Ғ. Ормановтың табиғат туралы өлеңдеріне әдеби талдау


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семейдің Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті.
СОБӨЖ
(Студенттің оқытушының басшылығымен орындайтын жұмысы)
Тақырыбы: Ғ. Ормановтың табиғат туралы өлеңдеріне әдеби талдау.
Тексерген: Қалиева С. Е.
Орындаған: Ербол М
Топ: Қ-417с
Семей, 2015
Ғ. Ормановтың табиғат туралы өлеңдеріне әдеби талдау.
Орманов Ғали (15. 8. 1907, Алматы облысы Қапал ауданы Қызыл жұлдыз ауылы - 5. 9. 1978, Алматы) - ақын Қазақ педогогикалық инcтитутын бітірген (1943) . 1929 - 60 ж. Іле ауданы оқу бөлімінің меңгерушісі, “Социалистік Қазақстан”(қазіргі “Егемен Қазақстан”) газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі , Жамбыл ақынның әдеби хатшысы, “Майдан” альманағының редакторы, “Әдебиет және искусство” (қазіргі “Жұлдыз”) журналының жауапты редакторы, Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасының бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, секция меңгерушісі қызметтерін атқарған.
Тұңғыш өлеңдер жинағы “Шеңбер” деген атпен 1934 ж. жарық көрді. “Шәуілдір” (1934), “Алынған қамал” (1935) поэмалары, “Абысын сыры” (1936) жыр кітабы, “Көтерме” атты прозалық жинағы (1935) жарыққа шықты. Ормановтың туындылары адамдардың қаһармандық ерлігін, табиғаттың дүлей күшіне қарсы шыққан күресін бейнелеуге арналған. “Халық - қаһарман” (1941), “Емен” (1944) атты жыр кітаптарында соғыстың ауыртпалығын, жауынгерлердің Отанға деген сүйіспеншілігі жолындағы ерліктерін, тылдағы тынымсыз еңбекті сөз етті. Ақын поэзиясы айшықты тілінің ажарымен, оның асыл қазыналарын қолданудағы шеберлігімен ерекшеленеді. “Өмір дастаны” (1948), “Бөбек жүрегі” (1949), “Сәт сапарда” (1957), “Ой қанаты” (1961), “От өзен” (1965), “Жер қазығы” (1972), “Жыр қанаты” (1975), “Жылдар жыры” (1976), т. б. өлең жинақтарында әлеуметтік оқиғаны суреттеуде ақындық шеберлік танытты. Ол қырғыз эпосы “Манастың” 1-кітабын, А. С. Пушкиннің, М. Ю. Лермонтовтың, Ян Райнистің, Ф. Мақтымқұлының, А. Тоқомбаевтың бірқатар поэмаларын, Л. Н. Толстойдың “Анна Каренина” романын, Н. В. Гогольдің “Нева проспектісі” повесін, А. П. Чеховтың әңгімелерін, М. С. Бубенцовтың “Ақ қайың” романын, М. Тұрсын-Заденің “Үндістан балладалары” өлең кітабын қазақ тіліне аударды. Ормановтың көптеген туындылары шетел тілдеріне тәржімаланған. Еңбек Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз, Ленин ордендерімен , бірнеше медальдармен марапатталған.
Қазақ әдебиетіне жиырмасыншы жыл, соңғы жылдарында келген, қазақ поэзиясының қалыптасып-дамуына, өсіп-өркендеуіне ерекше үлес қосқан ақынның бірі-Ғали Орманов. Ғали Орманов 1907жылы бұрынғы Талдықорған облысы, Қапал ауданы, «Ешкіөлмес» тауы етегінде дүниеге келген. Ол он жасында әке-шешесінен айрылып, жетім қалады да, туысқандарының қолында тәрбиеленеді. Ғали бала кезінде жыршылардан өлең-жыр, қисса-дастандар үйреніп, өзінің әдебиетке құмарлығын байқатады. «Мұңлық-Зарлық», «Шәкір-Шәкірат», «Алпамыс» сияқты қисса дастандарды, «Біржан мен Сара», «Кемпірбай мен Шөже», «Бақтыбай мен Мәйке баланың» айтыстарын жаттап алып, домбыраға қосып жиын-тойларда айтып жүрген ол жастайынан жыршы бала атанады. 1920 жылы Талдықорғандағы, кейін Алматыдағы Абай атындағы балалар үйінде тәрбиеленіп, сонда білім алады.
1923-28 жылдары Алматыдағы Қазақтың халық ағарту институтында оқиды. Институтта оқып жүргенде Ғали қазақ, орыс әдебиеттерінің үлгілерімен танысады. 1925 жылдан бастап оқушылардың қабырға газетіне, 1927-28 жылдары өлкелік газетте өлеңдер жазады. Осы жылдары «Тілші» газетінде «Ешкіөлмсс», «Қора», «Оқушыларға», «Диханбайға» сияқты өлеңдері басылады. Осы өлеңдерінде Ғали ақындық талантын біршама танытып үлгереді.
1929-30 жылдары Іле ауданы оқу бөлімінің меңгерушісі болып істеп жүрген кезінде оның өлеңдері «Еңбекші қазақ» газеті мен «Әйел теңдігі» журналында жиі жарияланып, көп ұзамай-ақ республикадағы белгілі ақындардың санатына кіреді.
1930 жылы май айында Түркістан-Сібір темір жолы салынып бітті. Бұл бүкіл Кеңес елі, соның ішінде қазақ елінің тарихындағы ірі табыс болатын. Осы ұлы мерекеге шашу ретінде Ғали ақын «Шеңбер» атты ұзақ өлеңін жазды.
Абай атындағы педагогика институтын бітірген соң, ол біраз жыл мұғалім болып істейді. Одан кейін «Социалистік Қазақстан» газетінің редакциясында журналистік қызмет атқарады. 1939 жылдан 1945 жылға дейін ақын Жамбыл Жабаевтың әдеби хатшысы болды.
Ұлы Отан соғысы жылдары «Майдан» деген альманахтың редакторы, кейін«Әдебиет және искусства» журналының жауапты редакторы, Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасында Бас редактор, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы қызметін атқара жүріп, шығармашылық саласында өнімді еңбек етті.
1934 жылы Ғалидың екі кітабы «Шеңбер» деген атпен 1927-1933 жылдар арасында жазған өлеңдерінің жинағы, «Шәуілдір» поэмасы басылды. 1935 жылы «Көтерме» деген атпен әңгімелер мен очерктерінің жинағы жарық көрді. 1936 жылы «Абысын сыры» жинағы, Мопасаннан аударған қысқа әңгімелерінің жинағы басылып шықты.
1943-44 жылдары Ғали Орманов мәдениет пен өнер қызметкерлері тобында майданға барып қайтады. Ұлы Отан соғысы кезінде жазған өлеңдерін 1941 жылы «Халық қаһарман», 1944 жылы «Емен» атты өлеңдер мен поэмалар жинағы түрінде ұсынады. «Өмір дастаны» (1948), «Бөбек жүрегі» (1949) атты жинағымен қатар ақынның шұрайлы өлеңдері оның 1950, 1957, 1976, 1982-84 жылдары шыққан «Таңдамалы шығармалар» жинақтарына енді. Ғали Орманов-үздіксіз жазып, өнімді еңбек еткен ақын. Оның таңдамалы шығармалары қазақ әдебиеті тарихында көрнекті орынға ие.
Ғали Ормановтың «Қысқы жолда» өлеңі қыс көрінісінің айбынды көріністерін суреттеген, адамды асқақ сезімге жетелейтін көркем шығарма. Осы өлеңді оқып орырғанда бейне қыс құшаңһғында жүргенлей әсер мен сезімге бөленесің.
Қысқы жола
Толқындаған //тұманнан, // а
Ай бұлқынып// шығады, // б
Төңірекке// мұңайған// а
Мұңды сәуле //құяды. // б
Қысқы жолда // жабырқау, / /а
Жекледі үш ат //зымырап, // б
Біркелкі үнмен //қоңырау// а
Қажытады //шылдырап. // б
Естисің бір// жақын үн. / / а
Әндерінен //жәміштің. // б
Кейде ескек //шалқыған, // а
Кейде зары // жүректің. // б
Көрінбейді //от пен үй, / / а
Қар, //тым-тырыс айнала. // б
Ала діңгек //жолда ылғи, // а
Кездеседі //бір ғана//. б
Жабырқадым //Нина, ертең, // а
Ертең үйге //барармын. / / б
От алдында //сонда, еркем, // а
Көзім тоймай //қарармын. // б
Сағат тілі //шықылдап, // а
Білдірер өз //мезгілін. / /б
Күтпесе де //жұрт шыдап, // а
Айыра алмас //бізді түн. // б
Жолым, Нина, //жабырқау, / /а
Жәмшігім де //қалғыды. // б
Шылдыр-шылдыр //қоңырау, // а
Күңгірт тартты// ай нұры. // б
Бұл өлең 7-8 буын, 2 бунақ, 8 шумақ, 40 тармақ, шалыс ұйқастан құралған.
Кейіптеу: Толқындаған тұманнан , Төңірекке мұңайған, Қысқы жолда жабырқау, Кейде ескек шалқыған , Күңгірт тартты ай нұры
Эпитет: мұңды сәуле, жарқын үн, ала діңгек
Метанимия: көзім тоймвй, ай нұры
«Өрістегі өмір»
Қалың құм //жон етегін //шөккен тірей//
а
Жусаған //түйелердің
//
өркешіндей
. //
а
Бұйраты //былқып жатқан //өріс екен, //
б
Түліктің //төлдеп өсер //өлкесіндей. //
а
Томары //төбе, төбе //кепкен сүрдей
, //
а
Төскеуде //селеу, еркек //бөрте ешкідей. //
а
Жер екен //шөбі шүйгін, //берекелі. //
б
Сыртынан //түңілгенмен //жұрт менсінбей//.
а
11 буын, 3 бунақ, 8 тармақ, қара өлең ұйқасы.
Аллитерация:
Томары төбе, төбе кепкен сүрдей . . .
Эпитет:
Қалың құм, кепкен сүр
Теңеу:
өркешіндей, өлкесіндей, кепкен сүрдей, бөрте ешкідей
«Тау сыйы»
Көкірегі// көк орай// а
Көз жіберші // тауыма// б
Көк шашақты// қарағай, // а
Қандай ұқсас// бауына!// б
Сырғи аққан //бұлағы, // а
Сыңғырайды// күмістей// б
Судыраған //құрағы// а
Құбылады// пүліштей// б
Желпи ескен// самалы// а
Және ұқсайды// жібекке// б
Жан біткенге//жағады// а
Дәрмен беріп// жүрекке// б
Сен де сонда// қыдырып, // а
Дамылдауға// шығарсың. // б
Бұлағына// сіміріп, // а
Бұлбұл әнін// тыңдарсың// б
Күні күлген// төбеңде, //а
Тау тынысын// байқарсың. // б
Байығандай// өлеңге, // а
Бәлкім тасып// қайтарсың!// б
7-8 буын, 2 бунақ, 20 тармақ, 5шумақ, шалыс ұйқас
Аллитерация: К өкірегі көк орай . . . (Жасыл түспен белгіленген әріптер)
Эпитет
:
көк шашақты
қарағай,
судыраған құрағы
Теңеу:
күмістей, пүліштей
Кейіптеу: күні күлген , құбылады пүліштей, Судыраған құрағы
«Қараймын да асығам»
өлеңінде ақынның ерте кезде жаман тайға мініп, ауылынан қалаға оқуға келе жатқан бір кезеңі суреттеледі.
Тепкішегім //тепеңдеп, //
а
Жеті күндей // жол тарттым. //
б
Әттең қашан // жетем деп, //
а
Алматыға //құмарттым . . . //
б
Сараң басып // сар тайым, //
а
Сабылды бой// алдырып, //
б
Жол бойында //жантайып, //
а
Жаттым талай // шалдырып. //
б
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz