Шошқа тілмесі кезіндегі қолданылатын биопреапараттар


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министірліг

Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

БӨЖ

Тақырыбы: Шошқа тілмесі кезіндегі қолданылатын биопреапараттар

Тексерген:Муратбаев. Д. М

Орындаған: Нурмуқаш А. Е.

Семей қаласы

2015-2016 оқу жылы

Жоспар

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

  1. Шошқа тілмесі туралы түсінік
  2. Қоздырушысы
  3. Шошқа тілмесінің алдын алу және жою бойынша ветеринарлық іс-шаралар
  4. Емі.
  5. Залалсыздандыру

ІІІ. Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

ШОШҚА ТІЛМЕСІ - шошқаның жұқпалы ауруы. Қоздырғышы Erysіpelothrі іnsіdіosa бактериясы. Көбінесе 3 - 12 айлық торайлар жиі ауырады. Шошқа тілмесі жылқы, сиыр, қой, ит, т. б. жануарларға да жұғуы мүмкін. Шошқа тілмесі ауру және денесінде ауру қоздырғыштары сақталған шошқадан, кемірушілерден, насекомдардан, азық, су, құрал-саймандар арқылы жұғады. Аурудың өте қатты түрінен шошқа бірнеше сағатта өледі. Ауырған шошқаның темп-расы 41°С-қа көтеріледі, асқазан қызметі бұзылады, жүрегі қатты соғады, терісінде қызғылт дақ пайда болып, кейін қызарып ісінеді. Аурудың созылмалы түрінде шошқаның іші өтеді, арықтап, буындары іседі. Емдеу жолы: тілмеге қарсы арнайы сарысу және антибиотиктер егеді. Алдын алу үшін 2 - 4 айлық торайға вакцина егіп, 4 - 5 айдан соң қайталайды. Шошқалардың тұратын жеріне дезинфекция жасалып, кемірушілер мен насекомдардан тазартылады. Шаруашылыққа карантин қойылады.

Қоздырушысы - Erysipelothrix insidiosa - Lactobacillacea тұқымдастығы, Eyrisipelothix туыстастығына жатады. Ұзындығы 0, 5-1, 5 мкм, көлденеңі- 0, 2-0, 3 мкм, қозғалмайтын, спора және капсула түзбейтін, гарм оң, полиморфты қысқа таяқша. E. insidiosa сыртқы ортаның кез-келген нысандарында кездесетін ( убиквитарлы) және соған байланысты морфологиялық, уыттылық, антигендік және иммуногендік қасиеттері өзгеріп отыратын микроб. Тығыз қоректік ортада S-, R-, O- шоғырларын түзеді. Қоздырушының антигендігі бойынша 3 түрін -A, B, N ажыратады. Ауру қоздырушылық қасиеті негізінен А, сирегірек В, ал өте сирек N түріне тән. Соңғысы сау жануарларда кезігеді. В түрінің иммуногендік қасиеті жоғары болады да, көбінесе вакцина дайындауға пайдаланады. Лабораториялық жануарлардан ақ тышқан мен көгершін.

http://smikro.ru/img/012.jpg http://nsau.edu.ru/images/vetfac/images/ebooks/microbiology/stu/micro/pict/rogasv2_l.jpg

Мекендеу жағдайына байланысты олардың морфологиялық, вируленттік, антигендік және иммуногендік қасиеттері әр түрлі болады. Микроб қоректік ортаны талғамайды. Ауалы және және ауасыз жағдайда МПБ, Хоттингер қоректік ортасында жақсы өсе береді. Қозғалмайды, спора және капсула түзбейді. Грам бойынша оң және негізгі анилин бояуларымен боялады.

Тілме бактериясы қолайсыз жағдайларға төзімді. Суда, топырақта, садырада, өлекселерде көптеген айлар бойы сақталады. Тұздалған және кептірілген тағамдарда өлмейді. Бактериялар ыстықтау жерде, кейбір антибиотиктерден, залалсыздандырушы заттардан ( натрий сілтісі, формалин, хлор, әк т. б. ) қырылып қалады.

Тілме бактериясы жануарлар әлемінде ең кеңінен таралған микробтардың қатарына жатады. Шошқада тілме спородия немесе індет түрінде дүниежүзінің барлық елдерінде дерлік кездеседі. Ауруға көбінесе 3-12 айлық шошқалар бейім келеді. Сондай- ақ, табиғи жағдайда тілмемен қозы, тауық, үйрек, күрке тауық, көгершін кемірушілер ( тышқан, егеу-құйрық) ауырады. Тілмемен адам да ауырады. Адамда эризипелоид көбінесе алақанында, саусақтарында, терінің, тері асты ұлпаларының суланып, қабынуымен, сөл тамырларының кеңеюімен сипатталады.

Спорадия түрінде тілмемен жылқы, сиыр, қой, бұғы, ит, көптеген жабайы құстар ауырады. Теңіз, өзен балықтарында ауру қоздырушысы сапрофит ретінде жиі кездеседі.

Табиғатта көптеген үй және жабайы жануарлардың арасында әсіресе, шошқа, кемірушілер және құстарда тілме микробын алып жүрушілік кеңінен таралған. Қоздырушысының табиғатта кең таралуы және сыртқы орта жағдайына төзімділігі аурудың тұрақты қорламасының құрылуын және індеттің табиғи ошақтарының белгілі бір жерге тұрақтануын қамтамасыз етеді.

Ауру қоздырушысының бастауы- ауру және микроб алып жүруші шошқалар. Микроб алып жүрушілерде ауру қоздырушысы әдетте жұтқыншақ сөл түйіндерінде және ішек фолликулаларында орналасып, әр түрлі стресстердің, әсіресе, протеиннің жетіспеушілігі және сыртқы ортаның ыссылығының әсерінен аурудың клиникалық белгілері байқалады. Осы себептен тілме шаруашылыққа көбінесе басқа жақтан әкелінбейді, өз ішінен шығады.

Қоздырушының берілу факторларына жем, су, нәжіс, төсеніш, күту құрал-саймандары, өлексе, сойыс өнімдері, топырақ, т. б. Жатады. Ауру қоздырушысын тасымалдауға кемірушілердің, көк шыбынның, құстардың қатысуы мүмкін.

Ауру негізінен қоректік жолмен, ал сирегірек жанасу және трансмиссивтік жолдармен жұғады.

Тілме топырақ инфекциясы болғандықтан оның таралуында топырақтың алатын орыны ерекше. Ауру көбінесе көктемгі-жазғы маусымда негізінен мал басын толықтыруға және бордақылауға бөлінген жас шошқалардың арасында жиі кездеседі. Індеттің кеңінен жайылып, қарқынды таралуына күннің ыссы және ауаның ылғалды болуы, шошқаларды жақсы желдетілмейтің тар қораларда ұстау, тасымалдау, күн өту, жемде протеин, минералды заттар, витаминдердің жетіспеуі сияқты қолайсыз жәйттер әсерін тигізеді. Сонымен, тілменің тұрақты түрде белгілі бір аймақта және көбінесе жылдың жылы мезгілінде қайталанып отыруы оның індеттік ерекшелігі болып есептеледі.

http://grounde.ru/wp-content/uploads/2014/08/pasterellez-svinej-askaridoz-4-520x245.jpeg

Індеттік тұтанудың ұзақтығы және шығын көрсеткіші шошқаны өсірудің технологиялық жүйесіне, ауруды жылдам және дәл балауға, қоздырушының уыттылық және антигендік ерекшеліктеріне, табындағы иммунитеттің құрылымына, сауықтыу шараларын ұйымдастыруға байланысты болады. Әдетте індеттік тұтану қорадағы шошқаны түгел қамтымайды, ауруға шалдығу көрсеткіші 20-30% аспайды, шығын 55-80% жетеді.

Шошқа тілмесінің алдын алу және жою бойынша ветеринарлық іс-шаралар туралы Ереже

Осы Шошқа тілмесінің алдын алу және жою шаралары туралы ереже (одан әрі - Ереже) жеке және заңды тұлғаларға ветеринарлық шараларды ұйымдастыру мен жүргізудің Қазақстан Республикасының «Ветеринария турал» Заңының 26 бабына сәйкес, орындау үшін міндетті тәртібін анықтайды.

. Жалпы ереже

1. Шошқа тілмесі -жұқпалы ауру, әсіресе 3-12 айлық шошқаларды зақымдайды. Жіті және созылмалы, эпизоотиялық тұтану түрінде өтеді. Тілменің жеке тұтанулары кеміргіштердің, күрке тауықтардың, үйректердің, қырғауылдардың және қозылардың арасында болуы мүмкін.

2. Аурудың қоздырғышы сыртқы ортаның факторлары мен шіруге тұрақты келеді. Етті тұздау мен қақтау бактериядан зарарсыздандырмайды.

3. Ауру шошқаларда, дені сау бактерия тасығыш-шошқаларда бактериялар олардың жұтқыншақ бездерімен және ішектерінің фолликуласында орналасады, сонымен бірге кеміргіштер мен құстар аурудың негізгі көздері болып табылады.

4. Инфекцияның қоздырғыштарын тарату факторларына тілменің қоздырғыштарымен ластанған азық, су, сою өнімдері, өлекселер жатады. Осының ішінде топырақ маңызды орын алады. Осыған байланысты тілмені топырақтық, маусымдық (көктем-жазда) індеттер қатарына жатқызады. Кеміргіштер, шыбындар, құстар қоздырғыштарды таситындар болуы мүмкін. Қоздырғыштардың таралуының негізгі жолы-азықпен, жәндіктер арқылы және жанасу арқылы. Тілменің эпизоотиялық ерекшелігі оның тұрақты болып, жылдың жылы мезгілінде қайталануында. Эпизоотиялық ошақта жануарлар басының көпшілігі, 20-30% ауруға шалдығады. Өлім көрсеткіші жоғары -55-80%.

5. Шаруашылық субъектісіне (елді мекенде) қоздырғыштарды ауру, ауырып жазылған шошқалар, сонымен бірге ауру жануарлардың бөлінділерімен ластанған заттар таратады.

6. Шошқаның тілмесінің қоздырғышы сырттан келмесе де, бактерия тасығыш-шошқалардың арасынан, сыртқы ортаның жағымсыз факторларынан ( көлікпен тасымалдағанда, күн ыстықта арасынан айдағанда, шошқалардың денелері ыстықтағанда немесе тоңғанда, азықтандыру түрін кенет өзгерткенде, күн өткенде және ауаның жоғары ылғалдылығында) ауру шығуы ықтимал.

7. Шошқаның тілмесіне диагнозды эпизоотиялық, клиникалық, патологиялық-анатомиялық деректер мен ауру және өлген жануарлардан бактериологиялық зерттеулерге алынған патматериалдардың нәтижелерін негізге алып қояды. Аурудың шыққан уақытын, таралу сипатын, ауырған жануарлардың жасын назарға ұстайды.

8. Шошқаның тілмесін обадан, пастереллезден, листериоздан, сібір жарасынан, күн және ыстық өткеннен ажыратады. Созылмалы өткен кезде, обадан, микоплазма полисерозитінен, полиартриттен, стрептококтық және коринебактериалдық, індеттерден, рахит пен остеомаляциядан ажырату керек. Шошқалардың тілмесі күн ыстық өткендерден ажыратылғанда, осы факторларды тудыратын жағдайлардың негізін, клиникалық белгілерін ескереді: кенеттен әлсіздену, тыныс алудың жиілеуі, жүрек жұмысының бұзылуы, температураның көтерілуі 42-43 С, бұлшық еттері тартылады, күн немесе ыстық өткенде ауырғандар ауру белгілері білінгеннен бірер сағаттан кейін өледі.

9. Обадан және басқа вирустық індеттерден айыру мақсатында, ауру шошқалардың температурасын өлшеп, күніне 4 рет тілмеге қарсы сарысудың емдік дозасын пенициллинмен қосып беру ұсынылады. Тілмемен ауырған шошқалардың температулары төмендеп, жалпы жағдайы жақсарады. Обамен және басқа вирустық аурулармен ауырғанда көрсетілген емдеу көмек бермейді.

2 . Ветеринариялық-санитариялық таза аумақтарда жүргізілетін алдын-алу шаралары

10. Шошқаларды жоспарлы алдын ала егуді, қайта егуді жылдың кез келген уақытында ветеринарлық препараттардың мемлекеттік реестрінде тіркелген вакцинамен жүргізеді.

11. Егуден 5 күн бұрын және еккеннен кейін 5 күнге дейін жануарларды тасымалдауға болмайды. Бұл аралықта күн сәулесінің теріс әсерінен иммуногенез болмас үшін жануарларды күнге шығармайды.

12. Шошқа тілмесінің алдын алу үшін ветеринарлық-санитарлық шаралар:

1) жазғы лагерьлермен жабдықтау арқылы жанурларды ыстықтан қажудың алдын алып, шошқаларды күн сәулесінен қорғауды қамтамасыз етеді;

2) шошқаларға жиналған тамақ қалдықтарын залалсыздандырылмаған күйде беруге болмайды;

3) шошқаларды ет өңдейтін кәсіпорындарда немесе жануарларды союға арналған пункттерде сояды;

13. Шаруашылық субъектісінде (елді мекенде) шошқа тілмесі анықталғанда ветеринариялық маман сол аумақтық әкімшілік бірлігінің мемлекеттік ветеринариялық инспекторларына хабарлайды.

14. Аумақтық әкімшілік бірлігінің бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторы шошқаның тілме ауруына күдік туралы хабарды алғаннан кейін, дереу ауру шыққан жерге келіп, эпизоотиялық тексеру жүргізеді және диагноз қою үшін ауырған жануарлардан патологиялық материал алып ветеринарлық лабораторияға жібереді.

15. Шаруашылық субъектісі (елді мекені) диагноз анықталса, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес, оларға шектеу қойылады.

16. Шектеу шаруашылық субъектісінен (елді мекеннен) Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" заңының27- бабының 3-тармағына сәйкес, соңғы ауырған жануар сауыққан соң және қоралар, серуендеу алаңдары, күту заттары мұқият тазартылып, залалсыздандыру жүргізілгенінен 14 күн өткеннен кейін алынады.

17. Шектеудің шарты бойынша тиым салынады:
1) шошқаларды шығаруға және кіргізуге;

2) амалсыздан сойылған шошқаның етін залалсыздандырмай шығаруға;
3) ауру шошқалар жанасқан, шошқаға арналған азықтарды сыртқа шығаруға.

18. Клиникалық ауру белгілері бар ауру шошқаларды тілмеге қарсы гипериммунды сарысуды пенициллинмен қосып, қолдану нұсқаушасына сәйкес емдейді. Аурудан сауыққан жануарлардың терісі мен аяқтарын залалсыздандырғаннан кейін, сауыққандарын және барлық шошқаларды тілмеге қарсы вакцинациядан 10 күннен кейін келген жеріне қайтарады.

19. Тазармаған шаруашылық субъектілеріндегі дені сау шошқаларды вакцинациялайды да, оларды 10 күн ішінде байқап отырады. Егілген жануарлар ауырған кезде, жоғарыда көрсетілгендей оқшаулап, емдейді.

20. Шошқалар арасынан тілме ауруы бой көрсеткенде етке өткізетін технологиямен айналысатын шаруашылықтарда, ауруларды оқшаулап емдейді де, дені сау шошқаларды жақын жердегі ет өңдейтін кәсіпорындарға жедел түрде союға жібереді. Жіберілген күні союға мүмкіндік болмаса, сау шошқаларды сол жерде қалдырып, тілмеге қарсы вакцинациялап, 10 күннен кейін шектеусіз союға алып барады.

21. Әрбір ауру шошқа анықталған сайын, шошқа қораның едені мен қабырғасын тазартып жуады және мемлекеттік Реестрде тіркелген препараттармен залалсыздандырады.

22. Өлекселердің немесе лажсыз сойылған ауру шошқалардың терілерін залалсыздандырады. Өңделген терілерді өткізбейтін заттармен буып-түйіп, тері зауытына жібереді. Терінің залалсыздандыруын ұйымдастыруға мүмкіншілік болмаса, өлексені терісімен пайдаға асырады.

Емі . Тілмеге қарсы арнайы сарысу мен антибиотиктердің емдік қасиеті өте жоғары. Гипериммундік сарысуды ауру малдың тірі салмағының әр килограммына 1-1, 5 мл мөлшерінде тері астына не бұлшық етіне жібереді. Жануарлардың халі өте ауыр болса, жіберілетін сарысудың жартысын құлақтың қан тамырына жібереді. Сондай-ақ, пенициллин, стрептомицин, окситеттациклин, экмоновациллин, эритромицин, т. б. антибиотиктер жақы емдік нәтиже береді. Әсіресе, пенициллинді малдың тірі салмағының әр килограммына 2-3 мың ӘБ есептеп, арасына 6-8 сағат салып егеді. Антибиотиктерді сарысумен бірге еккен өте жақсы нәтиже береді. Ауру малдарға әр түрлі симптоматикалық дәрмектер қолданады.

Иммунитет. Ауырған шошқаларда ұзаққа созылатын иммунитет түзіледі. Белсенді иммунитет үшін екі түрлі тірі вакцина қолданылады. Біреуі 1931 жылы Румыния ғалымы В. Винограник бөліп алып, әлсіретіп әзірлеген «ВР-2» штамына дайындалған; екіншісі Д. Ф. Коневтің «К» штамынан дайындалған деполанған вакцина. Сонымен қатар, өлтірілген концентрленген аллюминий тотығы қосылған формолвакцина қолданылады. Вакциналармен 2 айдан асқан шошқаларды егеді. ВР-2 вакцинасын бір рет, ал деполанған концентрленген вакциналарды арасына 12-14 күн салып 2 рет егеді. 4-5 ай өткенсін қайталап вакциналау керек.

http://www.vetlek.ru/img/shop/items/fs_00002190.jpg

Енжар иммундеу үшін арнайы тілмеге қарсы гипериммунді сарысу пайдаланылады. Иммунитет 14 күнге дейін сақталады.

Дауалау және күресу шаралары. Тілмеден шаруашылықты дауалау үшін арнайы және жалыпы сақтандыру шараларын жоспарлы түрде жүргізу қажет.

http://www.ua.all.biz/img/ua/catalog/2954242.jpeg

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шошқа обасы кезіндегі қолданылатын биопреапараттар
Шошқа тілмесі кезіндегі патоморфологиялық өзгерістер
Ауески ауруы кезіндегі қолданылатын биопреапараттар
Шошка тілмесі кезіндегі қолданылатын биопрепараттар
Шошқа обасы кезіндегі қолданылатын биопреапараттар жайлы
Шошқа тілмесі кезінде қолданылатын биопрепараттар
Шошқа тілмесі. Шаруашылықты аурудан сауықтырудың күнтізбелік жоспары
Шошқа тілмесі кезіндегі биопрепараттар жайлы мәлімет
Шошқа тілмесі
«Шошқаның тілме ауруына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар»
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz