Ұлттық есепшот жүйесінің мазмұны


Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы: «Ұлттық есепшот жүйесінің мазмұны»
Орындаған: Мақышева Аяулым
ФН-407 тобы
Тексерген: Куанткан Биболат
Куантканович
Семей 2015 жыл
Ұлттық шоттар жүйесі - көрсеткіштері табыстың, тұтынудың, қорланудың мөлшерін және күрделі шығынның шамасын анықтауға арналған теңгерімдік кестелердің өзара байланысты кешені. БҰҰ-ның тұтастай және іріктемелі статистикалық байқаулардың деректерін қорытындылап, жүйелеу жөніндегі халықаралық ұсыныстарымен қабылданған. Мұндай теңгерімдік кестелер (стандарттық шоттар) ұлттық есепшілік жүйесіндегі арналу мақсатына шартты түрде үш топқа біріктіріледі.
Екінші топтың теңгерімдік кестелерінде бірінші топ шоттарында көрсетілген қаржы-экономикалық үдерістердің неғұрлым тәптіштелген сандық сипаттамасы біріктірілген түрде беріледі.
Ұлттық есеп шоттар жүйесі - елдегі экономикалық процестерді макродеңгейде сипаттау, талдау үшін қолданылатын нарықтық экономиканың халықаралық статистикалық үлгісі. Бұл жүйенің экономикалық саясатты дамытуда, нарықтық экономиканы реттеуге байланысты шешім қабыл-дағанда, бюджет саясатын анықтағанда, инфляциямен күрес шараларын белгілегенде, қысқа және ұзақ мерзімді болжамдар жасауда атқаратын рөлі зор. Бухгалтерлік және банк есептерінің, статистиканың әдістемелік қағидалары біртұтастыққа негізделгендіктен, ұлттық шоттар жүйесі жалпы есеп жүргізудің нәтижесі болып табылады. Экономикалык даму көрсеткіштерінің әлемдік жүйеге интеграциялануы мен халықаралық салыстыруларды жүргізу қажеттілігі ұлттық шоттар жүйесіне деген қызығушылықты арттырады. Ұлттық шоттар жүйесінің мәліметтерін:
- Біріккен Ұлттар Ұйымы
- Халықаралық Валюта қоры
- Халықаралық Еңбек Ұйымы сияқты халықаралық ұйымдар, кәсіпкерлер, ғылыми-зерттеу мекемелері де кеңінен қолданады.
Қазіргі ұлттық есеп-шот жүргізуді жасаудың практикалық жұмыстарын ағылшын экономисі Р. Стоун (1913ж. ) енгізілді. Алғашқы рет ұлттық есеп-шот жүйесінің кестесі 1953-і жылы БҰҰ-ның статистикалық бөлімінде басылып шақты. Қазіргі барлық әлемдегі елдерде ол стандарт ретінде қабылданды. Ұлттық есеп-шот оның жүйесінде метрикалық түрде бейнелеген, онда әрбір есеп-шот көлденең (табыс) және тік (шығын) матрицаларды көрсетліген. Ұлттық есеп-шот жүйесін құрудағы ертеректегі талпыныстан Р. Стоун ұсынған айырмашылық сол, ал алғашқы рет макродеңгейде екі еселей жазу принципін «қоғамдық матрицаларда» қолданды. Стандарттық сипаттамалар - ұлттық өнім, тұтыныс, сауда балансы және басқалары солай топталған, олар экономика құрылымы мен оның қызмет жасау процесіне толыққанды бейнеленгенін көрсетеді. Мұнда содай-ақ қаржы балансы ұлттық есеп-шот жүйесі және демографиялық есептеп шығару жүйесін құру енген.
Ұлттық есеп шоттар жүйесінің зерттеу объектісі:ел экономикасы, экономиканың, жеке салалары мен секторлары бойынша саналады. Өз объектісін зерттеу үшін ҰЕШЖ статистикалық әдістерді, соның ішінде халықаралық стандартты жіктемелерді, кестелерді, графиктік, баланстық әдістерді, талдау әдістерін кеңінен қолданады.
Ұлттық есеп шот жүйесі (ҰЕШЖ) - экономикалық процестер-мен олардың нәтижелерінің бір-бірімен байланысының баланстық өдістемесінің жиынтық мазмұндамасын көрсетеді. Әдістеменің бірлігі барлық шот көрсеткіштерінің жинақталуын, салыстырылуын, ақпарат арқылы бір-бірін толтыруын қамтамасыз етіп, экономикалық әрекеттің жиынтық суретін құрайды. Макроэкономикалық қызметтің нөтижесін сипаттайтын, бір-бірімен байланысты статистикалық көрсеткіштер жүйесін, белгілі шотгар жөне кестелер жинағы арқылы көрсету ұлттық шот жүйесі деп те анықтауға болады. ҰЕШЖ меншіктің барлық түрінде әрекет ететін институционалдық бірліктермен шаруашылық субъектілердің қызметін камтып, шығарылған жөне шығарылмаған, қаржылық және қаржылық емес, материалдық жөне материалдық емес активтердің операцияларын есепке алады.
ҰЕШЖ негізінде экономикалық қызметтің өндіріс процесінің әр түрлі сатысындағы қорытынды макроэкономикалық көрсеткіштердің жүйесінде жатыр, мысалы, өнімдер мен кызметтерді өндіру, табыстарды құру, кайта бөлу және соңғы пайдалану, әр түрлі активтерді қолдану, жалпы сақтауды пайдалану (қорлану шоты), сыртқы экономикалық байланыс, т. б. Экономикалык процестер мен олардың нәтижелерінің мінездемесін, процестер арасындағы байланысын қамтуҰЕШЖ-гі көрсеткіштер негізінде жасалады.
Сонымен, ҰЕШЖ - мемлекеттің, оның аймақтарымен секторларының экономикалық қызметін, әр түрлі экономикалық операциялар процесіндегі экономикалык агенттердің арасындағы өнімдердің ағымын және оның қаржыльгқ эквивалентінің бір-бірімен байланысын баланс (шот) негізінде көрсетіп, жинақты зерттеуге арналған экономиканың өзара моделі.
ҰЕШЖ ағымдағы бағамен өңделген бірқатар негізгі шоттардан тұрады:
1. Ішкі экономиканың шоттары:
А. өнімдер мен қызметтерді өндіру шоты;
Б. табыстарды құру және бөлу шоты;
- табыстарды құру шоты;
- алғашқы табыстарды бөлу шоты;
- табыстарды екінші рет бөлу шоты;
В. табысты пайдалану шоты;
- жалпы қолдағы бар табысты пайдалану шоты;
- түзетілген қолдағы бар табысты пайдалану шоты;
Г. қорлану шоты;
- капиталмен жасалган операциялардың шоты;
- қаржы шоты;
Д. тауарлар және қызметтер шоты;
2. Сыртқы экономикалық байланыстардың шоты:
- ағымдағы операциялардың субшоты;
- капиталдық шығындардың субшоты.
Ұлттық шотты кұрудың негізгі принциптері:
•шоттар бухгалтерлік есеп принципі бойынша құрылып, ҰЕШЖ-ң әрбір операциясы екі рет белгіленеді: бір рет алдыңғы шоттың "Пайдалану" бөлімінде, екінші рет келесі шоттың "Ресурстар" бөлімінде;
•жеке шот екі бетті кесте балансы түрінде көрсетіледі; ресурстарды құрайтын көрсеткіштер кестенің оң жағында бейнеленеді, ал оны пайдалану кестенің сол жаганда көрсетіледі;
•ұлттық шоттар белгілі бірізділікпен құрылады, ол ұдайы өндіріс циклінің жүйесіне сәйкес болуы керек;
•шоттар барлық экономикалық ақшалардың баланс түріндегі бейнесі болып табылады;
•жүйеге енгізілген екі рет жазылу принципіне қатысты, ресурстар операциясының нәтижесі мен пайдалану шотттары баланстық статьяның көмегімен балансталады; Баланстық статьяның экономикалық талдаудағы рөлі маңызды, яғни ол келесі шотқа ауысу үшін қызмет етеді.
Шоттың оң және сол жақ бөліктерінің балансын қамтамасыз етіп отырған баланстық статьяны есептегенде, ресурстар көрсеткіштерінің сомасынан оны пайдаланудың сомасын алу керек. Сондықтан ҰЕШЖ баланстық әдіс сияқты қарастырылады.
• "Пайдалану" бөлімінде бейнеленген алдыңғы шоттың баланстық статьясы келесі шоттың "Ресурстар" бөлімінің алғашқы көрсеткішін құрайды;
• баланстық, статьялар - әрбір шотта ресурстардың көлемін және оны пайдаланудың арасындағы балансты қамтамасыз ету үшін ғана емес, берілген шотта бейнеленген экономикалық процестің нәтижелерін сипаттау үшін де қолданылады, олар экономикалық дамудың негізгі макро-экономикалык көрсеткіштері.
Ұлттық шотты жүргізудің әдістемелік принциптері ҰЕШЖ негізінде экономиканың нақты жағдайын сипаттайды және алынған ақпараттың мемлекеттік және халықаралық деңгейінде салыстырмалылығын қамтамасыз етеді.
Ұлттық есеп-шотты жүргізу экономикалық ғылымда баланстық тәсілді дамытудың бір бағыты болып табылады. Ұлттық есеп-шотты жүргізу жүйесі әлемдік қауымдастық елдерінің түгелдей экономика аумағында өндіріс жағдайын өлшеуде қолданылады және оның түпкі қортындысы тұрғындардың әл - ауқат деңгейін көрсету болып табылады.
ҰЕШЖ-нің даму тарихын екі кезеңге бөлуге болады.
Бірінші кезең екінші дүниежүзілік соғысқа дейінгі жылдарды қамтиды. Осы кезде мемлекеттік басқару органдары ұлттық табыс статистакасының ақпараттарына айтарлықтай көңіл бөле бастады. Бұған 1929-1933 жылдардағы ұлы экономикалық тоқырау себеп болды. Нарықтық экономикадағы инфляция, жұмыссыздық, өндірістік куаты толық пайдаланбау сияқты құбылыстармен күресу үшін мемлекеттік басқару органдарына статистикалык ақпараттар өте қажет болды. Дамудың алғашқы кезеңінде ақпараттарды интеграциялауға қадам жасалды, ұлттық табысты есептеу әдістері жетілдірілді. Ақпараттарды интеграциялау анықтамаларды, жіктемелерді үйлестіру арқылы іске асырылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz