Қышқылдық-негіздік титрлеу әдісінің мәні


Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

Химия кафедрасы

Тақырыбы: Қышқылдық-негіздік титрлеу әдісінің мәні

Орындаған: Сайдоллақызы Тоғжан

Тексерген: Мұсабаева Б. Х.

Семей 2015 жыл.

Қышқылдық-негіздік титрлеу әдісінің мәні

Қышқылдық-негіздік титрлеу әдісі сутек немесе гидроксоний иондарының гидроксил тобымен әрекеттесуіне негізделген:

Н + +ОН - ↔︎ Н 2 О немесе Н 3 О + + ОН - ↔︎ 2Н 2 О (су ерітінділерінде),

В + Н 3 О+ ↔︎ ВН + + Н 2 О (органикалық ерітінділерде) .

Бұл әдіспен күшті қышқылдар мен негіздердің, әлсіз қышқылдар мен негіздердің, суда гидролизденетін тұздардың, органикалық қосылыстардың концентрацияларын анықтайды.

Титрлеуде пайдаланылатын титранттың табиғатына байланысты қышқылдық-негіздік титрлеу әдісі екіге бөлінеді. Ацидиметрлеу -негіздерді сандық анықтау тәсілі. Титрант ретінде қышқылдар пайдаланады: HCl, H 2 SO 4

т. б. Титранттарын стандарттау үшін бастапқы заттар ретінде Na 2 CO 3 , Na 2 B 4 O 7 ·Н 2 О т. б. пайдаланады. Бұл тәсілмен күшті және әлсіз негіздерді, негіздік тұздарды, әлсіз қышқылдардың тұздарын, тұз қоспаларынжәне органикалық аминдерді анықтайды. Алкалиметрлеу -қышқылдарды сандық анықтау тәсілі. Титрант ретінде сілтілер пайдаланады: NaOH, KOH т. б. Титранттарын стандарттау үшін бастапқы заттар ретінде Н 2 С 2 О 4 ·2Н 2 О, янтарь қышқылы НООС-(СН 2 ) 2 -СООН, бензой қышқылы С 6 Н 5 СООН, калийдің гидротартраты КНС 4 Н 4 О 6 т. б. пайдаланылады. Бұл тәсілмен әлсіз және күшті қышқылдарды, қышқыл тұздарды, әлсіз негіздердің тұздарын, органикалық қышқылдарды, фенолды т. б анықтайды.

Қышқылдық-негіздік титрлеуді су және су емес (органикалық) ерітінділерде орындауға болады. Қышқылдық-негіздік титрлеуде тепе-теңдік константасының мәні К ≥ 10 8 тең болу тиіс. Бұл жағдайда титрленбей қалған

қышқылдың немесе негіздердің массалық үлесі 0, 01 %-ға тең болады. Бейтараптау тәсілінде индикаторларды Іnd дұрыс таңдау үшін сапалық көрсеткіштерімен қатар, сандақ сипаттамаларды (титрлеу қисықтарын, индикаторлық қателерді) есептей білу қажет.

Титрлеу қисықтары қосылған титранттың көлеміне байланысты ерітінді рН-ының өзгеруін көрсетеді. Титрлеу қисығын тұрғызу үшін әртүрлі нүктедегі рН мәндерін есептейді: 1) бастапқы нүкте; 2) эквиваленттік нүктеге

дейін; 3) эквиваленттік нүкте; 4) эквиваленттік нүктеден кейін.

Титрлеу әдісі клиникалық зертханаларда несеп құрамына кіретін аммиак және қышқылдарды, қанды, асқазан шырынының қышқылдылығын, биологиялық сұйықтардың құрамын, сандық анықтау үшін кеңінен қолданылады. Тазалық-гигиеналық зертханаларда бейтараптану әдісін пайдаланып әртүрлі тағамдардың (нан, ұн, ет) қышқылдылығын анықтайды ішуге жарайтын не қалдық сулардың анализін жүргізеді.

Қышқылдық-негіздік титрлеу әдіспен күшті қышқылдар, күшті негіздер мөлшерлермен қатар, суда гидролизденетін тұздар мөлшерін де анықтауға болады.

Қышқыл мен негіз арасындағы реакция кезінде ешбір сырттай байқалатын белгі болмайды. Сондықтан мұндай реакцияның эквивалент нүктесін анықтау үшін арнайы индикаторлар қолданылады.

Әдетте, қышқыл мен негіз титрлеуінде метил күлгін, метил қызыл, лакмус және фенолфталеин сияқты индикаторлар кең қолданылады. Бұл индикаторлар қасиетін зерттеп, индикаторлар теориясын алғаш В. Оствальд. (1894) ұсынды. Бұл теория бойынша индикаторлар - диссоциацияланған күйі мен диссоциацияланбаған күйінің түсі әр түрлі болатын әлсіз органикалық қышқылдар (немесе әлсіз негіздер) . Соған орай оларды қышқыл- негіз индикаторы дейді.

Индикаторларға келесідей талаптар қойылады:

  1. Индикатор түсі жіңішке рН интервал аралығына өзгеруі керек.
  2. Түс өзгерісі айқын болуы керек.
  3. Түс өзгерісі қайтымды болуы керек.
  4. Түсі артық бір тамшы титрант қосқанда өзгеруі керек.

Протон қосып алатын қасиеті бар индикаторларды негіздік индикатор дейді де, оларды Ind OH деп белгілейді. Мұнда Ind + - индикатор катионы. Мұндай индикаторлар былайша диссоциацияланады:

IndОН + Н + ↔︎ Ind + + Н 2 О

Протон беретін қасиеті бар индикаторларды қышқылдық индикатор дейді де, НІind деп белгілейді. Мұндай индикатор мына схемамен диссоциацияланады:

НІind ↔︎ Н + + Ind -

Кейбір индикаторлардың диссоциацияланбаған молекуласының және иондарының түстері 1-кестеде келтірілген.

1-кесте. Кейбір индикаторлардың түрлері.

индикатор
Диссоциацияланбаған молекула түсі
анион
рН аралығы

Титрлеу көрсеткіші

рТ

индикатор: Метил күлгін
Диссоциацияланбаған молекула түсі: Қызыл
анион: Сары
рН аралығы: 3, 1-4, 4
Титрлеу көрсеткішірТ: 4, 0
индикатор: Метил қызыл
Диссоциацияланбаған молекула түсі: Қызыл
анион: Сары
рН аралығы: 4, 4-6, 2
Титрлеу көрсеткішірТ: 5, 5
индикатор: Лакмус
Диссоциацияланбаған молекула түсі: Қызыл
анион: Көк
рН аралығы: 5, 0-8, 0
Титрлеу көрсеткішірТ: 7, 0
индикатор: Фенолфталеин
Диссоциацияланбаған молекула түсі: түссіз
анион: Ашық қызыл (малина)
рН аралығы: 8, 0-10. 0
Титрлеу көрсеткішірТ: 9, 0
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қышқылдық-негіздік титрлеу әдісінің индикаторлары
Оқу процесіндегі мұғалім мен оқушының өзара ынтымақтастық іс-әрекеті
Аналитикалық химияның талдау әдістері
Натрий гидроксиді мен натрий карбонатының ерітіндіде бірге болған кездегі мөлшерін анықтау әдістемесі
Аналитикалық химия - Дәрістік кешендер
Титриметриялық анализ мәні
Титрлеу қисықтары
Аналитикалық химия пәнінен дәрістер жинағы
Комплексонометриялық титрлеу әдістері
Қышқылдар жайлы теориялар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz