Ежелгі түркі әдебиетінің ескерткіштері (мектеп бағдарламасы бойынша) /конспект/ - "Ежелгі түркі әдебиетінің ескерткіштері" /таныстырылым"Алып Ер Тоңға" дастаны /әдеби талдау



1. Ежелгі түркі әдебиетінің ескерткіштері (мектеп бағдарламасы бойынша) /конспект/ ;
2. "Ежелгі түркі әдебиетінің ескерткіштері" /таныстырылым/;
3. "Алып Ер Тоңға" дастаны /әдеби талдау/;
4. Пайдаланылған әдебиеттер.
Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуіріне қатасты әдеби ескерткіштер көне түркі, шағатай , ұйғыр, араб, парсы тілдерінде жазалғанымен, біз оларды төл әдебиетіміздің тарихының басы деп танимыз. Өткені « қай халықтың болсын ерте замандардағы алғашқы әдебиеті, жазба әдебиет нұсқалары, сол халықтың бүгінгі тілінде болуы шарт емес. Кейбір халықтардың ондай әдебитінің басқа тілде, сол халыққа осы күнде түсініксіз тілде болуы, бірақ сол халық жерінде, сол халық өкілдері тарапынан жасалған, сол халықтың бір кездегі өмірін көрсететін әдебиет нұсқалары болуы ықтимал» ,- деп көрсетеді ғалым Б. Кежебаев .
Ежелгі дәуір әдебитіне жататын ескерткіштер, шығармалар аз емес. Олардың алғашқыларының ішінде негізгілері деп түркі тайпаларына ортақ Орхон ескерткіштерін, «Қорқыт ата кітабы» және « Оғызнаманы» жатқызмаыз. Олардан кейін ежелгі дәуір әдебиетін Махмұд Хорезми, Әбу Насыр – әл Фараби, Махмұд Қашқари, Жүсіп Баласағұни, Қожа Ахмед Йасауи, Сүлеймен Бақырғани тәрізді түркі халықтарының біразына ортақ ойшылдары, ғалымдары, ақындары жалғастырады ( X- XІІғ). Аталған ғұламалар түркі халықтарынан шыға тұра, кезінде араб әдебиетін, араб ғылымын дамытуға үлкен үлес қосқан.
Сонымен бірге ежелгі дәуір әдебитіне қыпшақ тілінде жазылған «Кодекс Куманикус», « Махаббатнама» , « Жүсіп- Зылиха», «Гүлістан», « Домбауыл», т.б. қиссалар, дастандар, шежірелер, тарихи мұралар енеді.
Міне ежелгі дәуір әдебиетінің басты- басты мұралары осындай. Олар өзінен кейінгі әдебиеттің дамуына негіз болған. Бұларды зерттеп, әдебиетіміздің тарихына қосуға, елге танытуға Ә. Марғұлан, Ә. Қоңыратбаев, Б. Ысқақов, Н. Келімбетов т.б. ғалымдар зор үлес қосты.
1. Келімбетов Н. Ежелгі дәуір әдебиеті .- Алматы: Ана тілі, 1991.- 264 бет;
2. Келімбетов Немат. Ежелгі әдеби жәдігерліктер - Алматы: Алатау, 2005.- 332 б;
3. Келімбетов Немат. Ежелгі дәуір әдебиеті : Қазақ әдебиеті бастаулары.- Алматы: Атамұра, 2005.- 336 б;
4. Қыраубаева А. «Ежелгі дәуір әдебиеті» Астана; – 2001 ж. «Елорда»;
5. “Түркілік тәрбие” антологиясы. – Алматы: Интеллсервис, 2013.-1004 бет.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік Университеті
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы: Ежелгі түркі әдебиетінің ескерткіштері (мектеп бағдарламасы бойынша) конспект - "Ежелгі түркі әдебиетінің ескерткіштері" таныстырылым"Алып Ер Тоңға" дастаны әдеби талдау

Орындаған: Қарабекова.Б.С
Тобы: КЯ- 413
Тексерген:Жундубаева Арай Қанапияқызы


Семей 2015ж.

Жоспар:
1. Ежелгі түркі әдебиетінің ескерткіштері (мектеп бағдарламасы бойынша) конспект ;
2. "Ежелгі түркі әдебиетінің ескерткіштері" таныстырылым;
3. "Алып Ер Тоңға" дастаны әдеби талдау;
4. Пайдаланылған әдебиеттер.

Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуіріне қатасты әдеби ескерткіштер көне түркі, шағатай , ұйғыр, араб, парсы тілдерінде жазалғанымен, біз оларды төл әдебиетіміздің тарихының басы деп танимыз. Өткені қай халықтың болсын ерте замандардағы алғашқы әдебиеті, жазба әдебиет нұсқалары, сол халықтың бүгінгі тілінде болуы шарт емес. Кейбір халықтардың ондай әдебитінің басқа тілде, сол халыққа осы күнде түсініксіз тілде болуы, бірақ сол халық жерінде, сол халық өкілдері тарапынан жасалған, сол халықтың бір кездегі өмірін көрсететін әдебиет нұсқалары болуы ықтимал ,- деп көрсетеді ғалым Б. Кежебаев .
Ежелгі дәуір әдебитіне жататын ескерткіштер, шығармалар аз емес. Олардың алғашқыларының ішінде негізгілері деп түркі тайпаларына ортақ Орхон ескерткіштерін, Қорқыт ата кітабы және Оғызнаманы жатқызмаыз. Олардан кейін ежелгі дәуір әдебиетін Махмұд Хорезми, Әбу Насыр - әл Фараби, Махмұд Қашқари, Жүсіп Баласағұни, Қожа Ахмед Йасауи, Сүлеймен Бақырғани тәрізді түркі халықтарының біразына ортақ ойшылдары, ғалымдары, ақындары жалғастырады ( X- XІІғ). Аталған ғұламалар түркі халықтарынан шыға тұра, кезінде араб әдебиетін, араб ғылымын дамытуға үлкен үлес қосқан.
Сонымен бірге ежелгі дәуір әдебитіне қыпшақ тілінде жазылған Кодекс Куманикус, Махаббатнама , Жүсіп- Зылиха, Гүлістан, Домбауыл, т.б. қиссалар, дастандар, шежірелер, тарихи мұралар енеді.
Міне ежелгі дәуір әдебиетінің басты- басты мұралары осындай. Олар өзінен кейінгі әдебиеттің дамуына негіз болған. Бұларды зерттеп, әдебиетіміздің тарихына қосуға, елге танытуға Ә. Марғұлан, Ә. Қоңыратбаев, Б. Ысқақов, Н. Келімбетов т.б. ғалымдар зор үлес қосты.

Қорқыт ата кітабы
Бұл көне заман мұрасын айтпас бұрын Қорқат атаның өзінің кім екенін айқындап алу дұрыс. Қорқыт- VІІІ ғасырда Сыр бойында бұрынғы Жаркент қаласы маңында өмір сүрген батыр, атақты ақын, асқан күйші. Сонымен бірге ол туралы көптеген аңыздар сақталған.
Ел ауызындағы аңыздарда Қорқыт ата мәңгі өлмейтін өмір ізеуші, мәңгілік өмір үшін қайтпас күрескерсипатында айтылады. Бірақ ол өмірінің соңында өлмейтін нәрсе жоқ екен деген пікірге келеді. Енді Қорқыт ата мәңгілік өмірді қобыз сарынынан іздейді.
Әдебиет тарихында деректі түрде Қорқыт ата кітабы бар. Осы күнге дейін Дрезден қаласында он екі жырдан тұратын қолжазба күйінде және Италияда алты жырдан тұратын қолжазба күйінде сақталып келеді.
Қорқыт ата кітабының жырлары оғыз тайпасының туған жерін, елін сыртқы жаулардан қорғау үшін қан майданға шыққан алып батырлардың ерлігі туралытолғайды. Дастанда ерлік, әділдік, адамгершілік, ата- ананы құрмет тұту, уәдеде тұру сияқты ізгі қасиеттерайтылады. Оның қаһармандары қорқақтық пен опасыздыққа, әдепсіздік пен сараңдыққа қарсы күреседі.
Қорқыт ата кітабында тәрбиелік құнары мол қанатты сөздер көптеп ұштасады. Мысалы: жер қадірін ел біледі, ел қадірін ер біледі, Қар қаншама жауғанмен - жаға бармас т.б.
Қолына қобыз ұстаған ұзан елден елге жетеді,- деп Қорқыт атаның өзі айтқандай, өнер- мәңгілік, ол елден елге, ұрпақтан ұрпаққа тарайды. Қорқыт ата кітабы сондай шығарма.
Оғыз-нама
Оғыз- нама - Х ғасырдағы және одан бұрынғы оғыздар мен оның ханы Оғыз қағанның әскери жорықтары, ерлік істері жайында қара сөзбен жазылған көркем шығарма.
Оғыз- нама 40 тан астам хикаядан тұрады. Әрбір хикаяда Оғыз қаған туралы белгілі бір оқиғалар баяндалады. Олар : Айқаған атты анадан Оғыздың ерекше көркем болып тууы; сол баланың күн сайын алып болып өсуі; Оғыз батырдың аң аулағандағы ерліктері; Оғыз қағанның ерекше жағдайда үйленуі; екі әйелінен алты бала сүйгені: Күн, Ай, Жұлдыз, Көк, Тау, Теңіз; Оғыз қағанның дүниенің төрт бұрышына жеңімпаз жорықтары т.б. Бұлар жырдың негізгі мазмұнын құрайды.
Оғыз- наманың басты идеясы- бүкіл түркі елін бірлікке шақыру, достық пен адамгершілікке үндеу, сыртқы жауға қарсы күресу болып табылады.
Оғыз- нама -түркі халықтарына ортақ көркем шығарма. Онда түркі халықтарының көптеген аңыз- әңгімелері, өлең- жырлары, қанатты сөздері, мақал- мәтелдері ұштасады. Бұл - көокем туынды болумен қатар, қазіргі түркі тілдес халықтардың ежелгі тарихынан едәуір мағлұмат беретін шығарма.
Ахмет Йасауи
ХІ- ХІІ ғасырларда өмір сүрген, мұсылман дінінің атақты қайраткері, философ, ғұлама ғалым, ақын Қожа Ахмет Йасауи қазіргі Түркістан қаласы маңындағы Испиджап қаласында дүниеге келген. Ақынның туған жылы дәл айқын емес, ал 1166жылы қайтыс болған. Мұсылмандықтынасихаттаған аса ірі дін өкілі Арыстан Баб оны бала кезінен өзіне шәкірт етіп алады.
Йасауи - өз заманының ақыл- ой өкілі. Оның өскен ортасы, тәлім- тәрбиесі ислам діні болып, діни- философиялық дүниетанымы сопылық ілім негізінде қалыптасты. Сопылық идеялар ислам дінін әр халықтың өзіндік болмысымен, тұрмыс- салтымен үндестіруді уағыздады.
Диуани Хикмет.
Ахмет Йасауи сопылық- философиялық дүниетанымдарын өзінің Диуани Хикмет еңбегінде баян етеді. Бұл өлеңдер жинағы түркі тілді халықтардың ХІІ ғасырда дүниеге келген әдеби ескерткіштерінің бірі болып табылады, сонымен бірге ол қазақ әдебиетінің де нұсқасы болып саналады. Өйткені Диуани Хикмет - түркі халықтарының оғыз- қыпшақ тілінде өмірге келген әдеби туынды. Кезінде ол өлеңдер өте қарапайым, көпшілікке түсінікті тілмен жазылған, бірақ бертін келе жинақты көрушілер оған өз тарапынан көптеген араб- парсы сөздерін қосып отырған.
Йасауидің кітабын тақырыбы жағынан екі топта жіктеп қарастыруға болады. Біріншісі- сопылық ілімнің мазмұнын өлең түрінде жырлаған хикметтер тобы. Бұған үгіт - насихат, өсиет үлгісінде жазылған тәлім- тәрбие сипатындағыхикметтер жатады. Екіншісі - ақынның өз кезіндегі қоғам бейнесін жасайтын лирикалық шығармалары.
Бұл жинақ ұстаздың шәкірттеріне, болашық ізбасарларына, оқушыларына арнаған сөзі түрінде жазылған.
Ақын өз шығармаларында, әсіресе ислам дінін тартушы, уағыздаушы болуға міндетті ишан, молда, мүфти сияқты дінбасыларды қоғамдық сана- сезімнің алдыңғы өкілі ретінде қарастырады.
Йасауи сопылық әдебетті тудыра отырып, қазақ әдебиетінде адам бейнесін, оның қоғамдығы қызметін, өмір мұратын суреттеуге жол салды. Әдебиетімізде Йасауи хикметтері қоғам өміріне, адам тіршілігіне жоғары талап қойған сыншылдық дәстүр әкелді. Оның бұл сыншылдық дәстүрі Дулат, Сүйінбай, Шортанбай, Мұрат , т.б. жырларында, тіпті күні бүгіндері де жалғасын тауып жатыр.
Ер тоңға - түркі халықтарының арғы ататегі тарихынан сыр шертетін қаһармандық жыр. Біздің заманымызға Ер тоңға жырының жалпы сюжеттік желісі мен жекелеген үзінділері ғана жеткен. Әйтсе де, сол үзінділерінің өзінен-ақ бұл жырдың мазмұнын, негізгі идеясын, көркемдік дәрежесін аңғару қиын емес.Жырдың басты қаһарманы -Алып Ер Тоңға.Алып Ер Тоңға - аты аңызға айналған тарихи тұлға. Алып Ер Тоңғаның тарихи тұлғасы мен дастандағы әдеби бейнесі жайында кезінде Әбу Райхан әл-Бируни, Махмұт Қашқари, Мухаммед Хайдар Дулати, Хамза Исфахани, Рашид әд-Дин, т.б. аса құнды пікірлер айтқан. Бұлардың бәрі де жырдың басты қаһарманы Алып Ер Тоңғаны мемлекет қайраткері ретінде сөз етеді. Олар, әсіресе Тұран мен Иран арасындағы соғыста Алып Ер Тоңға өзін аса дарынды әскери қолбасшы ретінде танытқанын ерекше атап көрсетіп отырады. Бір қызығы -- парсы елінің ұлы шайыры Фирдоуси (940-1030) осы Ер тоңға жырын түпнұсқадан толық күйінде оқыған сияқты. Ол өзінің әлемге мәшһүр Шаһнамасында Тұран елінің патшасы, әскери қолбасшысы, даңқты батыры Алып Ер Тоңға жайындағы әфсана-аңыздарды, тарихи деректерді, мактау өлеңдері мен жоқтау жырларын аса дарынды сөз зергерлеріне тән шеберлікпен пайдалана білген. Алайда бұл арада мықтап ескеретін бір жайт бар. Алып Ер Тоңға - Тұран елі үшін жағымды қаһарман, ал Иран жағы үшін ол нағыз жау, басқыншы патша болып саналады. Сол себепті ұлы шайыр Шаһнамада Алып Ер Тоңғаны, яғни Афрасиабты, бір жағынан, жанкешті батыр, орасан күштің иесі, дарынды қолбасшы етіп көрсетсе, екінші жағынан, Иран елін қанға бөктіруге әзір тұрған залым патша ретінде бейнелейді. Соның өзінде, Фирдоуси өз шығармасында Алып Ер Тоңғаның түркі жырындағы батырлық келбетін көп өзгертпей, сол күйінде сомдап берген. Фирдоусидің Шаһнамасында Тұран елінің қалың қолын бастаған Афрасиаб (Алып Ер Тоңға) жорықтарын бейнелеп көрсеткен он шақты арнаулы тарау бар. Олар: Афрасиабтың Бәрман мен Құмайынды Сұхраб құзырына жіберуі, Афрасиабтың қорқынышты түс көруі, Афрасиабтың қайраткерлермен мәслихат құруы, Сияуыш пен Афрасиабтың бір-біріне ант беруі, Афрасиабтың Сияуышқа хат жазуы, Афрасиаб пен Сияуыштың аңға шығуы, Афрасиаб ордасына Рүстемнің түнде шабуыл жасауы, Афрасиабтың ирандықтардан жеңілуі, т.б. Бірқатар зерттеушілер ұлы шайыр Фирдоусидің Ер тоңға жырын Шығыс поэзиясына тән иозира дәстүрі бойынша парсы тілінде қайта жырлап, Афрасиаб жорықтарына өзінше баға бергенін айтқаны мәлім. Қалай болған күнде де, Фирдоусидің Ер тоңға жырын әлемге әйгілі Шаһнамада зор шеберлікпен пайдаланғаны даусыз. Сондай-ақ ислам дәуірі әдебиетінің аса көрнекті өкілі, ғұлама ақын Жүсіп Баласағұн (11 ғасыр) да кезінде Ер тоңға жырын түпнұсқадан оқып, оны өзінің Құтты білік дастанында пайдаланған. Жүсіп Баласағұн Құтты білік дастанының Алып Ер Тоңғаны жырлауға арналған бөлімін Мақтауға тұрарлық қасиеттер және ізгі істердің пайдасы туралы деп атаған. Құтты білік дастанының 277-бетінен бастап 286-бетіне дейінгі аралықта түгелдей дерлік Алып Ер Тоңғаның ізгілікті істері, асыл тектілігі, даналығы, Тұран елін басқарудағы көрегендігі, дарынды қолбасшы, қарапайым халыққа қамқоршы болғаны, жомарттығы, мәрттігі, т.б. ізгі қасиеттері мадақталады. Жүсіп Баласағұн Құтты білік дастанында мемлекет тұтқасын берік ұстап тұру үшін білім мен парасат қана емес, сонымен бірге, ерік, жігер, қаһар, өктемдік, өзгелерге үстемдік ететіндей ызғар қажеттігін айтады. Дәл осындай қаһарман - Алып Ер Тоңға деген түйін жасайды. Ер тоңға жырының негізгі идеясы - Тұран елін сыртқы жау- дан қорғау, түркі жұртын ішкі ынтымақ-бірлікке үндеу, туған жердің абырой-даңқын арттыра түсу болып табылады. Бұл шығарма Алып Ер Тоңға қайтыс болғандағы, бүкіл түркі елінің күңіренген жоқтау жырымен аяқталады. Алып Ер Тоңғаны жоқтау деп аталатын жыр Махмұт Қашқаридың Диуани лұғат ат-түрік атты сөздігі аркылы бүгінгі күнге ешбір өзгеріссіз жеткен. Бұл жоқтау Ер тоңға жырының ең ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ежелгі түркі әдебиетінің ескерткіштері туралы ақпарат
Ежелгі түркі әдебиетінің ескерткіштері
Ежелгі түркі әдебиетінің ескерткіштері (мектеп бағдарламасы бойынша)
Ежелгі түркі әдебиетінің ескерткіштері жайлы ақпарат
Көне жазба әдебиеті пен қазақ ауыз әдебиетінің өзара байланысы
Ежелгі дәуір әдебиеті үлгілерінің сипаттамасы мен ерекшеліктері
Археологиялық, жазба мәліметтер, түркі тілдес халықтардың халық ауыз әдебиеті шығармашылығының ескерткіштері
Ұлттық мәдениетіміздің өркендеу тетігі – Тіл
Ежелгі қазақ әдебиетінің тарихы және оның зерттелуі
Түркілердің рухани мәдениетін дамытудағы исламның маңыздылығы
Пәндер