Психологиялық сауаттану



Қазіргі кезде жасына, әлеуметтік жағдайына, білім деңгейіне, мамандығына қарамай-ақ, адамдардың психология ғылымына назар аударуы, қызығушылық танытуы айқын аңғарылады. Бұл қоғамның ізгілікті бағытта, адамдардың рухани ділінің дамуын қамтамасыз етуде психологияның маңызды рөл атқаруы тиіс екендігінен шығатын болуы керек. Әрі психологиялық білімнің осы заман адамдарының әрқайсысының күнделікті өмірі мен іс-әрекетінде шешуші орын алатыны көпшілікке мәлім. Әсіресе, қазіргі кезде жастарға, жалпы кез-келген тұлғаға іс-әрекет пен қарым-қатынасты субъект ретінде жетілдіруі үшін психологиялық даярлықты жоғары дәрежеде танытуы қажетті шарт.
Десек те, біз үшін «психология», «психолог» ұғымдары таныс болса да, осы психология ғылымының нені зерттеу керектігін тіпті жоғары білімді адамдардың өздері дәлме-дәл анықтай алмай шатасып жатады.
Барлық дерлік психология оқулықтарында адамның да, жануардың да психикасын зерттейтін ғылымды «психология» деп анықтайды. Нақты айтсақ, психологияның зерттеу нысаны психика болады. Ал психиканың өзіне берілетін ғылыми анықтамаларды сөзбе-сөз келтіріп, талдамай-ақ, оларды былайша жалпылап түсіндірейін: адам психикасының дамып, жетілуі ең алдымен мидың даму деңгейімен, мидың қызметімен байланысты болса, екіншіден, адамның қоғамдағы қатынастар жүйесімен, яғни алған тәрбиесімен, білім деңгейімен, мәдениетті меңгеруімен анықталатын күрделі, біртұтас құбылыс болып табылады. Осыған орай адам психикасы оның іс-әрекеті, ортамен өзара әрекеттестігі, өзіне және басқаларға деген қатынастары, мінез-құлық пен жүріс-тұрыстарының барша көріністері арқылы танылады. Сондықтан, психология әлбетте адам баласының жас ерекшелігіне байланысты психикалық даму белгілерін; психикасындағы оңды және теріс өзгерістерді; бұл өзгерістердің себептері мен салдарларын; тұлғалық жеке-дара қасиеттері, танымдық процестері және психикалық жай-күйі туралы психологиялық деректерді талдап, психологиялық дамудың заңдылықтарын тағайындайды, осы дамудың психологиялық механизмдерін анықтап, зерттейді.
Психология адам өміріндегі көкейтесті психологиялық мәселелерді шешуге бағытталады. Психология ғылымының теориясы мен тәжірибесіндегі озық жетістіктерді қолдану арқылы адам баласы өз өмірінің сценаристі, режиссері және актері ретінде дамуын, оның зияткерлік және тұлғалық дамуын қамтамасыз етудің мүмкіндігі артады.
1.Кочюнас Р. Основы психологического консультирования. М.:Академически проект, 1999.
2.Кочюнас Р. Психотерапевтические группы: теория и практика. М.: Академический проект, 2000.
3.Лидерс А.Г. Психологический тренинг с подростками. М.:АКАДЕМА,2001.
4.Лошен Ш. Психологический тренинг умений. Школа Вирджинии Сатир. Спб.: Питер, 2001.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемелекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы:Психологиялық сауаттану

Тексерген:Адильжанова Қ.С
Орындаған:Тойғанбаева М.А
Топ:ПХ-215

Семей 2015ж
Қазіргі кезде жасына, әлеуметтік жағдайына, білім деңгейіне, мамандығына қарамай-ақ, адамдардың психология ғылымына назар аударуы, қызығушылық танытуы айқын аңғарылады. Бұл қоғамның ізгілікті бағытта, адамдардың рухани ділінің дамуын қамтамасыз етуде психологияның маңызды рөл атқаруы тиіс екендігінен шығатын болуы керек. Әрі психологиялық білімнің осы заман адамдарының әрқайсысының күнделікті өмірі мен іс-әрекетінде шешуші орын алатыны көпшілікке мәлім. Әсіресе, қазіргі кезде жастарға, жалпы кез-келген тұлғаға іс-әрекет пен қарым-қатынасты субъект ретінде жетілдіруі үшін психологиялық даярлықты жоғары дәрежеде танытуы қажетті шарт.
Десек те, біз үшін психология, психолог ұғымдары таныс болса да, осы психология ғылымының нені зерттеу керектігін тіпті жоғары білімді адамдардың өздері дәлме-дәл анықтай алмай шатасып жатады.
Барлық дерлік психология оқулықтарында адамның да, жануардың да психикасын зерттейтін ғылымды психология деп анықтайды. Нақты айтсақ, психологияның зерттеу нысаны психика болады. Ал психиканың өзіне берілетін ғылыми анықтамаларды сөзбе-сөз келтіріп, талдамай-ақ, оларды былайша жалпылап түсіндірейін: адам психикасының дамып, жетілуі ең алдымен мидың даму деңгейімен, мидың қызметімен байланысты болса, екіншіден, адамның қоғамдағы қатынастар жүйесімен, яғни алған тәрбиесімен, білім деңгейімен, мәдениетті меңгеруімен анықталатын күрделі, біртұтас құбылыс болып табылады. Осыған орай адам психикасы оның іс-әрекеті, ортамен өзара әрекеттестігі, өзіне және басқаларға деген қатынастары, мінез-құлық пен жүріс-тұрыстарының барша көріністері арқылы танылады. Сондықтан, психология әлбетте адам баласының жас ерекшелігіне байланысты психикалық даму белгілерін; психикасындағы оңды және теріс өзгерістерді; бұл өзгерістердің себептері мен салдарларын; тұлғалық жеке-дара қасиеттері, танымдық процестері және психикалық жай-күйі туралы психологиялық деректерді талдап, психологиялық дамудың заңдылықтарын тағайындайды, осы дамудың психологиялық механизмдерін анықтап, зерттейді.
Психология адам өміріндегі көкейтесті психологиялық мәселелерді шешуге бағытталады. Психология ғылымының теориясы мен тәжірибесіндегі озық жетістіктерді қолдану арқылы адам баласы өз өмірінің сценаристі, режиссері және актері ретінде дамуын, оның зияткерлік және тұлғалық дамуын қамтамасыз етудің мүмкіндігі артады.
Алайда, қазіргі жаһандану заманындағы қоғамда адамдардың жан күйзелісін басу үшін ғылыми-әдіснамалық негізі жоқ, түрлі бақсы-балгерлік әдіс-тәсілдердің ықпалынан оңалмас зиян шегу жайттары да аз кездеспейді. Сондықтан психология ғана адам баласының тұлға, маман ретінде психологиялық сауаттануын қамтамасыз етіп, оның психологиялық құзіреттілікке жетуіне, психологиялық мәдениетті игеруіне ықпал етеді.

- Елімізде психология ғылымының бүгінгі ау-жайы қалай? Қазақ психология ғылымы саласы қандай жетістіктерге жетті, неден кеш қалды?
- Жалпы психология ғылымдар жүйесінде жас ғылыми сала болып табылады. Ал қазақстандық психология ғылымының негіздері өте ертедегі даналардың ұлағатты ойлары мен тағылымы мол еңбектерінен, қазақ халқының ауыз әдебиетіндегі психологиялық мазмұннан бастау алғанмен, оның ғылым ретінде орнығып, қарқынды дамуына көп уақыт бола қойған жоқ.
Психология өте көп ғылыми салалардан тұрады. ХХ-ғасырдың орта тұсында ресейлік танымал ғалым К.К. Платонов оның 100-ге тарта салаларын ажыратып, жіктеген еді. Одан бергі қаншама 7-8 онжылдықта бұл сан еселеп артқан шығар. Осы салалардың арасында педагогикалық психология ерекше орын алады. Себебі дәл осы педагогикалық психология саласындағы зерттеулерге байланысты Қазақстанда ғылыми психология пайда болып, қазір де қарқынды дамуда деуге болады.
Ана тілімізге психологиялық ұғымдардың кірігіп, қордалануы үшін, жастардың психологиялық сауатын ашып, олардың даму процесін жеделдету мақсатында Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев көшбасшылық танытып, жанкештілікпен зор еңбек еткені мәлім. Мәселен, Жүсіпбек Аймауытов алғаш рет қазақ тіліндегі Психология, Жан жүйесі мен өнер таңдау кітаптарын 1926 жылы-ақ жарыққа шығарған.
Қазақстанда психологияның жеке ғылыми сала болып шығуына негіз, тұғыр болған педагогикалық психологияның жаңа бір қарқынмен дамуға беталысы ХХ-ғасырдың екінші жартысында болды. Бұған республикада 1946-жылы тұңғыш психология кафедрасының қазіргі Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде ашылуы, жоғары мектеп оқытушыларының психология-педагогика ғылымдары бойынша ғылыми зерттеулер жүргізуі, оқулық, оқу-әдістемелік құралдар дайындауы орасан ықпалын тигізді.
Педагогикалық психология бойынша құнды еңбектерімен, жоғары мектептегі озық іс-тәжірибелерімен - Ш. Әлжанов, Ә. Асылбеков, Т. Тәжібаев, А. Темірбеков, Ә. Сыдықов, С. Балаубаев, Е. Суфиев, М. Мұқанов, А. Алдамұратов, Р. Қарамұратова, Қ. Рақымбеков сияқты талай тұлғалар ғылыми қорды байытып, тарихта есімдері қалды.
Республикада педагогикалық психологияның дамуына академик Төлеген Тәжібаев елеулі үлес қосты. Ол түрлі деңгейдегі аса жауапты басшылық қызметтер атқара жүріп, Қазақстанда алғаш рет психолог-педагог маман дайындау ісіне бастамашы болған-ды. Т.Т. Тәжібаев білім беруде психология мен педагогиканы үйлестіре отырып, педагогикалық психология аясында зерттеу жүргізген, К.Д. Ушинскийдің психологиялық көзқарастарын талдап, қарастырған. Қазақстанда жоғары мектеп психологиясының дамуына академик Т. Тәжібаевтың шәкірті Мәжит Мұқанұлы Мұқановтың қосқан үлесі зор болды. М.М. Мұқанов республикада тұңғыш психология ғылымдарынан докторы ғылыми дәрежесіне ие болған ғалым еді. М.М. Мұқанов оқу-тәрбие психологиясына, білім берудің жас ерекшелікке байланысты психологиялық астарларына қатысты Педагогикалық психология очерктері (1962 ж.); Жас және педагогикалық психология (1982 ж.) сияқты көптеген осы кезге дейін теңдесі жоқ 200-ден астам еңбектер жазған. Сонымен қатар, М.М. Мұқановтың өзі адамның тұлға және маман ретінде дамуын зерттеп, жетілдіруге үлес қосқан талай шәкірт дайындаған.
Жоғары мектепте психологиялық білім беруге арналған қазақ тіліндегі оқулықтар дайындау республикада психология ғылымының дамуымен астасатыны анық. Осыған байланысты, 1966 жылы А. Темірбеков пен С. Балаубаевтың педагогикалық институттар мен университеттердегі студенттерге арналған Психология атты қазақ тіліндегі алғашқы оқулықты дайындап жарыққа шығаруы, психологияның дамуында ерекше рөл атқарды.
Содан бергі уақытта, өз егемендігімізге қол жеткізгеннен кейін елімізде психология ғылымының қарқынды даму беталысы айқын аңғарылады. Оны республикада тек педагогикалық психология емес, этнопсихология, тұлға психологиясы, жас ерекшелік психологиясы, әлеуметтік психология, заң психологиясы, әскери психология сияқты қоғам дамуында маңызы зор психологияның бірқатар салалары бойынша әріптестерімнің зерттеулер жүргізіп, әлемге танымал баспаларда еңбектерінің жариялануы дәлелдейді.
Алайда, ғылым қашанда объективтілікті талап етеді. Сондықтан, біздің елдегі психологияның теориялық та, тәжірибелік те жақтарының дамуында кештеу қалған тұстарымызды да айта кету керек. Барлығын тізбелемей-ақ, мына жайды атап кетейін.
