Эссе. Саяси идеология


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Эссе. Саяси идеология
Орындаған: Серікбаева Б. Б
Тобы: ТК-421
Тексерген: Мамырбеков А. М
Семей 2015
Саяси идеология
Саяси сананың құрамдас бөлігі және өзегі-саяси идеология. «Идеология» деген ұғым гректің идея-бейне және логос-білім деген сөздерден шыққан. Ғылыми айналымға, әдебиетке француз ғылымы және фәлсафашы А. Дестют де Траси (1754-1836ж) кіргізді. Ол идеологияны идеялар, олардың қалай пайда болатындығы және әрекет ететіндігі жөнінде ғылым деп түсіндіреді. Кейін келе бұл сөздің мазмұны өзгерді, қазір идеология деп адамдардың үлкен әлеуметтік топтарының іс-әрекетіне бағдар беріп, олардың мақсат-мүдделерін білдіретін және қорғайтын идеялар мен көзқарастар жүйесін айтады.
Идеология әр түрлі - саяси, құқықтық, этикалық, діни, эстетикалық, фәлсафалық болып келеді. Сонымен қатар қандай идеология болсын саясат пен тығыз байланысты және саяси сипаты болады. Саяси идеологияға белгілі бір адамдар тобының қоғам құрылысы және дамуы, ондағы қатынастарды орнақтыруға немесе өзгертуге қызмет ететін тұжырымдамалар мен пікірлердің жиынтығы жатады. Олар билік арқылы немес оған ықпал ету арқылы өз мақсат-мүдделерін білдіреді және қорғайды. Саяси идеология-жалпы идеологияның да өзегі. Оның ерекшелігі- саяси болмысты түсіндіреді және оны сақтауға немесе өзгертуге іс - әрекетті бағыттайды.
Тіршіліктегі ең ғажап әрі керемет құбылыс адамның рухани дүниесі санасы-ойы. Сана ойлаудан пайда болады. Сана мидың қызыметі дейтініміз содан. Өмір терең құбылыстарға бай. Қазіргі таңға мысал келтірсек, ең көп таралатын жарнамалар. Қоғамдық көліктердегі, аялдамалардағы, банерлердегі және электронды жарнамалар. Ол жарнамалар нені уағыздайды? Неге жол көрсетеді? Қандай тәрбиелік мәні бар? Осы сұрақтарға толықтай жауап бере ала ма. Қоғамдық көліктердегі жарнама барлығы дұрыс, барлығының тәрбиелік мәні бар. Бірақ, жолаушылардың құқықтары жазылғанымен кандукторлардың құқығы жазылмаған. Мысалы қарттарымыз неге тұрып тұрады бұған басты себеп кандукторлардың өз құқығын білмеуі. Сол автобусқа кірген адамдарды орынмен, сыпайылықпен қамтамасыз ету болып табылады. Көпке топырақ шашпай ашығын айтқанда өз көзіммен көргенім кандукторлар «не садитесь на место кандуктора!», - деп өз-өздеріне жарнама жасап, сонымен қатар орыстың тілінеде жазып қояды. Саяси идеология біздің қоршаған айналамыз, өміріміздің бір бөлігі ретінде деп қабылдауға болады.
Мысал келтіретін болсақ, қоғамдық көліктердегі жарнама сөздер, қарт адамға жол беру деген сияқты көптеген жазба-жапсырмалар, азаматтар мен азаматшаларды, әсіресе ЖАСТАРДЫ ойландырады. Тіптен кішкетай баланың әліппесінде әрбір әріп мән мағына береді.
Аялдамадағы жарнамамалар әркім өз-өзінің пәтерлерін жалға беру, сату, жұлдыздардың келуі мен крстар туралы жарнамалар тұрады.
Банерлерде супермаркеттің өнімдері мен тауарлары жарнамаланса, электронды жарнамаларды айтудың өзі ойландыратын мәселе. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні барлығын жамандауға жатпас әрине, бірақ менің ойым қоғамдық көліктер, аялдамалар мен банерларда «Жақсылық жаса!», «Бізді қорғаған қарттарымызды қорғайық!», «Болашақ аналарымызды сыйлайық!», «Әкетай абайла!» деген тағы басқа жарнамалар болса өте керемет болар еді.
Осы тұста мән беретін бір жағдай, ол «Әкетай абайла!» банеріне сиппатама беретін болсам, онда негізгі ой, біздің отбасылары бар азаматтырымыз жолда қатты айдамағыны жөн болар. Өйткені оларды үйде жалғыз баласы, тіпті жалғыз тұяғы күтуі мүмкін. Бұл қоғамды бір ойландырар деп ойлаймын. Тағы бір айта кетер мәселе елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқанындай жарнамаларға көп көңіл бөліп, соның ішінде елбасының суреттерінен гөрі жолдаулар мен айтқан сөздері шешендердің нақылдары жазылса дұрыс болар еді. Ал электронды беттерді ашқандағы жарнамалар туралы айтудың өзі қиын, неше түрлі, түсті, үйлесімсіз тәрбиелік мәні жоқ жарнамалар. Ең негізгі жарнама да сол электронды жарнамалар болуы тиіс себебі қазіргі таңда барлық тәрбие алар жастар электронды парақшаларда отырады. Оның орнына неге бизнесті бастаудың оңай жолы, қайрымдылық, бизнесмен атақты адамдардың жетістікке қалай жеткендігі, ағылшын және т. б шет тілдерін оңай меңгеру жолдары жазылса кез кеген адам қарар еді.
Электронды жарнамалар қазіргі еріп келе жатқан жас-жеткіншіктерге қатты әсер етеді, өйткені бұрынғы замандағыдай заман емес. Сол интернет парақшадағы неше түрлі рекламалар, балаға әсер етеді. Мысалы; бала кітап оқуға тырысқанның орнына, электронды жарнамаларды әр түрлі техника уялы телефондар көреді, ата-анасына алып бер деп қиындық туғызады. Менің ойымша осы кезден бастап баланың сана-сезіміне әсер етеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz