Әдеби үрдіс, көркемдік тәжірибелер


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

СӨЖ №12-15

Орындаған: Садақбаев А. С

Тобы: Қ-217

Тексерген: Құрмамбаева Қ. С

Семей, 2015 жыл

Жоспар:

  1. Әдеби үрдіс, көркемдік тәжірибелер
  2. Әдебиеттің тегі мен түрі
  3. Әдеби стиль мәселесі

Әдеби үрдіс, көркемдік тәжірибелер

Әдебиетті салыстырмалы-тарихи зерттеудегі өте қиын және ауыр шешілетін мәселе терминология болып табылады. Дәстүрлі бөлініп көрсетілетін халықаралық әдеби ортақтықтар (барокко, классицизм, Ағартушылық және т. б. ) бірде ағым, енді бірде әдеби бағыттар, не болмаса, көркемдік жүйелер деп аталынады. Оның үстіне, «әдеби ағым» және «әдеби бағыт» терминдері кейбірде өте тар, нақты мәнмен толықтырылады. Осылайша, Г. Н. Поспеловтің еңбектерінде әдеби ағым дегеніміз - бұл белгілі бір қоғамдық көзқарастардағы (дүниетанымдық, идеологиялық) жазушылар мен ақындар шығармашылығының бөлшектенуі, ал, бағыт болса - эстетикалық көзқарастарының және белгілі бір көркемдік іс-әрекет бағадарламасы (трактат, манифест, үндеулерде таныла айшықталған) ортақтастығы негізінде өмірге келген қаламгерлердің топтасуы. Ағым мен бағыт осы мәнінде - халықаралық қауымдастықтың емес, жекеленген ұлттық әдебиеттің фактісі.

Халықаралық мәдени ортақтастық (И. Ф. Волков бұны көркемдік жүйе деп атайды) айқын хронологиялық аяға ие емес: кейбірде бір ғана дәуірдің бойында түрлінше әдеби және жалпы көркемдік нередко в одну и ту же эпоху сосуществуют различные литературные и общехудожественные «бағыттар» өмір сүріп, оларды жүйелі де, қисынды бірізділікпен қарастыруға айтарлықтар қиындықтар келтіреді. Б. Г. Реизов: » Романтизм дәуірінің әлдебір ірі қаламгері классик (классицистер. - В. Х. ) немесе сыншыл реалист болуы мүмкін, ал, реализм дәуірінің қаламгері өз кезегінде романтик немесе натуралист борла алуы ықтимал» деп жазды. Аталған ел мен дәуірдің әдеби процесіәдеби ағымдар мен бағыттардың өмір сүруіне келіп тіреледі. М. М. Бахтин ғалымдарды белгілі бір дәурдің әдебиеті туралы «мәліметте» «әдеби бағытпен үстіртін күресуден» байыптылықпен сақтандырды. Әдебиетке тар ауқымдағы бағыттаушылық қадамда, деп атап көрсетеді ғалым, ең маңыздысы оның «жазушы шығармашылығын айқындап, әрі ашылмаған күйінде қалаб беретін» аспектілер. (Еске сала кететініміз, Бахтин әдеби процестің «бас қаһардары» деп жанрлады санады. )

XX жүз жылдықтың әдеби өмірі осы ой түйіндеуді бекемдей түсті: көптеген ірі қаламгерлер (М. А. Булгаков, А. П. Платонов) өз шығармашлыық міндеттерін өздерінің замандарындағы әдеби топтастықтардан тыс жерде жүзеге асырды. Д. С. Лихачевтің гипотезасы өзіне көңіл аударуға тұрады. Ол бойынша, біздің ғасырымыздағы әдебиеттегі бағыттардың ауысымының жеделдетілуі дегеніміз - бұл «олардың өз түбіне жететіндігін танытатын айшықты белгі». Халықаралық әдеби ағымдардың (көркемдік жүйенің) алмасуы, көріп отырғанымыздай, әдеби процестің (не батысеуропалық, не бүкіл әлемдік) өмір сүруін түгеспейді. Қатаңдата айтсақ, Қайта Өрлеу, барокко, Ағарту және т. б. дәуірлер болған жоқ, өнер мен әдебиеттің тарихында айқын танылған және осы бастау көздерге сай шешуші мәнге ие кезеңдер орын алды. Әдебиетті тіпті аталған уақыттағы бірінші дәрежедегі маңыздылыққа ие белгілі бір хронологиялық жолақпен, әлдебір дүниетанымдық-көркем тенденциялармен тепе-теңдестіру еш ақылға сыймайды. «Әдеби ағым», немесе «бағыт», не болмаса, «көркемдік жүйе» терминдері сондықтан, аса сақтықпен қәдеге жаратуды керексінеді. Ағымдар мен бағыттардың ауысуы туралы ой түю дегеніміз - бұл әдеби заңдылықтардың «құлып ашары» емес, тек қана кестелеуіне (басқа елдер мен аймақтардың көркем сөз өнерін ауызға алмағанда батысеуропа әдебиетіне қатысты қолданылатын) өте тақап келушілік болып табылады.

Әдеби процесті зерттеу кезінде ғалымдар, басқада теориялық ұғымдарға, оның ішінде - әдіс пен стильге арқа сүйейді. Бірқатар он жылдықтар ішінде (1930-шы жылдардан бастап) біздің әдебиеттанудың авансценасына әлеуметтік өмірді танудың (игерудің) сипаттамасы ретінде шығармашылық әдіс термині жылжытылды. Бірін-бірі ауыстыратын ағымдар мен бағыттар не көп, не аз мөлшерде олардың бойында ұшырасатын реализмге қатысты ғана қарастырылды. Осылайша, И. Ф. Волков ең бастысы, оның негізінде жатқан шығармашылық әдіс жағынан көркемдік жүйеге анализ жасады.

Өте кеңінен ұғынылатын бай дәстүрге ие әдебиетті оның стильдік аспектінің эволюциялық дамуы бойынша қарастыруда, оны формалық-көркем қасиеттің тұрақты кешені тұрғысынан (көркемдік стиль ұғымын И. Винкельман, Гете, Гегельдер жасап шықты; ол өзіне біздің жүз жылдығымыздың ғалымдарының да назарын аударып отыр [945] ) . Халықаралық әдеби ортақтықты Д. С. Лихачев ілкі (қарапайымдық пен шындыққа жанасымдыққа бейім) және туынды (өте декоративтік, формаланған, шартты) құрамында шектей отырып, «ұлы стильдер» деп атайды. Көп ғасырлық әдеби процесті ғалым ілкі (өте ұзақ) және туынды (аз уақыттық) стильдердің арасындағы әлдебір ауытқушы қозғалыс ретінде қарастырады. Біріншіге ол романдық стиль, ренессанс, классицизм, реализмді; ал, екіншіге - готика, барокко, романтизмді жатқызады.

Әдеби процесті жаһандық ауқымда соңғы жылдардағы зерттеу барысында тарихи поэтика туралы жосықтар барынша айқын таныла түсті. Осы ғылыми пәннің өзегі салыстырмалы-тарихи әдебиеттанудың құрамындағы сөздік көркем формалардың (мазмұндыққа ие) эволюциясы, сондай-ақ, қаламгерлердің шығармашылық принциптері, олардың эстетикалық мақсаттары мен көркемдік дүниетанымы болып табылады.

Тарихи поэтиканың негізін салушы және оны өмірге әкелуші А. Н. Веселовский оның пәнін төмендегідей сөздермен анықтап бере алды: «поэтикалық сана мен оның формасының эволюциясы» Өз өмірінің соңғы он жылдығын ғалым осы ғылыми пәнді жобалауға арнады («Тарихи поэтиканың үш тарауы», эпитет, эпикалық қайталаулар, психологиялық параллелизм туралы мақалалары, незавершенное исследование «Сюжеттер поэтикасы» атты аяқталмай қалған зерттеуі) . Кейінен әдеби формалардың эволюциясының заңдылықтары формалық мектеп өкілдері тарапынан талқыланды (Ю. Н. Тыняновтың «Әдеби эволюция туралы» және басқа да мақалалары) . Веселовскийдің дәстүрі аясында М. М. Бахтин [оның Рабле мен хронотоп («Романдағы уақыт пен хронотоптың формалары») туралы еңбектері тап сондай; соңғысының «тарихи поэтика туралы жазбалық» маңдайшалық атауы бар] еңбек етті. 1980-ші жылдары тарихи поэтиканың жобалануы кеңінен белсене өрістей түсті.

Замана ғалымының алдында тарихи поэтика бойынша конструктивті түрде (XX ғ. әрі көркем, әрі ғылыми бай тәжірибесін есепке ала отыра) А. Н. Веселовскийдің бұдан жүз жыл бұрын бастаған жұмысын жалғастырудың зор көлемді зерттеулер жасаудың міндеті тұр. Тарихи поэтика бойынша қорытынды еңбек хронологиялық-сипаттама формаға (дәуірден дәуірге, елден елге, қаламгерден қаламгерге өтетін жақында ғана аяқталған «Әлем әдебиетінің тарихының» сегіз томдығындай) ие емес, заңдылықпен бүкіл әлемдік әдебиеттің тарихы түрінде ұғынылатын болуы керек. Бұл ауқымды еңбек, шын мәнісінде, реттілікпен теориялық поэтиканың негізгі ұғым-түсініктерін құрастрыған түрлі халықтардың, елдердің, аймақтардың көп ғасырлық әдеби-көркем тәжірибелерін жинақтаушы зерттеулерді таныта алатын болады.

Әдебиеттің тегі мен түрі

Әдебиет яғни сөз өнері эпос, лирика, драма дейтін негізгі үш салаға жіктеледі. Бұлар әдеби жанрлар мен түрлердің тегі деп те аталады және олардың әрқайсысы мазмұны және суреттеу, баяндау тәсіліне қарай өз тарапынан жүйе құрып, жанрлық түрлерге бөлінеді.
Бөлінгенімен, ішкі байланыстарын үзбей, бояулары бір-біріне кіріксе де, өздеріне тән ерекшеліктерін сақтап қалады.

Эпос - әдебиеттің негізгі үш тегінің бірі, әдебиеттің баяндау жанрларының басын құрайды. Эпостық шығармада оқиға өз бетінше автордың еркінен тыс жүріп жатқандай әсер береді. Мұнда оқиғаны суреттеу тәсілінің бір ерекшелігі - сюжет желісінің тежелетіндігі. Эпостық жанрдағы шығармаларда негізгі әңгімеге қатыссыз “бөгде” бір нәрселер бейнеленетін секілді. Шын мәнінде бұл - эпостың өзінің жанрлық мақсатына жету үшін қолданатын тәсілдерінің бірі. Эпос тұтастықты көксейді, шындық дүниені қалайда кең көлемде көрсетуді қалайды. Нәтижеде қомақты, өркешті, кең тынысты шығарма туады. “Батыр Баян” поэмасында Мағжан осы тәсілді шебер іске асырады. Жорыққа аттануға әскерін жинаған Абылай ханға Баян батырды күттіру арқылы оның тұлғасын ғана биіктетіп қоймайды, сол арқылы поэмаға қосымша талай оқиғаларды суреттеп, шығарма ауқымын барынша кеңейтеді, құлашын кең жазады. Эпос оқиғасы сырт оқиға ғана емес. Қаһарманның ішкі дүниесіне бойлау, оның жан диалектикасын ашу қандайда қызғылықты оқиғадан кем әсер етпейді. Эпостық шығармалар тарихы сонау қадым замандардан басталады. Аңыз, ертегі, дастан, жырлар - біздің баға жетпес ұлттық мұрамыз. Болмысты бейнелеу, адам мен қоғам өмірін суреттеу эпос жанрында негізгі үш арнамен атқарылады. Ол жанрлар шағын көлемді (анекдот, мысал, әңгіме, новелла, әпсана-хикаят), орташа көлемді (поэма, повесть) және ірі көлемді (эпопея, роман) болып бөлінеді.

Үш текті әдебиет жанрларының бірі - лирика, адамның көңіл-күйін шертеді. Бұл жанрда “ақын адамның ішкі ғаламы мен тысқы ғаламы түйіседі” (Байтұрсынов) . Адамның сырттан алған әсері көңіл көрігінде балқып, нәзік сәулелі сезімге айналады. Жалт өткен сезім жарқ етіп ақын жүрегін дөп сөзбен жарып шықса, міне, бұл - лирика. Лирика - алдымен сезімнің гүлі, гүлдің хош иісі, көз жауын алған көркі. Мұнда субъектілік басым. Эпоста автор оқиға көлеңкесінде қалса, лирикада алға шығады, өзі өлең мазмұнына айналады. Және өз қалпын “бетін өзгертпейді” (Аристотель) . Өлеңнің лирик. кейіпкері көбіне автордың өзіне тартады. Лирик. кейіпкер - жүрегін от сезімге ораған ой адамының бейнесі. Лирик. өлеңдегі сұрапыл тебіреніс, толғаныстар, қызу қанды қарбалас әсерлер соқыр сезім емес, ой көзді сезім. Абай: “Өмірде ойға түсіп кем-кетігің, Тулағыш мінезің бар, жүрек, сенің” десе, бұл - лирик ақын бейнесі. Ой мен сезім лирикада ғашықтардай табысады, сол махаббат ләззатынан көркем сөз атты перзент туады. “Қуатты ойдан бас құрап, Еркеленіп шығар сөз” деп Абай тегін айтпаған. Өлең қолдан жасалмайтынын, ой, қайрат, жүрек тұнығынан қайнап шығатынын ескерткен. Лирикалық жанр түрлері қазақ ауыз әдебиетінде терме, толғау нысанында қалыптасты. Әлемдік әдебиетте ертеден өріс алған элегия (мұңды өлең), ода (мадақ өлең), эпиграмма (әжуа өлең), эпитафия (жоқтау), сонет сыршыл, композициясы белгілі нормамен жазылатын өлең секілді түрлері қазақ поэзиясында берік орын тепті. Саяси-әлеумметтік лирика түрлері де дамыды. Тақырыбы мәңгілік саналатын махаббат лирикасы, табиғат лирикасы түрлерінен қазақ поэзиясы әлемдік поэзияның қай-қайсысымен де иық теңестіретін шығармалар тудырды.

Әдебиеттің үшінші тегі - драма. Мұнда оқиға көз алдында өтіп жатады. Кейіпкерлер бастарынан шиыршық атқан шым-шытырық оқиға кешеді. Бәрі әрекет үстінде. Жәй әрекет емес, тайталасқан күрес, айтыс-тартыс, қырқыс. Айлаға қарсы айла, әрекетке қарсы әрекет. Оны істейтін кейіпкерлердің характері. Бәрі соған байланысты: жақсылық та, жамандық та. Характер, мінезділік - адамның өзегі, алтын арқауы. Атом бөлшектенгенде орасан зор энергия пайда болатыны мәлім. Характер ядро іспетті. Драманың ойдағыдай шығуы сол ядроның қуатын қалай “босата” алғанына, яғни кейіпкердің мінезін қалай аша білгендігіне байланысты. Оның тәсілі сан алуан. Характер қақтығыста, тартысқа көрінбек. Қшінде бүккен сырлары, әлеум. -саяси көзқарасы, өзге де адамгершілік, құлықтылық, ар-инабаттылық қасиеттері жан алып, жан берген күрес, шайқастарда ашыла түспек. Ғ. Мүсіреповтың драмаларындағы характерлер дәл сондай шиеленіс, күрес үстінде ашылады. Біреулері махаббаттай пәк, асыл да асқақ сезім үшін, сүйген жарының жолында өзін құрбан етеді. Сөйтіп рухани сұлулығымен көрермен жүрегінде мәңгі ұялайды. Қайсыбірі ұсақтығымен, арам, арсыздығымен жирендіреді. Екеуі жиылып адамның іштей жуылуына, жаңғырып шыңдалуына бастайды.

Әдебиет тектері мен түрлерінің жіктелуінде белгілі шарттылық бар. Эпос, лирика, драма іштей бір-бірімен байланысты. Бір әдебиет көзінен тарайтын бұлақтар. Үш тектің үшеуі де қазақ көркем сөзінің фольклор, дара ақындар әдебиеті, жазба әдебиеті тармақтарының бәрінде бір сапада ойға азық, жанға сусын бола білді. Үшеуі де даму барысында біріне бірі әсер етіп, бірін бірі демеп, ашып, толықтырып отырады. Мыс., жаңа эпос-роман жанры психологизм, драматизм құралдарын барынша пайдаланады. Демек, лирика, драма жанрларынан өзіне керекті нәр алып отырады деген сөз. Роман жанры бірден бүгінгі кемеліне келе қойған жоқ. Оның ілкі өркендері ертеректе, фольклор қойнауларында шым-шымдап өсіп жетілді. Соңғы жылдары фольклортану ғылымы дастан эпосының қайсыбір белгілерінен новелла, роман жанрларының нышандарын тауып, зерттеп жүргені тегін емес. Ертегілік дастандармен қатар, новеллалық, романдық дастандар дейтін түрлер ғыл. айналымға енгізілді. Жанрлық ауыс-күйіс - әдебиет дамуындағы табиғи процесс. Әдебиеттің үш текті жанрларға жіктелуі күллі көркемсөз дүниесіне қатысты заңдылық. Міне, осы ортақ заңдылықтан фольклор, дара ақындық ауыз әдебиеті және жазба әдебиеті саларын бір-біріне қарсы қоймай, араларына өтпес ор қазбай, қайта оларды бір-бірімен тығыз байланыста тұтас өнер жұйесі ретінде қарап зерттеу қажеттігі туындайды.

Әдеби стиль мәселесі

Стиль ұғымы да сөйлеу (речь) және оның формаларымен байланысты қаралады. Стильдердің негізгі арқауы - сөйлеудің ауызша және жазбаша формалары.

Қоғамдық өмірде қатынастың көптеген түрінің болуына байла-нысты онда тіл біркелкі пайдаланылмайды. Өйткені адамдардың қатынасы әр түрлі жағдайда жасалады. Әр түрлі жағдайда, әр түрлі сөйленіп, әр түрлі жазылады. Мысалы:

“Тыңдаңыздар, Алматыдан сөйлеп тұрмыз!” бен “Әй, тыңда-саңдаршы!” дегенді салыстырсақ; біріншіден, әдеттегі, күнде радиодан естіп жүрген ресми хабар түрі де, екіншіде үйреншікті сөйлеу тілі бар. Формасы жағынан екеуі де ауызша, бірақ айтылып жеткізілуі әр басқа.

“Ана тілін құрметтей білуді насихаттау басты міндеттердің бірі болуға тиісті. Ғылым мен техниканың, мэдениет пен әдебиеттің табыстарын білу құралы, өмірдіқ эр саласын тани білу құралы, ой мен пікірді білдіретін қарым-қатынас құралы бола алатын ана тілімізді сүйе білудің айрықша мэнін түсіндіріп отыру қажет. Ана тілін ардақтау өзге тілді елемеу деген сөз емес. Бұларды бір-біріне қарама-қарсы қоюдың зиянын оқытушыларра да, оқушыларға да уағыздап отыру тиімді. Мүның интернационалдың мәні

зор екендігі тусінікті де” (I. Қеңесбаев) .

Орыс тілі -(жұлдызым) Ана тілін білмеген

Кадірлі бізге әманда Ақылы жоқ желікбас.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әдебиеттің тектері мен түрлері
Әдебиеттің түрлері мен тектері
Әдеби үдеріс (процесс), әдеби әдіс, бағыттар мен көркемдік тәжірибелер
Шығармашылық әлемі және әдеби жанрлар мен олардың түрлері
Әдебиеттің көркем шығарманың көркемдеу құралдары мен тілі; өлең сөздің теориясы; шығармашылық әлемі және әдеби жанрлар мен олардың түрлері; әдеби үдеріс (процесс), әдеби әдіс, бағыттар мен көркемдік тәжірибелер
Әдебиеттің көркем шығарманың көркемдеу құралдары мен тілі. Өлең сөздің теориясы. Шығармашылық әлемі және әдеби жанрлар мен олардың түрлері. Әдеби үдеріс, әдеби әдіс, бағыттар мен көркемдік тәжірибелер
Роллан Сейсенбаевтың өмірі мен аудармашылық шеберлігі
ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ДӘСТҮРМЕН ЖАҢАШЫЛДЫҚ
Драма және драматургия негіздері
Бастауыш мектеп оқушыларының көркемдік талғамын қалыптастырудағы дәстүрлі сәндік-қолданбалы өнердің мәні мен маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz