Кәсіпкерлік қызметтегі лизинг операциялары
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Ι.ТАРАУ.КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТЕГІ ЛИЗИНГ ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Лизингтік операциялар түсінігі, мәні және маңызы
1.2 Лизингтің түрлері мен жіктемелік белгілері
1.3 Лизингтік операциялардың артықшылықтары мен
кемшіліктері
ΙΙ.ТАРАУ. «АЛЕКС» ЖШС.Ң ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ЖӘНЕ ЛИЗИНГ ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУ
2.1 Қазақстандағы лизингтің дамуының қазіргі жағдайын
талдау
2.2 «Алекс» ЖШС.ң экономикалық . шаруашылық
жағдайын талдау
2.3 «Алекс» ЖШС.ң лизингтік операцияларды өткізу
тәртібі
ΙΙΙ.ТАРАУ. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚЫЗМЕТІН ДАМЫТУДЫ ЛИЗИНГТІК ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Лизингтік операцияларды жетілдіру бойынша
ұсыныстар
3.2 Қазақстандағы лизингтік қатынастар механизмін жетілдіру
жолдары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТ КӨЗДЕРІ

Қазіргі уақыттағы Қазақстандағы кәсіпкерлікті дамытудың негізгі проблемасы - қаржылық ресурстарға шектеулі қол жеткізерліктің болуы. Шағын және орта бизнесті қаржыландыру тәжірибесіне сәйкес қаржылық институттар құрал- жабдықтарды белгілі бір төлеммен, белгілі бір уақытқа пайдалануға мүмкіндік береді. Ол – лизинг болып табылады. Қазақстанның индустриялды- инновациялық даму стратегиясында негізгі қорларды жаңарту және еліміде өндірістік секторды дамытуды басты тапсырма ретінде қарастырудамыз.Бұл мәселелерді шешудің басты механизмі – лизинг.
Қазақстандағы құрал- жабдықтардың 80%- ға жуығы тозған және жақын арада жаңартуды талап ететін болғандықтан, лизинг операциясы біз үшін өте оптималды шешім болып отыр. Моральдық және физикалық тозған құрал –жабдықтармен сапалы, бәсекеге қабілетті өнім өндіру мүмкін емес. Біздің еліміз бірнеше жылдан кейін БТО – ға өтетін болғандықтан, біз жаңа құрал – жабдықтар, сапалы, бәсекеге қабілетті өнім деген мәселелерді кеңінен қарастыруымыз керек. Лизинг өтпелі экономикалы елдерде де, дамыған елдерде де кәсіпорындарды қаржыландырудың орта мерзімді және қысқа мерзімді көзі болып табылады.Ол лизинг алушының активтерін үлкейтудің тиімді әдісі, соның ішінде, жұмысбастылықпен қамтамассыз етуде, инновацияны енгізуде және осы елдерде бәсекелестікті дамытуда басты рөл атқаратын орта, шағын және қайта құрылған кәсіпорындар.
Елімізде лизингтік қызметпен айналысушыларға мемлекет көптеп қолдау жасауда. Лизингке әр түрлі салықтақ жеңілдіктер жасалған. Лизинг беруші негізгі құралдарды қаржылық лизингке беру мақсатында импорттталса және оны лизинг алушыға жалғаберген жағдайда қосымша құн салығынан босатылады. Осылайша, лизинг алушы құрал –жабдықтарды арзан бағамен импорттауға мүмкіндік алады.Тікелей өзі импорт жасайтын болса, онда қосымша құн салығы қосылады. Импорт кезінде қосымша құн салығы салынбайтын негізгі құрал тізімі тікелей Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілген. Қаржылық лизинг бойынша сыйақылар да қосымша құн салығынан босатылады.
Сонымен қатар, лизинг инвестициялық қызмет болғандықтан, лизинг алушы негізгі құралдарды эксплуатациялау кезінде корпоративті табыс салығына байланысты инвестициялық салықтық преференцияларға ие болады.
Лизинг негізінде кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қолдауды ЖАО «Казагрофинанс» және АҚ «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» жүзеге асырады.
ЖАО «Казагрофинанс» келесідей шарттарда агроөнеркәсіптік кешендегі лизингтің мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырады: лизинг мерзімі 9 жылға дейін, жылдық сыйақы мөлшері 8%-ға дейін, аванстық төлем 20-50%- ды құрайды.Лизингке ауыл шаруашылық техникасы ұсынылады.
АҚ «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қорында» лизинг мерзімі 5 жылға дейін, жылдық сыйақы мөлшері 10%-ға дейін, аванстық төлем объект құнынан 30 %-ды құрайды. Мұнда клиент құрал- жабдықты өзі таңдай алады немесе мүлік таңдау кезінде Қор қызметін тегін пайдалана алады.
Лизингтік келісімдерді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін келесідей банктербар: «Альфа- Лизинг», «Альянс – Лизинг», «АТФ Лизинг», «БТА лизинг», «Нур – инвест», «Темірлизинг», «Халық лизинг», «Центрлизинг».
Қазіргі уақытта лизингтің үлесі жалпы инвестиция көлемінде ҚР негізгі капиталының шамамен 1%-ын құрайды немесе 65 млн. АҚШ доллары.
Дамыған елдерде лизинг үлесінің жалпы инвестиция көлемінде негізгі капиталдың 20-30 %-ын құраса, дамушы елдерде – 5-10 %.Егер лизингтің үлесі жалпы инвестиция көлемінен 4 %-ға дейін өссе, онда жақындағы 3-4 жылда лизингтік нарық көлемі 530 млн. АҚШ долларын құрайды. Берілген фактор Қазақстанда лизингтік дамудың үлкен перспективаларына алып келеді.
Жалпы айтқанда лизингтік саланың дамуы бірнеше бағыттағы экономикалық дамуға жағымды әсер етеді:
• Лизинг шағын және орта бизнес субьектісінің дамуына әсер етеді, яғни өз негізгі құралдарын жаңартуға қосымша қаржысы болмаған жағдайда.
• Лизинг капитал салымдарының көлемін көбейтеді, себебі ол ұзақ мерзімді қаржыландырудың бір түрі болып табылады.
• Лизинг қосымша қаржылық ресурстарды тарту көзі болғандықтан, негізгі құралдарды жаңарту үрдісін жеделдетеді.
• Лизинг қаржылық қызмет нарығында қосымша бәсекелестікті тудырады. Лизингтің пайда болуымен қаржыландыру бағасы төмендейді және қаржылық қызмет көрсету нарығы кеңейеді.
• Лизинг өнімдерді өткізудің бір жолы болып табылады. Лизинг пайда болғаннан кейін жергілікті өндіруші компаниялар үшін өнімдерін өткізудің жаңа жолы ашылды.
Қазақстанның нарықтық экономикаға өтуі өндірістік кәсіпорындар алдына бірқатар мәселелер қойды. Олар: жоғары бәсекелестік жағдайға үйрену, төлемдердің уақытылы жүрмеуі, тауарға бағаның жоғарылацынан өткізу нарығының қысқаруы, қаржы ресурстарының шектеулілігі, шикізат материалдарымен жабдықтаушыларды іздеудегі қиындықтар.
Осының ішінде ең басты проблемалардың бірі, негізгі құралдардың физикалық және моралдық тозуы. Қазақстанның басты салаларының құрал жабдықтары тозғандықтан біз шет елден жаңа техниканы алуға мәжбүрліміз. Ал ол үшін бізге қаржы көздерін тапқан жөн.
Осы айтылған мәселелерді тиімді шешу жолы – лизинг.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ КӨЗДЕРІ
1. ҚР «Қаржы лизингі туралы» заңы, 2004 ж. 10- наурыз
2. Лизинг – решение проблем дефицита, интервью с Началником управления Министерства Индустрии и торговли РК Жаркынам Жаргазиевым
/ «Малый и средний бизнес Казахстана» № 3 (8) 2004 ж.
3. Обзор рынка лизинговых услуг, И. Зюзько , Директор консалтинговой компании «DNT»
/«Малый и средний бизнес Казахстана» №5 (19) 2004 ж.
4. Оценка развития лизинга в Казахстане, Проек международного финансирования корпорации по развитию лизинга в Ценральной Азиии
/ «Малый и средний бизнес Казахстана
5. ҚР азаматтық кодексі және салық кодексі
6. Василев Н.М, М; Дека, 1998 г. Лизинг как механизм развития инвестиций и предпренимательство
7. ҚР «Қаржылық лизингі туралы» заң
/Егеменді Қазақстан 2004 ж., 16 наурыз
8. 1-ші Қазақстандық көрме «ҚАРЖЫ, ЛИЗИНГ, САҚТАНДЫРУ»
/Егеменді Қазақстан 2004 ж., 20қазан
9. Алматыда «Лизинг Қазақстанда» конференциясы өтті
/Егемен қазақстан 2004 ж., 20 сәуір
10. Чем занимается лизинг? Аврамова О.
/Транзитная экономика 2005 ж., № 9
11. «Казагрофинансты» мемлекеттік қолдау, С. Абылаев
/Аграрлық нарық проблемалары 2005 ж., қаңтар
12. ҚР Президенті мен Үкіметінің актілер жинағы 2004ж., № 9
13. ҚР Президенті мен Үкіметінің актілер жинағы 2005 ж., №28
14. Бухгалтерлік Бюллетень 2003 ж., №3-9
15. Лизингтік қызмет нарығы , Айтжанова М.
/Ресми газет, 2005 ж., қыркүйек
16. Аль Пари, 2005 ж., №9
17. Балтус П., Майджер Б. «Школа европейского бизнеса», «Лизинг – ревю», 2001 г., №1

Ι-ТАРАУ.КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТЕГІ ЛИЗИНГ ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Лизингтік операциялар түсінігі, мәні және маңызы
1.2 Лизингтің түрлері мен жіктемелік белгілері
1.3 Лизингтік операциялардың артықшылықтары мен
кемшіліктері
ΙΙ-ТАРАУ. АЛЕКС ЖШС-Ң ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ЖӘНЕ ЛИЗИНГ ПАЙДАЛАНУ
ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУ
2.1 Қазақстандағы лизингтің дамуының қазіргі жағдайын
талдау
2.2 Алекс ЖШС-ң экономикалық – шаруашылық
жағдайын талдау
2.3 Алекс ЖШС-ң лизингтік операцияларды өткізу
тәртібі
ΙΙΙ-ТАРАУ. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚЫЗМЕТІН ДАМЫТУДЫ ЛИЗИНГТІК ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ ІСКЕ
АСЫРУДЫҢ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Лизингтік операцияларды жетілдіру бойынша
ұсыныстар
3.2 Қазақстандағы лизингтік қатынастар механизмін жетілдіру
жолдары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТ КӨЗДЕРІ
Кіріспе
Қазіргі уақыттағы Қазақстандағы кәсіпкерлікті дамытудың негізгі
проблемасы - қаржылық ресурстарға шектеулі қол жеткізерліктің болуы. Шағын
және орта бизнесті қаржыландыру тәжірибесіне сәйкес қаржылық институттар
құрал- жабдықтарды белгілі бір төлеммен, белгілі бір уақытқа пайдалануға
мүмкіндік береді. Ол – лизинг болып табылады. Қазақстанның индустриялды-
инновациялық даму стратегиясында негізгі қорларды жаңарту және еліміде
өндірістік секторды дамытуды басты тапсырма ретінде қарастырудамыз.Бұл
мәселелерді шешудің басты механизмі – лизинг.
Қазақстандағы құрал- жабдықтардың 80%- ға жуығы тозған және жақын арада
жаңартуды талап ететін болғандықтан, лизинг операциясы біз үшін өте
оптималды шешім болып отыр. Моральдық және физикалық тозған құрал
–жабдықтармен сапалы, бәсекеге қабілетті өнім өндіру мүмкін емес. Біздің
еліміз бірнеше жылдан кейін БТО – ға өтетін болғандықтан, біз жаңа құрал –
жабдықтар, сапалы, бәсекеге қабілетті өнім деген мәселелерді кеңінен
қарастыруымыз керек. Лизинг өтпелі экономикалы елдерде де, дамыған елдерде
де кәсіпорындарды қаржыландырудың орта мерзімді және қысқа мерзімді көзі
болып табылады.Ол лизинг алушының активтерін үлкейтудің тиімді әдісі, соның
ішінде, жұмысбастылықпен қамтамассыз етуде, инновацияны енгізуде және осы
елдерде бәсекелестікті дамытуда басты рөл атқаратын орта, шағын және қайта
құрылған кәсіпорындар.
Елімізде лизингтік қызметпен айналысушыларға мемлекет көптеп қолдау
жасауда. Лизингке әр түрлі салықтақ жеңілдіктер жасалған. Лизинг беруші
негізгі құралдарды қаржылық лизингке беру мақсатында импорттталса және оны
лизинг алушыға жалғаберген жағдайда қосымша құн салығынан босатылады.
Осылайша, лизинг алушы құрал –жабдықтарды арзан бағамен импорттауға
мүмкіндік алады.Тікелей өзі импорт жасайтын болса, онда қосымша құн салығы
қосылады. Импорт кезінде қосымша құн салығы салынбайтын негізгі құрал
тізімі тікелей Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілген. Қаржылық
лизинг бойынша сыйақылар да қосымша құн салығынан босатылады.
Сонымен қатар, лизинг инвестициялық қызмет болғандықтан, лизинг алушы
негізгі құралдарды эксплуатациялау кезінде корпоративті табыс салығына
байланысты инвестициялық салықтық преференцияларға ие болады.
Лизинг негізінде кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қолдауды ЖАО
Казагрофинанс және АҚ Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры жүзеге асырады.
ЖАО Казагрофинанс келесідей шарттарда агроөнеркәсіптік кешендегі
лизингтің мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырады: лизинг мерзімі 9 жылға
дейін, жылдық сыйақы мөлшері 8%-ға дейін, аванстық төлем 20-50%- ды
құрайды.Лизингке ауыл шаруашылық техникасы ұсынылады.
АҚ Шағын кәсіпкерлікті дамыту қорында лизинг мерзімі 5 жылға дейін,
жылдық сыйақы мөлшері 10%-ға дейін, аванстық төлем объект құнынан 30 %-ды
құрайды. Мұнда клиент құрал- жабдықты өзі таңдай алады немесе мүлік таңдау
кезінде Қор қызметін тегін пайдалана алады.
Лизингтік келісімдерді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін келесідей
банктербар: Альфа- Лизинг, Альянс – Лизинг, АТФ Лизинг, БТА лизинг,
Нур – инвест, Темірлизинг, Халық лизинг, Центрлизинг.
Қазіргі уақытта лизингтің үлесі жалпы инвестиция көлемінде ҚР негізгі
капиталының шамамен 1%-ын құрайды немесе 65 млн. АҚШ доллары.
Дамыған елдерде лизинг үлесінің жалпы инвестиция көлемінде негізгі
капиталдың 20-30 %-ын құраса, дамушы елдерде – 5-10 %.Егер лизингтің үлесі
жалпы инвестиция көлемінен 4 %-ға дейін өссе, онда жақындағы 3-4 жылда
лизингтік нарық көлемі 530 млн. АҚШ долларын құрайды. Берілген фактор
Қазақстанда лизингтік дамудың үлкен перспективаларына алып келеді.
Жалпы айтқанда лизингтік саланың дамуы бірнеше бағыттағы экономикалық
дамуға жағымды әсер етеді:
• Лизинг шағын және орта бизнес субьектісінің дамуына әсер етеді, яғни
өз негізгі құралдарын жаңартуға қосымша қаржысы болмаған жағдайда.
• Лизинг капитал салымдарының көлемін көбейтеді, себебі ол ұзақ мерзімді
қаржыландырудың бір түрі болып табылады.
• Лизинг қосымша қаржылық ресурстарды тарту көзі болғандықтан, негізгі
құралдарды жаңарту үрдісін жеделдетеді.
• Лизинг қаржылық қызмет нарығында қосымша бәсекелестікті тудырады.
Лизингтің пайда болуымен қаржыландыру бағасы төмендейді және қаржылық
қызмет көрсету нарығы кеңейеді.
• Лизинг өнімдерді өткізудің бір жолы болып табылады. Лизинг пайда
болғаннан кейін жергілікті өндіруші компаниялар үшін өнімдерін
өткізудің жаңа жолы ашылды.
Қазақстанның нарықтық экономикаға өтуі өндірістік кәсіпорындар алдына
бірқатар мәселелер қойды. Олар: жоғары бәсекелестік жағдайға үйрену,
төлемдердің уақытылы жүрмеуі, тауарға бағаның жоғарылацынан өткізу
нарығының қысқаруы, қаржы ресурстарының шектеулілігі, шикізат
материалдарымен жабдықтаушыларды іздеудегі қиындықтар.
Осының ішінде ең басты проблемалардың бірі, негізгі құралдардың физикалық
және моралдық тозуы. Қазақстанның басты салаларының құрал жабдықтары
тозғандықтан біз шет елден жаңа техниканы алуға мәжбүрліміз. Ал ол үшін
бізге қаржы көздерін тапқан жөн.
Осы айтылған мәселелерді тиімді шешу жолы – лизинг.
Ι-ТАРАУ.КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТЕГІ ЛИЗИНГ ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Лизингтік операциялар түсінігі, мәні және маңызы
Лизинг термині ағылшынның to lease деген сөзінен шыққан. Мағынасы
жалға алу. Лизингтің көптеген анықтамалары бар, бірақ олар нақты лизинг
терминіне сипаттама бере алмайды.Лизинг қаржы – коммерциялық, құқықтық,
техникалық аспектілерге ие. Бірақ көптеген әр түрлі саладағы мамандар
лизингті инвестициялық, бантік немесе жалдық, ал кейде іскерлік операцияға
жатқызады.
Лизингтік операция біздің елде инвестициялық қызметтің бір түрі болып
саналады.
Әлемнің көптеген елдерінде лизингтік операция инвестициялық
бағытталғандығымен түсіндіріледі. Көп жағдайда лизингтік операцияны жалға
беру ретінде түсінеді. Лизинг қаржылық ерекшелігімен арендадан
ерекшеленеді. Лизинг алушы – бұл ұзақ мерзімге пайдалануға тек құрал
жабдықты ғана емес, сонымен қатар меншік құқығына байланысты міндеттер
жүктеледі: мүлікке төлем, мүліктің кездейсоқ бүлінуіне байланысты өтемдер,
оларды сақтандыру мен техникалық қызмет көрсетуге төлемдер. Лизинг затына
меншік құқығы лизинг берушіде қалады.Лизинг алушы жалға алушы ретінде оны
пайдаланғаны үшін емес, оның толық құнын өтеу үшін төлем төлейді. Лизингке
алынған заттың бүлінуі немесе жойылуы лизинг алушы міндеттерінен
босатпайды, сонымен бірге жалға алғанда екі жақты келісімшарт жасалады, ал
лизингтік операция кезінде екі немесе одан да көп жақты келісім шарт
жасалады.( № 1-2 сызба)
Жалға беруші Жал келісімі
Жалға алушы
1- сурет. Жалға алу келісім – шартының сызбасы
Жабдықтаушы сатып алу келісімі Лизинг беруші Жал келісімі
Лизинг алушы
2- сурет. Лизинг келісімінің сызбасы
Австралиялық бизнесмен Вольфганг Хойлер өзінің Еуропадағы бизнесті қалай
жасау керек деген кітабында мынандай сұрақты көтерген: Лизинг – арендалық
келісім шарты ма, әлде несие келісімі ме? - сондағы жауап: Жалпы лизинг
ерекше келісім, жоғарыда аталғанның екеуін де қамтиды.
Экономикалық қарым –қатынаста лизингті көп жағдайда қаржылық операция
түрінде қарастырып, қор салымының бір түрі деп түсінеді. Кез келген лизинг
келісімінің негізгі өзегі – қаржылық, несиелік операциялар болып табылады.
Е. Кабатов, Е. Чермаков, В. Перов сияқты Лизинг түсінігін кеңінен
талқылаушылардың көзқарасы бойынша, лизинг – бұл күрделі, кешенді келісімді
қатынас, өйткені онда екі немесе одан да көп келісімдер қамтылады.
Е. Чермаковтың тұжырымы бойынша: мүлікті жалға беру – лизинг мәнінің
өзегі болып табылады. Ал қосымша қызметті мүлік сату – сатып алу
қатынастарын атқарады. Экономикалық мәні бойынша лизинг – қаржылық
операцияның жаңа түрі ретінде қарастырылады. Егер лизингті белгілі бір
уақытқа қайтару негізінде жалға алатын болсақ, онда біз оны негізгі
құралдарға жасалған тауарлық кредит ретінде қарастыруымыз керек.
Өз қаржылық ресурстарын пайдалану мен банктік несиенің баламасы ретінде,
лизинг – капиталға салымды қаржыландырудың өзіндік ерекше формасы болып
табылады. Бұл үрдіс өнеркәсіптік кәсіпорынға бірден көп қаржы жұмысамай ақ
қажетті мүлікті сатып алуға және негізгі құралдарды үздіксіз жаңартып
отыруға мүмкіндік береді.
2. Лизингтің түрлері мен жіктемелік белгілері
Лизинг түрлерінің жіктелуі қазіргі уақытта өте кең қарастырылып
жатыр.Оның негізгі жіктемелік белгілеріне мыналар жатады:
a. келісімге қатысушылар құрамы
b. лизингке берілетін мүлік түрі
c. оның өтімділік деңгейі
d. амортизация жағдайы
e. қызмет көрсету көлемі
f. операция өтетін нарық секторы
g. салықтық және амортизациялық жеңілдік қатынасы
h. лизингтік төлемдер сипаты
Қазақстанның заңдық актілеріне сәйкес лизингтің ішкі және халықаралық
деген негізгі екі түрі қарастырылуда.
Ішкі лизингті жүзеге асырғанда лизинг беруші және алушы, сатушы Қазақстан
Республикасының резиденттері болуы керек. Ішкі лизинг ҚР заңымен реттеледі.
Халықаралық лизингті жүзеге асырғанда лизинг беруші немесе алушы ҚР- ның
бирезиденті болуы мүм кін. Егер, лизинг беруші ҚР резиденті болса, онда
лизинг заты ҚР резидентінің меншігі болып саналып, лизингтік келісім шарт
ҚР заңнамасымен реттеледі. Ал керісінше жағдайда халықаралық келісім шарт
сыртқы экономикалық қызмет аясында реттеледі.
Қазіргі уақытта дамыған елдердің шаруашылық тәжірибесінде лизингтің
көптеген түрлері қолданылады. Олардың әрқайсысы өзіндік ерекшеліктерімен
сипатталады. Кеңінен тарағандары:
1. оперативті (қызметтік) лизинг
2. қаржылық (капиталды) лизинг
3. қайтарымды лизинг
4. іскерлік лизинг
5. тікелей лизинг
6. сублизинг
Аталған келісімдердің барлығы лизингтің негізгі екі формасының түрлері
болып саналады, олар: оперативті және қаржылық. 2005 жылғы шілдедегі ҚР
Қаржылық лизингі туралы заңына сәйкес лизингтің негізгі үш түрі
көрсетілген. Олар: оперативті, қаржылық, қайтарымды. Аталған лизинг
түрлерінің кең тараған түрлерін қарастырып өтейік.
Оперативті лизинг– бұл ағымдағы жал келісімі, әдетте мұндай келісім
мерзімі алынған мүліктің амортизация мерзімінен аз болып келеді. Сондықтан
келісім бойынша белгіленген жалдық төлем мүліктің толық құнын өтей алмайды,
нәтижесінде мүлікті бірнеше рет лизингке беруге тура келеді. Оперативті
лизингтің негізгі ерекшелігі – лизинг алушының келісімді мерзімінен бұрын
тоқтатуға мүмкіндігі бар. Сонымен бірге мұндай келісім мен алынған мүліктің
ағымдағы жөндеу жұмыстарын және орнату, тағы да басқа қызмет түрін көрсетуі
мүмкін. Сондықтан лизингтің бұл түрін кейде қызметтік деп атайды.
Оперативті лизинг объектілері болып тез ескіретін құрал – жабдықтар
(көшірме құралдары, әр түрлі оргтехникалар) кіреді. Жалпы оперативті лизинг
талаптары лизинг алушыға тиімді, өйткені лизинг алушының келісімді
мерзімінен бұрын тоқтату құқығы оған ескірген, тозған негізгі құралдарын
жаңа технологиялық құралдармен ауыстыруға мүмкіндік береді.
Кемшіліктері : басқа лизинг түрлеріне қарағанда айтарлықтай жоғары жалдық
төлем, алдын – ала аванс төлеу талабы, жалдық келісім шартта келісімді
мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайда айып пұл төлеу туралы тармақтың болуы.
Қаржылық лизинг – ұзақ мерзімді келісім, мұнда жалдау төлемінің есебінен
мүліктің амортизациялық төлемдері толық төленеді. Мұнда келісімді
мерзімінен бұрын тоқтатуға болмайды, сондай – ақ мерзімдік төлемдер – сатып
алу, жеткізу шығындарын және пайданы қамтиды. Лизингтің бұл түрінде орнату,
жалдаушыға техникалық қызмет көрсету жалдаушыға жүктеледі. Бұл келісімнің
мерзімі біткенде, мүлікті жеңілдік бойынша немесе қалдық сомасы бойынша
сатып алу қарастырылған.
Оперативті лизингке қарағанда қаржылық лизинг мүлік иесінің тәуекелін
төмендетеді. Мәміле бойынша банктің ұзақ мерзімді келісімінің талаптарына
ұқсас, яғни алынған мүліктің толық құнын төлеу, мерзімдік төлемдер (негізгі
және пайыздық жағы, яғни мүлік құны мен пайда), келісімді орындай алмай
жатса, жалдаушыны банкрот деп жариялау құнының болуы және т. б . Қаржы
лизинг объктісіне тұрғын үй, өндірістің ұзақ мерзімді құралдары жатады.
Қаржы лизингі қайтарымды және іскерлік лизинг түрлерінің негізі болып
табылады.
Қайтарымды лизинг – екі келісімді білдіретін жүйеден тұрады. Мұнда құрал
– жабдық иесі өз мүлкін екінші жақ меншігіне сатады, сонымен бір мезгілде
сатып алушыдан ұзақ мерзімді жалға алу келісімін жасайды. Мұндағы сатып
алушыларретінде коммерциялық банктер, инвестициялық, сақтандыру, лизингтік
компаниялар болады. Мұндай операциялардың нәтижесінде құрал- жабдықтың иесі
ғана өзгереді, ал оны пайдаланушы бұрынғысынша өзгермейді. Инвестор шын
мәнінде оның бұрынғы иесін несиелендіреді, нәтижесінде мүлікке меншік
құқығын алады. Мұндай операциялар көбінесе кәсіпорын қаржылық жағдайын
тұрақтандыру мақсатында іскерлік құлдырау жағдайында қолданылады.
Іскерлік лизинг – лизингтік келісімде үшінші жақтың (инвестордың)
қатысуын қарастырады. Әдетте үшінші жақ банк, сақтандыру, инвестициялық
компаниялар болады. Бұл жағдайда лизингтік компания құрал – жабдықтарды
жалға алу туралы келісім шартқа алдын - ала қол қоя отырып, қарыздың бір
бөлігін төлеуді өз меншігіне алады. Алынған қарызды қамтамассыз етуші
болып, алынған мүлік жүреді және болашақта жалгерлік төлемдер, сәйкесінше
бір бөлігі жалгермен тікелей инвестицияға төленіп отырады. Сөйтіп лизингтік
фирма салық артықшылықтарын пайдаланады, яғни құрал – жабдықтардың
амортизациялық міндеттемелерін өтеу процесінде туындайтын қарыздар.
Лизингтің бұл формасының негізгі объектілері- жоғары бағалы активтер,
пайдалы қазба кен орындары, өндіруші салалардың құрал – жабдықтары және
т.б.
Тікелей лизинг – мұнда жалгер, лизингтік фирма мен сатып алу жөнінде
келісімге отырады, кейіннен жалға беру шартымен. Мұндай жалгерлік келісім
шарт көбінесе тікелей өндіруші фирмамен жасалады. Өз өнімдерін лизинг
арқылы ұсынатын ірі өндірушілер, яғни: IBM, XEROX, GATX, сондай ақ
авиациялық, кеме жасаушы және автокөлік жасаушы ірі компаниялар жатады.
Сублизинг – бұл лизингтің түрі алынған құрал – жабдықты лизинг алушы
(сублизинг беруші) үшінші жаққа береді (сублизинг алушыға) кәсіпкерлік
мақсатта уақытша пайдалануға, яғни сублизинг келісім шартымен, әр айда
төлеу міндетімен. ҚР Қаржылық лизингі туралы заңына сәйкес, құрал –
жабдықты сублизингке беру үшін жазбаша түрде лизинг берушінің келісімі
болуы қажет.
Халықаралық сублизинг, халықаралық лизингтің бір түрі болып табылады. Ол
да ҚР Қаржылық лизингі туралы заңымен реттеледі. Халықаралық сублизингтің
айрықша ерекшелігі болып, лизинг затының ҚР шекарасынан ары – бері лизинг
келісім шарты мерзімінде өтіп жүруі. Сублизингтің негізгі артықшылығы, ол
жалға беруші жалгерлік төлемдерді талап ету құқығына ие. Әдетте келісім
шартта ескертіледі, үшінші жақтың банкроттық жағдайында жалгерлік төлемдер
негізгі жалға берушіге жүктеледі.
Мазмұны мен әдіс түрлеріне байланысты халықаралық лизинг операциялары
келесі түрлерге бөлінеді.
1. Қаржы лизингі. Келісім шарт мерзімінде лизинг алушының лизингтік
төлемдерді төлеуін қарастырады. Олар жабдықтың толық құнын немесе
оның амортизациясының көп бөлігін өтеуге мүмкіндік береді.
2. Ағымдағы немесе оперативті лизинг. Қаржыға берілетін жабдықты сатып
алумен оның күтімі, қалпына байланысты шығындары бірлизингтік
келісім шарт мерзімінде лизингтік төлемнен көтермейді.
Оперативті лизингтің түрлері:
1. Толық көлемді лизинг. Келісім шартының барлық мерзімінде лизингтік
компания өзіне жабдықтардың барлық құнын қайтарып алады. Мұндағы
кезеңдік төлемдер жабдықтардың құнын өтеуге, табыс түсіру үшін
белгілейді.
2. Жартылай төлемдер лизингі. Келісім шарттың мерзімінде лизингтік
компания лизинг жабдықтарының көмегімен дайындалған бұйымдарды
жеткізушілер арқылы жүзеге асыру.
3. Қайта қалпына келтірілетін лизинг. Лизинг алушының талабы бойынша
лизингтік жабдықтардың қазіргі заманғы үлгісімен ауыстыру.
4. Топтық лизинг. Үлестік қатысу негізінде лизинг беруші рөлінде заңды
және жеке тұлғаның қосылуы.
5. Жеткізіп берушіге берілетін лизинг. Лизинг алушының қолданылуы үшін
басқа адамдарға беру құқығы бар лизинг.
6. Қаржының қатысуымен жасалатын лизинг. Лизинг алушының қарызға беретін
жабдықтар 80%-ға дейін немесе берілетін ұзақ мерзімді несие алу немесе
кредиттік лизинг алуының міндеттемесін өзіне алу құқығы.
Лизингтік операциялардың ұйымдастыру түрлері:
1. Арнайы лизингтік фирмалар.
2. Өнеркәсіптік трансұлттық компаниялардың лизингтік компаниялардан
олардың құқықтық міндеттері бар немесе қаржылық институттар, банктер,
сақтандыру және холдингтік компаниялар жатқызылады.
3. Трансұлттық банктер жүйесіндегі лизингтік фирмалар құрылуымен
қаржыландыруды банктердің қатысуы. Мақсаты өз капиталдарының екі
компанияда орналастыра отырып, пайда табу.
4. Тікелей өнеркәсіптік және құрылыс фирмаларын, әуе және кеме
компанияларын, олардың тауарларын лизингке беру үшін өз жеке
меншігіндегі сату апараттарын шет елдегі өнеркәсіптік кәсіпорындарының
бақылау жүйесін қолданады.
5. Делдалдық лизингтік фирмалар.
Лизингтік келісімнің маңызды шарттары:
1. Лизинг затын таңдау. Лизинг алушы лизингтік компанияға оның өндірістік
қажеттілігін есептей отырып,не қажетті затты таңдауына мүмкіндік
береді.
2. Лизинг затын сипаттау. Тауардың аты, типтік мақсаты, т.б. жатады.
Лизинг затын дәл сипаттау келісім шарттың мерзімі аяқталғаннан кейін
оны анықтау үшін қажет.
3. Лизинг объектісінің мекен – жайы ол келісім шартта көрсетіледі.
4. Лизинг мерзімі мүлікті пайдалану бағыттарына сәйкес пайдалану
мерзімінің 40-90пайызына дейін құрайды.
5. Қаржылық және мүліктік міндеттемелерін орындамауы. Міндеттемелерді
орындамау жауапкершілігі қарастырылады. Соның ішінде құрал
–жабдықтарды монтаждау, жеткізу, кенеттен істен шығуы, жазылуы өз
есебінен құрал – жабдықтардың күтіп қалуына жауап беруі оны жөндеуді
қаржыландыру.
6. Лизинг алушының меншік құқығын сақтау. Лизинг алушы лизинг заты толық
иелене алмайды. Осы келісім шартта көрсетілген жерден ауыстыруға
құқығы жоқ.
7. Келтірілмеген талаптарды реттеу, Лизинг алушы тауар сапасы бойынша
кепілдікті лизинг беруші лизинг алушыға ұсынады.
8. Кепілдік мерзімінен кейінгі жауапкершілік кепілдемелік мерзім
аяқталғаннан кейін ахуалдарды лизинг алушы түзетеді.
9. Жалданған мүлікті пайдалану техникалық қызмет көрсетумен оның күтім
қауіпі лизинг алушының жауапкершілігінде болады.
10. Лизингтік бөлікті сақтандыру. Лизинг алушының қаржысы есебінен
сақтандырудың жеңілдетілген түрі жүргізіледі.
11. Лизинг төлемдерін анықтау. Ол екі жақтың келісім шарт мерзімі бойынша
қарастырылады.
12. Лизинг алушылар тарапынан төлемдердің мерзімін өткізіп алу. Мұндай
жағдайда лизинг алушы мерзім аяқталғанға дейін белгілі бір пайыздық
есеппен оны қалпына келтіреді.
1.3 Лизингтік операциялардың артықшылықтары мен кемшіліктері
Лизинг негізінде қазақстандық бизнестің дамуы шет ел бизнесмендеріне
Қазақстан нарығында жұмыс істеуге болатындығын және ол қауіпсіз екендігін
түсіндіруге мүмкіндік береді. Мұны инвестициялар, несиелер, инвестициялық
белсенділіктің артуы, халықаралық тауарлық нарықтарға шығу арқылы
дәлелдеуге болады.
Лизингтік операциялардың негізгі артықшылықтары:
• Ұзақ мерзімді қаржыландыру;
• Негізгі құралдарға бір мезгілде үлкен қаржы жұмысамау (Сіздің
алғашқы шығындарыңыз жобаны экспертизадан өткізуді төлеу, лизинг
затына байланысты 0 ден 30 %-ға дейінгі аванстық төлем, лизинг
затын сақтандыруға кеткен төлемдер болып табылады);
• Залогқа қажеттіліктің болмауы;
• Кәсіпкерлік тәуекелдің төмендігі;
• Бизнес – жоспарды ұсыну қажеттілігінің болмауы;
• Лизингтік төлемдердің иілгіштік графигі;
• Белгілі бір құрал – жабдықтарды импорт арқылы алған кезде қосылған
құн салығынан босатылады;
• Айналымнан құралдардың үлкен көлемі алынбайды;
• Халықаралық келісім шартты орындау шарттарымен байланысты
тәуекелге лизинг алушы бармайды;
• Лизинг алушының бухгалтерлік есебі жеңілдетіледі. Өйткені негізгі
құралдар бойынша амортизациялық аударым, салық төлеу және қарызды
басқару есебі лизингтік компаниямен жүргізіледі.
• Қаржылық лизинг ( 3 жылдан кем емес) арқылы алған кірісіне салық
төленбейді.
• Лизинг беруші кеден баждарынан босатылады, ҚР територриясына алып
келінетін лизингке беру мақсатындағы құрал – жабдықтар салықтан
босатылады.
Сонымен қатар, лизингтік операциялардың кемшіліктері де бар. Олар:
• Лизинг тек қана істеп тұрған бизнеске қаржыландыруды көздейді
(негізгі құралдарды жаңарту, бизнесің диверсификациясы кеңеюі).
• Несиелікке қарағанда, лизинг бойынша ставкалар жоғары болады.
Әлемдік тәжірибеде лизинг несиеден ешқашан арзан болған жоқ.
• Лизингтік келісім шарт аяқталғанға дейінгі меншік құқығы лизинг
берушіге бекітіледі.
• Қаржылық лизинг алғанда ҒТП нәтижесінде моральді тозуы мүмкін,
бірақ лизингтік төлемдер келісім шарт мерзімі біткенше төленеді.
• Лизинг берушіге құрал – жабдықтың моральді тозуы тәуекелі
жүктеледі (әсіресе лизингтік келісім мерзімі оның амортизациялық
мерзімінен аз болса), ал лизинг алушы үшін лизинг арқылы алған
мүлік құны оны сатып алған кездегі құнынан жоғары болады.
• Инфляцияның елеулі өзгерісі жағдайында лизинг алушыға құрал –
жабдықты қалдық құн бойынша сатып алу тиімсіз болуы мүмкін.
• Лизингтік келісімге қатысушылардың санының көп болуы лизингтік
операцияны ұйымдастыруда қиындық туғызады, яғни әкімшілік шығындар
мен лизингтік келісімді дайындауға кететін уақыт шығыны.
• Егер, лизингке алынған құрал – жабдық жұмыстан шығып қалса да
(бұзылу, сыну) лизингтік төлемдер толығымен төленеді.
Үлкен бір проблема – ол лизингтік компанияларға инвестиция тарту болып
табылады.
Келесі бір проблема – ауыл шаруашылықтарындағы сублизингтің дамымауы.
Лизингтік операциялардың артықшылықтары мен кемшіліктерін қарастыра
отырып, лизингтің Қазақстандағы даму перспективаларын қарастырайық.
Лизинг құралдарды тез және арзан ауыстыруға мүмкіндік береді, ол отандық
өндірістік көтереді. Ал бұл өз кезегінде халықтың жұмысбастылығын
қамтамассыз етеді және экономиканың өсуіне әсер етеді.
Лизингтік қызмет орта және шағын кәсіпорындарды жаңа құрал – жабдықтармен
қамтамассыз ете отырып, тауар сапасын жоғарылатуға мүмкіндік береді.

Қазақстанда лизингтің қалыптасуы мен дамуының 15 жылдық тарихы бар,
Оның бірнеше этаптары бар.
Бірінші этап (1989 – 1992). Ішкі нарықтағы лизингтің туылуы. Бұл кезде
көптеген лизинг компаниялар құрылды. Олар КРАМДАС – лизинг 1989ж.,
Казтех лизинг 1990ж., Инвестлизинг, Техника Лизинг, Туран банктің
еншілес кәсіпорны Туранлизинг 1991ж. және т.б.
1992 жылдың орта кезінде Қазақстанда коммерциялық банк құрамында 120
лизингтік компания және 250- ға жуық лизинг фирмалары жұмыс жасады.
Екінші этап (1992 -1994). Қазақстан экономикасындағы қолайсыз жағдайдың
туындауына байланысты лизингтік қызметке қысымның болуы. 1992 жылғы жаппай
ырықтандырудың, юаға еркіндігінің нәтижесінде гиперинфляция жағдайында
көптеген маманданған лизингтік кәсіпорындар өз қызметтерін тоқтатты немесе
делдалдық саудаға көшті№
Үшінші этап (1995-2000) – қазақстандағы лизингтік бизнесті мемлекеттік
қолдау, ынталандыру, яғни лизингтік қызметтің, жандану, инфрақұрылымның кең
көлемді дамуы 1995 жылдан бастау алды. Тұрақты лизинг компаниялары құрыла
бастады. Мұндай нәтижелер ҚР Үкіметімен қабылданған лизингтік қатынастарды
реттеу туралы құқықтық – нормативтік актілер есебінен болды. Олардың
негізгісі 1994 жылы қабылданған №266 Шетел инвестициясы туралы заңы. Онда
отандық нарықта лизингтік қатынастардың дамуына мемлекет жағынан қолдау
көрсету жағы қарастырылған.
1995 жылы лизинг бойынша өндіруші және өңдеуші өнеркәсіптерге қызмет
көрсететін Азия лизинг аймақтық компаниясы құрылды.
Сондай – ақ ҚР Ауыл шаруашылық министірлігі жанынан лизингтік қор
құрылды. Кең дала АҚ 1995ж., КазАгроФинанс 1999ж. – оларды мемлекет
қаржыландырды. 1996 – 2000 ж.ж. лизингтік операцияларға мемлекет есебінен
4,5 млрд. тенге қаржы жұмсалған.
Төртінші кезең. 2005 жылы 5 шілдеде қабылданған Қаржылық лизинг туралы
заң лизингтік қатынастардың дамуының банктік этаптың дамуының бастамсы
болды. Бұл қабылданған заңда лизинг алушы, лизинг беруші, жабдықтаушы
(сатушы) құқықтары мен міндеттері нақты көрсетілген. Қазақстанда лизингтік
қызмет нарығы 2000 жылдан бастап белсенді дами бастады. Соның ішінде
лизингтік мәмілелердің негізгі үлесі мемлекеттің 100 пайыз қатысуымен
Казагрофинанс лизингтік компаниясына келді. Ол ауылдағы әлуметтік өзекті
мәселелерді шешу үшін Қазақстанның агро азық – түлік бағдарламасының
шеңберінде үкіметтің бастамасымен құрылған болатын.
Коммерциялық банктер лизингімен өздерінің арнайы құрылған еншілес
компаниялары арқылы айналысуды лайық көреді. Бүгінгі таңда республикамызда
20- ға тарта лизингтік компаниялар жұмыс істейді, олардың 8-і жергілікті
банктердің нешілес компаниялары, олардың еліміздегі жалпы лизинг
көлеміндегі үлесі 51%, ал 26%-ы Казагрофинанс лизингтік компаниясының
үлесінде.
2004 жылы Қазақстандағы жалпы инвестициялар көлеміндегі лизинг үлесі 1%
төңірегінде болды.
1- кесте.Негізгі капиталға жалпы инвестиция көлеміндегі лизингтің үлесі.
Көрсеткіштер 2004 жыл 2005 жыл
Негізгі капиталға 7 797,4 8 449,7
инвестиция,
млн. АҚШ долл.
Лизинг көлемі, 21,1 85,2
млн.АҚШ долл.
Лизинг үлесі, % 0,26 1,00
Өткен жылға нарықтағы бақылауларды қарастырғанда лизингтік келісім
шарттардың төрт есе өскендігін байқауға болады.
Лизингілер мемлекеттің қолдауымен, негізінен ауыл шаруашылығы
ұүрылымдарына тракторлар мен комбаиндарды, басқа да ауыл шаруашылығы құрал
– жабдықтарын сатып алуға көптен беріле бастады. Оның мерзімі де
инвестицияның бұл түрін пайдаланушылрлар үшін едәір жеңілдіктер береді.
Атап айтқанда, 3 жылдан 7 жылға дейін алуға болады. Лизингке берілген
мүліктердің жалпы құрылымында жол- құрылыс техникалары екінші орын алады.
Оның себебі, республикамызда жолдарды жақсарту жөніндегі ірі
бағдарламалардың жүзеге асырыла бастағандығы және астана – жаңа қала
еркін экономикалық аймақ шегінде құрылыстың қарышты дамуы.
Соңғы жылдары кәсіпкерлер лизингтің пайдасы мен артықшылықтарын түсіне
бастады. Оған 2004 жылы – 291, ал 2005 жылы – 722 лизингтік мәселелер
жасалғаны дәлел. Өткен жылы лизингтік мәмілелердің орташа мөлшері 169 мың
долларды құрады. 2005 жылдың тоғыз айында лизингке берілген жалпы
мүліктердің 47 %- ын ауыл шаруашылығы техникалары құрады. Лизингке берілген
ауыл шаруашылығы техникаларының 60 %-ын Казагрофинанс АҚ беріп отыр.
International Finance Corporation (IFC) мамандарының мәліметтері бойынша
2005 жылы лизинг көлемі 85 миллион долларға жетті. Ал биыл бұл цифр
дәлелденген мәліметтер бойынша 257 миллион долларға жетеді деп болжанып
жатыр.
2004 2005
1-сурет
Казагрофинанс филиалының директоры Тимур Сапарғалиевтің айтуынша 2006
жылы шару қожалықтарының тапсырыстар портфелі миллиард теңгеден асып
түсетін болады.
Лизингтік келісім шарттардың мерзімі негізінен төрт жарым жылға созылады.
2004 жылы лизингтік келісімдердің көлемі 168,9 мың АҚШ долларын құрады.2005
жылы лизингке берілген мүліктің минималды құны 1,4 мың АҚШ долларын құрады,
ал мүліктің максималды құны 5,873 мың долларды құрады.
2004 – 2005 жылдары лизингтік нарықта пайыздық ставкалардың төмендеуі де
байқалды. 2004 жылы минималды ставка 13% болған, бірақ нарыққа жаңа
ойыншылардың келуімен 2005 жылы олардың көрсеткіштері 9%-ға дейін төмендеп
кетті.
БанкЦентрКредит акционерлік қоғамының 2002 жылдың қаңтарынан бері өз
жұмысын бастаған ЦентрЛизинг еншілес лизинг компаниясы да кез келген
саладағы лизингтік жобаларды жүзеге асыруға бел шешіп кірісті. Компания
кәсіпорының қай жерде орналасқанына қарамастан Қазақстанның кез келген
аумағында қызмет көрсете алады. Оның талаптары бойынша лизингтік
мәмілелердің ең төменгі мөлшері 35 мың доллардан кем болмауы керек
(БанкЦентрКредит АҚ клиенттеріне жеңілдік жасалады). Лизинг мерзімі – 37
айдан 7 жылға дейін, лизинг өсімі жылына 17-ден 23%-ға дейін, лизингке
алынатын жабдық құнының 30 %-ы алдын ала төленеді, лизингке қойылған тауар
міндетті түрде лизинг алушының есебінен сақтандырылуы тиіс.
ЦентЛизинг ЖШС өзінің тауар жеткізушілерінің аясын барған сайын кеңейте
түсуде. Олардың ішінде әр түрлі жабдықтар мен техникаларды өндіретін VOLVO
Truck Corporation МЕТЕКС ЖАҚ, Ивановская Марка Центральная Азия,
Спецтехника сауда үйі, Италияның макарон өнімдері жабдықтарын шығаратын
PAVAN S.p.A сияқты әлеуетті фирмалар мен компаниялар бар. Лизинг
бағдарламасына көптеген шетелдік банктер мен қаржы институттары ынта
білдіріпотыр.
Қазіргі уақытта Қазақстан территориясында 15 әр түрлі салаларға
мамнданған лизингтік компаниялар бар. Олардың төртеуі Астана қаласында
(Астана – Финанс, Зерновая Лизинговая Компания, Казагрофинанс және
Агромашлизинг), бір лизингтік компания Қарағандыда( Қарағандылық лизингтік
Компания) және 10- ны Алматы қаласында (Центрлизинг, Альфа – Лизинг, Нур –
Инвест, Халық Лизинг, Темірлизинг, Казтранслизинг, Альянс Лизинг, БТА
Лизинг, АТФ Лизинг және Медикал Лизинг Групп) орналасқан.
Алматыда орналасқан лизингтік компаниялардың негізгі ерекшеліктеріне
толық өтейік.
Центрлизинг
Лизингтік қаржыландырудың басты шарттары:
• Келісімнің минималды сомасы: 3500 $;
• Лизинг мерзімі: 37 айдан 7 жылға дейін;
• Лизингтік ставка: 17 ден 23 %-ға дейін;
• Аванстық төлем: лизинг затының құнына байланысты 30 %;
• Лизинг затын сақтандыру: міндетті, лизинг беруші белгілеген
сақтандыру компаниясына лизинг алушы есебінен.
Альфа – Лизинг

• Қаржыландыру мерзімі: 36 айдан 60 айға дейін;

• Лизингтік қаржыландыру сомасына сыйақы төлеу: 12 ден 18 %-ға дейін
валютада;
• Жобаны қарастыру мерзімі: Толық документтерді ұсынғаннан кейін 3
календарлық аптаға дейін;
• ААҚ ДБ Альфа – Банкта есеп айырысу шотын ашу.
Нур – Инвест

• Сыйақы ставкасы қаржыландыру әдісіне тәуелді;
• Өз жабдық есебінен 18 ден 23 %-ға дейін тенгеде;
• Қаржыландыру мерзімі: 1 жылдан 7 жылға дейін;
• Лизинг объектісінің құны : min 5000$, max шектеусіз;

Халық лизинг

• Лизинг мерзімі: 36 айдан 6 жылға дейін;
• Орта есеппен сыйақы ставкалары 15 - 18%- деңгейінде тұрақты валюталық
эквивалентте белгіленген;
• Аванстық төлем: лизинг затының құнына байланысты 5%;
• Лизингтік төлемдер келесідей ретпен төленуі керек: ай сайын, квартал
сайын немесе жарты жылда бір рет;
• Документтерді қарастыру тегін және 2 аптадан 4 аптаға дейінгі периодты
алады;
• 50000 доллардан төмен жобалар қарастырылмайды.
Темірлизинг

• Лизинг мерзімі: 1 жылдан 5 жылға дейін;
• Лизинг затының құны: 10000 доллар және одан жоғары;
• Лизинг бойынша сыйақы: 16 дан 23 %-ға дейін;
• Жобаны қаржыландырудың күтілетін көлемі: 50 – 300 мың доллар
шеңберінде;
• Аванстық төлем: лизинг затының құнына байланысты 15 %.
Альянс Лизинг

• Лизинг мерзімі: 12 ай және одан жоғары;
• Лизинг ставкасы 18 ден 23 %-ға дейін;
• Аванстық төлем: лизинг затының құнына байланысты 20 %;
• Келісімнің минималды сомасы: 5000$ ( максималды 2000000$);
• Жобаны қарастыру мерзімі: 2 апта;
• Лизинг затын міндетті түрде сақтандыру;
• Экспертиза жүргізген үшін коммисиға лизинг объектісінің бағасынан 0,3%
төлейді.
БТА Лизинг

• Лизинг мерзімі 12 айдан 5 жылға дейін;
• Лизинг ставкасы: 18-25%- номиналды ставка, 13%-жылдық;
• Лизингтік төлемдер: ай сайын;
• Аванстық төлем: лизинг затының құнына байланысты 20 - 30 %;
• Келісімнің минималды сомасы: 50000$;
• Лизинг затын сақтандыру міндетті.
АТФ Лизинг

• 3 жылдан 5 жылға дейінгі мерзімді құрайды;
• Сыйақы ставкасы: 18-22$;
• Аванстық төлем: лизинг затының құнына байланысты 10 - 30 %;
• Экспертиза жүргізген үшін коммисиға лизинг объектісінің бағасынан 0,2%
төлейді.
Медикал Лизинг Групп

• Лизинг мерзімі: 5 жылға дейін;
• Лизингтің номиналды ставкасы: жылына 23 %-ға дейін;
• Лизингтік төлемдер : ай сайын;
• Қаржыландырудың минималды ставкасы: 5000 доллардан жоғары;

• Жобаны қарстыру мерзімі: 1 – 2 апта;

төлейді(20 доллардан кем емес және 2000 доллардан жоғары емес).
2-сурет
Қазіргі уақытта Қазақстында лизингтік нарық потенциалы инвестициядан
негізгі құралдарға 4 пайызды құрайды. Бұл графикте көріп отырғанымыздай,
2002 жылмен салыстырғанда 2006 жылы лизингке салынатын инвестиция көлемі
брішама өсіп кетті.
Бұл әрине Қазақстан нарығы үшін өте тиімді, сондықтан лизингтік
операцияларды жүргізу үрдісі жылдан жылға оңтайланғанын көріп отырмыз.
2. Алекс ЖШС-ң экономикалық шаруашылық қызметін талдау
Алекс ЖШС негізінен табиғи минералды таза су шығарумен айналысады.
Қазақстанда ең өтімді минералды сулардың бірі бола отырып, халықаралық
стандарттарға сәйкес келеді.
2– кесте Алекс ЖШС-ң 2004 – 2005 жж. Негізгі технико – экономикалық
көрсеткіштері
№ Көрсеткіштер ӨлшемБірл. 2004 2005 Ауытқу
( + ; - )%
1 Өнімді сатудан мың тг. 60206 61039 833 101,4
түскен табыс
2 Өткізілген мың тг. 51140 49831 -1309 97,44
өнімнің өзіндік
құны
3 Жалпы табыс мың тг. 9066 11208 2142 123,6
4 Кезең шығындары мың тг. 4439 4213 -226 94,91
5 Негізгі қызметтенмың тг. 4627 6995 2368 151,2
түскен табыс
6 Салық мың тг. 3238,9 4896,5 1657,6 151,2
салынғанғаннан
кейінгі табыс
7 Таза табыс мың тг. 3238,9 4896,5 1657,6 151,2
8 Өткізілген тг. 0,9231472 0,8854011 -0,03775 95,91
өнімнің 1-ге
шаққандағы шығыны
9 Өнім % 5,8275608 9,0602102 3,232649 -
рентабельдігі
10 Сату % 5,3796964 8,0219204 2,642224 -
рентабельдігі
11 жұмысшылар саны адам 85 93 8 109,4
12 Еңбек ақы қоры мың тг. 16230 18300 2070 112,8
13 1 жұмысшының тг. 15911,765 16397,849 486,0848 103,1
орташа айлық
еңбек ақысы
14 Негізгі қорлардыңмың тг. 7932 18476 10544 2,3есе
орташа жылдық
құны
15 Қор тг. 7,5902673 3,3036913 -4,28658 43,53
қайтарымдылығы
16 Қор сиымдылығы тг. 0,1317477 0,3026917 0,170944 2,3есе
17 Қормен қарулану мың тг. 93,317647 198,66667 105,349 2,1есе
Кестені қарастыратын болсақ 2 жыл бойынша мәліметтер арасында біршама
айырмашылықтардың бар екендігін байқаймыз.
Сол ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz