Айналым қаржыны тиімді қолдану жолдары. Амортизация әдістері



Кіріспе
1 Кәсіпорынның айналым капиталы және қорларын пайдалану мөлшері
2 Кәсіпорынның айналым қаражаттарын қолданудың тиімділік көрсеткіштері
3 Кәсіпорынның айналым капиталын пайдалану тиімділігн жетілдіру жолдары
4 Амортизация әдістері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Глоссарий
Айналым капиталы кәсіпорынның өндірістік процессіне тікелей қатысып, өндірілген өнімнің өзіндік құнын анықтайтын маңызды элемент болып табылады. Қаржы менеджерлері үшін айналым капиталының құрамы мен құрылымы, олардың көлемі, активтерді қолданудың тиімділігі негізгі талдау және жоспарлау объектісі болып табылады. Айналым капиталын тиісінше қажеттң қаржы көздерімен қамтамасыз ете білу де маңызды болып табылады, түптеп келгенде айналым капиталын қаржыландыуды қйымдастыру деңгейі олардың тиімді қолданылуының маңызды факторы болып табылады.
Кәсіпорындардың іс әрекетін қамтамасыз етудегі міндетті шарт – қолда бар айналым капиталының болуы. Капитал айналымының мәні – ұдайы өндірістік процестедің қажеттілігі қамтамасыз етудегі экономикалық рольмен анықталады. Айналым капиталын тиімді пайдалану көпшілігінде олардың қажеттілігін анықтау болып табылады.
Түрлі салаларда айналым капиталының үлес салмағы кәсіпорындардың өндіріс қорларының құрамында әр түрлі. Мысалы, ауыр өндіріс кәсіпорындарында жеңіл өндіріс кәсіпорындарына қарағанда ол төмен. Кәсіпорында айналым капиталын ұйымдастыру мыналардан тұрады: айналым капиталының қажеттілігін анықтау, олардың құрамы, құрымын қалыптастыру көздерін табу және оларды реттеу, айналым капиталын басқару және т.б.
Үздіксіз өндірістік үрдісті қамтамасыз ету үшін негізгі өндірістік қорлармен қатар оған заттармен материалдық ресурстар қажет. Еңбек заттары еңбек құралдарымен бірге үдерісіне қатысып, олардың құны өндірілетін өнімнің материалдық негізін жасап өнімнің өзіндік құныны құрайды.
Өндірістік айналым капиталдың заттық элементтерінің айналымдылығымен, еңбек үрдісімен жіне негізгі өндірістік қорлармен тығыз байланысты болады. Кәсіпорынның айналым қоры мен айналым капиталы түсінігі, оның мәні, қызметі мен құрамын қарастырайық.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Айналым қаржыны тиімді қолдану жолдары. Амортизация әдістері

Орындаған: Тлеуханова Г

ХН - 221

Тексерген: Турусбекова А.С

Семей қаласы

2015 жыл

Мазмұны
Кіріспе
1 Кәсіпорынның айналым капиталы және қорларын пайдалану мөлшері
2 Кәсіпорынның айналым қаражаттарын қолданудың тиімділік
көрсеткіштері
3 Кәсіпорынның айналым капиталын пайдалану тиімділігн жетілдіру
жолдары
4 Амортизация әдістері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Глоссарий

Кіріспе

Айналым капиталы кәсіпорынның өндірістік процессіне тікелей қатысып,
өндірілген өнімнің өзіндік құнын анықтайтын маңызды элемент болып табылады.
Қаржы менеджерлері үшін айналым капиталының құрамы мен құрылымы, олардың
көлемі, активтерді қолданудың тиімділігі негізгі талдау және жоспарлау
объектісі болып табылады. Айналым капиталын тиісінше қажеттң қаржы
көздерімен қамтамасыз ете білу де маңызды болып табылады, түптеп келгенде
айналым капиталын қаржыландыуды қйымдастыру деңгейі олардың тиімді
қолданылуының маңызды факторы болып табылады.
Кәсіпорындардың іс әрекетін қамтамасыз етудегі міндетті шарт – қолда
бар айналым капиталының болуы. Капитал айналымының мәні – ұдайы өндірістік
процестедің қажеттілігі қамтамасыз етудегі экономикалық рольмен анықталады.
Айналым капиталын тиімді пайдалану көпшілігінде олардың қажеттілігін
анықтау болып табылады.
Түрлі салаларда айналым капиталының үлес салмағы кәсіпорындардың
өндіріс қорларының құрамында әр түрлі. Мысалы, ауыр өндіріс
кәсіпорындарында жеңіл өндіріс кәсіпорындарына қарағанда ол төмен.
Кәсіпорында айналым капиталын ұйымдастыру мыналардан тұрады: айналым
капиталының қажеттілігін анықтау, олардың құрамы, құрымын қалыптастыру
көздерін табу және оларды реттеу, айналым капиталын басқару және т.б.
Үздіксіз өндірістік үрдісті қамтамасыз ету үшін негізгі өндірістік
қорлармен қатар оған заттармен материалдық ресурстар қажет. Еңбек заттары
еңбек құралдарымен бірге үдерісіне қатысып, олардың құны өндірілетін
өнімнің материалдық негізін жасап өнімнің өзіндік құныны құрайды.
Өндірістік айналым капиталдың заттық элементтерінің айналымдылығымен,
еңбек үрдісімен жіне негізгі өндірістік қорлармен тығыз байланысты болады.
Кәсіпорынның айналым қоры мен айналым капиталы түсінігі, оның мәні, қызметі
мен құрамын қарастырайық.

Кәсіпорынның айналым капиталы және қорларын пайдалану мөлшері

Кәсіпорынның айналым қаражаттары шеңбер айналымен жасап, үнемі
қозғалыста болады. Айналым саласынан олар өндіріс саласына, ал одан
керісінше жылжиды. Айналым қаражаттары бір толық шеңбер айналымды жасауға
кететін уақыт - айналым қаражаттарының айналу кезені деп аталады.
Бұл көрсеткіш кәсіпорындарда немесе саладағы қаражаттар қозғалысының орташа
жылдамдығын сипаттайды.
Кәсіпорынның жөнді жұмыс істеуін ұйымдастыру үшін қажетті айналым
қаражаттардын, экономикалық негізделген шамаларды өндеу процесі айналым
қаражаттарды мөлшерлеу деп аталады.
Өндірістік босалқы қорларында, аяқталмаған өндірісте, кәсіпорын
қоймаларындағы дайын өнім қалдықтарындағы айналым қаражаттары мөлшерленуі
мүмкін. Басқа элементтер мөлшерленбейді.
Айналым қаржыларды мөлшерлеу процесінде айналым қаражаттардың нормасы
мен нормативін анықтайды.
Айналым қаражаттардың нормасы кәсіпорындағы тауарлық материалдық
қүндылықтардың ең төменгі босалқы қорларын сипаттайды және қорлану құн
есебінде, деталдардың қорлану нормаларында, өнім бірлігіне келетін теңге
түрінде есептеледі.
Айналым қаражаттардың нормативі. Айналым қаражаттарының нормасынын
анықталған көрсеткішке көбейтіндісі арқылы анықталады. Ол теңге түрінде
есептеледі.
Кәсіпорынның айналым қаражатын тиімді қолдану келесі көрсеткіштер
арқылы есептеледі:
Айналым қаражаттарының айналымдылық коэффициенті (Ка):
 
Ка = СӨ Қ
 
Мұндағы, СӨ - Сатылған өнім көлемі;
Қ – айналым қаражатының орташа қалдығы.
 
Айналымдылық коэффициенті кәсіпорынның айналым қаражаттарының белгілі
бір аралықта жасайтын айналымдар санын сипаттайды.
Формуладан көрініп тұрғандай, айналым санының артуы, не айналым
құралының 1 теңгесіне шаққандағы өнімнің шығарылуын арттырады, не өнімнің
осы көлеміне аз айналым құралының сомасын жұмсау керектігін көрсетеді.
Айналым қаражаттардың жүктеліну коэффиценті. Оның шамасы айналым
коэффицентіне кері болып келеді. Ол сатылған өнімнің 1 теңгесіне шаққандағы
айналым құралының сомасын көрсетеді
 
Кж = Қ Сө
 
Мұндағы, Кж - айналым қаражаттардың жүктеліну коэффиценті.

Айналым құралының ең негізгі функцияларының бірі оларды пайданың
өндіріс активі ретінде пайдалану. Осы құралдың (капиталдың) аты айтып
тұрғандай, айналымдағы олардың маңызы өте зор. Осы мақсатта айналым
құралының көлемін белгілі кезең ішіндегі олардың айналымдылық санын
бағалайды және кәсіпорынның қалыпты жұмыс жасауын қамтамасыз ететін қор
көлемі неше күнге жететіндігін анықтайды. Жалпы бір айналымның ұзақтығын
күн есебінде мына формула бойынша анықтаймыз:
 
Т = К Ка
 
Мұндағы, К - аралықтағы күндер саны
 
Айналым қаражаттарының айналым ұзақтығы неғұрлым төмен немесе олармен
жасалатын айналымдар саны сатылған өнімнің сол көлемінде жоғары болса,
айналым қаражаттарында қажеттілік соғұрлым аз болады, яғни олар соншама
тиімді пайдаланады.
Айналым қаражаттарының айналымдығын жылдамдату эффектісі оларды
қолдынудың жетілдірілуімен байланысты олардағы қажеттілікті төмендету,
босатуында көрінеді. Айналым қаражаттарының босатылуының абсолютті және
салыстырмалы түрі болады.
Аюсолютті босатылу айналым қаражаттарындығы қажеттіліктің тікелей
төменделуін көрсетеді.
Салыстырмалы босатылу айналым қаражатының да, сатылған өнім көлемінің
де өзгеруін бейнелейді. Оны анықтау үшін бұл аралықтағы сатылған өнім
бойынша нақты айналымы мен өткен жылдағы күндерде айналымдығынан шығарып,
есеп беру жылындағы айналым қаражаттарындағы қажеттілікті есептеу керек.
Айырымы босатылған қаражаттардың сомасын береді.
Айналым қаражаттарын тиімді қолдану және олардың айналымдылығын
тездету кәсіпорынның дұрыс жұмыс істеуіне және өндіріс рентабелділігін
көтеруде үлкен роль ойнайды.
Қазіргі жағдайда кәсіпорынның алдыңғы қатарлы мәселелерінің бірі
айналым құралының айналымдылығын жылдамдату болып табылады. Оған мынадай
жолдар арқылы қол жеткізіледі:
1) өндірістік қордың қалыптасу кезеңінде – қордың экономикалық негізделген
нормасын енгізу; шикізат, жартылай фабрикаттар, қосалқы бұйымдар және тағы
да басқалардың жабдықтаушыларын тұтынушыға жақындату; жабдықтаушы мен
тұтынушы арасындағы тікелей байланысты ұзақ, кеңінен пайдалану; материалдық-
техникалық қамтамасыз етудің қоймалық жүйесін кеңейту, сондай-ақ көтерме
сауданы материалдар мен жабдықпен қамтамасыз етуді жетілдіру; қоймадағы
арту-түсіру жұмыстарын кешендік механикаландыру, автоматтандыру.
2) Аяқталмаған өндіріс кезеңінде – ғылыми-техникалық прогрессті жылдамдату
(аз қалдықты және қалдықсыз прогрессивті техника мен технологияны енгізу);
стандарттауды, унификациялауды, типизациялауды дамыту; өнеркәсіптік
өндірісті ұйымдастыру формаларын жетілдіру, анғұрлым арзан құрастырғыш
материалды пайдалану; шикізат пен отын-энергетикалық ресурсты үнемді
пайдалануды экономикалық ынталандыру жүйесін жетілдіру; жоғарғы сұранысқа
ие өнімдердің үлес салмағын арттыру.
3) Айналыс кезеңінде - өнімді тұтынушыларды, оларды дайындаушыларға
жақындату; есеп айырысу жүйесін жетілдіру; тікелей байланыс бойынша
тапсырыстарды орындау, өнімді мезгілінен бұрын өндіру, үнемделген
материалдан өнімді өндіру арқылы өнімді сату көлемін арттыру.

Кәсіпорынның айналым қаражаттарын қолданудың тиімділік көрсеткіштері.

Кәсіпорынның айналым капиталы құрылымын білу өте маңызды,өйткені ол беогілі
бңр мөлшерде, сол уақыттағы немесе басқа уақыттағы кәсіпорын жұмысының
қаржылы жағдайын көрсетеді. Мысалы, дебиторлық қарыздың шектен тыс өсуі,
қоймадағы дайын өнімнің, аяқталмаған өндірістің өсуі кәсіпорынның қаржылық
жағдайының төмендеуін көрсетеді. Дебиторлық қарыз айналымынан құралдарды
алып, оны өз айналымында қарыз дебиторлар қолданады. Аяқталмаған өндіріс
көлемінің, қоймадағы дайын өнім көлемінің ұлғаюы айналымнан құралдардың
алынғанын, сату көлемінің төмендегенін көрсетеді.
Айналым қаражаттарын қалыптастырудың басқа да көздеріне пайда есебінен
құрылған арнаулы қордың уақытша пайдаланбаған қалдығын жатқызуға болады.
Кәсіпорынның айналым қорларына мұқтажы жыл бойына түпкілікті сақталады. Ол
түрлі факторларға байланысты тұрақсызданады:
• Өндірістің маусымдылығы;
• Тауар-материалдық құндылықтарды жеткізудің кепілділігі;
• Қоймалардағы сатылмаған дайын өнімдердің қорлануы.
Өндірістік запастардың негізгі элементтері бойынша, ақша нысанындағы,
айналым құралдарының мөлшері мына формуламен есептеледі:
Н= Р*Д
мұнда Р — материалдардың ортакүндік шығыны; Д — айналым құралының
берілген элементі үшін орташа запас мөлшері. Айналым капиталының орташа
запас мөлшері (Д) біртекті немесе әр түрлі материалдар үшін ағымдағы
уақытты (Т), сақтандыру (С), транспорттық (М), технологиялық (Ф) запастар,
және жеткізу, түсіру, қоймаға апару (П):Д=Т+С+М+Ф+П.
Ағымдағы запас - запастың негізгі түрі. Оның көлеміне келісімдер
бойынша жөнелту, өндірісте пайдалану көлемі әсер етеді.Ағымдағы запастағы
айналым құралдар мөлшері жабдықтаудың орташа циклының 50% көлемінде
қабылданады.Аяқталмаған өндірісте айналым капиталы мөлшері (Н) мына
формуламен анықталады:
Н= (ВД)*Т*К,
мұнда В — IV кварталдың шығындар сметасы бойынша жалпы өнім көлемі;Д
– кезеңдегі күндер саны (90);Т — өндірістік циклдың ұзақтығы, күндер;К —
өндірістегі шығындардың өсу коэффициенті;Шығындардың әркелекі өсуіне
байланысты коэффициент мына формуламен есептеледі:
K=CП
мұндағы, С — аяқталмаған өндірістегі бұйымның орташа құны;
П — ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржы ресурстары мен қорлардың құрылымы
Корпорациялардың қаржы механизмі
Кәсіпорында қаржылық ресурстарды құру және қолдану
Кәсіпорынның қаржылық ресурстарын басқару
Синтетикалық (жинақтау) және аналитикалық (жіктеу) счеттары туралы
Компанияның ақша айналымын басқару
Жеке ұдайы өндіріс — тауар өндіру және табыс табу мақсатында шектеулі факторлардың өндірістік бірігуінің үздіксіз қайталанатын процесі
Ет өнімдерін өндіретін ЖШС «Казмясопродукт-М» кәсіпорынның ақша ағындарын жоспарлау мен басқару тиімділігін зерттеу және оны басқарудағы негізгі мәселелерді анықтау
Кәсіпорынның негізгі қоры және олардың тиімділігін арттыру
Капиталды өсірудің негізгі әдістері
Пәндер