Кәсіпорынның инвестициялық саясатының теориялық негіздері



Кіріспе.
I. Кәсіпорынның инвестициялық саясатының теориялық негіздері
1.1. Инвестиция түсінігі және экономикалық мәні
1.2. Кәсіпорынның инвестициялық саясатының мазмұны
1.3. Қазақстан кәсіпорындарының инвестициялық жобаларды басқару әдістерін меңгеру мәселелері
Кәсіпорындардың экономикалық және қаржылық тұрақтылығын және әрі қарай өсуін анықтайтын шешуші факторлардың бірі – бұл оның инвестициялық белсенділігі. Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастарға көшкелі бері жүргізілген экономикалық бетбұрыстар халық шаруашылығының негізгі буыны болып саналатын кәсіпорындардың құқықтық, қаржылық-экономикалық және әлеуметтік жағдайын, олардың шаруашылық және азаматтық жүйелердегі дәрежесін айтарлықтай өзгерістерге ұшыраттты. Жеке меншікте, аралас, акционерлік меншікте құрылған миллиондаған кәсіпорындар пайда болды және қазіргі таңда қызмет етуде, көбею үстінде, даму барысында. Осылардың барлығы кәсіпорындардың инвестициялық қызметін ұйымдастыру және басқару механизмінің өзгеруіне себеп болды. Кәсіпорындардың инвестициялық қызметі олардың экономикалық өсуінің, ішкі және сыртқы нарықтарда бәсекелестікке қабілетті болуының алғы шарттарының бірі болып табылатындығы сөзсіз.
Нарықтық қатынастардың дамуымен қатар барлық ұйымдық-құқықтық кәсіпорындардың қаржылық-шаруалылық тәжірибесінде қаржылық инвестициялар да кеңінен етек жайып келеді. Акционерлік қоғамдар жыл өткен сайын көптеп ашылу үстінде, банктер, сақтандыру компаниялары, зейнетақы қорлары, кәсіпорындар мен ұйымдар, сондай-ақ мемлекет те уақытша бос ақша қаражаттарын тарту үшін қарыздық құнды қағаздарды кеңінен пайдаланатын болды. Туынды құнды қағаздар (фьючерстер, опциондар және т.б.) нарығы да дамып келе жатыр.
Осы айтылғандар кәсіпорындар тарапынан қазіргі заман талаптарына, етеді. Кәсіпорындардың инвестициялық саясаты мүмкін болған инвестициялық жобалардың ішінен өзінің стратегиялық мақсаттарына сай нұсқаларын таңдап ала білумен сипатталады. Сонымен қатар, инвестициялық саясат жобаларды қаржыландырудың оңтайлы көздерін тартуды, оларды тиімді орналастыруды, нәтжижесінде инвестициялық табыс табуды немесе капитал өсімін қамтамасыз етуі керек. Сондықтан да инвестицияларды дұрыс басқару қазіргі таңдағы көкейтесті мәселелердің бірі болып отыр.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе.

I. Кәсіпорынның инвестициялық саясатының теориялық негіздері

1.1. Инвестиция түсінігі және экономикалық мәні
1.2. Кәсіпорынның инвестициялық саясатының мазмұны
1.3. Қазақстан кәсіпорындарының инвестициялық жобаларды басқару әдістерін меңгеру мәселелері

Кәсіпорындардың экономикалық және қаржылық тұрақтылығын және әрі қарай өсуін анықтайтын шешуші факторлардың бірі - бұл оның инвестициялық белсенділігі. Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастарға көшкелі бері жүргізілген экономикалық бетбұрыстар халық шаруашылығының негізгі буыны болып саналатын кәсіпорындардың құқықтық, қаржылық-экономикалық және әлеуметтік жағдайын, олардың шаруашылық және азаматтық жүйелердегі дәрежесін айтарлықтай өзгерістерге ұшыраттты. Жеке меншікте, аралас, акционерлік меншікте құрылған миллиондаған кәсіпорындар пайда болды және қазіргі таңда қызмет етуде, көбею үстінде, даму барысында. Осылардың барлығы кәсіпорындардың инвестициялық қызметін ұйымдастыру және басқару механизмінің өзгеруіне себеп болды. Кәсіпорындардың инвестициялық қызметі олардың экономикалық өсуінің, ішкі және сыртқы нарықтарда бәсекелестікке қабілетті болуының алғы шарттарының бірі болып табылатындығы сөзсіз.
Нарықтық қатынастардың дамуымен қатар барлық ұйымдық-құқықтық кәсіпорындардың қаржылық-шаруалылық тәжірибесінде қаржылық инвестициялар да кеңінен етек жайып келеді. Акционерлік қоғамдар жыл өткен сайын көптеп ашылу үстінде, банктер, сақтандыру компаниялары, зейнетақы қорлары, кәсіпорындар мен ұйымдар, сондай-ақ мемлекет те уақытша бос ақша қаражаттарын тарту үшін қарыздық құнды қағаздарды кеңінен пайдаланатын болды. Туынды құнды қағаздар (фьючерстер, опциондар және т.б.) нарығы да дамып келе жатыр.
Осы айтылғандар кәсіпорындар тарапынан қазіргі заман талаптарына, етеді. Кәсіпорындардың инвестициялық саясаты мүмкін болған инвестициялық жобалардың ішінен өзінің стратегиялық мақсаттарына сай нұсқаларын таңдап ала білумен сипатталады. Сонымен қатар, инвестициялық саясат жобаларды қаржыландырудың оңтайлы көздерін тартуды, оларды тиімді орналастыруды, нәтжижесінде инвестициялық табыс табуды немесе капитал өсімін қамтамасыз етуі керек. Сондықтан да инвестицияларды дұрыс басқару қазіргі таңдағы көкейтесті мәселелердің бірі болып отыр.
Бүгінгі күні өнеркәсіп салаларының басты міндеті импорт алмастырушы және экспортқа бағытталған өнім өндірісінің көлемін арттыру, толық қуатын қамтамасыз ету болып табылады. Бұл қазіргі уақытта кез-келген кәсіпорынның өмір сүруі мен оның нарықтағы тұрақтылығы қаржылық ресурстары тиімді пайдалану және инвестициялық жоба тиімділіктерін анықтау, инвестициялық қаржылық көздерін пайдалану болып табылады. Нарық жағдайында кәсіпорынның өміршеңдігін кепілмен даму сатыларының негізі оның қаржы тұрақтылығы болып табылады. Ол ақша қаражаттың еркін орын алмастыра отырып қолданып, тиімді пайдалану жолымен өнімді өндіру мен сатудың үздіксіз процесін қамтамасыз ете алатын өзінің қаржы ресурстары жағдайын көрсетеді. Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын бағалау, инвестициялық жобаларды талдау объективті, ғылыми негізделген және үйлесімді басқару өндірістік, әсіресе қаржылық шешімдер қабылдау және инвестициялык жобаларды жүзеге асыру үшін оның қаржылық жағдайын талдауы қажет.
Нарықтық экономиканың құрамдас бөлігі ретінде инвестициялық процесті басқару мен реттеудің көздерін кеңейту проблемаларына әлемнің түрлі елдерінің ғалымдары назарын аударуда. Қазіргі заманның экономикалық ғылымындағы аталмыш бағыттың теориялық негізін А.Маршалл, Дж.М.Кейнс, А.Пигу, П.Самуэльсон қалаған болатын. Инвестициялық іс-әрекеттің ғаламдық аспектілерін, өндіріс пен қор рыногының дамуына арнап қаражаттарды ұзақ уақыт салымдаудың қолайлы жағдайларын қалыптастырудың терең зерттеулерін Э.Дж.Долан, Л.Дж.Гитман, М.Джонк, Н.Г.Мэнкью, У.Ф.Шарп және өзге де жетекші шетелдік ғалымдар жүргізген болатын. Олардың қатарына Ресейде Л.И.Абалкин, В.П.Красовский, Т.С.Хачатуров, Я.Уринсон, Ю.Плышевский, В.Фальцман және өзге де бірқатар ғалымдарды жатқызуға болады.
Инвестициялық саясаттың және оның Қазақстанның қазіргі кездегі экономикасында жүзеге асырылуының тиімділігін арттырудың басты проблемалары ең алдымен академиктер Н.Ә.Назарбаев, Я.А.Әубәкіров, А.К.Қошанов, К.А.Сағадиевтың ғылыми еңбектерінде ашылған. Оларды шешудің түрлі теория мен тәжірибесі жайлы мәселелерін келесі экономист-ғалымдар зерттеген: Н.К.Мамыров, У.Б.Баймұратов, С.С.Сатыбалдин, Г.А.Сейтқасымов, Э.А.Түркебаев, М.Б.Кенжеғозин, К.О.Оқаев, А.Е.Есентүгелов, Н.К.Кучукова, Ж.О.Ихданов, Н.К.Нұрланова, П.С.Пасеченко, Н.Н.Хамитов, А.Д.Шелекбай, Б.П.Чумаченко, Чанг-ЧунгНгиа, А.К.Қанатчинова, Т.И.Мұхаметов және өзге де бірқатар ғалымдар.
Сонымен қатар, проблеманы шешудің басқарушылық аспектісі қазіргі кезде экономикадағы нарықтық қайта құрулардың талаптарынан кейін қалып отыр, ал мемлекеттік реттеу механизмінде қолданылатын қаржылық-несиелік тетіктер тиісті дәрежеде өндірістік инвестицияларды жұмсауға ынталандырмайды және әлемдік жетістіктерді ескерумен өздерін жетілдіруді қажет етуде.
Инвестиция түсінігі мен оның әлеуметтік - экономикалық мәні жөнінде әртүрлі пікірлер мен көзқарастар бар. Осыған байланысты инвестицияны зерттеумен айналысып жүрген отандық және шетелдік ғалымдар әртүрлі сипаттайды. Үлкен экономикалық сөздікте инвестиция түсінігі біршама өзгеше сипатталады. Бұрынғы экономикалық ғылымда ол күрделі қаржы бөлу деген түсінікте болып, негізгі қорлар бойынша біржолғы шығын секілді мағына берген. Қазірдің өзінде де, шаруашылықпен айналысудың нарықтық жағдайына өткен кезде, инвестиция негізін материалдық немесе материалдық емес белсенділікке түрлі қаржы бөлу, яғни, нағыз капитал деп түсінеді. Атап айтсақ, инвестиция капиталды өндіру үшін (өндірісті жаңартуға және ұлғайтуға) берілген ақшалай қаражат шығыны үлгісі болып саналады. Дж.М. Кейнстің Жұмыспен қамту, процент және ақша туралы жалпы теория атты еңбегінде инвестиция-бұл берілген кезеңдегі өндірістік жұмыстың нәтижесіндегі капиталдық мүлікті бағалау деңгейінің ағымды түрде өсуі, не болмаса, берілген кезеңдегі, тұтынуға пайдаланылмаған, яғни, халық-кәсіпорын-қоғамға арналған әлеуметтік тиімділік. Басқаша айтқанда, инвестиция-бұл бағалы капиталдық мүліктің негізгі, айналмалы, өтімді капиталдан құрылуына қарамастан оның өсуі-деп анықтама берді.
Қазақстан Республикасының Инвестиция туралы Заңына сәйкес инвестициялар-ақша қаражаттары, арнаулы банктік ақша қаржылары, жарна, акция және басқа да құнды қағаздар, технологиялар, машиналар, құрал-жабдықтар, айналым құралдары, лицензия, соның ішінде тауарлық белгілерге беретін, несиелер, кез-келген мүлік немесе мүліктік құқық, интеллектуалдық құн, өнеркәсіп обьектілеріне салым немесе кәсіпкерлік, өзге де іс-әрекет түрлерінен табыс табу және әлеуметтік оң нәтижеге қол жеткізу мақсатына жұмсалатын зияткерлік құндылық.
Нарықтық экономикада ең кең тараған және жалпылама ұғым бойынша бұл табыс табу немесе басқа да бір нәтиже алу мақсатында кез келген түрдегі қаржы жұмсау үдерісі.
Осының бәрі пайда табу мен әлеуметтік жақсы әсерлерге жетуді көздейді. Осы тұрғыдан инвестиция түсінігі нарықтық тәсілге едәуір жақын келеді. Келтірілген анықтамалар нарықтық және жоспарлық жүйелерде инвестицияның мәнін түсінудегі айырмашылықты көрсетеді. Ресурстардың бөлінуі әкімшілік жүйесі жағдайында меншіктің бір түрімен жүзеге асатындықтан, инвестицияландырудың қаржылық және басқа түрлерінің бар екендігін отандық экономикалық ғылым қарастырмады.
Жоспарлық экономика жағдайында инвестициялар ағымдағы шығындардан тек бір уақыттық сипатымен ғана айрықшаланатын залал түрінде көрінді. Экономика ғылымы мен тәжірибесі дәлелдеп отырғандай, капиталдық салымдар инвестицияның синонимі болып табылмайды, берілген терминдер ұқсас емес. Капиталдық салынымға қарағанда инвестиция түсінігі әлдеқайда кең. Батыс әдебиеттерінде қор нарығын қарастыруға баса назар аударады, себебі нарықтық экономикасы дамыған елдерде (АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Жапония) инвестицияландыру бағалы қағаздар арқылы іске асады.
Қазақстан Республикасында қалыптасқан инвестициялық жағдайдың негізгі белгілерін және сипаттамасынан бұрын экономикалық әдебиеттердегі шетел инвестиция туралы ұғымды анықтаған дұрыс. Республикамыздағы 1997 жылғы Шетел инвестициялары туралы заңына сәйкес, шетел инвесторлары тауар өндіруге және басқа қызметтерге әкелген мүліктердің барлық түрлері мен валюталық қаржылары шетелдік капиталға жатады
Инвестициялық қызмет-шаруашылық жүргізуші субъектілер жүзеге асыратын табыс алу және меншікті капиталын өсіру мақсатындағы қаражат жұмсау қызметі. ҚР-ң Инвестиция туралы заңына сәйкес инвестициялық қызмет деп инвестициялық бағдарламалар мен жобаларға капитал жұмысымен байланысты, сондай-ақ оларды іске асыру жөніндегі тәрбиелік іс-әрекеттердің жиынтығын айтады. Бөлінген инвестициялар және оны іс жүзінде игерудегі қызметтер жиынтығы инвестициялық қызметті білдіреді.
Инвестициялардың басты мақсаты пайда табу және қандай да бір әлеуметтік тиімділікке қол жеткізу болып табылады. Бұл кезде жаңа кәсіпорындар құру, қайта құру, кеңейту және техникалық жағынан қайта қаруландыру, сондай-ақ олардың бағалы қағаздарына шығындар мен байланысты ақшалай жұмсалымдар жалпы инвестициялау ұғымын сипаттайды.
Мемлекет, инвестициялық ресурстар нарығындағы жағдайды реттейтін, негізгі операторлардың бірі болып бой көрсетеді, ал оның шетел инвестицияларына деген саясаты көбіне елдегі инвестициялық ахуалдың күйін анықтайды, әлеуетті инвесторлардың шешім қабылдауларына әсер етеді.
Нарық қатынастарын дамытудың қазіргі кезегінде Қазақстанда инновоциялық-инвестициялық саясатты құру және жүргізу үшін алғышарттар қалыптасты: кәсіпорынның шаруашылық қызметін реттеудің нарық құралдарын пайдалану; макроэкономикалық процесстер арқылы басқарудың нарықтық әдістерін әзірлеу және енгізу; қос деңгейлі банк жүйесіне өту; мемлекеттік бюджетті қалыптастыруды және оны қаржыландыру көздерін әзірлеу; инновациялық және инвестициялық саланың ролін түсіну және елдің ішкі резервтерінің есебінен инвестициялау көздерінің қажеттілігі. Бірақ, қалыптасқан алғышарттарға қарамастан, экономиканың инновациялық және инвестициялық тартымдылығы қалай ішкі, солай сыртқы инвесторлар үшін әлі төмен. Бұл жағдайдағы, мемлекеттің, аймақтағы өкімет органдарының міндеттері ресурстарды ғылымның және өндірістің басымдырақ салаларына шоғырландырудан және инвесторлар бұл процесстерге қатысу үшін қолайлы инновациялы-инвестициялық ахуал қалыптастырудан тұрады.
Мемлекеттік реттеу тетіктерінің жоқтығы, қаржылы-несиелік саясаттағы жаңсақтықтар нарық жағдайында тұрақтылықты қамтитын кәсіпорындардың инвесторлар үшін тартымдырақтығына алып келді, себебі, өз өніміне сұраныс шектеулері жоқ. Бұл көбінесе, үлкен экспорттық мүмкіншіліктері бар және осыдан шығатын, инвестиция көздерін қалыптастырудағы, артықшылықтары бар мұнай мен газ өндіру өнеркәсіптері. Осы мұнай мен газ өндірісінің өнеркәсібі инвестиция белсенділігінің деңгейін анықтады. Ол экономиканы ұзақ уақытқа қалыптастырушы фактор болып келеді. Нарық қатынастарына өту жағдайында инвестициялардың өндірістік емес және кен өндіруші өнеркәсіп салаларына қайта бағдарлануы болған. Бұл, өңдеуші өнеркәсібіне капитал салымдарының қысқаруына алып келіп, инвестиция қызметінің сапалы параметрлерінің жақсыруына жағдай жасамады.
Инвестицияның салалық құрылымы біздің толықтай тиімді емес құрылымымызды бекітеді де, түбінде экономика өсіміне жағымсыз әсер етеді. Осы құрылымдық қиғаштықтар консервациясының себептерінің біреуі-аймақ экономикасының дамуындағы артықшылықтарды анықтайтын және шетел инвестицияларын тартуға сараланған тәсілдемені іске асыратын экономикалық саясат шараларының жоқтығы. Шетел инвесторлары салынған капиталға жоғары табыс нормасын басшылыққа ала отырып, салаларды өздері таңдайды. Өкінішке орай біздің мемлекет бұл процесске елеулі әсер етпейді.
Отандық өндірістің құлдырауынан болған ішкі ұсыныстың жеткіліксіздігі, сол ішкі сұраныстың көп бөлігі импорт есебінен өтелуіне алып келеді. Екіншіден инфляцияның жоғары қарқыны, отандық өндіріс тиімділігінің төмендігі және тұрақсыздығы, ел капиталының кемуіне алып келетін, инвестициялауға жағымсыз жағдай жасайды.
Индустриалды-инновациялық дамытудың мемлекеттік инвестициялық саясатының мақсаты, жеке меншік секторы мемлекеттің араласуынсыз жүзеге асыра алмайтын тауаршаларына, қаржыландыру көздерін және инвестицияны қолдау және тартудың қатысты механизмдерін анықтаудан тұрады. Мемлекет қолдауы мен нарық ынтасының сәйкестігінде ғана мүмкін болатын, инвестиция белсенділігін арттыру арқылы экономикалық дағдарыстан шығуға және өндірісті жандандыруға болады.
Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызметтің негізгі бағыттары болып, жоғары техникалық және технологиялық деңгейді сақтаған, салалар мен өндірістің экспорттық және импорттық орнын алмастырушы, бәсекеге қабілетті салаларында қолдау табылады.
Дүниежүзілік тәжірибені талдау, құрылымының қайта құрылуының шешуші шарты болып қарастырылатын, экономикадағы инвестициялық үрдістерді мемлекетпен қолдау экономика өсуінің тұрақты қарқындарын қолдау және жетістік түріндегі нақты нәтиже береді. Қазақстанда инвестицияларды ынталандырудың заңды және экономикалық негіздері 2011 жылы 8 қаңтарда қабылданған ҚР-сының "Инвестициялар туралы" заңында анықталған. Бұл заң ҚР-дағы инвестицияларға байланысты қатынастарды реттейді, инвестицияларды ынталандырудың құқықтық және экономикалық негіздерін айқындайды, ҚР-да инвестицияларды жүзеге асырған кезде инвестициялардың құқықтарын қорғауға кепілдік береді, инвестицияларды мемлекеттік қолдау шараларын, инвесторлар қатысатын дауларды шешу тәртібін белгілейді.
Қазіргі технологияларды пайдаланатын қолданыстағы өндірісті жаңарту, кеңейту және жаңаларын жасаудағы инвестицияны ынталандыру үшін және экономиканы дамыту үшін жағымды инвестициялық ахуалды қалыптастыру мақсатымен инвестицияны мемлекеттік қолдау жүзеге асырылады.
Инвестицияны мемлекеттік қолдау келесі преференцияларды ұсынумен тұжырымдалады:
* инвестициялық салықтық преференциялар;
* кеден баждарымен салық салудан босату;
* мемлекеттік натурдық гранттар;
Өңдеуші өнеркәсіпті дамыту үшін инвестицияға сұраныс ұсынатын тауарларын экспорттайтын салаларға бағдарлану қажет, оларға бюджеттік қаржыландыру, салықтық престі төмендету, мемлекеттік тапсырыс беруді кеңейту және сыртқы экономикалық саясаттағы орынды қолдампаздық (протекционизм) түрлерінде көмек көрсету қажет. Халықтың әл-ауқаттық деңгейін және отандық өнімдерге деген оның төлем қабілеттілігі бар сұранымын қалпына келтіру бойынша шаралар қабылдануы қажет. Бұл мультипликативті әсер беріп, кәсіпорындарға инвестициялар іздеуге, оларды төлеуге, несие берушілермен және мемлекетпен төлеп құтылуға, өндірісті дамытуға мүмікіндік беретін еді.
Инвестициялық процеске кәсіпорынның өз қаражатын және халықтың жинақ ақшаларын тарту халықтың әл-ауқатын жоғарлату және экономикалық өсу үшін маңызды болып келеді. Зейнетақы қорлары, сақтандыру компаниялары, инвестициялық қорлар және басқа да институционалдық инвесторлар капиталдың отандық нарығын дамытуға жәрдемдесу керек және осы арқылы-сапалы экономикалық өсуге, басқа ТМД елдерімен салыстырғанда Қазақстан Республикасы, инвесторлар үшін тартымды болып келетін, жоғары несиелі рейтингке ие. Батыс сарапшылардың көзқарасы бойынша саяси дамудың тұрақтылығы ҚР-сының артықшылықтарының бірі болып табылады. Салық тәртіптемесінің тұрақтылығы, қоғамның демократияландырылуы, нарық реформаларының жалғасуы жағымды инвестициялық ахуалды қалыптастыруға мүмкіндік туғызады. Әлеуетті инвесторлар алдында тұрған проблеммаларды мемлекетпен ұғыну қажет.
Қазақстан инвестиция арқылы дамып қана қоймай. Біз Қазақстандық мамандардың біліктілігін арттыруымыз керек. Ол үшін шетелдік алдыңғы қатарлы тәжербиелерін игеру маңызды. Сонымен қатар, мемлекетте өндіріс қарқынды өсуі үшін кәсіби шеберлігі жоғары мамандарды дайындап, жаңа идяларды жүзеге асыруымыз керек. Кадрлардың біліктілігін көтеру, Қазақстандық кәсіпорындардың қатарын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның инвестициялық қызметін талдау
Инвестициялау объектілері
Қазақстандағы кәсіпорындардың инвестициялық белсенділігін арттыру
Кәсіпорынның есеп саясатының әдістемелік негіздері
Компаниядағы дивидендтік саясаттың теориялық негіздері
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы саясатының сыныптамасы
2013 жылғы кәсіпорынның қаржылық есептілігі
Кәсіпорынның инвестициялық саясатын басқару әдістерін талдау әдістемесі
Салықтарды жинауды ұйымдастыру және салықтық реттеу механизмiнiң ерекшелiктерi
Кәсіпкерлік қызметтің банкроттықтан сақтандыру жолдары
Пәндер