Қазақстан Республикасындағы еңбекпен қамту және жұмыссыздықты бағалау модельдері


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
СӨЖ
Тақырыбы: Қазақстан Республикасындағы еңбекпен қамту және жұмыссыздықты бағалау модельдері
Орындаған:Сайын Нұрым
Тексерген: Бақыт Шәкенова
2015 ж.
Мазмұны:
- Кіріспе
- Негізгі бөлім
- Еңбек нарығындағы жұмыссыздық пен жұмыспен қамтудың рөлі
- Жұмыссыздық типтері және оның неізгі себептері
- Қазақстан Республикасындағы еңбекпен қамту және жұмыссыздықты бағалау модельдері
III. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар
- Кіріспе
Шындықты мойындайық: болашақта ХХІ ғасырда тек ЕҢБЕК қана барлық қазақстандықтардың ӘЛ-АУҚАТҚА және жаңа ӨМІР САПАСЫНА қол жеткізуін қамтамасыз ете алады. Мен қазақстандықтардың әлеуметтік жаңғырту саясатына қолдау көрсететініне, оның сыртында оны жүзеге асыруға барынша тікелей және мүдделі түрде атсалысатынына мейлінше сенімдімін.
Н. Ә. Назарбаев
«Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы:
Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам»
2012ж. 10 шiлде
Қазіргі таңда нарыққа байланысты елеулі мәселелердің бірі- жұмыссыздық мәселесі. Жұмыссыздық әлемдегі ортақ проблемалардың бірі болып табылады. Және де бұл бір жүйеден екіншісіне өтетін елдерде кеңінен байқалады. Мұндай процесс біздің елімізде де жүріп жатыр. Сонымен қатар, жұмыссыздық проблемасы адамдармен тығыз байланысты және оларға тікелей әсер етеді. Жұмысынан айырылу олардың табысының азаюына, өмір сүру деңгейінің төмендеуіне, сонымен қатар психологиялық стреске алып келеді. Кез-келген жұмыссыздықтың болуы- қоғам үшін ең ауыр экономикалық және әлеуметтік сілкініс [1] . Жұмыссыздықты зерттеу олардың пайда болу себептерін түсіндіреді, мемлекеттің тарапынан оны азайту шараларын анықтайды. Сол себепті жобалық жұмыста өзекті мәселе ретінде жұмыссыздық мәселесі қарастырылған.
Жаңа экономика білікті кадрлардың жаңа генерациясын талап ететіндіктен еңбек нарығының тиімділігін арттыру қажет. Еңбек нарығының тиімділігін арттыру, халықты еңбекпен қамту және жұмыссыздықты азайту мәселелеріне байланысты елімізде маңызды шаралар жасалып, жоспарлар мен бағдарламалар қабылданып жатыр. Олардың бірі - Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 10 шiлдедегі «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты Қазақстан халқына Жолдауы. Аталған жолдауда Н. Ә. Назарбаев: «Менің тапсырмам бойынша Үкімет қағидатты түрде жаңа жұмысқа тартуды қамтамасыз етудің бағдарламасын бекітті. Онда үш маңызды міндет қойылған. Біріншіден, оқыту мен жұмысқа орналасуға септесудің тиімді жүйесін жасау. Екіншіден, ауылдық жердегі кәсіпкерлікті дамытуға септесу. Үшіншіден, еңбек ресурстарының жинақылығы, Қазақстанның экономикалық тұрғыдан белсенді орталықтарында жұмысқа орналастыруға басымдық беру» дей отырып, табысы аз адамдарды, жұмыссыздар мен өз бетінше жұмыспен айналысушыларды жұмыспен нәтижелі қамтуға жәрдемдесудің белсенді бағдарламаларына тарту міндеттерін жүктеді [2] . Бүгінгі күні, яғни қаржы дағдарысы басталғаннан бері соңғы бір жарым жыл ішінде мемлекет тарапынан халықты жұмыспен қамту және жұмыссыздық деңгейін азайту мәселесіне байланысты қабылданған мемлекеттің саясаты - «Жол картасы» бағдарламасының маңызы өте зор, себебі оның артықшылығы - Үкімет тарапынан жұмыссыз азаматтарды қолдау, жаңа мамандық алып, жұмысқа орналастыруға жол ашу болып табылады. Жұмыспен қамтудың белсенді саясатын жүргізу Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметінің негізгі әлеуметтік басымдықтарының бірі болып табылады. Жұмыспен лайықты қамтуды қамтамасыз ету - халықты әлеуметтік қорғаудың негізі, адам ресурстары әлеуетін дамыту және іске асырудың маңызды шарты, қоғамдық байлықтың артуы мен өмір сүру сапасын жақсартудың басты құралы [3] .
ІІ. Негізгі бөлім
- Еңбек нарығындағы жұмыссыздық пен жұмыспен қамтудың рөлі
Еңбек нарығы - бұл жұмыс күшін (алдымен еңбек қабілеті) тауар түрінде сатып сатып алуға байланысты болатын экономикалық қатынастар жүйесі [4] . Еңбек нарығы - бұл еңбекке сұраныс пен жұмыс күшінің ұсынысы қалыптасатын, қызметкерлер бөлініп, еңбек қызметінің әртүрлі түрлерінің бағасы анықталатын нарықтық қатынастар саласы. Еңбек нарығын кең мағынада қарастыратын болсақ, ол нарықтық экономикада жұмыс істейтін, ұдайы өндірісті, айырбас пен еңбекті пайдалануды қамтамасыз ететін, еңбекке деген сұраныс пен оның ұсынысымен еңбек қарқынын арттыру арқылы қоғамдық қатынастар жүйесі ретінде түсінуге болады. Осы орайда еңбек нарығына еңбектің айырбастау саласы ғана емес (сату- сатып алу), сонымен бірге жұмыс күші мен еңбекті пайдаланудың тыныс-тіршілік ету саласы да жатады [5] .
Жұмыссыздық - бұл елдегі жалданумен жұмыс істеуге ынтасы және қабілеті бар, бірақ өз мамандығы бойынша жұмыс табуға мүмкіндіі жоқ немесе жұмысқа орналаса алмайтын адамдар саны. Тәжірибе жүзінде әлемде жұмыссыздықтың белгілі түрі жоқ елді табу мүмкін емес. Оларға Қазақстанды да жатқызуға болады [6] .
Еңбекке қабілетті адамдар - жасына және денсаулығына қарай еңбек етуге қабілеті бар адамдар. Жұмысшы күшіне жұмыспен қамтылғандар және жұмыссыздар жатады. Жұмыспен қамту және жұмыссыздықтың болмысын мына көрсеткіштер сипаттайды: институционалдық емес адамдар (нарықтық емес құрылымда істейтіндер), жұмыс істеушілердің саны, жұмыссыздар саны, жұмысшы күшінің құрамына кірмейтін адамдар саны.
P=L+O=E+U (1)
Мұндағы, P - мемлекет халқының саны, L - жұмыс күшінің саны (экономикалық белсенді халық), O - экономикалық тұрғыдан енжар(әрекетсіз) халық, E - жұмыспен қамтылғандар саны, U- жұмыссыздар саны.
Жоғарыдағы категорияларды ескеріп, келесідей схема көрсетуге болады.
1-сурет. Еңбек нарығының құрылымы:
O
U
E
Жұмыссыздық деңгейі дегеніміз- жұмыссыздардың экономикалық тұрғыдан белсенді халықтағы үлесі және мына формуламен есептеледі:
(2)
Мұндағы, U- жұмыссыздық деңгейі, L- экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны, E- жұмыспен қамтылғандар саны, U- жұмыссыздар саны.
- Жұмыссыздық типтері және оның неізгі себептері
Жұмыссыздықтың неізгі типтері:
- Фрикциондық жұмыссыздық- еңбек нарығында жұмыссыздықтың қашан болмасын, адамдардың бір орыннан екінші орынға қозғалысымен және бір кәсіпорыннан екіншісіне ауысуымен байланысты белгілі бір дәрежесін сипаттайды. Фрикциондық жұмыссыздық мына жағдайлармен байланысты: бар вакансия туралы толық ақпарат болмағанда немесе осы ақпарат тым қымбат болғанда, жұмыскерлер мен бос жұмыс орындарының арасында әрдайым белгілі бір сәйкессіздік болады. Фрикциондық жұмыссыздық деңгейін мына формуламен есептейді:
(3)
- Құрылымдық жұмыссыздық- экономикадағы құрылымдық өзгерістердің нәтижесінде бос жұмыс орындары мен жұмыссыздардың арасындағы кәсіби-біліктілік пен аумақтық сәйкессіздік құрылымдық жұмыссыздықтың себебі болады. Олар: жаңа технологиялар, жаңа тауарлардың пайда болуы. Осының нәтижесінде жұмыс күшінің кәсіби-біліктілік құрылымында өзгерістер орын алып отырады. Экономиканың бір секторынан құрылымдық өзгерістердің нәтижесінде жұмыстан айрылған жұмыскерлер басқа саладағы бос жұмыс орындарына орналаса алмаған жағдайда құрылымдық жұмыссыздық орын алады. Құрылымдық жұмыссыздық деңгейін мына формуламен есептейді:
(4)
- Циклдық жұмыссыздық - мұның негізін экономикалық құлдырау мен экономиканың бір секторындағы немесе аймақтағы жұмыс күшінің артуы басқа жерде оның жеткіліксіз болуымен қатар жүреді. Ол экономикалы коньюктураның өзгеруімен анықталады. Ол циклдық өрлеу кезінде азайып, дағдарыстар кезінде көбейіп отырады. Циклдық жұмыссыздық деңгейін мына формуламен есептейді:
(5)
Осылайша, жалпы жұмыссыздық деңгейін жоғарыдағы жұмыссыздық типтерінің қосындысы түрінде көрсетуге болады. Жұмыссыздық рыноктық экономикаға тән құбылыс болғандықтан, ол қажетті деңгейде тұрса, онда экономиканың тиімді дамуына қолайлы жағдай жасайды [7] .
Жұмыссыздық пен нақты ЖҰӨ көлемі арасында қандай тәуелділік бар? Жұмыс істейтіндер өндіріс тауарлары мен көрсетілген қызмет түрлеріне байланысты жұмыстарды атқарады, ал жұмыссыздар атқармайды, осыған байланысты жұмыссыздық деңгейінің жоғарылауй нақты ЖҰӨ көлемінің төмендеуіне әсерін тиізеді. Бұл жұмыссыздық деңейі мен ЖҰӨ көлемі арасындағы жағымсыз тәуелділік, бірінші болып осы тәуелділікті зерттеуші, экономист Артур Оукеннің есімімен Оукен заңы деп аталады [8] .
Жұмыссыздық деңгейінің қозғалысы
2-сурет. Оукен заңы. Мұнда горизонталь ось бойынша жұмыссыздық деңейінің өзгерісі көрсетілген, ал вертикаль ось бойынша- нақты ЖҰӨ көлемінің өзерісі пайыз түрінде көрсетілген. Әрбір нүкте белгілі бір жылға сәйкес келеді. Осы екі ауыспалылардың арасында теріс тәуелділік әр түрлі бағытты көрсетеді, ол әрбір жұмыссыздықтың нақты ЖҰӨ көлемінің төмендеуімен байланыты екендігін көрсетеді. Суретте жұмыссыздық деңгейінің өзгерісі нақты ЖҰӨ көлемімен тығыз байланысты екендігі анық көрсетілген.
Осыған байланыста, Оукен заңы бойынша, экономиканың төмендеуімен нақты ЖҰӨ көлемі 1%-ға төмендейді.
Оукен заңы жұмыссыздық деңгейі мен ЖҰӨ арасындағы байланысты көрсетеді:
(6)
Мұндағы: Y- нақты өнім көлемі;
- потенциалды ЖҰӨ
U - нақты жұмыссыздық деңгейі
- табиғи жұмыссыздық деңгейі
β - эмпирикалық коэффициент.
Қазіргі замандағы жұмыссыздықтың сипатына мынадай факторлар ықпал етеді:
- ғылыми - техникалық прогресс;
- экономикадағы құрылымдық және аймақтық ілгері басушылык;
- сыртқы экономикалық бәсекелестіктің күрт күшеюі.
Негізінен жұмыссыздықтың себептері туралы көзқарастарды келесідей топтастыруға болады [9] .
Біріншіден, ұлттық өндірістің деңгейімен салыстырғанда салыстырмалы халықтың шектен көп болуы жұмыссыздықтың себебі болуы мүмкін. Бұл фактор көбінесе дамушы елдерге әсер етеді.
Екіншіден, адамдардың өз қалаулары және жақсы еңбек шарттары мен жалақысы бойынша жұмыс іздеуі де жұмыссыздықтың уақытша өсуіне әсер етуі мүмкін.
Үшіншіден, экономика құрылымында, соның ішінде технологиядағы өзгерістер салдары жұмыссыздыққа әкеледі. Бұл жұмыссыздық уақытша болып табылады, себебі ескі салалар мен өндірістің орнына жаңалары келеді.
Төртіншіден, жұмыссыздық деңгейінің қатты төмендеуі экономикадағы циклдік құлдыраулар нәтижесі болуы мүмкін. Бұл жұмыссыздық түрі өндірістің құлдырауы - жұмыссыздық - жалпы табыстың төмендеуі - сұраныстың төмендеуі - өндірістің құлдырауы - жұмыссыздық сияқты тұйық шеңбер тудыратындықтан өте қауіпті болып табылады.
Бесіншіден, кейбір жағдайда мемлекет пен кәсіподақтардың жалдамалы жұмысшы мен жұмыс беруші арасындағы қатынастарға араласуы жұмыссыздықтың генераторы болып табылады. Ал бұл жалақының нарықтық икемсіздігіне алып келеді, сондықтан кәсіпкерлер максималды пайдаға жұмысшылар санын азайту арқылы қол жеткізуге міндетті болады.
Еліміздегі соңғы жылдардағы еңбек нарығы көрсеткіштеріне тоқталайық. Нарыққа өту кезеңінде еңбек нарығындағы жағдай республика бойынша еңбек ресурстарының төмендеуімен және жұмыссыздықтың көбеюімен байқалды. Дегенмен бұл жағдай қазір біртіндеп оңтайланып келеді. Оны толығырақ 3- суреттен көреміз.
3 сурет - 2010-2012 жылдардағы Қазақстан Республикасының еңбек нарығы жағдайының көрсеткіштерінің динамикасы
2010 жылдың IV тоқсанында экономикалық белсенді халық 8616, 1 мың адамды құраса, 2012 жылдың IV тоқсанында бұл көрсеткіш 8976, 2- ні құрап, 360, 1 мың адамға артқан. Жұмыспен қамтылған халық 8141, 4- тен 8501, 3- ке артқан. Ал жұмыссыздың деңгейі 2010 жылдың IV тоқсанында 474, 7 болса, 2012 жылдың IV тоқсанында 472, 9-ға азайған.
2012 жылғы III тоқсанда жұмыссыздар саны (табысты жұмысы болмаған, оны үздіксіз іздеген және оған кірісуге әзір болған 15 және одан жоғары жастағы адамдар) 472, 8 мың адамды құрады және өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 0, 5 мың адамға немесе 0, 1% артты. Жұмыссыздық деңгейі 5, 2% (2011ж. III тоқсанда - 5, 3%) құратынын келесі кестеден көруге болады.
4 сурет - 2010-2012 жылдардағы Қазақстан Республикасының жұмыссыздық көрсеткіштерінің динамикасы
- Қазақстан Республикасындағы еңбекпен қамту және жұмыссыздықты бағалау модельдері
Енді осы еңбекпен қамту және жұмыссыздық көрсеткіштерінің ҚР экономикасына әсерін талдау жасау үшін, келесідей белгілеулер қолданылған, олардың 2001- 2012 жылдардағы тоқсандық мәндері қарастырылды [10] :
GDP - Жалпы ішкі өнім, млрд. теңге
E - Жұмыспен қамтылған халық, мың адам
P - өнімділік
N - экономикадағы белсенді халық, мың адам
U - жұмыссыздық, мың адам
1 кесте - 2001 ж. мен 2012 ж аралығындағы тоқсандық көрсеткіштер бойынша жұптық корреляция коэффициенттері:
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz