Музыкадағы романтизм бағыты



Романтизм (ағылш. romantіcіsm, фр. romantіsme, нем. romantіk) – 18 ғасырдың соңы мен 19 ғасырдың алғашқы жартысында Еуропа мен Америка елдерінің рухани мәдениетінде: музыка, театр, бейнелеу өнері, эстетика, т.б. әдеби-көркем салаларда тараған идеялық көркемдік бағыт.
Романтизмнің адамзат мәдениеті дамуындағы тарихи рөлі зор. Ол көптеген елдердің рухани мәдениетін гуманистік идеялармен байытты. Романтизм бағытында туған туындылардың кейіпкерлері әдетте болмыстың ырқымен келіспейтін, жақсы өмір, бақыт, азаттық үшін күресетін күшті жандар болып келеді. Романтизм туындаларының тілінде әсірелегіш суреттер мол ұшырайды. Адамның бас бостандығын, ірі іс-әрекеттерге ұмтылыстарын мадақтау — Романтизм туындыларына ортақ қасиет. Кейде романтиктер туындыларында өмірден түңілушілік, тағдырға бас июшілік сарыны бой көрсетеді. Романтиктер өздерінің мұратына сай келетін өмір материалдарын өткеннен де, келешектен де қатар іздейді. Романтиктер ауыз әдебиеті, тарих, дін, өнер мәселелерін өз идеяларын насихаттау құралы ете білді. Олар дүние жүзі өнерінде тұңғыш рет адам жанының иірімдерін, тұңғиық тереңін ашып көрсетті.
Музыкадағы романтизм бағыты 1820 жылдары қалыптаса бастады; оның неоромантизм деп аталған соңғы кезеңі 19 ғасырдың соңғы он жылын қамтиды. Романтизм алғаш Австрия (Ф.Шуберт), Германия (К.М. Вебер, Ф.Мендельсон-Бартольди, Р.Шуман, Р.Вагнер, т.б.) және Италияда (Н.Паганини, В.Беллини, Дж.Верди, т.б.), кейінірек Франция (Г.Берлиоз, Д.Ф. Обер), Польша(Ф.Шопен) мен Венгрияда (Ф.Лист) пайда болды. Романтизм бағыты кейбір елдерге толық таралмағанымен жеке композиторлар шығармашылығынан (Ресейде А.А. Алябьев, Н.А. Римский-Корсаков, т.б. “құдіретті топ” композиторлары, П.И. Чайковский, А.Н. Скрябин, Чехияда Б.Сметана, А.Дворжак, Норвегияда Э.Григ, т.б.) орын алды. Романтизм Австрия менГерманияда (И.Брамс, А.Брукнер, Р.Штраус) жоғары сатыда өркендеді. Музыкадағы pомантизм антирационализм, сондай-ақ адамның ішкі жан дүниесіне үңілу сияқты жалпы романтизм ағымына тән қасиеттерді бойына сіңіре отырып дамыды.Романтикалық музыканың бейнелілігі артты. Әуен бұрынғысынан да дараланып, рельефті, көңіл күй сәттерін дөп баса алатын иірімді сипатқа ие болды.

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКАРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ЖӘНЕ МАТЕМАТИКА ФАКУЛЬТЕТІ

СОӨЖ
Тақырыбы. . Музыкадағы романтизм бағыты.

Орындаған: Белдеубай.M
Тексерген: Cейітғазы.О
Е- 301 топ

Семей - 2015ж
Романтизм (ағылш. romantіcіsm, фр. romantіsme, нем. romantіk) - 18 ғасырдың соңы мен 19 ғасырдың алғашқы жартысында Еуропа мен Америка елдерінің рухани мәдениетінде: музыка, театр, бейнелеу өнері, эстетика, т.б. әдеби-көркем салаларда тараған идеялық көркемдік бағыт.
Романтизмнің адамзат мәдениеті дамуындағы тарихи рөлі зор. Ол көптеген елдердің рухани мәдениетін гуманистік идеялармен байытты. Романтизм бағытында туған туындылардың кейіпкерлері әдетте болмыстың ырқымен келіспейтін, жақсы өмір, бақыт, азаттық үшін күресетін күшті жандар болып келеді. Романтизм туындаларының тілінде әсірелегіш суреттер мол ұшырайды. Адамның бас бостандығын, ірі іс-әрекеттерге ұмтылыстарын мадақтау -- Романтизм туындыларына ортақ қасиет. Кейде романтиктер туындыларында өмірден түңілушілік, тағдырға бас июшілік сарыны бой көрсетеді. Романтиктер өздерінің мұратына сай келетін өмір материалдарын өткеннен де, келешектен де қатар іздейді. Романтиктер ауыз әдебиеті, тарих, дін, өнер мәселелерін өз идеяларын насихаттау құралы ете білді. Олар дүние жүзі өнерінде тұңғыш рет адам жанының иірімдерін, тұңғиық тереңін ашып көрсетті.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Романтизм музыкада

Людвик ван Бетховен
Музыкадағы романтизм бағыты 1820 жылдары қалыптаса бастады; оның неоромантизм деп аталған соңғы кезеңі 19 ғасырдың соңғы он жылын қамтиды. Романтизм алғаш Австрия (Ф.Шуберт), Германия (К.М. Вебер, Ф.Мендельсон-Бартольди, Р.Шуман, Р.Вагнер, т.б.) және Италияда (Н.Паганини, В.Беллини, Дж.Верди, т.б.), кейінірек Франция (Г.Берлиоз, Д.Ф. Обер), Польша(Ф.Шопен) мен Венгрияда (Ф.Лист) пайда болды. Романтизм бағыты кейбір елдерге толық таралмағанымен жеке композиторлар шығармашылығынан (Ресейде А.А. Алябьев, Н.А. Римский-Корсаков, т.б. "құдіретті топ" композиторлары, П.И. Чайковский, А.Н. Скрябин, Чехияда Б.Сметана, А.Дворжак, Норвегияда Э.Григ, т.б.) орын алды. Романтизм Австрия менГерманияда (И.Брамс, А.Брукнер, Р.Штраус) жоғары сатыда өркендеді. Музыкадағы pомантизм антирационализм, сондай-ақ адамның ішкі жан дүниесіне үңілу сияқты жалпы романтизм ағымына тән қасиеттерді бойына сіңіре отырып дамыды.Романтикалық музыканың бейнелілігі артты. Әуен бұрынғысынан да дараланып, рельефті, көңіл күй сәттерін дөп баса алатын иірімді сипатқа ие болды. Романтикалық эстетиканың жалпы бағыттарына орай көптеген композиторлар өнерді синтездеуге атсалысты. Жаңарған синтезді жанрлардың романтизм дәуірінде мәні зор болды. Ән, баллада, опера (тұңғыш романтикалықопера - Э.Т.А. Гофманның "Ундинасы") жанрлары романтикалық сипат алды. Аспаптық музыка (симфония, камер. ансамбльдер; Шуберт пен Роберт Шуманнның сонаталары) жаңа бояу, өзіндік өрнекке ие болды. Асқан орындау шеберлігі (Паганини, Шопен, Лист), бай эмоция, айқын контрастағы нәрлі бояу музыкалық орындаушылық өнердегі романтизмнің басты белгілері болып табылады. Романтикалық музыка өзінен кейінгі дәуірге нәрлі бастау, құнды қазына болып қалды.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Романтизм театр өнерінде
Театрда романтизм 1810 -- 40 ж. қалыптасты. Белгілі романтик актерлер: Э.Кин (Англия), Л.Девриент (Германия), Г.Модена, А.Ристори (Италия), М.Дорваль, А.Л. Фредерик-Леметр (Франция), П.С. Мочалов (Ресей), П.Адамян (Армения), Г.Араблинский (Әзірбайжан), Э.Форрест, Ш.Кашмен (АҚШ), Г.Эгрешши (Венгрия), т.б. Дүниедегі әділетсіздік атаулыға қарсы болу, терең гуманизм бұл актерлерді бір идеяға жұмылдырды. Романтизм кезінде театрэстетикасының негізі актерлік қиял мен сезімге құрылды. Романтизм актерлері өз назарларын адам өмірінің ішкі қайшылықтарын бейнелеуге аударды. Қоғамдық пафос, шындыққа деген құштарлық, айқын мақсат актерді буырқанған эмоция мен айқын драмалық экспрессияға, екпінді қимылға жетеледі. Алайда романтикалық өміртаным шығармашылығы субъективизм қаупін өзімен бірге өрбітті. Романтикалық театр тұңғыш рет актерлік өнердің негізі болып табылатын сахналық толғанысты туғызды. ТМД елдерінің театр өнерінде М.Н. Ермолова, А.И. Южин, Ю.М. Юрьев, А.А. Остужев, В.К. Папазян, М.Қасымов, Ш.Бұрханов, А.Хорава, А.Хидоятов, Н.Д. Мордвинов, Ш. Айманов, Ы.Ноғайбаев, Ш.Мусин, т.б. шығармашылықтар асқақ, қаһармандық романтизм дәстүрімен тығыз байланысты. Бейнелеу өнеріндегі романтизм мүсін өнеріне қарағанда кескіндеме мен графикадан айқын көрініс тапты. 18 ғасырдың аяғы мен 19 ғасырдың бас кезінде У.Блейк (Англия), Ф.Гойя (Испания), Ж.Л. Давид (Франция) еңбектерінен романтизм белгілері аңғарылды. Романтизмнің іргелі мектебі Францияда өркен жайды. Ол академиялық классицизм өнеріндегі догматизм мен буалдыр рационализмге қарсы күрес үстінде қалыптасты. Романтикалық мектептің алғаш негізін салушы - Т.Жерико. 1820 жылдардағы романтизм мектебінің басты өкілі ретінде төңкерісшіл пафостағы бірнеше картиналар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Романтизмнің мәдени және саяси - әлеуметтік бастамалары
ХІХ ғ. Европа мәдениеті
Жаңа музыкалық бағыттар мен стильдер
Музыка өнері
Өнердегі импрессионизм бағытының кеңістік жүйесі туралы
Оқиғалы өлең
Математика және музыка
Антикалық дәуір музыкасы. қайта өрлеу дәуіріндегі музыкасы. 18-ғасырдағы музыка
Фортепиано шығармашылығының дамуы және стиль ерекшеліктерін анықтау
Ағарту мен классика ғасырындағы мәдениет
Пәндер