Джемс-Ланге теориясы және оның позитивтік психологиядағы эмоциялар туралы түсініктің дамуындағы рөлі


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТТІ

Тақырыбы:Джемс-Ланге теориясы және оның позитивтік психологиядағы эмоциялар туралы түсініктің дамуындағы рөлі.

Орындаған:Аманжолова Ж. Е

Топ:ПХ-415

Тексерген: Тезекбаева М. Ж

Семей 2015 жыл

Джеймс-Лангенің эмоциялар теориясы - американдық философ және психолог У. Джеймс пен неміс психологі Г. Лангенің XIX ғасырдың 80-90-жылдарында бір-бірінен бөлек ұсынған теориясы. Бұл теория бойынша эмоциялардың пайда болуы еріксіз қозғалу саласындағы, сондай-ақ жүрек, қантамыр, секреторлық қызметтің саласындағы өзгерістердің сыртқы әсерлерінен туындайды. Эмоциялық күйініш-сүйініштер осы өзгерістермен байланысты түйсіктердің жиынтығы болып шығады. Джеймстің ойынша, "жылағандықтан мұңаямыз, дірілдегеніміз қорыққандықтан, күлетіндіктен қуанамыз". Г Джеймс эмоцияларды перифериялық өзгерістердің кең тобымен байланыстырса, Ланге қантамыр-қозғалу жүйесімен-иннервация күйімен және тамырлардың саңылауымен байланыстырды. Осылайша, әдетте, эмоцияның салдары деп қарастырылатын перифериялық органикалық өзгерістер олардың себебі деп жарияланды. Джеймс-Лангенің эмоциялар теориясы эмоцияларды жаратылыстық тұрғыдан зерттеуге келетін объектіге айналдыруға әрекеттену болды. Алайда эмоцияларды тең денелік өзгерістермен байланыстырып, бұл теория эмоцияларды қажетсінулер мен түрткілерге қатысы жоқ, адаптивтік мағынасы, реттеушшік функциясы жоқ құбылыстар қатарына қосты. Эмоциялардың ерікті реттелуінің проблемасы бұл орайда қарапайымдандырылып баяндалады: жағымсыз эмоцияларды, мысалы, ашулы жағымды эмоцияларға тән қимынды әдейілеп жасаса, басуға болады деп есептеледі. Бұл теорияға психологиядағы қарсылықтар эмоцияларды перифериялық өзгерістерден туындайтын түсініктердің жиынтығы деп механистік түсінушілік; жоғарғы сезімдер табиғатын түсіндіру тұрғысында болды. Физиологтардың сыны жануарларға жасалған эксперименттерден алынған мәліметтерге негізделді (Ч. С. Шеррингтон, У. Кеннон және т. б. ) . Олардың ең бастылары сол бір ғана перифериялық өзгерістердің өздері алуан түрлі эмоциялар кезінде, сондай-ақ эмоциялармен байланысты емес күйлер кезінде болып жататынын көрсетеді. Л. С. Выготский бұл теорияны организмдегі өзгерістерден туындайтын "төменгі", элементар эмоцияларды бейне ешқандай материалдық негіздері жоқтай көрінетін "жоғарғы", ақиқат адами күйініш-сүйініштерге (эстетикалық, зияттық, адамгершілік және т. б. ) қарсы қойғаны үшін сынады.

Н. Н. Ланге мен У. Джеймс әрқайсысы өзінше зерттеулер жүргізді. Джеймс, ІІсихолог маман ретінде, ал Ланге, физиолог ғалым ретінде, мақсатсыз. Джеметің айтуынша адам организмінде эмоцияның нендей негіздері пайда болып отыратындығын анықтауды міндет етіп қойды. Сонымен бірге, адам эмоциясы жайындағы теріс көзқарастың сырын ашуды көздеді. Ланге мен Джеймс адам эмоциясының пайда болу себептерін органикалық реакцияларға енгізу деп түсіндірді. Мұндай көзқарастын мән-жайы көптеген мамандарға кеңінен мәлім және оқулықтарда толық баяндалған. Сондықтан бұл мәселені талдап жатудың қажеті бола қоймас деймін. Бұл теориядағы елеулі бет-бұрыс болын саналған нәрсе эмоциялық реакциянын қалыптасуы туралы бұрынғы дәстүрлі көзқарастарды өзгертуге айтарлықтай ықпал еткенін ескерте кетейін.

Джеймс пен Лангеге дейінгі психологтардың эмоция жайындағы түсініктері мынадай сипатта болған еді: оның бірінші өлімі сыртқы не ішкі оқиға, қауіпті жағдай төнгенде оны қабылдап, эмоция тудырады, сонан кейін бұл-эмоцияны бастап кешіреді (жүректің жиі соғып дүрсілдеуі, бозарып кету, жүйкенің . тіркенуі, тамақтың құрғауы - мұның бәрі қорқудан пайда болатын сезім күйлері) сол тітіркендіргіштерге әсерленуі. Бұрын мұндай күйлерді психологтар мынадай ретпсн көрсететін еді: қабылдау, сезім, оның сыртқы көрінісі. Ал Джемс мен Ланге мұндай сезім күйлерін бастан кешіруді өзгеше көрсетеді. Белгілі бір қатерлі оқиғаны қабылдағанда оған әсерлену рефлекторлық түрде органикалық өзгерістерге ұшыратады (Лангенің-көрсетуінше қан тамырларының кеңейіп, таралуы. Джеметің, айтуынша ішкі орган қызметінің жандана түсуі) . Адам органдары сыртқы хауінтің әсерінен жанданып, оларды қабылдауда біздің бойымызда эмоция пайда болады дейді.

Джеймстің эмоцияның пайда болуы жайындағы ілімі қазіргі кезде түрлі өзгерістерге ұшырап, әрқилы қайшьшықтар тудырып отырған. Әдетте, біз жылаймыз, өйткені қайғы-қасіретке ұшыраймыз, денеміз тітіркеніп түршігеді, өйткені қорқамыз, біреуді ұрып-соғамыз, өйткені біз ашулымыз, ал дұрысында былай деп айтқан жөн болар еді: біз қамығамыз, сондықтан жылаймыз біз қорықтык, сондықтан денеміз түршігіп дірілдейміз, біз ашуландық сондықтан ұрып-соқтық.

Джеймстін түсінігі бойынша біз сыртқа шыққан эмоциямызды игере білсек, ол басылады және керісінше: біз ашу-ызаға, шаттық күйге бөленсек, оның, артынша-ақ эмоция болып, сыртқа шығады.

Мұндай көзқарастын қалыптасып орнығуына мынадай ек түрлі жайт әсер етті: бірі - бұл көзқарас эмоцияны табиғи-ғылымы және биологиялық тұрғыдан негізделді деп санады екінші - ешкімге керексіз эмоцияның шығу тегін хайуанатта дүниесінің тіршілігімен ұштастырылған көзқарастан өзгеше еті құрылды. Сөйтіп эмоция жеке басқа тән қасиет ретінде қарастырылды. Сіздер адамның басыңан кешіретін сезімдеріні бәрі оның ішкі жан дүниесімен және оның жеке басына тән ерекшеліктері өзара тығыз байланысты екенін жақсы білесіздер.

Джеймс пен Ланге теориялары осыдан кейін біріктіріліп жалпы теориялық сипат алды. Алайда бұл теорияны көп уақыт өтпей-ақ бірсыпыра зерттеушілер «материалданған» теория деп кінәлай бастады. Өйткені Джеймс пен Ланге сезім арқылы адам денесінен шығатын органикалық процестерді санаға ендіруді көздеп отыр деді. Джемс әлі материализмнен әлдеқайда алыста жүрді. Сондықтан ол өзін кінәлағандарға жауап ретінде мынадай тезисті қолданды ( тезис оның психология оқулығына ендірілген еді) : «Менің теориям барлық жағдайда да материалистік бола алмайды» . Мысалы: эмоцияны жоғары және қарапайым қызметтер деп ажыратып атауы эмоция жайындағы ілімде жоқ нәрсе болатын.

Джеймс теориясын материалистік теория деп кіналаушыларға жауап ретінде Дарвиннін ағылшынның схоласт психологтарына қарсы қойған әдісін пайдаланады. Ол өзінің көзқарасын дәйектеу мақсатымен «Қасапқа пышақ ұстатып, құдайдың құдіретін» дәріптейтін принципті қолданды. Оның бұл пікірі бойынша органикалық құрылым эмоциясының төменгі сатысына тән, бұл ерекшелік адамда жануарлар дүниесінен мирас болып қалған деп түсіндірді. Эмоцияның бұл тобы адамның қорқынышына, ашу-ызасына, торығуына, қолдануына тән, бірақ мұңдай эмоциялар адамның нәзік сезімдері болып саналатын діни нанымдарына, ерлер мен әйелдер арасыңдағы сүйіспеншілікке, әсемділіктен ләззатгану сезімдеріне қатысы жок. Сонымен Джеймс эмоцияны жоғары және төменгі топтарға бөліп қарастырды. Сондай-ақ бұрыннан ескерусіз болып қалған, бірақ соңғы кезде тәжірибелік зерттеулерде ерекше көңіл аударып отырған мәселе - ақыл-ойға қатысты эмоциялар да жоғары топтагы эмоцияларға жатады деп санады. Біздің ойлау процестерімізде тікелей бейнеленетін барлық эмоция түрлері мен адам басынан кешетіН әсерлі сезімдердің бәрі пікірдің құрамды бөлігіне жатады да олар мұндай эмоцияларды негізгі органикалық құбылыстардан басқа өзгеше текте пайда болады деген шек қойды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Л.С Выготскийдің, А.Б. Запарожец, С.Л. Рубинштейн, А.Н Леонтьев, П.К Анохин П.В Симонов еңбектерінде эмоцияның теориясы
Эмоцияларды басқару жолдары
Эмоциялық процестер және эмоцияның басқарылуы
Сезім және эмоция
Эмоция және оның балалық шақта дамуы.
Эмоционалдық жағдайлардың түрлері және ерекшеліктері
Эмоция туралы қазіргі шет ел концепциялары
Адамаралық қарым-қатынастың эмоционалдық негізі
Адамның сезімдік сферасының дамуы
Мотивация мен эмоция туралы психологиялық теориялары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz