Кәсіпорынның ұйымдық құрылымы және шаруашылық қызметі



1 КӘСІПОРЫННЫҢ ҰЙЫМДЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ 5
1.2 Қаржылық жағдай туралы түсінік 8
1.2 Қаржылықтұрақтылық 11
2 БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІҢ, ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУДЫҢ ЖӘНЕ АУДИТТІҢ ҚҰРЫЛУ НЕГІЗДЕРІ 18
2.1 Кәсіпорынның қаржылық шаруашылық қызметіне талдау 21
Шаруашылық субъектісінің өзіндік капиталының есебі, 25
талдауы және аудиті 25
Негізгі қаражаттар мен материалдық емес активтер есебі, талдауы және аудиті 29
2.4 Инвестиция есебі, талдауы және аудиті 35
Қаражаттарының есебі, талдауы және аудиті 43
Дебиторлық берешектер есебі, талдауы және аудиті 47
2.6 Міндеттемелер есебі, талдауы және аудиті. 51
2.7 Еңбекақы мен оны төлеу есебі, талдауы және аудиті 56
Кірістер мен шығындар есебі, талдауы мен аудиті 58
Тауардың түсуі мен өткізудің есебі, талдауы және аудиті 62
3 ИВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАНЫҢ ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУ 64
3.1 Инвестициялық жоба 64
Баптың атауы 66
Қаржылық есеп беру, талдау және аудит жасаудың әдістемесі мен тәжірибесі 76
КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасы кәсіпорындарында, соңғы жылдары еліміздің экономикасының нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты бухгалтерлік есептің әдістемесі мен тәжірибесінде түбегейлі өзгерістер болды.
Бухгалтерлік есеп стандарттары мен субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметі шоттары Бас жоспарының 1997 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізілуі және қаржылық есеп беру нысандарының халықаралық стандарт талаптарына сәйкестендірілуі нарықтық экономика жағдайына сай қаржылық талдаудың жаңа әдістемесін жасауды талап етеді.
Қоғамда қаржылық талдау біреудің орынсыз тілегінен емес, өмірлік аса қажеттілік салдарынан туындады:
салмақ, ұзындық өлшемін және есептеу жүргізбей, шаруашылық субъектінің мүліктік жағдайы мен оған әсер ететін себептерді білмей, табыс пен шығынды өзара салыстырмай, біріншісінің екіншісінен артық болуына көз жеткізбей шаруашылықты ойдағыдай жүргізу мүмкін емес.
Ұсынылғалы отырған дипломдық жұмыста «МаГу» ЖШС – нің шаруашылық қызметінің қаржылық жағдайына талдау жасалады.
Жұмыстың мақсаты - кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдай отырып өзіме теориялық және әдістемелік негіздер туралы мағлұмат алу, оны ұғыну.Талдау жұмысын біліктілікпен жүргізуге, кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері мен қаржылық тұрақтылығы туралы дұрыс, ғылыми негізделген баға мен қорытынды беруге дағдыланып, болашақта өндірістің өсуі мен оның тиімділігін арттыру жолдарын қарастыру.
Осы дипломдық жұмыс барысында мен өзімнің университет қабырғасында алған, игерген ғылыми – теориялық білімімді нақты өмірдегі өндірістік тәжірибеге ұштастырып, бухгалтер мамандығы бойынша нақты тәжірибе жүзінде теориялық білімді қолдануды үйрендім және өз мамандығымды кәсіби түрде жетік меңгердім. Яғни шаруашылық субъектісінің есеп саясатын жасау, бухгалтерлік есепті ұйымдастыру, оны дұрыс, нақты, шынайы, дәлме – дәл жүргізумен және қаржылық есеп беру, талдау, аудит пен танысып қана қоймай, олардың ресми құжат негізінде қағаз бен электрон көз нысандарында толтырылуын, жүргізілуін және қолданылуын үйреніп, жеттік кәсіби деңгейде игердім. Сонымен қатар өткен жылы өндірістік танымдық практика жұмысын істеген кезде бухгалтерлік есептің алғашқы немесе басқаша айтқанда бастапқы құжаттарды қалай дұрыс толтыру, тәртібі, ерекшеліктерімен, оларды дұрыс жүргізу, талдау, аудиттеудің негіздерімен таныстым және жоғарыда аталған бухгалтерлік құжаттарды толтыру, құру, талдау, аудиттеу талап, тәртіптері бойынша құжаттау ісін жүргізуді үйреніп, белгілі дәрежеде толық меңгердім. Бұл жұмыстағы есепте өндірістік практиканы істеген уақыттағы есептік кезең бойынша « МаГу» ЖШС – нің қаржылық – шаруашылық қызметі, ұйымдық құрылым, әр қырынан жан – жақты кең көлемде нақты, әрі түсінікті сипатталуымен, талдануымен бірге екі айлық тынымсыз еңбек, үздіксіз ізденістің нәтижесі көрсетіледі. Бұл күнтізбелік есеп өндірістік практика барысында алған, жинақталған тәжірибе мен білімімнің куәсі, дәлелі іспеттес. Яғни, дипломдық жұмыстағы есеп – университет қабырғасынан алған ғылыми теориялық білім мен өндірістік тәжірибеге сүйене отырып, жинақталған құжаттарды жан – жақты, терең талдау негізінде туған «МаГу» ЖШС – нің қаржылық шаруашылық қызметінің сипаттаушы жұмыс.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 81 бет
Таңдаулыға:   
СОДЕРЖАНИЕ
1 КӘСІПОРЫННЫҢ ҰЙЫМДЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ 5
1.2 Қаржылық жағдай туралы түсінік 8
1.2 Қаржылықтұрақтылық 11
2 БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІҢ, ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУДЫҢ ЖӘНЕ АУДИТТІҢ ҚҰРЫЛУ
НЕГІЗДЕРІ 18
2.1 Кәсіпорынның қаржылық шаруашылық қызметіне талдау 21
Шаруашылық субъектісінің өзіндік капиталының есебі, 25
талдауы және аудиті 25
Негізгі қаражаттар мен материалдық емес активтер есебі, талдауы және
аудиті 29
2.4 Инвестиция есебі, талдауы және аудиті 35
Қаражаттарының есебі, талдауы және аудиті 43
Дебиторлық берешектер есебі, талдауы және аудиті 47
2.6 Міндеттемелер есебі, талдауы және аудиті. 51
2.7 Еңбекақы мен оны төлеу есебі, талдауы және аудиті 56
Кірістер мен шығындар есебі, талдауы мен аудиті 58
Тауардың түсуі мен өткізудің есебі, талдауы және аудиті 62
3 ИВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАНЫҢ ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУ 64
3.1 Инвестициялық жоба 64
Баптың атауы 66
Қаржылық есеп беру, талдау және аудит жасаудың әдістемесі мен тәжірибесі
76

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасы кәсіпорындарында, соңғы жылдары еліміздің
экономикасының нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты бухгалтерлік есептің
әдістемесі мен тәжірибесінде түбегейлі өзгерістер болды.
Бухгалтерлік есеп стандарттары мен субъектілердің қаржы-шаруашылық
қызметі шоттары Бас жоспарының 1997 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа
енгізілуі және қаржылық есеп беру нысандарының халықаралық стандарт
талаптарына сәйкестендірілуі нарықтық экономика жағдайына сай қаржылық
талдаудың жаңа әдістемесін жасауды талап етеді.
Қоғамда қаржылық талдау біреудің орынсыз тілегінен емес, өмірлік
аса қажеттілік салдарынан туындады:
салмақ, ұзындық өлшемін және есептеу жүргізбей, шаруашылық субъектінің
мүліктік жағдайы мен оған әсер ететін себептерді білмей, табыс пен шығынды
өзара салыстырмай, біріншісінің екіншісінен артық болуына көз жеткізбей
шаруашылықты ойдағыдай жүргізу мүмкін емес.
Ұсынылғалы отырған дипломдық жұмыста МаГу ЖШС – нің шаруашылық
қызметінің қаржылық жағдайына талдау жасалады.
Жұмыстың мақсаты - кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдай отырып
өзіме теориялық және әдістемелік негіздер туралы мағлұмат алу, оны
ұғыну.Талдау жұмысын біліктілікпен жүргізуге, кәсіпорынның қаржы-шаруашылық
қызметінің нәтижелері мен қаржылық тұрақтылығы туралы дұрыс, ғылыми
негізделген баға мен қорытынды беруге дағдыланып, болашақта өндірістің өсуі
мен оның тиімділігін арттыру жолдарын қарастыру.
Осы дипломдық жұмыс барысында мен өзімнің университет қабырғасында
алған, игерген ғылыми – теориялық білімімді нақты өмірдегі өндірістік
тәжірибеге ұштастырып, бухгалтер мамандығы бойынша нақты тәжірибе жүзінде
теориялық білімді қолдануды үйрендім және өз мамандығымды кәсіби түрде
жетік меңгердім. Яғни шаруашылық субъектісінің есеп саясатын жасау,
бухгалтерлік есепті ұйымдастыру, оны дұрыс, нақты, шынайы, дәлме – дәл
жүргізумен және қаржылық есеп беру, талдау, аудит пен танысып қана қоймай,
олардың ресми құжат негізінде қағаз бен электрон көз нысандарында
толтырылуын, жүргізілуін және қолданылуын үйреніп, жеттік кәсіби деңгейде
игердім. Сонымен қатар өткен жылы өндірістік танымдық практика жұмысын
істеген кезде бухгалтерлік есептің алғашқы немесе басқаша айтқанда бастапқы
құжаттарды қалай дұрыс толтыру, тәртібі, ерекшеліктерімен, оларды дұрыс
жүргізу, талдау, аудиттеудің негіздерімен таныстым және жоғарыда аталған
бухгалтерлік құжаттарды толтыру, құру, талдау, аудиттеу талап, тәртіптері
бойынша құжаттау ісін жүргізуді үйреніп, белгілі дәрежеде толық меңгердім.
Бұл жұмыстағы есепте өндірістік практиканы істеген уақыттағы есептік кезең
бойынша МаГу ЖШС – нің қаржылық – шаруашылық қызметі, ұйымдық құрылым,
әр қырынан жан – жақты кең көлемде нақты, әрі түсінікті сипатталуымен,
талдануымен бірге екі айлық тынымсыз еңбек, үздіксіз ізденістің нәтижесі
көрсетіледі. Бұл күнтізбелік есеп өндірістік практика барысында алған,
жинақталған тәжірибе мен білімімнің куәсі, дәлелі іспеттес. Яғни, дипломдық
жұмыстағы есеп – университет қабырғасынан алған ғылыми теориялық білім мен
өндірістік тәжірибеге сүйене отырып, жинақталған құжаттарды жан – жақты,
терең талдау негізінде туған МаГу ЖШС – нің қаржылық шаруашылық
қызметінің сипаттаушы жұмыс.

1 КӘСІПОРЫННЫҢ ҰЙЫМДЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ

Директор

Қойма
Дүкен –
Көрме
Бухгалт
ерия
Транспо
рттық
тасмал
бөлімі
Өкілдер
бөлімі
Күзет
және
қауіпсі
здік
қызметі

Шаруашылық субъектісі МаГу деп аталады. МаГу - жауапкершілігі
шектеулі серіктестік түріндегі Қазақстан Республикасының резидент заңды
тұлғасы болып табылады. Ол 2001 жылы қыркүйектің 8 жұлдызында бұрынғы
Галаксим ЖШС – інің негізінде қайта құрылып, ҚР – сы Әділет министрлігі
Шығыс Қазақстан облысының Әділет басқармасының 2001 жылы 10 қазан күні
берілген № 09216 – 1927 (ШҚ) мемлекеттік тіркеу куәлігі негізінде алғаш рет
жұмысын жасай бастады. Осыдан төрт жыл бұрынғымен салыстырғанда
серіктестіктің жарғылық капиталы 4 есеге, жұмысшыларының саны 2,5 есе
өскен.
МаГу ЖШС і Қазақстан Республикасы Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен
қаласы, Мызы көшесі 43 үйде орналасқан. Бұл мекежай (адрес) –
серіктестіктің нақты, заңды, ресми мекенжайы болып саналады. Серіктестік
тек қана резидент заңды тұлға, коммерциялық ұйым ретінде саналып қоймай,
Қазақстан Республикасы заңдар, нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес
Қазақстан Республикасының қаржы министрлігінің Шығыс Қазақстан облысының
Өскемен қаласы бойынша салық комитеті мемлекеттік мекемесінен берілген
№181600056358 салық төлеушінің тіркеу номерлі тұрғылықты орыны бойынша
салық төлеуші заңды тұлға болып табылады. Серіктестік өзінің жүргізетін
шаруашылық қызметіне сәйкес 6 мемлекеттік және жергілікті жер, облыстық
бюджетпен төмендегідей салық түрлері бойынша есеп айырысады: Жеке
тұлғалардың табыс салығы, әлеуметтік салық, қосылған құн салығы,
корпоративтік табыс салығы, мүлік салығы, жер салығы, көлік – құралдар
салығы.
МаГу ЖШС-інің негізгі қызметі сауда, соның ішіндекондитерлік
өнімдерді нарыққа толайым бағамен сату болып табылады. Сондай – ақ
санитарлық тазалық бұйымдар, автокөлік құралдардың майлау материалдарын
сату серіктестіктің жанама қызметі болады. Бұдан басқа кәсіпорын өзінің
ғимаратының бір бөлігі: қоймалар мен офистерді арендаторларға жалға беру
арқылы қосымша табыс табады.
МаГу ЖШС—і директор, яғни осы аталған шаруашылық субъектісінің меншік
иесі – қожайынның өзі басқарады. Директор Қазақстан Республикасының
заңдары, нормативтік – құқықтық актілері мен серіктестіктің жарғылық
құрылтай құжаттарының негізінде шаруашылық субъектісіне жұмысшы, қызметкер
қабылдау, босату, ауыстыру, қол астындағы ұжыммен жекелей және жалпылай
түрде еңбек келісім шартына отыру, ұзарту, серіктестік атынан басқа
тұлғалармен келісім – шарт жасау, ұзарту, оны бұзу, еңбек ақыны босату,
шаруашылықтың барлық жұмысын басқару, бақылау қатарлы істерді жүргізумен
шаруашылық субъектісі – МаГу ЖШС деп аталатын заңды тұлғаның барлық іс
әрекетіне, жұмысына уәкілетті мемлекеттік органдар мен басқа тұлғалар
алдындағы міндеттемелері бойынша жеке басымен өзі толық жауап береді.
Серіктестікте директордың орынбасары деген арнайы лауазымды тұлғаның штаты
бекітілмеген. Директор жоқ кезде оның міндетін уақытша бас бухгалтер өз
мойнына алады. Яғни бас бухгалтер бейресми директордың орынбасары болып
саналады. Серіктестік құрылымы төмендегі бөлімдерден тұрады:
1) Бухгалтерия;
2) Дүкен – көрме;
3) Қойма;
4) Транспорттық тасымал бөлімі;
5) Өкілдер бөлімі;
6) Күзет және қауіпсіздік қызметі;
1) Бухгалтерия серіктестіктің қаржылық – шаруашылық операцияларын
жүзеге асырады, бухгалтерлік есеп: қаржылық есеп пен басқарушылық
(өндірістік) есепті жүргізіп, қаржылық есеп беруді жасайды және
салық органдарына белгіленген мерзімде салық декларацияларын
тапсырып, бюджеттен уақытында есеп айырысады. Бухгалтерияда бас
бухгалтер басшылық етеді, оның қол астында бір көмекшісі қызмет
етеді. Барлығы 2 адам жұмыс істейді.
2) Дүкен – көрме залы серіктестіктің тұрақты сауда жасалатын орны болып
табылады. Онда кез келген клиенттермен бірге тұрақты ірі
клиенттердің тапсырысы қабылданып, қолма қол ақшалай және қолма қол
ақшасыз түрде сауда жасалынады. Бұл бөлімде кассир 1, сатушы 1,
барлығы 2 адам қызмет жасайды.
3) Қоймада сатуға арналған тауарлармен бірге тапсырыс берушілер мен
мердігерлерге жіберілетін және жабдықтаушылардан келіп түскен
тауарлар, сондай – ақ серіктестіктің аз жұмысына қажетті
материалдар, шаруашылық заттары, құралдары сақталады. Қоймада
меңгеруші 1, қоймашы 2, барлығы 3 адам қызмет етеді.
4) Транспорттық тасымал бөлімінде 3 техника: форд маркалы жеңіл
автокөлік және Газель, Газ – 53 маркалы жүк автокөліктерімен
тауарлар мен материалды тиісті орындарға жеткізу, тасу қызметтері
жасалынады. Бұл бөлім оперативтік тұрғыдан директорға тікелей
бағынады. Бөлімде 3 шофер жұмыс істейді.
5) Өкілдер бөлімінде 5 сауда өкілдері (торговые агенты) қызмет жасайды.
Бұл бөлімде жұмыстайтын өкілдері күн сайын белгіленген график,
бөлісі бойынша өзіне тиісті аумақтағы азық – түлік дүкендері,
универмаг, гастраном, киоск қатарлы сауда орындарынан тауарға
тапсырыс алады.
6) күзет және қауіпсіздік қызметі тікелей директорға бағынады. Бұл
бөлім серіктестіктің күзеті мен қауіпсіздігін, инкассаторлық
қызметін жүзеге асырумен бірге кәсіпорында пропуск, сенімхат
жүйесінің сақталуын қамтамасыз етеді. Бұл бөлімде 3 адам қызмет
етеді.
Сонымен 2005 жылы 2-нші сәуірдегі мәлімет бойынша МаГу ЖШС – інде
барлығы 22 адам қызмет етеді. МаГу ЖШС – інің алға қойған басты
мақсаттары мен жүзеге асыруға жоспарланған жобаларын кейбіреулерін айта
кетсек:
Өскемен қаласында өзіндік сауда нүктелерінің біріңғай ірі желісін
қалыптастыру.
Нарық талабына сай басқа қызмет көрсету, өнім өндіру салаларында да
жұмыс жасау. Мысалы: Нан және нан өнімдерін жасау, шұжық цехын жасау мен
мейрамхана бизнестеріне аяқ басу.
Отандық және шетелдік ірі, белгілі өндіріс фирмаларының тұрақты, ресми
диллері болу.

1.2 Қаржылық жағдай туралы түсінік

Енді осы кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдамас бұрын жалпы қаржылық
жағдай дегеніміз не екенін біліп алайық.
Соңғы жылдары шығарылған арнайы әдебиеттерде бұл ұғым әртүрлі
түсіндіріледі. Профессор А.Д.Шеремет Кәсіпорынның қаржы жағдайы тарату,
пайдалану және және оны қалыптастыру көздерімен ( меншікті капитал мен
міндеттемелер, яғни пассивтер) сипатталады деп жазған.
Профессор Н.А Русак бұл ұғымды былайша анықтайды: Кәсіпорынның қаржылық
жағдайы қаржы ресурстарын жасау, тарату және пайдаланумен сипатының қалыпты
өндірістік, коммерциялық және басқа да қызмет түрлері үшін қажетті қаржы
ресурстармен қамтамасыз етілуімен және оларды мақсатқа сай, тиімді тарату
және пайдаланумен, сондай-ақ басқа шаруашылық субъектілерімен қаржылық
қарым-қаынаста болу, төлеу қабілеттігі және қаржылық тұрақтылықпен
сипатталады.Кәсіпорынның уақтылы төлеу мүмкіндігі оның қаржылық жағдайының
жақсылығын көрсетеді
С.А.Стуков осы үғым бойынша өзінің көзқарасын келесі сөздермен
баяндайды: Кәсіпорынның қаржылық жағдайы – бұл бірқатар көрсеткіштермен
сипатталатын оның саулығы мен өмір сүру қабілеттілігін кешенді түрле
бағалау.

Жоғарыда берілген анықтамалар қарастырылып отырған ұғым мәнін
жеткілікті дәрежеде ашпайды, бірақ олардың әрқайсысында бұл ұғымды дәлірек
анықтауға мүмкіндік беретін ұтымды тұжырымдар бар. Бірқатар түрлі
әдістермен есептелетін бірыңғай көрсеткіштерге қарағанда қаржылық жағдай
түрлі кқрсеткіштерді есептеу нәтижесінде және олардың жалпы бағалауға
тигізетін әсерін зерттеу негізінде анықталатыны анық. Қорыта келе,
кәсіпорынның қаржы жағдайы әлсіз және өмір сүру қабілеті жоқ кәсіпорындарға
аяусыз қарайтын бәсекелі нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның
сенімді болуын, тұрақтылығын және келешегі барлығын куәландыру тиіс.

Біздің көзқарасымыз бойынша, сенімділік кәсіпорын жұмысының
үздіксіздігін және оның төлеу қабілеттілігін көрсетеді.
Осы берілген түсініктерге сүйене отырып, біз бұл ұғымды былай
анықтауды ұсынамыз:
Кәсіпорынның қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі
қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі
мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақтылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен
қамтамасыз етілуін көрсетеді.
Ал кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы нені білдіреді? Бұл сұрақ та
арнайы оқулықтарда түрліше түсіндіріледі. Бір авторлар қаржылық
тұрақтылықты "өз қаражаттарын шебер пайдалану қабілеттілігі, жұмыс
процессінде үздіксіздігін қамтамасыз ететін қаржының жеткілікті болуы" деп
түсіндіреді. Қаржылық тұрақтылық - меншікті және қарыз қаражаттарының
байланысы деп жазады.
Енді біреулер "өз қаражаттары есебінен активтерге (негізгі қорлар,
материалдық емес активтер, айналым қаражаттары) жіберілген қаражаттарды
жабатын, сондай-ақ өтелмеген дебиторлық және кредиторлық қарыздарға жол
бермейтін және де өз міндеттемелерін уақтысында қайтаратын шаруашылық
субъектілері қаржылық тұрақты болып табылады" деп жазады.
Бұл ұғымды А.Д. Шеремет пен Р.С. Сайфуллин өте ықшам түрде анықтайды.
Олардың ойынша Қаржылық тұрақтылық - бұл әрдайым төлем қабілеттілігін
кепілдендіретін кәсіпорынның белгілі бір шоттар жағдайы.

В.М. Родионова мен М.А. Федотова бұл ұғымды келесідей түсіндіреді:
Кәсіпорында тұрақты қалыптасқан табыстың шығыннан артуының өзіне тән
айнасы - қаржылық тұрақтылық болып табылады. Ол ақша қаражаттарын еркін
пайдаланып, оларды тиімді қолдану арқылы ендіру мен өнімді өткізу
процесінің үздіксіздігін қамтамасыз ететін, сондай-ақ кәсіпорынды
кеңейтуге және жаңартуға қажетті шығындарын қаржыландыратын кәсіпорынның
қаржы ресурстық жағдайын сипаттайды. Қаржылық тұрақтылық кәсіпорынның жалпы
тұрақтылығының негізгі бөлігі болып табылады. Осы еңбегінде бұл авторлар
одан әрі мына анықтаманы келтіреді.

1.2 Қаржылықтұрақтылық

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы - бұл тәуекелділіктің мүмкін
болатын деңгейінде төлем қабілеттілігі мен несие қабілеттілігін сақтай
отырып, табысты өсіру негізінде қаржыны тарату мен пайдалану арқылы
кәсіпорынның дамуын көрсететін қаржы ресурсының жағдайы.
В.Г.Артеменко мен М.В. Беллендир бұл ұғымды былай түсіндіреді:
Қаржылық тұрақтылық - бұл табыстың шығыннан тұрақты дәрежеде артуы. Ол
ақша қаражаттарын еркін пайдалануды қамтамасыз етеді және оларды тиімді
пайдалану арқылы өндіру және өнімді сату процесінің үздіксіз болуына жағдай
жасайды. Сондықтан да қаржылық тұрақтылық барлық өндіріс-шаруашьшық
қызметі процесінде қалыптасады және кәсіпорынның жалпы тұрақтылығының
негізгі бөлігі болып табылады. Ал кәсіпорынның жалпы қаржылық тұрақтылығы,
ол ең алдымен әрдайым табыстың шығыннан артуын қамтамасыз ететін ақша
ағымының қозғалысын көрсетеді. Нарық жағдайында ол ең бірінші өнімді
(жұмыс, қызмет) өткізуден түсетін табыстың тұрақтылығын талап етеді және
оның мөлшері мемлекетпен, жабдықтаушылармен, несие берушілермен,
жұмысшылармен және тағы басқалармен есеп айырысу үшін жеткілікті дәрежеде
болуы тиіс. Сонымен қатар кәсіпорынның одан әрі дамуы үшін барлық есеп
айырысулар мен барлық міндеттемелерді орындағаннан кейін, осы кәсіпорында
өндірісті дамытуға, оның материалдық-техникалық базасын жаңартуға және де
әлеуметтік климатты жақсартуға және басқаларға мүмкіндік беретіндей
дәрежеде табыс қалуы қажет.

Айта кету керек, біз қаржылық тұрақтылық ұғымын қарастырғанда соңғы
айтылған авторлардың көзқарастарын бөлек қарастырдық, әйткенмен біз олардың
кейінгі шешімдерімен келісе алмаймыз. Қаржылық тұрақтылықтың мәні - қаржы
ресурстарын тиімді қалыптастыру, тарату және пайдаланумен анықталады" -деп
жазады В.Т. Артеменко мен М.В. Беллендир .
Біздің ойымызша бұл ұғымды А.Д. Шеремет мен В.С. Сайфуллин дәлірек
және анығырақ түсіндіреді. Олар қаржылық тұрақтылықтың мәні - бұл қорлар
мен шығындардың қалыптасу көздерінен қамтамасыз етілуі -деп түсіндіреді.
Э.А. Маркарьян мен Г.П. Герасименко да дәл осындай көзқараста .
"Кәсіпорынның өз міндеттеме-лері бойынша есептесу мүмкіндігі" немесе
"Сауда, несие және басқа да төлем сипатындағы операциялардың нәтижесінде
пайда болатын кәсіпорынның төлем міндеттемелерін уақтылы және толық орындау
мүмкіндігін көрсететін төлем қабілеттілігі, қаржылық тұрақтылықтың сыртқы
көрінісі болып табылады". Кәсіпорынның жұмысы нарық жағдайына етумен бірге
оның қаржылық жағдайы және оны сауықтыру жолдарын іздеу жөніндегі сұрақтар
да шиелінісе түсті.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық жағдайына көптеген факторлар әсер
етеді, оларды В.М. Радионова және М.А. Федотова келесідей түрлерге
жіктейді:
пайда болу орнына байланысты - ішкі және сыртқы;
нәтижесінің маңыздылығына байланысты – негізгі және негізгі емес;
құрылысы бойынша - қарапайым және күрделі;
әрекет ету уақыты бойынша - тұрақты және уақытша.
Ішкі факторлар кәсіпорынның өзінің жұмысшы ұйымдастыруына байланысты
болады, ал сыртқы факторлар кәсіпорын еркіне бағынышты емес.

Негізгі ішкі факторларды қарастырайық. Кәсіпорынның тұрақтылығы ең
бірінші өндіріс шығындарымен үздіксіз байланысқан өндірілген өнім мен
көрсетілген кызметтің құрамы мен құрылымына тәуелді. Сондай-ақ, тұракты
және айнымалы шығындар арасындағы қатынас маңызды болып табылады.
Кәсіпорыының өндірілетін өнім және өндіріс технологиясымен тығыз
байланыскан қаржылық тұрақтылығының маңызды факторларының бірі —
активтердін тиімді құрамы мен құрылымы, сондай-ақ кәсіпорынның басқару
стратегиясын дұрыс таңдап алуы болып табылады. Ағымдағы активтерді басқару
өнері - кәсіпорын шотында оның ағымдағы жедел қызметі үшін қажет болатын
қаржының ең төменгі сомасын ұстаудан тұрады.
Қаржылық тұрақтылыктың ішкі, маңызды фактор-ларының бірі - бұл қаржы
ресурстарының құрамы мен құрлымы, оларды басқару стратегиясы мен тактика-
сының дұрыс таңдалып алынуы. Кәсіпорынның өз қаржы ресурсы, соның ішінде
таза табысы қаншалықты көп болса, соншалықты ол өзін жайлы сезіне алады.
. Сонымен бірге тек таза табыстың көлемі ғана емес, сонымен қатар оны
тарату құрылымы, әсіресе өндірісті дамытуға бағытталған бөлігі де
өте маңызды болып
табылады.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына қарыздық капиталдар нарығындағы
қосымша жүмылдырушы (мобшіизацияланупіы) қаражаттар үлкен әсерін тигізеді.
Кәсіпорын ақша қаражаттарын қаншалықты көп тар-татын болса, оның қаржылық
мүмкіндіктері де сонша-лықты жоғары болады, алайда, сонымен бірге қаржы-лық
тәуекелділік те өседі - яғни кәсіпорын өз креди-торларымен уақытында
есептесе ала ма, жоқ па? -деген қауіп туады.

Және де бұл жерде кәсіпорынның төлеу қабілет-тілігінің қаржылық
кепілінің бір түрі ретінде резервтерге үлкен роль берілген.
Жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, кәсіпорынның қаржылық
тұрақтылығына әсер ететін мынадай ішкі факторларды атап көрсетуге болады:
- кәсіпорынның салалық топқа жатуы;
- шығарылатын өнімнің (жұмыс, қызмет) құрылымы және оның
жалпы төлем қабілетгілігі бар сұраныстағы үлесі;
- төленген жарғылық капиталдың мөлшері;
- шығындардың көлемі, олардың ақшалай табыспен салыстырғандағы
динамикасы;
- қорлар мен резервтерді, олардың құрамы мен құрылымын
қоса алғандағы мүлік пен қаржы ресурстарының жағдайы;
- кәсіпорындарды басқару тиімділігі.
Сыртқы факторларға шаруашылық жүргізудің эко-номикалық жағдайының
әсері, қоғамда үстемдік етуші техника мен технология, төлеу қабілеті бар
сұраныс және тұтынушылар табысының деңгейі, ҚР үкіметінің салық және несие
саясаты, кәсіпорынның қызметін бақылау жөніндегі заң акгілері, сыртқы
экономикалық байланыс және тағы басқалар жатады.

Кәсіпорынның тұрақты қаржылық жағдайын қалыптастыруда оның өз
контрагенттерімен (салық органдары, банктер, жабдықтаушылар, сатып
алушылар, акционер-лер және тағы басқалар) өзара қарым-қатынасы үлкен әсер
етеді. Сондықтан да серіктестермен реттелген іскерлік қатынаста болу -
жақсы қаржылық жағдайдың бірден-бір шарты болып табылады. Әрине,
акционерлер өз жинақ қорларын тұрақты тиімділікке ие және дивиденттерді
ұқыпты төлейтін қаржылық тұрақты кәсіпорындарға салады. Инвестициялық
тартымдылығы болуы үшін, тек бүгінгі күні ғана емес, болашақта да
кәсіпорынның қаржылық жағдайы көршісіне қарағанда жаксы болуы тиіс.
Сондай-ақ, бұл жыл сайын өз облигациясы бойын-Ша белгілі бір
пайызбен алғысы келетін, ал заем мерзімі біткен уақытта -
облигация құнын толық өтеуді талап ететін облигация иелеріне де қатысты.
Кез келген коммерциялық кәсіпорын сияқты банктер де өз несие-лерімен
тәуекел ете отырып несие алушының өз қары-зын уақытында және толық өтеуін
қалайды, сондықтан оны беру туралы шешім қабылдай отырып, кез келген
банк өз клиентінің қаржылық жағдайын және бұл қарыздың
қамтамасыз етілуін тексереді. Басқаша айт-канда, кәсіпорынның
қаржылық жағдайы банктер осы кәсіпорынға несие беру орынды ма, жоқ
па, ал бұл сұрақты дұрыс шешкен жағдайда - қандай пайызбен және
қанша мерзімге деген сұрақтарды шешудегі негізгі белгі болып табылады.
Жабдықтаушылар мен тұтынушылар сенімді және төлем қабілеттілігі жоғары
кәсіпорындармен келісім-шартқа үлкен ықыласпен отырады. Тіпті қаржы орган-
дары, әсіресе салық инспекциясы кәсіпорынньщ жағ-дайы тұрақты болғанын
қалайды, себебі тек осындай кәсіпорын ғана салықтар мен басқа да міндетті
төлем-дерді уақытылы және толық төлей алады.

Осылайша, қаржылық жағдай кәсіпорынның бәсеке-лестік қабілетін және
оның іскерлік қарым-қатынастағы потенциалын анықтайды, кәсіпорынның
өзінің және оның серіктестерінің қаржылық және басқа қатынастар
тұрғысындағы экономикалық қызығушылықтары қаншалықты дәрежеде
кепілдендірілгенін бағалайды. Кәсіпорынның қаржылық жағдайының
объективті дұрыс бағасын алудың ең жақсы тәсілі, бұл -
талдау, ол кәсіпорынның даму бағытын бақылауға, оның шаруа-шылық
қызметіне кешенді түрде баға беруге мүмкіндік береді және осындай
жолмен басқарушылық шешім-дерді өңдеумен кәсіпорынның өзінің
өндірістік кәсіпкерлік қызметі арасында байланыстырушы қызметің
атқарады.
Кәсіпорын осы мерзімге дейінгі уақытта қаржы ресурстарын қаншалықты
дүрыс басқарды деген сүраққа жауап береді: кәсіпорын осы мерзімге дейінгі
уакытта қаржы ресурстарын каншалықты дұрыс басқарды. Қаржы ресурстары
жағдайының нарық талаптарына сай болуы және де кәсіпорынның дамуына
байланысты қажеттіліктерге жауап бере алуы өте маңызды болып табыладьг,
себебі қаржылық тұрақтылықтың жетіспеу-шілігі кәсіпорынның төлеу
қабілетінің жоқтығына және оның дамуына қажетті қаражатының болмауына, ал
көп болуы - дамуға кедергі жасап, басы артық қорлармен және резервтермен
кәсіпорын шығындарын көбейтуіне әкеліп соқгыруы мүмкін.
Нарықтық экономика жағдайында жүмыс істеуші кәсіпорындардың қаржылық
жағдайын талдаудың басты мақсаты (міндеті) келесілер болып табылады:
- қаржылық жағдайға баға беру және оның есеп беру
мерзіміндегі өзгерісі;
- активтер мен олардың қалыптасу көздері арасындағы
сәйкестікті, оларды таратудағы рационалды және пайдаланудағы
тиімділікті зерттеу;
- айналым капиталының көлемін, оның өсуін (кемуІн)
және ағымдағы міндеттемелермен арақатынасын анықтау;
- қаржы-есептік және несие ережесін сақтау;
- кәсіпорын активтері және оның міндеттемелерінщқұрылымын зерттеу;
- ағымдағы активтердің айналымдылық есебі, оның ішінде дебиторлық
борыш және қорлар есебі;
- кәсіпорын табыстылығын бағалау;
- кәсіпорын табысының салыстырмалы көрсеткіштерін, сондай-ақ
олардың деңгейінің өзгеруіне әсер етуші факторларды есептеп шығару;
- кәсіпорынның іскерлік белсенділігін анықтау;
- кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын ұзақ және қысқа
мерзімді болжау, яғни оның қаржылық стратегиясын анықтау.
Қаржылық жағдайды талдау кәсіпорыннын шаруа-шылық қызметін
талдаудың қорытындылаушы кезеңі болып табылады. Және ол 3 сатыны
қамтидьг. жабдық-тау, өндіріс және өткізу; бұлардың жиынтығы коммер-
циялық, өндірістік және қаржылық қызметгі құрайды. Кәсіпорынның
қаржылық қызметі - бүл оның осы қызмет нәтижесінде меншікті және
тартылған капитал-дың көлемі мен құрамына өзгеріс әкелетін
қызметі болып табылады. Ол каржы ресурстарының жүйелі түрде
түсуі мен тиімді пайдаланылуына, есеп және несие тәртібін
сақтауға, меншікті және қарыз қаражаттарының арасындағы арақатынастың
рационал-дылығына, сондай-ақ кәсіпорынның тиімді қызмет етуі мақсатында
қаржылық түрақтылыққа қол жеткізуге бағытталуы тиіс, Кәсіпорын
қызметінің қаржылық, өндірістік және коммерциялық жақтары
арасында тығыз байланыс пен өзара тәуелділік бар. Осылайша қаржылық
қызметінің жетістігі, көбінесе оның өндірістік-сату көрсеткіштері-мен
анықталады. Кәсіпорынның өзі алатын төлемдерді және ақша қаражаттарын
алуы оның өнімді сатуына, алдын ала қарастырылған сүрыпталымды ұстап
тұруына, өнім сапасының қажетті деңгейге сәйкестігіне және оны бір
қалыпты өндіруге және төлеуге байланысты
болады.

Жоғары сапалы өнімді үздіксіз өндіру және өткізу кәсіпорынның қаржылық
ресурстарының қалыптасуына оң әсерін тигізеді. Өндіріс процесінде өнім
сапасының төмендеуі және оны сатудың қиындықтары кәсіпорын шотына ақша
қаражаттарының келіп түсуіне кедергі жасайды, нәтюкесінде
кәсіпорынның төлеу қабілеті төмендейді. Кері байланыс та бар, ол ақша
қара-жаттарының болмауы материалдық ресурстардың келіп түсуінің іркілісіне,
демек өндіріс ироцесінің тоқтауына экеліп соқтыруы мүмкін.
Шығындар көлемі өндіріс процесінің тиімділік децгейімен анықталады.
Олардың тиімділігі қаншалықты көп болса, кәсіпорын өнімді өткізу келемін
сақтай отырып ресурстарды, соның ішінде қаржылық ресурс-тарды соншалықты аз
жұмсайды. Және керісінше, шикізат пен материалдар шығындарының нормасының
есуі, еңбек енімділігі деңгейінің төмендеуі, басқа да ресурстардың
мөлшерден тыс жұмсалуы және өндірістік емес шығындар қосымша каржы
қаражаттарының қажеттілігіне себепші болады. Еңбек және материалдық
ресурстар шығыны ең алдымен өнімнің өзіндік кұнын-да, содан соң табыста
тапдап қорытылады. Соңғы айтылған көрсеткіштің көлемі кәсіпорының өзіндік
кара-жаттарының көлемін өзгерте отырып, оның жалпы қаржылық жағдайында
еяеулі көрініс табады.
Кәсіпорынньщ қаржылық қызметінің қалыпты болуы әсіресе өз кезеңіндегі
койылған мақсаттарға қол жеткізу ушін қажетті жағдайларды туғызады, оның
төлеу қабі-леттілігінің кепілі болып табылатын өнім өндірудің уздіксіздігін
және кәсторынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Біздің ойымызша, қаржылық жағдайды талдауды қаржылық тұрактылықтан
бастаған жөн және оған мы-налар жатады:
- кәсіпорын активтерінің құрылымдық және құрамдық динамикасын талдау;
- кәсіпорын активтерінің қалыптасу көздерінің құрамдық және
құрылымдық динамикасын талдау;
- кәсіпорьшның қаржылық тұрақтылығының абсолютгік және
салыстырмалы көрсеткіштерін талдау;
- баланс өтімділігін талдау;
- кәсіпорынның төлем қабілеттілігін жэне несие қабілегтілігін
талдау.

2 БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІҢ, ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУДЫҢ ЖӘНЕ АУДИТТІҢ ҚҰРЫЛУ
НЕГІЗДЕРІ

МаГу ЖШС – інде бухгалтерлік есеп, экономикалық талдау мен аудиттің
құрылуында әр кәсіпорын, ұйым мекемелерге тән жалпы ұқсастығымен қатар
өзіндік ерекшелігі бар. Солардың әр қайсысына тоқталмастан бұрын
бухгалтерлік есеп, экономикалық талдау мен аудиттің жалпы жүргізілу
схемасын бейнелеп көрсетсек.
Директор
Бас бухгалтер
Көмекші бухгалтер
Касса
Қойма
Сауда
агенттері
Тасмал транспорт
бөлімі
Сыртқы аудит (тәуелсіз дербес)

МаГу ЖШС – інің бухгалтерлік есебі, экономикалық талдауы мен аудиті
ұйымының есеп саясаты, бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы
Қазақстан Республикасы заңдары (кодекстері), басқадай нормативтік құқықтық
актілер мен ұлттық, халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарының талап –
шарттарына негізделіп жүргізіледі. Шаруашылық субъектісінің бухгалтериясы
бухгалтерлік есептіжүргізу, экономикалық талдау мен қаржылық есеп беруді
жасау кезінде өз серіктестігінің есеп саясатын басшылыққа алады. Есеп
саясатын бас бухгалтер жасайды. Есеп саясаты серіктестік директорының
келісімі бойынша оның қолы қойылып, мөрі басылып ресми түрле бекітіледі.
Есеп саясатындағы басты өзіндік ерекшелік шаруашылық субъектісінің негізгі
қызметінің сипатына, қызмет түрінің сан алуандылығына тікелей байланысты
болып табылады. Есеп саясаты негізінде шаруашылық субъектісінің
бухгалтерлік есебі жүргізіліп және қаржылық есеп беруі жасалынып қана
қоймай республикалық, жергілікті жер бюджеттерімен есеп айырысу жасалынады.
МаГу ЖШС – інің есеп саясатына өзгертулер мен толықтырулар шаруашылық
субъектісінің құрылтай құжаттары мен Салық және бюджетке төленетін басқа
да міндетті төлемдері туралы, бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру
туралы ҚР – сының заңдары, өзге де нормативтік – құқықтық актілері мен
бухгалтерлік есеп стандарттарының талаптарына сай есептік кезең соңында
ғана енгізу рұқсатталады. Есеп саясатындағы бухгалтерлік есеп пен аудитті
жүргізу, қаржылық есеп беру мен экономикалық талдауды жасаудың әдістері,
жолдары және нұсқаларының ішінде есеп саясатының негізгі элементтері болып
амортизацияны есептеу әдісі мен тауарлық материалдық қорларды бағалау әдісі
болып табылады.
МаГу ЖШС – інің есеп саясатында көрсетілгендей шаруашылық субъектісі
негізгі қаражаттар мен материалдық емес активтер амортизациясын Құнды бір
қалыпты есептен шығару әдісін басқаша айтсақ, Түзу сызық әдісін қолдану
арқылы есетейді. Ал тауарлық материалдық қорларды бағалауда ФИФО әдісі -
алғашқы сатып алынған тауарлар бойынша бағалау әдісі қолданылады.
МаГу ЖШС – індегі бухгалтерлі есепті жүргізудің басты ерекшелігі
өзіндік жүйелік реті мен сатылық этаптардан тұруы болып табылады.
Бухгалтерлік және қаржылық операциялар тек директордың келісімі, рұқсаты
бойынша жүргізіледі.
Сондай – ақ барлық бухгалтерлік, қаржылық операциялар мен тауар –
материалдар қозғалісі тікелей директордың бақылауында болуымен қатар әрбір
кезең соңында және қажетті жағдайда директор бұйрығымен құрылған комиссия
түгендеумен ішкі аудитті жүргізеді.
Мұнымен қатар жылына бір реттен кем емес тәуелсіз дербес аудитор немесе
аудиторлық қызмет көрсететін мекеме келісім шарт негізінде серіктестіктің
қаржылық - шаруашылық қызыметімен оған аудиторлық тексеруін жүргізіп
отырады.

2.1 Кәсіпорынның қаржылық шаруашылық қызметіне талдау

Кәсіпорынның қаржылық шаруашылық қызметі сол кәсіпорынның өндірістік –
саудалық қызметінің барлық жақтарын нақты бейнелеп көрсетеді.
МаГу ЖШС – інің қаржылық – шаруашылық қызметінің негізгі
көрсеткіштерін бейнелейтін кестені құрып көрсетейік.

Кесте 1- МаГу ЖШС – інің қаржылық – шаруашылық қызметінің негізгі
көрсеткіштері
№ Көрсеткіштер Өткен жыл Есепті жылАуытқу
Сомасы Пайызы
(%)
1 2 3 4 5 6
1 Сатудан түсім, мың тг 24750,0 23082,1 -1667,9 -6,74
2 Жұмыстаушылардың орташа 21 22 1 4,76
тізімдік саны, адам
3 Негізгі қаражаттардың 7779,0 7873,0 94,0 1,21
жылдық орташа құны, мың тг
4 Ағымдағы активтердің орташа4030,0 5230,0 1200,0 29,78
жылдық құны, мың тг
5 Еңбек өнімділігі ½, теңге 1178,57 1049,18 -129,39 -10,98

6 Қор қайтарымы, 13, теңге 3,18 2,93 -0,25 -7,86

7 Қор сиымдылығы, 31, теңге 0,31 0,34 0,03 9,68
Қс
8 Өнімнің өзіндік құны, мың 15897,1 1435,4 -1538,7 -9,68
тг
9 Жалпы табыс, мың тг 8852,9 8723,7 -129,2 -1,46
10 Кезең шығындары, мың тг 4373,0 4119,7 -253,3 -5,79
11 Салық салынуға дейінгі 4479,9 4604,0 124,1 2,77
пайда, мың тг
12 Корпоративтік табыс салығы,1344,0 1381,2 37,2 2,77
(30%) мың тг
13 Белгісіз жағдайдан (615,9) (354,8) 261,1 -42,39
(төтенше) табыс немесе
шығын, мың тг
Кесте 1 жалғасы
1 2 3 4 5 6
14 Таза пайда 2520,0 2868,0 348 13,81
15 Активтердің айналымдылығы, 1,16 0,99 -0,17 -14,66
рет
16 Ағымдағы активтердің 1,92 1,56 -0,36 -18,75
айналымдылығы, рет
17 Ағымдағы активтердің бір 200,5 233,9 33,4 16,66
реткі айналымының ұзақтығы,
күн
18 Сату рентабельділігі; % 10,18% 12,42% 2,24%
19 Активтер рентабельділігі;% 11,85% 12,35% 0,5
20 Өзіндік капиталдың 13,77% 15,23% 1,46
рентабельділігі, %

Сурет1- Қаржылық- шаруашылық қызметтің негізгі көрсеткіші

Осы кестеге сүйене отырып келесі мәселелерді зерттеп көрсек.
Өнімді өткізу өткен кезеңге қарағанда есепті кезеңде 1667,9 мың
ттеңгеге немесе 6,74 пайызға кеміген.
Өнімдердің өзіндік құны есепті кезеңді өткен кезеңмен салыстырғанда
1538,7 мың теңгеге немесе басқаша айтқанда 9,68 процентке азайған.
Өндірістік қорлар соның ішінде еңбек ресурстары есепті кезеңде өткен
кезеңге қарағанда бір адамға артқан, яғни 4,76 пайызға өскен.
Төлем қабілеттілік пен баланстық жойылуын талдасақ

Кт=ӨкБк
(1)

Кқ= ӨкЖк
(2)
Кт=18287,021267,0=0,86
Кте=18289,023222,0=0,81
Кқө=18287,02980,0=6,14
Кке=18829,04393,0=4,29
Жалпы серіктестіктің төлем қабілеттілігін сипаттайтын тәуелсіздік,
қаржыландыру коэфициенттері жалпы алғанда өте жоғары. Ал есепті кезеңнің
көрсеткіштерін өткен кезеңмен салыстырғанда тәуелсіздік коэффициенті 0,05-
ке, қаржыландыру коэфициенті 1,85-ке кеміген. Бұл кему серіктестіктің
қаржылық тұрақтылығы, төмен қабілеттілігін төмендетуге ықпал етеді.
1) Рентабельділікті түрлері бойынша есепті кезең көрсеткіштерін
өткен кезеңмен салыстырсақ сату рентабельділігі 2,24 % - ға,
активтердің рентабельділігі 0,5 %-ға, өзіндік капиталдың
рентабельділігі 1,46 % - ға өскен.
2) Жоспарлы (болжамдық) қаржылық іс - әрекеттердің орындалуына
келсек ол осы қаржылық іс - әрекеттердің нақты нәтижесі болатын
таза пайда тұрғысынан алып қарастырсақ 348 мың теңгеге немесе
13,81 %-ға артық орындалған.
3) Серіктестікте кездескен кейбір кемшіліктер мен оларды түзету
жолдарын көрсетсек: Сату көлемі, еңбек өнімділігі, қор
қайтарымы, жалпы табыс қатарлы көрсеткіштердің есепті кезеңде
өткен кезеңге және белгіленген жоспарға қарағанда төмендеуі. Бұл
кемшілікті түзетудің басты жолдар маркетинг жүйесі мен еңбекті
ұйымдастыруды, қаржылық менеджмент пен бухгалтерлік есепті
жүргізу бастылары болып табылады.

Шаруашылық субъектісінің өзіндік капиталының есебі,

талдауы және аудиті

Өзіндік капитал есебі ҚР – сының заңдары, активтік – құқықтық актілері,
№30 – ыншы ұлттық бухгалтерлік есеп стандарты мен серіктестіктің есеп
саясатының талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Өзіндік капитал есебі арқылы:
- есептік кезеңдегі таза табысты немесе зиянды;
- кіріс пен шығыс түрлерін әр баптар бойынша жіктеп талдау;
- есеп саясатында болған өзгерістің өзіндік капиталға әсерін;
- меншік иелерінің капитал бойынша операцияларының сомасы мен оларды
бөлуді;
- есепті кезең басында, есепті кезеңде және кезең ішіндегі бөлінбеген
табыс немесе зиянның сальдосы мен өзгерісін;
- қосымша төленген, қосымша төленбеген, жағымсыз және резервтік
капиталдардың есепті кезең басы мен соңы және ішіндегі сальдосы мен
өзгерісін көрсетеді.
Екі есептік кезең арасындағы серіктеестіктің өзіндік капиталының
өзгерісі есепті кезең ағымында таза активтердің артуымен немесе кемуімен
бейнеленеді. Өзіндік капитал есебі қаржылық есеп берудің белгілі бір
құрамдас бөлігі болып қалмай, сыртқы мәлімет пайдаланушылар: кредиторлар,
инвесторлар, меншік иелері мен ішкі мәлімет пайдаланушылар: әкімшілдік,
директор, басқару кеңесі үшін шешім қабылдауда басты ықпал етуші фактор
болып табылады. Сондай – ақ өзіндік капитал есебінде меншік иелері,
акционерлердің шешімі үлкен маңызға ие болады.
МаГу ЖШС - інің өзіндік капитал құрылымы есептік кезеңде
төмендегідей: (мың тг)
Кесте 2- МаГу ЖШС - інің өзіндік капитал құрылымы есептік кезеңі
Өзіндік капитал Сомасы Ауытқу
Өткен Есепті Сомасы Пайызы %
кезең кезең
Жарғылық капитал (503) 8230,0 8230,0 - -
Резервтік капитал (551 – 552) 7537,0 7731,0 194,0 2,57
Бөлінбеген табыс (561) 2520,0 2868,0 348,0 13,81
Барлық жиыны 18287,0 18829,0 542,0 2,96

Резервтік капитал 194,0 мың тг, бөлінбеген табыс 346,0 мың тг – мен
жалпылай алғанда өзіндік капитал 542,0 тг- мен өскені көрінеді.
Нақты өзіндік капиталдың құрылымын талдасақ:

Кесте 3- Нақты өзіндік капиталдың құрылымы
Көрсеткіштер Өткен кезең Есепті кезең Өзгерту
Мың тг. % Мың тг % Мың тг%
Жарғылық капитал 8230,0 45,00 8230,0 43,71 - (1,29)
Резервтік капитал 7537,0 41,22 7731,0 41,06 194,0 (0,16)
Бөлінбеген табыс 2520,0 13,78 2868,0 15,23 348,0 1,45
Барлығы 18287,0 100 18829,0 100 542,0 -

Есепті кезеңді өткен кезеңмен салыстырғанда өзіндік капитал құрамындағы
жарғылық капитал мен резервтік резервтік капиталдардың үлес салмағы кеміп,
ал бөлінбеген табыстың үлес салмағы артқаны байқалады. Өзіндік капиталдың
пассивтер құрылымындағы өзгерісін талдасақ: мың тг

Кесте 4- Өзіндік капиталдың пассивтер құрылымындағы өзгерісі
Көрсеткіштер Абсолюттік Үлес салмағы Өзгеруі
шамалар
Өткен Есепті Өткен Есепті АбсолюттіҮлес Жалпы
кезең кезең кезең кезең шама салмағы өзгеруі
1.Өзіндік 18287,0 18829,0 85,99 %81,08 %542,0 (4,91 %) 27,72 %
капитал
2.Қарызға 2980,0 4393,0 18,92 %18,92 %1413,0 4,91 % 72,28 %
алынған
қаражат
Барлығы 21267,0 23222,0 100 % 100 % 1955,0 0 100 %
Коэффициент 6,14 4,29 0,38 0,38
Коэффициент 1 0,86 0,81 (0,05)
Коэффициент 2 0,16 0,23 0,07

Сурет2- Өзіндік капиталдың пассивтерқұрылымындағы
өзгерісі
өзіндік капитал
Коэф = қарызға алынған қаражат
(3)

өзіндік капитал
Коэф1= барлығы
(4)

қарызға алынған қаражат
Коэф2 = өзіндік капитал
(5)

Осы талдамалық кестеге қарағанда серіктестіктің өзіндік капиталының
үлес салмағы есепті кезеңде өткен кезеңге қарағанда 4,90 % - ға кемігені
байқалады. Алайда бұл серкітестіктің іс әрекетінің баяулауын білдірмейді.
Өзіндік капиталға аудит жүргізбес бұрын бағдарлама жасалынады. Сол
бағдарлама бойынша рет ретімен келесі құжаттарды пайдаланып өзара
салыстырылады. Бухгалтерлік баланс, бас кітап, №13 – інші журналдар
міндеттемелік құжаттар, негізгі құралдарды және материалдық немесе
активтерді қабылдау беру актісі, төлемдік тапсырмалары, кіріс және шығыс
кассалық ордері, тиісті заңдылықтар, бухгалтерлік проводкалар, тауарлық,
материалдық торларды қабылдау беру актісі. Міндетті адамдар мен акционерлер
жиналысындағы жалпы шешімдер протоколы, түгендеу акті, түгендеу жазулары
және тағы басқа.
Жарғылық капиталды тексеру ЖШС – ті тіркеу және қайта тіркеу кезінде
жүргізілмейді. Сондай – ақ аудиторлық тексеру төмендегідей жағдайда
жүргізілмейді:
1) Экспертиза тәуелді эксперт болатын адамдармен жүргізілсе;
2) Сот шешімі бойынша;
3) Әрбір қаржылық жылдық нәтижесі бойынша.

Негізгі қаражаттар мен материалдық емес активтер есебі, талдауы және
аудиті

Негізгі қаражаттар мен материалдық емес активтер есебі және олардың
тозу есебі Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы ҚР – сының
заңы, басқадай нормативтік актілері мен құжаттары №6,28 – інші ұлттық
бухгалтерлік есеп стандарттары, сондай – ақ серіктестік жарғысының
талаптарына сәйкес жасалынған оның есеп саясаты негізінде жүргізіледі.
Сонымен негізгі қаражаттар мен материалдық емес активтер және олардың
амортизациялық шегерімдері жөнінде Салық кодексі деп аталатын Салық және
бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы ҚР – сының заңына
сәйкес көрсетілген. Бұл заңның талаптарына сәйкес аяқталмаған өндіріс пен
жер амортизациялауға жатпайды және заңға негізделген есеп саясатында
көрсетілген пайыз бойынша және құнды бір қалыпты есептен шығару әдісімен
негізгі қаражаттар, материалдық емес активтерден амортизациялық аударымдар
(тозу) есептелінеді. Негізгі қаражаттар, материалдық емес активтер есебінде
оларды сатып алу, сату, бастапқы және соңғы қалдығының негізінде тозуын,
амортизациясын есептеу, олардың қозғалысы, кәсіпорынға түсуі мен шығуы,
пайдалану мерзімін аналитикалық және синтетикалық есептерде нақты
бейнеленеді. Негізгі қаражаттар болып, яғни бір жылдан аса мерзімге қызмет
жасайтын материалдық активтер негізінен жылжымайтын және жылжитын мүліктер
табылады. Және де серіктестіктің тұрақты жұмыс істеуіне тікелей әсер етеді.

Негізгі қаражаттар есебінде қолданылатын құжаттар:
1) Негізгі қаражаттарды қабылдау беру актісі;
2) Инвентарлық (түгендеу) карточкасы;
3) Инвентарлық карточка описі;
4) Негізгі қаражаттар қозғалысының есебі;
5) Негізгі қаражаттардың инвентарлық тізімі (түгендеу);
6) Техникалық паспорттары;
7) Негізгі қаражаттардың есептен шығу актісі;
Материалдық емес активтер – бұл ақшалай емес активтер, жеке физикалық
мәнге ие емес, ұзақ мерзім бойында өндірісте қолдануға немесе дайын
өнімдерді (тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді) өткізуде, әкімшілік мақсатта
және басқа ұйым – мекемелерге жалға беруде қолданылады. Материалдық емес
активтер құрамына лицензиялық келісімдер, бағдарламалық қамтамасыз ету,
патенттер, ұйымдастыру шығындары, гудвилл, тауар белгісі, ноу – хау және
басқадай материалдық емес активтер кіреді. Материалдық емес активтер
есебінде төмендегідей құжаттар қолданылады:
- материалдық емес активтерді қабылдау беру актісі;
- материалдық емес активтердің инвентарлық карточкасы;
- материалдық емес активтердің істен шығу актісі;
Материалдық емес активтерді серіктестікте құру кезінде Материалдық
емес активтердің құрылу шығындары деп аталынатын субшот ашылады.
Материалдық емес активтерді істен шығару көбінесе олардың моральдық
тозуымен байланысты. Негізгі қаражаттар мен материалдық емес активтер
келесі есепті құн түрлері бойынша есептелуі мүмкін:
- ағымдағы құны;
- алғашқы немесе бастапқы құн;
- баланстық құны;
- сату құны;
- тоқтату құны;
- амортизациялау құны;
Негізгі қаражаттардың түсу, шығу, қозғалысы есебінен басқа олардың
жөндеу есебі негізгі қаражаттар есебінің бір бөлігі болып табылады.
Ұйымдық, техникалық белгілері бойынша негізгі қаражаттар күрделі және
ағымдағы болып бөлінеді. Сонымен қатар Кеден ісі туралы ҚР – сының заңы
мен басқадай нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіпте
Қазақстан Республикасы аумағына уақытша әкелінген немесе әкетілген негізгі
қаражаттар бойынша негізгі қаражаттарды уақытша әкелу және әкету есебі
жүргізілді. Бірақ әкелінетін немесе әкетілетін негізгі қаражаттар мерзімі 2
жылдан аспауы керек.
МаГу ЖШС балансындағы негізгі қаражаттар мен материалдық емес
активтер құрамы төмендегідей: (мың тг)

Кесте 5- МаГу ЖШС балансындағы негізгі қаражаттар
Негізгі қаражаттар Сомасы Ауытқу
Өткен Есепті кезең Сомасы Пайызы
кезең
Құрылыс және ғимараттар 9100,0 9629,0 529,0 5,81
(12)
Көлік құралдары (124) 985,0 975,0 (10) (1,02)
Басқадай негізгі 210,0 190,0 (200) (9,52)
қаражаттар (125)
Негізгі қаражаттардың (2516,0) (2921,0) (405) 16,10
тозуы (131 -134)
Барлығы 7779,0 7873,0 94,0 1,21

Кесте 6-- МаГу ЖШС балансындағы материалдық емес активтер құрамы

Материалдық емес Сомасы Ауытқу
активтер
Өткен Есепті кезең Сомасы Пайызы
кезең
Бағдарламалық қамтамасыз7,0 10,0 3,0 42,86
ету (102)
Патенттер (103) 3,0 6,0 3,0 100,0
Ұйымдастыру шығындары 1,5 1,5 - -
(104)
Өзге де материалдық емес3,5 2,5 (1,0) (28,57)
активтер (106)
Барлық материалдық емес 15,0 20,0 5,0 33,33
активтер (101 – 106)
Материалдық емес (2,0) (4,0) (2,0) 100
активтер амортизациясы
(111-116)
Материалдық емес 13,0 16,0 3,0 23,08 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның басқару құрылымдары
Кәсіпорын - нарықтық экономиканың субъектісі ретінде
Агроөнеркәсіп кешенінде маркетингтік қызметті жетілдіру
Өндірістің ішкі және сыртқы ортадағы қызметтері
Кәсіпорынның қаржылық менеджменттінің-басқарудың мәні, мазмұны мен құрылымы
Өнеркәсіпті басқарудың теориялық әдістемелік негізі
Ұйымдық құқықтық жоспар
Өндірістік кәсіпорын ішкі орта
Заңды тұлғалардың кейбір түрлерінің меншік құқығы
Нарықтық жағдайда кәсіпорындардың шаруашылық қызметі
Пәндер