ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті



1. ХХ ғасыр басындағы тарихи.әлеуметтік жағдай және оның әдебиеттің дамуына тигізген әсері
2. Қазақ зиялылары ұлт қамы жолында
3. Әдеби бағыттардың ерекшеліктері мен ортақ бірлігін ажырату
Қазақ даласының Россияға қосылуы XIX ғасырдың орта кезіде аяқталды. XX ғасырдың басы–қазақ халқының тарихында бүкіл қоғамдық ой-пікірдің өрлеуіне м.мкіндік туып, ресей патшалығы әдейі тұмшаланған ой-сананың ояну дәуіріне жол ашқан кезең. Ендеше ұлттық сананың ең өнімді саласы–әдебиеттің, қоғамдық сананың көрсеткіші баспасөздің бұл кезеңде күрт алға басуы –табиғи заңдылық. Бұл тұста Абайдың нақты жалғасы іспетті Шәкәрім мен дүниеге абайдан кейін келсе де, еңбегі ерте жарық көрген Мәшһүр Жүсіп Көпеев шығармашылығы өзінің кемел шағына жетіп, шырқау бигіне көтерілсе, Ахмет, Міржақып, Сұлтанмахмұт, Мағжан, Бернияз, т.б. тәрізді алыптар әдебиет айдынында бой көрсетіп, биікке көркемдік сипаттағы дүниелерін жариялай бастады. XIX ғ-ң екінші жартысындағы қазақ ағартушылары мен ақын жазушылары аңсаған ілім-білімді үйренуге үндеу–XX ғасырдың бас кезінде біршама нәтижесін беріп, алдыңғы қатардағы қазақ азаматтарын елді ояту, азаттыққа қол жеткізу мақсатына жетеледі. Оқыған зиялылар арсынан ел бағытын айқындар сара жолды жаңылмай нұсқап, адастырмас даңғылға алып шығуы ұмтылған жаңа тұлғалар шоғыры таныла бастады. Сол көш бастаушылардың алдыңғы қатарында қазақ ақын-жазушылары да болғаны талассыз шындық.
Патшалық Ресейдің отарлық езгісінде қиын да күрделі өмір сүрген қазақ халқының әлеуметтік тұрмысы XX ғасыр басында тіптен қиындап кетті. Ұланғайыр өлкені сүлікше сорған Ресей билеушілері обыр құлқынның қамы үшін тізгінді неғұрлым қыса ұстап, тежеп отыруды оңтайлы көріп, саяси-әкімшілік қысымды күшейтк түсті. Бірақ қашанда әрбір нәрсенің екі жағы болатыны секілді өмір өз заңдылығымен алға дамып, Россияға бодан болудың да екі жақты әсері болды. Оны ешқашан жоққа шығара алмаймыз. Бірі зорлық-зомбылық, езіп қанау болса, екінші жағы Қазақстанға көз алартушылар сиреді, мардымсыз болса да өндіріс орындары ашылды. Қазақ жұртына батыстық ілімнің жарығы шашырып, ағарту ісі жандана бастады. Тарихи дамудың сол бір кезеңінде замана ағысын аңдаған, жеткілікті дәрежеде білімі бар азамаииар ел арасында көптеп кездесетін. Бұл тұстағы, яғни XX ғасырдың бас кезіндегі мәдени-әлеуметтік дамудың бір көрінісін қазақша кітаптардың көптеп шығып, ел арасына кеңінен тарауы аңғартса керек.

Кеңес өкіметі орнауымен бір мезгілде мәдениетті қайта құру шаралары біртіндеп жүзеге асырыла бастады. Елде ағарту ісін дамытуға баса назар аударылды. Қазақтың ұлт зиялылары шығармашылық тұрғыда табысты еңбек етіп, мәдени құрылыс барысын жеделдетуге зор үлестерін қосты.
Қазақ тіліндегі окулықтар жазылды. Мұндай окулықтардың авторлары қазақ зиялыларының өкілдері - А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, С. Сейфуллин болды. Алгебрадан қазақ тіліндегі бірінші мектеп оқулыгын Қаныш Сәтбаев, географиядан - Әлихан Бөкейханов, Қазақстан тарихынан профессор Санжар Асфендияров ңурастырды. 1929 жылы араб жазуы негізіндегі қазақ әліпбиінен латын әліпбиіне көшу жүзеге асырылды.
1. Келімбетов Н. Ежелгі дәуір әдебиеті. – Алматы: Атамұра, 2005. – 336 б.
2. Баласағұн Ж. Құтты білік. Аударған және алғысөзі мен түсініктерін жазған А.Егеубаев. – Алматы: Жазушы, 1986. – 616 б.
3. ХІХ ғасыр әдебиеті. (Құр. Х.Сүйіншәлиев). – Алматы: Ана тілі, 1992. – 224 б.
4. Кенжебаев Б. ХХ ғасыр басындағы әдебиет. – Алматы: Білім, 1993. – 248 б.
5. ХХ ғасыр басындағы әдебиет. Хрестоматия. – Алматы: Білім, 1994. – 352 б.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті
Қазақ әдебиеті кафедрасы

СӨЖ
Тақырыбы: ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті

Орындаған: Қабаева Н.К.
Тексерген: Еспенбетов А.С.
Топ: КЯ-313

Семей 2015
Жоспар

1. ХХ ғасыр басындағы тарихи-әлеуметтік жағдай және оның әдебиеттің дамуына тигізген әсері
2. Қазақ зиялылары ұлт қамы жолында
3. Әдеби бағыттардың ерекшеліктері мен ортақ бірлігін ажырату

ХХ ғ басындағы тарихи әлеуметтік жағдай және оның қазақ әдебиетінің дамуына тигізген әсері
Қазақ даласының Россияға қосылуы XIX ғасырдың орта кезіде аяқталды. XX ғасырдың басы - қазақ халқының тарихында бүкіл қоғамдық ой-пікірдің өрлеуіне м.мкіндік туып, ресей патшалығы әдейі тұмшаланған ой-сананың ояну дәуіріне жол ашқан кезең. Ендеше ұлттық сананың ең өнімді саласы - әдебиеттің, қоғамдық сананың көрсеткіші баспасөздің бұл кезеңде күрт алға басуы - табиғи заңдылық. Бұл тұста Абайдың нақты жалғасы іспетті Шәкәрім мен дүниеге абайдан кейін келсе де, еңбегі ерте жарық көрген Мәшһүр Жүсіп Көпеев шығармашылығы өзінің кемел шағына жетіп, шырқау бигіне көтерілсе, Ахмет, Міржақып, Сұлтанмахмұт, Мағжан, Бернияз, т.б. тәрізді алыптар әдебиет айдынында бой көрсетіп, биікке көркемдік сипаттағы дүниелерін жариялай бастады. XIX ғ-ң екінші жартысындағы қазақ ағартушылары мен ақын жазушылары аңсаған ілім-білімді үйренуге үндеу - XX ғасырдың бас кезінде біршама нәтижесін беріп, алдыңғы қатардағы қазақ азаматтарын елді ояту, азаттыққа қол жеткізу мақсатына жетеледі. Оқыған зиялылар арсынан ел бағытын айқындар сара жолды жаңылмай нұсқап, адастырмас даңғылға алып шығуы ұмтылған жаңа тұлғалар шоғыры таныла бастады. Сол көш бастаушылардың алдыңғы қатарында қазақ ақын-жазушылары да болғаны талассыз шындық.
Патшалық Ресейдің отарлық езгісінде қиын да күрделі өмір сүрген қазақ халқының әлеуметтік тұрмысы XX ғасыр басында тіптен қиындап кетті. Ұланғайыр өлкені сүлікше сорған Ресей билеушілері обыр құлқынның қамы үшін тізгінді неғұрлым қыса ұстап, тежеп отыруды оңтайлы көріп, саяси-әкімшілік қысымды күшейтк түсті. Бірақ қашанда әрбір нәрсенің екі жағы болатыны секілді өмір өз заңдылығымен алға дамып, Россияға бодан болудың да екі жақты әсері болды. Оны ешқашан жоққа шығара алмаймыз. Бірі зорлық-зомбылық, езіп қанау болса, екінші жағы Қазақстанға көз алартушылар сиреді, мардымсыз болса да өндіріс орындары ашылды. Қазақ жұртына батыстық ілімнің жарығы шашырып, ағарту ісі жандана бастады. Тарихи дамудың сол бір кезеңінде замана ағысын аңдаған, жеткілікті дәрежеде білімі бар азамаииар ел арасында көптеп кездесетін. Бұл тұстағы, яғни XX ғасырдың бас кезіндегі мәдени-әлеуметтік дамудың бір көрінісін қазақша кітаптардың көптеп шығып, ел арасына кеңінен тарауы аңғартса керек.

Кеңес өкіметі орнауымен бір мезгілде мәдениетті қайта құру шаралары біртіндеп жүзеге асырыла бастады. Елде ағарту ісін дамытуға баса назар аударылды. Қазақтың ұлт зиялылары шығармашылық тұрғыда табысты еңбек етіп, мәдени құрылыс барысын жеделдетуге зор үлестерін қосты.
Қазақ тіліндегі окулықтар жазылды. Мұндай окулықтардың авторлары қазақ зиялыларының өкілдері - А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, С. Сейфуллин болды. Алгебрадан қазақ тіліндегі бірінші мектеп оқулыгын Қаныш Сәтбаев, географиядан - Әлихан Бөкейханов, Қазақстан тарихынан профессор Санжар Асфендияров ңурастырды. 1929 жылы араб жазуы негізіндегі қазақ әліпбиінен латын әліпбиіне көшу жүзеге асырылды.
XX ғасырдың бас кезі қазақ әдебиеті тарихындағы ерекше кезең болды. Қазіргі заманғы қазақ әдеби тілінің негізі қаланып, жаңа стильдік формалар пайда болды, қазақ жазушылары жаңа жанрларды меңгере бастады. Осы кезеңге Спандияр Көбеевтің шығармашылығы тән. С.Көбеевтің шығармашылық жолы орыс жазушыларының шығармаларын казак тіліне аударудан басталды. С. Көбеевтің И. Крыловтан аударған мысалдар жинағы 1910 жылы жарық көрді. 1913 жылы басылған Қалың мал романы қазақ әдебиетінің тарихындағы елеулі оқиға болды.
XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиетінің көрнекті тулғаларының бірі Султанмахмут Торайгыров еді. Ол ауыл мектебінде және Троицк медресесінде оқып, білім алды. 1913-1914 жылдары С. Торайғыров Айқап журналында өзінің негізінен өлеуметтік теңсіздік такырыбына арналған алғашқы өлендері мен әңгімелерін жариялады. Ол сол кезде Қамар сұлу романын жаза бастады.
Қазақ әдебиетінде көрнекті қазақ ақыны, журналист, қоғамдық қайраткер Мұхаметжан Сералин елеулі із қалдырды. Ол атақты ақынның отбасында дүниеге келіп, медреседе, екі сыныптық орыс-қазақ училищесінде окыды. 1900-1903 жылдары Топжарған, Гүлкашима поэмаларын жазды. 1914 жылы М. Сералин Фирдаусидің Шахнамасынан Рұстем-Зұхраб поэмасын қазақ тіліне аударды. Оның кызметіндегі негізгі сала - журналистік кызмет еді. Ол Айқап журналының бас редакторы болды. Журналдың шыға бастауы сол кездегі Қазақстанның мәдени өміріндегі елеулі құбылыс саналады.
XX ғасырдың бас кезіндегі аса танымал әрі көрнекті әдебиет қайраткерлерінің бірі ақын, түркітанушы-ғалым, аудармашы, педагог, көсемсөзші, қоғам қайраткері - Ахмет Байтұрсынов болды. Өз уақытында ол әділетсіздік пен сталиндік қуғын-сүргіннін құрбаны болып, жарты ғасырдан астам уақыт бойы есімі еске алынбай, Қазақстан тарихындағы лайықты орнын ала алмай келді. Ол отаршыл әскерге қарсы күреске қатысқаны үшін қаторғалық жұмыстарға айдалған ықпалды ру басшысының отбасында дүниеге келді. Әкесіз қалған Ахмет Торғай училищесін бітіріп, білімін жалғастыру үшін Орынборға аттанды. 1895 жылдан бастап А. Байтұрсынов педагогикалық және әдеби қызметпен айналысады. Оның бүкіл шығармашылығы өз халқын өнер-білімге баулуға бағытталды. Оның өзі қазақ қоғамының ой-өрісі терең, зиялы бөлігінің өкілі еді. Оның тұңғыш ақындық еңбегі - қазақ тіліне аударылған И. А. Крылов мысалдарының жинағы -- Қырық мысал болды. Жинақ 1909 жылы Петербургте жарық көрді, бірнеше рет қайта басылып шығып, қазақтардың арасында кең тарады. Бұл жинақ оны халқына бүкіл жантәнімен берілген ақын, аудармашы, азамат ретінде танытты. 1911 және 1914 жылы Орынборда Маса атты өлеңдер жинағы жеке басылып шықты.
А. Байтұрсынов мәдениеттің көтерілуін жалпыға бірдей ағарту жұмысын жүргізу мен жалпы адамзат мәдениетінің жетістіктерін меңгеру арқылы жүзеге асыруға болатынын терең түсінді. Қазақ тілінің табиғатын зерттей отырып, ол тілтану жөнінде мақалалар мен оқулықтар, кейінірек ғылыми жұмыстарын жазды. Қазақ тілі туралы мақалаларында тілдің тазалығын сақтау, оны әр түрлі шұбарланудан тазартуды жақтады. А. Байтурсыновты қазақ тілтану ғылымының негізін салушы деуге болады, ол қазақ тілінің ерекшеліктеріне араб жазуын бейімдеді. 1913-1917 жылдар - А. Байтұрсыновтың өміріндегі маңызды кезең. Ол сол кезде қазақ тілінде Орынборда шығып тұрған жалғыз Қазақ газетінің редакторы болды. Мүнда ол окырмандарды халықтың бай рухани мұрасымен таныстыра отырып, оны білім жарығына, рухани жағынан кемелденуге шақырды. Халық ағарту, әдебиет пен тілтану мәселелеріне арналған көптеген мақалаларын жариялады.
Мемлекет және қоғам қайраткері Әлихан Бөкейханов қазақ халқының мәдениетінің дамуында маңызды рөл атқарды. Оның қызметі сан кырлы болды. Ол орман ісі, экономика, тарих, мал шаруашылығы, этнография, ауыз әдебиеті жөнінде бірқатар ғылыми мақалалар жазды. Еуропа мәдениетімен көңіл қойып айналысқан ол ез мақалаларында М. Лермонтов, А. Чехов, В. Короленко, Л. Толстой, А. Пушкиндермен катар В. Скотт, У. Теккерей, Ч. Диккенс т. б. есімдерін жиі еске алып отырды. Оның шығармаларында осы жазушылардың ой-пікірлері кеңінен қамтылып, шығармаларынан кейбір үзінділер де келтірілді.
Әлихан Бөкейханов Абай шығармашылығын терең зерттеді, біріжші болып Абайдың өлеңдері мен қара сөздерінің жинағын жарыққа шығарды.
XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиетіндегі ірі тұлғалардың бірі - Міржақып Дулатов. М. Дулатов бастапқыда ауыл мектебінде, соңынан білімін орыс мектебінде жалғастырды, өздігінен білім алды. Қажырлы еңбегінің арқасында ол орыс тілін кемеліне келтіре меңгерді, орыс және шетел жазушыларының шығармашылығын зерттеді. М. Дулатов ақын әрі жазушы, өлең жинақтары мен бірінші қазақ романы - Бақытсыз Жамалдың авторы ретінде көпке танылды. Роман орыс сыншылары мен қазақ қоғамы тарапынан жоғары бағаланды. М. Дулатов А. Пушкин, М. Лермонтов, И. Крылов, Ф. Шиллердің шығармаларын қазақ тіліне аударды. Ол қазақ әдеби тілінің тынымсыз жаңашылы әрі реформаторы болды, өз шығармаларында жаңа сөздер мен түсініктер енгізді.
XX ғасырдың бас кезінде талантты казак жазушысы әрі драматургі Жүсіпбек Аймауытовтың шығармашылык жолы басталды. Ол ауыл мектебін бітіріп, білімін орыс-қазақ мектебінде жалғастырды, 1914 жылы Семейдегі мүғалімдер семинариясына түсті. Оның негізгі шығармалары кеңестік уакытта жазылды. Дегенмен, Ж. Аймауытов 1917 жылдың өзінде Абай журналының жұмысына да араласты.
Мағжан Жүмабаевтың шығармашылығы қазақ поэзиясында ерекше орын алады. М. Жұмабаев казак ағартушылык ойының неғұрлым белсенді әрі жарқын идеологтарыньщ бірі болды. Ол 1925 жылға дейін Кеңес өкіметіне карсы болып, ұлттык рухты оятуға, бостандыкка үмтылуға бағытталған шығармалар жазды. Мағжан өлең жазуды 14 жасынан бастады, оның шығармалары қазақ жөне татар тілінде шығатын барлық газеттер мен журналдарда жарияланып түрды. 1912 жылы Қазанда оның өлеңдерінің Шолпан атты жинағы шық- ты. М. Жумабаев - еуропалық мәдениет биігіне жеткен талантты ақын. Қазақ өлең өнеріндегі жаңа поэзиялык формаларды енгізу оньщ есімімен тікелей байланысты. Ңазақ, араб, парсы, түрік тілдерін, басқа да түркі халықтарының тілдерін терең меңгерген ол бозбала кезінен бастап-ақ Абай мен Махамбет поэзиясының мектебінен өтіп, өзінің ақындық өнерін дамытуда кол жеткен табыстарымен тоқталып қалған жоқ. Сталиндік баскарудың каһарына мінген жылдары оның шығармашылығына тыйым салынды. М. Жүмабаев түтқын- далып, алдымен Беломорканал, соңынан Соловкидегі лагерьге жіберілді. 1938 жылы ату жазасына бүйырылды.
Қазақ баспасөзінің қалыптасуы
Мәдениеттің дамуына осы уақытқа дейін елеусіз жағдайда болған баспа ісін жолға қою белгілі бір ықпал жасады. Қазақ мерзімдік баспасының гүлдене бастаған уақыты XX ғасырдың бас кезіне тура келді. Бұл кезде кітап басып шығару Семей, Омбы, Орал сияқты мәдени орталықтарда қарқынды дамыды. XIX ғасырдың соңында Түркістан уалаятының газеті мен Дала уалаятының газеті атты екі басылым шығып тұрды. 1905 жылға қарай бірқатар жаңа газеттер мен журналдар пайда болды. 1907 жылы қазақ зиялыларының бір тобы Петербургте редакторы Әбдірашид Ибрагимұлы болған Серке газетін шығара бастады. Бұл газеттің екінші нөмірінде М. Дулатовтың Біздің мақсат деген мақаласы жарияланды. Патша тыңшылары газетті қазақ халқын барлық үкімет орындары мен өкілдеріне қарсы қоздырушы үндеу ретінде қарап, жауып тастады. 1907 жылы наурызда Троицкіде бірінші нөмірі шығысымен тыйым салынған Қазақ газеті жарық көрді.
Оқу ағарту мен білім идеяларын бұқара арасында насихаттау мен бастауыш білім беру жүйесін кеңейтуде Айқап журналы, Киргизская степная газета, Степной край, Қазақ газеттері елеулі рөл атқарды. 1911 жылы Троицкіде Айқап журналының бірінші нөмірі жарық көрді. Журналдың редакторы мен идеялық дем берушісі Мұхаметжан Сералин болды. Журнал өдебиеттің дамуы мен қазақ әдеби тілінің қалыптасуына үлкен үлес қосты. Онда ауыз әдебиеті, этнография, тарих жөніндегі зерттеу мақалалар жарияланды. Сол уақытта Айқап журналы далада мектептер мен медреселер ашу, ескі мектеп- терге реформа жасауды насихаттады. Журналда түрік және парсы тілдерінен аударылған шығармалар, мысалы: Фирдаусидің Шахнамасы жарияланды. 1911 жылдан бастап редакторы Сағынгерей Бөкеев болған Қазақстан газеті шыға бастады. Газетте саяси мақалалардан басқа қазақтар мен ноғайлардың халық әдебиеті жөніндегі зерттеу мақалалары да жарияланды. Ұлттық баспасөздің дамуында Орынбор мен Торғайда 1913-1918 жылдар аралығында Ахмет Байтұрсыновтың редакторлығымен шығып тұрған Қазақ газеті ерекше рөл атқарды. Газеттің негізгі міндеттері қазақ халқының мәдениетін көтеру, қазақтың әдеби тілі мен әдебиетін дамыту болды. Газет беттерінде Ә. Бөкейхановтың ауыз әдебиеті мен А. Байтұрсыновтың қазақ тілі мен қазақ әдебиеті жөніндегі еңбектеріне көп орын берілді.
1913 жылы қыркүйектен Петропавловскіде татар және қазақ тілінде Есіл даласы атты газеті шыға бастады. Оған жылдың соңында революциялық идеяларды таратқаны үшін тыйым салынды. 1916 жылдан 1917 жылдың соңына дейін Ташкентте К. Тоғысов басшылық жасаған апталык Алаш газеті шығып тұрды. 1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін әр түрлі бағыттағы бірқатар газеттер мен журналдар шыға бастады: маусым айынан бастап Семейде Сарыарқа апталық басылымы, Абай әдеби журналы мен Халық сөзі газеті, Оралда - Ұран газеті, Ташкентте пантүріктік жене жәдит бағытындағы екі басылым - бас редакторы Мұстафа Шоқай болған Бірлік туы мен Жас алаш газеті, Ақмолада Қазақ газетіне жақын позиция ұстанған Тіршілік газеті шыға бастады.
Қазақ зиялылары ұлт қамы жолында. Тарих сахнасына алашорда-халық Кеңесі үкіметін алып келген жалпы ұлттық күрестің басында ұлттық күрестің басында ұлттық интеллигенция тұрды. Олардың ортақ түсінігі бойынша отарлық езгі мен феодалдық мешеулік жағдайында аяқ асты болған ұлттық мүддені қорғап, қазақ елін өркениетті елдер қатарына алып шыға алатын жалқы жол-ұлттық мемлекеттік құрылымның болуы еді.
Жетпіс жылдан астам уақыт жүріп өткен тарихи жолымыз көрсетіп бергендей, қазақ қоғам қайраткерлері тәуелсіз дербес мемлекет құру жолын таңдай отырып, қателескен жоқ еді. Ұлттық қанау мен ұлттық теңсіздік болған жерде езілген елдердің табиғи талаптары мен мүддесін қорғайтын саяси институттарға сұраныс та қалыптаспақ. Ал, осы негізде пайда болған мемлекеттің саналы түрде жалпы ұлттық- мұраттарға қол жеткізуді көздейтін шараларды іске асыруы да табиғи нәрсе. Өздерінің саяси еркіндігін алған елдердің бәрінде де осылай болған. Осы тұрғыдан алғанда, әрине Алаш партиясының өмірге келуі тарихи қажеттіліктен туған болатын.
Бірақ, қазақ ұлт-азаттық қозғалысы қайраткерлерінің бұл әрекеті ескі Ресейдің тұтастығын көксейтін ақ қазақтар мен патша генералдарына да жаңа тоталитарлық жүйені орнатушы большевиктерге де ұнай қоймайды. Егер алғашқылары Ұлы Ресейсіз өз бетінше өмір сүре алмайтын бұратана халықтың ат төбеліндей сеператистік пиғылдағы өкілдеріндей қарап,
аяқтарынан шалса соңғылары саяси сауатсыз, аңқау елді арзан ұрандармен артына ертіп, ал оның көзі ашық көш бастаушылары буржуазиялық ұлтшылдар, ұлтшыл-уклонистер деп жариялап, алдымен халықты оларға қарсы қойып, артынан бұларды асып-атып, рухани азапқа салып, жойып тынды(35).
Ұлттық саясатта түптеп келгенде ұлыдержавалық, империялық мақсатты көздеген бұл екі саяси жүйе де ұлттық мемлекеттік идеясынан қорықты. Сондықтан да, ұлттық шет аймақтарда бұл ойға қорғау салушылардың есімін атауға да тиым салынды. Міне, осыған байланысты біз соңғы уақытқа дейін қазақ ұлт-азаттық қозғалысы қайраткерлерінің өмір жолымен, олардың артында қалдырған творчестволық мұраларымен таныса алмай келдік. Халқымыздың өз еркіндігі үшін күрес жолында мәңгі өрлейтін терең із қалдырған қайраткерлеріміздің тізімі жетерлік.
Кеңес дәуірі кезінде жарық көрген ғылыми зерттеулерде саяси -идеялық ахуалдың қалыптасуына әсер еткен, факторлардың ролі, ықпалдары маркстік -- лениндік көзқараспен бағаланды. Керісінше, қазақтың кең даласында анда-санда көрініс берген большевиктік идеологияның таралу заңдылығы, яғни социалистік революцияның болуы дәйекті қажеттіліктен туды деген тұжырым, қағидалар ғылыми зерттеулерде аксиома ретінде дәлелденді. Ал, қазақ қайраткерлері қоғамды күшпен құлатып, дәстүрлі саяси-құқықтық мөдени дамуды ұлт санасына жат институттармен алмастыруға үзілді-кесілді қарсы болды. Философ А.Қасабековтың түсігінше: XX ғасырдың басындағы қазақ ұлт-азаттық қозғалысының көрнекті қайраткерлері А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, М.Тынышбаев, М.Шоқаев және басқалары өмірдің обьективті жағдайларын өзгертуді күшпен емес, сананы сол процеске енгізу арқылы өзгерту керек деп уағыздады. Олардың негізгі идеялары-бостандық, тәуелсіздік, отаршылдық езгіден құтылу жолдары және қазақ халқын жалпы адамзаттық құндылыққа жақындастыру болды(36).
Міне, сондықтан да XX ғасырдың басындағы қазақ қоғамында қалыптасқан саяси-идеялық ахуалға большевиктік идеологияның ықпалы пәрменді болды, революциялық қозғалысқа қазақ жастары белсенді араласты деген жасанды тұжырымдар ақиқатқа сай келмейді. Ұлан байтақ қазақ жерінде большевиктік идеологияға мойынсұнған М.Сералин, С.Көбеев, Н.Ералин, М.Бекметов, Ы.Дүйсенбаев, Т.Бокин сияқты саусақпен санарлық қазақ жастарының астыртын жүргізген революциялық қызметінен саяси -- идеялық ахуалда күрт өзгеріс болды деп сендіру ақиқатқа мүлдем қарама-қайшы екені даусыз.
Сонымен қатар, XX ғасырдың басындағы қазақ қоғамының саяси-идеялық ахуалына түрік бірлігі түрікшілдік идеялардың қалыптасуы біршама ықпалын тигізді. Негізінде түрікшілдік идея Айқап журналының айналасында топтасқан қазақ зиялыларының саяси-құқықтық көзқарастары мен атқарған қызметтерінен анық байқалды. Зерттеуші Санжар Асфендияровтың пікірінше: ...пантурксизм қозғалысымен байланысып жүрген қазақтың интелегенттері Айқаптың айналасында жиналды (мысалы; М.Сералин, Б.Қаратаев, Ж.Сейдалин), бұл топқа татар интелегенттерінің де ықпалы тиді. Айқапшылар Ресейдегі түрік елдерін біріктіру керек деген пікірде болды.
Негізінен қазақ зиялыларының түрікшілдік идеяға бойсұнулары үлкен үш негізден бастау алды: Біріншіден, XX ғасырдың басындағы қазақ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Б.КЕНЖЕБАЕВ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ТАРИХЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ
ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ (тақырыптық, жанрлық және көркемдік)
ХХ ғасыр басындағы тарихи-әлеуметтік жағдай және оның әдебиеттің дамуына тигізген әсері. Қазақ зиялылары ұлт қамы жолында. Әдеби бағыттардың ерекшеліктері мен ортақ бірлігін ажырату
ХХ ғасыр басындағы әдебиет тарихы
Ағартушы-демократтық бағыттағы ақын-жазушылар
ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиет көрінісі
Мақыш қалтайұлы жайлы
ХХ ғасыр басындағы қазақ поэмасы
Қазақ әдебиет тарихын қай дәуірден, кімнен бастау керек деген мәселеде
Мақыш Қалтаев
Пәндер