Б.з.д. VII-VI ғғ. Грек мәдениеті. Грек-парсы соғыстары. Хронологиялық кесте жасау



1. Архаика (б. з. д. VII—VI ғасырлар)
2. Ежелгі грек өнері.
3. Грек.парсы соғысы.
4. Пайдаланған әдебиеттер:
Антик дүниесінің өнері деп аталатын ежелгі Грекия мәдениетінің әлемдік өркениетте алатын орны ерекше. «Антик — (көне, ежелгі)» деген ұғым.
Архаика (б. з. д. VII—VI ғасырлар)
Ежелгі Грекияда көркемдік ерекшелігі бар архаика кезеңінде өте қажетті тенденция пайда болды. Ғылым, атап айтқанда, философиялық ойлау, әдебиет, театр дамыды. Грекия өнерінің алғашқы гүлденуі басталды. Грекия құрылысында архаика кезеңінде мегарон формасы пайда болды. Храм және зәулім сарайлар салына бастады. Храмдарды безендіру құрылыспен байланысты болды. Храм құрылысы бірнеше типке бөлінді:
1. Екі колонналы, бір есікті храмның босағасы шығысқа қарады.
2. Екі есікті, төрт колонналы храмдар пайда болды (есігі шығыс және батыста болды).
3. Колонналары барлық жағында орналаскан, классикалық деп аталатын тікбұрышты храмдар пайда болды.
4. Ордерлі храмдар пайда болды.
Архаика кезеңінде ордерлердің екі түрі колданылды: дорикалық және ионикалық. Дорикалық ордердің негізі тастан жасалды. Колонна тік бағаналармен әшекейленді. Пішіні дөңгелек болып келді. Тұғыры квадрат плита болды. Мүсіндік рельефтермен көркемделіп, әйелдер тұлғалары бедерленді.
Иониялық ордер дорлық ордермен салыстырғанда пропорция жеңілдігімен көзге түседі. Әсем колонаның табанында тиянағы болған, жоғары жағының жіңішкеруі дорлық ордерге қарағанда кемдеу.
Кейіннен классика кезеңінде коринфтік ордер пайда болды. Ол пропорциялық қатынас жағынан ионикалық ордерге жақын. Ол тік, сұңғақ, әрі сән-салтанатты болды. Өсімдіктер жапырағымен өрнектелді. Грекиялық сәулет ордерлері тек антикалық құрылыста ғана қолданылған жоқ. Оның қайта өрлеу, барокко, классикалық сәулет өнерінде де маңызы болды.
1. Д. Г. Редер, Е. А. Черкасова “Ежелгі дүние тарихы”, «Мектеп» баспасы Алматы 1976ж.
2. Өнердің ықшам тарихы—Антик өнері, Алматы, «Өнер» баспасы, 1988.55-104 бет

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ
Тақырыбы: 1 Б.з.д. VII-VI ғғ. Грек мәдениеті. 2 Грек-парсы соғыстары. Хронологиялық кесте жасау

Тексерген: Керейбаева А.С.
Орындаған: Саматов Саят

Семей 2015ж.
Антик дүниесінің өнері деп аталатын ежелгі Грекия мәдениетінің әлемдік өркениетте алатын орны ерекше. Антик -- (көне, ежелгі) деген ұғым.
Архаика (б. з. д. VII -- VI ғасырлар)
Ежелгі Грекияда көркемдік ерекшелігі бар архаика кезеңінде өте қажетті тенденция пайда болды. Ғылым, атап айтқанда, философиялық ойлау, әдебиет, театр дамыды. Грекия өнерінің алғашқы гүлденуі басталды. Грекия құрылысында архаика кезеңінде мегарон формасы пайда болды. Храм және зәулім сарайлар салына бастады. Храмдарды безендіру құрылыспен байланысты болды. Храм құрылысы бірнеше типке бөлінді:
1. Екі колонналы, бір есікті храмның босағасы шығысқа қарады.
2. Екі есікті, төрт колонналы храмдар пайда болды (есігі шығыс және батыста болды).
3. Колонналары барлық жағында орналаскан, классикалық деп аталатын тікбұрышты храмдар пайда болды.
4. Ордерлі храмдар пайда болды.
Архаика кезеңінде ордерлердің екі түрі колданылды: дорикалық және ионикалық. Дорикалық ордердің негізі тастан жасалды. Колонна тік бағаналармен әшекейленді. Пішіні дөңгелек болып келді. Тұғыры квадрат плита болды. Мүсіндік рельефтермен көркемделіп, әйелдер тұлғалары бедерленді.
Иониялық ордер дорлық ордермен салыстырғанда пропорция жеңілдігімен көзге түседі. Әсем колонаның табанында тиянағы болған, жоғары жағының жіңішкеруі дорлық ордерге қарағанда кемдеу.
Кейіннен классика кезеңінде коринфтік ордер пайда болды. Ол пропорциялық қатынас жағынан ионикалық ордерге жақын. Ол тік, сұңғақ, әрі сән-салтанатты болды. Өсімдіктер жапырағымен өрнектелді. Грекиялық сәулет ордерлері тек антикалық құрылыста ғана қолданылған жоқ. Оның қайта өрлеу, барокко, классикалық сәулет өнерінде де маңызы болды.
Антикалық шеберлер храмдарды әр түрлі бояулармен безендіріп, көркемдей білді. Негізгі қолданылған бояу түстері: көк, қызыл, жасыл, алтын түстес. Архаика дәуірінде Грекиялық монументті мүсіндер пайда болды. Олар тас, ағаш, күйдірілген балшықтан жасалды. Архаика дәуірінде негізгі кейіпкерлер -- Құдай, батыр, соғыс ерлері, қыздар ретінде бейнеленген статуялары жасалды.
Б.з.д. VI ғасырда Құдай статуялары дәл алдынан мүсінделген абстрактілі геометриялық формада жасалған.
Б.з.д. 650 жылы Афиныда пайда болған Артемида мүсініне қарап, б.з.д. VI ғасыр екінші жартысында адам тұлғасын сомдауда адам образы шынайы бейнеленгенін байқауға болады. Мерекелік киінген қыздар бейнесі, сомдалған мүсіндер пайда болды. Кішігірім статуялық мүсіндер жасау грек архаикасында көркемдік даму үстінде болды. Грек көркемдік кәсібінде құмыралар безендіру архаика кезеңінде пайда болган. Олар ұзаққа сақталмаған. Құмыра безендіруде контурлық ақ бояулар пайдаланылған. Қызыл сары күйдірілген саз балшық фонында өрнектер, адамдар мен жануарлар бейнесін кара лакпен сылап, аса көркемдікпен салынған. Қара түсті құмыра безендірудің әйгілі шебері Эксекий б.з.д. VI ғасырдың екінші жартысында мифологиялық сюжетті Гомер эпостарын қара түсті вазалар бетінде бейнелеп бере білді.
Грек сәулетшілері храм салынатын жерлерді таңдағанда да төңірегінің пейзаж-көрінісін ескеріп, керемет зректік танытқан. Архаика кезеңінің ең еңселі храмдарының бірі - Коринфтегі Аполлон храмы. Қаланың ортасында орналасқан.
Мүсіншілер мен суретшілер ұдайы жігіттердің жалаңаш денесін көріп, олардың сұлу сымбатына, бұлшық еттеріне қызыға қарап, адам қимылы мен дене пропорцияларын қалтқысыз қадағалай алатын. Гректер санасында атлеттік сұлулық мұратын, қайратты қаһарман адамның бейнесін өмірдің өзі қалыптастырды. Архаикалық өнердің ең ертедег.і ескерткіштерінің бірі- б.з.б. 7-6ғ. Шамасында тарғыл мәрмәрдан жасалған куростың мүсіні. Ол Сунион мүйісіндегі теңіз тәңірі Посейдон храмының маңынан табылды. Мұндай мүсіндер көбінесе құдайларға сыйлық ретінде тартылатын.
Гректер мысырлықтар мен вавилондықтардың мыңдаған жылдар бойы тірнектеп жинаған білімін пайдалана отырып, өздерінің математикасын, астрономиясы мен медицинасын жасады.
Ежелгі грек өнері.
Зевстің алтың мүсіні. Зевстің алтын мүсіні - кезінде Ежелгі Грекиядағы Олимп тауында Зевс құдайға орнатылған ескерткіш, "әлемнің жеті кереметінің" бірі. Б.з.б. 7 ғ-да өмір сүрген белгілі афиналық мүсінші Фидий сомдаған. Ежелгі гректер құдайлардың құдайы деп сенген Зевске арнап ақ мәрмәрдан зәулім сарай тұрғызған болатын. Фидий өзінің мүсінін осы сарай ішіне сомдаған. Тақта отырған құдай мүсінінің биіктігі 17 м болған, ол сарай төбесіне сәл-ақ тимей тұрған. Зевс отырған тақ түгелдей алтын және піл сүйегінен жасалған. Негізгі ағаштан істелген құдай мүсінінің беті, қолы, аяғы және ашық төсі өте нәзік зергерлікпен өңделген піл сүйегімен түгелдей қапталған. Мүсіннің белден төм. бөлігі гүлдермен, жұлдыздармен, әр түрлі хайуанаттар бейнесімен көркемделген алтын жамылғымен жабылған. Мүсінші Зевстің бір қолына ұстатқан жеңімпаздық құдайы Ника бейнесі де, екінші қолындағы қыран қонған тұғыр да алтын мен піл сүйегінен жасалған еді. Ал Зевстің басына таза алтыннан өрілген тәж кигізілген болатын. Ежелгі гректер ең үлкен бақытсыздық - Зевс құдайдың алтын мүсінін көрместен бұрын өліп кету деп есептеген. Сондықтан да ес білген әр адамға бұл бейнені көру арман болған. Б.з. 7 ғ-нда Зевс мүсінін Грекиядан Константинопольге (қазіргі Стамбұлға) көшірген. Мүсін сонда өртте қалып жоқ болды. Бірақ оны көрген адамдардың жан-жақты суреттеп, сипаттап қалдырған көптеген қолжазбалары арқылы Зевстің алтын мүсінінің қандай болғанын көзге елестетуге болады.
Ежелгі грек театры. Театрдың даму кезеңдерінің бірі -- көне замандағы театр мәдениеті. Ертедегі грек драмасы мен театры -- жүзім мен шарап жасау Құдайы Дионистің құрметіне ауылдык жерде мереке өткізу негізінде пайда болды. Бұл мерекелерде маскалы адамдар, теке терісін кигендер (теке -- Дионистің қасиет тұтатын жануары) өнер көрсетті. Маскалылар хорының би аралас әндерінде диалог элементтері мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ежелгі Грекия мен Рим тарихнамасы
Сақ, усунь, кангюй бірлестіктерінің этникалық тарихын ежелгі нарративтік деректер мен кейінгі жаңа зерттеулер негізінде жүйелілікпен негіздеп, аталмыш халықтардың этногенезін анықтау
«Түркі халықтарының тарихы» пәнінен оқу-әдістемелік кешен
Қазақстан жерін мекен еткен көне түркі тайпаларының мәдени дамуы
Сақтар мен ғұндардың әскери өнері мен мемлекеттік ұйымы: салыстырмалы талдау
Қазақстан аумағындағы сақтардың археологиялық ескерткіштері
Қазақ этногенезінің сақ кезеңі
Жетісу жеріндегі сақтардың отырықшылығы, жер шаруашылығы және қалалық өмірі
Мәдениеттану. Ежелгі грекия мәдениеті
Греция тарихының ежелгі кезеңі
Пәндер