Абай мұрасының молынан рухани нәр тартқан саласы – мұсылмандық шығыстың немесе Абай мұрасының шығысқа қарым-қатынасын айқындауда аса күрделі де қиын арнасына аяқ баса алмаймыз. Абай орыс класиктерінен жасаған аудармаларына жанама түрде болса да, мол дерек көздеріне таба аламыз. Ал Абайдың Шығысына келгенде мұндай мүмкіндіктен құр алақан қаламыз. Осы себепті Абай мұрасының шығыстық жағалауына жол тартқанда Абайдың ақындық кітапханасы туралы мәселеге сүйенбей алға қадам баса алмаймыз.
Мәдениеті ерте дамып, баспасөзі жолға қойылған отырықты халықтардың қайсысы болса да олардан шыққан атақты ойшылары мен ақын жазушыларының оқыған, бала жастан қызыққан кітаптары мен артына қалдырған қолжазба нұсқалары мен күнделіктері, жазысқан хаттары, замандастарының естеліктері мен архив деректерінің молдығы зерттеушілеріне айтарлықтай жеңілдіктер тудырып отырады. Мысалы: А.Пушкин, Л.Талстой мұра архивтері. Мұндай мүмкіндіктен Абай мұрасы ғана емес, ХV ғасырдан қалған ауызша поэзия өкілдерінен де жазбаша дерек көздерін таба алмаймыз. Бұл қиыншылықтан шығудың сенімді бір-ақ жолы қалады. Ол жол – сол ақындардың өлең текстінен жылт еткен бір нақтылы немесе жанама дерек көздері ойға қозғау салып үкілі үмітке бастап отырады. Абай мұрасынан, әсіресе оның Шығыстық жағалауынан қазына көзі іздегендердің азапты жолын Мұхтар Әуезовтей кетпен тұяқты кемеңгердің сөзімен айтқанда: «Әлде қашан бел асып кеткен көштің айдаладағы жұртына кешігіп жеткен жүргіншінің сөніп қалған от орнынан болмашы жылтыраған бір қызғылт шоқ тауып ап, оны демімен үрлеп тұтатпақ болғанымен бірдей», – болып шығады.

Қазақ әдебиетін зерттелу саласында айрықша мол зерттелген арнасы Абайдың әдеби мұрасы болса да, абайтанудың қолға алынбай қозғаусыз келе жатқан күрделі де қиын тақырыбы - Абайдың ақындық кітапханасының жайы болатын.
Абай мұрасы қаншалықты кең тұрғыдан зерттеліп, арнайы ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілгенмен бұл мәселені яғни Абайдың ақындық кітапханасын айқын танып меңгермей Абай дүниетанымының қабаттарына деңдеп ене алмаймыз. Өйткені Абайдың өз қолымен жазған туындыларынан түпнұсқасы қалмау, немесе күнделік, оқып білген, нәр алған рухани қазынасы деректерінің бізге жетпеуі - зерттеуші ғалым атаулыны тұйыққа қамай береді. Бұл қиындық, әсіресе, Абай мұрасының молынан рухани нәр тартқан саласы - мұсылмандық шығыстың немесе Абай мұрасының шығысқа қарым-қатынасын айқындауда аса күрделі де қиын арнасына аяқ баса алмаймыз. Абай орыс класиктерінен жасаған аудармаларына жанама түрде болса да, мол дерек көздеріне таба аламыз. Ал Абайдың Шығысына келгенде мұндай мүмкіндіктен құр алақан қаламыз. Осы себепті Абай мұрасының шығыстық жағалауына жол тартқанда Абайдың ақындық кітапханасы туралы мәселеге сүйенбей алға қадам баса алмаймыз.
Мәдениеті ерте дамып, баспасөзі жолға қойылған отырықты халықтардың қайсысы болса да олардан шыққан атақты ойшылары мен ақын жазушыларының оқыған, бала жастан қызыққан кітаптары мен артына қалдырған қолжазба нұсқалары мен күнделіктері, жазысқан хаттары, замандастарының естеліктері мен архив деректерінің молдығы зерттеушілеріне айтарлықтай жеңілдіктер тудырып отырады. Мысалы: А.Пушкин, Л.Талстой мұра архивтері. Мұндай мүмкіндіктен Абай мұрасы ғана емес, ХV ғасырдан қалған ауызша поэзия өкілдерінен де жазбаша дерек көздерін таба алмаймыз. Бұл қиыншылықтан шығудың сенімді бір-ақ жолы қалады. Ол жол - сол ақындардың өлең текстінен жылт еткен бір нақтылы немесе жанама дерек көздері ойға қозғау салып үкілі үмітке бастап отырады. Абай мұрасынан, әсіресе оның Шығыстық жағалауынан қазына көзі іздегендердің азапты жолын Мұхтар Әуезовтей кетпен тұяқты кемеңгердің сөзімен айтқанда: Әлде қашан бел асып кеткен көштің айдаладағы жұртына кешігіп жеткен жүргіншінің сөніп қалған от орнынан болмашы жылтыраған бір қызғылт шоқ тауып ап, оны демімен үрлеп тұтатпақ болғанымен бірдей, - болып шығады.
Ғылымды іздеп, дүниені көздеп, екі жаққа үңілдім деген Абайдың Шығыстың рухани әлеміне бойлай еңуінің сырын танып, мәнін білу жолындағы іс-қимылы жайында сөз еткенде, Абайдың ақындық кітапханасының жайы мен көлемі туралы аса күрделі мәселе біздің негізгі тірек етіп сүйенер бағыт-бағдарымызға айналмақ. Бұл мәселені шешу жолында, алдымен Абайдың өзі шығармаларында қадау-қадау сілтеме беріп отыратын дерек мағұлматтары көмекке келмек. Екіншіден, ақын шығармаларының идеялық мазмұны мен дүниетанымының танымдық экрандарындағы ой-пікір сабақтастығын танып білуге болжам беретін жанама деректер көзі де тани білсек көп нәрсенің сырын білуге бастап отырады.
Осы ұрымтал мәслененің яғни Абайдың ақындық кітапханасының сыры мен көлеміне сүйенбей Абайдың Шығыстық рухани қазынасына қарым-қатынасын ашып, танып білу мүмкіндігінен айрыламыз. Абай дүниетанымы жайлы соңғы жалдардағы нысанасыз ғылыми зерттеу еңбектері осы кемшілікті нақтылы түрде көрсетіп отыр (Д. Омаров, Т. Жұртбаев, Қ. Жүкешов еңбектері).
Абайдың ақындық кітапханасының көлемі мен жайы туралы мәселені пайдалану үшін екі түрлі әдіс-тәсілді қолдану жөн деп білеміз:
а) Абайдың өз шығармаларында арнайы сілтеме жасай отырып беретін ең сенімді дерек көздері - кейбір туынды намымдары мен кісі аттары болып табылады. Осылар арқылы ең сенімді дерек көздеріне молығып, көп мәселенің сырын ашып, мәнін білуге бастап отырады. Мысал ретінде алар болсақ, Абайдың Ғылым таппай мақтанба өлеңінде
Мұны жазған білген құл -
Ғұламаһи Дауани...
деген өлең жолындағы Ғұламаһи Дауани - ирандық ғұлама ғалым Мұқаммед ибн Асат Жалаладдин ад Дауанидың (1427-1501) лақап аты екенін білеміз. Ғұламаһи Дауани жазған Жалали этикасы еңбегін Абай оқып пайдаланған, айта берсек, бұл дерек көздері Гиессаддин Хондомирдің Жақсылықтар (Макорым-ул-ахлақ) атты шығармасында атап өтетіні бар. Парсы тілін өзінше оқып меңгерген жас ғалым С. Оразалиев Абай мен Ғұламаһи Дауани арасындағы шығармашылық байланысты ашу, танып білу арқылы Абай - Дауани деген монографиясында бізді мол деректер көзімен таныстырып, Ғ.Дауани туралы танымымызды байытып, соны дерек көздері мен молықтырып отыр.
ә) Абай шығармаларында тікелей аты аталмай-ақ Абай мұрасы мен оның кейбір ой-толғаныстарында жанама түрде іліктесетін ой-пікірлерді салыстар талдау арқылы Абайдың ақындық кітапханасында болған кейбір жанама дерек мағұлматтар арқылы көптеген рухани қазына көздеріне кезігеміз. Мысалы, Абайдың 38 - қарасөзінде бір рет қана тілге алынатын Жәуанмәртлік терминіне сүйене отырып Абай қарасөздерінің жанырлық және стильдік ерекшелігіне өте ұқсас Қабуснама (ХІІ ғасыр) кітабы мен байланысы барлығына көзіміз жете түседі. Немесе Абайдың 17 - қарасөзінде ерекше мән бере айтылатын ақыл, қайрат, жүректің өзара айтысы арқылы ашылатын, не Әсемпаз болма әр неге деген өлеңіндегі:
Ақыл мен қайрат жол табар,
Қашқанға да қуғанға.
Әділет шапқат кімде бар,
Сол жарасар туғанға, -
деген өлең жолдарындағы ақыл, қайрат, әділет, шапқат деп аталатын елеулі терминдік мән-мағынасы бар сөздердің ішкі мазмұны мен түп төркінін талдау арқылы бұл сөздердің Жәуанмәртлік ілімімен іштей сабақтасып жатқан жаңа танымға кезігеміз. Бұл ой танымдар Абайдың толық адам ілімімен тікелей ұштасып 1069 жылы Шу өзені бойында жазылған Жүсіп Хас Хаджиптің атақты Құтадығу білік дастанындағы жәуанмәртлік ілімінің төрт негізіне айналған аталы ұғымдарға бастайды. Жәуанмәртлік ілімінің жұрт таныған төрт түрлі негізі (әділет, ақыл, дәулет, қанағат) дастандағы басты төрт кейіпкер: Күнтуды (әділет), Айтолды (дәулет немесе қайрат), Өзғырмыш (ақыл), Одғұрмыш (қанағат) арқылы баяндалып суреттелуі бізді тағы да Абайда айтылған Жәуанмәртлік ілімімен ұштастырумен бірге Абайдағы Толық адам ілімі мен Шәкәрімде Ар ғылымымен бізді тікелей байланысқа алып келеді.
Міне, осындай әдіс-тәсіл арқылы біз Абай мұрасындағы кейбір жанама түрде айтылса да, олардың түп төркіні Ибн Халдуның Әл-Мухтидия (кіріспе), Хусаин Воиз-Кашафидың Музкин этикасы, Әл-Фарабидың Ізгі қала тұрғындары, Наршаһидың Бұхара тарихы, Журжанидің Көркем сөйлеудің сырлары (Белагат ул-асрар), Ясауидың шығармаларындағы Хал ілімі (Инсани камили) ілімімен, Жүсіп Қарабағидың Рисаласымен, немесе Абайда айтылатын Уәзінге өлшеп тізілген деген өлең жолындағы Уәзін (өлең өлшемі) ұғымы арқылы Журжани, Ә.Науаи, Заһареддин бабур жазған өлең теориясы мен терең таныстығын аша түсеміз. Міне осы әдіс-тәсіл арқылы Абайдың ақындық кітапханасының көлемін зерттеу, іздену ғылыми талдау арқылы жыл өткен сайын толықтыра берілмек.
Абай дүниетанымының қалыптасуында шығыстық рухани қазына көздерінің өзіндік қайталанбас орны барын таза материалистік атеистік ұстанымдағы кеңестік идеология терістеп келді. Абайтану тарихының даму тарихына назар аударсақ анық көрініп тұрады. Абайтанудың М. Әуезовке дейінгі даму жолында Абай мұрасының мұсылмандық шығыстың рухани әлеміне қарым-қатынасы жайлы пікірлер бой көтере бастады. Абай әдеби мектебінің шәкірттері Көбай, Шәкәрім, Кәкітай тарапынан жанама түрде әр тұста айтылған ойлы пікірлер желісі - осының айғағы. 1928 жыл мен 1937 жыл аралығында Абай мұрасының мұсылмандық шығысқа қарым-қатынасы тұрпайы социологиялық таным тұрғысынан үзілді кесілді тегістеліп жатты. 1934 жылы М. Әуезов ұстанған абай мұрасының шығысқа қатысы туралы терең ғылыми танымға негізделіп айтылған ой-пікірі аяусыз қатаң сынға алынып, терістеліп жатты.
М. Әуезов алғаш рет 1934 жылы Абай ақындығының айналасы деген ғылыми мақаласында Абайға шығыстан кірген бұйымдардың басы ислам діні деп атап көрсетуінде салмақты мәнге ие ой таным желісі жатты. Өйткені Абай мұрасының рухани нәр алған қазына көздерінің бірі шығысқа қарым-қатынасын танып білудің бастау көзін Абайдың ислам діні туралы ой-танымынан желі тарту қажеттігі алға қойылады. Осы тұрғыдан алып қарағанда ойшыл ақынның:
Адамды сүй, Алланың хикметін сез,
Не қызық бар өмірде онан басқа, -
деген ой-байламын танып білудің кезекті желісі хауас мәселесін терең танып, мән-мағыналық ұғынудан басталатынына көзіміз жете түседі.
Хауас сөзінің мағынасы араб тілінде түйсік, сезім деген терең мағыналы пәлсапалық ұғым танымды көрсетуі себепті, М. Әуезов ақын мұрасының шығыстан алған бұйымдарының алғашқы қадамын исламиятқа қатысы жайлы ішкі танымын үңіле зерттеу арқылы қорытқан ой-байламдарын Абай діні сыншыл ақылдың шартты діні деген тезисі мен Абай жолы эпопеясындағы Ақын аға деп аталатын тарауында хауасты танып білудің өрелі желісі жатыр. Мұны 1895 жылы жазылған Лай суға май бітпес қой өткенге, Өлсе өлер табиғат адам өлмес деген философиялық лирикасын талдау арқылы аша түскен. Осы өлеңінде Абай түп иені (жаратушы Алланы) ақыл сынына салып барып нануға бағыт алады. Бұл әрекетті танып білуді алдымен хауас туралы Абай танымын жете танып білсек қана мәселенің төркініне қаныға түсеміз.
Хауас ұғымы Абай шығармасында үш түрлі мағынаны қамтиды:
Біріншіден, хауаси хамса заһира ұғымы қазақша айтқанда сыртқы бес сезім (хауас) мүшесін танытады. Адам осы сыртқы бес сезім (көз, құлақ, мұрын, тіл және дененің суық, жылылықты сезінуі) арқылы сыртқы объективті дүниеден хабар алуы жатады.
Екіншіден, осы сырттан хабар алып, ішкі сезім мүшелеріне жеткізетін бес сезімнің бәрі де қызметін мүлтіксіз орындауы үшін кеселге, кедергіге ұшырамай сау, саламат болуын хауас сәлим деп атайды.
Үшіншіден, сыртқы бес сезім берген жанның жибили қуаты арқылы ішкі бес сезімге жеткізіп, оны әрекетке түсіруін де хауас деп атай береді.
Ал, Абай 38 қара сөзінде Алланың бойындағы сегіз сипатқа 1. хаят (өмір), 2 ғылым, 3 құдірет, 4. басыр (көру), 5. сәмиг (есіту), 6. ирада (тілек), 7. кәлам (сөз), 8. тәкин (болдыру), өз тарапынан нақлия, ғақлия дәлелдерге сүйеніп екі сипаты, яғни әділет пен рахымды қосып 10 сипатқа айналдырады. Мұны да хауас ретінде танимыз.
Хауас ұғымына Абай, әсіресе, Алла деген сөз жеңіл өлеңінде аса терең мән бере отырып қарайды да:
Ақылмен хауас барлығын
Білмейдур, жүрек сезедур.
Мұтакәлламин, мантикин
Бекер босқа езедур, -
деп ой толғауы арқылы түп иені (Алланы) ақылмен, яғни өлшеусізді өлшеулі ақылмен тани алмайсың деген байламға келді де, түп иені (хауасты) жүрекпен ғана сезесің деген ой танымына аяқ тірейді. Бұл байлам, яғни сопылық поэзияның өзекті танымына аиналған жүрек култін мадақтайтын түрік халықтары поэзиясындағы ортақ желілі сарынды аңғартып тұр.
Осы өлең жолдарындағы Мұтакәллимин, мантикин сөздері - термин сөз ретінде ғасырлар бойы исламият әлемінде қолданыста болған теологиялық терминдер.
Мұтакаллимин бағытының негізін IX ғасырда ал-Ашари 874-935 салған еді. Бұл сөздің мағынасы арапша кәлам (лотос), мұта сөзі калам ілімін насихаттаушы, таратушы дегенді білдіреді. Орта ғасыр да ислам дінін грек философиясын пайдалану арқылы теологияны үстемдікке жеткізушілер. Олар табиғат, адам, қоғамдағы құбылыстарға осы мұтәкәлламин ілімі тұрғысынан жауап беріп, ұғындырып отырған. Ал мантикин сөзі де арапша логика сөзіне келеді. Орта ғасырларда медреселерде схоластикалық логика ғылымы оқытылып келген. Түп иені танып білу осы мұтакәлламин мантикин ілімдері тұрғысынан жауап беріп ұғындырылса, Абай осы танымға
Мұтакәлламин, мантикин
Бекер босқа езедур, -
деп сын айтады. Мұтакәлламинді алғаш рет өз заманында Әл-Фараби олар көпшілік қолдаған нәрсені шындық деп таниды деп сынға алса, Абай Наданның сүйенгені көп пен дүрмек деп үн қосады. Яғни түп иені Абай өзінше ақыл сынына салып тануға ұмтылуы себепті:
Өзгені ақыл ойға қондырады
Біле алмай бір тәңіріні болдырады, -
деп өзіндік ізденісінен хабар береді. Түп иені ақыл сынына салып барып тануға ұмтылған ойшыл ақын
Ақылдың жетпегені арман емес
Құмарсыз құр мүлгуге тоя алмаймын, -
деп мұтакәлламин, мантикин ұғындырған таным шеңберінен шығып, өз танымы тұрғысынан ой толғайды. 28 қара сөзінде Дініміздің бір жасырын тұрған жалғаны жоқ болса, ақылды оны ойлама дегенімізге пенде бола ма? Ақыл тоқтамаған соң, діннің өзі неден болады? - деп түп иені өзіндік сыншыл ойға салып барып тануға ұмтылған жаңаша ұғымды ұстанады. Осы себепті де М. Әуезов Абайдың діні сыншыл ақылдың шартты діні деген атақты тезисін келер ұрпақ талқысына қалдырғаны жәй нәрсе емес. Бұл тезисті терең талдап, ашып көрсету М. Әуезов заманында мүмкін емес еді.
Абай мен Шәкәрімнің философиялық лирикасындағы ең басты тақырып олар негізін салған жантану ілімімен ұштасатын хауаспен бірге өріліп жырланатын ерекшелікті көреміз.
Жәуанмәртлік ілімінің түп-төркіні көне замандағы көшпелі түрік халықтары өркениетінен келіп туындаған ілім болатын. Жәуанмәртлік мәселесі Абайдың 38 қара сөзінде ... Белгілі жәуанмәртлік үш хаслат бірлан болар деген: сиддиқ (әділет), кәрәм (рахым), ғақыл (даналық) - бұл үшеуінен сиддиқ ғадалат болар, кәрәм шафағат болар. Ғақыл мағалұм дур, ғылымның бір аты екендігі. Бұлар әр адамның бойында алла табарака уатығала тахмин бар қылып жаратқан... Бұлар - өз иждиһадің бірлан ниет халис бірлан ізденсең ғана берілетін нәрселер (Абай. Алматы, 1995, 2 том, 199 бет), - деп көрсетілген. Жуанмәртлік сөзі әзербайжан ғалымы М. Шералиевтің зерттеуінше, көне түрік тілінде зомарт (жомарт) деген мағынада қолданылған. Ол сөз яғни зомарт - рудың, тайпаның, ұлыстың мақтанышы болған батырларға байланысты айтылатын болған.
Жәуанмәртлік ілімінің негізі 1069 жылы Шу бойындағы Баласағұн қаласында Жүсіп Хас Хаджиб ақынның Құтадғу білік дастанында толық баяндалып жазылған туындысында беріледі. Автордың айтуынша,
Шығыс елінде, бүкіл түрік жерінде
Бұдан бөлек кітап жоқ білген әлемде, -
деп бүкіл Азия құрлығын жәуанмәртлік ілімі жайында Құтты білік тұңғыш туынды екенінен хабар береді. Жәуанмәртлік туралы парсы тілінде жазылған Кабуснаме кітабы 8, 43, 44 тарауларында қысқаша тоқталып өтетіні бар. Бірақ бұл кітап Құтты білік дастанынан бір ғасыр кейін, яғни XII ғасырда жазылған.
Абай оқыған әрі рухани нәр алған Құтты білік дастанының идеялық мазмұны жәуанмәртлік ілімінің жұрт таныған төрт негізін дастандағы төрт кейіпкерге балап, сұрақ қою, жауап беру арқылы ашатыны бар. Дастандағы басты кейіпкердің аты Күнтуды, Айтолды, Озғұрмыш, Оғдұрмыш деген кейіпкерлерге балама түрде алынған Әділет, Дәулет, Ақыл Қанағат деген ұғымдар арқылы мән беруінде терең мағына жатыр. Дастанда баяндалатын оқиға желісінде айтылар ойдың бәрі осы төрт кейіпкерлер ой танымы пікірі арқылы беріліп мадақталатын жәуанмәртлік (Ерсиг) ілімінің негіздері Караханидтер билігі тұсындағы ерте кезден халық санасынан орын алған этикалық моральдық танымның көріністерін аңғартады.
Құтты білікте жәуанмәртлік ілімінің негіздері ретінде алынған ұғымдар: Әділет, дәулет (қайрат), рахым (қанағат, шафқат). Ал, осы өзіндік мән-мағынасы бар қастерлі төрт ұғым Абайдың Әсемпаз болма әрнеге (1894) өлеңінде әділет, шафқат (рахым), ақыл, қайрат (дәулет) түрінде жырланатыны бар. Мысалы:
Қайрат пен ақыл жол табар,
Қашқанға да, қуғанға.
Әділет, шафқат кімде бар,
Сол жарасар туғанға.
Бастапқы екеу соңғысыз,
Біте қалса қазаққа.
Алдың - жалын, артың - мұз,
Барар едің қай жаққа, -
деп әділет пен шафқатты, яғни Абай 38 қара сөзінде Алланың бойындағы 8 сипатқа нақылия, ғақылия дәлелдері арқылы қосатын әділет пен рахым (шафқат) ұғымына шешуші мән бере бағалайтыны бар. Осы пікірі арқылы Абай Құтты білікте таратыла жырланатын жәуанмәртлік ілімінің өзекті желісін құптап, ол дәстүрді жаңғырта жалғастыра жырлап отыр.
Абай 38 қара сөзінде толық адам ілімі жайлы ой-толғаныстарында пенделіктің кәмалаттығы және инсанияттың кәмалаттығы туралы арнайы пікір көтеретіні бар. Осы мәселе тікелей аталып өтілмесе де, Құтты білік дастанында суреттелетін төрт кейіпкерге орай олардың көздеген мақсаттарын баяндаған тұста анық байқалып тұрады.
Мысалы, Күнтуды, Айтолды, Озғырмыш үшеуі халық пен мемлекет тұтастығына жан сала қызмет атқарғанда, олардың бағыты инсанияттың камалаттығы бағытын ұстанатындығы анық аңғарылып тұрады. Олар бұл дүние қамы мен ол дүние қамын бірлікте үйлестіре ұстауға қызу атсалысады. Осы мақсат тұрғысынан тақуалық жолға түсіп, тек қана ухрауын пайдасын ойлаған, бұл дүние қызығынан қол үзген Одғырмышты инсанияттың кәмалаттығы жолына тартып, қоғамға да, дін жолына да қызмет етуге тарту әрекеті көп нәрсені аңғартады. Бірақ Күнтуды мен Озғырмыш қаншалықты әрекет етіп пенделіктің кәмалаттығы жолынан қайтару үшін алдына бірнеше рет барып өтінсе де, Одғырмыш алған бетінен қайтпай, сопылық таза тақуалық жолды ұстанып, өмірден өтеді. Сопылар ұстанған пенделіктің кәмәлаттығы жолынан таймай, бұл өмірдің қызығынан баз кешіп, ақыреттік пайдасын ойлаумен өтеді. Мұндай тақуа типтес пенделер Шәді ақынның Хикаят уарақа - Күлше қиссасында суреттелгендей:
Дүниеде адамдар көп бұрын өткен,
Бағзысы дәурен сүріп, шадлық еткен.
Бағзысы хақ нұрына ғашық болған,
Көзіне бұл дүниені ілмей өткен, -
дейтін тақуа дәруіштердің бейнесін айқын көрсетіп, пенделіктің кәмәлаттығы жолын ұстанғандар типін көз алдымызға әкеледі. Абай да өз заманындағы пенделіктің кәмалаттығы жолына түскен, о дүниелік пайдасын ойлаған кейбір әулие, әмбиялардың өзін ...пенделіктің кәмалаттығы әулиелікпен болатұғын болса, күллі адам тәркі дүние болып һу деп тариқатқа кірсе, дүние ойран болса керек (Сонда, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz