Сумен емдеу емшаралары


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІ УНИВЕРСИТЕТІ
CӨЖ
Тақырып:Сумен емдеу емшаралары.
Орындаған:Әпдірай Қ
Топ:ВС-303
Тексерген: Ахметжанов О Н
Семей 2015
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
- Сумен емдеу емшаралары.
- Сумен емдеудің негізгі тәсілдері - түрлері.
- СИЫРДЫҢ ЖЫНЫС БЕЗДЕР АУРЫУЛАРЫН ЗАМАНАУИ ФИЗИОТЕРАПИЯЛЫҚ ӘДІСПЕН ЖӘНЕ ГОРМОНДАРМЕН ЕМДЕУ
Қосымша
Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе.
Қазақстан Республикасында мал шаруашылығының маңызды саласының бірі сүт өндіру шаруашылығы болғандықтан осы бағыттағы малдың тұқымын асылдандырып, одан алынатын өнімді көбейту мақсаты мамандар алдына қойылған. Бірақ аналық малдың 30% әртүрлі себептерге байланысты бедеу қалуы осыған кедергі болады. Осы тұрғыдан алғанда сиырдың жыныс мүшелерінің аурыуларын заманауй балау және емдеу әдістерін іздестірген жөн.
Сумен емдеу емшаралары.
Сумен емдеу мақсатында табиғи сулармен (өзен, көл, су құбыры) қатар дәрілік заттар қосылған сулар қолданылады.
Судың емдік әсерін оның жылулық (термиялық) және механикалық (гидростатикалық) факторлары қамтамасыз етеді.
Судың жылу әсері дәрежесі оның температурасына байланысты.
Сумен емдеу емшаралары суық (200 С дан төмен) салқын (20-330 С) индифференті (талғаусыз) (34-360 С), жылы (37-390 С) және ыстық (400 С тан жоғары) болып бөлінеді.
Суық емшаралар рефлакторлы механизмі бойынша вегетативті жүйке жүйесінің зат алмасу қарқындығын өзгерте отырып, ішкі ағзалар қызметін реттейді, организмді шынықтырады.
Индифореренті су емшаралары организмді тыныштандырады, қан қысымын төмендетеді, жүрек соғуын баяулатады.
Жылы және ыстық су алдымен терідегі қан тамырларын қысқа уақытқа тарылтады, сонан соң кеңейтіп гиперемия пайда болады, тер бөлінуі күшейеді, тамыр соғу мен тыныс алу жылдамдайды қан қысымы төмендейді. Ішкі ағзалардың бұлшық еттері босаңсыйды, бездердің секреторлы қызметі жоғарылайды, орталық жүйке жүйесін тыныштандырады.
Антибиотиктер мен сульфаниламидтерді көп және жиі қолданғанда оларға микроорганизмдердің үйрену қабілеті де күшейе түседі. Бұл жағынан микроорганизмдерге тигізетін әсері өте кең, басқа дәрілерге қарағанда уыттылығы аз нитрофуран препараттары жақсы нәтиже береді.
Сумен емдеудің негізгі тәсілдері - түрлері.
Мал дәрігерлік тәжірибеде бірнеше түрлі әдістер қолданылады:
сумен жуу әдісі;
суды белгілі бір биіктіктен құю (желкеден, арқадан, іш жаққа, аяқ жаққа) ;
суланған затты денеге (белгілі бір жерге) басу, тарту;
Майер, Меликсетян дармтампонаторларын қолданып, тік ішек арқылы клизма кою. Оның түрлері: тазалау, жылулықты реттеу, уқалау, емдеу, тамақтандыру.
Ірі малдарға 10-20 литрге дейін, ұсақ малдарға Эсмарх аспабы арқылы 3 литрге дейін сұйық жіберуге болады. Жіберілетін ертінділердің температурасы дене қызуындай болғаны дұрыс.
сумен ысқылау арнайы щеткалармен, жөкемен тағы сол сияқты заттармен іске асырылады;
асқазан мен алдыңғы қарыншақтарды әртүрлі зондтармен жуу ( жуу әдістері тәжірибе сабақтарында көрсетіледі) ;
жатыр мен қынапты жуу акушерлік-гинекологиялық ауруларда қолданылады;
компрестер қою (фр. compresse - қысылу) . Компресс төрт қабаттан тұрады:
Сіңіргіш, сорғыш қабаты;
су өткізбейтін қабат (клеенка, салафан, парафин) ;
жылулықты ұстап тұратын қабат;
денеге бекіту-таңу.
Жалпы және жергілікті ванналар.
Душтар - жаңбырлатқыштар денеге температуралық және механикалық әсер етеді.
Малды шомылдыру денені сергітіп, тонусын жақсартады.
Вапоризация - бумен және оған дәрі араластырып емдеу
Шипалы және саз балшықпен, шым тезекпен емдеу
Гумификация - батпақты жердегі өсімдіктердің тереңде, ауаның жеткіліксіздігінен шіруі.
Саз балшықпен емдеу. Саз балшық -организмге физика-химиялық және биологиялық тиімділігі бар, жылу сиымдылығы мен жылу өткізгіштігі өте төмен, созылмалы зат.
Парафинмен және озокеритпен емдеу.
Парафинмен емдеу - жылулықпен емдеудің бір түрі.
ОЗОКЕРИТ - тау балауызы - мұнай иісті, қара-қошқыл қоймалжың зат. ПСАМОТЕРАПИЯ - құммен емдеу, құм арқылы организмге жылулықпен әсер ету.
СИЫРДЫҢ ЖЫНЫС БЕЗДЕР АУРЫУЛАРЫН ЗАМАНАУИ ФИЗИОТЕРАПИЯЛЫҚ ӘДІСПЕН ЖӘНЕ ГОРМОНДАРМЕН ЕМДЕУ
Тақырып өзектілігі . Емдеу іс-шаралының ішінде маңызды орын алатыны арнайы емес стимульдеуші дәрілерді енгізу арқылы пайдалану, бұл дәрілер бүткіл организмге әсер етеді, организмнің тонусын көтереді, зат алмасуды қарқындатады және ретикулоэндотелилік жүйенің қызметін жақсартады. В. П. Филатов ойлап тапқан ұлпамен емдеу әдістері акушерлік және гинекологиялық тәжірибеде кең орын алды. Бұл тәсілдің мәні, бауырдан, көк бауырдан, плацентадан, еннен, жұмыртқалықтардан, мал қанынан малды соя салып суспензия дайындайды және оны жоғарғы температурада сақтайды. Осы суспензияларда ерекше заттар биологиялық стимуляторлар түзеледі.
Ұлпа дәрілеріне жататындар биостимульгин, сиырдың шуынан дайындалған, овариолизат-сиырдың жұмыртқалығынан дайындалған, Дороговтың антисептик-стимуляторы (АСД-2), А. Богомольцтің антиретикулярлық-цитотоксикалық қан сарысуы (АЦҚС) . дәрілерді жатырдың қабынуында, жұмыртқалықтардың қызметі бұзылғанда және басқа ауруларда тері астына 20-30 мл 2-3 рет арасына 5-6 күн салып енгізеді, АДС-2 - 3 күн сайын. Ихтиолмен емдеуді көбіне ихтиолдың 7%-дық ерітіндісі ретінде жамбас бұлшық етке 10-20 мл көлемінде 3-4 рет арасына 48 сағат салып енгізеді .
Аутогемотерапия жүргізу үшін күре тамырынан қан алып, қан ұйып қалмай тұрғанда оны тері астына, немесе етке салады, мөлшері ұлғаю жағына қарай - 25, 50 және 75 мл дейін енгізеді. Емдеу реті 2-5 дейін арасына 48 сағат салып жүргізіледі. Дене температурасы көтерілген, малдың жалпы жағдайы нашарлаған кезде аутогемо емдеуді тоқтатады. Себебі малдың жағдайы төмендегенде аутогемоемдеу дұрыс нәтиже бермейді.
Лактотерапия туудан кейінгі кезеңде жатырдың қалпына келуын жеделдету үшін қолданылады, шуы түспей қалудың және жатырдың қалпына келмеуынің алдын алу үшін, жатырдың қабынуында, жұмыртқалықтың қызметі бұзылғанда пайдалынады. Бұл әдіс жаңа туған сиырдан заласыздандырылған шприцке уыз сауып алып, оны сиырдың мойынына 20 мл мөлшерде антибиотикпен бірге тері астына жібереді. Емдеу 2-3 рет, арасына 6 күн салып жүргізіледі . Жоғарыда айтылғанды ескере отырып, біз сиырдын жатыр патологиясын заманауй физиотерапиялық әдіспен және оған қосымша ұлпалық дірілермен, гормондармен емдеуді ұсынамыз.
Зерттеу натижесі . Бедеулікке әкеп соқтыратын негізгі себептердің бірі аналық малдың акушерлік-гинекологиялық аурыулардың асқынуы болып табылады. Аталған аурыуларды емдеу үшін антибиотиктерді пайдаланса сүттің сапасы төмендейді, сондықтан антибиотиксіз ем жүргізу өндіріс жұмысына зиян келтірмейді. Біздің ұсынып отырған физиотерапиялық емді «Витафон» аппаратымен жүргізеді, аталған әдіс дәрі-дәрмекке және малдәрігердің еңбек ақысын төлеуге кететін шығынды төмендетеді.
Стимуляциялық емдеуді физиотерапиямен, оның ішінде бездерін сипаумен (3-5 мин. ), қынапқа ыстық ванналар (булау) жасаумен қоса жүргізген жөн Физиотерапиялық әдісті жүргізгенде виброакустикалық медициналық «Витафон» аппаратын пайдаланумен іске асады - тіркелген куәлігі 29-271/94. Бұл аппаратты пайдалану үшін арнайы малқораның бір шетінен екінші шетіне жететін 50 метрлік электр сымын және виброфонды орналастратын арнайы пластмассадан жасалған құрлымды пайдаланады 5х10 см. Пластмассадағы құрлымға виброфонды орналастырып, мықтып бекітү қажет, әрине виброфонның көрсеткішін бос қалдыру қажет (1 сурет) . «Витафон» аппаратын жұмысқа дайындау реті: вибрафондарды пластинаға бекітіп, алақан астына орналастырады да хирургиялық резенке қолғапты киеді.
Хирургиялық қолғап сыртынан қолдан ұрықтандыруға арналған ұзын қолғап киеді, аталған қолғаптар аппаратты мықты ұстау үшін және ылғалды, тағы басқа нәжісімен, зәрімен ластанудан сақтайды. «Витафон » аппаратымен емдегенде вибрафонды тік ішек арқылы еңгізіп, жатыр мойны тұсына ұстап аппаратты режим бойынша 3-5 минут қосады.
Сиырдың аналық жыныс мүшелерінің аурыуларын физиотерапиялық әдіспен виброакустикалық аппаратымен емдеу және гормоналдық реттеу.
Бүгінгі таңда сүт өндіретін шаруашылықтарында біртүрлі азықтандыру және бір орында малды ұзақ уақыт ұстау нәтижесінде, гиподинамия салдарынан аналық жыныс бездерінің қызметі бұзылады. Осы жағдайды ескеріп біз аталған аурыуларды заманауи физиотерапиялық әдістермен, патогенетикалық және гормондық терапиямен ем жүргіздік. Өз жұмысымызда біз «Витафон» аппаратын және SIDR- американдық гормоналды дәрілерді, сурфагонды, эстрофанды пайдаландық.
Жұмыс барысы бойынша біз шаруашылықтағы туғаннан кейінгі кезеңдегі 66 бас аналықты зерттедік, оның ішінде 40-60% жыныстық қозу кезінде 2-3 реттен болды, ал басқалары 4-5 рет және қолдан ұрықтану шәуеттің сапасы жақсы болуына қарамастан нәтижесіз болды. Зерттелген малдың 45% аналық безінің гипофункциясына ұшыраған. Толық емес жыныстық айналым ановуляторлы, немесе анэстралды көрінуіне байланысты аналық мал бірнеше рет нәтижесіз ұрықтанады және ұрықтану кезеңінің уақыты ұзарады.
Жұмысты орындау барысында зерттелген ауру малды 10 бастан тұратын топқа бөліп дәстүрлі белгілі әдіспен және өзіміз ұсынған кесте бойынша емдеу істерін жүргіздік. Тәжрибелі топтағы жанурларға «Витафон» аппаратымен виброакустикалық массаж жүргіздік, соның нәтижесінде ұзаққа созылған аурыу үрдісі 4 рет қолдану кезеңнен соң асқынып, клиникалық көріністері байқалды, осы тұрғыдан алғанда бұл әдістің диагностикалық маңызы бар деп есептеуге болады.
Жұмыс нәтижесінде алынған мәліметтерге сүйенетін болсақ «Витафон» аппаратын тек массаж жасау үшін пайдаланып қоймай инфракүлгін сәулесін шығару кезінде зат алмасу үрдісі жақсарып, қабыну сұйығы тез арада тарайтыны анықталды. Ұзаққа созылған аурыу үрдісін жітіге айналдырып, басқа әдіспен емдеуге ыңғайлап белгілі әдіспен ем жүргіздік.
Гипофункциясы анықталған жануарларға 6 рет виброакустикалық массаж жасап емдегеннен соң адамның хорионикалық гормонын /АХГ/ егіп, малды нәтижелі ұрықтандырдық.
Жұмыстың келесі кезенінде 23 бас бедеу сиырларды клиникалық зерттеуден өткізіп, 13- де гинекологиялық аурыулар анықталды ол 56, 5 % құрады, оларға төмендегіндей ем жүргіздік:
Бір литр балық майымен 1шиша АСД - 3 дәрісін араластырып, жылы күйінде қынап арқылы тампон ретінде салдық, тік ішегін бойлай параректалды әдіспен - 20 мл. ихглюкавит егіп, әр 3күн сайын «Витафон» аппаратымен тік ішек арқылы және қынап сырты арқылы ем жүргіздік. Емдеу нәтижесі бойынша 4 бас мал ұрықтанды № 5402, 5577, 5552, 4851 ол 30. 7% құрады, ал қалған 9 бас сиырға CIDR- американдық гормоналды дәріні және сурфагонды 10 мл мөлшерде бұлшық етіне салып, 7 күннен кейін CIDR қынаптан алынып, эсторофан егіліп 3 күннен соң қалған сиырлар жоспар бойынша қолдан ұрықтанды. CIDR- американдық гормоналды препарат әрі диагностикалық маңызы бар, сиырдың жыныс мүшесінде жасырын аурыу белгісі болса ол жіті түрге айналады, біздің жағдайда 9 бас сиырдың 3 басында жыныс мүшесінен іріңді экссудат ағып тұрды ол сиырларды балық майымен АСД - 3 дәрісін араластырып, жылы күйінде қынап арқылы тампон ретінде салдық, тік ішегін бойлай параректалды әдіспен - 20 мл. ихглюкавит егіп, әр 3күн сайын «Витафон» аппаратымен тік ішек арқылы және қынап сырты арқылы ем жүргіздік аурыу үрдісі жазылғаннан соң, күйге келген сиырларды қолдан ұрықтандырдық. Сонымен емдеу нәтижесінде барлық аналық мал басы нәтижелі ұрықтанды
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz