Платонның жан мен таным туралы ілімі



Платон Афиналық (б.з.б. 427 – 347) – ежелгі грек философы, Сократтың шәкірті, еуропалық идеализмнің негізін салушы. Платон оның лақап аты (жалпақ, кең), өз есімі – Аристокл. 407 ж. Платон Сократпен танысып, оның ең сүйікті шәкіртінің бірі болды. Сократ қайтыс болғаннан кейін Афинадағы саяси жағдайдың қолайсыздығына байланысты Мегарға кетті. 389 ж. Оңтүстік Италия мен Сицилияға саяхат жасап, онда пифагоршылармен ғылым, философия, діни ілім жайында пікір алысты. Платон Афинада өз мектебі – Платон академиясының негізін қалайды. 367 және 361 ж. Сицилияға екі рет саяхат жасап, өмірінің соңғы жылдарын Афинада өткізді. Осында көптеген еңбектер жазып, дәріс оқыды. Негізгі шығармалары: «Апология» (Сократты қорғау), «Критон» (заңды сыйлау туралы), «Кратил» (тіл туралы), «Федон» (әдептілік туралы), «Мемлекет» (идеялар теориясы), «Теэтет» (білім туралы), «Тимей», «Заңдар», т.б.
Б.з.д. IV ғасыр Грекия үшін «жоғары классика» дәуірі болып табылады. Бұл дәуірде антикалық философиялық ойдың айшықтық көрінісін беретін екі философиялық жүйе — Платон және Аристотельдің философиялық жүйелері қалыптасты. Сократтың ең ғұлама шәкірті және Академияның негізін қалаушы Платонның ілімі әр деңгейлі және әр алуан қырларымен ерекшеленеді. Оның шығармашылығында философия мифке қайта оралады. Онда миф логосқа бағынбағанымен, оның қанат жаюына серпін береді. Әр түрлі кезеңдерде оның философиясындағы метафизика мен гносеологияға, діни проблематика мен мистицизмге зор көңіл бөлінсе, қазіргі уақытта платонизмнің мәні ретінде оның ауызша диалектикасына, этикалық-саяси проблематикасына баса назар аударылады. Платон ілімінің шынайы маңызы осы көзқарастардың барлығын жинақтағанда ғана көрінеді. Платондық метафизиканың кең ауқымды ерекшелігі, онда жаңа шындықтың ашылуымен байланысты, яғни физис философиясында бұрын-соңды сөз қозғалмаған сезімнен тыс, физикалықтан тыс кеңістіктің ашылуымен байланысты болды. Платонның дәл осы жаңалығы философия дамуындағы маңызды кезең болып саналды және батыстық даналықтың дамуындағы материалдылық және материалдылық емес, сезімге тән және сезімнен тыс деген айырмашылықтардың негізін қалады. Осы категориялар түрғысында табиғат пен ғарыш өз алдына заттар түрінде емес, тек олардың құбылысы түрінде ғана көрінеді. Нағыз және нақты болмысқа заттардың мәнін, олардың парадигмасын білдіретін идеялар ғана ие болады. Платонның идеялар әлемі — бұл сатылы түрде ұйымдастырылған жүйе. Оның ең жоғарғы шыңында Игіліктің абсолюттік идеясы орналасқан. Физикалық әлем немесе сезіммен қабылданатын ғарыш әлемі мынадай кесте негізінде пайда болады: үлгі (идеалды әлем), көшірме (физикалық әлем) және Жаратушы (демиург) — үлгіге сәйкес көшірменің авторы.
1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы білім жәнә ғылым министрлігі Шәкәрім атындағы Семей қаласының мемлекеттік университеті

Реферат
Тақырыбы:Платонның жан мен таным туралы ілімі.

Тексерген:Едігенова А. Ж.
Орындаған Амирбаева Д.А.

2015- оқу жылы.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Платонның жан мен таным туралы ілімі.
Платон Афиналық (б.з.б. 427 - 347) - ежелгі грек философы, Сократтың шәкірті, еуропалық идеализмнің негізін салушы. Платон оның лақап аты (жалпақ, кең), өз есімі - Аристокл. 407 ж. Платон Сократпен танысып, оның ең сүйікті шәкіртінің бірі болды. Сократ қайтыс болғаннан кейін Афинадағы саяси жағдайдың қолайсыздығына байланысты Мегарға кетті. 389 ж. Оңтүстік Италия мен Сицилияға саяхат жасап, онда пифагоршылармен ғылым, философия, діни ілім жайында пікір алысты. Платон Афинада өз мектебі - Платон академиясының негізін қалайды. 367 және 361 ж. Сицилияға екі рет саяхат жасап, өмірінің соңғы жылдарын Афинада өткізді. Осында көптеген еңбектер жазып, дәріс оқыды. Негізгі шығармалары: Апология (Сократты қорғау), Критон (заңды сыйлау туралы), Кратил (тіл туралы), Федон (әдептілік туралы), Мемлекет (идеялар теориясы), Теэтет (білім туралы), Тимей, Заңдар, т.б.
Б.з.д. IV ғасыр Грекия үшін жоғары классика дәуірі болып табылады. Бұл дәуірде антикалық философиялық ойдың айшықтық көрінісін беретін екі философиялық жүйе -- Платон және Аристотельдің философиялық жүйелері қалыптасты. Сократтың ең ғұлама шәкірті және Академияның негізін қалаушы Платонның ілімі әр деңгейлі және әр алуан қырларымен ерекшеленеді. Оның шығармашылығында философия мифке қайта оралады. Онда миф логосқа бағынбағанымен, оның қанат жаюына серпін береді. Әр түрлі кезеңдерде оның философиясындағы метафизика мен гносеологияға, діни проблематика мен мистицизмге зор көңіл бөлінсе, қазіргі уақытта платонизмнің мәні ретінде оның ауызша диалектикасына, этикалық-саяси проблематикасына баса назар аударылады. Платон ілімінің шынайы маңызы осы көзқарастардың барлығын жинақтағанда ғана көрінеді. Платондық метафизиканың кең ауқымды ерекшелігі, онда жаңа шындықтың ашылуымен байланысты, яғни физис философиясында бұрын-соңды сөз қозғалмаған сезімнен тыс, физикалықтан тыс кеңістіктің ашылуымен байланысты болды. Платонның дәл осы жаңалығы философия дамуындағы маңызды кезең болып саналды және батыстық даналықтың дамуындағы материалдылық және материалдылық емес, сезімге тән және сезімнен тыс деген айырмашылықтардың негізін қалады. Осы категориялар түрғысында табиғат пен ғарыш өз алдына заттар түрінде емес, тек олардың құбылысы түрінде ғана көрінеді. Нағыз және нақты болмысқа заттардың мәнін, олардың парадигмасын білдіретін идеялар ғана ие болады. Платонның идеялар әлемі -- бұл сатылы түрде ұйымдастырылған жүйе. Оның ең жоғарғы шыңында Игіліктің абсолюттік идеясы орналасқан. Физикалық әлем немесе сезіммен қабылданатын ғарыш әлемі мынадай кесте негізінде пайда болады: үлгі (идеалды әлем), көшірме (физикалық әлем) және Жаратушы (демиург) -- үлгіге сәйкес көшірменің авторы.
Платон таным мәселесін жанда әуел бастан нақтылық түрінде ұшырасатын ақиқатты ажыратып алу ретінде қарастырады. Бұл ажыратудың тәсілі сократтық майевтика болып табылса, ал ди-алектика термині онда жаңа мағынаға ие болады. Платон өнерді ақиқаттан ауытқу, риториканы ақиқатты мистификациялау ретінде қарастырды. Платонның адам концепциясы дуалистік болғандықтан (жан мен тән), таным тазару ретінде, ал диалектика бетбұрыс ретінде қарастырылады. Жанның мәңгілігі Платон үшін ең маңызды мәселе болғандықтан метемпсихоз ұғымы әр-түрлі мифтер түрінде сипатталады. Платондық дүниетанымның інжу-маржаны оның бүкіл ой-толғамдарын қорытындылайтын Мемлекет диалогы болып табылады. Платонның түйіндеуінше, егер саясаткер философқа айналса (және керісінше), онда Ақиқат пен Игіліктің жоғары құндылықтарына негізделген шынайы мемлекет қалыптастыруға болады. Ал Әділеттілік бүкіл басқа нәрселер соның төңірегінде айналатын негізгі өзек болып табылады. Идеалды мемлекетті практикалық тұрғыда қалыптастырудың бірнеше мүмкіндігі сәтсіз аяқталған соң Платон өзінің Саясат және Заңдарында барлық нәрсенің өлшемі -- Құдай деп санайтын адамдардан құралған нақты мемлекеттің формасын табуға ұмтылады.
Платонның пікірінше, шын болмыс - ақылмен ғана білуге болатын денесіз идеялар әлемі. Оның болмысы Парменидтікіндей біртұтас емес, керісінше өздеріне тән идеялары бар рухани көпшілік болмыс. Әр идея өз алдына мәңгі және өзгермейді, ол өзіне-өзі тән. Идеялардың саны көп, бірақ шексіз емес. Идеялар бір-біріне тек қарым-қатынаста ғана емес, сонымен бірге бір-біріне бағынышты, басқаша айтқанда, бірнеше түрлі идеялар бір ортақ идеяға бағыныштықатынастарда болады.
Платон рухани әлемнің жеке идеялары туралы айтқанда, көбінесе эйдос деген ұғымды қолданады. Ежелгі грек тілінде идея да, эйдос та бір-біріне ұқсас мағына береді: түр, пішін, кейіп, тәсіл, т.б. Эйдостар сезімдік заттар үшін бір мезгілде әр түрлі міндет атқарады: 1) себептілік; 2) заттардың жаратылу кескіні үшін үлгі; 3) заттардың түпнегізін бейнелейтін ұғым. Материалдық денелер өзгермелі, құбылмалы, ал эйдостар мәңгілік. Заттардың өзгермелілігін түсіну үшін бұл екі ұғым аз, сондықтан Платон оларға қосымша тағы бір ұғым - хораны (материя) кіргізді. Хора-материя - көрінбейтін, түрсіз, еленбейтін өзіне-өзі тең құбылыс. Бірақ ол кез келген түрді қабылдап, пішінделген (түрленген) материя болуға қабілетті.
Платонның материясын танып-білуге болмайды, ол - бейболмыстың бір түрі. Матери көптүрліліктің, жалқылықтың, заттанудың, өзгерістердің, туу мен өлімнің, табиғи қажеттіліктің, жамандықтың және еріксіздіктің қайнар көзі. Материя мәңгі, ол өмірге идея арқылы келмейді. Платон материяның бұл түрінен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сезімдік заттар - заттандырылған идеялар мен материяның туындылары
Софистика-философия және мәдениет құбылысы ретінде
Антикалық психология
Антика дәуірінің философиясы
Платонның қоғамдық,саяси және әлеуметтік көзқарастары
Платонның жан мен тән туралы ұғым жайлы
Көне Грек философиясының ерекшеліктері
Платонның жан мен тән туралы ұғымы
Болмыс мәселесі
Платон мен Аристотель
Пәндер