Психологияның ғылым ретінде қалыптасуына ХIХ ғасырдың екінші жартысындағы неміс ғалымдарының зерттеулері себепкер болды. Неге психология ғылымның отаны Германия болды? Себебі, Германия үкіметі ХIХ ғасырда психология ғылымының дамуына ерекше назар аударып, оқу орындарында психологиялық зертханалар мен психологиялық көмек көрсету орталықтарының ашылып, жұмыс істеуіне орасан қаржы құяды. Ал бізде әлі күнге дейін психологиялық зерттеу жүргізу шын мәнісіндегі күрделі мәселе болып табылады. Атап айтсақ, осы уақытқа дейін біздің еліміздің бірде-бір ғылыми мектебінде толымды психологиялық эксперимент жүргізуге керекті арнайы құралдармен жабдықталған психологиялық мекемелер, орталықтар тұрмақ, бір бөлмелі зертхана да жоқ. Сондықтан, зертханасыз-ақ, психологиялық диагностикада, зерттеулерде қолданылатын әдістемелермен зерттеу жүргізіп жатқан жайымыз бар. Бірақ осы әдістемелерді мемлекеттік тілде сөйлейтін адамдарды психологиялық зерттеуге қолданудың өзіндік талап-шарттары бар. Осы талаптарды басшылыққа алар болсақ, басқа тілдегі әдістемелер күрделі бейімделу, стандартталу сатыларынан өтіп, әр әдістеме бір-бір докторлық диссертация деңгейінде зерттеліп, қазақ тілінде қолдануға лайықталуы керек. Сонда қазіргі кезде толымды, барлық талап-міндеттерге сай психологиялық зерттеу жүргізіп, психология ғылымын дамыту еліміздегі осы саладағы ғалым-зерттеушілердің белсенділігіне, бастамашылығына, ерен еңбегі мен жауапкершілігіне ғана арқа сүйеп отыр. Бірақ, бұл тұлғалық сапалар - психология ғылымының даму мәселесін шешуге қажетті бір ғана шарт.
Ғылым даму үшін сәйкесінше материалдық база керек, ғалымдарға объективті зерттеу жүргізуге жағдай жасалынуы тиіс. Психологиялық зерттеу, психологиялық диагностика кез-келген мекемедегі немесе кез-келген тұлғаға психологиялық қызмет, психологиялық қолдау көрсетуге негіз болатыны анық. Ал қоғамда психологиялық білімге, психологиялық қызметке деген зәрулік өте жоғарыболғандығына қарамастан елімізде психология ғылымының теориялық және тәжірибелік тұрғыдан дамуына айтарлықтай көңіл аударылмауда.
Бұл пессимизмді оптимизмге ауыстырайық. Елбасының соңғы Жолдауындағы ғылымның алдыңғы орынға қойылғанын, екіншіден, Мен жастарға сенемін - деп, М. Жұмабаев айтқандай, қазіргі жастардың зияттылығын, өздерін танытуға деген ұмтылысын, қоғамның ғылым-білімге деген талап-зәрулігін ескерсек, еліміздегі тек психология ғылымының ғана емес, басқа да көптеген ғылымдардың әлемдік білім қорын байытып, айтарлықтай биіктен көрініп, танылатын уақыты алда дегім келеді.
- Тәуелсіздік алып, еңсемізді түзегелі бергі уақытта Қазақстан психология ғылымы саласында ашылған жаңалықтар бар ма? Болса қандай және болмаса себебі неде жатыр?
- Қазір жоғары оқу орындарында дәріс оқып, ғылыми-зерттеу мектептерін құрған ғалымдар Қазақстандағы психология ғылымдарының сан саласын дамытып келеді. Олардың жоғары мектеп психологиясының дамуына қоғам талабына сай маман дайындау, психологиялық білім берудің оқу-әдістемелік негізін нығайту, студенттердің, магистранттардың, докторанттардың зерттеу жұмыстарына ғылыми жетекшілік жасау арқылы атқарып отырған еңбектері орасан зор. Қазақстанда психология ғылымының әрқашан көкейтесті болатын мәселелерін зерттеу арқылы республика аумағында ғана емес, әлемдік психология-педагогика ғылымдарының қордалануына себепкер болған ғалым-тұлғалар баршылық. Сондықтан, республикадағы психологияның өсіп-өркендеуі Р.Б. Қарамұратова, С.М. Жақыпов, Қ.Б. Жарықбаев, Ж.Ы. Намазбаева, Х.Т. Шерьязданова, В.К. Шабельников сынды белгілі психолог-ғалымдардың есімдерімен тікелей байланысты.
Студенттердің оқу әрекетінің психологиясы, танымдық іс-әрекеті әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің профессоры, психология ғылымдарының докторы Сатыбалды Мұқатайұлы Жақыповтың ғылыми мектебінде қарастырылып, болашақ мамандардың танымдық іс-әрекетін қалыптастыру мен дамытудың механизмдері тағайындалған. Ғалымның жасаған зерттеу тұжырымдамалары оқытудың психологиялық құрылымын, теориялық-әдіснамалық негіздерін дәйектеп, бірегей ғылыми ұстанымды танытады. С.М. Жақыпов - жоғары мектептің оқу процесіне жүйелі психологиялық талдау жасаған тұңғыш зерттеуші. Студенттердің танымдық іс-әрекетін жетілдірудің, жоғары білім беру тиімділігін арттырудың негізгі шарттары мен кешенді құралдары профессор С.М. Жақыповтың еңбектерінде негізделіп, тұжырымдалған. С.М. Жақыповтың теориялық-эксперименттік зерттеулерінде, іс-тәжірибесін таратуда бірлескен диалогтік-танымдық іс-әрекет оқу процесінің құрылымындағы жүйе ұйыстырушы фактор болатындығы, оқу әрекетінің, оқытудың тиімділігін анықтайтыны жан-жақты зерттеледі.
Ал Қазақстандағы психологияның өркендеуіне көлемді еңбек сіңірген, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде ғылыми-педагогикалық іс-әрекетті жүзеге асырып келе жатқан ғалым - педагогика ғылымдарының докторы және психология ғылымдарының докторы, профессор Құбығұл Бозайұлы Жарықбаев. Ғалымның этнопедагогика, этнопсихология, психология тарихы бойынша бірегей зерттеулері; студенттерге психологиялық білім беруді жүзеге асыруға қатысты жазған оқу құралдары, оқулықтары құндылығымен, республика аумағында барынша таралып, қолданумен ерекшеленеді. Қ.Б. Жарықбаев ғылыми жетекшілігі арқылы магистр, ғылым кандидаты, ғылым докторы сияқты жоғары академиялық, ғылыми атақтарға ие болған шәкірттерімен де республикадағы психологияның дербес ғылым, пән болуында ерекше орын алады.
Психологиялық дамудың өзекті мәселелерін кешенді теориялық-әдіснамалық негізде шешуді Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің ғалымы, психология ғылымдарының докторы, академик Жәмилә Ыдырысқызы Намазбаеваның ғылыми мектебі қарастырады. Ғалым Ж.Ы. Намазбаева қазіргі психология, дефектология ғылымдарының теориясы мен тәжірибесінің негізін қалаған Л.С. Выготскийдің ғылыми зертханасында ізденуші болып, С.Я. Рубинштейн, Ж.И. Шиф сияқты ғалымдардың жетекшілігімен нәтижелерінің өміршеңдігімен ерекшеленетін зерттеулер жүргізген. Мәселен, Ж.Ы. Намазбаева студент кезінде өзіндік бағалауды анықтауға бағытталған белгілі Дембо-Рубинштейн әдістемесін бейімдеп, модификациялауға қатысады. Ж.Ы. Намазбаева - қазақ қыздарының арасында алғашқы психология ғылымдарының докторы. Сонымен қатар, 1993-жылы Орта Азия мен Қазақстанда тұңғыш рет психология ғылымдары бойынша кандидаттық диссертация қорғататын Арнайы Кеңестің ашылып, оған Ж.Ы. Намазбаеваның төрайым болуы, психологияның жаңа сатыға көтеріліп, дамуына айтарлықтай қосылған үлес еді. Сондай-ақ, қазір Ж.Ы. Намазбаева Қазақстанда тұңғыш ашылған Психология ҒЗИ-ның директоры ретінде психология ғылымының өркендеуіне жағдай жасауда.
Жоғары мектепте психология, өзін-өзі тану пәндері бойынша білім беруде оқытудың белсенді психологиялық-педагогикалық технологиясын қолданудың теориясы мен тәжірибесінің негізделіп, таратылуы да профессор Хорлан Тоқтамысқызының осы жолдағы бастамашылығымен, ерен еңбегімен байланысты. Болашақ психологтердің, педагогтердің, ғалым-зерттеушілердің әлемдік психология қорын танып-білуі үшін Х.Т. Шерьязданова республикалық Мәдени мұра бағдарламасы аясында республикадағы психолог-зерттеушілерді ұйымдастырып, жауапты да көлемді жұмыс атқарды. Нәтижесінде, психология бойынша әлемдегі бірегей теориялар, идеялар, тұжырымдамалар тұңғыш рет қазақ тіліне аударылып, Адамзаттың ақыл-ой қазынасы айдарымен 10 томдық аса құнды еңбек 2005 жылы жарық көрді. Сондай-ақ, Х.Т. Шерьязданова - республикада тұңғыш рет жоғары мектепте психологиялық білім беру мәселесін көтерген психолог-ғалым. Ғалым студенттердің психология пәндері бойынша оқу процесін құру жолдарын анықтап, тағайындауды басты міндет ретінде қояды. Осыған байланысты Х.Т. Шерьязданова болашақ педагогтер мен психологтерді кәсіби психологиялық дайындаудың мазмұны мен құрылымын жүйелеп, негіздеген де алғашқы зерттеуші болып табылады. Оның еңбектерінде студенттердің жас ерекшеліктерге қатысты қарым-қатынас біліктілігін дамыту, психологиялық білімдерін тереңдету кәсіби дайындаудың психологиялық негізі ретінде сипатталады. Хорлан Тоқтамысқызы ХХ-ғасырдың соңына қарай ерекше зерттеу нысаны болған педагогикалық қарым-қатынас категориясын психология аясына кіріктіріп анықтаған. Соның арқасында ғалым педагогикалық іс-әрекет барысындағы кез келген қарым-қатынас тиімді болуы үшін оның кәсіби педагогикалық қарым-қатынас деңгейіне көтерілу керектігін, оның жолдары мен амалдарын тұжырымдайды. Сондықтан, профессор Х.Т. Шерьязданованың ғылыми жетекшілігімен педагогикалық психологияның, соның ішінде, жоғары мектеп психологиясының өзекті мәселелері бойынша 30-дан аса ғылым кандидаттары (Г.М. Қасымова, Ұ.И. Ауталипова, М.Қ. Бапаева, Ж.Қ. Әубәкірова, М.Н. Махаманова, Л.Х. Ермекбаева, және т.б.); 3 ғылым докторлары дайындалып шықты.
2008 жылы 1-қыркүйекте Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің ректоры, профессор С.Ж. Пірәлиевтің бастамашылығымен Қазақстанда тұңғыш рет Психология Ғылыми Зерттеу Институтының ашылуы да жоғары мектеп психологиясы бойынша білім беру мен зерттеушілік міндеттерді шешуде маңызы зор іс болды.
Қазіргі кезде С.Қ. Бердібаева, Б.Ә. Әмірова, З.Б. Мадалиева, Н.С. Ақтаева, А.Т. Ақажанова, Н.Қ. Тоқсанбаева, т.б. ғалымдар қазақстандық психологияның басты міндеттерін, әр қырлы мәселелерін шешу арқылы өздерінің ғылыми ұстанымдарын нығайтып, дербес ғылыми мектептерінің іргесін қалап келеді.
Жалпы психолог мамандығын кез келген адам таңдамайды және меңгеріп кете алмайды деп ойлаймын. Адам баласының психологияда темпераментіне, мінезіне, қатынастар жүйесіне байланысты түрлі типтері ажыратылады. Солардың арасында психолог мамандығына жарамдылығын танытатын адам басқаның мүддесін алға қояды, басқалармен әрқашан оңды қатынастар құра алады, көпшіл болып, адамгершілікті ұлықтайды. Осы қасиеттеріне сәйкес маман дұрыс кәсіби дайындықтан өтсе, кәсіби жолында дана тәлімгерлер кездессе, нағыз психолог бола алатыны даусыз.
Сонымен қатар, ЖОО-да психолог дайындауда озық іс-тәжірибелермен, зор жетістіктермен қатар, шешімі кезек күттірмейтін мәселелер де бар. Ең алдымен, айта, айта Алтайды, Жамал апай қартайды демекші, қазіргі кезде барлық деңгейде, барша көтеріп жүрген мемлекеттік тілде оқулық жазып, жариялау мәселесі психология үшін айрықша өткір болып отыр. Әрине, қазіргі кезде республикалық ЖОО қауымдастығы оқулықтар мәселесін біраз шешуде. Бірақ, бұл қауымдастық та маман дайындауға қажетті оқулық мәселесін шеше алмауда. Оған дәлел - студенттерге арналған оқулықтар саны аз ғана десек, ал психология мамандығындағы магистранттарға арналып осы күнге дейін 1-2 оқулық қана жарияланған. Тіпті, докторанттарға арналған оқулықты не кітапханалардан, не кітап дүкендерінен кездестірмедім. Осы орайда оқулық жазатын ғалым жоқ па? деген заңды сұрақ қойылары сөзсіз. Басқа саланы білмеймін, бізде психологияда қазақ тілінде талапқа сай оқулық жазуға әлеуетті ғалымдар, оқытушылар жоқ емес. Бірақ 80 мың теңге айлық алатын оқытушы бір емес, бірнеше жерде күнкөріс қамымен жүгіріп жан сақтайды, отбасын асырайды, кредитін төлейді, бала-шағасын оқытады. Сондықтан қазіргі оқытушының күнді-күнге, түнді-түнге соғып, сарылып кітап жазатын уақыт табуы қиын. Ал осы кезге дейін ЖОО-на оқулық жазуға арнайы тендерлердің ұйымдастырылғанын, конкурстардың болғанын, гранттар бөлінгенін бірде-бір рет естімеппін.
Сонымен қатар, психолог мамандарын дайындауда біздің республикада ғалымдар жетіспейді. Бұл мәселе жақын арада шешіле де қоймас. Себебі соңғы екі оқу жылын алар болсақ, бүкіл республикаға PhD докторанттарын дайындауға тек 3 гранттық орын ғана бөлініп келеді. Докторантураның ақылы бөліміне қабылдауға рұқсат жоқ екендігі белгілі. Сол сияқты ЖОО-ғы бакалавриат, магистратура деңгейлерінде де психология мамандығына саусақпен санарлық қана гранттық орын бөлінеді. Сондықтан, қазір еліміздегі психология саласында ғылыми дайындығы да, психологиялық мәдениет деңгейі де жеткіліксіз жантанушылар қаптап кетті. Бұл теледидардағы, радиодағы түрлі хабарламалардан ап-айқын көрінеді. Мұндай мамандардың пайдасынан зияны ұшан-теңіз болатыны жасырын емес.
- ХХІ ғасырдағы қазақ қоғамының психологиясы қандай? Осы ретте ғалымдар қандай да бір зерттеулер жүргізді ме?
- Мен үшін бұл сұраққа жауап беру өте қиын. Себебі, нақты психологиялық зерттеу бойынша алынған деректерге сүйенбей, біздің қазақ қоғамы осындай деу аса жауапты. Сондықтан, әзірше қазақ қоғамын психологиялық зерттеу мәліметтері жоқ болғандықтан, оның психологиялық сипаттамасын бермей-ақ, тек психолог, педагог ретіндегі өз ұстанымдарымды айтсам деймін...
Қазір батыстық өркениеттің қиыншылықтарынан арылу үшін Шығыстың бай рухани және мәдени тәжірибесіне назар аудару қажет (Ә. Нысанбаев) заманында қазақ қоғамы үшін адам психологиясының аса биік көріністері - руханилық, адамгершілік, тәуелсіздік, ізгіліктік барынша өзекті де маңызды болып тұр. Ұлттық құндылық болатын әдет-ғұрып, дәстүр қоғамның адамгершілік императиві, заңы бола отырып, сол қоғамды құлдыраудан сақтайтыны белгілі. Ал әрбір жастың жалпыға ортақ арнадан шықпай, кері кетпей, ағаттық жасамай, шалыс қадам баспай, алға қарай дамуға ұмтылысы неге байланысты?
Жасыратыны ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сауат ашу әдістемесі дамуының қазіргі проблемалары
Мектепте оқытуға баланың психологиялық даярлығы
Мектепте оқытуға психологиялық дайындық
Естімейтін балалардың сөзжасамды меңгеру ерекшеліктерін анықтау
Тұрақты тіркестерді оқыту
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің классиктері
В.а.сухомлинскийдің коллектив туралы педагогикалық көзқарасы
Баланың өмірін ұйымдастыру және күн тәртібімен дербестігін қалыптастыру
Тұтынушылардың құқықтары
Психологиялық зерттеудің Қазақстандағы психология ғылымы и аппараты және оның негізгі әдіснамалық базасын негіздеу
Пәндер