Лингвомәдениеттану ғылым саласы ретінде мақсаты мен міндеттері



Лингвомәдениеттанудың зерттеу нысаны – қайсібір этнос болмысындағы белгілі бір халық жайындағы мәдени ақпараттарды жеткізуші тіл, ұлттық материалдық, рухани мәдениет және адамзат арасындағы өзара байланыс, қарым-қатынас болып табылады. Ол этнолингвистика, әлеуметтік лингвистика пәндерімен сабақтас. Бұл ретте В.Н.Телия лингвомәдениеттануды этнолингвистика пәнінің бір бөлігі ретінде қарағанымен екеуі екі бөлек ғылым салалары деп біледі.
Шетел ғалымы В.Айсманн (W.Eіsmann): «Американдық лингвист Г.Б.Пальмердің (G.B.Palmer) түсінігінше, мәдени лингвистика этнолингвистиканың әртүрлі дәстүрлерді когнитивті лингвистикамен біріктіреді, бұл Ресейдегі этнолингвистикалық тұжырымдамалармен (Н.И.Толстой және оның мектебі), М.М.Копыленко, және фразеология саласындағы В.Н.Телия және оның ғылыми семинары) дәл ұштасып отыр» [1, 44б.], - деп тұжырымдайды.
Әлеуметтік лингвистика, психолингвистика, статолингвистика, паралингвистика сияқты этнолингвистика да – «этностаным мен тілтаным» ғылымдарының ортақ мәселесі шеңберінде, түйісу нәтижесінде пайда болған жаңа сала. Оның теориялық негізі еуропада неміс ғалымы Вильгельм фон Гумбольдт еңбектерінен бастау алып, Америкада - Ф.Боас, Э.Сепир, Д.Уорф; Ресейде – Д.К.Зеленин, Н.И.Толстой, Е.Ф.Карский, А.А.Шахматов, А.А.Потебня, А.Н.Афанасьева, А.И.Соболева т.б. ғалымдардың еңбектерінде, ал қазақ тіл білімінде этнолингвистиканың ғылыми-теориялық алғышарттары Ә.Т.Қайдар, М.М.Копыленко, Е.Жанпейісов, Р.С.Сыздық, Н.У.Уәлиев, Ж.А.Манкеева, Г.Н.Смағұлова, т.б. сияқты ғалымдардың еңбектерінен өз жалғасын тапты.
Этнолигвистиканың негізін салушылардың бірі Н.И.Толстой этнолингвистика мен оның тіл мен этносты зерттеудегі рөлі туралы айта келіп: «Этнолингвистикалық сипаттағы еңбектердің негізі, тіл – мәдениеттің құрамдас бөлігі ретінде әрі мәдениеттің жалпы құбылыстары арқылы сипатталуы мүмкін екендігі және сипатталуы болып отыр» [2, 19б.], - деген пікір айтады.
Қазақ тіл білімі үшін этнолингвистика қазіргі таңда зерттеуді қажет ететін ғылым саласы. Тіл арқылы мәдениеттану аспектілері қазақ тіл білімінде үстіміздегі ғасырдың сексенінші жылдарынан бастап ғылыми тұрғыдан дәлелдене бастады. Қазақ тіл білімінде мұндай мәселелердің зерттеу аясының кеңейіп, толыға бастауы осы салада өзіндік бағыты, мектебі қалыптасқан Ә.Т.Қайдардың есімімен байланысты. Этнолингвистика – этнос пен оның тілінің байланысын зерттеуден туындаған ғылым саласы. «Бұл», - дейді академик Ә.Т.Қайдар - «этнос пен оның тілі арасындағы табиғи тұтастықты саналы түрде сарапқа салып мойындау, этнос жоқ жерде тіл болмайды, тілсіз этнос болмайды деген қағиданы нақтылы зерттеуге өзек ету деген сөз». Сонымен қатар Ә.Т.Қайдар «этнос», «тіл» деген ауқымды, кең ұғымдарды нақтылап, «этнос болмысы, тіл әлемі» деген термин ұғымдарды қолдануды ұсынады [3, 19б.].
1. Леонтьев А.А. Взаимодействие культуры и языков. Языковое сонание и образ мира // Язык и сознание: парадоксальная рациональность. -М., 1993.
2. Толстой Н.И. Этнолингвистика. -М., 1993.
3. Қайдар Ә.Т. Қазақ тілінің өзекті мәселелері. -Алматы: Ана тілі. 1998.
4. Сүлейменова Э.Д. Тіл білімі сөздігі. -Алматы: Ғылым, 1998.
5. Қайдар Ә.Т. Этнолингвистика // Білім және еңбек. 1985.
6. Қайдар Ә.Т. Этнолингвистика // Білім және еңбек. 1985.
7. Телия В.Н. О специфике отображения мира психики и знания в языке. // Лингвокультурологическая специфика сравнительных оборотов. -М., 1987.
8. Маслова В.А. Лингвокультурология. -М.: Academia, 2001.
9. Тхорик В.И. Языковая личность (лингвокультурологический аспект): дисс. ... докт. филол. наук. –Краснодар: Куб.ГУ, 2000.
10. Воробьев В.В. Лингвокультурология (теория и методы). -М.: Издательство Российского университета дружбы народов, 1997.
11. Алдашева А. Аударматану: Лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер: филол. ғылым.докт. ...дисс.:-А., 1999.

Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СРСП №1

Тақырыбы: Лингвомәдениеттану ғылым саласы ретінде мақсаты мен міндеттері

Орындаған: Абдрахманова А. Н.
Тексерген: Калиева С. Е.

СЕМЕЙ 2015
Лингвомәдениеттанудың зерттеу нысаны - қайсібір этнос болмысындағы белгілі бір халық жайындағы мәдени ақпараттарды жеткізуші тіл, ұлттық материалдық, рухани мәдениет және адамзат арасындағы өзара байланыс, қарым-қатынас болып табылады. Ол этнолингвистика, әлеуметтік лингвистика пәндерімен сабақтас. Бұл ретте В.Н.Телия лингвомәдениеттануды этнолингвистика пәнінің бір бөлігі ретінде қарағанымен екеуі екі бөлек ғылым салалары деп біледі.
Шетел ғалымы В.Айсманн (W.Eіsmann): Американдық лингвист Г.Б.Пальмердің (G.B.Palmer) түсінігінше, мәдени лингвистика этнолингвистиканың әртүрлі дәстүрлерді когнитивті лингвистикамен біріктіреді, бұл Ресейдегі этнолингвистикалық тұжырымдамалармен (Н.И.Толстой және оның мектебі), М.М.Копыленко, және фразеология саласындағы В.Н.Телия және оның ғылыми семинары) дәл ұштасып отыр [1, 44б.], - деп тұжырымдайды.
Әлеуметтік лингвистика, психолингвистика, статолингвистика, паралингвистика сияқты этнолингвистика да - этностаным мен тілтаным ғылымдарының ортақ мәселесі шеңберінде, түйісу нәтижесінде пайда болған жаңа сала. Оның теориялық негізі еуропада неміс ғалымы Вильгельм фон Гумбольдт еңбектерінен бастау алып, Америкада - Ф.Боас, Э.Сепир, Д.Уорф; Ресейде - Д.К.Зеленин, Н.И.Толстой, Е.Ф.Карский, А.А.Шахматов, А.А.Потебня, А.Н.Афанасьева, А.И.Соболева т.б. ғалымдардың еңбектерінде, ал қазақ тіл білімінде этнолингвистиканың ғылыми-теориялық алғышарттары Ә.Т.Қайдар, М.М.Копыленко, Е.Жанпейісов, Р.С.Сыздық, Н.У.Уәлиев, Ж.А.Манкеева, Г.Н.Смағұлова, т.б. сияқты ғалымдардың еңбектерінен өз жалғасын тапты.
Этнолигвистиканың негізін салушылардың бірі Н.И.Толстой этнолингвистика мен оның тіл мен этносты зерттеудегі рөлі туралы айта келіп: Этнолингвистикалық сипаттағы еңбектердің негізі, тіл - мәдениеттің құрамдас бөлігі ретінде әрі мәдениеттің жалпы құбылыстары арқылы сипатталуы мүмкін екендігі және сипатталуы болып отыр [2, 19б.], - деген пікір айтады.
Қазақ тіл білімі үшін этнолингвистика қазіргі таңда зерттеуді қажет ететін ғылым саласы. Тіл арқылы мәдениеттану аспектілері қазақ тіл білімінде үстіміздегі ғасырдың сексенінші жылдарынан бастап ғылыми тұрғыдан дәлелдене бастады. Қазақ тіл білімінде мұндай мәселелердің зерттеу аясының кеңейіп, толыға бастауы осы салада өзіндік бағыты, мектебі қалыптасқан Ә.Т.Қайдардың есімімен байланысты. Этнолингвистика - этнос пен оның тілінің байланысын зерттеуден туындаған ғылым саласы. Бұл, - дейді академик Ә.Т.Қайдар - этнос пен оның тілі арасындағы табиғи тұтастықты саналы түрде сарапқа салып мойындау, этнос жоқ жерде тіл болмайды, тілсіз этнос болмайды деген қағиданы нақтылы зерттеуге өзек ету деген сөз. Сонымен қатар Ә.Т.Қайдар этнос, тіл деген ауқымды, кең ұғымдарды нақтылап, этнос болмысы, тіл әлемі деген термин ұғымдарды қолдануды ұсынады [3, 19б.].
Негізінен, этнолингвистика - ХІХ-ХХ ғасыр аралығында Америка үндістерінің тіл ерекшеліктерін зерттеуден келіп шыққан ғылым саласы. Тіл білімі сөздігінде: Этнолингвистика (гректің ethnos - халық, тайпа және лингвистика) - тілді мәдениетпен, тілдік, этномәдени және этнопсихологиялық факторлармен байланыстыра қарастыратын тіл білімінің бағыты [4], - деп көрсетіледі. Кең мағынада, этнолингвистика - мәдениетті, халық психологиясын, мифологияны тіл арқылы зерттейтін кешенді пән. Оның нысанына тіл мен мәдениеттің арақатынасы шеңберінде болатын түсініктерді (мағыналарды) анықтау, тілдік белгілер жүйесі деп танудан туындайтын мәселелерді шешу және т.б. мәселелер кіреді. Оның төңірегінде екі маңызды бағыт қалыптасты. Біріншісі - Р.А.Агеева, С.Б.Бернштейн, В.В.Иванова, Т.В.Гамкрелидзе сынды ғалымдар қолдаған тілді этникалық жағынан қарастыру бағыты болса, екіншісі В.В.Иванов, В.Н.Топоров, Т.В.Цивьян, Т.М.Судник, Н.И.Толстой, оның мектебі ұстанған этностың материалдық және рухани мәдениетін қалыптастыру бағыты.
Н.И.Толстойдың көзқарасы бойынша, этнолингвистика - тарихи ретроспектива, яғни халықтық рәсімдердің дүниедегі тілдік көрінісін ашу. Этнолингвистика, - дейді ол, тіл білімі мен этнологияның жәй ғана қоспасы емес. Тіл білімінің тіл мен рухани мәдениет арасындағы байланысты, тіл мен халықтық менталитет, тіл мен халық творчествосы арасындағы қатынасты, олардың өзара байланысынан туындаған хабарлардың әр түрін қарастыруға бағытталған тіл білімінің саласы [2, 306б.].
Ә.Т.Қайдар: Этнолингвистика - этностың (одан ұлыс, халық, ұлт) инсандық болмысынан туындап, санасында сараланып, тарихи жадында сақталып, тіл арқылы ғасырлар бойы қалыптасып, қорланып, рухани мәдени мұра ретінде атадан балаға, әулеттен нәсілге үзілмей ауысып келе жатқан дәстүрлі мирасты жаңғыртып, жан-жақты зерттеп, танымдық мәнін ашып, болашақ ұрпаққа ұсыну мақсатына байланысты дүниеге келген тіл білімінің құнарлы саласы [5, 475б.], - деп кешенді анықтама береді. Бұл саланың ерекшелігіне әрі қарай: Ана тіліміздің ұшан-теңіз байлығын, ғасырлар бойы толассыз толығып, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, мұра болып келе жатқан асыл қазынасын мүмкіндігінше толық меңгеріп, ел игілігіне айналдыруды мақсат ететін салалардың бірі - осы этнолингвистика болу керек [6, 18б.], - деп өз ойын одан әрі жалғастырады. Ғалым бұл саланың ерекшелігін нақты айтып кетеді.
Этнолингвистика қазіргі тілдік материалдарды тарихи тұрғыдан қарастырса, лингвомәдениеттану тілдік деректерді өткен күн тұрғысынан да, қазіргі уақыт межесінен де рухани мәдениет негізінде зерттейді. Бұл жөнінде ғалымдардың әр түрлі көзқарастары бар. В.Н.Телия лингвомәдениеттануға: Тіл мен мәдениет байланысын синхронды тұрғыдан қарастырып, ол халық менталитетінен хабардар ететін тілдік бірліктердің қарым-қатынаспен байланысын зерттейді [7, 21б.], - деп анықтама берсе, В.А.Маслова: Этнолингвистика - белгілі бір материалдық және тарихи мәдени кешендермен байланысты тілдік бірліктерді зерттейді, - дейді. Сонымен қатар лингвомәдениеттану ғылымының да өз алдына мақсат-міндеттері бар екендігін, ол тарихи да, қазіргі заманның да тілдік айғақтарын рухани мәдениет арқылы қарастыратынын да атап өтеді [8, 11б.]. Бұдан шығатын қорытынды, этнолингвистика халықтардың генетикалық туыстығын, биллингвизм мәселелерін, тіл дамуындағы әлеуметтік мәдени факторлардың ықпалын, этникалық рухани мәдениет жүйесін қарастырады деп түйіндеуге болады. Оның лингвомәдениеттанудан өзгешелігі - ретроспективтілігінде, яғни өткенді шолуға, халықтардың ата-тегін, тайпа тілін зерттеуге негізделген. Екеуін салыстыра отырып қараған мәселелерді ғалым В.И.Тхориктің пікірімен дәлелдеуге болады: По сравнению с лингвокультурологией, которой свойственна проспективность, этнолингвистика, образно говоря, имеет характер ретроспективный, поскольку нацелена больше на изучение языка племен, диалектов, пракультуры [9, с.66].
Лингвомәдениеттану мен этнолингвистика тіл мен мәдениеттің өзара байланысын зерттеу бағытындағы ғылым салалары болғанымен, өзіндік ұқсастықтары мен ерекшеліктері де бар. Ол айырым белгілері мыналар болып табылады:
- этнолингвистика - этностаным мен тілтаным ғылымдарының түйісуінен туындаған сала;
- этнолингвистика мәдениеттің материалдық жағына көбірек мән берсе, лингвомәдениеттану мәдениеттің рухани жақтарына көбірек көңіл бөледі;
- этнолингвистика жеке бір этностың этномәдени жағын қарастырса, лингвомәдениеттану салыстырмалы-салғастырмалы түрде зерттеуге ойысады;
- этнолингвистика белгілі бір материалдық және тарихи мәдени кешендермен байланысты тілдік бірліктерді зерттесе, лингвомәдениеттанудың өзіндік мақсат-міндеттері айқын, қазіргі заманның да тілдік айғақтарын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлттық әшекей бұйымдардың тілдегі көрінісі
АНТРОПОӨЗЕКТІК ПАРАДИГМА БАҒЫТТАРЫ
ҚАЗАҚ АҢЫЗ - ӘҢГІМЕЛЕРІ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ЛИНГВОМӘДЕНИ ЖӘНЕ КОГНИТИВТІ АСПЕКТІЛЕРІ МАЗМҰНЫ
Саяси коммуникация және саяси дискурс
М.Мағауиннің «Аласапыран» тарихи романындағы ұлттық мәдениеттің тілдік көрініс
Әдеби мәтінді талдаудың бағыттары
ЛИНГВОМӘДЕНИЕТТАНУ САЛАСЫ
Бас-киім атауларының лингвокогнитивтік сипаты
Лингвомәдениеттану ғылымының зерттелу жайы
Қазақ антропонимдерінің зерттелуі
Пәндер