Бизнесті басқару.Студенттерге арналған қарапайым бизнес


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
СРО
Орындаған: Асқарұлы Д.
Тобы: ТФ-419
Тексерген: Есенбекова З Ж
Семей-2015
Жоспар:
- Бизнесті басқару
- Студенттерге арналған қарапайым бизнес
БИЗНЕСТІ БАСҚАРУ
Заңды тұлғаны ұйымдастырушылардың (қатысушылардың) немесе меншiк иесi уәкiлдiк берген органның шешімі бойынша қайта құруға болады.
Қайта құру - бұл бір заңды тұлға жойылып, оның орнына басқа бір заңды тұлға пайда болатын процесс. Бірақ қайта құру барысында (таратылудан ерекше) заңды тұлғаның жойылуы оның құқықтары мен міндеттерінің жойылуына әкеп соқпайды, құқықтық мирасқорлық (демек, құқық пен міндеттердің ауысуы) сақталады, ұйымдастыру кезінде құқықтық мирасқорға құқықтарды тіркеуді жүзеге асыру үшін табыстау актісі немесе бөлу балансы ұсынылады.
Қайта ұйымдастырудың мынадай түрлері бар:
Бірлесу - мекемелердің жеке әрекеті тоқтатылады да, олардың бірлесуінің негізінде жаңа заңды тұлға пайда болады - әр қайсысының құқықтары мен міндеттері жаңадан пайда болған заңды тұлғаға өткізу актісіне сəйкес ауысады
Қосып алу - бір заңды тұлға екіншісіне қосылады да, біріншісі жеке іс-әрекетін тоқтатады. Ал екіншісі өзінің іс-әрекетін әрі қарай жалғастыра береді - екінші заңды тұлғаға қосылған заңды тұлғаның құқықтары мен міндеттері өткізу актісіне сəйкес ауысады
Бөліну - жойылған заңды тұлға негізінде жаңа заңды тұлғалар пайда болады - оның құқытары мен міндеттері жаңадан пайда болған заңды тұлғаларға бөлу балансына сəйкес ауысады
Бөліп шығару - жаңа заңды тұлға пайда болады (бір немесе бірнеше), ал жаңа тұлға бөлініп шыққаннан кейін бұрыңғы заңды тұлға өз әрекетін әрі қарай жалғастыра береді - әр қайсысына бөлу балансына сәйкес қайта құрылған заңды тұлғаның құқықтары мен міндеттері ауысады.
Өзгерту - заңды тұлға өз іс-әрекетін тоқтатады және оның орнына жаңа заңды тұлға пайда болады (ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны өзгереді) - жаңадан пайда болған заңды тұлғаға қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның құқықтары мен міндеттері өткізу актісіне сəйкес ауысады
Студенттерге арналған қарапайым бизнес
Қыркүйекте әдетте күн жылы, демек майкамен де жүре беруге болады. Оған денешынықтыру сабағында міндетті киілетін спорттық форманы қосыңыз. Ал қыркүйекте бірінші курсқа түскен студенттер факультет өмірін егжей-тегжейлі білгісі келіп, өздерін өзгелерден ерекше көрсеткісі келетіні тағы бар. Егер оқыған институтыңыз соншалықты керемет болса және студенттер өзін-өзі сол интитутпен сәйкестендіргісі келсе тіпті жақсы. Демек, біз бизнесімізді институт бейнесі немесе логотипі басылған киім, көбінесе майкалар, белгішелер, басқа да заттарды сатудан бастаймыз Мұндай заттарды тек жаңадан келген студенттер ғана алып қоймайды. Ойымша, институтты бұрын бітірген, бірақ өзі оқыған оқу орнын еске түсіретін естелік затқа құмар бітірушілер де алуы мүмкін.
Ең алдымен деканнан институт немесе факультет символикасы бар майкалар мен белгішелерді жасауға рұқсат алу керек. Бұл тек өзіңіздің адамдармен өзара қарым-қатынас жасай білу қабілетіңізге байланысты - бар керегі деканды көндіріп, үзіліс кезінде осы тауарларды сатуға рұқсат алу. Қорқатындай еш нәрсе жоқ, институт фойесінде бір апта бойы үстел орнатып, әлгі тауарларды сатуға рұқсатты оп-оңай алуға болады. Тіпті болмаған жағдайда деканатқа әрбір сатылған нәрседен бонус тиетінін хабарлап, оған кепілдік беруіңе болады. Рұқсат алынғаннан соң тауарларды әзірлеуге кірісу керек.
Институт немесе факульутет эмблемасын сайттан немесе әкімшіліктен алуға болады. Майка немесе белгішеге басылатын макетті жасау ешбір қиыншылық туғызбайтын сияқты - қолың түзу, өзің ұқыпты болсаң болғаны, ал тағы да бір керегі ол графикалық редактор. Әрі қарай шығындарды есептейік: институт эмблемасы басылған 25 белгіше, факультет эмблемасы басылған 25 белгіше жасап шығарайық. Барлығына шамамен 25$ жұмсалынды.
Енді майкаларды жасап шығарамыз . Бұл да жоғарыда айтылғандай дайындалады. Эмблеманы өз бетіңше немесе арнайы делдалмен келісіп, басуға болады. Майканың бағасы шамамен 7-10 мың сом, ал оған белгі басу 5-10 мың сомды құрайды. Тағы да есіңе салам, адамдармен келісе білу керек. Әр түрлі дизайнмен жасалған, эмблемасы бар, әртүрлі басу жолымен дайындалған 5-15 дана майка жасап шығару керек. Бұл шамамен 30-75$-ға түседі. Майка мен белгішеге басылатын суреттің қосымша дизайн түрлерін дайындап, оларды қағазға басып шығарыңыз. Бұл үлгілерді қызығушылық танытқандарға көрсетеміз. Ал күлкілі де қызықты суреттер басылған майкалар каталогін даярласаңыз тіпті жақсы, олар да көп жастардың көңілінен шығатыны анық
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz