Орыс ғалымдарының түркітануға байланысты зерттеулері туралы ақпарат


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

СЕМЕЙ қаласының Шәкәрім атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Филология факультеті

СТУДЕНТТІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ

Тақырыбы: Түркітануға байланысты алғашқы зерттеулер. Орыс

ғалымдарының түркітануға байланысты зерттеулері. ХХ ғасыр басындағы

түркітану тарихы

Орындаған: Ерболат Еркебұлан

Қ-413 топ

2015 жыл

Түркітанудың қалыптасып дамуының алғышарттары. Түркі тілдерінің даму тарихындағы кезеңдер. Жеке түркі тілдерінің қалыптасуына көп ғасырға созылған көші қон (миграция) әсер етті. 4ғ қазіргі батыс Моңғолиядан Донға, Қара теңіз жағалауына дейін көшіп қонған түркі тайпасы, Ғұн одағы ыдыраған соң, тарих сахнасына бұлғарлар мен хазарларды, 9ғ печенектер мен оғыздарды алып келді. Түркі тайпаларының ішінде ең күштісі де, ықпалдысы болған қыпшақтар 11ғ Балқаш пен Ертістен бастап, Прут өзеніне дейінгі ұлан байтақ өлкеде көшіп қонған. Түркі ру тайпалары тураы алғашқы мәлімет біздің жыл санауымызға дейінгі дәуірде жазылған қытай жылнамаларында берілген. Одан кейінгі көне армян, көне еврей, көне грузин, араб жаылнамалары мен тарихи жазбаларында ертедегі түркі тайпалары туралы дерек табылады. 10ғ бастап түркә тайпалары туралы мәлімер орыс жылнамасы мен жазбаларында кездесе бастайды. Алайда, түркі тайпаларының тілі, әдебиеті, тарихы туралы толығырақ мәліметті Орхон Енисей жазба ескерткіші материалына, әсіресе 11ғ атақты ғалымы М. Қашқаридың «Диуани лұғат ит түрк» атты кітабынан аламыз. Түркі тілдері де басқа тілдер сияқты өзінің басынан пайда болу және қалыптасу кезеңдерін өткізді. Түркі тілдес тайпалардың, тайпа одақтарының жазба ескерткіштері біздің заманымыздың 5-6 ғ басталады. Мұндай жазба ескерткіштер Қазақстан жерінде де болған. Көрнекті түркітанушы Н. А. Баскаков Түркі тілдерінің даму тарихын мынадай кезеңдерге бөледі:1) алтай д, ; 2) ғұн д, ; 3) көне түркі д, ; 4) орта түркі д немесе түркі тайпаларының дамуы мен қалыптасу дәуірі; 5) жаңа түркі дәуірі немесе түркі халықтарының қалыптасуы мен даму дәуірі; 6) ең жаңа дәуір немесе түркі тілдерінің Қазан төңкерісіне дейінгі дәне одан кейінгі даму д, ; Түркі тіллдері дамуының Алтай дәуірі уақытын дәл айту мүмкін емес, белгісіз уақыттан б. з. д. 3 ғ дейінгі кезеңді қамтиды. Алтайтанушы ғалымдар бұл кезеңді екі дәуірге бөледі:1) Орал Алтай тілдерінің ортақ дәуірі, бұл көптеген ру мен тайпа тілдерінің бөленбеген кезеңі; 2) Орал және Алтай семьяларының бір бірінен бөліну кезеңі, бұдан соқ түркі, моңғол, тұңғыс манчжур және корей жапон тілдері тармақтарына бөліну дәуірі.

Көне түркі ескерткіштері мен түркітану ғылымы бағытына байланысты А. С. Аманжолов, Ғ. Айдаров, М. Оразов, Б. Сағындықұлы, Б. Базылхан т. б. еңбектері.

Руникалық жазуларды жинау, бастырып жариялау, әр түрлі тілдерге аудару, филологиялық талдаулар жасау жұмыстары қарқынды жүргізіледі және күні бүгінге дейін жүргізіліп те келеді. Бұл мәселе бойынша қазақстандық ғалымдар С. А. Аманжолов, Ғ. Ғ. Мұсабаев, Ғ. Айдаров және олардың бағыттарын жалғастырушы шәкірттері - Е. Саурықов, Қ. Малғаждаров, О. Сапашев сияқты қазақ тілі мамандары да өз үлестерін қосуда. Түркітанушы, ғалым А. С. Аманжоловтың пікірінше, көне түркі руникалық жазуы арғы ата-бабаларымыздың 1500 жыл бойы қолданған төл жазу екендігін ешқандай күмән туғызбайды. Күлтегін мен Білге қағанға арналған ескерткіш жайында ғалым А. С. Аманжолов: Ғылым саласында ашылған бұл жаңалық - тіл білімінің тарихи-салыстырмалы бағытын белгілеп, түркітану ғылымын жүйеге келтіруде мықты қазық болды. Осыдан бастап түркітану ғылымының негізі қаланып, оның өріс алуында жаңа кезең басталды. Ғалым Ғ. Айдаровтың еңбегінде: Енисей, Орхон және Талас жазба ескерткіштерінің түрі туралы сөз қозғаудан бұрын, онда қолданылған алфавит жайында айта кеткен. Түркі тілдерінің тарихындағы ең алғашқы алфавит осы жазулар алфавиті болып есептелінеді. Руникалық көне түркі алфавитінің құрамында 35 әріп бар. Бұдан тыс төрт арнайы таңбасы кейбір дауыссыздардың тіркесін (ЛТ - w, НИ - F, НТ - O, НЧ - W, РТ V) беру үшін пайдаланылған. Жазудың бағыты оңнан солға қарай оқылады деп А. С. Аманжоловтың «Түркі филологиясы және жазу тарихы» деген еңбегінде жазылған. РТ дыбыс тіркесінің V таңбасы Ғ. Айдаровтің «Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі» еңбегінде баш деген дыбыс тіркесімен беріледі. Ахмет Үйгінекейдің «Ақиқат сиы» деген поэмасын профессор Ә. Құрышжанұлы, Б. Сағындықұлы 1985 жылы қазақ тіліне аударып, «Ғылым» баспасы арқылы жариялатты. Ескерткіштің тілін зерттеумен де көптеген ғалымдар айналысты.

Түркітану ғылымының Орал-Алтай дәуірі. Алтаистика ғылымының қалыптасуы. Алтай тілдер семьясының туыстығы туралы ғылыми дәйектемелер мен болжамдар. Ғылымдағы гипотеза термині.

Түркологияда Алтай дәуірі «алтай тілдері» теориясы өткен ғасырдың орта кезінен бастап қалыптасты. Оны қалыптастырушылар неміс ғалымдары В. Шотт және М. А. Кастрен. Бірақ бұл екеуінің теориясына түрткі болған тұжырым әріректен, ХVІІІ ғасырдан басталады. І-Петр заманында болған Швед соғысында тұтқындалып, ұзақ жылдар Сібір өлкесінде Швед армиясының офицері Ф. Ю. фон Страленберг 1730-жылы Стокгольмде Еуропа мен Азияның солтүстік және шығыс бөлігі атты еңбек жариялайды. Осы еңбегінде Ф. Ю. фон Страленберг түркі, монғол, тұңғыс-манчжұр тілдері о баста бір негізден тараған туыстас, төркіндес тілдер дейді де, оларды «Алтай тілдері» деген атаумен атайды. Жоғарыда аталған неміс ғалымдары Ф. Ю. фон Страленбергтің осы пікірін теориялық жақтан тереңдете түсіп және аталған тілдер құрамына угро-фин, самоди тілдерін де қосып, оларға «Орал-алтай тілдері» деген ат береді. Кейініректегі зерттеушілер бұл топқа, семьяға жататын тілдер үстіне корей, жапон тілдерін де қосып жүр (Е. Д. Поливанов, Г. Й. Рамстедт т. б. ) . Өз дәуірінде де, қазірде де бұл теорияға қарсы шығушылар да оны жақтаушылар да біраз бар. Әсіресе «Орал-Алтай» теориясын мақұлдамаушылар тым көп. Қазіргі уақытта Алтай тілі теориясы «Алтаистика» деген атпен көптеген елдерге тараған. Оның мақсаты - тіл біліміндегі тарихи салыстырмалы әдісті қолдана отырып Алтай семьясына жататын тілдердің бір-бірімен туыстық жақындықтарын айқындау. Алтаистиканың халықаралық комитеті бар. Бұл комитет жыл сайын «Тұрақты интернационалдық алтаистика конференциясы» атты кеңес өткізіп тұрады. Алтаистика - Алтай тілдерінің және фин-угор, жапон, корей т. б. тілдердің шығу тегін, туыстық қатынасын, даму барысын, байланыс-қатыстылығын кең көлемде зерттейтін жалпы тіл білімінің салыстырмалы дербес саласы. XVIII ғасырдан «Орал-Алтай тілдерінің төркіндестігі» туралы алғашқы болжамдар, пікір-ұсыныстар Ф. Ю. фон Страленберг, В. Шотт, Ф. Е. Вилеман, О. фон Бетлингк, Г. Винклер, Араб тіл біліміндегі жаңа теориялық тұжырымды қазақ ғалымы проф. Б. Базылхан ұсынды. Оның «өзек тіл» деп атаған түркі, моңғол (қазақ, моңғол) тілдерін және тұңғыс-манчжұр, жапон, корей тілдерін тарихи-салыстырмалы әдіспен зерттеуі нәтижесінде мынандай қорытынды тиянақталды: о баста алтайлық бір текті тіл болды. Осы біртекті тілден қазіргі алтай төркіндес түркі, моңғол, тұңғыс-манчжұр, жапон, корей тілдері эволюциялық дамудың үш дәуірін («ым тілі» дәуірін; «келте сөз» дәуірін; «күрделі сөз» дәуірін) бастан кешіріп, қазіргі дербес тілдер деңгейіне жетті. Зерттеуші ғалымдар түркі, моңғол, тұңғыс-манчжұр тілдерінің туыстығын, ортақтығын, жалпы зандылықтарын тілдің нақтылы фактілерімен айқындап, дәлелдеп келеді. Соның ішінде, әрбір тілдің сөзжасам жүйесіндегі түбір және қосымша морфемалардың сәйкестігі ең өзекті, басты туыстық қатынастардың дәлелі ретінде зерттелді. Ал бұл тілдерге жапон, корей (Э. Г. Азербаев, С. А. Старостин т. б. ) және фин-угор (М. Рясянен, Х. Паасонен, Б. Коллиндер, Б. Мункачи, Д. Фокох-Фукс, Дж. Г. Киекбаев, т. б. ) тілдерінің, сонымен катар, америкалық майя, кечуа, сиу т. б. тілдердің (С. Викандер, М. Арибжанов, А. Г. Каримуллин т. б. ) төркіндестігі, туыстығы жайында қызықты да соны дәлелдер, талдаулар жүргізілді. Алтай дәуірі, Алтай тілдері жайындағы пікірлер тыңғылықты шешілген теория емес, ғылыми абстракция, болжам ғана. Сондықтан оны ғылым да гипотеза деп атайды. Гипотеза - грек сөзі, мағынасы болжам, жорамал.

Түркі халықтарының мәдениетінің тарихында елеулі орын алатын ескерткіштер - көне түркі руникалық жазулар . Елдің елдігі, мәдениетінің биіктігі мен өнер көкжиегінің кеңдігі жазу мәдениетімен тығыз байланысты. Түркі халықтарының мәдениетінің тарихында елеулі орын алатын ескерткіштер - көне түркі руникалық яғни тасқа және басқа заттарға қашалып, жазылып сақталған «жұмбақ» жазулар. Бұл жазулар тобына Орхон, Енесей, Талас өзендері жағалауында табылған көне түркі жазба ескерткіштері жатады. Жазу белгілі бір халықтың немесе этникалық топтың атымен аталғанымен оны барша халық бірлесе ойлап шығармайды. Халық ішіндегі белгілі бір данасы, дарын иесі жасайды да, содан көпшілікке тарайды. Түркі тілінің руникалық жазуын 1893 жылы алғаш танып оқыған Дания ғалымы, Копенгаген университетінің салыстырмалы тіл білімі кафедрасының профессоры Вильгельм Людвиг Петер Томсен (1842-1927 жж. ) . Алдымен В. Л. Томсен жазудың оңнан солға қарай жазылғанын айқындайды. Содан соң жазбада барлығы 38 әріп, яғни таңба, барлығын анықтайды. Үшінші кезекте дыбыстардың дауыстысы мен дауыссыз түрлерін, олардаң қалай орналасатынын ашуды көздейді. Орхон жазуын танып оқуда жазу жазылған құлпы тастың бір бетіне жазылған қытай тіліндегі аудармасы көп жеңілдік береді. Өйткені қытай жазуы бұрыннан белгілі. 1894 жылы В. В. Радлов В. Л. Томсен пікіріне сүйене отырып, мәтінді латын әліппесімен жазып бастырады, орыс тіліне аударады. Кейініректе Орхон ескерткіштерін проза үлгісінде орыс тіліне аудару ісімен П. М. Мелиоранский, С. Е. Маловтар да айналысты. Бұл ескерткішті поэзиялық туынды деп тауып, оны алғаш рет орыс тіліне өлеңмен аударған адам Мәскеудегі Азия, Африка институтының ғылыми қызметкері И. В. Стеблева. Оның аудармасы Поэзия тюрков VІ-VІІІ веков деген атпен 1965 жылы Мәскеуде шықты. Орхон ескерткіштерінде Білге қаған мен Күлтегіннің және Тоныкөктің ерлік, білгірлік істері, олардың түркі халықтарын бір хандық туы астына жинап, біріктірулерін, жаугершілік жорықтарын эпикалық, көркемдік тәсілмен баяндайды. Зерттеушілер бұл ескерткішті VІ-VІІІ ғасырдағы түркілердің поэзиясы, олардың әдеби үлгілерінің бізге жеткен бастамасы деп есептейді. Бұдан кейін руникалық жазуларды жинау, бастырып жариялау, әр түрлі тілдерге аудару, филологиялық талдаулар жасау жұмыстары қарқынды жүргізіледі және күні бүгінге дейін жүргізіліп те келеді. Бұл мәселе бойынша қазақстандық ғалымдар С. А. Аманжолов, Ғ. Ғ. Мұсабаев, Ғ. Айдаров және олардың бағыттарын жалғастырушы шәкірттері - Е. Саурықов, Қ. Малғаждаров, О. Сапашев сияқты қазақ тілі мамандары да өз үлестерін қосуда.

Түркітану ғылымының негізі қаланып, оның өріс алуында жаңа кезең басталғандығы жайлы академик А. С Аманжоловтың ғылыми тұжырымдары. Академик А. С Аманжоловтың Түркі филологиясы және жазу тарихы атты еңбегі. Алфавиттік жазудың пайда болу тарихы, шығу тегі өте күрделі де, шешілмеген жұмбақтарға толы. Өйткені алфавиттік жазу - дүние жүзі мәдениетінің қол жеткен орасан зор табысы болса, бұл мәдени мұраға біздің ата-бабаларымыз да өзіндік үлес қосып, келер ұрпаққа мирас еткен. Алғашқы әріп жазуының бір тармағы - руникалық көне түркі алфавиті болып табылады. Бұл алфавитпен жазылған ескерткіштер - көне түркі тайпаларының жоғары тіл мәдениеті мен білім өресінің ауыз толытырып айтарлықтай көрсеткіші (Аманжолов А. С. Түркі филологиясы және жазу тарихы. - Алматы, 1996. ) . Ерте заман жазба ескерткіштерінің тілін зерттегенде оның жазуының ерекшеліктері мен тарихын назардан тыс қалдыруға болмайды. Бұл ретте, алдымен жазу қолтума ма, немесе өзге жұрттық па, белгілі бір тілдің дыбыстық жүйесін бере ала ма, қандай тілдік өзгерістерге ұшыраған дегендей мәселелерге ерекше көңіл бөлінеді. Белгілі түрколог ғалым А. С. Аманжолов: Осы ескерткіштердің бүгінде мәлім болған аймақтары: Сібірдегі Енисей, Лена өзендерінің аңғарлары, Моңғолиядағы Орхон, Онгин, Селенга өзендерінің өзендерінің алқабы, Орта Азия мен Қазақстандағы Талас пен Сыр бойы, Ертіс пен Іле қойнауы екені айқындалып отыр. Мұндағы жазу таңбаларын ғалымдар алғашқы табылған жердегі өзен аттарымен Орхон-Енисей жазуы немесе сыртқы нұсқалық көрінісі жағынан Скандинавия руналарына біршама ұқсаса болғандықтан, оның «құпия» таңбаларына балап «руникалық» деп атап кетті, - дегенді айтады

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түркітануға байланысты алғашқы зерттеулер. Орыс ғалымдарының түркітануға байланысты зерттеулері.ХХ ғасыр басындағы түркітану тарихы туралы ақпарат
Түркітануға байланысты алғашқы зерттеулер. Түркітаным тарихы туралы қысқаша мәлімет
Түркітануға байланысты алғашқы зерттеулер.Орыс ғалымдарының түркітануға байланысты зерттеулері.20ғ басындағы түркітану тарихы
Түркітануға кіріспе
Түркі тілдерін салыстырмалы-тарихи тәсілмен зерттеу. салыстырмалы-тарихи зерттеу (xyiii-xix ғғ.) Европа, Ресей ғалымдарының зерттеулері
Орыс ғалымдарының түркітануға байланысты зерттеулері. ХХ ғасыр басындағы түркітану тарихы
Түркітануға байланысты алғашқы зерттеулер орыс ғалымдарының түркітануға байланысты зерттеулері. ХХ ғасыр басындағы түркітану тарихы
Түркі тілдерін салыстырмалы-тарихи тәсілмен зерттеу
Түркі тілдерін салыстырмалы-тарихи тәсілмен зерттеу. 2.Салыстырмалы-тарихи зерттеу (XYIII-XIX ғғ.) Европа, Ресей ғалымдарының зерттеулері
Көне түркі жазба ескерткіштері жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz