Транскрипция және транслитерация мәселелері. Қазіргі қазақ тілі фонетикасы саласында еңбек еткен ғалымдардың еңбектеріне шолу.Он сөйлем жазып, фонетикалық талдау



1.Транскрипция және транслитерация мәселелері
2.Қазіргі қазақ тілі фонетикасы саласында еңбек еткен ғалымдардың еңбектеріне шолу
3.Он сөйлем жазып, фонетикалық талдау
Адам баласының тілі – дыбыстық тіл. Адамдар күнделікті тұрмыс-тіршілігінде белгілі бір дыбыстардың тіркесінен жасалған сөздер арқылы пікір алысып, өзара ұғынысады. Сондықтан сөз – тілдің негізгі дербес бөлігі, дыбыстық таңбалар мен мағынаның көрінісі. Дыбыстық таңба сөздің материалдық жағын қараса, мағына (мазмұн) оның идеялық жағын қарастырады. Бұлардың бірлігі – сөздің өмір сүруі мен қызмет атқаруының белгісі.
Әрбір сөздің дыбыстық және әріптік құрамы болады. Сөздердің дыбыстық құрамына қарай жазылуы бір-бірне сәйкес келуі де, келмеуі де мүмкін. Қандай да болмасын жазу жүйесі тілдегі дыбыстардың шын бейнесін дәл айқындап бере алмайды. Жазуда бір дыбыс бірнеше әріппен таңбалауы, ал әріп бірнеше дыбысты белгілеуі мүмкін. Әдетте, бұл сөз құрамындағы дыбыстардың өзара ықпалынан болады: сөз ішіндегі бір дыбыстың өзіне көршілес (іргелес) дыбыстың (дыбыстардың) әсерінен басқа дыбысқа айналуы. Бұл – бір. Екіншіден, кейбір әріптердің тілдегі дауыстыны да, дауыссызды да белгілеуінен. Үшіншіден, тілдегі дыбыстардың әліпбидегі әріптердің санынан көп болуы себепті, кейбір дыбыс әріп тіркесі арқылы өрнектеледі.
Дыбыс пен әріптің бір-біріне үнемі сәйкес келмеуі сөздің айтылуы мен жазылуының арасында айтарлықтай алшақтық тудырады. Мысалы: ата, ана, кел, кет, қара, дара сөздерінің айтылуы мен жазылуы бір-біріне жуық. Ал оқы, тоқы, бүгін, өлең, ауыл, дауыл, басшы, ішсе секілді сөздер айтылуда оқұ, тоқұ, бүгүн, өлөң, ауұл, дуұл, башшы, ішше болып дыбысталады.
Арнайы жазғанда белгілі бір дыбыстың бір әріпке не бірнеше әріптің тіркесіне немесе керісінше, олардың бір дыбысқа сай келуін арнайы шартты белгілер арқылы жүзеге асыруға болады. Демек, әрбір дыбысқа бір белгінің, ал бір шартты белгіге жеке дыбыстың сәйкес келуі шарт.
Тіл дыбыстарының осылай арнайы белгілер жүйесі арқылы дәл бейнеленіп жазылуы транскрипция деп аталады, ал кез келген тілдегі негізгі дыбыстарды өрнектейтін арнайы қабылданған таңбалар транскрипциялық белгілер делінеді.
1. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. - Алматы, 2011.
2.Маманов, Ы. Қазақ тіл білімінің мәселелері. -Алматы: Арыс, 2007.
3.Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі. – А., 1999 Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. А., 1999 .
4.Қалиев Б.А. «Қазақ тілінің фонетикасы» Алматы 2014 жыл,95 – 100,4-7,8-15 беттер аралығы

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ

Тақырыбы: 1.Транскрипция және транслитерация мәселелері 2.Қазіргі қазақ тілі фонетикасы саласында еңбек еткен ғалымдардың еңбектеріне шолу 3.Он сөйлем жазып, фонетикалық талдау



Орындаған: Қалиакбаров Жандос Бейбітбекұлы Тексерген: Қалиева Самал Ерболқызы
Топ: Фи503

Семей 2015ж

1.Транскрипция және транслитерация мәселелері
# Транскрипция туралы түсінік
Адам баласының тілі - дыбыстық тіл. Адамдар күнделікті тұрмыс-тіршілігінде белгілі бір дыбыстардың тіркесінен жасалған сөздер арқылы пікір алысып, өзара ұғынысады. Сондықтан сөз - тілдің негізгі дербес бөлігі, дыбыстық таңбалар мен мағынаның көрінісі. Дыбыстық таңба сөздің материалдық жағын қараса, мағына (мазмұн) оның идеялық жағын қарастырады. Бұлардың бірлігі - сөздің өмір сүруі мен қызмет атқаруының белгісі.
Әрбір сөздің дыбыстық және әріптік құрамы болады. Сөздердің дыбыстық құрамына қарай жазылуы бір-бірне сәйкес келуі де, келмеуі де мүмкін. Қандай да болмасын жазу жүйесі тілдегі дыбыстардың шын бейнесін дәл айқындап бере алмайды. Жазуда бір дыбыс бірнеше әріппен таңбалауы, ал әріп бірнеше дыбысты белгілеуі мүмкін. Әдетте, бұл сөз құрамындағы дыбыстардың өзара ықпалынан болады: сөз ішіндегі бір дыбыстың өзіне көршілес (іргелес) дыбыстың (дыбыстардың) әсерінен басқа дыбысқа айналуы. Бұл - бір. Екіншіден, кейбір әріптердің тілдегі дауыстыны да, дауыссызды да белгілеуінен. Үшіншіден, тілдегі дыбыстардың әліпбидегі әріптердің санынан көп болуы себепті, кейбір дыбыс әріп тіркесі арқылы өрнектеледі.
Дыбыс пен әріптің бір-біріне үнемі сәйкес келмеуі сөздің айтылуы мен жазылуының арасында айтарлықтай алшақтық тудырады. Мысалы: ата, ана, кел, кет, қара, дара сөздерінің айтылуы мен жазылуы бір-біріне жуық. Ал оқы, тоқы, бүгін, өлең, ауыл, дауыл, басшы, ішсе секілді сөздер айтылуда оқұ, тоқұ, бүгүн, өлөң, ауұл, дуұл, башшы, ішше болып дыбысталады.
Арнайы жазғанда белгілі бір дыбыстың бір әріпке не бірнеше әріптің тіркесіне немесе керісінше, олардың бір дыбысқа сай келуін арнайы шартты белгілер арқылы жүзеге асыруға болады. Демек, әрбір дыбысқа бір белгінің, ал бір шартты белгіге жеке дыбыстың сәйкес келуі шарт.
Тіл дыбыстарының осылай арнайы белгілер жүйесі арқылы дәл бейнеленіп жазылуы транскрипция деп аталады, ал кез келген тілдегі негізгі дыбыстарды өрнектейтін арнайы қабылданған таңбалар транскрипциялық белгілер делінеді.
# Транскрипцияның түрлері
Тіл білімінде транскрипция фонетикалық және фонематикалық болып екіге бөлінеді.
Фонетикалық транскрипция не үшін қолданылады? Дыбыс пен оның таңбасы, сөздің жазулыуы мен айтылуы үнемі бір-біріне сәйкес келе бермейді. Бұлардың арасындағы осы сәйкессіздікті барынша азайтып, дыбыстық тілді мүмкіндігінше дәл беру үшін лингвистикада арнайы жазу - транскрипция қолданылады. Мысалы, қиын - [қыйын], жиын - [жыйын], иіс - [ійіс], тиін - [тійін] т.б.
Графика ауызекі сөйлеу тілінің дыбыстық жағын, оның ерекшеліктерінің барлығын тегіс қамти алмайды. Мұндай қызметті транскрипция ғана атқара алады. Транскрипцияның жазудан мынадай айырмашылықтары бар: жазуда сөздердің дыбыстық жағымен бірге олардың әр түрлі байланыстары да ескеріліп, есепке алынады. Транскрипция үшін сөздің этимологиялық, морфологиялық байланыстарының ешбір мәні жоқ. Графика сөздің дыбысталуын әрқашан дәлме-дәл көрсете білмейді. Ал транскрипцяның қызметі - сөздің дыбыстық немесе фонемалық құрамын дәлме-дәл көрсету. Бір әріп ыңғайына қарай әр түрлі фонемаларды белгілесе, ал транскрипциялық таңбада бір ғана мағынаға ие болады. Бір фонема жазуда әр түрлі әріптермен таңбалануы мүмкін, ал транскрипцияда ол әрқашан бір ғана таңбамен белгіленеді.
Фонематикалық трранскрипция негізгі дыбыстардың таңбасын белгілеп, тілдің дыбыс жүйесін айқындап береді. Сөз ішінде дыбыстың әр түрлі реңдерін ескермейді, транскрипцияның көмекші белгілерінің де аз ғана (буынға бөлу, ырғақтық топқа біріктіру т. б.) бөлігін қолданады.
Фонематикалық және фонемалық транскрипцияда бір фонеманың алуан түрлі аллофондары бір-ақ таңбамен беріледі де, фонетикалық транскрипцияда әр түрлі аллофондар да ескеріледі. Мұның алғашқысы дыбысты (сол арқылы сөзді) айтылуына жуықтатуды, екіншісінде дәл беруді мақсат етеді. Қазақ тілінің жазуы негізінен, фонематикалық жазу.
Қазіргі практикалық жаузуымызда қолданалып жүрге ә, ө, о,ң, й,ү, ұ, у, л, м, р, т әріптері ғана фонематикалық транскрипцияда өзгеріске ұшырамай, өз бейнесін үнемі сақтап тұрады. Ал қалған әріптер сөз ішінде бірде дыбыс, бірде әріп қана болып тұрады. Мәселен, өлең, өнер, өзен, түлек, жүрек деген сөздерде е дыбысты да, фонеманы да белгілемейді, ол тек әріп. Сол сияқты: құлын, мұрын, жұлдыз, күлкі, түлкі дегендерде ұ, ү тек әріп. Бұлардың транскрипциясы - өлең, өнер, өзен, түлөк, жүрөк, құлұн, мұрұн, жұлдұз, күлкү, түлкү.
Тіл-тілдегі ортақ дыбыстар мен олардың өзгешеліктерін қамтитын латын әліпби негізінде жасалған транскрипция халықаралық фонетикалық әліпби деп аталады. Қазіргі кезде әлем халықтары тілдерінің фонетикалық транскрипция белгілерінің жүйесі осы халықаралық фонетикалық әліпбиде жинақталған. Транскрипцияның бұл кестесін 1881 жылы Парижде құрылған Халықаралық фонетикалық ассоциация жасаған және күні бүгінге дейін жетілдіріліп келеді. Оның негізгі белгілері латын әліпбиінің әріптері не олардың бас әріптерінің кішірейген нұсқалары немесе соларға ұқсас арнайы ойлап табылған таңбаламен өрнектелген. Көптеген дыбыстар (кейбір айтылым ерекшеліктерін ескермегенде) дүние жүзі халықтарының көпшілігіне ортақ. Мысалы, дауыстылар (а, о, е), дауыссыздар (к, т, с, н, л) барша халықтың тілдерінде кезеседі. Сондықтан бұл дыбыстарды таңбалайтын фонетикалық белгілер барлық тілге ортақ.
Фонетикалық транскрипция фонетикалық заңдылықты терең білуді қажет етеді. Мұның өзі қазақ тіл білімінде толық қолдауын таба қойған жоқ. Оның үстіне сөздерді бұлай жазуда өзге де қиындықтар бар. Сондықтан оқу үдерісінде көбіне фонемалық транскрипцияға жүгінуге тура келеді. Яғни сөздер мен сөз тіркестерін, тұтас мәтінді біршама айтылуына жуықтатып жазу жеткілікті. Бұлай жазу да, әрине, дыбыстық заңдарды жақсы білуді қажет етеді.
Шартты түрде транскрипциялық жазуды дыбыстық жазу, ал күнделікті жазуды әріптік жазу деп атаймыз.
Жазудың бұл екі түріне тән басты айырым белгі, ерекшеліктер төменде келтірілгендей болып келеді:
+ Әріптік жазу сөздің дыбыстық жағын үнемі дәлме-дәл көрсете алмайды. Дыбыстық жазу сөздің дыбыстық жағын транскрипциялық белгілер арқылы дәлме-дәл көрсетіп береді.
+ Әріптік жазуда бір әріп фонетикалық жағдайға қарай әр түрлі дыбысты белгілей алады. Дыбыстық жазуда бір транскрипциялық белгі тілде бар бір ғана дыбысты белгілейді.
+ Әріптік жазуда бір дыбыс әр түрлі әріптермен белгіліне береді. Дыбыстық жазуда бір негізгі дыбысқа жеке арнайы транскрипциялық белгінің сәйкес келуі шарт.
Ұлы ғалым А. Байтұрсынов: Дұрыс емле менен қате емлені айыру, менің ойымша, былай қарау керек шығар деймін: тіл табиғатына қарай емлені ыңғайлау ма? Жоқ, емле түріне қарай тілді ыңғайлау ма? Меніңше, емле - жазу үшін шығарған нәрсе, жазу - тіл үшін шығарған нәрсе. Олай болса тілді бұзып емлеге ыңғайлау емес, емлені тілге ыңғайлау керек. Тілдің табиғатына қарамай зорлап, емлеге таңып байласақ, қытай қатындарының аяғы болып шығады - дейді. Ғалымның бұл сөзі қазақ тілінде дыбыстық жазу жүйесін құруға негізгі талап болып алынды.
Транслитерация (лат. trans - арқылы, littera - әріп) -- бір жазудағы әріптерді екінші бір жазудын әріптерімен, яғни бір әліпбидегі жазуды баска бір әліпбиге ауыстыру. Егер сөздердін дыбыстық құрамына әліпби сәйкес келсе, онда әліпби ауыстыру қиындық келтірмейді. Ал сөздердін дыбыстық құрамына әліпби сәйкеспеген жағдайда оларды жазу күрделенеді. Қазақ жазуын араб әліпбиінен латынға, латыннан орыс әліпбиіне ауыстыруда бірқатар қиындық туғаны мәлім
Біз бұрын арнайы дыбыстық жазу жүйесі болмаған халықпыз. Жекелеген ғалымдар әрқайсысы өздерінше іс-қимыл жасады. Сондықтан да қазақ тілі сөйлемінің және классикалық қазақ өлеңінің құрылымдарын фонетикалық тұрғыдан талдау, тілдің дыбыстық жазу ерекшеліктерін айқындау, осылардың негізінде қазақ тілінің дыбыстық жазу емле-ережелерін құру - бүгінгі күннің негізгі мәселелерінің бірі.

2. Қазіргі қазақ тілі фонетикасы саласында еңбек еткен ғалымдардың еңбектері
Алғашқы зерттелулерде қазақ тілі дыбыс жүйесі туралы, қазақ тіліндегі дыбыстардың саны мен сапасы туралы бірізді пікір де, қазақша терминдер де жасалған жоқ. Қазақ тілі дыбыс жүйесінін белгілі бір мәселесі бойынша арнайы зерттеу жүргізілгендіктен орыс түркологтары еңбектерінде фонетика таза практикалық мақсатта болды. Сондықтан олардың зерттеулері қазақ тілі дыбыс жүйесі жөніндегі алғашқы мәлімет деңгейінде ғана еді. оны төмендегі шолуымыздан байқауға толық болады. Демек, нағыз ғылыми зерттеу А. Байтұрсынов пен Қ. Жұбанов еңбектерінен басталады деп білеміз.
Қазақ тілінің дыбыс жүйесі жөнінде алғашқы мәліметті Н.И. Ильминскийдің 1860 жылы Қазан қаласында шыққан Материалы к изучению киргизского наречия (Ученые записки Казанского университета) деген еңбегінен кездестіре аламыз. Одан соң М.Терентьев жазған Гармматикада қазақ фонетикасы жөнінен айтарлықтай жаңалық байқалмайды. Онда кейбір дыбыстардың айтылуы мен комбинаторлық түрде алмасуы жайында азын-аулақ мәлімет береді.Түркі тілдерінің фонетика мәселесін зерттеу жайында В.В. Радловтың сіңірген еңбегі аса зор. П.М. Мелиоранский екі бөлімнен құралатын қазақ тілінің грамматикасын жазып, оның алғашқы бөлімін фоне - тика мен морфология мәселесіне арнаған болатын. Октябрь революциясына дейін казақ тілі жайында жазылған еңбектерден - В. Катаринскийдің. Грамматика кир - гизского языка (Фонетика, этимология и синтаксис. Орен - бург, 1897), ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Транскрипция және транслитерация мәселелері жайлы мәлімет
Транскрипция және транслитерация мәселелері
Қазіргі қазақ фонетикасы
Дауысты және дауыссыз фонемалар
Графикалық лингвистиканың негізгі ұғымдары
Oнoмастика және аударма
Қазақтың тұрмыстық болмыстарының аудармасы
Аударма түрлері және лексикалық аударма ерекшеліктері
Публицистикалық мәтіндегі жалқы есімдердің аудару мәселелері
Аударма негіздері (әдістемелік көмекші құралы)
Пәндер