Орта ғасырлардағы музыка өнері. Хандық дәуір музыкасы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
СӨЖ
Тақырыбы : Орта ғасырлардағы музыка өнері. Хандық дәуір музыкасы
Орындаған: Үмітханова. О
Тобы: МО-401
Тексерген: Сейтқазы. О. Ж
Семей2015
Орта ғасырдағы музыка өнері
Орта ғасырлардағы еуропалық музыка мәдениеті VI ғасырдан бастау алады. Бұл кезеңнен жеткен музыка үлгілерінің барлығы дерлік христиандық шіркеумен байланысты еді. Бұл жағдай 12-ғасырға дейін созылып, бір жағынан шіркеу, екінші жағынан халықтық музыка қатар өмір сүрген. Тек ХІІ-ХIIІ ғасырлардан бастап азаматтық рухтағы музыкалық-поэтикалық шығармашылық туып, олар шіркеу музыкасынан бөліне бастады. Батыс Еуропа үшін антикалық дәуірден орта ғасырларға өту үлкен қоғамдық өзгерістер тудырды. Сол негізде ежелгі грек мәдениетінен өзге христиандық музыка өрістеп, діни сюжеттерді негізгі тақырып етті. Ендігі жерде өмірге деген махаббат пен жігер, жеке тұлғаның дамуы емес, дінге табыну үстемдік құра бастады. Сол себепті орта ғасырлардағы музыка шығармаларының мазмү-ны, тақырыптары мен сюжеттері шіркеумен байланысты болды. Әрине, христиан дінінің таралуынан оның Еуропа елдерінде қабылдануына дейін талай уақыт өткен. Бірте-бірте үстемдік құра бастаған христиан дінінің Римнің мемлекеттік дініне айналғаны да белгілі. II-VI ғасырлар шегінде шіркеулік музыканың жаңа үлгісі туа бастайды. Ол Римнің шіркеулік ән айту үлгілерінің жиынтығы - григорян хоралы ретінде танылған. Әрине григорян хоралының христиан шіркеуінің салтәні ретінде қалыптасуы ұзақ мерзімге созылған. Псалма, гимн, мелимзмдікән салудың бәрі де шіркеулік музыканың түрлі жанрлық негіэдерін құраған. Сол негізде шіркеулік хорал жанры туған. Шіркеу шеңберінде туған гимн үлгілері туралы мәліметтер арғы ғасырлардан белгілі. Мұндай гимндерді тудырушылар қатарында Арий, Ефрем, Иларий, епископ Амвросий, Августин, Пруденций есімдерін атауға болады. Григорян хоралы туған кезеңце шіркеулік ән салудың тәжірибесі Болон, Кремон, Равен, Неалол, Галли, Ирландия монастырлерінде қалылтасып үлгерген еді.
IV ғасырдың соңына қарай Рим империясы батыстық және шығыстық болып жіктелгені белгілі. Осы негіэде христиан шіркеуінің екі түрлі орталығы туып, олар өзара үстемдік қүру үшін таласқа түседі. Осы кезеңде Рим мәдениетіне Бабылдың (Византия) тигізген ықпалы орасан зор болған. Рим папасы I Селивестр заманында Римде ән салу мектебінің негізі қаланған. IV-VI ғасырлар бойы римдік өншілер шіркеу шеңберінде туған көптеген ән-әуендерді тәжірибеге енгізіп, өңдеген. Бұл бағыттың орныға түсуі Дамазий, I Целестин жөне I Григорий заманына дәл келеді. Дәл осы І Григорий Рим шіркеуіне ортақ, міндетті түрде орындалуға тиіс ән-әуендер тізбегін орнықтырған. Рим шіркеуінің басшысы I Григорий құрастырған антифораний түпнұсқасы бізге жетпесе де, оның кейінгі көшірмелері бар. Сол негізде григорян хоралының латын тілінде болғанын көреміз. Орта ғасыр жазбаларының барлығы дерлік осы латын тілінде еді. Григорян хоралдарының жиынтығы аса келемді. Оның құрамына шіркеудегі ән салу салтына қатысты шығармалар енген. Рим шіркеуі өз ықпалын Еуропа жеріне тигізген сайын, григорян хоралы да одан әрі тарай берді. XI ғасырда Рим папаларының ықпалымен католиктік шіркеу құдайға қызмет көрсетуге арналған шіркеулік ән-әуендердің ортақ формаларын қалыптастырды. Бұл кезеңде Батыс Еуролада григорян хоралының үстемдік құрғанына қарамастан онда шіркеуден тыс музыка өнері де бірте-бірте бой көрсете бастады. Римнен алыс жерлерде григорян хоралының тағдыры қиындау болды. Оның ел санасына терең сіңуіне тіл өзгешелігі, музыкалық әуеннің жергілікті дәстүрден алшақтығы, шіркеудегі жыл бойындағы ән салу процесінің қатаң тәртібі кедергілер тудырды. Бірақ қалалы мәдениеттің әлсіздігі, жанындағы ғылым мен білімнің діни сипаты монастірлердің ортағасырлық мәдениет ошақтары ретінде қалыптасуына ықпал етті. Монастірде жазба мәдениеті дамыса, монахтар антикалық дәуірден жеткен жекеленген жазбаларды игеріп, музыка мәдениетіне жол ашты. Олардың арасынан белгілі композиторлар да шықты. Сондай ортағасырлық композитордың бірі - Ноткер Занка (Бальбулус) . Оның музыкалық-поэтикалық туындылары григорян хоралынан бастау алып, секвенция деген атауға ие болған.
Орта ғасырлардағы музыкалық-теориялық ой мақам туралы ілімнің дамуы және нота жазуының жаңа жүйесімен тығыз байланысты. Олар музыкалық мақам саладағы ілім негіздерін Боэций, Кассиодор секілді ойшылдардан алып, одан әрі тереңдете түсті. Мысалы, «Музыкалық қондырмалар туралы» деп аталатын еңбегінде Боэций Рим дереккөздері негізінде антикалық дәуір теориясының негіздерін жеткізген. Сондықтан оның жазбасынан Пифагор, Архит, Платон, Аристоксен, Птоломей т. б. ойшылдардың музыка ілімі туралы еңбектері жөнінде мәліметтерді кездестіруге болады. Боэций ұсынған жүйе бойынша музыка өнері әлемдік, адамзаттық және аспаптық болып үш салаға жіктелген. Осы бөлініс орта ғасыр музыкасынан кең орын алған болатын.
Орта ғасыр жағдайында музыка өнеріне қатысты еңбек жазғандардың бірі - Кассиодор. Өзінің «Ғылым мен өнер» туралы деп аталатын еңбегінде ол музыканы үндестік, ырғақ және өлшем деп жіктеген. Бұл да ортағасырлық музыка мамандарының назарына іліккен теориялық жіктеу еді. Августиннің «Музыка туралы алты кітап», Аврелианның «Музыкалық ілім», Репиноның «Үндестікті игеру туралы» деген еңбектері музыка өнерінің түрлі мәселелерін қамтыды. VІІ-IХ ғасырларда шіркеу музыкасына тән мақамдық (ладтық) құрылымдар қалыптаса бастайды. Олардың саны сегіз болды. Бұл махамдар григорян хоралдары негізінде қалыптасып, антикалық дәуір музыкасынан тамыр тартты. Ежелгі грек музыкасына тән мақамдық құрылым да, орта ғасырлардағы шіркеу музыкасы аясында туған мақамдар да бір дауысты монодиялық жүйе құрады. Т. Ливанова оларды дориялық, гиподориялық, фригиялық, гипофригиялық, лидиялық, гиполидиялық, миксолидиялық, гипомиксолидиялық құрылымдар деп жіктеген. Антикалық кезеңде әріптік нота белгілері туған болса, IX ғасырда невм деп аталатын нота жазуы пайда болды. Гректердің әріптік жүйесіне қарағанда бұл жазу кең қолданысқа ие болды. Бері келе невм жүйесі негізінде нота белгілері жасалды. Оны XII ғасырдың алғашқы жартысында жүзеге асырған Гвидо болды. Бұл жүйемен папа XIX Иоанн танысып, өз тәжірибесінде қолданған. Гвидо енгізген екінші жаңа жүйе - алты басқышты дыбыс қатары. Сол негізде қозғалмалы мақамдар жүйесінде тұрақты мажорлы гексахорд пайда болды. Мұның өзі орта ғасырдағы музыка тәжірибесінің дамып, теориялық ілімнің терендей түскендігін аңғартады. XII ғасырдан бастап Батыс Еуропа музыкасында жаңа ағымдар бой көрсете бастайды. Соның бастысы азаматтық музыка үлгісі болатын. Ол Франция, Испания және Германия елдерінде бой көрсетті. Оның тууына аталған елдердегі қалалы мәдениеттің дамуы, сол қалалардың ірі мәдени ошақтарға айналуы себел болған-ды. Бұл процестердің бір қанатында рыцарлық, екінші қанатында халықтық дәстүр тұрды. Азаматтық музыканың дамуына елеулі ықпал еткен құбылыс ретінде көшпелі музыкашылар дәстүрін атауға болады. Жонглер, менестрел, шпильман деп аталған олар азаматтық музыканың апғашқы өкілдері болды. Көшпелі музыкашылардың тәжірибесі негізінде шіркеуден тыс музыкаға тән вокалдық және аспаптық жанрлар туды. Олар қолданған музыкалық аспаптар қатарында үрмелі труба, мүйіз, сыбызғы, флейта, волынка, арфа, ребаб, виела т. б. атауға болады. Бұлар сол кезеңдегі музыка өнерінің дамуына шығыс мәдениетінің тигізген ықпалын да байқатады. Көшпелі музыкашылардың келесі бір легі - трувер, трубадур және миннезингерлер. Олардың музыкалық шығармашылығы бір жағынан қалалы мәдениетпен байланысты болса, екінші жағынан халықтың тұрмыстық музыка дәстүрімен сабақтасыл жатты. Трубадурлар өнері XI ғасырдың аяқ шенінен бастау алатын болса, араға бірер ғасыр салып өнер сахнасына труверлер шығады, Трубадурлар мен труверлер өнерінде альба, пастурель, ән-диалог секілді жанрлар қалыптасты. Олардың музыкалық шығармашылығы халықтық дәстүр мен кәсіби музыка өнерінің арасындағы өткел болды. Миннезингерлер өнері тарих сахнасына араға бір ғасыр салып-барып шыққан еді. Десек те олардың репертуары діни тақырыппен. байланысып, шіркеу әуен-сазымен сабақтасып жатты. ХIІ-ХІV ғасырларда трувер, трубадур, миннезингеслер шығармашылығы жеке дауыстан көп дауысты ән салу дәстүріне өтті.
Батыс музыкасындағы көп дауыстылық жүйені сол кезеңнен жеткен музыка үлгілерінен көруге болады. Батыс Еуропаның бірқатар елдерінде ХІІ-ХІІІ ғасырларда көп дауысты жүйеге өту, 2-3, кейде 4 дауысты жүйемен ән салу тәжірибесі орын ала бастады. Мұның бәрі, әрине, кәсіби мамандар ортасында туған еді. Бұлардың барлығына ортақ бір белгі болды. Бірер ғасыр бойы жасалған көп дауыстылық бұрынғы григорян хоралына қосалқы дауыстарды қосу арқылы жүзеге асты. Олардың музыкалық ырғағы ортақ болды.
Батыс музыкасындағы көпдауысты жүйенің дамуы «Нотр-Дам» кезеңімен де тығыз байланысты. Бұл кезде әлемге мәшһүр архитектура үлгісі соборы салынып, Париж университеті ортағасырлық ғылымның ошағына айналды. Париис мектебіндегі көпдауыстылық бері келе дискант, дистаншы деген атаулар тудырған. Бұл жеке дауыстарды бөлудің алғашқы көріністері болатын. Оны Перотин дамыта түсіп, көпдауысты жүйені орнықтыруға көп еңбек сіңірді.
Көпдауысты жүйе дамыған сайын, оны нота жазуына түсіру ісі қиындай берді. Осыған орай кәсіби нота жазушылары бой көрсете бастады. Оларды «нотатор», «нота жазуын үйретуші», «ағылшын нотаторы». «бургундтық нотатор» деп атаған. Өлшем («мензура») ұғымынан мензурлік нота жазуы туып, ноталар бревис, максима, лонг болып жіктелді. Бір максима үш лонгаға, бір лонга үш бревиске. ал бревис екі семибревиске тең болды.
XIII ғасырдағы мензуралды нота жазуының қалыптасуы кәсіби музыка өнеріндегі елеулі кезең болды. Көпдауысты жүйенің дамуы алғаш шіркеу одан соң жалпыхалықтық музыка өнерінің дамуына зор ықпал жасады. Сол негізде мотет, кондукт, гокет, рондель деп аталатын көпдауысты музыкалық жанрлар туды. Олардың табиғаты әркелкі болды.
Жыраулық өнер
Көшпелі өмір аясында қалыптасып, хандық дәуірде айрықша дамыған мәдениет саласы - жыраулық өнер. Оның басты репертуары - көлемді жыр (эпос), толғау, терме жанрлары. Кейіндеу туса да терме мен желдірмені музыкалық-эпикалық дәстүр аясында қарастыру орынды. Музыкалық - эпикалық дәстүр- 7 - 8 буынды жыр мен музыкалық - речитативтік мақам-сазға негізделген өнер арнасы. Мұнда кең ауқымды созылмалы әуендер болмайды. Әрбір сөз буынына сай келетін музыкалық үн - ырғақ болады. Оны ғылым тілінде «слогонота» деп атаймыз, Тақпақ сазды речитативтік әуеннің келесі бір ерекшелігі - дыбыс ауқымының (диапазоны) мөлшерлі болуы. Мақам бір биіктік деңгейінде дамып, жылдам орындалады. ХV-ХVІІІ ғасырларда ерекше дамыған жанр - музыкалық эпос. Олай дейтініміз, бірде-бір эпостық жыр музыкалық әуенсіз орындалмаған. Речитативтік әуен эпостың ажырамас бір бөлігі. Эпос дегеніміз кешегі өткен ата - бабаларымыздың ерлік, елдік істері туралы көлемді жыр-дастандар. Жанры жағынан эпосты көне, қаһармандық, романдық, дастандық, тарихи деп жіктейміз. Олардың әрбіріне тән музыкалық сарындары бар. Әрқайсысының өмір шындығын көрсетудегі өзіндік ерекшеліктері мен мүмкіндіктері тағы бар. Жалпы хандық дәуір музыкасын зерттеп, игеру арқылы қазақ музыкасының қалыптасуы туралы толық мағлұмат алуға болады. Бұл кезеңдегі музыка мәдениеті - халқымыздың үн -әуені, толғанысы, сүйініші мен күйініші. Жыр жанрына тән түрлі көркемдік кестелер оның музыкалық әуенінің де жетіліп, дами түсуіне елеулі ықпал еткен. Сондықтан бұл кезеңдегі музыка мәдениетін синкреттік тұтастығы тұрғысынан қарастырған жөн. Көне дәуірлерден тамыр тартатын жыраулық дәстүрдің негізгі нысанасы - ел, тайпа, қоғам тағдыры, ата-бабаларымыздың ерлік, елдік іс - әрекеттерін кейінгі ұрпаққа жеткізу болып табылады. Жыраулық кәсіп - синкреттік құбылыс: әрі өнер, әрі дәстүр. Оның негізгі ерекшелігі - поэзия, музыка және орындаушылық шеберліктің бірлігінде. Жыраулық дәстүрдің өмір шеңдігі оның ел тарихы мен ата - баба тағылымына негізделуімен айқындалады. Батырлықты паш ететін, ел қорғау идеясына құрылған қаһармандық жырлар соның жарқын дәлелі. Ерлік рухына толы көне жыр-дастандар тайпа тарихына құрылып, ұрпақтан - ұрпаққа беріліп отырған. Бұл пікір олардың әдеби мәтіні мен музыкалық мақамына да қатысты. Жыраулық дәстүрді жапғастырудың маңыздылығы осы қасиеттері -тайпалық, халықтық, ұлттық сипаттарымен дараланады. Жыраулық дәстүрді зерттеп, ғылыми тұрғыдан игеру барысында бірқатар іс - шаралардың атқарылғаны мәлім. Зерттеушілер тарапынан «жыраулық дәстүр», «жыраулық поэзия», «жыршылық өнер» деген тіркестер де қолданылып келеді. Бірақ осы ұғымдар-дың бір-бірінен айырмасы, болмаса бір - бірімен сабақтастығы әлі күнге арнайы сөз болған емес. Халқымыздың тарихи, мәдени, фольклорлық мұрасы сөз болғанда алғаш ауызға ілігетін ұғымдардың бірі - дәстүр. Кең көлемде алғанда ол тарихи қалыптасып, ұрпактан - ұрпаққа беріліп отыратын әдет - ғұрып, салт - сана, ел естелігі, бір сөзбен айтқанда қазақ болмысының жиынтығы. Ғылыми - философиялық әдебиетте оған қоғамда ұзақ мерзім сакталатын мәдени - әлеуметтік мұра жиынтығы деген анықтама берілген. Екінші жағынан дәстүр - өнер мен поэзияның өмір сүру аясы. Ол әдетте ел тәжірибесіне сүйенеді Осыдан келіп дәстүрдің ұлттық сипаты деген ұғым туады. Бүгінде Қазақстанның кейбір аймақтарында ғана сақталып, оның өткеніне қатысты мәліметтер жеткізетін жыраулық дәстүріміздің ұлттық тарихымызға, мәдениетіміз бен өнерімізге, әдебиетімізге қатысы аса зор. Ата -бабаларымыздың рухымен жеткен сол дәстүрді дамытып, одан әрі жетілдіру міндеттері «Қазақстан Республикасында мәдени-этникалық білім беру тұжырымдамасында» атап көрсетілген болатын. Оғыз заманында бой көрсеткен ұзандық өнердің кейінгі жыраулық дәстүрге арқау болғаны анық. Оғыз, қыпшақ, ноғайлы дәуірлеріндегі тарихи - этникалық үрдістер тайпа тағдыры, ел болашағын басты тақырып еткен жыраулық дәстүрдің өрісін кеңейтіп, бүкіл түркі дүниесіне паш етті. Арғы жерде Тоныкөк Қорқыттан бастау алатын бұл арна эпикалық дәстүрге ұласып, Еділ - Жайық бойындағы Асан - Қайғы, Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз, Жиембет, Марғасқа т. б. жыраулар шығармашылығына арқау болды.
Бүгінгі қазақ топырағында әріден бастау алатын жыраулық дәстүрді сақтап, біздің заманымызға дейін жеткізген бірнеше тарихи - мәдени аймақ бар. Олар: Маңғыстау, Атырау алқабы, Сыр бойы және Жетісу өлкесі. Кең көлемде алғанда мұның үшеуі де оғыз тайпаларының орта ғасырлардағы мекені. Көне түркі дәуірінде Орхон-Енисей бойын мекендеген оғыздардың алғаш Жетісу, одан соң Сырдың ортаңғы ағысы мен Каспий жағына қарай қоныс аударғаны мәлім. Жағырафиялық негізде мұны батыс, оңтүстік және оңтүстік - шығыс аймақтар деп жіктесек, осылардың арасынан ІХ - Х ғасырлардағы оғыз мәдениетінің ізі сакталған Сыр өлкесін айрықша атауға болады. Мұндағы жыраулық өнерге тән негізгі ерекшелік - дыбысты таңдайға салып дірілдетіп шығару. Бұл дәстүрді ел арасында маңырама (аңырама) деп атаса, біз оның соңғы әдеби баламасын қолданғанды дұрыс деп білеміз. Аңырама үлгісін Қазақстанның өзге аймактарынан кездестіру қиын. Оның ізін тек қана түрікмен мәдениетінен табуға болады. Оғыз ұзандарынан жеткен бұл дәстүр әсіресе Тахтакөпір жағында тұратын түрікмен-саррыктарға тән екен. Олардың арасында «Саррық қойшысы - салыр бахшысына тең» деген сөз де бар. Қарға түйдік (сыбызғы) аспабында орындалған «Қиямат», «Апат» секілді түрікмен күйлері Қорқыттан қалған қобыз сарындарына өте ұқсас. Түрікмен ұғымындағы бахшы - жырау, яғни жыр -дастан айтушы. Олар жырдың ұзақ саласын бір деммен қайырғанда мойын тамырлары білеуленіп кетеді. Түрікмен бахшыларына тән бұл ерекшелікті кезінде В. Усленский мен В. Беляев жазған болса, дәл осы көріністі біз сырбойылық жыраулар бойынан да табамыз. Түрікмен бахшылары - секдірмек, қазақ жыраулары - аңырама деп атайтын дәстүр осы. Арғы жерде оғыз дәуірінен бастау алатын қазақ - түрікмен мәдениетінің тектестігін білдіретін мұндай ерекшелікті зерттеудің маңызы аса зор. Жыраулық дәстүрдің тегі мен табиғаты тұсында қолданылып жүрген тіркестердің шарттылықтары да жоқ емес. Мысапы, жыраулық поэзия, жыршылық өнер деген ұғым бойынша олардың бірі - бастауы, екіншісі - жалғасы болып шығады. Яғни, XVIII ғасырға дейін дамыған жыраулық поэзия, одан бергі жерде жыршылық өнерге ұласқан. Жыраулық дәстүрді бір ғана поэзия ұғымының аясында тусіну жетімсіз. Ол - синкреттік құбылыс, поэзия мен музыканың ажырамас бірлігіне негізделген жанр. Ал жыраулық поэзия - авторлық әдебиетке тән атау.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz