Жүсіпбек Аймауытұлы мақалалары мен аудармалары. Ақжан Машани «Әл-Фараби және Абай»


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   

СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

СӨЖ

Тақырыбы: Жүсіпбек Аймауытұлы мақалалары мен аудармалары. Ақжан Машани «Әл-Фараби және Абай» (конспект)

Орындаған: Насыров Ерасыл

Тексерген: Жундибаева А. К.

Семей қаласы 2015ж.

Аймауытов Жүсіпбек (1889-1931) - қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі. Туып өскен жері Павлодар облысының Баянауыл ауданына қарасты бұрынғы «Қызыл ту», қазіргі Жүсіпбек Аймауытов ауылы. Әкесі Аймауыт кедей болғанымен, арғы аталары Дәндебай мен Қуан атақ-абыройлы, бай, ел арасында білікті кісілер екен. Жүсіпбек жастайынан арабша хат тану, оқу үйренген. 1907 ж. бастап Баянауылдағы орысша-қазақша екі кластық мектебінде, Керекудегі (Павлодар) қазыналық ауыл шаруашылық мектебінде, Керекудегі екі класты орыс қазақ мектебінде тиіп-қашып оқиды. Бір жағынан бала оқытып, қаражат табады. 1911-1914 жж. ауылда мұғалім болып істейді. 1914 жылы Семейдегі оқытушылар семинариясына қабылданады. Оны 1918 жылы аяқтап шығады. Мұнан соң алашордашылардың істеріне араласып, Семейде «Абай» журналын шығарысып, Қ. Сәтбаевпен, М. Әуезовпен танысады. Кейін Алашордадан бөлініп, Коммунистік партия қатарына өтеді (1919) . Қазақстан Кеңестерінің Құрылтайы съезіне делегат болып қатысып, Қазақ АҚСР Халық ағарту комиссариаты комиссарының орынбасары болып тағайындалады (1920) . Мұнан соң Семей губерниялық оқу бөлімінің меңгерушісі (1921), «Қазақ тілі» газетінің редакторы. Қарқаралыда мектеп мұғалімі (1922-1924), Ташкентте шығатын «Ақ жол» газетінің бөлім меңгерушісі (1924-1926), Шымкент педагогикалық техникумының директоры (1926-1929) қызметтерін атқарады. 1929 ж. басталған кеңестік қуғын-сүргін кезінде Қазақстандағы ұлтшылдық ұйыммен байланысы бар деген жаламен тұтқындалып, ұзақ тергеуден кейін 1931 жылы ату жазасына сырттай үкім шығарылған. Жүсіпбектің қаламынан туған мол мұраны М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғалымдары жинастырып, ғылыми зердеден өткізіп, 1996-1999 жылдары бес том етіп жарыққа шығарды. Сөйтіп, қазақ оқырманы әйгілі суреткердің шығармаларымен арада 60 жылдан астам уақыт өткенде қайта табысты. Жүсіпбек аз ғана ғұмырында әдебиеттің әр түрлі жанрларында өнімді еңбек етіп, қүнарлы шығармалар қалдырған. Бес томдық шығармалар жинағында оның өлеңдері мен «Нұр күйі» поэмасы, «Рабиға», «Мансап қорлар», «Сылаң қыз», «Ел қорғаны», «Қанапия Шәрбану», «Шернияз» атты пьесалары, көптеген әңгімелері мен «Қартқожа», «Ақбілек» романдары, «Күнікейдің жазығы» повесі, балаларға арналған ертектері, сын мақалалары мен аудармалары енген. Бұлардың сыртында «Тәрбиеге жетекші» (1924 ж. ), «Психология» (1926 ж. ), «Жан жүйесі және өнер таңдау» (1926 ж. ), т. б. ірі ғылыми еңбектері бар. Жүсіпбек Аймауытов қаламынан туған мұралардың қай қайсысы да оның кесек дарын иесі екендігінің, гуманист суреткерлігінің, жалтақсыз ұлтжандылығының жарқын айғағы. Оның шығармалары өзі ғұмыр кешкен заманның, өзі араласқан қоғамның мұқтажын өтеуге, оның ақ қарасын парықтауға арналған. Сөйте тұра көркемдік тегеуріннің қуаттылығы, идеялық ұстанымдарының сонылығы, сөз қолданудағы шеберлігі Жүсіпбек шығармаларының өміршеңдігіне кепіл болмақ.

Оның алғашқы өлеңдері мен әңгімелері, мақалалары «Қазақ», «Сарыарқа» газеттерінде, «Абай» журналында жарияланып тұрады. 20-жылдар ішінде респ. Газет-журналдар бетінде шығармалары көп басылған. «Қартқожа» романы (1926), «Ел қорғаны» (1925), «Мансапқорлар» (1925), «Қанапия мен Шәрбану» (1926), «Шернияз» (1926) пьесалары, «Нұр күйі» поэмасы (1929) және бір топ аударма кітаптары жарық көрген.

Аймауытов «Интернационал», «Жас әскер» сияқты революция дәуірінде кең тараған күрес жырларын қазақшаға аударған. Жазушының балаларға арнап жазған «Жаман тымақ», «Шал мен кемпір», «Көк өгіз», «Үш қыз» атты суретті кітапша ертегілері бар. Өмірінің көбін баспасөз маңында өткізген жазушы үлкен публицист есебінде де белгілі. Сол кездегі мерзімді баспасөз беттерінде ол жазған мақалалар, оқшау-фельетондар, хат-хабарлар көп.

Шығармашылық мұрасы. Сан қырлы талант иесі Жүсіпбек Аймауытовтың артында қалған шығармашылық мұрасы аса бай. Оның ішінде көптеген өлеңдер, "Қартқожа", "Ақбілек" романдары, "Күнікейдің жазығы" хикаяты мен "Әнші" секілді бірқатар көркем әңгімелері, "Рәбиға", "Мансапқорлар", "Қанапия мен Шәрбану", "Ел қорғаны", "Шернияз" пьесалары, "Нұр күйі" поэмасы, сондай-ақ бірсыпыра сын мақалалар мен аудармалары бар. Газет беттерінде жарияланған публицистикалық мақалаларының өзі бір төбе.

Жүсіпбек Аймауытов - өз дәуірінің келелі мәселелерін көтерген көптеген мәнді мақалалардың авторы. Кезінде "Абай" журналында, басқа да басылымдарда жарияланған мақалаларында ол аласапыран өзгерістер заманының шындығын насихаттауға ұмтылды. Сонымен бірге, әдебиет мәселелері төңірегіндегі мәселелерді қозғап, бірқатар әдеби-сын мақалалар жазды. 1918 жылы М. Әуезовпен бірігіп жазған "Абайдан соңғы ақындар", 1923 жылы жазған "Мағжанның ақындығы туралы", 1925 жылы жазылған "Сұңқар жыры", "Аударма туралы" атты мақалалары арқылы ол әдебиет сыншысы ретінде танылды. Оларда Жүсіпбектің әдеби шығарманы жазушы өмір сүрген дәуірмен, тарихи кезең ерекшеліктерімен байланыстыра отырып талдау шеберлігі айқын байқалады.

Жүсіпбек Аймауытов оқу-ағарту мәселелеріне қатысты бірқатар ғылыми еңбектер де жазды. Оның халыққа білім беру орындарында ұстаздық, жетекшілік қызмет атқара жүріп жазған жас ұрпақты жаңаша тәрбиелеу, жаңаша білім беру мақсатын көздеген "Тәрбиеге жетекші" (1924), "Психология" (1926), "Жан жүйесі және өнер таңдау" (1926) атты елеулі кітаптары мен оқу құралдары кезінде халық тағдыры үшін ерекше рөл атқарған еңбектер болды.

Жүсіпбек Аймауытов кезінде аудармашы ретінде де танылды. Ол аударған А. С. Пушкиннің, Н. В. Гогольдің, А. Дюманың, Дж. Лондонның, Г. Мопассанның, В. Шекспирдің, К. Берковичтің, С. Чуйковтың шығармалары жаңа қалыптасып келе жатқан қазақ аударма өнерінің өрісін қаншалықты кеңейтсе, жазушының әлем әдебиетінің көрнекті туындыларын қазақ тіліне аударудағы тамаша аудармашылық талантын да соншалықты айқын танытты.

Әдебиеттер:

1) Аймауытов Ж. Бес томдық шығармалар жинағы. - Алматы: Жібек жолы, 2003.
2) Аймауытов Ж. Бес томдық шығармалар жинағы. - Алматы: Ғылым
3) Аймауытов Ж. Ақбілек: роман. - Алматы: Раритет, 2003. - 240 б. - (Қазақ прозасы қазынасынан)
4) Аймауытов Ж. Ақбілек: роман, повесть, әңгіме. - Астана: Елорда, 1998. - 324 б.
5) Аймауытов Ж. Жаман тымақ: өлеңдер, жұмбақтар, әңгімелер, ертегілер / құраст. Р. Тұрысбеков. - Алматы: Балауса, 1992. - 48 б.
6) Аймауытов Ж. Шығармалары: романдар, повесть, әңгімелер, пьесалар / құраст. : М. Атымов, К. Керейқұлов. - Алматы: Жазушы, 1989. - 560 б.

Ақжан Машани «Әл-Фараби және Абай» (конспект)

1994 жылы Ұлы Абай дананың туғанына 150 жылдығына бағышталған Ақжан Машани хазіреттің «Әл-Фараби және Абай» монографиясы баспадан шықты. Бұл қазақтың маңдайына біткен мың жылда дүниеге бір келер алып даналардың рухани тұтастығының бұзылмас тұғырнамасы еді. Бұл қазақтың дүниетанымдық ұлттық болмысының көкжиегін мың жылға кеңейткен зерттеу болды. Бұл Қыпшақ тумасын жалғастырар дәстүрді анықтайтын бүгінгі ұрпақ ұстанымының нышаны еді. Бұл Абайды танудағы қазақ ғалымдарының бұрын-соңды бармаған тақырыптың бастамасы - ренессанстық бағыттың қағылған қадасы болды. Ең бастысы А. Машани - бүгінгі ұрпақтың жиі ауызына ілігетіндей даналық ойдың мәтеліне айнала бастаған мынандай соны ұғымдарды берді. Олар: «Әл-Фараби музыкант, біз оны философ дейміз, Абай философ біз оны ақын деп бағалауға дайын тұрамыз деген тұжырым әлі күнге дейін фарабитанушылар мен абайтанушылардың аузына түспеген даналық сөзі. Және «Әл-Фараби және Абайды» зерделеп шыққан оқушы оның авторы - Ақжан хазіреттің: « . . . Бұл кісіден бұрын да, кейін де даналар болды.

Ендігі сөз: зерттеу қашан басталды, мұны жазуға қай күні отырды деген сауал. Бұған менің нақты жауабым: 1987 жылдың 31 қазанында Ақжан хазреттің болашақ «Әл-Фараби және Абай» зерттеуінің алғашқы фрагменттері жазылған жұқа көгілдір түсті дәптерді мынаны оқып көрші деп берген күнделігімде мәлімет бар. Сол көк дәптер беттеріне түскен әл-Фарабиге қатысты Абай даналығы жәйлі ой сол күннің қарсаңында ғана жазылғанына бәсім бар.

«Әл-Фараби мен Абай арасын жақындастыру, оларды үндестіру, біздің халқымыздың мың жылдық рухани, мәдени-рухани дүниесін тірілту деген сөз. Демек бұл зор мақсатты халықтық іс деп білу керек. Осы мәселені қолға алғанда бұл бағытта әлі жөнді ешнәрсені тындырмағанымызды мойындаған жөн.

Абай танудың басталмаған зор саласы жатыр, ол сала екі дана әл-Фараби мен Абайдың арасын жалғастыру. Оның өзі Абайдың Шығыс мәдениетінен алған, көрген мәселесіне соғатыны мәлім.

- Абайда “мутакалим мантикун” деген сөздер бар. Бұл өзі ғажап терең философиялық-логикалық - диалектикалық қағида. Бұл жөнінде бүкіл араб елдерінде, халифалар заманынан бастап осы күнге дейін айтыс-тартыс талас үзілген жоқ. Мантиқ-логика ілімін ең толық зерттеп дамытқан адам Әл-Фараби. Десек те, бұл ілімінің теріске әкетіп, шаты стыратын жағы бар. (Абай сонан қаш деп отыр) . Бұған қоса оның нағыз ғылыми ойды дәлелдейтін тамаша өлшеуші, әдістері де бар. Мұның кейінгісі әл-Фараби сияқты ұлы ғалымдардан алған тағылымының нәтижесінен Абай даналығы түлеуден өтті демекпін.

Абайда талай терең қағидалар жатыр. Мысалы Абайдың “ғақлия - нақлия”, “ғаламның сәнді сәйкес жарастығы”, “ғылым құдіреті”, “жүрек таразысы - инсаф”, “өмірдің өзі шындық” деген тәрізді қағидаларының әрқайсысы бір-бір томдық еңбек жазуға болатын тақырыптар. Және осылардың барлығы әл-Фараби еңбегінде бар, онда терең талқыланған.

Әл-Фараби мен Абай арасын жалғастыратын тағы бірер мысал келтірейін, - деп ойын жалғады әз аға:

Әл-Фарабидің 1100-жылдық мерекесі қарсаңында Абайдың біраз еңбектері араб тілінде аударылып тараған болатын. Сонымен таныс болған араб ақындары әл-Фараби мен Абай екеуін біздің рухани достарымыз деп жариялады да.

Мұхтар Әуезов марқұмның бір сөзінде Абай Семей қаласында медреседе оқып жүрген кезінде татардың ағартушысы-ғалым Шаһабудин Маржани еңбегімен танысып, оны өте жоғары бағалағандығын айтқаны бар-ды.

Ш. Маржани Қазанда «Ғалия» мешіт-медресе салдырған, көптеген шәкірттер дайындаған. Сол кісінің тікелей шәкірттері Семейде, Қарқаралыда бала оқытты. Демек, сол арқылы Абайдың Маржаниды білуі әбден түсінікті нәрсе. Ш. Маржанидің еңбегіне көз жіберіп қаралық. 1915 жылы Қазанда Ш. Маржанидың үлкен бір томдық еңбегі татар тілінде жарияланды (“Маариф” баспасы) дей отырып әз аға өзінің төл тақырыбын пысықтай түсті.

Сол кітапта Ш. Маржани әл-Фараби еңбектеріне бірнеше жерде тоқталады, және оны өте жоғары бағалайды. Әсіресе әл-Фарабидің ғылым, философия, музыка саласындағы қағидаларын Ш. Маржани үлгі етеді. Ал, Қазанның Ш. Маржани басқарған медресесінде әл-Фарабидің кейбір ғылыми еңбектерінен дәрістер оқылған екен, оқу құралдарына кірген екен. Оны біз сол медреседе оқыған қарттардың өз аузынан естідік. Мысалы 1970 жылы Уфа шаһарында Камал Башари атты қарт маған әл-Фараби кітаптарын табуға көп көмек бергенін саған айтқан болатынмын. Сонда ол кісі айтады: “Біз әл-Фараби туралы дәрістер оқыған едік. «Оны біз араб ғалымы деп білетін едік. Сіз оны Қазақтан шыққан деп дәлелдесеңіз, ол зор еңбек”, - деген Башари.

Әл-Фараби мен Абай деген мәселені көтеретін болсақ, басқа да толып жатқан байланыстар табуға болар еді. Бұл өзі зор өзекті, аса қажет нәрсе, тамаша тағлым жолы осында жатыр деп білеміз. Бұл күндегі біздің ең басты дұшпанымыз надандық. Кейінгі кезге дейін көп жағдайларда біз ғылымның тек атын естіп, затын білмейтін дүмшелердің қоршауында болдық. Енді ол заман өтті. Қазір шындық іздейтін заман жетті. Мұның өзі зор ғанибет. Осы жолда, барлық өмірін шындық іздеуге бағыштаған әл-Фараби мен Абай біздерге шамшырақты ұстаз болмақшы. Қос дана Фараби -Абай жолы сол болмақ.

Абай жолын келешекте кеңейтіп адамдық, шындық жолы - Фараби-Абай жолы деп тануымыз керек . . . ».

Ақжан хазіреттің екі ұлы дана бабаларының басын қосар зерттеуінің бастауы 1960 жылдары әл-Фараби баба мұрасын іздестіру сапарында туған дүние екендігіне ешқандай күмәнім жоқ. Ғалым столының үстінде «Әл-Фараби және Абай» кітабының бірінші бетінде айтылған зерделі ой мен Ақаңның Уфа-Қазан сапарында «Ғалия» медресесінде Фараби сабақтары оқылды деген Қамал Башри хабарының арасында жиырма жылдай уақыт жатыр. Бірақ сол жолы Құнанбай салдырған Семей мен Қарқаралыдағы мешіттерге «Ғалияны» тамамдаған имамдар келетіндігін білетін Ақаң әл-Фарабиді Абай білді деген ұстанымынан әсте ажыраған емес-тін. Қайта сол идея үнемі ұрықтана бергендігін мен сол жолғы әңгіме барысында аңдағанмын.

Расында да, егер сол сапарда Ақаң әл-Фарабиді Абай білді деген ой ұшын ұстап қайтпады ғой, онда бұл болжамның туындамасы хақ.

Сол сапарда Ақжан ағаның түйіп қайтқан ендігі бір басты мәселесі әл-Фарабиді тану үшін татар халқының ұлы ғалымы Шаһафудин Бағаудинұлы Маржани мұраларын зерделеу қажеттігі болатын. Шынында да Ақаңа: « . . . адами шындық жолы - әл-Фараби - Абай жолы» деп танытуда татар елінің осынау ұлы ғалымының мұралары жетекші рөл атқарды деп айтуға әбден болады.

Әсіресе Ш. Маржани түсіндірмесіндегі атақты ғалым әл-Ғазали мен әл-Фараби арасындағы қайшылықтың шешімді ұстанымы Ақаң үшін ұлы бабасын тануда зор рөл атқарып еді.

Әл-Ғазали әл-Фарабиден екі ғасырдай кейін дүниеге келген ғұлама. Бағдаттың ұлы ғалымы - хакімі. Ол кісі ғылымға қарсы болмаған, бірақ ғылым-білімнің исламдық жолын іздеу керек, ал оны басқа елден, әсіресе пұтқа табынған гректерден ғылым іздеу, немесе сонымен сабақтастыру исламдық ғылымды яғни жалпы ғылымды дамытуда ислам ұстанымын бұзады деген. Осындай көзқарастың салдарынан араб елінде көп уақыт әл-Фараби ілімін дамытудың кешеуілдегені де шындық.

Бірақ әл-Ғазалиге ілесе шыққан ибн Рушд, ибн-Туфейль тәрізді ғалымдар әл-Фараби мен Абу Али ибн Синаны ақтаған еңбектер жазды. Соның бір ибн Рушд әл-Ғазалидің «Философтарға қарсы» кітабына жауап ретінде «Қарсылыққа қарсы» деген еңбегі. Ш. Маржани осы тәріздес, мысалды- адами әділетті табудағы, ғадылатқа жеткізетін, шындық іздеуде бір-бірін толықтыратын ғұламалар ұстанымы деп түйіндейді. Ш. Маржанидің осы ұстанымы Ақжан ағаға ұлы бабасының Платон мен Аристотель арасындағы қайшылықты жарастырар - яғни түпкі сабақтастығының дәлелі деген тағлымының ғибадаттық жолы екендігін аңғартпай қалмады емес.

Ақжан аға, Ш. Маржани ғұламаның 100 жылдығына орай шығарылған бір томдық еңбегін зерделей отырып, оның әл-Фарабиден келтірген: «ғақли», «нақли» түсініктерін Абайдан кездестіргенде «Абай әл-Фарабиді білді, оған көпір болған Ш. Маржани . . . ғажап . . . ғажап» дей отырып өз пікірін түйіндеген-ді.

Ақжан аға әл-Фарабиді Абай білді ме деген мәселеге ойысқанда осы екі ұлы дананың көпірі болған Ш. Маржанидің өз заманында шындық іздеген адам екендігін үнемі есте ұстады. Демек, Абай мен Шәкәрімнің Маржани мен Толстойды құрметтеуі, оларды ұстаз тұтуының сол шындық іздеумен сабақтас жатқандығында. Осы ретте Ақжан хазірет әл-Фарабидің - ғылым іздену адамның адамдық борышы деген сөздерін қайталай отырып Ш. Маржанидің: «Өзінің дінін, тілін білгендер ғана орысша оқыса, ол жақсы. Оны білмей орысша оқыса, онан қайыр күту қиын» деген пікірдің Абайдың 25 - қара сөзінен аңғарған болатын. Осы ретте Ақжан:

«Сонымен Қазақстан жерінде Абай заманында исламның екі түрлі ағымы болды. Оның бірі әл-Фарабиден - Ұлықбектен - Маржаниден бағыт алған, ғақли-ислам, екіншісі - әл-Ғазалиден басталар нақли-ислам.

- Әл-Фараби туған жеріне оралғанда Абаймен кездесер орны осы деп ол ойын қорытындылап, кейінгі 4-5 жыл ішінде бірсыпыра арабтардың ғылыми, діни қайраткерлерімен кездесе, сұхбаттаса жүріп түйген А. Машанидің өз тоқтамы мынау еді:

“Өмірдің өзі шындық” деген Абайдың тамаша қағидасына бір көз жіберіп қарайықшы. Оның терең мағынасын қысқа түрде топшылайтын болсақ - ол бүкіл табиғат дүниесі, ол біздің өмірге келген ұямыз-мекеніміз.

Дүние ғаламы шебер жарастықтағы ғажайып ғимарат, көрікті құрылыс. Ол Космос ғимараты. Космос грекше бүкіл әлем бір тұтас құрылыс деген мағынада ғой. Ол космос хаос емес, қоқыс емес, ол - ғажайып шебер құрылыс.

Әлем құрылысын тану үшін, оны іздеп табу үшін саналы ой, ғақли парасат керек, әр затқа есім беріп есебін айыру керек: ғақли парасат сол. Сонда ғана сенің атың адамдық есім, оны танымасаң, сен надансын, жаһли басқа жануарлар қатарындасың, яғни солардың адам суретіндегі түрісің-мешінсің-маймылсың. Сондықтан да айтылған:

“Ғақли көзбен қарасаң,

Дүние ғажап, сен - есім,

Жаһли көзбен қарасаң,

Дүние қоқыс, сен - мешін”.

(Әл-Фараби) .

Абай да дүниені әл-Фарабише түсінген, дүние ғажап құрылыс, онда әркімнің, заттың лайықты жарастық орны бар. Сен соны іздеп тап, өз орныңды анықтап тап дейді:

“Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң арқалан.

Сен де бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та бар қалан”.

(Абай) .

Демек бұл мәселе әл-Фараби тілінде “Табиғат ұлы кітап баспасы” (“Табиғат матбуғат”), Абай тілінде бұл “Өмірдің өзі шындық”. Ғылымның шындығын табу өмірдің өзінен іздеу жолында А. Машани толғанысының мән мағынасына келейік.

Осы шындықты біз, жаңаша ойлауға еркіндік алған қазіргі заманда ғана, бүгін ғана ортаға салып отырмыз дегенді сол жолы әз аға. Осымен байланысты талай ірі мәселелерді Ақжан хазіреттің аңдамай қалуы мүмкін емес-тін. Себебі: әл-Фараби мен Абай хақында жаңадан ойласудың, шындық іздеу дәуірінде аса зор ғылыми, тәрбиелік маңыз алатындығын А. Машани тұрғысынан сараптап көрелік. Екі дананы рухани ортақтастыратын мысалды Абайдың:

«Өмір жолы тар соқпақ, иілген жақ

Иілтіп екі басын ұстаған Хақ

Имек жолда тиянақ, тегістік жоқ

Құлап кетпе, тура шық, көзіңе бақ» - деуі, оның әл-Фараби бабасы ашқан табиғаттың ғылыми заңдылығын тереңнен ұғып, өмірдің өлшемдес түсінігінен туындайтын болмыс құбылысын тап басып, дәл айтқан толғанысы деп түйіндеген А. Машани тұжырымына кім таласар?! Өйткені әл-Фарабидің ғылыми ізденісі де, ғылыми ислами мирасы да осы имектерді зерттеуден туындайды ғой. Шұғыла түсінігі, ойыс айна (параболид) түсінігі - бәрі осыған соғады. Ойыс айна ортасындағы шұғыла шоғыры - мухарак (фокус) ноқат іспетінде қарастырылады. Бұл ғылымға әл-Фараби әкелген түсінік. Бірақ бүгінгі әл-Фарабидің ұрпағымыз дейтін кейбір ғалымдар оны Кеплерге апаратындығы санамыздағы салғырттық сарқыншақтарын аңдатса керек. Тарихты білу-ұлттық құндылықтарды жаңғырту. Міне, ғалым А. Машанидің даралайтын даналық көзі осында жатқандығын тағы да қайталай кеткен көптік болмас дейміз.

Сол жолы-ақ мен ағаның дәптер беттеріндегі айтқаны болашақ “Әл-Фараби және Абай” кітабының қазақ ғылымында абайтану тарихында ренессанстық маңыз алатын зерттеудің аңдатпасы екендігіне күмәнім қалмады. 1987 жылдың қыркүйек - қазан айлары мен үшін “Әл-Фараби және Абай” монографиясында айтылар ой-толғаныстың әбден пісіп, қағазға түсе бастаған күні деп санауым осыдан. Сөйтіп, болашақ іргелі еңбектің мазмұнын бірінші естіген де мен болдым. Архивімде Ақаңның қолы бар сарғыш реңді қағазға машинкамен басылған осы мақаланың бір данасын тұмардай сақтау себебім де осыдан . . .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақжан Жақсыбекұлы Әл-Машани туралы
Ақжан Машанов ғибраты
Ақжан Әл-Машанидің ғылыми-танымдық публицистикасы
Ғалым Әл-Машанидің өмір жолы
Әл-Фараби және Ақжан Машани (Қасым Аманжолов порталынан)
Ақжан Машани «Әл-Фараби және Абай»
Ақжан Жақсыбекұлы Әл-Машани
Ақжан Әл – Машани және Геомеханика
Ғұламаны қазаққа танытқан тұлғалар жайында
Әл-Фараби – түркі және ислам өркениетінің ойшылы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz