Біріншілік өлшеу түрлендіргіштерін монтаждау


Пән: Автоматтандыру, Техника
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Автоматтандыру және электротехника кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы: Біріншілік өлшеу түрлендіргіштерін монтаждау

Орындаған: Жумабекова Г. К.

Тобы: АУ-301с

Тексерген: Кожахметова Д. О.

СЕМЕЙ 2015

Өлшем (физикалық шаманың өлшемі, ҚР СТ 2. 1-2000) деп берілген мөлшердегі физикалық шаманы жаңғырту (сақтау) үшін қолданылатын өлшем құралы. Өлшемнің бұл құралдарына кірлер, ұзындықтық ұштың өлшемдері, т. б. жатады. Тәжірибеде бір мәнді және көп мәнді өлшемдер, сондай-ақ өлшемдер жиыны және магазині қолданылады. Бір мәнді өлшемдер бір мөлшердегі шамаларды жаңғыртады (кірлер) . Көп мәнді өлшемдер физикалық шаманың бірнеше өлшемдерін бейнелейді. Мысалы, миллиметрлік сызғыш заттың ұзындығын сантиметрмен де, миллиметрмен де көрсете алады.

Өлшемнің жиындары мен магазиндері шаманың кейбір аралық немесе қосынды мәндерін бейнелеуге мүмкіндік алу үшін бір мәнді және көп мәнді өлшемдердің бірігуін көрсетеді. Өлшемдер жиыны әр түрлі мөлшердегі біртекті өлшемдердің жиынтығын көрсетеді, ол жиынды қолдануға мүмкіндік береді, мысалы, лабораториялық кір жиыны. Өлшемдер магазині - бір механикалық бүтінге конструктивті біріктірілген өлшемдер магазині.

Бір мәнді өлшемдерге стандартты үлгілер және стандартты заттар жатады. Стандартты үлгі - белгілі бір сипаттаманың сандық мәнін орнату мақсатында метрологиялық аттестациялауға ұшырайтын, қажетті түрде рәсімделген заттың белгілі мөлшері (пробасы) . Бұл сипаттама (немесе қасиет) сыртқы ортаның белгіленген жағдайларында мәні белгілі шама болып табылады. Мұндай үлгілерге, мысалы, қаттылықтың нақтымәндері барминералдар жиыны жатады. Олар осы параметрді басқа минералдарда анықтау үшін пайдаланылады (Моос шкаласы) .

Өлшемдерді пайдаланғанда олардың номиналды және нақты мәндерін, сондай-ақ өлшем қателігі мен разрядын (дәрежесін) ескеру қажет. Номиналды деп өлшемде көрсетілген мәнді атайды. Өлшемнің нақты мәні ресми эталонды пайдаланған жоғары сапалы өлшеу нәтижесі ретінде арнайы куәлікте көрсетілуі керек.

Номиналды және нақты мәндердің айырмасы өлшемнің қателігі деп аталады. Қателікке таңбасы бойынша қарама-қарсы шама өлшемде көрсетілген номиналды мәнге түзетуді білдіреді. Аттестациялау кезінде қателіктер табылуы мүмкін болғандықтан, өлшемдер разрядтарға бөлінеді (1, 2-разрядты) және разрядты эталондар деп аталады (үлгілі өлшеуіш құралдар) . Оларды өлшем құралдарды салыстырып тексеру үшін пайдаланады. Өлшем қателіктерінің шамасы өлшемдерді топтарға (кластарға) бөлу үшін негіз болады.

Өлшемдік түрлендіргіш - өлшеуіш ақпараттың сигналын өңдеу немесе сақтау үшін, сондай-ақ көрсеткіш құрылғыға беру үшін қолайлы күйге түрлендіру қызметін атқаратын өлшем құралы (8-сурет) . Өлшемдік түрлендіргіштерге өлшеуіш аспаптардың конструкторлың сұлбасына (сызбасына) кіреді, не онымен бірге қолданылады, бірақ түрлендіргіштің сигналдары бақылаушыға тікелей сезілмейді. Мысалы, түрлендіргіш кернеуді күшейту үшін, компьютер жадысына ақпаратты жіберу үшін қажет болуы мүмкін. Түрленетін шаманы кіруші, ал түрлендіру нәтижесін - шығушы шама деп атайды. Өлшеуіш түрлендіргіштің негізгі метрологиялық сипаты болып, түрлену функциясы деп аталатын кіруші және шығушы шамалар қатынасы саналады.

Түрлендіргіштер мынадай болып бөлінеді: алғашқы (өлшенетін шаманы тікелей қабылдайтын), шығысында шама тіркеу немесе арақашықтықта тасымалдау үшін ыңғайлы түрге ауысатын - тасымалдаушы; алғашқылармен бірге жұмыс істейтін және физикалық шаманың тегін өзгертуге әсер етпейтін - аралық түрлендіргіштер.

==Өлшеудің түрлері. Классификациясы. ==

Өлшенетін шаманың сан мәнін алу бойынша 4-ке бөлінеді: тікелей, жанама, жиынтық және бірлесіп өлшеулер.

Тікелей өлшеу деп өлшенетін шаманың мәнін бірден эксперимент көмегімен өлшеу. Жалпы практикадағы өлшеу осы тікелей өлшеу бола алады. Тікелей өлшеуге мысал келтірер болсақ онда сызғышпен өлшеу, штангенциркульмен өлшеу немесе таразымен салмақты өлшеуді атап өтсек болады.

Өлшеуіш аспаптар - өлшеуіш ақпаратты пайдаланушыға қабылдауға ыңғайлы түрде алуға мүмкіндік беретін өлшем құралдары.

Тікелей әсер ету аспаптары сәйкес градуировкасы бар көрсету құрылғыларында өлшенетін шаманы бейнелейді. Мұнда физикалық шама тегі өзгермейді. Тікелей әсер ету аспаптарына, мысалы, амперметр, вольтметр, термометр жатады.

Салыстыру аспаптары өлшенетін шаманы мәні белгілі шамалармен салыстыруға арналған. Мұндай аспаптар ғылыми мақсаттарда кең қолданылады, сондай-ақ сәулелену көздерінің жарыңтығы, сығылған ауаның қысымы сияқты шамаларды өлшеу үшін тәжірибеде кең қолданылады.

Өлшеуіш қондырғылар мен жүйелер - өлшем объектісінің бір немесе бірнеше физикалық шамасын өлшеу үшін, қосалқы қондырғылармен функционалдық белгісі бойынша біріктірілген өлшем құралдарының жиынтығы. Әдетте, мұндай жүйелер автоматтандырылған және ақпараттық жүйеге енуін, өлшеу процесінің автоматтандырылуын, пайдаланушы қабылдау үшін өлшеу нәтижелерінің өңделу мен сипатталуын қамтамасыз етеді. Мұндай қондырғылар (жүйелер) бақылау үшін де пайдаланылады (мысалы, өндірістік үдерістерді), ол әсіресе статистикалық баңылау әдісі үшін, сондай-ақ сапаны басқаруда пайдаланылады.

Өлшеуіш жабдықтар - шаманы өлшеудің қосалқы құралдары. Олар дәлдіктің жоғарғы деңгейі қажет болғанда өлшеу нәтижелеріне түзетулерді есептеу үшін қажет. Мысалы, егер аспаптың көрсетулері қатаң шектелген (құжатта көрсетілген) температура кезінде дәл болса, термометр қосалқы құрал бола алады. Өлшеуіш жабдықтар қосалңы құралдың өзінің қателіктерімен байланысты өлшеулер нәтижелеріне белгілі бір қателіктерді енгізетінін ескерген жөн. Метрологиялық ережелер бойынша өлшем құралдары екі түрге бөлінеді: жұмысшы өлшем құралдары және эталондар. Жұмысшы өлшем құралдары техникалық құрылғылардың, технологиялық үдерістердің, сыртқы ортаның параметрлерін анықтау үшін қолданылады. Жұмысшы құралдар лабораториялық (ғылыми-зерттеулер үшін), өндірістік (технологиялық үдерістердің сипаттамаларын қамтамасыз ету және бақылау үшін), алаңдық (ұшақтар, автомобильдер, кемелер үшін) болуы мүмкін. Жұмысшы құралдарының әрбір түрі айрықша көрсеткіштерімен ерекшеленеді. Осылайша, өлшемнің лабораториялық құралдары - ең дәл және сезгіш, ал олардың нәтижелері жоғары тұрақтылықпен сипатталады. Өндірістік құралдар өндірістік процестің түрлі факторлары: температура, ылғалдылық, т. б. сияқты факторлардың әсеріне қарсы тұру қасиетіне ие. Алаңдық құралдар сыртқы әсер етулердің кең шектерінде үнемі өзгеріп отыратын жағдайларда жұмыс істейді. [1]

  1. Монтаждық-жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру негізі

Кәсіпорын қызметін басқару жүйесін қайта ұйымдастыру отандық өндірістік есеп үшін «өндіріске жұмсалған шығындар есебі» және «өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау» ұғымдарын бағалауда жаңа мүмкіндіктер ашады. Шығындар есебінің объектісі әртүрлі өндірістік шеңберде анықталуы мүмкін. Бұл ақпараттарды пайдаланушылар мен басқарудың мақсатына байланысты болады. Шығындар есебінің нақты объектісінің сипаттамасы шығындарды бағалау әдісі мен өндірістегі есеп жүйесінің түрін анықтайды.

Есепке алынатын шығындардың көлемі мен сипаттамасы бойынша өнімнің (қызметтің, тауардың) өзіндік құны 3 түрге бөлінеді:

  • ØЦехтық өзіндік құн- өз құрамына цехтың шеңберіндегі өнім өндірісінің шығындарын енгізеді, жекелеген түрде, өнім өндірісіне материалдық шығындар, цехтық құрал - жабдықтардың амортизациясы, цехтың негізгі өндістік жұмысшы күшінің еңбекақысы, әлеуметтік аударымдар, цехтық құрал - жабдықты ұстау мен пайдалану шығындары, жалпыцехтық шығындар енеді.
  • ØӨндірістік өзіндік құн (дайын өнімнің өзіндік құны) - цехтық өзіндік құннан басқа өз құрамына жалпы зауыттық шығындарды (әкімшілік - басқару және жалпы шаруашылық шығындары) және қосымша өндіріс шығындарын құрамына енгізеді. Оған кәсіпорын ішінде өнімді тасымалдау шығындары да (бидай, азық) кіреді, ол қорытындылаушы болып табылады.
  • ØТолық (коммерциялық) өзіндік құн- өнімнің (қызметтің, тауардың) өзіндік құнын және оны өндіру шығындарын (коммерциялық шығындар, өндірістен тыс шығыстар) біріктіретін көрсеткіш. Сонымен қатар бұның құрамына қаптау бойынша шығындар, тиеу және түсіру бойынша шығындар, орнына жеткізу бойынша шығындар енеді.

Сметаны жасау кұрылыс объектілерінің өзіндік құнын нормативті калькуляциялауға негізделген, осы мақсатта материалдардың, енбек және қаражат шығындарының сметалық көлемі анықталады. Құрылыс жұмыстарының сметалық өзіндік кұнының негізі, ол құрылыс материалдарын дайындауға сметалық калькуляция, құрылыс машиналарын пайдалану және еңбек шығыңдары болады. Сметалық нормаларды жасағанда орташа шарттар мен барлық кешенді құрылыс жұмыстары ескеріле отырып, құрылыс жұмыстарының тәсілдері қолданылады.

Калькуляциялау мақсаты - шығындар түрін жүйелеп, құрылысты ұйымдастыруда дұрыс шешім қабылдауға әрекет ету. Бұл мақсат төмендегідей бағытты қамтуы шарт:

1) ішкі аудитті жургізу;

2) жоспарланған көрсеткіштердің орындалуын бағалау;

3) жұмыс түріне қарай тиімділігін анықтау;

4) шығын мөлшерін азайтудың жолдарын анықтау;

5) инновациялық әдістерді қолдану қажеттілігін тану.

Бүгінгі күні қолданылып отырған тәжірибеде көрсетілгендей құрылыс кәсіпорындары калькуляциялық шығындар баптарын қолданады, яғни:

1) материалдар;

2) жұмысшылардың еңбекақысы;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ДКВР-20 бу қазан қондырғысын автоматтандыру жүйелерін монтаждау
АКМ-1,6 су жылыту қазан қондырғысын автоматтандыру жүйелерін монтаждау
Кapaмeль өндipу үдepiciнe тaлдaу жacaу және карамель қондырғысын монтаждау жұмыстарына талдау жасау
Барабанды кептіргішті реттеу
Гексапод роботтар
LEGO Mindstorms бағдарламалық құралы
Физикалық шамаларды өлшеу
Ыстық сумен жабдықтау жүйесінің ішкі жүйесін жылумен жабдықтау жүйесіне қосу әдістері
Аспалы күйде балқыту
Оптикалық кабельдің телекоммуникацияда қолданылуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz